Табиғатқа саяхат жасаудағы эстетикалық тәрбиенің рөлі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАБИҒАТҚА САЯХАТ ЖАСАУДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ

1.1 Эстетикалық тәрбие беру арқылы табиғаттың жырлануы ... ... ... ... .7

ІІ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы эстетикалық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Бейнелеу іс.әрекетінде балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР

3.1 Бастауыш мектеп балаларына эстетикалық тәрбие беру жүйесі ... ...20
3.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі өнердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.3 Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар ... ... ... ...26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ТАБИҒАТҚА САЯХАТ ЖАСАУДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ

1.1 Эстетикалық тәрбие беру арқылы табиғаттың жырлануы-----------------
7

ІІ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы эстетикалық тәрбие беру--------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
--------------11
2.2 Еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру----------------------------
-------14
2.3 Бейнелеу іс-әрекетінде балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
--------17

ІІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАР

3.1 Бастауыш мектеп балаларына эстетикалық тәрбие беру жүйесі-------
20
3.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі өнердің
рөлі------------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------23
3.3 Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар---------------
26

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------31

КІРІСПЕ

Курстық зерттеу жұмыс өзектілігі. Эстетикалық тәрбие — халық
педагогикасының аса маңызды негіздерінің бірі. Қазақ қоғамының бар келбет-
көрінісі: отбасының әдет - ғұрпы, салт-дәстүрі, ата-ананың жағымды мінез -
құлқы, киіз үйдің әшекей-әрі, ою - өрнегі, ауылдың ойын-той, мейрам -
мерекесі, шебер қолдан туған өнер туындылары — осылардың бәрі балғын қыздың
санасына эстетикалық айшықты бейнелер сәулесін құйып, әсемдік әлеміне қарай
жетектеп әкете берген. Осыдан барып қыз мінезінде де, ішкі сарайы мен
келбетінде де жан-жақты жарасып, үйлесім қалыптасатыны белгілі.
Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалық
мұраттарды қалыптастырады, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды және
жасауды бойға сіңіруге, нағыз көркем шығармаларды өнердегі әр түрлі жасанды
баямадан ажырата білуге, айнала қоршаған өмірдегі сорақы құбылыстарға,
жағымсыз қылықтарға төзбестікпен қарауды дамытуға көмектеседі.
Окушының рухани және дене жағынан дамуында олардың жас ерекшіліктерін
ескере отырып, жеке басы мен мінез-құлқындағы сұлулық қасиеттерін дамыту
болып табылады.
Сұлулық заңдылығын - оқушылардың өзі қоршаған ортаға, еңбекке, оқуға,
мінез құлық нормаларына еңгізе білу негізгі міндеттерінің бірі.
Сұлулықты түйсіну - эстетикалық сезімді шындап ұштай түсуді тілейтін
шығармашылық акт.
Сұлулықтың не екенін білмейтін адам мейірімді бола алмайды, мейрімділік
қасиеті жоқ адам қандай әсемдікті де елемейді.
Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы
барысында туады, сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне
қарау ынтасын тудыратын, өзіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін
бастан көшіреді. Эстетикалық сезімдер тек дене сұлұлығын қабылдағанда
тумайды. Эстетикалық сезім деп адамды белгілі толғанысқа салатын,
айналадағы дүниені сұлулық ие кейіпсіздік, жарқын мақсат не қара ниет,
қайғылы ие күлкі тұрғыда қабылдап, бағалау қабілетін ақтамыз. Эстетикалық
мұратында айнадан көрінгендей, адамның сенімі, оның өмірлік позициясы
бейнеленіп отырады.
Зерттеу жұмысын мақсаты. Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдарына
мектепте табиғаттың, қоршаған қоғамдық ортаның, еңбектің, көркем өнердің,
әдебиеттің рөлі ерекше. Сұлулық туралы алғашқы түсініктерді балалар
табиғаттан алады.
Табиғат - адам өмір сүруінің табиғи ортасы - ол баланың эстетикалық
сезіміне ерекше әсер етеді.
Табиғат - сұлулықтың ен байырғы әрі таусылмас бұлағы, адам тәрбиесінің
қайнар көзі.
Табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын рөлін
В.А.Сухомлинский өз практикасында ерекше қолданған болатын. Әсіресе В.А.
Сухомлинский Балаға жүрек жылуы кітабының Табиғат кітабінің үш жүз беті
деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеуде
табиғаттың мүмкіншіліктеріне өз тәжірибесінде ерекше орын берді.
