«Қаһар» романы



Мазмұны


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.5

1.Әдеби шолу
1.1 «Қаһар» романы «Көшпенділер» трилогиясының бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4.9
1.2 Ұлт трагедиясының айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,, ... ... 10.11
2.Негізгі бөлім
2.1. Атадан туған ұл, ата жолын қуған ұл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.17
2.2. Шығармадағы сұлу Көкшеге деген сағыныштың суреттелуі және Көкше аңыздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25.27

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.27

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   


Курсытық жұмыс
Тақырыбы: Қаһар романы

Дайындаған:
Қабылдаған:

Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 3-5

1.Әдеби шолу
1. Қаһар романы Көшпенділер трилогиясының
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4-9
2. Ұлт трагедиясының
айнасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..,, ... ... 10-
11
2.Негізгі бөлім
2.1. Атадан туған ұл, ата жолын қуған
ұл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-17
2. Шығармадағы сұлу Көкшеге деген сағыныштың суреттелуі және Көкше
аңыздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... ... .18-24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 25-27

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27

Кіріспе
Қазақ халқының сан ғасырлық бұралаң жолды тарихындағы ерекше
өзгерістерге толы ХХ ғасырдың халқымызға бергені мен басына салған зұлматы
мен зобалаңы аз болған жоқ.Сонау 1916 жылғы қырғыннан бастап, Қазан
төңкерісін, азамат соғысын, Ұжымдастыру кезеңін бастан өткерген қазақтың
қаймағын сыпырған 1932 жылғы нәубет аштық, 1937 жылғы мыңдаған
арыстарымыздан айырылған қанды қырғын жарты миллион қазақтың өмірін қиған
екінші дүниежүзілік соғысқа ұласты. Соғыс біте салысымен әлемдік жанталаса
қарулану науқанының салдарынан кең байтақ қазақ жерінің әр түкпіріне әскери
сынақ полигондары орнап, халқымыз атом қаруының уына малынғанымен қоймай
1954 жылдан бастап тың игеру деген желеумен келген миллиондаған
келімсектердің қаптауы салдарынан өз жерінде азшылыққа ұшырады. Осынау ұлт
болашағына балта шапқан оқиғаларға қарсы тікелей қарсылық әрекет көрсетуге
дәрмен жоқ еді. Сол кезеңнің өзінде шындықты жайы салған ержүрек жандарды
коммунистік партияның ұлт саясатына қарсы шықты, өткен дәуірдегі хандар мен
батырларды, билерді насихаттады деген желеумен қалам-қағазын қару еткен
Б.Кенжебаев, Е. Бекмаханов сияқты ұлт зиялылары 20 жылдан мерзім арқалап
сотталды. Осындай рухани қысымның әсерінен көптеген зиялыларымыз өздерінің
әлеуеттерін туған халқына пайдалы мақсаттарға толығынан жұмсай алмай
арманда кетті Кеңес Одағы атты алып мемлекеттің тізгінін қолына алған
Никита Хрущевтің жылымық кезеңінен кейін кеңес әдебиетінде тарихи
дәуірлерді бейнелеген шығармалар көптеп жазыла бастады. Қазақ әдебиетінде
де осы бір үрдіс өзінің бар мүмкіндігін пайдалана отырып көрініс тапты.
Н.С.Хрущевтің жылымық кезеңінен кейін алып империяны
Л.И.Брежнев басқарған тоқырау кезеңінде Кеңес әдебиеті бірыңғай
социалистік жасампаздықты жырлаған схоластикалық бірсарындылығына қоса
ізденістің жаңа қырларымен танылып, табысы мен жоғалтқаны астаса алға
басқан болатын.
Қазақ халқының өткен дәуірдегі айтулы ерлері мен ел бастаған
көсемдерін ұлт тамырынан алшақтай бастаған , орыстандыру науқанының бұрын -
соңды болмаған қарқынмен жүріле бастаған осы бір алапат кезеңде келешек
ұрпаққа талдап таныту, сол арқылы қазақтың жаңа буынын азаттық жолындағы
арманға жетелеуге күш салған дарабоз қаламгерлеріміз туып шықты.
