Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары және оның түрлері



М а з м ұ н ы

Кіріспе 3.5 бет

I Тарау. Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары
және оның түрлері 6 бет
1.1 Банктердегі тартылған қаражатар және оның экономикалық
мәні мен түрлері 6.9 бет
1.2. Депозитер және жинақ салымдары 10.22 бет
1.3. Банкаралық заемдар 23.26 бет

II Тарау. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ.ның тартылған
қаражаттарын талдау және бағалау 27 бет
2..1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердегі тартылған қаражаттар барысын талдау 27.31 бет
2.2. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ экономикалық қызметі
және тартылған қаражаттар барысы 32.54 бет

III Тарау. Екінші деңгейлі банктердегі тартылған қаражаттар
қызметін жетілдіру жолдары 55 бет
3.1. Банкаралық займдар . коммерциялық банктердің қаржы
саясатының құралы ретінде 55.61 бет
3.2. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ тартылған қаражаттарын
маркетингтік зерттеулер көмегімен жетілдіру жолдары ... 62.72 бет

Қорытынды 73.74 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі 75.77 бет
К і р і с п е
Нарықты экономиканың өз деңгейінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың бірі -бұл елдің банк жүйесі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүейсі ТМД елдері арасындағы ең озық, алда десекте, экономиканың дамуында, бәсеке мен нарық механизмдері сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең дәрежесін қалыптастыру, өз кезегінде банктерге делдалдық қызметін жүргізуде, мүмкіндігінше максималды қаражат ресурстарын банк үшін тиімді тарту, банктердің қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Сондықтанда экономикамыздың алға ілгерлеу барысында еліміздің қаржы және несие, облыстарда 2003-2004 жылдары бірнеше заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Жалпы, банктердің негізгі табыстары делдалдық қызметпен байланысты болғандықтан, банктер бүгінгі күні мүмкіндігінше елден кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке азаматтардың бос ақша қаражаттарын банкке тартып - шоғырландыру, оны ел экономикасына тартып қолдануы, тек банктердің ғана қалыпты табысын қамтамасыз етіп қоймай жалпы экономиканы көтеруге мүмкіндік беретін негізгі серпін күш. Бүл өз кезегінде Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің уақытылы түсуіне қоғамның әлеуметік дамуына мүмкіндік береді.
Жалпы, банктерге тартылатын негізгі қаржының көздеріне депозиттер, тұрғын халықтың салымдары, банктер арасындағы есептеу-лер жатады. Қазіргі кезде Қазақстан банктерінде 731,1 млрд теңге депозиттері тартылған, тұрғындар салымы да 2004 жылы барлығы 343,2 млрд теңгені құраған. Тұрғындардың өз кезегінде банктерге өз ақшаларын салуы Қазақстанның негізгі коммерциялық банктерінің "Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорының" қалыптасуымен банктерге салымдар артып, олардың өз ақша қаражаттарын салатын банктерге сенімділіктері артты. Нарықты экономикада экономиканың маңызды мәселелерінің бірі банктерді ғана дамытпай, басқада несиелік-қаржылық институттардың қызмет етуіне мүмкіндік берілуi қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның екінші деңгейлі банктері шетел тәжірибелерінің жаңа прогрессивті, тиімді әдістері мен формаларды енгізу арқылы, өздерінің банк қызметін жүргізу, негізгі табыстарға
жетуде.
Соңғы жылдары қаржылық нарықтың қалыптасуы - ақша нарығы және капитал нарығындағы үрдіс дамып отыр. Бұл өз кезегінде ақша және капитал нарығымен тікелей байланысты, банк қызметі мен бәсекелік қабілетін тиянақты жүргізіп, банк үшін тиімді қаражат көздерін тартуына жаңа мүмкінідктер мен резервтерді іздеуді қажет етеді. Банктердің бұл облыстағы негізгі міндеті өз клиенттеріне әртүрлі ынталандыру іс-шараларын жүргізуі қажет, жаңа компьютерлік технология нәтижелерін қолдану арқылы, олардың мүдделері мен қызығушылығын арттыру қажет.
Жалпы дипломдық жұмыс теориялық және практикалық негіздері осы мәселелерді зерттеуші ғалым экономистердің шетел және өз елімі-здің коммерциялық банктері қызметін талдау баспасөз мақалары мен статистикалық мәліметтерінен материалдар алынды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты екінші деңгейлі банктердегі тартылған ақшалай қаражаттардың ролі мен банк қызмстін жүргізуден олардыд үлес салмағын құратып ерекшеліктеріне талдау жасап, Қазақстан Халықтық Банк қызметінің үлесінде тартылған қаражаттардың негізгі факторларын анықтап, оны тиімді шешу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешу қаралған.
• банктердегі негізгі, тартылған қаражатардың экономикалық мәні
мен олардың құрамы жіктелді.
• Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктсрдің және
Қазақстан Халық банкінің осы облыстағы тәжірибелеріне талдау жасау және бағалау.

