Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі



ККІРІСПЕ 3

1 БЮДЖЕТТІ АТҚАРУДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

1.1 Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі және қазынашылық атқарудың негізгі принциптері 5
1.2 Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары 6
1.3 Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен технологиясы 10

2 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ АТҚАРУ

2.1 Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының жұмысын ұйымдастыру 12
2.2 Қызылорда облысының бюджетінің құрылымын талдау 15

3 БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Бюджетті басқаруды мемлекеттік реттеуді
дамыту 22
3.2 Бюджеттік өкілеттіліктерді орталықсыздандыру мәселелері 25

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

ҚОСЫМША 35

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ККІРІСПЕ 3

1 БЮДЖЕТТІ АТҚАРУДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

1.1Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі және қазынашылық 5
атқарудың негізгі принциптері
1.2Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары 6
1.3Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі процедуралары мен 10
технологиясы

2 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ АТҚАРУ

2.1Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының жұмысын 12
ұйымдастыру
2.2Қызылорда облысының бюджетінің құрылымын талдау 15

3 БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1Бюджетті басқаруды мемлекеттік реттеуді 22
дамыту
3.2Бюджеттік өкілеттіліктерді орталықсыздандыру мәселелері 25

ҚОРЫТЫНДЫ
32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
33

ҚОСЫМША
35

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі – Қазынашылық комитеті мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді. Қазынашылық жүйесінің, оның ішінде, оның ақпараттық
құрылымының үздіксіз, айқын жұмыс істеуіне барлық мемлекеттік сектордың
қызметі тәуелді болғандықтан, Қазақстанда да басқа барлық елдердегідей
қазынашылықтың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ал бұл дегеніміз барлық
мемлекеттік органдар, әлеуметтік саланың мекемелері, зейнетақы мен
жәрдемақыны төлеу және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті – бюджет жүйесінің жұмыс істеу
бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделу және оларды
жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ,
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен
қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік
құрылымы мен жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның
жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек,
осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылығы да айқындала
түседі.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қызылорда облыстық бюджетінің
атқарылуы.
Зерттеу пәні – бюджетті Қазынашылық атқару үдерісі мен оны атқару
барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып
табылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады. Бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың
қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық
нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет жүйесі ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға
негізделген түрлі деңгейлерге бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі
мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жалпы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде
бюджетті атқарудағы Қазынашылықтың рөлі, міндеттері, мақсаттары мен
атқаратын функциялары жайлы айтылады.
Екінші бөлімінде Жергілікті бюджетті,
соның ішінде Қызылорда облыстық бюджетінің 2007 – 2009 жылдардағы
атқарылуына талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімінде қазіргі кездегі Қазақстан бюджетінің
атқарылуын одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік реттеу, бюджеттік
өкілеттіктерді орталықсыздандыру мәселелері сипатталады.

1. БЮДЖЕТТІ АТҚАРУДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

1. Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі және қазынашылық атқарудың
негізгі принциптері

Республикамызда бюджетті қазынашылық атқаруды енгізгенше мемлекеттік
бюджеттің атқаруын Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк іске асыратын. Ұлттық
банктің есеп айыру – кассалық орталықтары бюджет құралдары арқылы
қаржыландырылатын ұйымдарға қызмет көрсететін, ал Қаржы министрлігі Ұлттық
банк ұсынатын ақпараттар негізінде есептілікті қалыптастыратын. Нарықтық
экономикаға өту барысында мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару қажеттілігі
бюджетті атқару жөнінде біріңғай органды құруды талап етеді. Сондықтан,
1994 жылы ҚР Президентінің Жарлығы негізінде республикалық бюджетті атқару
мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру – кассалық қызмет көрсету
мақсаттарымен қазынашылық жүйе құрылды. 1995 жылы облыстар мен аудандарда
оның аумақтық органдары ұйымдастырылды. Сол жылдың соңында Қаржы
министрлігінің құрамында Қазынашылық комитет ұйымдастырылды.
1996 жылы Ұлттық банктің есеп айыру – кассалық орталықтарының базасында
Республикалық Бюджеттік Банк құрылып, сол арқылы республикалық бюджетті
атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айрысу – кассалық қызмет көрсету
толығымен Қазынашылыққа ауысты. Сол жылы Ұлттық банкте республикалық бюджет
үшін Біріңғай қазыналық шот пен екінші деңгейдегі банктерде қазынашылықтың
аумақтық органдарының корреспонденттік шоттары ашылды. Осы шоттар арқылы
қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік операциялар мен
қолма – қол ақша төлеумен байланысты операцияларды жүргізу бойынша өз
өкілдіктерін іске асырады.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған
бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы
министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау – қадағалау
функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет
көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есеп – қисаптық
кассалық – қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты
пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын ведомоство болып табылады.
Қазынашылық іс - әрекеттің негізгі мазмұны қаржы жыл бойы бекітілген
кірістер алу мен қарастырылған шығыстарды іске асыру процестері түсінілетін
бюджетті атқару барысында көрінеді. Осы іс - әрекеттің маңызды құрылымдық
элементі болып, негізінде кассаның бірлестік принципі жатқан, бюджетті
кассалық атқару табылады. Бұл принциптің мағынасы барлық бюджеттік құралдар
Ұлттық банктегі бірыңғай қазынашылық шотқа түсіп, сол шоттан барлық
шығыстар орындалуын тұжырымдайды.
Демек, бюджетті қазынашылық атқару жүйесі сол атқару процесінде пайда
болатын ақша құралдарының кірістік және шығыстық ағымдарын бір шотта
шоғырландыруға мүмкіншілік жасайды.