Қазақ ақын-жазушыларының батыс, шығыс әдебиетінің жауһарлары
мен ауыз әдебиетінің мол қазынасынан қатар сусындаған аса дарынды да
жігерлі жас та жаңа буыны әдебиетке араласты. Олар Қ.Ысқақов, С.Сыматаев,
О.Сүлейменов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Ж.Нәжімеденов,
М.Мақатаев, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев т.б еді.
Осынау көп таланттар шоғырының арасында әдебиетке кеш келгенімен, бірден
биік деңгейге көтеріліп, тарихи тақырыпқа батыл барған бірегей жазушы
–Ілияс Есенберлин болатын.
І.Есенберлин туралы ғұлама ғалым Әлікей Марғұлан былай деген еді:
Ілияс Есенберлин-қазақ халқының шежіресі, фольклор дәстүрі , мәдениеті мен
тұрмыс –салтының білгірі. Ол өзінің осы көл – көсір байлығын көркем
шығармаларының бойына ерекше шеберлікпен сіңіріп жіберген 6.45
І.Есенберлиннің өз заманында өзгелерден оқшау тұрған дара сипатты
қаламгер екендігі жайлы көрнекті жазушы Қабдеш Жұмағұлов былай дейді:
Егер тарих көші қоғам алдына жаңа міндет қойып, өзін жаңғыртқысы келсе,
сол миссияны орындайтын жеке тұлғаларды қоса туғызады.Бұл жолы да солай
болды.Алпысыншы жылдардың ортасында әдебиетке Әуезовтен кейін реалистік ,
халықтық бағыттың туын көтерген таланттар шоғыры келіп қосылды. Бұрынғы
өлшемге, бодандық қалыпқа сыймайтын жаңа шығармалар туа бастады. Негізгі
құрамын жастар ұстаған сол жаңа көштің басында Ілияс Есенберлин тұрды десек
, бұл күнде ешкім де дау айтпаған болар еді. 5.452
Осы ретте екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақ әдебиетіндегі
проза жанрындағы тақырыптардың бағыты жайлы сыншы ғалым Х.Әдібаевтің мына
пікірін келтіре кетейік: Қазіргі әдебиет пен сын атты зерттеу еңбегіндегі
мына пікірін келтіре кетейік: Қазіргі прозада үлкен-үлкен үш жүйе –тақырып
қанат жайып, өркендеп , өрісі кеңейіп келеді Олардың біріншісіне
халқымыздың асу да асу тарихи жолы мен бостандық үшін күресті желі еткен
–тарихи шығармалар жатады.
Екіншісі- екінші дүниежүзілік соғыс жайлы ерлікті, қаһармандықты
арқау еткен туындылар.
Үшінші –бүгінгі заманымызға арналған туындылар.,-деп атап
көрсетеді.2.363
Жоғарыда атап көрсеткендей, тарихи тақырып халықтың сусаған сұранысы
болғанымен оған алғаш рет батыл барып, көлемді шығарма жазу оңай болған жоқ
еді. Қазақ әдебиетінде замана талабын ескере отырып, өткен мен бүгінді
жалғастыра алатындай таланттар шоғыры қалыптасты. Осы шоғырдың нақ алдында
Ілияс Есенберлиннің тұрғандығы анық деп білеміз.
