Халықаралық несиенің формалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ . НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Халықаралық қаржы несиелік инстуттардың қаржы
қатынастарындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Халықаралық несие мекемелерінің мақсаттары мен міндеттері ... ... ... 6

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.1. Халықаралық қаржы . несие мекемелерінің негізгі қызметтері ... ... ...14
2.1 Экспорттық және импорттық несиелеу жағдайлары ... ... ... ... ... ... .18



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ------------------------- ----------------------
--4
1.1. Халықаралық қаржы несиелік инстуттардың қаржы
қатынастарындағы маңызы----------------------------- ----------
----------4
1.2. Халықаралық несие мекемелерінің мақсаттары мен міндеттері------------
6

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ-------------------------- -------14
1.1. Халықаралық қаржы – несие мекемелерінің негізгі қызметтері-----------
14
2.1 Экспорттық және импорттық несиелеу жағдайлары -------------------------
18

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
----------28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ------------------------29

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарыққа көшу өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикалық бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы
экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық
байланысты дамытуды қажет етеді. Халықаралық байланыстарды дамытудағы
қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
- қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
- халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Халықаралық несие – мерзімді белгілеу, төлеу және кері қайтару
келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының аясын айтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Берілген зерттеу курстық жұмысының
мақсатына тоқтала келе, дамудың қазіргі кезеңінде халықаралық
экономикалық байланыстарға мыналарды жатқызамыз:
- сыртқы сауда;
- шетелдік инвестициялау;
- елдердің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы;
- ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық.т.б.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Халықаралық ұйымдардың дамуы мен
қалыптасуын, қазіргі кездегі халықаралық мекемелердің бірнеше түрлерін
қарастыру және сол мекемелердің қызметтерін, банктердегі экспорттық және
импорттық несиеоеу жағдайларын, түрлерін анықтау. Бұл мекемелерге: БҰҰ –
ға кіретін халықаралық институттар, банктер, ұйымдар және әртүрлі
мекемелер. Халықаралық ұйымдардың мақсаты – оның құрамына қандай елдер
кіруімен ерекшеленді.
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ
МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.1. Халықаралық қаржы несиелік институттардың қаржы
қатынастарындағы маңызы

Халықаралық қаржы - несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан.
Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дүниежүзілік шаруашылық
қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық Қаржы - несие олардың
тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздеріне қарай
жіктеледі. Халықаралық қаржы-несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет
етумен, инвестициялық объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген
қызметтерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді
экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық
несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді
қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің
төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық
қаржы-несиелер - бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен займдары
ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралық несие түрінде
қарастырылған.
Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз. Халықаралық
сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі оның кредитор елінен экспорттық
жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиелерді халықаралық
несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады. Бұл
жерде импортер мен экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен
немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады. Несиенің
берілуі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі,
оның мерзімі пайызды төлеу және қайтару шарты экспортер мен импортер
еліндегі экономикалық және саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың
өзара қарым-қатынасына тәуелді.
Экспорттық несиелер өнеркәсібі дамыған елдер арасында жиі қолданылады.
Экспорттық несие берудің көлемі ғана емес, сондай-ақ қаржыландыру әдістері
де өзгеруде. Жаңа несиелік құралдар пайда болып, несиелік операцияға
қатысушылар құрамы кеңейді, қатысушылардың өзара қатынасу жүйесі
жетілдірілді, кейбір қаржыландыру көздерінің ролі мен маңызы төмендеді 5,
402 б.
Экспортты қысқа мерзімді қаржыландырудың (6 айға дейін) басты құралы
сауда векселі болды. Бұл мәмілелер экспортер мен импортер арасындағы
несиелік қатынастардың болуын қаламады және олар сыртқы сауда
контрактілерінде көрсетілмеді. Несие беру негізінен ірі банктер арқылы
жүзеге асты, олар экспортерлердің тауарды жөнелту туралы құжаттарына қарсы
алған тратталарын есепке алып, тауарды сатушыларға тратталарды ақша
нарығында сатуға келісім береді.