2. Қазынашылықтың негізгі құқықтары, функциялары, мақсаттары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті сол
министрліктің құрылымы мен құзыреті шегіндегі ведомоство болады және ол
арнайы атқарушы және бақылау – қадағалау функцияларды іске асыруға талап
етіледі. Бұл орган республикалық бюджетті атқаруын күту, мемлекеттік
бюджетті, мемлекеттік мекемелерді есеп айрысу – кассалық күту және
мемлекеттік бюджет құралдарын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы
бақылау бойынша салааралық үйлестіруді атқарады.
Өз іс - әрекетінде Қазынашылық ҚР Конституциясына, ҚР Заңдарына, ҚР
Президентінің Жарлықтарына, ҚР Үкіметінің Өкімдеріне және басқа да
нормативтік – құқықтық актілерге негізделеді. Қазынашылық мемлекеттік
мекеме ұйымдастырушылық – құқықтық формадағы заңды тұлға болады және оның
іс - әрекетін қаржыландыру тек қана республикалық бюджет құралдары арқылы
іске асырылады.
Қазынашылық жұмыскерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын
мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының,
мемлекеттік бактердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар.
Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы
бар. Қазынашылық служаларын қазынашылық төлем операцияларының орындалуын
тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған
жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке
өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынащылық
бюджеттік құжаттарды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы мүмкін.
Қазынашылықтың негізгі мақсаттары:
1. республикалық бюджетті кассалық атқаруды ұйымдастыруын өрістету және
бақылау;
2. мемлекеттік бюджетті есеп айыру – кассалық күтуін өрістету, оның
ішінде ақылы қызмет көрсетуден, депозиттік сомалардан және демеушілік пен
қайырымдылық жәрдемнен түскен құралдар бойынша шоттарды;
3.бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді және қазынашылық
органдар жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту мен жетілдіруге қатынасу;
4.республикалық және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің
құралдарын тиімді және мақсатты пайдалануды бақылауын қамтамасыз ету;
5.қазынашылықтың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің іс - әрекетін
қамтамасыз ету;
Қазынашылық белгіленген тәртіп бойынша келесі функцияларды орындайды:
1.мемлекеттік бюджеттің атқарылуын күту;
2.кезекті қаржы жылғы бюджеттік арнауларға сәйкес республикалық бюджет
шығыстарын қаржыландыру;
3.республикалық бюджеттің қолма – қол ағымдарын болжамдау;
4.мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарының есебін қамтамасыз ету;
5.республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік салықтар
мен төлемдерді бөлуін қамтамасыз ету және оларды әр деңгейдегі бюджеттер
бойынша есепке қосу;
6.мемлекеттік мекемелер тапсырысы бойынша ақша аудару мен олар ұсынатын
құжаттарға бақылауды іске асыру;
7.мемлекет және мемлекеттің кепіліндегі сыртқы заемдарды өтеу мен күтуге
байланысты ақша аударуын іске асыру;
8.екінші деңгейдегі банктер мен лицензиялары бар басқа мекемелер арқылы
мемлекеттік мекемелерді қолма – қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9.республикалық бюджетті атқару жөнінде бухгалтерлік есеп пен есеп беруді
жүргізу мен іске асырудың тәртібін дайындау және жергілікті бюджеттерді
кассалық атқару жөнінде Қаржы министрлік пен жергілікті атқарушы органдарға
ақпарат ұсыну;
10.бағдарламалар, ішкі бағдарламалар мен ерекшеліктер бойынша
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілік – мекемелеріне бөлінген
лимиттері мен өндірілген кассалық шығыстар жөнінде ай сайын ақпарат ұсыну;
11.Ұлттық банктегі Қазынашылықтың тиісті банктік шоттары арқылы