Уақыт өткен сайын күрделене түсіп, көркемдік зері мен зердесі саф
алтындай жарқырап келе жаткан бүкіл ұлттык әдебиет тәрізді, тарихи
шығармалардың пәлсафалық тереңдігі мен психологиялық шынайылығы, әлеуметтік-
қоғамдық өрісі кемелденуде. Басында роман-хроника, ауыз әдебиетінің
эстетикасы басымырақ көрінген бұл жанр қазіргі кезде күрделі сипат
көрсетуде. Рас, кейде тарихи шындықтың көркемдік биігіне көтеріле алмай
жататыны да жоқ емес. Уакыттың өзі екшеген тарихи оқиғалар қанша мәнді
болғанмен, онымен шектелмей, бүкіл адамзаттық, халықтық көкейкесті мәселе
қоса көтерілсе ғана көркем шығарманың туғаны. Тарих тағлымы кандай? Сол бір
дәуірдің пәлсафасы мен арман-тілегі кандай? Өзек-жарды өсиеті, рухани-
әлеуметтік мұң-мүддесі қандай? Қысқасы, тарихи оқиғалар халықтың тарихи
санасында неге мәңгі қалды? — деген сұрақтарға жауап беру азбал. Үлкен
әдебиет үлкен пікірсіз – тұлға,– дейді ғалым М.Базарбаев 2.365
Үлкен әдебиетте үлкен іс тындырып артына қалдырған халқын сүйген
үлкен тұлға еді ол.
1. Әдеби шолу
1. Қаһар романы-Көшпенділер трилогиясының бастауы.
2. Сыншы- ғалым М.Базарбаевтің тағы бір пікіріне жүгінгенді жөн
көріп отырмыз:
Этнография, археология немесе тарихи оқиға басып кеткен жағдайда
көркемдікке нүқсан келтірмей қоймайды. Тарихи романға қойылатын талап -
тарихи шым-шытырық оқиғалардың, әр түрлі көріністердің тігісін білдірмей,
көркем шығармаға сіңістіріп жіберу керек. Сол сияқты мифология - халықтың
табиғи көзқарасы, фольклор, ел-жұрттың тарихи пайымдауы өз орнын тауып,
арналы да ағынды үлкен жанрдың сәніне сән, өрнегіне өре қосып, тұтас тұлға-
бітімімен қызықтыруы қажет. Кейіпкерлердің сан-сала күрес тартысы мен
жүйесін жазушы көзқарасы бір арнаға толқындата күйып, тарих көшінің
кайталанбас сыры мен сипатын бояу-зерімен, арман-мүддесімен ашсын. Тарихи
оқиғалар- шығарманың алтын арқауы, құнарлы топырағы, қайнар-бастауы ғана.
"Аласапыран" (М. Мағауин), "Елім-ай" (С. Сматаев), "Үркер", "Елең-
алаң" (Ә. Кекілбаев), "Ұстаздың оралуы" (Ө.Әлімжанов) тарихи романдардың
көне оқиғаны қамтыған бір саласы болса, "Ақан сері" (С. Жүнісов), "Соңғы
көш" (Қ. Жүмаділов), "Қызыл жебе" (Ш.Мұртазаев), "Өліара" (Т.Әбдіков) және
баскалары тағы бір саласы. Тарихи романдар жанр жағынан да сала-сала болып
дами бастағанын көреміз. Тарих шежіресін жасаудың дәстүрі қалыптасуда.
Жиырмасыншы, елуінші жылдары "Қилы заман", "Қараш-Қараш оқиғасы",
"Жолдастар", "Бекболат", "Абай жолы "Оянған өлке", "Дауылдан кейін" сынды
роман, хикаяттарда азаттық үшін күрес, қалың қауымының хал-күйі, рухани
ізденісі асу-асу белдерімен бейнеленсе, алпысыншы сексенінші жылдары жарық
көрген І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Х.Есенжанов, Ғ.Сланов, Д.Әбілев,
Ә.Сәрсенбаев, т.б шығармалары –сол үлкен көштің заңды жалғасы. Көне
тарихтың мың жылдық қойнауына бойлау-әдебиеттің өркендегеніне үлкен дәлел.