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудағы қажеттілік халықаралық
коммерциялық несие берудің басқа да формалары есебінен қанағаттандырылды:
- шетелдік сатып алушыларға тауарларын шығаратын өндірушіге тікелей
берілетін фирмалық несиелер;
- экспортталатын бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді жабдықтаушылары
мен сатып алушыларына берілетін банктік несиелер;
- әр түрлі мемлекетаралық келісімдер шегінде берілетін несиелер.
Экспортты фирмалық несиелеу 60-жылдардан бастап тез қарқынмен дами
бастады. Осы кезде фирмалық несиелер машиналар мен құрал-жабдықтар
экспортын қаржыландырудың негізгі әдісі болды. Коммерциялық несиені
фирмалық және банктік деп бөлу, импортердің несиені кімнен алатынына қарай:
жабдықтаушы-фирмадан немесе банктен алады. Егер сыртқы сауда контрактісінде
жабдықталатын тауар уақыты кешіктіріліп төленетін болса, онда несие
фирмалық болып саналады.
1.2. Халықаралық несие мекемелерінің мақсаттары мен міндеттері

Келісім-шартқа қатысушы жақтардың арасындағы қатынас бірнеше кезеңге
бөлінеді. Бастапқыда импортер мен экспортер арасында, сол сияқты кредитор-
банк пен сатып алушы-банкі өкілдері арасында алдын ала келісім жасалады.
Банкаралық келісімге қол қоймастан бұрын мәмілені несиелендіруші банктер
мен несиені кепілдендіретін ұлттық сақтандыру ұйымдары арасындағы келісімге
қол жеткізілуі тиіс. Содан кейін барып түпкілікті үш келісімге қол
қойылады: экспортер мен импортер арасындағы контракті, кредитор-банк пен
импортер-банк арасындағы қаржылық келісім және несиені сақтандыру келісімі.
Ертеректе импортерлерді жекелей несиелеу несиені бір мәрте сыртқы сауда
мәмілесімен байланыстыру жолымен жүзеге асырылған, кейіннен банктерде
өздерінің шетелдік қарыз алушыларына сыртқы сауда мәмілелерін төлеу үшін
несиелік желі шегінде таралды. Бұл жерде несиелік желі шегінде алынған
займның мерзімі мен шарты жасалған сыртқы сауда контрактісінде айтылады.
Сөйтіп, сол несиелік желі шотына сатып алушы контрактіде келісілген
тауарларды сатып ала алады. Несие есебінен қарыз алушы бір жыл ішінде
белгілі бір фирмалармен өнімді жабдықтауға контаркт жасауға құқылы.
Экспорттық несиелеуде еуровалюта нарығының несиелік операцияларында
қолданылатын алтын несиелік желінің бір түрі дамыды.
Тікелей банктік несиелеудін әрі қарай жетілдірілуі нәтижесінде сыртқы
сауда операцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг,
форфейтинг, экспортты ынталандыруда жиі пайдаланылатын лизинг сомалары
пайда болды.
Фаткоринг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сатушыға несие шартымен
бірқатар қызметтер көрсететін, онын ішінде қарызды іздестіру экспорттық
операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б. өзіне экспортер
алдында өз міндеттемесіне алатын мамандандырылған және көпқырлы қаржы
мекемесі болып табылады. Өз клиентінің берешектерге деген талабын
қанағаттандыру мақсатында, фирма клиентке берешектерден алған сайын ақша
беруге немесе оған мәмілені жасасу барысында қолма-қол ақшамен тез арада
төлеуге міндеттеме алады.
Сатып алушының қарызды қайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша
тәуекелді өзіне қабылдай отырып факторинг-компания өнеркәсіптік фирманың,
коммерциялық банктің және сақтандыру компаниясының экспорттық бөлімінің
қызметін атқарады. Өзінің көрсететін қызметтерінің факторинг құны банктік
қарызға қарағанда қымбат болып келеді. Факторинг-компанияның беретін
қаражаттарының үлес салмағы 20%-ға жетеді. Оған алынған несие ақысымен
қатар басқа да қызметтер бағасы қосылады.
