Қазақстандағы жастар саясаты



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2.Жастардың саяси.әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7
3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес
3.1 «Ауыл жастары» жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3.2«Жастар тәжірибесі» жобасы туралы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.3 2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс.шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен
іс.шаралар туралы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік
мәселенің көріну деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2.Жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы7
3. Жастар саясаты жөніндегі кеңес
3.1 Ауыл жастары
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9
3.2Жастар тәжірибесі жобасы туралы ақпарат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.3 2010 жылы жастар саясаты саласын дамытуға
бағытталған іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10
3.4 Жастардың халықаралық ынтымақтастықтары аясында өткен
іс-шаралар туралы
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..12
4.Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік
мәселенің көріну
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...13

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының
астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына
түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап
жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған
қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан
Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси
салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады
десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи
дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған.
Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде
қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса,
кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-
экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған
өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек
айқындауды талап етеді.
Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ,
қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың
өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы
бағытта тәрбиелеудің маңызы зор.
Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі,
олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар
жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас
қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы
қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі –
елдің болашағы туралы мәселе.
Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған.
Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне
ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан
бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан
кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 2005 жылы республикамыздың 14
облысында 72 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 2010 жылы олар
168-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет
үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және
әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға
көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып,
“сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін
баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді. Бұл
ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен практикасын,
әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі дау
тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан жастарының әлеуметтік
жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды мәселелерінің
қатарынан орын алуы заңдылық.