Жазушы І.Есенберлиннің туған әдебиет алдындағы сүбелі үлесі ең
алдымен "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" атты кітаптардан тұратын
"Көшпенділер" атты кесек үш тағанымен өлшенеді. Көптеген тарихи дерек пен
аңыз-өңгімені - көшпелі елдің көркем шежіресін, эпостың мәнерлеу, баяндау
дәстүрін қазіргі әдебиеттің өрнектеу, суреттеу тәсілімен шебер қиыстырған
қаламгер өзіндік сипаты бар роман түрін жасап шықты. Әсіресе "Алмас қылыш"
пен "Жанталастың" оқиға-дерек пен сюжеттік бұлағының көптігі соншама,
олардың әрқайсысында талай романның өзегі жатыр. Қалам тимеген тың
тақырыпты І.Есенберлин тек кана өзіне тән алмас қылыштай жарқылдаған
батылдық-алғырлықпен аса тартымды бейнелеп, қалың оқырман қауым
сүйіспеншілігіне бөленеді. 2,365
Трилогияның алғашқы да соңғы бөлімі болып саналатын Қаһар романы
туралы сөз қозғау үшін оның заңды бастауы болып саналатын , өзінен кейін
жазылғанымен , оқиға желісі алдыңғыдан артқа қарай жол тартатын екі
кітапты қоса айтып өткен дұрыс болмақ және осынау алып еңбектің қалай
жазылғаны, жазылу барысындағы қиындықтар мен кедергілер, туындының кесек те
мінсіз болып шығуына ат салысқан қаламгерлер туралы да тоқталып өту жөн
болмақ деп ойлаймыз.Бұл арада Ілияс Есенберлиннің өзінен кейінгі жастарға
қамқор аға, кейбір қазақ қаламгерлерінде кезігіп қалатын жершілдік,
рушылдық, жүзшілдік дейтін жаман әдеттен аулақ ,ары таза адам болғанын
көптеген қаламгер жолдастары жазып қалдырғанын айта кету орынды.
... Есенберлиннің билік басына келуі оның өз шығармаларына ғана
емес, әдебиетке тың серпін әкелген жастарға да кең жол ашты. Біразымыздың
күрделі, қиын тақырыптарды қозғаған кітаптарымыз сол жылдары жарық көрді.
Ал, Ілекеңнің өзіне келсек, оның бұл кездегі қалам қарқынын ұзақ жылдар
қыстығып тұрып, кенет көзі ашылып кеткен фонтанға ұқсатуға болар еді. Ол
баспаға келгенде Қатерлі өткел романының қолжазбасы дайын, Ғашықтар
романы аяқталып қалған-ды. Ал Көшпенділер әлі қолға алынбай, шикі
материал күйінде папкаларда жатқан. Ана бір жылдары осында қатардағы
редактор болып қызмет істеген Есенберлин баспа, полиграфия жүмыстарын жақсы
білетін. Алғашқы айларда баспаның шаруасын жолға қойып, біршама реттеп алды
да, осында келгендегі негізгі мақсаты — Көшпенділерді жазуға кірісті.-
,дейді өз естелігінде Қ.Жұмаділов.5,364
Автордың пайымдауынша Ілияс Есенберлиннің трилогияны басынан
бастамай, ақырғы бөлімінен бастауы мынадай ойдан туса керек:
Бір қызығы, трилогияның басынан түспей, ең соңғы кітабы- Қаһардан
бастады. Өйткені, бүгінге дейін талай тарихшылар мен жазушыларды
сансыратқан Кенесары туралы кітапты алға салуды жөн көрген. Егер кеңестік
цензураның сүзгісінен Қаһар өтіп кетсе, арғы Әз Жәнібек, Қасым хандар
заманы баяндалған Алмас қылыш романы мен 18- ғасырдағы Абылай дәуірін
суреттейтін Жанталас романы соның ізімен өтер деген үміт бар еді.
Сондықтан Ілекең алғашқы қамал бұзар кітабы Қаһардың мұқият, мінсіз
шығуына барынша күш салды.
Романның алғашқы аты Хан Кене болатын. Бірақ бұлай атауды уақыт
көтермейтін еді. Сол кездегі цензура мен ақкөз белсенділерді адастыратын
басқа ат қажет болды. Ақыры, ақылдаса келіп Қаһар деген атқа тоқтадық. Ол-
ханның қаһары ма, халықтың қаһары ма, әлде төңірегін аждаһадай жалмаған ақ
патшаның қаһары ма, әрқалай түсінуге болатын еді. Көшпенділердің әр
кітабын тарихқа сусап отырған қалың оқырман зор қуанышпен қарсы алды.