Факторинг жүйесі экспортерлардың қысқа мерзімді несие берудегі
мүмкіндігін ұлғайтады, ал форфейтинг нарығындағы мәмілелер орта мерзімді
коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі болып табылады.
Форфейтингке байланысты, операциялар айналымсыз қаржыландыру деген атпен
дамыды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары
бойынша құқығын форфейтер-банкіге беруін, яғни соңғысының құқықты өзіне
ұстап немесе халықаралық нарықта сата алуымен сипатталады.
Форфейтингтік операцияларға қатысушы банктерге ресурс ретінде
еуровалюталар нарығы қызмет етеді. Сондықтан да форфейтинг бойынша есеп
мөлшерлемесі сол нарықтағы орта мерзімді несие бойынша пайыз деңгейімен
тығыз байланысты. Негізгі мәміле валютасына неміс маркасы, американ доллары
және швейцария франкі жатады 5, 228 б..
Экспортты ынталандырудың маңызды көзіне, сондай-ақ машиналар мен кұрал-
жабдықтардың халықаралық саудасы-ның біршама манызды формасына - лизинг
операциялары жатады. Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы
берілмейтін арендалық (жал) қатынастарының бір түрі. Арендаға берушіге
аударылатын қаражаттар есебінен, ол тауарды уақытша пайдалану құқығын
төлейді.
Лизинг өзінше бір несие алу формасы ретінде бола отырып, көптеген
жағдайда сыртқы нарықта экспортердің өнімдерінің қозғалысын жеңілдетеді.
Тауарлай несие мен лизинг жалгерлік операцияларды жүргізу шарты жағынан
ұқсас. Лизинг беруші ақшалай қаражаттар тарту қажеттігінен босайды. Лизинг
төлемі бөлек жабдықты пайдаланудың барлық кезеңі ішінде бөлек-бөлек
төленеді. Бірақ лизингтің мақсаты тауарға деген меншік құқығын алу емес,
сондай-ақ оның тұтыну сапасын пайдалану құқығын сатып алу болып табылады.
Халықаралық қатынастардағы лизинг операцияларының көлемінің өсуі көп
мөлшерде қаржы қаражаттарын тартуды талап етеді. Сондықтан да көптеген
елдердің ірі банктерінің лизингтік компанияларды қаржыландыруға қатысуы да
кездейсоқтық емес.
Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаржыландырудың ұлттық
жүйесінің интернационалдануын жаңа нәрсе деп санауға тұрады, себебі ол
форфейтингтік нарығындағы фирмалық несиелеу сферасында және банктік
несиелеу шеңберінде байқалады.
Әр түрлі елдің фирмаларының дербес мердігерлер ретінде қатысуымен
жүзеге асырлатын үлкен салаға жасалатын мультинационалдық контарктілер де
маңызды дами бастады. Бұл контрактілер оған қатысушы елдердегі банктер мен
экспортты несиелеумен айналысатын ұлттық сақтандыру институттарымен
сақтандырылады әрі қаржыландырылады. Бұл жерде бірнеше елдің фирмалары
атқаратын белгілі бір контрактілерді қаржыландыруға арналған уақытша
халықаралық банктік консорциумдарды бөліп айтуға болады.
Қаржыландыруға байланысты барлық сұрақтар сол консорциум ішінде
шешіледі. Бұл қаржыландыру формасының экспорттық несиелеулер жақындығын,
оның тек қана мақсаттылығынан және бұл операцияларға кепілдеме беруде оған
мүдделі елдердің үкіметінің институттарының қатынасуынан көруге болады.
Экспортты қаржыландыру жүйесінің кейіннен интернационалдануы әр түрлі
кредитор-елдердегі экспортты қаржыландыру әдістерінің ұлттық валютада емес,
сондай-ақ басқа елдер валютасы мен шетелдік көздерден жүзеге
асырылатындығынан байқалады. Мұндай интернационалданудың дамуында
евровалюта нарығның ролі жоғары.
