Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4


1 Қ.Р. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР: ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.16

1.1 Коммерциялық банктер және олардың несиелік қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
1.2 Тұтыну несиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.16


2 « KASPI BANK » АҚ.НЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕРДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.27

2.1 « Kaspi bank » АҚ.ның қызмет етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.21
2.2 « Kaspi bank » АҚ.ның несиелеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.27

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіҚорқыт Ата атындағы
Қызылорда Мемлекеттік университеті

Қаржы кафедрасы

Ақша, несие, банктер пәні бойынша

Тақырыбы: Kaspi bank АҚ-ның жеке тұлғаларын несиелендіру.

Орындаған: Фин 08-3 оқу тобының студенті: Құлмағанбетова А.
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Ажмухамедова А.А.

Қорғауға жіберілді: _____________2009жыл.
Қорғалды: _______________2009жыл

Қызылорда, 2009 жыл
Хаттама №

__________ ________________
____________
күні аты, жөні
оқу тобы

Тақырыбы:__________________________ _______________________________

___________________________________ ______________________

Ғылыми жетекшісі__________________________ ______

Комиссия құрамы: 1.__________________________

2.__________________________

3.__________________________

Сұрақтары:___________________________________ ______________________

___________________________________ ______________________

___________________________________ ______________________

Жауабы:___________________________________ ________________________

___________________________________ ________________________

___________________________________ ________________________

Бағасы:_________________

Комиссия мүшелерінің құрамы: 1.___________________

2.___________________

3.___________________

Қызылорда, 2009ж.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Қ.Р. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР: ТЕОРИЯЛЫҚ

АСПЕКТІЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -16

1.1 Коммерциялық банктер және олардың несиелік қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
1.2 Тұтыну
несиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .11-16

2 KASPI BANK АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕРДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 17-27

2.1 Kaspi bank АҚ-ның қызмет
етуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-21
2.2 Kaspi bank АҚ-ның несиелеуді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-27

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...29
.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасының коммерциялық
банктерінің бірі – Каспий банкі АҚ – ның жеке тұлғаларды несиелендіру
механизмінің маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – Каспий банкі АҚ – ның құрылу
тарихы мен жеке тұлғаларды несиелеу механізмі туралы жалпы мағлұмат алу.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім, сондай-ақ
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімінде, коммерциялық банктердің мәні мен мақсаты, оның
несиелеу қызметіне жалпы сипаттама беріледі.
Сондай-ақ осы бөлімде, халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін
қанағаттандырудың құралы болып табылатын тұтыну несиесі туралы айтылады.
Екінші бөлімде, Каспий банкі АҚ – ның шығу тарихы, оның эмиссиясы
және басқару құрылымы туралы айтылады.
Осы бөлімде, Каспий банкі АҚ – ның жеке тұлғаларды несиелендіру
механизміне жалпы сипаттама беріледі.
Коммерциялық банктер несие беру жүйесінің негізгі буыны ретінде
сипатталады. Бұл банктердің негізгі несие орталығы ретінде несие берудің
мол мүмкіндіктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық
банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді.
Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті іскерлік
банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде айрықша
орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып,
шаруашылықтар бүкіл экономикаға қызмет көрсетуге отырып, шаруашылықтарға,
кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым
жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.
Нарық сәскесі жағдайында әрбір банк өзінің басымдылықтарын айқындайды,
өзіне несие жүйесінің негізгі буыны ретінде бекітеді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі
авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар
беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызды деректер, статистикалық
көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
Курстық жұмыстың мәліметтік негізін статистика және талдау комитеті
деректері құрайды.
Әлемдік валюта-несиелік және қаржылық қарым-қатынас нарықтың
шаруашылықтың күрделі сферасы. Онда ұлттық және әлемдік экономиканың
проблемалары қамтылады. Шаруашылық байланыстарының интернационализация
барысында әлемдік тауарлар ағыны, қызметтер және, әсіресе, капитал мен
несиелер жоғарылаған.
Дамушы елдерге несиелер мен субсидиялардың класификациясы;
І.Ресми қаржылық даму
1.Дамуға ресми (екіжақты және көпжақты дамуды қоса) жәрдем.
2.Екіжақты және көпжақты дамуды қоса, басқа да ресми қаржылық даму.
ІІ. Экспорттық несиелер.
ІІІ.Жеке несиелер мен субсидиялар.
1.Халықаралық банктік несиелендіру.
2.Бағалы қағаздар эмиссиясы.
3.Үкіметтік емес кәсіпорындардың өтеусіз субсидиялары.

- 4 -
1 Қ.Р. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

1.1 Коммерциялық банктер және олардың несиелік қызметін
ұйымдастыру.

