1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы 2
Қазақстанның автономиялық республика болуы және одақтық республика
статусына көтерілуі 6
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Кеңестік қазақ мемлекеттігінің қалыптасу, даму кезеңдері деп
аталатын бұл жұмыстың тақырыбы мен үшін қызықты, бірақ артында ойлануға,
тіпті толғануға, қала берді күңірене қайғыруға да әкелетін тақырып екенін
іштей сеземін. Бірақ мал нешік пешенеме жазған тақырып осылай.
Ұрсайын десем - жалғызымсың, ұрыспайын десем - жалмауызымсың, -
дейді атам қазақ. Ендеше осы тақырып соның өзіне меңзеп тұрғандай. Өйткені
қаны сорғалаған қызыл қылыштың құрбаны болған жылдарды пайымдау аса ауыр
екені бәрімізге белгілі.
Мемлекеттігімізді жалмап жұтқан орыс империясының орынбасары Кеңес
үкіметі алғашында алдап-арбап мемлекеттіктің тізгінін өзімізге ұстатқандай
болды, бірақ сырты бар, іші қуыс дүние болғанын қазіргі таңда сезіп те
жүрміз. Олай дейтінім жерімізді ұлы көсем В.И. Ленин амалсыздан межелеуге
тапсырма берді. Бірақ ол да болса ардақты бабаларымыздың қасық қаны тамып,
артынша алаштап ұмтылған Әлихандай ағаларымыздың еңбегі еді. Оны қазіргі
тарихшылар әлі де жаза алмай келеді. Өйткені ең алдымен Алашорда
мемлекеттігінің территориясын негізге ала отырып, астанасын сол Орынбор
қаласы етіп кеңес үкіметі Қазақтың автономиялық республикасын құрған жоқ па
еді? Оны қалай байқамаймыз. Аз да болса Алашорда мемлекетінің өмір сүруі
осы іске мұрындық болды.
Ал енді жұмыстың кіріспесінен өзіне көшейін.

1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет
билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүние жүзін,
бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында
кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық
аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің
қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың,
халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол
ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып,
халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық
пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын
жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес
халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-
әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып,
тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер
зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген
ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз
бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың
теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының
астынан кетпеуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен
шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі
орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек
жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол
жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны
жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия
жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе
ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Оңтүстік шығыс
одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын
ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда
Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша
Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
т.б. басқарды.
Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте
жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін
Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.
Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға көмек көрсету үшін Ә.
Жанкелдин, В. Чекмарев, П. Кобезев және т. б. төтенше комиссарлардың келуі
қазақ халқының арасынан Әділбек Майкотов, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин,
Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты
көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы
күресіне басқа ұлт өкілдері П. Виноградов, Л. Емелев, Я. Ушанов, А.
Розыбакиев тағы басқа да ондаған азаматтардың ат салысуы төңкерістің
Қазақстанда да жеңуіне жол салды.
Төңкерісті қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер
большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар
аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің
Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай
Қазақстанның солтүстiк-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария
және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері
көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі
жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы,
осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тиді.
Перовск (Қызылорда) жүмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917
жылғы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери
гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын.
Сырдария облысында Кеңес өкіметінің орнауы, оның саяси-экономикалық
және әкімшілік орталығы Ташкент қаласында 1917 жылы 30 қазанда Кеңес
өкіметі құрылғаннан кейін іске асты. 1917 жылы қараша айының орта кезінде
Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан
айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал
поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз
бейбіт жолмен орнады. Петропавлда жұмысшы және шаруа депутаттары Кеңесінің
темір жол жұмысшыларымен бірлескен қимылының арқасында 1917 жылы 12
қарашада төңкерістік уақытша комитет құрылды, оның құрамына Ғ. Ыдырысов, Я.
Побелянский, К. Сүтішев, П. Рыжов және т. б. кірді. Бұл комитет кейіннен
Кеңесті басқаруды өз қолына алды. Дегенмен Көкшетау, Павлодар, Атбасар,
Семей, Өскемен уездерінде казак-орыс және офицер-старшина билеуші топтардың
ықпалы басым болғандықтан, Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа
кездесті. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы
ақпанның 16-нан 17-не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес өкіметі
Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі
елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына А.