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын тіркеу, жүргізу және
бақылау;
12.халықаралық келісімшарттар, өзара шарттар мен келісімдер дайындауға
қатынасу; банктік салымдар мен құнды қағаздарға орналастыру арқылы кіріс
алу мақсатпен қазынашылықтың шоттары бойынша ағымдағы қалдықтарын басқару;
13.қазынашылықтың аумақтық органдар жұмысының тәжірибесін талдау және
қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, олардың іс - әрекетіне
тексеру, анықталған кемшіліктерін жою жөнінде шаралар қабылдау.
Негізгі мақсаттарын іске асыру мен өзінің функцияларын орындау үшін
қазынашылық заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша келесі құқықтары бар:
Бюджеттік ақша алатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіорындардан
республикалық және жергілікті бюджеттер атқаруын ұйымдастыру үшін қажетті
ақпараттар мен мәліметтер алуға;
Бюджеттік ақша алатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті
болған жағдайларда бухгалтерлік есептілікті сұрауға;
Біріңғай Қазынашылық шот пен Ұлттық және шетел валюталарында банктік
шоттары болуға;
Қазынашылық органдар шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды тиімді орналастыру
арқылы оларға басқаруды іске асыруға;
Мемлекеттік қаржы болжамдарды қалыптастыруға;
Республикалық бюджетті атқару жөнінде есеп беруді және жергілікті
бюджеттерді атқару жөнінде ақпарат жасауға;
Қаржылық есептілікті мемлекеттік мекемелер бұзушылықтарын әшкерелеу
арқылы әкімшіліктік құқықты бұзу жөнінде хаттамалар жасауға және оларды
қарауға қаржылық бақылау органдарына бағыттауға;
Бюджет жүйесінің бухгалтерлік есебі мен есептік және қазынашылық
органдардың ішкі аудиті бойынша басшылықты іске асыруға;
Қазынашылық органдар мамандарын қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыруына
қатынасуға;
Мемлекеттік бюджет құралдары және тек қана соның қатынасы арқылы Ұлттық
және шетел валютасымен банктік операциялардды (оларды атқаруын үшінші
тұлғалар беру құқықсыз) іске асыруға, яғни заңды тұлғалардың банктік
шоттарын ашу мен жүргізу, депозиттер қабылдау, ауыстырмалық операциялар
(заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару бойынша тапсырмаларын орындау),
есеп – қисап операциялар (заңды және жеке тұлғалардың вексельдері мен басқа
борыштық міндеттемелерінің есебі), заемдық операциялар (ақшалай формада
несиелер беру), заңды және жеке тұлғалар тапсырмалары бойынша есептемелерді
және заңнамаларға сәйкес басқа да операцияларды іске асыру.
Қазынашылық рұқсат беру мен кірістерді бірыңғай қазынашылық шотқа
апарудың тәртібі
Қазынашылық беру маңында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
бюджеттік бағдарлама әкімшілігіне белгіленген тәртіппен белгіленген формада
беру болып табылады. Бұл құжатта қабылдауға рұқсат берілетін
міндеттемелер мөлшерін анықтайтын бюджеттік құралдардың көлемі көрсетіледі.
Тиісті құжатты бюджеттік бағдарлама әкімшілік ведомостволық мемлекеттік
мекемеге береді. Бұл рұқсаттар ағымдағы жылдың желтоқсан айының 31
жұлдызына дейін әрекетте болады.
Ұлттық банктің лицензиясы бар және салық төлеушілерге қызмет көрсететін
ұйымдар Ұлттық валютамен қабылданған бюджет түсімдерін Бюджет, Салық
кодекстері мен басқа заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес Бірыңғай
қазынашылық шотқа, ал шетел валютасымен қабылданғандарды Қаржы
министрлігінің валюталық шотына аударады. Мемлекеттік мекемелер бюджет
түсімдерінің ауыстырылуын электрондық төлем құжаттары негізінде Қаржы
министрлігі белгілеген форма немесе заңнамалық актілерге сәйкес белгіленген
басқа форма арқылы іске асырылады. Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен
облыс бюджеттерінен республикалық бюджеттке аударатын бюджеттік ағымдардың
күнделікті сомасын тиісті қаржы жылға республикалық бюджет жөніндегі заңда
бекітілген мөлшері шамасында анықтайды. Жергілікті уәкілетті орган аудан
бюджеттерінен облыс бюджетіне аударатын бюджеттік алымдар сомасын тиісті
қаржы жылға тиісті облыс бюджеті жөніндегі маслихаттың шешімінде
бекітілген сома шамасында жеткізеді және күнделікті бюджеттік алымдар
аудару жөніндегі ақпаратты Қаржы министрлігінің аумақтық органына
тапсырады.
Қаржы министрлігінің аумақтық органы белгілеген тәртіп бойынша тиісті
облыс бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алымдарды аударуға
қаржылық рұқсат береді, ал жергілікті уәкілетті орган аудан бюджетінен
тиісті облыс бюджетіне бюджеттік алымдарды аударуға қаржылық рұқсат береді.
Бұл органдар сонымен бірге бюджеттік алымдардың артық немесе кем төленген
сомалары мен тиісті жергілікті бюджеттің тиісті бақылаулық шоттағы
қалдықтарын анықтайды, күнделікті бюджеттік алымдарды аудару жөніндегі
ақпаратты айқындап, анықтама қалыптастырады және оны тиісті жергілікті
уәкілетті органға жеткізеді.
Барлық бюджеттік операциялар, атап айтқанда, салық және бюджетке түсетін
басқа да түсімдерді есептеу және олардың ай сайынғы қаржыландыру жоспарын
құру, бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға
мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру, мемлекеттік мекемелермен тауарларды
және қызметтерді берушілермен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу,
мемлекеттік мекемелердің шоттарын төлеу, мемлекеттік қаржы жөніндегі есеп
пен есептілікті жүргізу қазынашылық жүйесі арқылы өтеді. Бұдан басқа,
Қазынашылық үкіметтік қарыздарға қызмет көрсетуді және өтеуді, үкіметтік
қарыздарды есепке алу мен олардың мониторингін, үкіметтік борыш пен
жергілікті атқарушы органдардың борышын есепке алу мен олардың мониторингін
жүзеге асырады. Бюджет операцияларымен байланысты барлық ақша ағыны
республиканың Ұлттық Банкінде ашылған Бірыңғай қазынашылық шоты арқылы
өтеді. Түптеп келгенде, қазынашылықтың негізгі фунциясы бюджет ақшасын
басқару, яғни, қабылданған міндеттемелер мен қолда бар ресурстардың
арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қазынашылық жүйесінің, оның ішінде, оның ақпараттық құрылымының үздіксіз,
айқын жұмыс істеуіне барлық мемлекеттік сектордың қызметі тәуелді
болғандықтан, Қазақстанда да басқа барлық елдердегідей қазынашылықтың
дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ал бұл дегеніміз барлық мемлекеттік
органдар, әлеуметтік саланың мекемелері, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу
және т.б.
Бүгінгі күні Қазақстанда Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі
жасалып, республиканың барлық аумағы бойынша жұмыс істейді. Осы жүйені
Дүниежүзілік банктің қолдауымен Оракл және Хьюлетт-Паккард компаниялары
бірлесіп әзірледі және енгізді. Жүйе орталықтандырылған болып табылады және
он-лайн режимінде жұмыс істейді.
2005 жылдың қазан айында Hewlett –Packard компаниясының ТМД елдері бойынша
өкілдігі Әлемдік компьютерлер қорының атынан Қазынашылық комитетіне
Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесін енгізгені үшін медаль мен
The ComputersworldHonors Жаңа жеңімпаздарды іздеу Мемлекеттік және
коммерциялық емес ұйымдар санатында халықаралық бағдарламасының
куәлігімен марапаттады.
Қазіргі кезде Қазынашылық комитетінің алдында қазынашылықты әлі де болса
дамуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылуындағы құқықтық нормативті
актілерді дамыту, Электронды қаржы министрлігі және Электронды үкімет
құрудағы көптеген шараларға ат салыса отырып ақпараттық қазыналық жүйесін
одан әрі жетілдіру міндеттері тұр.