Ілекеңнің кітаптарын жұрт іздеп жүріп оқитын болды. Есенберлин үлкен
әдебиетке кеш келсе де, айналасы бірнеше жылдың ішінде халықтың сүйікті
жазушысына айналды. Көшпенділердің әр кітабы шыққан сайын сойыпсал
мақалалар ұйымдастырып, Есенберлиннің жазып жүргені көркем шығарма емес,
тарихи оқиғалардың тізбесі дегенді дәлелдегісі келді. Мұның өзі сырттай
қарағанда, жүз, ру арасындағы күндестік, болашақ классиктерге орын
әзірлеу сияқты көрінгенімен, шын мәнінде, әдебиеттегі екі бағыттың, екі
түрлі концепцияның арасындағы тартыс еді. Абылай аңсаған, Кенесары көксеген
халықтық, азатшыл бағыт пен Әбілқайыр жол салған бодандық бағыттың
әдебиеттегі жалғасы десе болғандай. 5,466
Сарыарқаның нағыз кіндігінде жатқан Атбасар топырағында дүниеге
келген Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер атты қазақ халқының бірнеше
ғасырлық тарихи ғұмырын мол қамтыған еңбегінің орны ерекше. Өзінің
шығармашылық ғұмырын көптеген қаламгерлер сияқты таза әдебиетшіліктен
бастамаған жазушының мамандығы тау-кен инженері болғандығы да қызықты.
Қаһар секілді роман халық санасына патриоттық төңкеріс
жасады.Жалған схоластикалық талаптар мен догматтық мақсаттардың шылауында
кетіп, жеке сөз бен сөйлем сұлулығы үшін бар қабілетін тауысып, бір
жазғанын мың жазатын әурешілдікке түспей, адам тағдыры мен халық тарихын
биік нысана еткен Ілияс романдары басқа тілдерге тез аударылып, өзге
жұрттардың да ықылас-махаббатына бөленді. Жасыратын несі бар, өзгелерді
айтпағанда көзі тірі классик Ғабит Мүсіреповтің өзі Қаһар сияқты қуатты
шығарманы мойындамады, тіпті қарсы шықты. Бірақ күн санап Ілияс феномені
жалғаса берді. 3,519
Есенберлиннің қарсыластары тіпті де осал емес- ті, партия мен
үкіметке сүйікті , Мәскеу жаққа беделді.Олар бейне атасының алдында отырған
ерке бала сияқты. Жергілікті жерде коммунистік идеологияға арқа сүйесе,
одан ары империялық саясаттың қолдауына ие болып отырды..Әдебиетте
кішігірім төңкеріс жасалып жатқаны анық еді. Осыдан кейін ұзақ жыл
құрсауы босамаған социалистік реализм әдісінің іргесі сөгіліп , қабырғасы
қақырай бастаған. 5,467

1.2. Ұлт трагедиясының айнасы
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қаһар романы Көшпенділер
трилогиясының соңғы әрі алғашқы бөлігі болып табылады.Қаһар романы туралы
қазақ әдебиеттанушылары Ә.Марғұлан, Ә.Әлімжанов, Р.Бердібай,
Х.Әдібаев,М.Қаратаев, Ш.Елеукенов,М.Базарбаев т.б пірік білдірсе, орыс
сыншылары Н.Ровенский, П.Косенко,әдебиетшілер Г.Ломидзе, В.Оскоцкий т.б бұл
шығарманы тарихи романистиканың үздік туындысы ретінде бағалаған.
Қаһар романын орыс тіліне 1971жылы Морис Симашко аударып алғаш
Простор журналының үш санына жариялайды. Москвадағы Советский писатель
баспасында Хан Кене деген атпен кітап болып шығады.1983 жылы Польшаның
Штальник баспасында,1986 жылы Венгрияның Европа баспасында жарық
көреді.Шетел оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді.