1 Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі

Тарихтың тар жол, тайғақ кешу жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының
бірден-бір жолы - осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының
сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің
стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери
күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып
табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін
қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз
қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі
саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-
күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық
тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап
табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз
заңды.
Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық
жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады.
Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы
халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады.
Бұл өз кезегінде оларға деген билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы
орынды.
Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің
бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталады. Реформалар бағамын қолдау
немесе оған қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау
дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.
Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс
немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен
алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік
идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл
болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей
әсері бар “сенім” феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.
Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін
Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай
мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім
болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.
Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын
факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау
процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.
Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара
әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу
мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру
мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші
ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси
шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы
мен белсенділігін де жатқызамыз.
Сонымен, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан
жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеленеді.
Яғни, жастардың санасында батыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты
мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық
мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп
либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық, қазіргі республика
жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-экономикалық
өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып
келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде
бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа
талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді.
Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан
жастарының көпшілігі қоғамдағы демократиялық процестерді қолдап,
мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өткен жөн. Осы
социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай - жастардың
басым бөлігі (74,3 %) өз отаным деп Қазақстанды көрсетіп, әрбір екінші
жасөспірім өзін патриот деп санаған.
Алайда, бұл мәселенің толық шешімі табылды деген сөз емес. Өйткені,
жоғарыда атап өтілген жағымсыз факторлар желісі бүкіл жастарымыздың
жартысына жуығын потенциалды коcмополит, яғни рухани құлазуға дайын
объект ретінде көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекетімізде
жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік,
патриоттық рухты көтеретін толыққанды жалпы ұлттық идеологияның әлі де
жетіспейтіндігі.
Сонымен бірге, жастарымыздың құқықтық сана-сезімінің төмендігі өздерінің
құқықтарын барынша пайдалана алмауы олардың кей жағдайда қылмыстық
топтардың құрығына түсуіне жағдай туғызуда. Осындай жағдайда мемлекеттің
негізгі міндеті - жастарға конституциялық құқық пен еркін азамат ретінде
кепіл болу. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы Республикамыздың азаматарының, соның ішінде жастардың да
құқықтары мен міндеттерін айқындап берді.
Жастарды құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі де бірқатар шешілген тәрізді.
Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші
тамызында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы
концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі
құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы
концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға Қазақстан жастары атты
нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен
патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін
жоғарылатуға көп орын берілген.
2010 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан жастарының І
Конгресі болып өтті. Бұл Конгреске жастар ұйымдарынан 700–ге тарта өкілдер,
ТМД және шет елдерден қонақтар келіп қатысты. Алғашқы отырысқа Қазақстан
Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, өз баяндамасында
жаңа буын өкілдеріне азаматтық және патриоттық тәрибие беру өзекті де өткір
мәселе болып отырғандығын басып айтты. Сөз жоқ, еліміздің болашағы бүгінгі
жастарымыздың білікті де білімді қолдарында екендігі дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиома .
Осы бағытта Қазақстан Республикасының үкіметінің N 155 жарлығымен 2010
жылғы 13 ақпанында 2010-2014 жылдарға жастар саясаты бағдарламасы
бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - жастардың әлеуметтену
прецесіндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық
құрылым-дарын құру мен патриоттық тәрбие беру, өзінің отанына, еліне деген
махаббат сезімін арттыруға жұмыс істеу. Бағдарламының міндеттері – кешенді
мерекелік патриоттық кештер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы
жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысып, олардың қоғамдағы маңызын
көрсету, жас азаматтарды кәсіпкерлікке және нарықтық ойлауға машықтандыру,
жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірлердегі
мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ұйымдастырушылық және құқықтық
механизмдерін жасау және жастардың қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік
құрылымдармен қарым-қатынасын дамыту.
Бүгінде қоғам әлеуметтік поляризацияны, саралау процесін басынан
кешіруде. Әлеуметтік құрылымда кәсіпкерлер мен банкирлердің, ұсақ
саудагерлер және өзге де жаңа экономикалық топтардың пайда болуы айқын
көрінуде. Қазақстандық қоғамның маргинализация процесі бөлігінде кіріс
тереңіндегі айырмашылықтары, экономикалық және саяси қызығушылықтар
белгіленді, әлеуметтік ортада жаңа үрдістер туындады.
Жастар әртүрлі қауымдастықтың әлеуметтік белгілеріне ие бола отырып,
өмірдің стилі мен көркем бейнесінің материалдық жағдайларына, құнды
бағдарларына қарай ерекшеленеді. Мұндай әртүрлі жастар тобының әлеуметтік
жағдайы, олардың саяси түрде өз тағдырын өзі шешуі арқылы алдын-ала
анықталынады.
Қоғамдағы бастапқы процестер жастар қозғалысы мен жастар ұйымының
басқаруымен болмай, мемлекет пен қоғамның басқаруында болатын жастар
механизмін талап етеді. Қазіргі жағдайдағы жастар ұйымы мемлекеттік жастар
саясаты есебінен жастардың толық қажеттіліктерімен, сондай-ақ түрлі
әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді өткеруге жететіндей бағытта болуы шарт.
Жастардың құқығының сақталуы мен әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуіне
кім кепіл берсе, жастар соған ілеседі. Мәселен, Комсомолда олар: сол
кездегі мемлекеттік биліктің барлық органдарынан, жастардың қызығушылықтары
мен күнделікті мәселелерін шешуді талап ететін тұлғалар болған.
Әрқилы тарихи кезеңдерде, кез келген мемлекетте қоғамды нарықтық
үлгіде түрлендіруде және оған сәйкес жеке тұлғаларды қалыптастырумен бірге
жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесі қиындықтар туғызған. Оның ерекше
келбеті- тәуекелге дайын болу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау,
экономикалық канъюнктураны, яғни қазіргі кезеңдегі өмірге бейім ұрпақтарды
тәрбиелеп, қалыптастыру үшін, олардың қажетті ақпаратты жедел қабылдай
алуында екендігі белгілі.