• Тартылған қаражаттардың негізгі түрлері мен оны тарту
бағыттарын анықтау
• Осы облыстағы негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу
жолдарын қарастыру.
Жұмыстың, әдістемелік базасы (негізіне) Қазақстан Респуликасы өкіметінің, ҚР Ұлттық Банктің банк қызметін реттейтін заң және нормативті актілер, ҚР статистика Агенствасының статистикалық материалдары қолданылды. Жұмыс барысында, жалпы ғылыми, статистикалық, және біршама экономикалық-математикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу объектісі Қазақстан Халық банкінің нормативті, және қаржылық құжаттары мен қаржылық көрсеткішітері алынды.
1. Республикасындағы «Банктер жэне банк мекемелері тура-
лы» негізгі заң актілері, Алматы - 2002ж
2. «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан»: Указ
Президента РК, имеющий силу закона от Зіавгуста 1995 № 2447 //
Ведомости Верховного Совета РК. -1995. - 31 август. - № 15-16. с-72-
117
3. һир: // \Ү\У\Ү. гакоп. кг (
4. Қазақстан Республикасының Үлттық Банкінің статистикалық бюл-
летені, //Алматы 2001 - 2002 ж.
5. «Қазақстан Халықтық Жинақ банкі» ААҚ ОҚФ жарғысы.
6. Мақыш С.П. «Ақша айналысы жэне несие » Алматы 2000 ж.
7. Сейткасимов «Деньги, кредит и банки», Алматы -1996 ж.
8. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер», Алматы -2001 ж.
9. Дж. Мэнвил Хэррис «Международные банки» Москва 96
10. Лаврущина «Деньги, кредит и банки», Москва //«Финансы и стати-
стика» 2000 г
11. Р.С. Еламанова, А.М. Мушрапилов «Некоторые проблемы и гтсрсп-
ективы ипотечново кредитования жилищного хозяйства в РК» //«М.
Әуезов атындағы ОҚМУ-2003».-195-196 б.
12. «Халықтық банкіне -80 жыл!» /Айғақ N16 23 сэуір. 2003ж
13. Жангелдин Е. «Қазақстанның банк жүйесі: даму кезеңдері жоне
қазіргі жай күйі» // Егемен Қазақстан-2000- 24 наурыз-4 б.
И.Халимбетов А. «Пластиковый гарант и средство плато-.<-а»
//Казахстанская правда. 13-февраля-2003 г. 15. Бейсенбаев А «Банковсая система Казахстана» //Казахстаисқая
правда. 8-февраля-2003 г. іб.Александрова А. « Народный банк: мы взращиваем свойх клиептов»
// Казахстанкая правда-17-декабря.-2002г. 17.3иябеков Б. «Анализ текущего состония банковской системьт Рсгпу-
блики», -//Банки Казахстана N12. -2002.-стр- 8. 18.Смирнов А.В. «Риск-менеджмент и управление ресурсми
коммерческого банка» // Банки Казахстана. N11.-2002.-стр- 39. 19.Володина В.Н. «Как получить потребительский кредттт?»
//Банковские услуги . N6 -2001.-стр -22.
20. Володина В.Н. «Банковские услуги в Интернет». //Банковскис услуги
.№-2001.-стр-23.
21. Смородининов О. «Маркетинг банковских услуг для час-чых
клиентов». //Банковские технологий N2 (76).-2002 стр-26.
22. Арыстанбекова К.В. «Перспективы развития и проблсмггые
вопросы». Конгресс финансистов Казахстана//Рынок ценных бумаг.
Ш.-апрель.-2003г.
23.Бузуев В.А. «Эволюция управления кредитными рисками». Бапки Ка-захстана К6.-2002.-стр -37.
24. Челекбай. С. Рахманкулов С. «Рейтинговая оценка кредитный деят-
ельности филлиалов коммерческих банков». //Транзитная экоиомика.
N8.- 1998.-стр-2. 25.Ахметжанова Г. Маханов Н. «Основные направления развития банк-
овской системы Казахстана». //Транзитная экономика. N1.- 1998,-с тр.-
88-89. 26. Максимов К. «Выступление Председателя Правления ОАО