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда банктер деген жалпы
атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен
қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әралуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші операциялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-
соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін
қабілетінің барлығы көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс табады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкін береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта керек. Яғни,
операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан
айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып
табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ
талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау
мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра
отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің
жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту
мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз,
себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз
жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің несиелік және депозиттік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктердің өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі-базалық қызметі – экономиканы және
халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында
банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік
операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер,
керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде
болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны
болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші
қызмет – бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит
формасында.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше
несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің
несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей
банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық
субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға
трансформацияланатын жанама несиелендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз
алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы
- 6 -
шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де
және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа
банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де қарыз алушы да шаруашылық
субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында
несие береді, бұл мәміле векселмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие
берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат – вексельді береді.
Одан әрі несие беруші осы векселдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп
банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге
түрлендіріледі.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша
жіктеуге болады: мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (1, жылға дейін), орта
мерзім (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5жыдан жоғары); қамтамасыз
ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге
негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген;
банктің роліне байланысты (несие беруші немесе қарыз алушы) – активтік және
пассивтік қарыздық операциялар (активтік – бұл клиентті және басқа
банктерді несиелеу; пассивтік – Орталық банктен және басқа коммерциялық
банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру мақсатына байланысты –
негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық
мақсаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз
алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, ашу
шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша
қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік
кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы
органдарына және т.б.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-
қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп
бөлуге болады. Несиенің мұндай жіктелуінің негізінде формаларды белгілер
жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық әдебиетінде несиенің
және несиелік операциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара
қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттары
коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір сәтіне
байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің
қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер –
несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын
қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық
саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде
іріленген объект құрамын және несиелердің жекелеген объектілер,
- 7 -
несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз
қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет
ететін басқа шаралар және де несиелік келісім шартты сақтандыру
жақтары бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы.
Келісімшарттың қаншалықты сауатты және негізгі құрылуы көбіне банктің
клиентке әсеріне байланысты.
Несиелік келісімшартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер
несиенің пайдалануы бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді
жүргізуге, несиелік келісімшартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер
етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі
қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші ие екені сөзсіз. Бұл принциптерсіз
несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің
қарыздары қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға беретін
қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір
жағдайларда және күні бүгінде осы жайт қайталануда. Бірақ, республикада
жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория
ретінде несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге
бағытталған. Қазір қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда.
Сондай-ақ, әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс
деп болжамдаланылады.
Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты
мүмкіндігін ескермейді. Қазіргі кезде клиенттің өтінішінше, оның өзінің
міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономиалық аппараттың жаңа қатынасын
оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық
ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға
бетбұрыс жасауын талап етеді.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамсыз ету банк активтерінің сақталуы мен
табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Несиенің қамтамсыз етудің негізгі
түрлеріне төмендегілер жатады:
- кепілге алу – тапсырма бір жақты міндеттемелі келісімшарт. Бұл
жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беруі
туралы банк алдындағы міндеттемесі;
- кепілдік – кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін
орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік
міндеттемесі;
- бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу.
Кепіл құқығы –қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның
кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір
бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы
мүліктер) толығымен иемдену құқы;
- жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз
етуге негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер
- 8 -
учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізі болып
табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие алады.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды
қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып,
әрбір, несиелендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың
дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны
көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай
қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы – қарыз беру әр
уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық
шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде
жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен
беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.
Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта
бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен
төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік
сальдо ғана болады.
Контокорренттік шоттардан берілетін несие контокоррентік несие деп
аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін қолма-қол
ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері
сақтала отырып, келісімшарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот
бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді.
Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және
т.б. жатады. Бұл несие біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы
уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты
пайдаланады.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті
айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік
желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген
оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын
толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын
жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі
капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімді қарыздар,
мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық
лизингтер.
Несиелік желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып, берілген уақыт
аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің
максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт.
Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті
- 9 -
жағдайда көлемі алдын-ала белгіленген қарызды банктен алуға келісімшарт
жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Несиелік желінің мынадай түрлері болады:
Маусымдық – өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым
құралдырының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жаңармалы – айналым құралдырының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты
қарыз алушыға берілетін несие.
Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым
құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін
беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар – айналым
құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде
несиелер ай сайын, немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар – ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сауып
алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін
беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен
қолданылады.
Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар – өндіріс ғимараттарын,
зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу, немесе қаржыландыру
үшін қолданылады. Олар 15 жылға, немесе одан жоғары мерзімге есептеп, ай
сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бұл несиелер
біздің елімізде толық дамыған.
Құрылыстық қарыздар – ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне
арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады,
сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.
Лизинг – қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру
үшін қолданылады, мысалы: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б.
Лизингті келісімде көрсетілгендей, жалдаушы жабдық несиесі ай сайынғы
соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін алады.
Елімізде бұл несие де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ.
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін
береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар
және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелер жаңармалы
несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін
несиелер жатады.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар – құрылыс мерзімі екі жылдай
көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл
несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.
Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар – ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын
сатып алу үшін берілетін тұтыну несиесі.