Сухомлинский В.А. Бала сұлулықты сезініп оған қуанатын болсын, оған
бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәнгі сақталып қалатын
болсын. Әсемдік - адамгершіліктің ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым-
қатынастардың жаны мен мәні деп жазды.
Эстетикалық көзқарас пен сенім өмір үрдісінде қоғамдық қызметте және
адамдардың данасы мен іс-әрекетіндегі ескінін сарқыншақтарына қарсы күресте
идеялық-саяси және адамгершілік мұраттардың бірлігінде қалыптасады.
Эстетикалық тәрбие - үлкен де терең сезімдер, идеялық сенімділік, мінез
тазалығы ол бірінші кезекте, нағыз адамгершілік тәрбиесі. Біздің міндетіміз
- жас ұрпақка дұрыс тәрбие беруде өнерді эстетикалық тәрбиені күнделікті
ісімізде одақтас ету.
Қазақ мектеіперінде қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері С.
Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтің, Б. Майлинның М.Әуезовтың, С. Мұқановтың,
Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мүстафиннің тамаша шығармаларымен таныса отырып,
олардан өздеріне эстетикалық ләззат алады, көркемдік талғамьш арттырады.
Халқымыздың қашаннан да сұлулықты, махаббатты аялаған ақындар
сүйіспеншілікті өлен-жырға қосқан. Сонау көне заманнан махабатты
сүйіспеншілікті аялау белгісі - махаббат жолында жандарын қиған Қозы-Баян,
Еңлік-Кебектер. Егер халқымыз адалдықты, сұлулықты, әдемілікті сүймесе біз
бұл ғашықтар жайлы білер ме едік. Әрине білмес едік. Жалпы шығыс аңыздары,
тіпті ертегілері де тек сүйіспеншілікке, екі жастың бір-біріне ғашық болып,
қосылуын баяндаған.
ХІХ ғ. өмір сүрген Абайдың махаббат жайлы сұлулық жөніндегі өлеңдері
осы күнге дейін өз маңызын жайған жоқ. Түсіне білген, сезіне білген аламға
Абайдың бұл өлеңдері - тұнып тұрған құпия сыр.
Бұл жолдар арқылы ақын қыздың нәзіктігі сұлулығымен қатар, жан
сұлулығын көрсеткен, оған дәлел: Аласы аз қара көзі айналайын деген өлең
жолы ешқандай құлық-сұмдықсыз пәк қара көздер. Жай қара көздер емес, әр
жалт етіп қараған сайын жүрекке ыстық шоқ, жалын тастап кететін қара
көздер, қыз денесінің нәзіктігі, жұмсақтығын, ақын үлбіреген сөзі арқылы
берген. Келтірілген нендей әсем сөздер, әдемі құбылтулар ақынның
әдемілікке, сұлулыққа деген құштарлығынан туындаған. Әдемілікті, сұлулықты
дұрыс тану, адамның эстетикалық талғамына, сезім санасына байланысты.
Эстетикалык тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір
бөлігі.
Эстетикалык тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті
дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді.
Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік денгейді жетілдіру, оқыған кітап,
көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санасын көбейту ғана емес. Ең
бастысы, адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез-
құлқын түзету, толықтыру.
Табиғатты эстетикалык тұрғыда қабылдау. Әсемділіктің таптырмас
бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің байқампаздықтың, қиялдың
дамуына үлкен әсерін тигізеді. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: Мен
балдырғандарды өздерін қоршаған дүниеге олар әр күн сайын әлденендей бір
жаңалық ашатындай етіп, біздің әрбір қадамымыз ғажайып табиғат
сұлулықтарына - ойлау мен сөздің қайнар көзіне саяхат болатындай етіп
енгіземін ... мен кітапты ашудан, алғашқы сөзді буынға бөліп оқудан бұрын
балалар дүниедегі ең ғажайып кітаптың -табиғат кітабының беттерін оқитын
болуына күш салдым, - деп табиғат эстетикалық тәрбие берудің беташары,
қайнар көзі екенін ұстаз өз еңбегі арқылы дәлелдейді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемділіктің, мәңгілік жаңарудың, қатаң
заңдылықтын, әр түрлі сызық, бояу, дыбыстардың көмегі арқылы балаларды
азаматтық сезімге тәрбиелейді. Балалар ақырында Табиғат - ел байлығы, оны
болашақ үшін қорғау керектігін түсінеді.
Табиғат құбылыстарын байқап, оқып білуде биология, география пәндерінің
рөлі ерекше. Әсіресе табиғатқа саяхат жасаған кезде балаларда оның
сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани ерпініс,
сүйсіну сезімі туады, ой мен қиялы дамиды, туып-өскен табиғатқа деген
сүйіспеншілік сезімі нығаяды. Саяхат кезінде оқушылар әр қилы тапсырмаларды
орындайды: заттың өзіне қарап суреттер салады, ұнаған жерлерін суретке
түсіреді, коллекциялар үшін материалдар жинайды, кішігірім мүсіндер үшін
ағаштың кеуіп қалған бұталарын, тамырларын жинайды.
І. ТАБИҒАТҚА САЯХАТ ЖАСАУДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ
1.1 Эстетикалық тәрбие беру арқылы табиғаттың жырлануы