Қаһар романындағы сан қилы кейіпкерлердің бірталайының қасиетті
Көкше топырағына кіндігі байланған десек қателеспейміз.Осы жұмысты жазу
барысындағы ұзақ кіріспеден кейін осынау Көкше өңірінде дүниеге келіп
халқының азаттығы жолында күші басым жаумен аянбай шайқасып, туған жерінен
жырақта қапылыста көбі қаза тапқан ерлер бейнесі, олардың сомдалуы туралы
қарастыратын боламыз.
Қаһар романы патшалық Ресейдің қазақ даласына әбден бауыр басып,
отаршылдық бұғауды барынша қыса түскен кезеңді суреттейтіні белгілі.Романда
ондаған ірілі-ұсақты кейіпкерлер әрекеті, сан түрлі образдар мен оқиға
желісі кездеседі.Романның оқиғасы өтетін географиялық аумақ та орасан зор
территорияны қамтиды.Автор басты кейіпер Кене ханның өмірлік ұстанымын ,
шығарманың жалпы идеясын айқындау тұрғысында тарихи оқиғаларға жүгініп
отырады.Кене хан мен оның сарбаз серіктері мен туыс-туғандарының көбісінің
өмірі Көкше өңірімен байланысты.Ежелден ,сонау атасы Абылайдан бастап Көкше
жеріне ту тіккен ,бағаналы ордасын қондырған төрелер әулеті үшін де осынау
таңғажайып әсем өлке әрқашан ыстық болғаны романның өн бойынан сезіліп
тұрады.
Кенесары қозғалысы неден басталып еді? Бұған жауапты романның өзінен
табамыз:
1824, яғни қазақша Мешін жылы Көкшетау приказы құрылды. Бұл - ақ
патшаның Абылай ұрпағының атамекеніне ауыз салуы еді, Осы жылдан бастап
Қасым төре баласы Саржан сұлтан қол жинап патша әскері мен устапты
жақтайтын Сәмеке, Бөкей, Уәли хандардын ұрпақтарына, Көкшетаудың аға
сұлтаны Қара Тоқаның Зілқарасына қарсы күрес бастады. Кейде жеңіп, кейде
жеңіліп, басынан сан айқасты өткізеді. Ақырында Қоқан хандығының қол астына
еніп, 1834, яғни Жылқы жылы осы хандықтың бас күші Ташкент құшбегі,
тәжіктің Қалпы руынан шықкан Мәмет Әліммен тізе қосып, қазақ жерін Россия
империясынан бөліп алмақ болып, алты мың әскермен Ұлытау өңіріне келді.Осы
өңірде Қорған атты бекініс тұрғызып, бізге қосылыңдар деп жан-жағына жар
салады, аға сұлтан , ел билеген ақсақалдарға ат шаптырады.1,14
Көкшетау өлкесінен шыққан қазақ хаоқының ұлт-азаттыңы жолында жанын
қиған Кенесары мен оның туыс-туғандары мен батыр-бағландарының асыл бейнесі
көрініс тапқан осынау кітаптың беті тұнған шежіре сыр.Қазақ халқының ХІХ
ғасырдағы ауыр азапты өмірі, яғни Шортанбай Қанайұлы бастаған ақындар
жырлағанындай нағыз зар заман еді.
Шортанбай, дулаттарды оқытуға тыйым салынған кер заманда асқан
батылдық пен көзсіз ерліктің үлгісін мылтықсыз майданда көрсету -Ілияс
Есенберлиннің еншісіне тисе керек.
Яғни, романды қазақ халқының еріксіз жер мен суынан айрылған зарлы
заманының трагедиясын көрсеткен қара сөзбен жазылған толғау деп айтамыз.

2. Негізгі бөлім.
2.1. Атадан туған ұл, ата жолын қуған ұл.