3. Бюджетті қазынашылық атқарудың негізгі проецедуралары мен
технологиясы

Әрекеттегі заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік органдаррдың өздерінің
құзыреттері шамассында іске асырылатын және бекітілген республикалық пен
жергілікті бюджеттерді атқаруға бағытталған жүйелі әрекеттері бюджетті
атқару жөніндегі қаржылық процедуралары болады. Бюджеттерді атқару кассалық
негізде біріңғай шоттар жоспары мен заңнамалық актілерге сәйкес ашылған
бірыңғай қазынашылық шот, мемлекеттік мекеме шоттары мен басқа шоттар
арқылы іске асырылады.
Тапшылықты қаржыландыру бойынша бюджетті атқару бюджет шығыстары
түсімдерінен нақты асырылу сомасын өтеу мен несиелеуді қамтамасыз ететін
шараларды іске асыруды тұжырымдайды. Республикалық бюджет тапшылығын
қаржыландыру көздері ҚР Үкіметі анықтайды.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерді атқару жөніндегі
актілерін бекіткеннен кейін екі апта ішінде Қаржы министрлігі мен
жергілікті уәкілетті органдар қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрады және
бекітеді. Маслихат тиісті қаржы жылдың жергілікті бюджетін бекіткенге дейін
мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары жергілікті
жылдық бюджет жобасының j бөлігі шамасында қалыптасады.
Тиісті қаржы жылға республикалық бюджетті бекіткеннен кейін бес жұмыс
күні ішінде облыстар, Астана мен алматы қалаларының жергілікті атқарушы
органдары Қаржы министрлікке республикалық бюджеттен бұрын берілген
несиелер қайтару сомаларын тапсырады.
Облыстар бюджеттерін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аудандардың
жергілікті уәкілетті органдары облыстардың уәкілетті органдарына облыс
бюджеттерінен аудан бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер сомаларының
ай сайынғы бөлу сомаларын тапсырады.
Қаржы министрлігі мен облыстар, Астана мен алматы қалалары жергілікті
атқарушы органдары тиісті бюджеттерді бекіткеннен кейін жеті жұмыс күні
ішінде осы облыстар мен қалалардың жергілікті уәкілетті органдарына
республикалық бюджет жөніндегі заңда және маслихаттар шешімінде бекітілген
көлемі шамасында бюджеттік алымдар сомаларының ай сайынғы бөлу сомаларын
ұсынады.
Қол қойылып, мөрмен расталғанқаржыландырудың жиынтық жоспарларын
шығыстардың ведомостволық және экономикалық жіктеуі бойынша Қаржы
министрлігі мен жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар
әкімшіліктеріне, ал олар ведомостволық мемлекеттік мекемелеріне береді.
Жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарының
бір данасын жергілікті уәкілетті орган оны бекіткеннен кейін екі жұмыс күні
ішінде қазынашылықтың аумақтық органына ұсынады. Бұл құжатты уақытында
тапсыруына жауапкершілікті болатын тиісті уәкілетті орган басшысы.
Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бектікеннен кейін
бес жұмыс күні ішінде сол мекеменің міндеттемелері мен төлемдерін
қаржыландыру жоспарын бекітілген, қол қойылған, мөрмен расталған түрде
қазынашылықтың аумақтық органына тапсырады. Заңнамаларға сәйкес бұл құжатты
уақытында тапсырмағаны үшін жауапкершілік тиісті мемлекеттік мекеменің
басшысына жүктеледі.
Республикалық бюджет және жергілікті бюджеттерді тиісті қаржы жылы
анықтау мен атқару прцесі барысында оларды қаржыландырудың жиынтық
жоспарына өзгерістер енгізу ҚР заңдарының, Президент жарлықтарының,
жергілікті өкімдік және атқарушы органдар актілерінің және тағы басқа
тиісті қаржы жылы қабылданған және сол жыылғы бюджеттерге қатынасы бар
нормативтік құқықтық актілердің негізінде іске асырылады.
Қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуде келесі шарттарды
сақтау қажет:
1. тиісті қаржы жылғы өткен айлары үшін қаржыландырудың жиынтық жоспары,
рұқсат ету мен кассалық шығындар сомаларына өзгерістер жібермеу;
2. әрбір ай мен жалпы жыл бойы түсімдердің шығыстардан арттыруын немесе
теңдігін сақтау;
3. жоспарлы арнаулар, рұқсат ету мен кассалық шығындар сомалары арасындағы
сәйкестікті сақтау;
4. қабылданған, бірақ та орындалмаған міндеттерді есептеу;
5. тындырымды құжаттарды есептеу.
Республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшіліктері рұқсат ету берілген бірақ та пайдаланбаған
қалдықтарды қайта үйлестіру бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің анықтамасы
негізінде мемлекеттік мекемелерге олардың бюджет құралдарын мақсатты
пайдаланбаған үшін қолданылатын санкциялар есебімен жүзеге асырылады.
Экономикалық жіктеудің ерекшеліктері бойынша жоспарлық арнаулар мен рұқсат
етулерді кішірейту жоспар мен қабылданған міндеттемелер сомаларының
арасындағы айырмашылық шамасында істелуі мүмкін. Экономикалық жіктеудің
тиісті ерекшеліктері бойынша жоспарлық арнауларды ұлғайту оларды басқа
ерекшеліктер бойынша кішірейту арқылы бюджеттік бағдарламаның жылдық сомасы
шамасында іске асыруы мүмкін.
Егер де ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджет жөніндегі заңға
немесе жергілікті бюджет жөніндегі жергілікті өкілдік органның
шешімінеөзгерістер енгізу ы бір бюджеттік бағдарламадан басқа бюджеттік
бағдарламаға ауыстыруыбюджеттік арнауларды, рұқсат ету мен солар арқылы
істелген кассалық шығындардн талап етсе, онда мемлекеттік мекеменің
сұранымы бойынша белгіленген заңнамалық тәртіппен келісімшарттардың қайта
тіркеуі жүргізіледі.
2. БЮДЖЕТТІ АТҚАРУДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

2.1 Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының жұмысын
ұйымдастыру

Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Қазынашылық комитетінің бірыңғай жүйесіне енетін, мемлекеттік
бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және республикалық бюджеттің және
жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша операцияларының есебі жөніндегі
арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып
табылады.
Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР президенті мен Үкіметінің
Қаулыларын, ҚР Қаржы министрлігінің, Қазынашылық Комитетінің бұйрықтарын
(өкімдерін) және өзге де нормативтік хұқықтық актілерді басшылыққа алады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-хұқықтық нысандағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,
белгіленген үлгідегі бланкалары. Сондай – ақ, заңнамаға сәйкес ұлттық
валютада және шетел валютасында банктерде шоттары болады.
Басқарма өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды
бюджеттердің деңгейлері бойынша бөлу, жергілікті бюджеттердің шоттарын
жүргізу, жергілікті бюджеттер арқылы ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
шоттары бойынша, олар үшін аударым операциялары.
Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге
асырылады.Басқармаға оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау
мақсатында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым
салынады. Егер басқармаға заңдылық актілер мен кірістер әкелетін қызметті
жүзеге асыру хұқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер
республикалық бюджеттің кірісіне жіберілді.
Басқарманы қазынашылық комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша ҚР Қаржы
министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бастық басқарады,
оның үш орынбасары болады. Басқарма Бастығы Басқарманың жұмысын
ұйымдастырады және басшылық жасайды. Басқармаға жүктелген міндеттердің
орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап
береді.Басқарма қабылдайтын шешімдер Бастықтың немесе оның міндеттерін
атқарушы тұлғаның бұйырығымен рәсімделеді. Басқарма бастығының
орынбасарлары Бастық анықтаған өздерінің міндеттері мен өкілеттіктері
шегінде нормативтік сипаты жоқ құжаттарға немесе материалдарға қол
қояды.Басқарманың консультативтік-кеңестік органы болып табылатын Алқасы
болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Қазынашылық комитетінің Төрағасы бекітеді.
Басқарманың Алқасы өзінің отырысында жұмыс әдістерін жетілдіру,
мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуын жақсарту, тиімділігі және
бақылау, қабылданған шешімдерді орындау мәселелерін қарайды, Басқарма
бөлімдері, Қазынашылықтың аудандық және қалалық бөлімдері бастықтарының
жұмыстары туралы есептерді, сондай-ақ алқалық қарауды және шешім қабылдауды
қажет ететін басқа да мәселелерді тыңдайды.
Алқаның шешімдері Басқарма бастығының бұйрығымен рәсімделеді. Алқа
мүшелерінің арасындағы дауыс тең болған жағдайда шешімді. Алқа төрағасы
қабылдайды.
Басқарма жұмысын тексеруді бағынысты тәртіппен жоғары тұрған орган екі
жылда бір реттен жиі емес кезеңдікпен Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүзеге асырады.
Облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы
облыс әкiмдігінiң жылдық есебiн облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы
мәслихаттың тексеру комиссиясының есебiн алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде
мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2. Есептi қараған кезде мәслихат:
облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның
(адамдардың) баяндамасын;
облыстық бюджеттiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың
тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын;
облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса
мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамаларын тыңдайды.
Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы
есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты
комиссияларында қаралғаннан кейiн, мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
4. Есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық
есептi бекiткен кезде мәслихат жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi
бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет
екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы
бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындарын жергілікті атқарушы
органдардың заңды түрде бекітілген, тұрақты сипаттағы функцияларының
негізінде анықтау қажет. Қазақстан үшін бюджетаралық қатынастарды орнатудың
келесі қағидасы тиімді болар еді, яғни бюджеттік алып қоюлар мен
субвенциялардың көлемін жергілікті бюджеттің түсімдері мен ағымдық және
инвестициялық шығындардың арақатынасы ретінде анықтауды ұсынамыз.
Жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуын бағалау, есептілік
жүргізу, мемлекеттің байланысты гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік
берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстар мен
көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің ҚР заңдарына сәйкестігін тексеруде
мемлекеттік қаржылық бақылау функциясы қолданылады. Жергілікті бюджеттің
атқарылуындағы сыртқы бақылауды облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы
жүргізеді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі функциялары: ауытқуларды
анықтау, ауытқу себептерін талдау, бақылау объектісінің қызметін түзету,
көмек көрсету және құқық қорғау (1-сурет).

1 сурет – Аймақтық қаржылық бақылау функциялары

Аймақтардың қаржылық мүмкіндігін кеңейту, олардың қаржы саласындағы
дербестіктерін арттыру жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін
арттырудағы ең басты мәселе. Сондықтан да жоғары тұрған бюджеттен төменгі
бюджетке трансферттер, субсидиялар бөлу унитарлы және федеративті
мемлекеттерде кеңінен таралған. Яғни қаржылық ағындар процесі бюджетаралық
қатынастар негізін құрайды. Ал бюджетаралық қатынастардың қамтамасыз етілуі
үшін мынадай жағдайлардың орындалуы міндетті деп ойлаймыз:
– бюджет мәселесінде жалпы мемлекеттік мүдде мен халық мүддесінің
бірлігі;
– бюджет-салықтық өкілеттіліктерді ажыратуда, шығындар мен табыстарды,
сонымен бірге, табыстарды бөлу және қайта бөлуде орталықтандыру және
орталықсыздандыру қағидаларының ұштастырылуы;
– бюджеттер дербестігінің жоғары деңгейлілігі және әрбір басқару
органдарының бюджеттерінің теңестірілуін қамтамасыз етуге жауапты болуы;
– мемлекеттің бюджет-салық саясатын жүзеге асыруға аумақтық басқару
органдарының белсенді қатысуы.
Аймақтар экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайларымен бір-
бірінен ерекшеленеді. Осы факторларды есепке ала отырып аймақтық минималды
бюджеттік қамсыздандырылуының нормативі жасалып шығарылуы керек. Мұнсыз
облыстардың бюджеттік шығындарын анықтау мүмкін емес. Аталған нормативтер
аймақтың бюджеттік қамсыздандырылуын есептеуге және бюджетаралық
қатынастарды реттейтін механизмді жасап шығаруға мүмкіндік береді. Соның
ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер (субвенциялы,
субсидиялар, мақсатты трансферттер) жайындағы сұрақтар шешіледі.
Трансферттер тұрақты әрі мақсатты болуы тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерді
қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен анықтылығын күшейте
түседі.