Экспорттық несиелерді сақтандыру және қаржыландыру жүйелерінің
интернационалдануына сол сияқты банктік сфераның интернационалдануы да
ықпал етеді. Экспортер-елдердің ұлттық нарығындағы шетел банктерінің
рөлінің өсуін, несиелік және депозиттік операциялардағы банктердің үлесі-
нің жоғарлауынан көруге болады.
Экспортер-елдердің жарғылары есебінен экспортқа кететін шығындарды өтей
отырып, олар ұлттық банктерге күшті бәсеке тудырады. Мұндай тәжірибе өз
уақытында Ұлыбританияда байқалған болатын, себебі онда ағылшын үкіметі өз
елінде тіркелген шетел банктеріне ғана емес, сондай-ақ фунт стерлингке де
қатынасуына рұқсат берген болатын.
Халықаралық несиенің келесі бір формасына халықаралық жеке меншік
қаржылық несие жатады және ол халықаралық несиелік қатынастардың бірден-бір
ажырамас институтционалдың негізі болып табылуда. Халықаралық жеке меншік
қаржылық несиені қаржыландыруға өндірістің интернационалдануы мен
интеграциялануына Трансұлттық корпорацияның қызметінің дамуы себеп болды.
Халықаралық жеке меншік қаржылық несиелер мен займдардың негізгі көздеріне
банкаралық депозиттер, салымдар, еуродолларлық депозиттік сертификаттар
жатады, өйткені бұл депозиттер мен салымдардың көпшілігі қысқа мерзімдік
сипатқа ие. Банктер үшін маңызды міндет олардың уақытын ұзарту. Қысқа
мерзімді депозиттер (1,2,3 айлық) біртіндеп біршама ұзақ мерзімді
депозиттердің орнын ауыстырды.
Ролловерлік несиенің пайда болуы - бұл қысқа мерзімді қарыздарды орта
мерзімге және ұзақ мерзімге трансформациялаудағы халықаралық банктік
монополиялардың ұмтылысы. Мұнда өтімділік мәселесі орын алады. Ролловер -
келіскен мерзім ішінде қарыздық пайыз деңгейін қайта қарау міндеттемесі
бар еуронесие нарығында ролловерлік еуроқарыздар, жаңартылатын ролловерлік
несиелер және ролловер-стенд-бай еуронесиелері (ролловерлік еуронесиелік
қолдау) жатады.
Ролловер-стенд-бай еуронесиесі немесе қолдау көрсету ролловерлік
еуронесиесі сақтандыру сипатына ие. Қарыз алуына байланысты жасалған
келісім-шартпенен, іс жүзінде қарыз жасалған келісім-шарттың қызмет ету
мерзімінде қарыз алушының алғашқы талабы бойынша міндеттеме қабылдайды.
Жоғарыда айтылған несиелерге қарағанда мұнда ауытқып тұрады. Егерде дебитор
қарыз алғысы келген болса, онда бұл несие ролловерлік еуроқарыз деген
сипатқа ие болады.
Банктер жоғарыда аталған несие түрлерін араластырып пайдалануға жиі
барады. Мысал ретінде жаңартылатын ролловерлік еуроқарызды немесе
ролловерлік еуроқарызды қолдану арқылы ролловер-стенд-бай несиесін беруі
мүмкін, сондай-ақ қарызға айналатын жаңартылатын ролловерлік еуронесиелері
де беріледі.
Ролловерлік еуронесие кез келген валютамен, бірақ көбіне АҚШ долларында
беріледі. Валюталар бағамының өзгеріп отыруы несиелерде мультивалюталық
келісімдердің қолданылуын талап етеді, ол келісімдердің опцион құкығына ие
бола отырып "баға" валютасын өзі таңдап алады. "Пайыз мерзімінің" өтуіне
байланысты қарыз алушы несиені бастапқы валютада қайтара алады. Аталған
еуронесие негізінен орта мерзімдік сипатқа ие, бірақ кей жағдайларда ұзақ
мерзімге берілуі мүмкін.
