Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ата . ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас
Қызмет пен мамандық таңдау
Неке шарты
Ата . аналардың балаларын қамтамасыз етуі

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас

Қызмет пен мамандық таңдау

Неке шарты

Ата - аналардың балаларын қамтамасыз етуі

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

К і р і с п е

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін
заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін бірлесіп және өзара келісе отырып
шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы
мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы
қолданылуға жатады. Ата-аналық құқықтардың барлығы балалардың пайдасына
шешілуіне тиіс болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды заңсыз
ұстап жүрген адамдардан сот тәртібінде талап етуге құқылы болып табылады,
шетелдік ата-аналар да осы құқыққа ие.
Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуіне байланысты
қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда
көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас
ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады.
Бірақ келісімге келуші мемлекеттердің бірінде ата-ана тұрып, екіншісінде
баланың өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып
жатқан мемлекеттің заңы бойынша анықталатындығын айту қажет.
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін
бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқаңдарымен
бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді.

Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас.

Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңының 29-бабына
сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау
құқығы, қызмет түрін, мамандығын тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы
өмірінің мәселелерін бірігіпшешу құқығы.
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін
заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардың бірлесіп және өзара келісе отырып
шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы
мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы
қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар
арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды
реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі
фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен
қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын
толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ
меншікте үлесін сақтайды және т. б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ
шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық
шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің
құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып
табылады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы.
Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан
ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек
көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз
болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған
материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген заңда
және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін
заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде
ерлі - зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі
тегін қалдыра алады. Сонымен бірге, ерлі - зайыптылар өз қалаулары бойынша
ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы
мүмкін.
Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-
зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне
жубайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы
туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді Неке және отбасы туралы
Заңның 30-бабы жүбайлардың біреуінің некеге тұрганға дейінгі тегі қосарлас
болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына
түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу
жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын керсетеді.
Әдетте, қызмет пен мамаңдық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері
бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратан іс.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың
жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы.
Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын
құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда
көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-
зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете
алмайтындығында, ал таңдау екі жақтан өзара келісімімен жүзеге асырылуы
керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа
бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік
туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне
көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі
ескеріледі.
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін
бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқаңдарымен
бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі - зайыптылардың
ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-
зайыптылар кейбір меселеде келісімге келеалмаса, оңда олар өз дауларын шешу
үшін заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі -
зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек тандауда келісім болмаса, бұл
мәселені қорғаушы және қамқоршы органдары шеше алады.
Ерлі - зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті
меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен
туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның Ерлі - зайыптылардың
мүліктік құқықтықтары мен міндеттері деп аталатын 7-тарауындағы
нормалармен, ал екіншісі - Заңның Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-
зайыптылардың алименттік міндеттемелері деп аталатын 18-тарауындағы
нормаларымен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда
олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы
заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-
зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке
шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп
жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі олардың бірлескен меншік
режимі қолданылады.
Бұған дейін де аталғандай, Неке және отбасы туралы Заңның 2-бабы,
халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін
заңнамалар ерлі-зайыптылар отбасындағы құқығының тең болу қағидаларын
айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың
некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқығы
ықпал етеді. Неке және отбасы туралы Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ
меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік
етеді және пайдаланады, екінші бір затты - тұтынады, үшінші бір затты
олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ сырт көзге олардың ортақ мүлкіне
жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып
саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы
тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы,
материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы
табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) жатады.
Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке
қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық
жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай
мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-
зайыптылардың құқықтық, жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы
сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-
тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй
шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып - күтуді жүзеге асырған немесе
басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да
тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың
әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді.
Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе
ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша
алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен
иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.)
ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса
да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының
бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б.
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-
зайыптылар өзара келісім бойынша мүлікті иелік ете алады. Ерлі-
зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай
алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін
алуы қажет. Ортақ, мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін
мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайының
жазбаша келісімі қажет.
Ерлі - зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде
тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда, олардың үлестері тең болуы
тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі -
зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша
ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттік жасқа
толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі - зайыптылардың біреуінің
мүдделерін ескере отырып, ерлі -зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін
ескермеу құқығы берілген.
Ерлі - зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші
ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы балалар рөлі
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Зерттеу пәні ата - аналары ажырасқаннан кейін балаларға қорғаншылық тағайындау туралы дауларды қараудың реттейтін заңнама
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Отбасы құқығы пәні
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Отбасылық тәрбие стилдері
Пәндер