2.2 Қызылорда облысының бюджетінің құрылымын талдау

Нарықтық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдарының қызмет ету
саласы кеңейе түседі, сондықтан олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық,
демографиялық мазмұндағы мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет ете алады.
Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын,
мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруды, бюджеттік
сала құрылымын қайта құру, аумақтың экономикалық өркендеуі үшін
қолайлы шарттар қалыптастыру сияқты аса маңызды міндеттерді жүзеге асыру
жүктеледі. Ал ол міндеттердің табысты орындалуы жергілікті бюджеттің
құрылымына тікелей тәуелді болып табылады.
Еліміздегі мемлекеттік бюджет түсімдерінің 90-95% салықтар үлесіне тиеді.
Сондықтан қазіргі кездегі салық жүйесінің тиімді жұмыс істеуі әр түрлі
деңгейлерде бюджеттерді фискалды-қайта бөлу қызметімен қамтамасыз етумен,
өндірістік қызметті ынталандырумен және салық салу базасының артуымен
байланысты міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Салықтық жүйені құрудағы
маңызды қағида орталық бюджет пен елдің мемлекеттік құрылымы типіне сәйкес
басқа деңгейлердегі бюджеттер кірістерін анық бөліп көрсету.
Қызылорда облысының бюджеті – араларындағы өзара өтілетін операцияларды
есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат негізінде
пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Қызылорда облысының бюджет түсімдерін болжау аймақтың орта мерзімді
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жүзеге асырылады.
Облыстың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш
жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік
субвенциялардың, аудандық бюджеттерден алынатын бюджеттік алып қоюлардың
көлемдерін және облыстық бюджет пен аудан (қала) бюджетінің арасында
кірістерді бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес
облыстық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін айқындайды және оларды
облыстың бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
Қызылорда облысының бюджеті 7 аудандық (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш,
Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) және 1 қалалық бюджеттен және облыстық
бюджеттен құралады. Облыс бюджетінің аудандық және облыстық бюджеттермен
қатынасы ҚР Бюджет Кодексінің 2-бөлімдегі ережелер бойынша бюджетаралық
қатынастар арқылы реттеледі. Жергілікті бюджеттердің құрылымын қарастырар
болсақ, республикалық бюджет құрылымымен бірдей.
Қызылорда облысындағы жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен орындалуын
талдау нәтижесі мемлекеттік функцияларды толық көлемде орындау, бюджеттік
шығыстардың тиімділігін арттыру, экономикалық өсудің тұрақты қарқынын
қолдауға жәрдемдесу, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз
ететін теңгерімді бюджетті қалыптастыру қажет екендігін айқындап отыр.
Осыған орай, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық
түсуін қамтамасыз ету және салық салу базасын кеңейтуге жағдайлар жасау
қажет деп санаймыз. Ол үшін келесідей іс-шаралар жүргізілуі керек деп
есептейміз:
- бюджеттің әр деңгейі үшін белгіленетін түсімдердің тұрақты бөлінуі
мен олардың шығыстарының бағыттары анықталып, жүзеге асырылатын әртүрлі
деңгейдегі дербес бюджеттер бекітіліп, атқарылуы тиіс;
- бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 2008-2009 жылдары облыстық
бюджет пен аудандық (қалалық) бюджеттері арасында бөлінетін түсімдер
бойынша нормативтері Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы жаңа Заңына сәйкес белгіленетін
болады;
- бюджеттік инвестицияларды мемлекет активі құнын көбейтуден, адам
ресурстарын дамытудан, табиғат ресурстарын қайта жаңғыртудан экономикалық
пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық нәтижеге жетуге
бағыттау;бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олардың бюджеттік
бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарын толық әрі
уақытылы игеруі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстік процедураларды
ұйымдастыру және сапалы өткізуі бойынша пәрменді шаралар қабылдау;
- жыл сайын даму бюджетіндегі негізгі қаржы ресурстарын басым бағытты
салаларға (білім беру, денсаулық сақтау, ауыз су, әлеуметтік реформаны одан
әрі тереңдету және тұрғын үй құрылысы) бағыттау;
- бәсекеге қабілетті жергілікті тауар өндірушілерге салықтық салмақты
төмендету мен экономикалық көрсеткіштердің өсуін ынталандыруды қамтамасыз
ете алатын резервтерді анықтауға ықпал ету;
- несиелік қорларды экономика дамуының басым бағдарламаларына, бірінші
кезекте болашақта салық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін нақты секторға
бағыттау;
- бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы, салық мәдениетін
қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру жолымен бюджетке салық
түсімдерінің өсуін қамтамасыз ету.
Алдағы үш жылға арналған бюджет қабылданды.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXII сессиясында 2010 – 2012 жылдарға
арналған облыстық бюджет туралы мәселелер қаралған. Алғаш рет қабылдауға
ұсынылған үшжылдық бюджет туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау
басқармасының бастығы Балжан Шәменова хабарлама жасады. Алдағы 2010 – 2012
жылдарға арналған облыстың бас қаржы құжатының 2010 жылғы кірістері
56015098 мың теңге, шығындары 56078298 теңге болып бекітілді. Жалпы
алғанда, бұл жолғы бюджеттің әлеуметтік сипаты басым. Нақтырақ айтқанда,
денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау салаларын
жеткілікті қаржыландыру бірінші кезекте тұр.
Алдағы жылы аймақта Дүнижүзілік Банктің орман шаруашылығын дамыту
бағытындағы бағдарламасы жүзеге асады. Осыған орай орман және жануар
дүниесін қорғау басқармасының материалдық – техникалық базасын жақсарту
мақсаты айқындалды. Ол үшін 70 млн.теңге қаражат бөлінді. Әзірге бар күш
Елбасының 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы бойынша аймақта құрылысы
жүріп жатқан 5 медициналық нысанаға жұмылдырылды.
Сонымен алғаш рет қабылданып отырған үшжылдық бюджет ең алдымен
әлеуметтік саланың мәселелерін шешуге ерекше екпін түсіріп отыр. Облыс
жұртшылығының тұрмыс – тіршілігін жақсарту жолындағы салмақты тұжырымдарға
ден қойылған. Халық қалаулары тарапынан беріліп, бірақ ескерілмей қалған
ұсыныстардың кезек күрттірмейтіндері бюджетке толықтырулар мен өзгерістер
енгізген тұста қайта қаралатын болады.