Ролловерлік еуронесиесі бойынша пайыз лондондық банкаралық қысқа
мерзімді мөлшерлеме "либор", маржа және шартты банктік көрсетілген қызметке
қосылатын баға, займға берген кепілдеме үшін комиссия және сауда комиссиясы
негізінде қалыптасады. Маржа мөлшері әдетте 1-2% аралығында ауытқып отырады
және қарыз алушының жағдайына, оның төлем қабілеттілігіне, тәуекел
дәрежесіне байланысты анықталады. Бірінші қалстық қарыз алушы үшін
маржа мөлшері өте төмен. Несиелік келісім жасалғаннан кейін бірден
төленетін мезгілдік коммисия, несиеге деген сұранысқа және ұсынысқа,
мерзімі мен мөлшеріне байланысты өзгереді. Комиссиондығы үлкен
болған сайын берілетін займның мерзімі мен сомасы да үлкен болады. Кей
жағдайларда қысқа мерзімді қарыздарға деген сұраныс жоғарылап кетеуі мүмкін
және бұл жағдай оған есептелетін баға мөлшерінің орта мерзімді және
ұзақ мерзімді қарыздарға байланысты артуына жол береді.
Ролловерлік еуронесиені беруге келісім-шарт жасасудан бұрын, банк
қаржыландырылатын жобаның тұрақтылығын, басқа банктердің осы жобаны
несиелеуге қатысуына келісім алу мүмкіндігін, қарыздың мерзімін және
қайтару тәртібін, "баға" валютасымен "төлем" валютасын, несиені сақтандыру
тәртібін, алушының қаржылық және инвестициялық қызметін қарыздың тиімді
формасын ұсынады. Егер консорциум несиелендіретін болса, онда менеджер-
банкке мандат берумен байланысты міндеттер шешімін, яғни консорциумға
жетекшілік қызметін өзіне алған банктің, оның басқа да банктерді шақыруымен
және олардың несиелік қабілетін тексерумен байланысты сұрақтарды
қарастырады. Несиелік институттың менеджер мандатын алуының негізгі шарты
бұл оның істі жүргізудегі тәжірибелігі болып табылады.
Ролловерлік еуронесиедегі тәуекелдер - коммерциялық тәуекел және елдік
тәуекел болып бөлінеді. Коммерциялық тәуекел бұл қарыз алушының несиені
қайтаруға байланысты міндеттемесін орындай алмауын және пайыз төлеуге
мүмкінсіздігін білдіреді. Бұл тәуекелді бағалау мақсатында дебитордың
қайтаруының әр түрлі жолдары ескерілді: меншіктік немесе заемдық
қаражаттардан, меншіктік негізі және айналым капиталының есебінен төлеуі.
Егер қарыз алушы тұрақсыз болса, онда консорциум автоматты түрде қарыз
мөлшерін қысқартады. Елдік тәуекелді анықтауда төлем қабілетінің дәрежесіне
қарай елдерді жіктеу әдісі пайдаланылады.
Ролловерлік еуронесие туралы контракт жасауда қарыз алушы несие
берушіге қарызды, пайыздар мен комиссиясы уақытында қайтаруы жайлы
міндеттеме береді, оның бір данасы менеджер-банкте сақталады. Басқалары
сондай несиені беруге қатысуға ықылас білдірген несиелік институттар
арасында таратылады. Міндеттеменің қызмет етуі бұрындары болған емес:
қатысушы-банктер несиелік келісімнің негізгі шарттарына және қатысу
мөлшеріне ырза болып отырады. Кепілдемелік қызметінен басқа бұл
міндеттемелер, қайта есепке алуға болатын өтімді бағалы қағазға жатады.
Олар 1000, 10000, 100000, 500000 доллар купюрамен шығарылып, консорциумға
ролловерлік еуронесиені беруге қатыспайтың ұсақ банктер арасында сатылады
5, 433 б.
Бұл міндеттеме бойынша облигация сияқты инвестор пайыз алады.