Белгілі Көкшелік қаламгер Төлеген Қажыбаевтің мына анықтама пікірін
де қоса кеткеніміз жөн болмақ:
Ұлы бабасы Абылай, әкесі Қасым ұстаған жол қазақтың тәуелсіз
мемлекеттігінің іргесін ірітпей, шаңырағын шайқалтпай сақтап қалу болса,
Кенесары осы жолды орнықтыру мақсатына дәуір тартқан аса ауыр
қайшылықтарға қарамастан өз басын бәйгеге тікті. Ресей патшалығының ашық
кіріскен жаулап алу саясатының сойқанды әрекеттеріне қарсы тұрар
дипломатиялық жолдың қалмағандығын сергек сезінген ол күрестен басқа
амалдың жоқтығын да түсінді, бұл жолда жеңіске жетудің де бұлдыр елес
екендігін, талай жанның қаны төгіліп, талай арыстың шәйіт боларын да
аңғармай қалған жоқ.
Қасымның соңынан ерген балалары да кілең көкжал, кекті де текті еді.
Бәйбішесі Қанттан Есенгелді мен Саржан, екінші әйелі Бибіден Кенесары,
Құдайменде, Әбілғазы, Уақ, Шуақ, Сапақбай және Бопай, Бопан, Бопыш атты үш
қыз және үшінші әйелі Асылтастан (Бибінің сіңлісі) жалғыз, арыстан жүректі
Наурызбай туған. 1802 жылы Көкшетау өңірінде өмірге келген Кенесары осынау
текті ұрпақтың ішінен оқ бойы озық тұрған, жаратылысы тым оқшау, нақ
топжарғанның өзі болды. Ресей патшалығының сұрқиялықпен жүргізген
саясатының түпкі мақсаты бұрынғы қалыптасқан хандық билікті ыдыратып барып,
даланы одан әрі бөлшектеу мақсатымен сұлтан- правительдік, болыстық басқару
жүйесін жымысқылықпен енгізіп, мансапқа таласқан қазақтардың іштен іри
бастаған ырылдасуын құйт-құйттаушы әрі сырттан бақылап билік айтушы рөліне
еніп еді. Онысы өз ойлағанындай тым жақсы жүзеге асып жатты. Шенді шекпен
үшін әке баладан, іні ағадан безді, бір-біріне сойыл сілтесіп, таусылмас
дауға қалды.Даудың шешімін тағы айналып келіп орыс ұлықтары шешетін болды.
Міне, осынау саясат дәуірлей түскен тұста Кенесары атқа қонды. Ресейдің
әскери-әкімшілік билігін талқандап, тұтас бір Қазақ мемлекетінің іргесін
бекітіп, уығын қадасам деп еді. Бұл ұлы арманды жолдың тарлығын да,
тайғақтарын да ол жыға таныды. Бірақ сол кездегі саяси жағдай Кенесарыға
күрестен басқа жол қалдырмап еді. 6,12
Алайда бес қаруы сай орыс армиясына қарсы шығудың зор шығынға
батыратынын сезген Кенесары бұған дейін генерал Перовскийге мынадай хат
жолдайды:
Я-султан Кенесары, со времени деда моего хана Аблая, жил с
русскими так дружно, как со своими братьями,но причина, побудившая меня
ссориться с ними , та, что жители Омска и Петропавловска (что на Сибирской
линии) не давали нам спокоиствия.Приехав к сей стороне , объявляю, что я
никогда не был врагом России, очем и прошу довести до сведения высшего
начальства. 6,8
Осылай деп бастабында бейбітшілікке үміттенген Кенесарыны патша
үкіметі сыртқа тебеді. Соңына ерген қалың елімен ол туып өскен Көкшесінен,
аяулы Арқадан ауады. Кенесарының азаттық үшін күресі оның тікелей өзінен
басталмағанын, аталар мен әкелер, ағалар жолын жалғастырушы екендігі
романның өн бойынан анық сездіріліп отырады.Осы ретте романнан үзінді
келтірейік.