Иманов, К. Қойдасов, В. Чекмарев, В. Зинченко және т. б. күрескерлер елеулі
үлес қосты.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес, төңкеріс қарсыластары
күштерінің басым болуына байланысты, 1918 жылдың көктеміне дейін созылды.
Мұнда төңкеріс толқынының екпінді күш алуына 1917 жылдың күзінен бастап
майданнан қайтқандармен және елдің басқа аудандарынан келген төңкеріс
идеясын қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Олардың арасында Т.
Бокин, Т. Өтепов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халықтың
өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды,
әскери-төңкеріс комитетін құрды. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған
түні Верныйда Әскери-төңкеріс Комитеті басқарған жұмысшылардың Қызыл ұлан
жасақтары мен екінші казак-орыс полкінің жауынгерлерінен ұйымдасқан күштер
қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп, "әскери өкіметтің" тірегі болған
қамалды, қару-жарақ қоймасын, почта-телеграфты, т.б. маңызды мекемелерді
басып алды да, Верный қаласында Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес өкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопльда Аягөз,
Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Сөйтіп, 1917 жылдың
қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі
Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.

Қазақстанның автономиялық республика болуы және одақтық республика
статусына көтерілуі

Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның
ішінде, Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік әкімшілік
қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы,
солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің
іске асуында Қазақстан қалаларында құрылған төңкерістік комитеттердің рөлі
зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды,
кедейлерге арқа сүйеп, қанушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет
билігінің кеңестердің қолына өткенін жариялап, олардың нығаюы үшін ат
салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде
төңкеріс комитеттері өз міндеттерін кеңестерге беріп, тарап кетті.
Өкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар
әуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте-бірте
кеңес қарауына алынды. Мәселен, 1918 жылы ақпанда жұмысшы, шаруа, солдат,
мұсылман депутаттары Ақтөбе кеңесі қалалық басқарманы кеңес басқару орны
етіп қайта құрып, қалалық думаны таратты. Семей облыстық кеңесі 1918 жылы 9
наурызда дума мен басқармаларды таратып, уақытша үкіметтің уездік
комиссарларының міндетін жаңа құрылған кеңестерге жүктеді. Сол жылы 12
сәуірде Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесі азық-түлік
басқармаларын тиісті Кеңестердің азық-түлік бөлімі етіп қайта құру жөнінде
жарлық шығарды. Қостанай уезіндегі шаруашылық иелігі (хозяйственная управа)
Кеңестің қарамағына алынды. Кеңес өкіметінің қайта құру шараларын іске
асыруға өршелене қарсы шыққан Петропавл, Ақмола, Түркістан, Өскемен,
Верный, Әулиеата, Жаркент, Қапал, Лепсі сияқты жерлердегі земстволық,
қалалық басқармалар таратылды. Кейбір жерлерде Қостанай, Перовск,
Қарқаралы, Зайсан олар Кеңестердің қарамағына көшті.
Ескі мемлекеттік аппаратты қирату отарлау саясатына берілген алғашқы
соққы еді. Ол еңбекшілердің Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай
туғызды. Олардың көмегімен үстем таптардың артықшылықтары шектеліп,
қазақтардың ұлттық теңдігі қамтамасыз етілді. Олар Ресей Кеңес Федеративтік
Республикасының тең құқықты азаматы болды.
Шіркеудің мемлекеттен, мектептің шіркеуден ажыратылуы, ерлер мен
әйелдер теңдігі іске асырылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің
1917 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен адамдардың сословиге бөлінуі, олардың
қүқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, сондай-ақ сословиялық мекемелер,
ұйымдар жалпы сословие атауы жойылды.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде басқарудың бірыңғай құрылымы болған
жоқ Кейбір жерлерде Орталықтағы сияқты Халық Комиссарлар Кеңесі, екінші бір
жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссариаттары құрылды.
1918 жылдың күзінен бастап, басқарудағы ала-құлалық жойылып, Кеңес атқару
комитеттері билікті өз қолына топтастыра бастады. Маңызды мәселелер салалық
басқармалардың коллегия мәжілісінде қаралып отырды.