«Народного банка Казахстана». //Банки Казахстана N4.-2000.-стр.-2-
4. 27.Марченко Г. «Современное состояние и перспективы развитня фи-
нансового рынка и банковской системы Казахстана» //Банки I "а-
захстана. N3. 2000-стр.-2. 28.Мекешев А. «О перспективах развития рынка банковских и страхоо(.тх
услуг». // Банки Казахстана N3. 2002.-стр.-5. 29.Коленова «Повышать финансовую устойчивость банков». /. \ль
ПариШ.2001.-стр.-118. ЗО.Умбетов А. «Кредитование малого бизнеса и банки». N2. -1999-*-" р.-
31.
31. һйр// \үм^ү.һа1укЬапк. кг.
32. Жуйриков К. Страхование ответственности банков второго уровня
перед депозиторами-физическими лицами. // Банки Кзахстана. -1999
N11, стр 21-22.
ЗЗ.Нургазина Ж.К. Банковские депозиты. //Бухгалтерь -2000, N2 34.Фельдман А.А Депозитные и сберегательные сертификаты. Мсхі-гва Инфра-1999
35. Лазарева Н.В. Депозитарные расписки-проблемы и пути репи*":тя. //Финансы -2001 N3
Зб.Межбанковский заимствования-как инструмент финапсо:^ый политики банки второго уровня. //Банки Казахстапа. N5. 2000-стр.-^ 3 7 .Ро ль системы гарантирования вкладов населения в пр о: ■ ■ ■ -се увелечения депозитной политики банков второго уровня. //Бапки і 'а-захстана. N11. 2003-стр.-31
38.Бизнес контроль операции по вкладам населения. //Бап ісо ■ ■ ■ :<ие технологии. N5. 2001-стр.-2.
39.Проблемы оценки лимитов межбанковского кредитования. //Б ІІКИ Казахстана. N5. 2000-стр.-2.
40.Лаврушина Б.Д. Привлеченные средства коммерческого бапка. Ч: Инфра,1995.
41.Шуткин А.С. Повышение эффективности исполбзование госулм'лет-венных и привлеченных средств в малом предприниматс;;!. :ве. //Финансы 1998, -стр-11.
42.Куашбаев С. Особенности анализа доходнрсти коммерческогоб; іка. //Банки Казахстана Алматы 2004 N3. -стр -38-40.
43.Перротти Э. Гарантирование банковских депозитов: мировая практи-ка россиский опыт. Денгьи и кредит, 2000.
44.Маркова О.М. и др. Коммерческие банки и их операции: М: Балки и биржи 1995.
45. Банковские операции: (Лаврушин, Савинский, Олбхова.) М: Ипфра-1995.
46.Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков: -М:Финансы и Ста-тистика, 1995.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе 3-5 бет
I Тарау. Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары
және оның түрлері 6 бет
1.1 Банктердегі тартылған қаражатар және оның экономикалық
мәні мен түрлері 6-9 бет
1.2. Депозитер және жинақ салымдары 10-22 бет
1.3. Банкаралық заемдар 23-26 бет
II Тарау. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның тартылған
қаражаттарын талдау және бағалау 27 бет
2..1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердегі тартылған қаражаттар барысын талдау 27-31 бет
2.2. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ экономикалық қызметі
және тартылған қаражаттар барысы 32-54 бет
III Тарау. Екінші деңгейлі банктердегі тартылған қаражаттар
қызметін жетілдіру жолдары 55 бет
3.1. Банкаралық займдар - коммерциялық банктердің қаржы
саясатының құралы ретінде 55-61 бет
3.2. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ тартылған қаражаттарын
маркетингтік зерттеулер көмегімен жетілдіру жолдары ... 62-72 бет
Қорытынды 73-74 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі 75-77 бет
К і р і с п е