Бұл үзінді атақты Нысанбай жыраудың Кенесарының әкесі Қасым төренің
алдында жырлаған жырының мазмұны болатын: Россия қатын патшасы қазақ
елінің басын біріктірудің қауіпті екенін ойлап тек өлерінен екі жыл бұрын
ғана оны Орта жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап, сол Абылайдың
жетпіске келгенше ыңғайына қарай біресе Россия патшасына, біресе Қытай
богдаханына икем көрсетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нұра бойына дейін
көшкен қалың қазақтың еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы
да бір алуан жыр ғып шырқатты.
Бәйгіге шапқан жүйріктей, жыр желісінен маңдай тері бұршақтап аққан
Нысанбай ақын, бір мезет Абылайға Атығай - Қарауыл рулары алты қызын беріп,
оның үстіне Абылай қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып, олардан отыз
бір ұл, қырық қыз көргенін аса бір асқан жыр етіп толғатты.
Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел жатарда ғана
Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уәлидің Россияға қол шоқпар болып
кеткенін, қалмақ қатынынан туған Қасым төренің әке жолын қуып, қазақтың
басын қосамын деп бәйек болып жүргенін мадақтай келіп, кенет оқшау отырған
Кенесарыға қарай:
Абылай жолы ауыр жол,
Батыр Кене, біліп қой.
Абылайдай берік бол,
Алам десең абырой, -
деп ұзақ жырмен бітірді.
Үйдегі жұрт жетпіске жуықтаған Қасым төренің бетіне қарап тына
қалған. Өйткені мұндай сөз төре бар жерде дәстүр бойынша тек қолбасшыға
ғана айтылатын –ды. Қасым төренің соңынан ерген әскердің қолбасшысы Саржан
сұлтан, Кенесарының ерлігі мен айлакерлігі жұртқа қанша аян болса да,
даңқымен әзірге ол тек батыр деген атқа ғана ие еді. Алдында ағалары
болғандықтан өзі де қолды мен басқарайын деген ойдан аулақ-ты. Нысанбай
жұрттан асқан сыншы. Бұны осы отырғандардың бәрі де біледі. Нысанбай
қасиеті Қасымға да аян...
Қасым төре жолды әзірге Саржан мен Есенгелдіге бергенімен түбі Абылай
жолын алып жүрер ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп
те үміттенетін. Нысанбай сөзінің өз ойынан шыққанына ол іштей қателеспеген
екем, мен аңғарғанды сыншы ақын да аңғарған екен деп ойлады.1,88
Аға тұрғанда іні сөйлегеннен без,-дейтін қазақ ғұрпын қатаң
ұстанатын Кенесарыға әкесі Қасым билік тізгінін көзі тірісінде аға
–інілерінің көзінше ұстатады.Қазақ халқының азаттығы жолында аянбай
күрескен Көкше өңірінің аяулы перзентінің ерлік, әділікті ту еткен тынымсыз
жауынгерлік ғұмыры осылай басталған еді.
Абылайдың ақ туын көтерген Қасым төре романдағы Көкшелік
ардақты да айбаты тұлғалардың бірі. Ол туралы жазушы былай дейді: Бұл
Бестаңбалы жеріне көшіп келген Қасым төре мен Алты, Тоқа, Алтай, Уақ
ауылдары еді, Сонау ортадағы бозаңынан ақшылы басым елу үй Қасым төренің
ауылы. Абылайханның бел баласының бірі болғанымен Қасым төре асқан шонжар
емес, сондықтан бұл маңда өрген малдың да қарасы оңай-ақ көзге түседі. Уақ,
Тоқа, Алтын да Арғынның өзге руларына қарағанда шағын ауқатты рулар. Оның
үстіне Арқаның көк шалғынына үйренген мал, Қаратаудың ши мен көкпек
араласқан бозаңын жерсінбей, бәлендей өрбіп өсіп кете алмаған. 4,265
Ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
Стейнбектің Қаһар романы Ұлы Дағдарыс кезіндегі АҚШ - тың қатал және драмалық шындығының көрінісі ретінде
АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983)
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
Пәндер