Міндеттеме "өзгермелі" пайыз мөлшерлемесінде берілді. Мысалға, люксембург
биржасында ондай міндеттемелер жай еурооблигациялар сияқты бағаланады.
Бірақ биржа олармен сауда-саттық жүргізбейді, себебі оларды сатып алу-сату
көбіне одан тысқары жерлерде жасалады. Осыған байланысты өзгермелі пайыз
мөлшерлемесі бар міндеттемелердің қайталама нарығы еурооблигациялар
нарығына қарағанда лондондық доллар депозиттік сертификаттар нарығына
көбірек сәйкес келеді. Мұндай міндеттемелер бойынша пайызды 4-6 референт
банктер ролловерлік еуронесиелер сияқты белгілейді.
Еуронесиелерді берудегі ең қиын мәселе бұл берілетін қарыздарды қайта
қаржыландыру сұрағын шешу болып табылады. Банктер үшін ең бастысы несиеге
беруді пайдаланатын мерзімі мен несиенің мерзімінің сәйкес келуі маңызды,
бірақ іс жүзінде ондай болмайды. Пайыз мөлшерлемесінің қозғалысына
байланысты банк өзінің саясатын өзгертіп отырады.
Еуронесиелердің келесі бір түріне банкаралық депозиттер жатады, ондағы
мәміле телефон, телефакс арқылы жасалады. Өзіне алған міндеттемелер, мәміле
жасалған күннің ертеңіне орындалады. Сатып алу сомасы 1-2 млн. доллардан
аспайды. Осы сомадан төменгі сомада мәміле жасау барысында банктер олар
бойынша пайыздағы айырманы (1,8%-ға жуық) алады, ал мұндағы брокер
комиссиясы 1,32 %-ын құрайды.
Сонымен, халықаралық несиенің пайда болуы мен кейінгі дамуы негізіне
қысқа мерзімді капиталдар жатады. Осыған негізделетін ролловерлік
еуронесиесі де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдар арасындағы өтпелі
саты болып табылады. Ұзақ мерзімді сипаттағы қарыздар, ереже бойынша,
облигация формасында беріледі және олар шетелдік, халықаралық облигациялық
займдарға бөлінеді.
Еурооблигацияға инвестициялауға қол жеткізу маңызды. Көптеген батыс
елдерінде халықаралық инвесторлар үшін бостандықтың болуына қарамастан
олармен операциялар жасауда белгілі бір дәрежеде шектеулілік болды.
Мысалға, Швейцария, Бельгия, Франция және Голландия банктері
еурооблигацияларды шығару туралы хабарлау құқығынан айырылды, сол сияқты
оларды орналастырумен айналыса алмады және сатып алушыға кеңес бере алмады.
Ағылшын инвесторлары осы уақытқа дейін еурооблигацияларды сатып алуға
рұқсат қағазын алуға міндетті болған. Тек қана еуродолларлық
облигациялармен жасалатын операцияларға толық шек қойылмады. Дегенмен де
оларды АҚШ-та сату және сатып алуда белгілі бір қиындықтар болды.
Еурооблигациялық займға кемінде үш мүдделі жақ қатысады, оларға қарыз
алушылар, делдалдар (ондай операцияларды жүргізуге маманданған банктер)
және инвесторлар жатады. Эмитенттер сияқты еурооблигацияларға мемлеметтік
мекемелер, жеке компаниялар мен халықаралық ұйымдар қатысады.
Мұндай операцияларда делдал ретінде ұлттық несиелік институттар,
халықаралық банктер және банктік топтар, сондай-ақ ұсақ банктер де бола
алады. Дойче банк, Дрезднер банк сияқты және т.б еуропалық банктермен
қатар, американдық банктердің де еуропа континентіндегі американдық
монополиялық сапалық экспансиясының арқасында маңызы арта түсті. Соңғы
уақыттары еурооблигациялар нарығындағы жағдай өзгеріп, швейцариялық
несиелік мекемелер еуро-облигациялар операцияларын жасауға жетекшілік
танытуда. Франция, ФРГ және Дания банктері еуромарка, еурофранк және
еурогульдендегі қағаздарын эмиссиялауға мамандама бастады.
ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ
1.1. Халықаралық қаржы – несие мекемелерінің негізгі қызметтері

Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе заем (қарыз) беру арқылы
жүзеге асырылады.
Несие берудегі мақсат - жоғары қарыз процентін алу. Қарыз капиталының
шетке шығарылуы - казіргі заманғы халықаралық несиенің негізі болып
табылады.
Ол елдер арасындағы тауар айырбасынуың өсуіне мүмкіндік жасайды,
олардың арасындағы есеп айырысуларды жеңілдетеді, экономиканы дамыту
мақсатында сыртқы қаржыларды тартуға мүмкіндік береді. Халықаралық несие
қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуыуна жәрдемдеседі.
Мемлекеттер арасындағы несиелік қатынастар жоғары қарқынмен кеңейіп
келе жатыр, олардың көлемі әлемдік сауда қарқынынан және тікелей шетел
инвестицияларының ұлғаюынан әлдеқайда артық деп есептелген.
Халықаралық несие - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу
шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі.
Несие берушілер мен оны алушыларға банктер, комианиялар, жекелеген
кәсіпкерлер, мемлекеттік ұйымдар, үкіметтер және де халықаралық, аймақтық
ұйымдар жатады.
Халықаралық несие әр түрлі формада болады.
Өзінің мақсатты паңдаланылуына байланысты халықаралық несие екіге
бөлінеді:
- байланысқан несие;
- қаржылық несие.
Байланысқан-қаржылық несиелердің несиелік келісімде бекітілген қатаң
түрдегі мақсатты сипаты болады. Оларға жататадар:
- коммерциялық несиелер — олар тауарларды сатьш алу немесе қызметтерге
ақы төлеу кезінде беріледі;
- иивестициялық несиелер - нақты бір объектіні сату кезінде
беріледі.
Бұл несиелермен салыстырғанда, қаржылық несиелер қатаң түрдегі мақсатта
берілмейді.
Қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
Мысалы, тауар сатып алу, инвестициялар, қаржылық операцияларды жүргізу,
төлем балансының тапшылығын жою, сыртқы қарыздарды жою және тағы басқа
мақсаттарда 6, 93б.
Несие берушінің кім екендігіне байланысты үшке бөлінеді:
1) жекеше (фирмалар, банктер) несие;
2) үкіметтік несие;
3) халықаралық ұйымдар несиесі. Ұсынылу формасы бойынша екіге
бөлінеді:
- тауарлық несиелер;
- валюталық несиелер.
Тауар фирмасындағы несиелерге коммерциялық (фирмалық) несиелер жатады,
ал ақшалай несиелерге қаржылық несиелер жатады.
Валюталық несиелер мынадай валюталарда беріледі:
- қарыз алушы елдің валютасымен;
- қарыз беруші елдің валютасымен;
- басқа ұлттық валютамен;
- халықаралық есеп айырысу бірлігімен. Берілу мерзімі бойынша да үшке
бөлінеді:
1) қысқа мерзімдік (1 жылға дейін);
2) орташа мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін);
3) ұзақ мерзімдік (5 жылдан жоғары).
Қысқа мерзімдік несие дәстүр бойынша сыртқы саудада (шикізаттық
тауарлар саудасында) және қызметтер мен халықаралық айырбас жасалу
салаларында қолданылады.
Орта мерзімдік несиелер арқылы машиналар мен құрал-жабдықтардың
экспорты қаржыландырылады.
Ұзақ мерзімдік несиелер негізінен инфрақұрылым мен өндірістегі
инвестицияларды қаржыландыру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы, негізгі құрылымдық элементтері
Несиенің формалары және түрлері
Халықаралық несиенің шарттары
Экспортың несиелер
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Несие туралы ұғым, оның пайда болуы
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы
Несие формалары және түрлері
Несиенің қажеттілігі және мәні
Пәндер