Адам баласының табиғатқа қатынасы қашан да әдемілік негізін қалаған.
"Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды... Табиғат адамды қайырымды, бір
мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Ол денсаулық, шабыт және
шығарманың қайнар көзі" - дейді П.И.Мариковский.
Табиғат адам баласы үшін тек күнкөріс көзі, тіршілік ету нысанасы
ғана емес, онын тірілуі, көгеруі, жемістенуі адам болмысына құлшыныс
тудырады, сезімін оятады, бойын сергітеді. Сол үшін де қазақ жұрты
табиғатпен тікелей араласып-құраласып, жер байлығын, аң мен құсын, орман-
көлін құртып жібермей аялай-әлпештей білді. Табиғатпен етене жақын
араласқан қазақ жұрты көшіп-қонған жерлерінде емін-еркін жүріп, оны өз
үйіндей көрді. Табиғат ырқымен тау жағалап, өзен куалап, қоныстарын
ауыстырып, өрісін жаңартып отырды. Туған өлкесіне таңырқау, тамашалау
оның сұлулыққа деген әуесқойлығы мен қызығушылығын табиғи ортаға
тікелей тәуелді болған казақ елі, табиғатпен ашық сырласып, онымен бірге
түрленді. Табиғат әсемдігін тамашалай білген қазақтың сол үшін де көңілі
кең, жүрегі сезімтал, ойы ұшқыр болып келеді. Ол табиғат жарасымдылығын
адамның жан дүниесіне тартты. Себебі, табиғат құбылысы аркылы дүние
сырын, тіршілік-тынысы мен тұрмысының мәнісін, адамның өмірдегі орнын,
оның өткені мен бүгінгісін, болашағын тану басталады.
Куміс нұрлы Ай, Жұлдыздар -
Алмас, жібек жел,
Сыбырласып жас қайыңдар бұраң бел...
деп басталатын Мағжанның "Күміс нұрлы ай" деген өлеңінде де адам
баласының ұшқыр сезімінің шарықтау шегін аңғарамыз. Сондықтан да ата-
бабамыз табиғат өсемдігінен қуат, жүрегіне шуак алып, оньщ құдыретіне бас
иген. Адамзаттың алғашқы даусы естілген күннен бастап, күні бүгінге дейін
олар табиғатпен қоян-қолтық араласа, арпалыса жүріп, үнемі жақсы тұрмысқа,
әдемі өмірге талпынып, сол үшін де күрескен. Бұған Шеллидің: "Шынайы жыр
жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды" деген
пікірі дәлел болмақ. Бұл аз болса, "Табиғатты сүйем, сұлулыкқа бас ием",
-дейді Байрон. Олай болса табиғат бар жерде сұлулық та бар. Оның көркі
тікелей түйсіну, жүзбе-жүз табысу арқылы танылады.
Дүниедегі көркемдікті тануда адам баласының сезім мүшелерінің маңызы
ерекше. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы А.Құнанбаев өзінің жиырма
жетінші сөзінде: "Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса
дүниедегі керікті нөрселердің керкінен қайтып ләззат алар едік?" - деген
екен. Ол өз емірінің мақсаты халықты көркемдікке тәрбиелеу деп есептей
отыра, адамның эстетикалык сезімін дамытуға айырықша маңыз берді. Әсемдікті
ол өзін қоршаған табиғатган, халықтан керді.
Оны ақын Бақыт Бұқарбековтың "Байынқол" өлеңінен алынған мына жолдар да
қуаттайтыны анық:
Пай, пай, мына Байынқол, тасуыңды-ай,
Бұта шайнар бураның ашуындай!
Шапшыған толқынының тамшылары
Тәкаппар жеңешемнің шашуындай!
...Байынқол, сұлу алған су атысың,
Бусанған буйра тоғай, ну атысың,
Нар қоспақ өмірлердің суатысың,
Марғасқа көңілдердін қуатысың.
Көркемдік таным сезіммен бірге ақыл иесінің дүние құбылысын бағалау,
саралау қатынасын да қамтиды. Оған Абайдың табиғат, пейзаж такырыбына
жазған "Жаз", "Күз", "Қыс", "Жазғытүры" өлеңдерінен үзінді келтіруді жөн
көрдік.
Жаздыкүн шілде болганда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толганда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мшқау танымас тірі жанды.
Үсті басы - ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Жазғытуры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен...
Сонымен бірге адам баласы өз мұңы, ез куанышымен үндес табиғаттың әр
түрлі ғажайып көріністерінен де қуат алып отырады. Тағы да Абайды
сөйлетсек:
Түйе боздап, қой қоздап - қорада шу,
Көбелек пен қустар да сайда ду-ду.
Гул мен агаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қагып, булаңдап аеады су.
Көл жағалап мамырлап қу менен қаз.
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бураңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек...,
- дегендей ақын жанын толғантқан жыр жолдары табиғаттағы дүниенің бәрі
сұлу екендігін дәлелдейді.
Н.Г.Чернышевский қортындысы бойынша, табиғат сұлулығы – наз сұлулық.
Табиғат пен өмір өнерден де жоғары. Сондықтан "Әсемдік дегеніміз - өмір"
деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әсемдік, сұлулық ол - өмірді қалай
көргіміз келсе, сондай болуы.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: "Сұлулық дегеннің тамыры табиғатгану
деген нөрседе жатыр. Мәселен, гүлді алалық. Сол гүлдерге біз сұлу емессің
деп айта алмаймыз. Ол табиғаттың жасаған сұлулығы. Андардың ішінде де сұлуы
аз емес. Құстарды алып қарасаң, олардың ішінде де қаншама сұлулары бар. Сол
себепті сұлулық деген нәрсенің өзі - табиғаттың көркі", - деген екен.
"Тамаша сұлу табиғат көркін - рауандап келе жатқан әсем таңы, күн
батардағы шұғылалы шапақты, айнадай жарқыраған шалқар көл мен мөлдір өзенді
немесе теңіздің ақ бас айдынын, асқан сұлу, көрікті, сүйкімді әйелді,
немесе гүлшешек атқан бау-бақшаны көргенде сүйсіне қарап қалып, тіпті
айқайлап жібергенімізді өзіміз де сезбей қаламыз" (М.Қаратаев. Әдебиет жене
эстетика, 75 бет).

