Экономиканы реттеудің макроэкономикалық және ресурстік мәселелері



КІРІСПЕ

І. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСУРСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу ұғымы
1.2. Макроэкономикалық тепе.теңдік және қаржы
1.3 Мемлекеттік шығындар көмегімен макроэкономикалық реттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСУРСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу ұғымы
1.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
1.3 Мемлекеттік шығындар көмегімен макроэкономикалық реттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстан халқына Жолдауында: Бүгінгі
таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың локомативі болуға
қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға,
сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға
бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында бейнеленуге
тиіс, -деп атап көрсетті.
Қаржы жүйесінің басты экономикалық міндеті, - деді ол қаржыгерлердің
Бірінші конгресінде, бұл халықтың және кәсіпорындардың уақытша бос
қаражатын жинақтау және бұл қаржы ресурстарын оған зәру болып отырғандарға
беру
Президент қаржы жүйесі қызметінің көптеген маңызды ұйымдық
мәселелерін мемлекеттің шешіп бергенін айта келіп, өзінің әрдайым
қаржыгерлерге қолдау білдіріп отырғанын еске салады.
Президент: біз бүгінде банк саласында мақтан ететіннің бәріне, ең
алдымен, жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде қол жеткіздік.
Экономиканың жоғары қарқынмен өсуі және адамдар тұрмысының жақсаруы қаржы
жүйесінің дамуына ықпал етті - деп атап көрсетті.[1]
Қаржыгерлердің Бірінші конгресінде Қаржылық қадағалаудың тәуелсіз
органы, Депозиттерді сақтандыру қоры, Қазақстан ипотека компаниясы құрылуы,
Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы, Акционерлік қоғамдар туралы, Бағалы
қағаздар нарығы туралы, Кредиттік бюро туралы, және басқа жаңа заңдар
қабылданды.

І. Экономиканы қаржылық реттеу механизмдерінің негіздері
1.1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу ұғымы

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторлардың
мәнісін қарастыруға кіріспестен бұрын оларды, былайша айтқанда, ұғымдық
түрде анықтап алу керек. Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни
нарықтық қатынастар механизмдерінің қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларды сіздің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі
маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық
өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері болып
табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер)
өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған
арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді
ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты
қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен
қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізаты (әсіресе
оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай
шет қалатындығы әбден түсінікті.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік
реттеу нысанында жүргізіледі:
Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын
қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап,
пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан
экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын
бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сферала-ры
мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу — бұл макроэко-номикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдауы процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет
тарапынан қоғамдық өндірісін барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды
талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.[3]
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалык, заңдарының іс-әрекетін
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам
дамуының гылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама
мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз
ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; онда болмаған
жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын
және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ре-сурстарының
жалпы деңгейін реттеу;
- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу,
олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің
ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және
инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу
мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық
дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.
Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық ретеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ес-кертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау
негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен
қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:
валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық
төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді
сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп,
қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика
мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте,
өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет
етеді.

1.2 Макроэкокомикалық тепе-теңдік және қаржы

Экономиканы реттеу процестерінде жалпы макроэкономикалық тепе-
теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда) ғана болатынын есте
сақтаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды
экономикалық параметрлерді теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным;
тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және
жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың
көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақаты-настардың
тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде
немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдікті тудыратыны анық.
Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен
өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор "* ұғымы
пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі
әдіспен аныктаудан барып шығады:
1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға
қажетті эқономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден
алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы
өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың
мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық
өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы
деп атайды.
Бірінші критерий бойынша ЖҮӨ-нің құны мына формула бойынша
қалыптасады:
ЖҰӨ (GNP) = С+Ig+ G+Хn
Мұндағы: С — үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну
шығыстарының көлемі;
Ig — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
С — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті
арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);
Хn — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді
жиынтықтау арқылы жасалады:
1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай
табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі және оның бүгінгі мәселелерін талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Еркін сауда аймақтары
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді жетілдіру жолдары
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Еңбекақы төлеудің жүйелері мен нысандары
Пәндер