1 кесте - Қызылорда облысы бюджетінің 2007 – 2009 жылдардағы атқарылуы
мың теңге
Көрсеткішт2007 2008 2009
ер
жоспарыатқарылатқарыл
уы у %-ы
салықтық түсімдер 31.3 24.5 29.9
салықтық емес түсімдер 0.5 0.4 0.9
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1.9 0.9 0.7
ресми трансферттер 66.1 74.0 68.3
Жалпы 100 100 100

2007-2009 жылдары аралығындағы бюджеттік кірістің
атқарылуының үлес салмағы 100% құрады. 2007 жылдың салықтық түсімдері 31,3
% құраса, бұл 2008 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8 % жоғары. Ал 2008
жылғы көрсеткіштер бойынша 25,4 % 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,4
% артқан болатын, яғни 2009 жылғы көрсеткіш 29,9 % құрады. Салықтық емес
түсімдер 2007 жылы 0,5 % болса, 2008 жылы ол 0,1 % төмендеген, ал 2009
жылды өткен жылмен салыстырғанда 0,5 % артқан, яғни 2009 жылдың салықтық
емес түсімдері 0,9 % құрады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің
үлес салмағы 2007 жылы 1,9 % деңгейінде болса, ол 2008 жылы 1 % дейін
төмендеп кеткен, ал 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 0,2 % тағы да
төмендеген. Ресми трансферттер 2007 жылы 66,1 % болса, ол 2008 жылы 7,9 %
дейін өскен, яғни 74,0 % болды, бұл көрсеткішті 2009 жылмен салыстырғанда
5,7 % қысқарған, яғни 2009 жылы ресми трансферттің үлес салмағы 68,3 %
құраған.
Осы көрсеткіштер бойынша жылпы бюджет кірістерінің салықтық
түсімдер бойынша ең көп түскен түсім 2007 жылы (31.3 %) болды. Ал салықтық
емес түсімдер 2009 жылы 0.9%, яғни үш жылдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш
болып саналады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің ең көп түсім
көлемі 2007 жылы (1.9 %) болды. Осы 2007, 2008, 2009 жылдар аралығындағы
Қызылорда облысының бюджетіне келіп түсетін түсімдердің басым бөлігін ресми
трансферттер құрады. Оның ең жоғарғы түсімі 2008 жылы 74,0 % құрады.
3 кесте – Қызылорда облысы бюджетінің шығындарының үлес салмағы (%)

Шығындар 2007 2008 2009
Жалпы сипаттағы 3,8 3,6 2,4
мемлекеттiк
қызметтер
Қорғаныс 2,2 3,3 8,1
Қоғамдық тәртіп, 3,3 2,4 2,5
қауіпсіздік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетті бағдарламаларды бағалау рәсімдері
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы бюджет саясатында қазынашылықтың атқаратын ролі
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы
Қазынашылық жүйе
Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары
Пәндер