ІІ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
2.1 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектепке дейінгі 5-7 жастағы балалардың әрекеттерін ұйымдастырудың
негізгі түрі — сабақ (тәрбие жұмысы). Тәрбие жұмысы барысында балаларға
жаңа білім беріліп, шығарма мазмұнын қабылдаумен, оларды әңгімелеп айтып
берумен, шығармашылық көрсете отырып кейіптендірумен байланысты іс-өрекет
пайда болады. Балалар шығарманы тұтас алғанда тереңірек қабылдайды,
ықыластана, назар аудара тыңдап, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз
көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді. Сонымен қатар, балалардың
шығарма мазмұны мен оның бейнелеу және мәнерлеу құралдары арасындағы
байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығу
тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі
айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері де дамиды, балалар өздері жұмбақ,
өлең ойлап таба бастайды, таныс ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады.
Тәрбиеші фольклор мазмұнындағы өздеріне ұнаған сөздерді тауып айтуға
жаттықтырып, күнделікті өмірде, басқа әрекеттермен айналысқанда, бір-
бірімен әңгімелескенде қолдана білуге үйретеді.
Мысалы: "еліктің лағындай", "әдемі айна көз", "бота тірсек", "бота
көз", "ақшақардай" т.б. сөз тіркесін мазмұнынан тауып, түсінгендерін білу
үшін өз ойларынан мысал келтіруді тапсырады. Бұл топтарда алыс, жақын,
ертең, ерте заманда, баяғыда, жердің түбі сияқты түсініктерді ажыратып,
түсініп айтуға жаттықтырады. Апта, жыл, күн аттарымен таныстырады.
- Кімнің үйінде үй жануарлары бар? — деген сұракқа ересектер тобындағы
балалардың берген жауаптары:
Айбек (5 жас 8 ай): менің кішкене күшігім бар. Оның аты Ақтөс. Себебі,
арқасы қара, төсі ақ, құлақтары тіптік, көздері дөңгелек, моншақтай. Өзі
ылғи менің артымнан еріп жүреді, ойнағанды жақсы көреді.
Диана (5 жас 4 ай): менің әжемнің үйінде көп қозы бар. Жүндері қара,
бұйра. Қарны аш болса маңырайды, қарны тоқ болса жатады.
Демеген (5 жас 10 ай): Майра апамның түйесі боталады. Ботаның түсі
аппақ, қағаздай, үлпілдек қарға ұқсайды.
Жөнібек (5 жас 7 ай): біздің үйде мысык бар. Оның аты Марғау, түсі ақ,
жүндері жұмсақ мақта сияқты. Ол көп ұйықтағанды жақсы көреді. Сондықтан
атын Марғау деп қойдық.
Айсара (5 жас 6 ай): әжемнің үйінде тауықтар бар. Біз жазда барғанда ол
балапан басып шығарды, балапандары кіп-кішкентай, жүндері жұмсақ, сары.
Өздері өте сүйкімді, күндіз жем шоқиды, кешке күрке тауықты қанатының
