Ақ ниетпен хат жаздым, ата, сiзге… (бауыржан ата рухымен сырласу)



Бауыржан ата! Мен үшiн сiздiң тұлғаңыз қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейсiз.

1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316.атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiңiзбен атыңыз әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атандыңыз.

Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында өзiңiз қаһармандық пен өшпес ерлiк көрсеткен Мәскеу халқы сiздi құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан.қайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке сiздiң есiмiңiздi бердi. Бұл сiздiң ерлiгiңiздi мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi. Сiздiң «Ежелден ер тiлегi . ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса . ел тiрегi» деген өсиетiңiздiң өмiрде орындалғанын көрiп қуандық.

Бауыржан ата! Тiлге деген нағыз махаббатты, оған деген шынайы сүйiспеншiлiктi мен сiздiң шығарма­ларыңыздың арасынан таптым.

«Қазақ тiлi... өткiрлiгiмен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан.жүйеңдi жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымға қонымды, жүрегiңе тиiмдi, жаудың көмейiне құм құйып, аузын аштырмай, үнiн шығармай қоятын тiл» деп 1944 жылы баға берген екенсiз.

1944 жылы сiз қазақ тiлiн шұбарлаған, өз тiлiн дөрекi, икемсiз, топас, кедей

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АҚ НИЕТПЕН ХАТ ЖАЗДЫМ, АТА, СIЗГЕ... (Бауыржан ата рухымен сырласу)
Бауыржан ата! Мен үшiн сiздiң тұлғаңыз қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейсiз.

1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiңiзбен атыңыз әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атандыңыз.

Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында өзiңiз қаһармандық пен өшпес ерлiк көрсеткен Мәскеу халқы сiздi құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан-қайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке сiздiң есiмiңiздi бердi. Бұл сiздiң ерлiгiңiздi мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi. Сiздiң Ежелден ер тiлегi - ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса - ел тiрегi деген өсиетiңiздiң өмiрде орындалғанын көрiп қуандық.

Бауыржан ата! Тiлге деген нағыз махаббатты, оған деген шынайы сүйiспеншiлiктi мен сiздiң шығарма­ларыңыздың арасынан таптым.

Қазақ тiлi... өткiрлiгiмен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан-жүйеңдi жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымға қонымды, жүрегiңе тиiмдi, жаудың көмейiне құм құйып, аузын аштырмай, үнiн шығармай қоятын тiл деп 1944 жылы баға берген екенсiз.

1944 жылы сiз қазақ тiлiн шұбарлаған, өз тiлiн дөрекi, икемсiз, топас, кедей тiл деп жала жауып жүргендерге қатты тойтарыс бердiңiз емес пе? Республиканың бас хатшысы Әбдiхалықовқа майданнан арнайы хат жолдап: қазақ тiлiнен ажырап, азғын ел атанбасын, аты өшiп, ұрпақтарымыз тарыдай шашы­рап, қардай ерiп, құмға сiңген судай дерексiз жоғалмасын, анамыздың ақ сүтiмен бойымызға дарыған тiлiмiздi ұмыту - бүкiл ата-баба тарихымызды ұмыту, - деп күңiрене айтқан едiңiз.

66 жыл бұрын сiз уайымдаған қазақ тiлi, халқыңыз тәуелсiздiк алған соң мемлекеттiк мәртебе алды. Май­данда жүрiп тiлiмiздiң, ұлтымыздың арын қорғау - сiздей батыр қолбасшының ғана қолынан келер iс.

Сiздiң кiтаптарыңызды оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiңiзден, халқыңызға махаббатыңыздан, ұлттық биiк рухымыздан қуат аламын.

Бауыржан ата! Мен сiздiң қаламыңыздан шыққан Москва үшiн шайқас, Қанмен жазылған кiтап, Ұшқан ұя, т.б. шығармаларыңызды оқып шықтым. Сiздiң шебер суреткерлiгiңiзге, адам психологиясын танып-бiлудегi сезiмталдығыңызға таң қаламын. Сiздiң шығармаларыңызда әр кейiпкер өзгеше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Сәбит Мұқанов және эпистолярлық жанр
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Өлеңге орын табам
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Балалар басылымдары
Пәндер