2 Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени
құндылықтарының өзгеру барысы

Қандай мемлекет болмасын өзінің даму барысында басынан бірқатар өтпелі
кезеңдерді өткізетіні белгілі. Бұл тарихи даму заңдылығы және ол барлық
елдер үшін ортақ аксиома. Трансформациялану процесі немесе өтпелі кезең
қиындығы сол мемлекет ішінде өтіп жатқан реформалардың деңгейі мен
тереңдігіне байланысты. Міне, осындай құбылыс ұзақ жылдар бойы Кеңес
Одағының құрамдас бөлігі болып келген Қазақстанды да айналып өтпеді. Жалпы
қоғамдағы өзгерістер жайлы ой шерткенде, бірінші кезекте азаматтардың
материалдық жағдайы туралы көп айтылып, олардың рухани құндылықтары шет
қалатыны бар. Шын мәнінде, қандай да болмасын қоғамдық өзгерістер барысында
өз қалпына қайта келуі қиын, әлсіз буын осы рухани сала болып табылады.
Міне, дәл осылай Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан қоғамының,
әсіресе жастар буынының дүниетанымы бірден өзгеріп шыға келді. Осындай
жағдайда Қазақстан Республикасының қалыптасуында кеңестік дәуірдегі және
одан кейінгі жастардың арасындағы рухани сабақтастық үзіліп, қазіргі таңда
нарықтық экономикаға бейімделе бастаған тәуелсіз жаңа буын өкілдері өсіп
жетілуде.
Өз кезегінде соңғы он төрт жылда Қазақстан Республикасының экономикалық,
қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістер қоғамның, соның ішінде
жастардың да дүниетанымына әсерін тигізгені рас.
Бүгінгі жас буынның бағыт-бағдары ертеңгі мемлекеттігіміздің кепілі
болуымен қатар қоғамның прогрессивті дамуына белгілі бір мөлшерде ықпал
ететін әлеуметтік топ құру мақсатымен ұштасуы шарт. Жалпы еліміздегі
қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе жастардың құндылықтарын түбірінен
өзгертті және де бұл өзгерістерге толыққанды оң баға беру әлі ерте.
Дегенмен, тәуелсіз мемлекет, оның саяси және экономикалық институттарымен
қоса жаңа буын өкілдері дүниеге келіп өздерінің ерекше дүниетанымдық
көзқарасымен, мәдениетімен, салт-санасымен жаңа ағымда өсіп жетілуде деген
үміт те жоқ емес.
Осы орайда Қазақстан жастары жайында қазіргі қоғамда бірқатар
сұрақтардың туындауы заңды. Атап айтқанда Қазақстан жастарының қазіргі
жағдайы мен болашағы қандай болмақ? Қоғамның саяси өмірінде жастардың орны
қандай? Жастардың патриоттық сана-сезімін қалай көтереміз? Болашақтың
кепілі болатын жас буын өкілдерінің қазіргі қоғамдағы орны мен ролі қандай
болуы керек? Міне, осы және басқа да мәселелер дәл бүгін шешімін табуы
керек.
Осындай еліміздің баянды болашағы үшін өмірлік маңызы бар сұрақтар
жоғары мемлекеттік деңгейде, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелініп,
жастарды нарықтық заманда қорғай алатын біртұтас бағдарламалар мен құқықтық
нормалар қабылдаудың қажеттігі туындайды.
Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан атқарылған істер
аз емес. Айталық мемлекетімізде Жастар туралы заң қабылданып, Қазақстан
республикасының жастар саясаты туралы концепциясы және тағы басқа да
мемлекеттік құжаттар, бағдарламалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Алайда, жастардың бүгінгі таңда қоғамымыздағы ең ірі әлеуметтік-
демографиялық топ екендігін ескерсек, жоғарыда аталған шаралардың
жеткіліксіз екендігін және де аталмыш проблеманың тиімді шешілуін
қамтамасыз етуге жеткіліксіз екендігін көреміз.
Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие.
Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен туындап,
болашақта жастар мәселесін қайшылыққа әкеп тіреуі мүмкін. Жастар – қоғамның
саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларының толыққанды
қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-
демографиялық топ. Демократиялық даму жағдайында жастар мен қоғамның өзара
қарым-қатынасы еркін түрде өрбиді. Бұл мәселе өз кезегінде жастар мен
қоғамның бір-біріне өзара ықпалы мен тәуелділігін айқындайтын фактор болып
табылады.
Демек, демократияның Қазақстандағы ертеңгі күні бүгінгі жастардың, ал
олардың ертеңгі тағдыры қазіргі қоғамның қолында. Алайда, өз бетімен жүріп
үйренген жас сананы жүйелендіру оңай шаруа емес. Себебі, жылдам уақыт
аралығында өзгерген бұрынғы идеология мен рухани ұстанымдар, бірегей
дүниетаным, әлеуметтік мәдени өзгерістер тікелей және жанама түрде қоғамда
рухани бос кеңістіктің пайда болуына әкелді. Осындай рухани бос кеңістіктің
орнын толтыру өтпелі кезеңде көптеген қиыншылықтарды да ала келгені шындық.