Нарықты экономиканың өз деңгейінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың бірі -бұл елдің банк жүйесі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүейсі ТМД елдері арасындағы
ең озық, алда десекте, экономиканың дамуында, бәсеке мен нарық механизмдері
сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең дәрежесін қалыптастыру, өз кезегінде
банктерге делдалдық қызметін жүргізуде, мүмкіндігінше максималды қаражат
ресурстарын банк үшін тиімді тарту, банктердің қарқынды дамуына мүмкіндік
береді. Сондықтанда экономикамыздың алға ілгерлеу
барысында еліміздің қаржы және несие, облыстарда 2003-2004 жылдары бірнеше
заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Жалпы, банктердің негізгі табыстары делдалдық қызметпен байланысты
болғандықтан, банктер бүгінгі күні мүмкіндігінше елден кәсіпорындар мен
ұйымдардың, жеке азаматтардың бос ақша қаражаттарын банкке тартып -
шоғырландыру, оны ел экономикасына тартып қолдануы, тек банктердің ғана
қалыпты табысын қамтамасыз етіп қоймай жалпы экономиканы көтеруге мүмкіндік
беретін негізгі серпін күш. Бүл өз кезегінде Қазақстан Республикасы
экономикасының өсуіне, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің уақытылы
түсуіне қоғамның әлеуметік дамуына мүмкіндік береді.
Жалпы, банктерге тартылатын негізгі қаржының көздеріне
депозиттер, тұрғын халықтың салымдары, банктер арасындағы есептеу-лер
жатады. Қазіргі кезде Қазақстан банктерінде 731,1 млрд теңге депозиттері
тартылған, тұрғындар салымы да 2004 жылы барлығы 343,2 млрд теңгені
құраған. Тұрғындардың өз кезегінде банктерге өз ақшаларын салуы
Қазақстанның негізгі коммерциялық банктерінің "Қазақстанның салымдарға
кепілдік беру қорының" қалыптасуымен банктерге салымдар артып, олардың өз
ақша қаражаттарын салатын банктерге сенімділіктері артты. Нарықты
экономикада экономиканың маңызды мәселелерінің бірі банктерді ғана
дамытпай, басқада несиелік-қаржылық институттардың қызмет етуіне мүмкіндік
берілуi қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның екінші деңгейлі банктері шетел
тәжірибелерінің жаңа прогрессивті, тиімді әдістері мен формаларды енгізу
арқылы, өздерінің банк қызметін жүргізу, негізгі табыстарға
жетуде.
Соңғы жылдары қаржылық нарықтың қалыптасуы - ақша нарығы және капитал
нарығындағы үрдіс дамып отыр. Бұл өз кезегінде ақша және капитал нарығымен
тікелей байланысты, банк қызметі мен бәсекелік қабілетін тиянақты
жүргізіп, банк үшін тиімді қаражат көздерін тартуына жаңа мүмкінідктер мен
резервтерді іздеуді қажет етеді. Банктердің бұл облыстағы негізгі міндеті
өз клиенттеріне әртүрлі ынталандыру іс-шараларын жүргізуі қажет, жаңа
компьютерлік технология нәтижелерін қолдану арқылы, олардың мүдделері мен
қызығушылығын арттыру қажет.
Жалпы дипломдық жұмыс теориялық және практикалық негіздері осы
мәселелерді зерттеуші ғалым экономистердің шетел және өз елімі-здің
коммерциялық банктері қызметін талдау баспасөз мақалары мен статистикалық
мәліметтерінен материалдар алынды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты екінші деңгейлі банктердегі
тартылған ақшалай қаражаттардың ролі мен банк қызмстін жүргізуден олардыд
үлес салмағын құратып ерекшеліктеріне талдау жасап, Қазақстан Халықтық
Банк қызметінің үлесінде тартылған қаражаттардың негізгі факторларын
анықтап, оны тиімді шешу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес
келесі міндеттерді шешу қаралған.
• банктердегі негізгі, тартылған қаражатардың экономикалық мәні
мен олардың құрамы жіктелді.
• Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктсрдің және
Қазақстан Халық банкінің осы облыстағы тәжірибелеріне талдау жасау
және бағалау.