Ауыл-селоларда әлі кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің
нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік
тапшылығынан қорлық көрді. Бай, кулактар белгіленген нарық бойынша
мемлекетке астық тапсырудан бас тартты. Кеңес өкметіне қарсы күштер бас
көтерді. Осының бәрі уездік кеңестерден шұғыл және шешуші шараларды іске
асыруды талап етті. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу, жергілікті
жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Бұл міндеттерді іске асыру
басқарудың коллегиялық әдісін нығайтуды керек етті. Осыған орай көптеген
маңызды мәселелер коллегия мәжілістерінде қаралып шешілді.
Облыстық, уездік, болыстық кеңестердің жер, азық-түлік, шаруашылық,
сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар
іске асырылды. Төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссия,
милиция құрылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б.
бөлімдер ашылды. Заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ
тілінде де жарияланатын болды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар
жұмыс істей бастады. Осындай курс Семей уезінде ұйымдасты. Облыстық
Кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынасты реттейтін комиссиялар құрылды. Олар
Қытайға көшіп кеткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың елге
оралып, жайлы жерлерге орналасуына көмектесті.
РКФСР Халком Кеңесінің 1917 жылғы 22 қарашадағы "Сот туралы" жарлығымен
соттың ескі құрылымы түгелдей қысқартылып, жергілікті жерлерде соттың жаңа
жүйесi пайда болды. Сонымен бірге ескі прокурорлық бақылау мен қылмысты іс
тергеушілер институттары, қорғаушы және жеке адвокатуралар жойылды. 1918
жылы облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттері жанынан сот бөлімдері, ал өлке
орталығында Қазақ өлкелік соты ұйымдасты.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға
дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші
съезінде іске асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу,
Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін
межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы
болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына,
Бөкей ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
Кеңес өкіметі ішкі және сыртқы жаулардан қорғану үшін республиканың
қарулы күштерін құру мәселесіне көп көңіл бөлді. 1918 жылғы 15 қаңтардағы
жұмысшы, шаруа қызыл әскерін құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына сәйкес елде
әскери бөлімдер құрыла бастады. Олар еріктілерден тұрды. Қазақстанда
облыстық, уездік кеңестер жанынан әскери комиссариаттар, әскери бөлімдер,
қызыл штабтар құрылып, жауынгерлерді әскер ісіне үйретумен шұғылданды.
Бірақ еріктілік негізінде құрылған бөлімдерде тәртіп, бір-бірімен
байланыс нашар болды. Олардағы жағдай түзетуді қажет етті. Шет ел
басқыншылығы, ішкі және сыртқы жаулармен күрес әскер бөлімдерін құруда
еріктіліктен бас тартып, әскери міндеттілікті енгізуді, әскер бөлімдерін
темірдей тәртібі бар, соғыс өнеріне жақсы үйретілген күшке айналдыру керек
еді. Солай істелді де, әскер құрамында ұлттық әскерлер құрамалары, оның
ішінде қазақ жастарынан тұратын бөлімдер құрылды. Кеңес өкіметінің
декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді национализациялау іске
асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсіпорындары мемлекет меншігіне
көшті. Кейін ірі кәсіпорындар да, оның ішінде Спасск мыс қорыту зауыты,
Екібастұз көмір өндірісі, Риддер рудниктері мемлекет қарамағына алынды.
Онда еңбек тәртібін нығайту, жұмысшылардың қүқықтарын қорғау мәселесімен
кәсіподақтар кеңінен айналысты. Олар өндіріс пен өнімді бөлуді бақылауға
алды. Жұмыс күні, еңбекақыны реттеу, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын
жақсарту, мұқтаждарына көмек көрсету, әйелдер мен жасөспірімдердің еңбек
құқықтарын қорғау мәселелерімен шұғылданды. Кеңес орындарымен тығыз қарым-
қатынас жасап отырды.
Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік ету
жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай казак-
орыстардың, патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс
аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше
кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан -1918 жылғы жазға дейінгі
кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Қазан төңкерісі
Ақпан революциясы жайлы
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Азамат соғысы
1917 жылғы қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Пәндер