Оның үстіне мәселенің қиындығы белгілі бір бағдарламалар немесе
жоспарлар жасаумен шешілмейді. Өйткені, қазіргі таңда кеңестік дәуірде өмір
сүрген жастармен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жастары арасында рухани
сабақтастық үзілген. Кеңестік жүйедегі қалыптасқан колликтивизмге
негізделген мемлекеттік идеиология бір мезетте құрдымға кетіп, оның орнына
өз күніңді өзің көр, яғни индивидуализмге бет бұру біршама қиындықтар
туғызды.
Демократиялық ашық қоғам құруға дайын болмаған қоғамда саяси мәдениет
кенжелеп ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары, кино клубтар талан таражға
түсіп, ұстағанның қолында кетті. Қалалық жерлерде үлкен завод,
фабрикалардың жұмыс істеуі қиынға соғып, тоқтағаны тоқтап, өндіріс
ошақтарды қаржыландыру тежеліп, әркім өз күнін көруге бет алғаны бар. Бұл
жай өз кезегінде қоғамдағы жұмыссыздықтың көбеюі мен бос жүрген жастардың
ішімдікке үйір болып, нашақорлыққа салыну тенденциясына әкеп соқты.
Әрине, осындай жағымсыз ішкі факторлардың өршіп тұрған шағында жастардың
патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз
еді. Өйткені, қиын-қыстау кезде патриоттық тәрбиеден гөрі, одан да
маңызды экономикалық-саяси реформаларды іске қосу, жұмыссыздықты азайту
проблемалары бірінші орнында болғаны рас.

Ауыл жастары жобасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы
29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және
қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған Ауыл жастары жалпы ұлттық
бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
2009-2011 жылдарға арналған Ауыл жастары жалпы ұлттық бастамасының
іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге,
соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға –
3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.
Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын
беру қарастырылған.
2009-2011 жылдарға арналған Ауыл жастары жалпы ұлттық бастамасын
және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен Дипломмен – ауылға! жоба
бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда Ауыл жастары жалпы ұлттық
бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады.
Жастар тәжірибесі жобасы туралы ақпарат

2009 жылдан бастап жыл сайын оқу орындарының түлектерін жұмысқа
орналастыру мақсатында өңірлерде еңбекпен қамту органдары арқылы "Жастар
тәжірибесі" жобасы республикалық деңгейде ұйымдастырылып келеді (алған
мамандығы бойынша жұмыс орнында тағылымдамадан және тәжірибеден өту).
Жастар тәжірибесінің мақсаты - түлектерді қосымша әлеуметтік қолдау,
олардың бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына жағдай жасау, жұмысқа орналасуына
және еңбек нарығындағы бәсекелестігін арттыруға ықпал ету.
Жол картасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатының өзекті мәселелері
Саяси қажеттіліктер
Жастар саясаты туралы
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы
Жастардың еңбек саласындағы ролі
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы туралы
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Пәндер