• Тартылған қаражаттардың негізгі түрлері мен оны тарту
бағыттарын анықтау
• Осы облыстағы негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу
жолдарын қарастыру.
Жұмыстың, әдістемелік базасы (негізіне) Қазақстан Респуликасы
өкіметінің, ҚР Ұлттық Банктің банк қызметін реттейтін заң және нормативті
актілер, ҚР статистика Агенствасының статистикалық материалдары қолданылды.
Жұмыс барысында, жалпы ғылыми, статистикалық, және біршама экономикалық-
математикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу объектісі Қазақстан Халық банкінің нормативті, және қаржылық
құжаттары мен қаржылық көрсеткішітері алынды.
I Тарау. Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары және
оның түрлері
1.1. Банктердегі тартылған қаражатардың экономикалық мәні
мен оның түрлері

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай
да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі
жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

• ақылы негізде депозиттерді тарату;
• клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
• қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды
және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды
қаржыландыру;
• заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын
шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік
сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
• төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
• ақшалай нысандарды орындауды қарастыратын үшінші түлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
• тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуы және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойына алу;
• банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
• клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
• коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату
құқынсыз (форфейтинг);
• клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы
қағаздарды басқару);
• банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
• лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік
операциялар);
• экономиканы жәнс халықты несиелендіру
(активтік
операциялар);
• қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• инвестициялық қызметті;
• клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау Коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті
капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің
несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайларымен түсіндіреледі біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал -банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктіц тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды.
Жалпы, банктің тартылған ресурстарының сызбасын келесі I суреттен
көруге болады

Тартылған қаражаттардың түрлері

Сурст 1

Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және
мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай
қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру
жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде
коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі қүралады.

1.2. Депозиттер және жинақ салымдары

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
• талап етуіне дейінгі депозиттер;
• мерзімді депозиттер;
• жинақ салымдары;
• бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
• мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі
шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы
сақталатын қаражаттары;
• әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
• есеп айырысудағы қаражаттар;
• жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттар-
ындағы қаражаттар;
• басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат
қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалан-ылады.
Ал кемшілігі бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
• ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шект-
еусіз жүзеге асырылады;
• шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде
немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
• банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды
сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де
мүмкін;
• талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк
Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде
аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айыппұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердін, ерекшеліктері болады:
• есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, эрі мүндай шоттарға
ешқандай да есеп айырысу қүжаттары толтырылмайды;
• шоттағы қаражат баяу айналады;
• түрақты пайыз төленеді;
• пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан
реттеліп отырады;
• ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі
талап етіледі;
• бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:

• ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
• шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да
ескерту талап етілмейді;
• ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде
ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ
кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын, жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
• мерзімді жинақ салымдары;
• қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
• ұтыс салымдары;
• ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
• мақсатты және ағымдық салымдар;
• алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
• валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сома белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезАғымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы,
зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын
қаражаттарды білдіреді. Мүндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз
төленеді.де және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі бiр
мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын
куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иелерінің
атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-
жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып
саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем туралы немесе есеп айырысу
қызметін атқара алады. Делозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар - салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тулғаларға скінші
нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурстары жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер
сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.
Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
• бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
• бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға
ашылады;
• салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы,талап
етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектерді төлеу
үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы
қаражаттары.
Куәландырылған чектер - бұл банктің, шоттағы қаражатының барлығын
чектер арқылы куэландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
• ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің
өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз
мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
• шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
• салымдардың сақтандырылуы;
• иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан
алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп
жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге
белінеді:
➢ кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің
акциялары мен облигациялары;
➢ банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген
акциялар мен облигациялар;
➢ шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша
бағалы қағаздар мен қүндылықтар.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
• депозиттік операциялар әрекет ету керек;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демек мақсатында
икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды үйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы қажет;
• депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
➢ кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы
қаражаттар;
➢ экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы
қаражаттар;
➢ заңды тұлғалардың жекеленген шоттарындағы меншікті қаражаттары;
➢ есеп айырысудағы қаражатар;
➢ басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы
несиелік қалдықтар;
➢ шетелдік банк-корреспондентер шотындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Сурет - 2

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салым-шылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен, аудырымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу
біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды
қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол бенктердің шығындарының маңызды
факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген
немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі
шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз
шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз
дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін
банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу
мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің
ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе
аптадан кейін қайтадан толтырылып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ
көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын
алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар
қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120
күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Сурет- 3
арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда қолма-қол ақшалармен,
чектермен, аудырымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке
өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде
күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап
етеді, алайда ЭЕМ-ді, компыотерлік техникаларды қолданумен ол
біршама азайды, әйтседе ол бенктердің шығындарының маңызды факторы болып
табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе
мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі
шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ, олар өз
шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды, ал бұл банк шығындарын көп немесе
аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін
банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу
мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері
өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше
күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырылып отырулары нәтижесінде
қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін
салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына
негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар
есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере
алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокорренттік
шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттік есеп шоттарда - теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытта несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегерiледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп
аталады, сондай-ақ оларға чек жазып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) - шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттрадың ерекш-елігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық
банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз
салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот - наушот деп
аталады. Ол тек жеке түлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер
үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын
депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында
шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шотардағы қаражатгар жай айн-алады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекеленген кезендерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетіп депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсетілген формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде
депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
1) депозиттің мерзімі,
2) салымшылардың категориясы.
Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда
банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар.
Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері
бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың,
орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің,
шетелдік салымшылардың шоттары (2, 3, 4 суреттер).
Соңғы уақытта депозиттердің кейбір категорияларынық арасындағы анық
шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін
"гибридтік" шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және
мерзімді салымдарды бiріктіретін шоттар).
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымда құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген
күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдан ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту
мерзімдері - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңінен тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынылуы керек. Депозиттердің басқа салымдарын
құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру
үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ
салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да
коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық
ұйымдардың депозиттері
Жеке тұлғалардың депозиттері

Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынуларымен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары АҚШ-та мерзімді салымдардыд ең ірі түрлерін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі мерзімді депозиттік сертификаттар
болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір
мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат.
Оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мың
доллардан кем емес сомада беріледі. Олар екінші рет нарықта сатылуы және
басқа тұлғаға өтуі мүмкін - берілетін және салымшының өзінде қалатын,
берілмейтін болады. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды
ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін
болуы мүмкін.
Халықтың көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1
айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы мүмкін.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және
Орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды
эмиссиялау және т.б. жатады.