- 10 -

1.2 Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін
қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал, несие берушіге несие
мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар
жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі
пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды,
сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие
берудің оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу
несиеленетін операцияларға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие
мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түркілікті тұтынушының несиелеуін
мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы
заңдар қолданылады, алайда олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама
біріктіріледі: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерде
есеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін)
экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдылыққа ие болды:
- ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
- тұрғын үй құрылысының несиесі.
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие
жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы
әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.
Тұрғын үй ұрылысының несиесін несие мекемелері тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен,
сондай-ақ, бөліп-бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты
несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде
құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу
процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай
қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін
беру жүзеге асырылды. Мәселен, несиелер мыналарға:
- құрылысқа және бау учаскелерін көріктендеруге;
- ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға аралған үйлердің құрылысына,
оларды сатып алу мен жөндеуге;
- мал төлдерін сатып алуға және асырауға беріледі;
- 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа аса қажетті
тұтыну несиелерін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды
тұлғаларды несиелеуде қолданылатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы,
- 11-
несие мерзімі, несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және
қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.
Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз
алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Банктері тұтыну ссудасының екі түрін ұсынады:
- ағымдағы мақсаттарға арналған несие;
- капиталдық сипаттағы шығынға берілетін несие.
Кезек түттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие) Халық
банк дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде зейнеткерлерге де),
олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы береді.
Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда осы несие бойынша мерзімі өткен
берешектердің мөлшері күрт артып кетті. Оған мыналар себеп болды:
- жұмыссыздықтың өсуі;
- ай сайынғы төлемдердің артуы;
- кәсіпорын бухгалтерлерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді
аударудан бас тартуы.
Бұл өз кезегінде аталмыш ссуданы банктердің беруін шектейді.
Кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиені коммерциялық банктер
де біртіндеп бере бастады. Бұл өз несие ресурстарын қалыптастыру үшін жеке
салымшылардың қаражатын тартудың негізгі тәсілі болып табылады.
Кейбір коммерциялық банктер өз акционерлеріне банк акциясымен және
өзге де құнды қағаздармен қамтамасыз етілген несиені ұсынатын болды.
Несиенің мөлшері несие келісімшартының әрекет етуі және несиелеу мерзімі
басталған сәттегі өз иесінің қолындағы акцияның құнына қарай белгіленеді.
Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық құнының 85%- ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі – капиталдық шығындарға арналған несие
(ұзақ мерзімді) – кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиеден
айырмашылығы – халықтан оны қалай пайдаланатыны жөнінде есеп беруді және
банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
Азаматтардың құрылыс салуына және тұрғын үй сатып алуына көмек
көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
- алдағы тұрғын үй құрылысына жерді сатып алуға және жайғастыруға
арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер;
- тұрғын үй құрылысына яғни, құрылыс жұмыстарын тікелей қаржыландыруға
арналған қысқа мерзімді несие;
- тұрғын үй алуға арналаған ұзақ мерзімді несие.
Тұрғын үй проблемасын шешуде халыққа көрсетілетін қаржылық
несиелік қолдау азаматтардың өз қаражаттарымен, сондай-ақ, құрылыс салуға
немесе тұрғын үй сатып алуға демеу-қаржыны өтеусіз берудің негізінде жүзеге
асырылады.
- 12 -
Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға белгіленген тәртіпте жер
учаскесін бөліп беру және тиісті органдардың тұрғын үй құрылысына рұқсат
ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл жөніндегі тиісті құжаттарды қарыз
Оған қосы, банкке белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген
сметалық жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қабілетін анықтауға
қажетті құжаттар (жұмыс орнынан берілетін анықтама), сонымен бірге,
қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс.
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретінде жылжымайтын
мүлік кепілзатының келісімшартын, бір немесе одан да азаматтардың,
сақтандыру компаниясының және өзге де заңды тұлғалардың кепілгерлігін