1.3. Банкаралық займдар

Банкаралық займдар банктің ресурстық потенциалының
тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі.
Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге
асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар
корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа
көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшілегі мынада: біріншіден, банкаралық
ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте,
банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонеденттік
шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс
жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдермен бірге жасайтын несиелік
мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ
болып бір күндік қысқа мерзiмдi ақшалар деп аталатын немесе овернайт
депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі)
табылады. Бір күндік ақшалар ақша нарығында жоғары сұранысқа ие,
сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым
ұзақ мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есе
асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық
несиелеуде автоматизмді болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмiлені жасауды және
талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдары қайта
қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында дем беріп және
баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос ресурстарды
іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша,
төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер кезінде төлеуді
қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең
коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық орын
алатын болса, онда, тіпті мерзімі бiрсiүнде белгіленген ірі ақшалай
түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің
мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгіленген мерзімге тарта отырып,
мысалы, бiрсiкүнде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда
коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол
банктік жүйеде соңғы инстанциялы кредитор қызметін орындайды және
коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете
алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер
арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне
әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының МО, МІ М2,
МЗ арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер
мәмілелерді тек тартылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша
эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Комерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды
бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ
сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік
ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен
салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытқа банктік мекемелер
меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарға деген жалпы
қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие
институттарда бұл арақатынас 40-50%-ды құрайды. Банктердің меншікті
қаражаттарының мұндай ерекшелігі бір қатар жағдайлармен байланысты.
Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты
өздерінің тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және
мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады;
екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдары жаппай алу
қауiпін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге
қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін
болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау
мүмкіндігін қаматамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген
қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті қапиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің
басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл
бәрінен бұрын қаржылық ресурстарының көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің
бастапқы сатысында бір қатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған
кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді актвитерге (ғимараттар,
құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында:
резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін
дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс болып табылады. Оның
несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкінідігі келесімен
байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары
бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол
ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық
болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында
мемлекетті несиелуін білдіреді.
Үлестірілмеген пайда - бұл банктің қарамағында қалатын пайданың
жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының
сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі
пайдалар және зияндар шотына; екінші - төленетін дивиденттер шотына; үшінші
- салық төлеуге; келесі бөлігі резервтік қорларға аударылады. Қалғаны
үлестірілмеген пайда - банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар
қорын білдіреді.
II Тарау. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның тартылған қаражаттарын
талдау

2.1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердегі тартылған қаражаттар барысын талдау

Қазақстан Республикасының нарығы, күрделі динамикалық жүйе ретінде,
тұрақты түрде ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен өзгереді. Көптеген
ұсынылған субъектілер өз мүдделерін жүзеге асыруда, Қазақстан
экономикасының толқын ағысының негізінде болады. Осы бағытты депозиттер
нарығының даму динамикасын бірқатар өзіндік тендециялар мен зандылықтарға
сәйкес анықтауға болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған стати-стикалық
мәліметтер негізінде және де депозит нарығын жасаған өзіміз есептеу
мәліметтеріне талдау жасап, қысқаша сипаттама берейік.
Ең бірінші келтіретін мәлімет, 2000-2003 жылдар аралығында депозиттер
көлемінің оң даму үрдісі 290,6 млрд теңгеден 731,2 млрд теңгеге дейін
өскен. Бірақ, осындай үрдіс өсімге қарамастан біршама қолайсыз жағдайлар да
бар. Бұл ұлттық валютадағы салымдардың тартымсыздығы. Бұл өз кезегінде
нақты жағдайда экономика субъектілерінде отырған кезеңде, теңгенің,
инфляцияның төмен қарқынының сақталуы және девальвациясы туралы болжамдарға
күдік болмаса да, жалғасуда.
Депозиттердің динамикалық көлемінде де, шетел валютасындағы депозиттер
үлесі, ұлттық валюта теңгемен байланысты болып отыр.
2003 жылдың бірінші жарты жылдығында, іс жүзінде ұлттық валютадағы
депозиттер өсімі байқалды (теңге девальвациясы алғашқы бес айда 2,87%
болды), тек маусым айында ғана тұрақты өсу қарқыны қалыптаса бастады
(маусым және қазан айларының аралығында теңге девальвациясы 0,15% болды).
Қаралып отырған кезеңнің соңында ұлттық валютадағы депозиттер өсімі 52,9%,
ал номиналды түрде жыл басымен салыстырғанда нақты өсім 45,3% құрады. Осы
уақыт аралығында валюталық депозит нарығында, керісінше, бірінші жарты
жылдықта өсіп, ал екінші жарты жылдықта баяулайды. Тамыз-қыркүйек
айларында теңгенің тұрақтылығымен біршама төмендегені байқалды (тамыз
айында теңге ревальвациясы 0,13% құрады).
Банктердің ресурстық базасының өсімі, депозиттік қаражаттар түріндегі
үлкен дәрежеде шетел валютасындағы депозиттер есебінен қалыптасты,
кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың тартылған депозиттердің жалпы көлеміндегі
үлесі 2004 жылдың басында -өзінің жоғрағы дәрежесіне жетіп 52,9% құрады,
яғни барлық көлемнің жартысынан астамын құрады.

Кесте 1
2000-2004 жылдардағы депозиттер динамикасы

12.2000 12.2001 12.2002 01.2003 01.2004

млн % млн % млн % млн % млн %
теңге теңге теңге тсңге теңге
Барлық 290588100 100 603252100 582933100 731167100
депози-т
ер
соның
iшiнде
Ұлттық 14281049,15 16028036,0 24153240,0 23546640,4 38673552,89
валютада
Шетел 14777750,85 28456964,0 36172160,0 34646759,6 34443247,11
валюта-с
ында
Банктік 20230769,62 25998458,4435227158,453278095 6,2339579654,13
емес
занды
тұлғалар
Жеке 88280 30,38 18486541,5625068141,652541234 3,7733537145,87
тұлғалар

ҚР Ұлттық банк мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.

N 1 кестесін талдай келіп қорытындылар жасауға болады. Депозиттердің
барлық көлемі 2004 жылды 2000 жылмен салыстырганда 2,5 ссе өскен немесе
440579 млн теңгеге артып отыр. Егердс 2000 жылғы желтоқсанда ұлттық
валютадағы депозиттер жалпы депозиттер үлесінің 49,15%
құраса, ал 2004 жылы қаңтарда бұл көрсеткіш 52,89% құрады. Осыған сәйкес
талданып отырған кезеңде шетел валютасындағы депозиттер үлесі 50,85%-тең
47,10%-ке төмендеген.
Осы 2000-2004 жылдар аралығында заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі
69,62%-тең 57,13%-ке төменедеген, осы кезеңге сәйкес жеке тұлғалардың үлес
салмағы 30,35%-тең 46%-ке өскен. Бұл өз кезегінде тұрғын халықтың банк
жүйесіне деген сенімдігінің өскенін көрсетеді. Бүл көрсеткішті келесі
суреттен айқын көруге болады. 2000-2004 жылдардағы депозиттер

Ұлттык валюта Шетел валютасы
Банктік смсс занды тұлгалар
Жеке тұлгалар
Сурет - 6
Жалпы салымдар бойынша келесі қорытындылар жасауға болады. (И 2
кестесін қарацыз).

Кесте 2
2001-2004 жылдардағы екінші деңгейлі банктердегі түрғын халықтың
жинақ салымдарының динамикасы

2001 2002 01.2003 01.2004

млн % млн % млн % млн %
теңге теңге теңге теңге
Барлык, салымдар 186080100 257360100 261374100 343229100
Соның ішінде
Талап еткенге 39220 21,1 45247 17,6 42548 16,3 59773 17,4
дейінгі салымдар
Мерзімді салымдар 14686079,9 21211382,4 21882784,7 28296382,6

N 2 кестесін талдай отырып, келесі ағымды қорытынды жасауға болады.
2001-2004 жылдар аралағында тұрғындардың халықтық салымдары 8 есе немесе
абсолютті түрде - 157,1 млрд теңгеге өсті, ал

салым түрлерінің үлес салмағы мерзімді салымда 80-84% аралығында тербеледі.
Осы уақыт аралығында мерзімді салымдар 2 есе өсті. Бұл өзгерістерді
көрнекті түрде келесі суретте көрсетуге болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің меншік капиталы
Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарын қалыптастыру мәселелері
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты жайлы
Екінші деңгейлі банктердің депозиттік саясатын қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Пәндер