ұсынуға болады.
Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға өз
жұмыскерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуда олардың алған үй несиесінің
өтелуіне кепілдік беру арқылы жәрдемдесуіне және несиені өздерінің
(кәсіпорындар мен ұйымдардың) қаражат есебінен бөлектеп немесе толық
өтелуіне рұқсат етілген.
Кепілге салынатын затқа мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арналған жер
учаскесі немесе осы учаскеге өзге де мүліктік құқықтар;
- дайын тұрғын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзге де мүлік түрлері
мен кепілзат ретінде пайдалануға болатын, ҚР-ның қолданыстағы заңына сәйкес
келетін құқық.
Кепілге салынған мүлікті кепілзат беруші одан айырылып қалмай үшін
сақтандыра алады.
Негізгі қарыздың сомасы және ссуда бойынша процент толық өтелмейінше
қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға сатуына немесе оның
мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша келісімінсіз құқығы болмайды.
Банк тұрғын үй несиесін несиелеудің, атап айтқанда, мақсатты
пайдалануы, қамтамасыз етілуі, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылылығы
секілді негізгі принциптерін сақтай отырып береді.
Құрылыс салу үшін тұрғын үй сатып алу үшін алынған ссуданың өз
мақсатында пайдаланылмаған анықталған жағдайда банк берілген несиені
мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы болады, ал, қарыз алушы несиені
қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған мүліктен немесе
кепілгерден өндіріп алады.
Тұрғын үй несиесі туралы ережеге сәйкес банк беретін несиені сомасы
жерді алудың және жайғастырудың құнына, құрылыстың (реконструкция) немесе
сатып алынған тұрғын үй құнының 70%-інен аспауы керек.
Несиеленетін объектінің қалған бөлігіне (30%-тен төмен болмайтын
мөлшерде) қарыз алушы өз қаражатымен қатысады. Осы сәт пен тұрғын үй
несиесінің өзге де нақты шарттары (мерзімі, мөлшерлемесі және т.б.) қарыз
алушы мен банк арасында бекітілетін несие келісімшартында айтылуы тиіс.
- 13 -
Банк кезеңдерді кейін инспекциялаумен құрылыс графигіне сәйкес кезең
сайын аванс беру арқылы жұмысты қаржыландыра алады.
Тұрғын үй проблемасын шешу заңды тұлғалар шығаратын облигацияның
айрықша түрі болып табылатын және азаматтардың ақшалай қаражатын тарту
мақсатында тапсырыс берушінің тұрғын үй құрылысын жүргізуге құқығы барын
білдіретін тұрғын үй сертификаттарының айналымға енуіне себепкер болады.
Тұрғын үй сертификаты эмитент анықтайтын шарттармен оның несие өз
меншігіне пәтер сатып алуына құқық береді. Оны сатып алу ұзақ уақытқа
созылатындықтан бұл жағдайда тұрғын үй сертификатын тұтыну несиесінің
өзінше өзгешелігі болатын формасын ретінде бағалауға болады.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда
кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға кейін
өзгеретін болса да қайта есептелмейді).
Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар
және т.б. секілді ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы
жарнасы, сондай-ақ, оны бөлектеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың
құнына қарай анықталады.
Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық
еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден
осы тауар құнының ең аз дегенде 20%-ін төлейді және қалғанын 6 айдан үш
жылға дейін бөлектеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын
болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ін
төлейді, ал қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төленетін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды несиеге сатудың жаңа ережесіне
сәйкес несиелеудің шегі (шекарасы) азаматтардың еңбекақы (табыс) деңгейіне
қарай анықталып белгіленетін болады.
Мәселен, алты айға мерзімде бөлектеп төленетін тауар сатылатын болса,
берілетін несиенің сомасы тауарды сатып алушының екі айлық еңбекақысынан
аспауы керек, ал, 24 айға – 8 айлық еңбекақыдан, 36 айға – 12 айлық
еңбекақыдан, 48 айға –18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай
мерзімінде төленіп бітуіне тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24
айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар
құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол немесе
ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорынының пайдасына несие сомасының проценті
өндіріліп алынады. Бұл проценттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің
қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие
сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен
өтейтін болады.
Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар ссудасының маңызды көзіне,
оны қалыптастыратын әрі ауыстыратын құралға несие карточкалары жатады.
- 14 -
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
- несие карточкасының эмитент-банкісі;
- несие карточкасының иесі;
- несие карточкасын тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлем құралы
ретінде қабылдайтын сауда ұйымдары. Клиент несие карточкасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару әдістері және несиелік саясатын талдау
Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау
Банк балансын құрылымдық талдау
Қазақстандық банктердің маркетингтік стратегияларының бәсекелестігі
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
«Kaspi bank» АҚ
Қазақстан Республикасының депозит нарығы
Банктік тәуекелдер түрлері және оларды басқару
Пәндер