астына тығылып ұйықтайды.
Тәрбиеші балаларды заттың сынын, ісін, әрекетін білдіретін сөздер мен
сөз тіркестерін дұрыс, таза, мәнерлі айтуға үйретеді. Оқылған ертегі,
әңгімелердің мазмұнын ешкімнің көмегінсіз баяндау, кейіпкерлердің үн-
ырғағын келістіріп айту дағдыларын жетілдіреді.
Ересектер мен мектепке даярлық топтарында "Тіл — халық қазынасы" атты
тәрбие жұмысы шығарма мазмұнынан көп мағыналы және бір-біріне ұқсас жағынан
мағыналы сөздерді тауып, мазмұнын түсіндіре, сөйлеу үрдісінде сөздерді
жекеше, көпше, септеп, тәуелдеп, жіктеп айтуға үйретуді қарастырады.
"Ойна да ойлан" атты тәрбие жұмыстарында балаларға фольклор
мазмұнындағы сан, пішін, көлем, кеңістікті, уақытты бағдарлауға байланысты
сөздерді меңгертеді, бөлмедегі ұлттық бұйымдар мен заттардың геометриялық
пішіндерін көре білуге үйретеді (кілем — тік төртбұрыш, торсық — сопақша,
күбі — цилиндр т.б.). Бұл топтарда алыс, жақын, ертең, ерте заманда,
баяғыда, жердің түбі сияқты түсініктерді ажыратын, түсініп айтуға
жаттықтырады. Апта, жыл, күн аттарымен таныстырады.
Әуенді қимыл-қозғалыс. Аталған тәрбие жұмысын ұйымдастыра отырып,
тәрбиеші балалар бойында эстетикалық талғампаздық көзқарас қалыптастырумен
қатар әдеби-музыкалық жаттығуларды, әуен ырғағымен орындалатын қозғалмалы
ұлттық ойындарды орындай білуге үйретеді. Әртүрлі әуен, қимылдың әдемілігі
баланың эстетикалық сезімін дамытып, ұлттық ойындар мен әуендерге
сүйіспеншілігін тәрбиелейді.
"Онер көзі — халықта". Балалар фольклор шығармаларының мазмұны бойынша
сурет салып, жапсырып, мүсіндеуге дағдыланады. Бейнелеу өнері табиғаттағы,
тұрмыстағы жаңа құбылыстармен танысуына мүмкіндік береді, көзқарасын
байытады. Сұлулықты түсінуі мен нәзік сезінуі, алған әсерін бейнелеу өнері
құралдарымен шамасына сай орындай білуі және кескіндеуде, мүсіндеуде, сурет
салуда, жапсыруда әсемдікті жасау қабілеті дамиды. Көркемдік бейне өзіне
тән сипатымен, ашық нақтылығымен қуаныш немесе реніш сезімін тудырады.
"Имандылық тәрбиесі". Әдептілік-әдемілік тақырыбы бойынша балалардың
табиғат сұлулығын сезініп, қабылдауы мен бағдарлау, әсерлену дағдысын
арттыру бағытында жүргізіледі, өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени-гигиеналық
дағдыны дамытуға, ұқыптылыққа, тазалыққа үйретеді.
Балалар бойында мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерді тәрбиелеп,
шығармашылық қабілеттері мен жаман-жақсы құбылыстарды айыра білуде
эстетикалық көзқарас қалыптастыру мақсатында "Ары қарай жалғастыр", "Осыған
дейін не болыпты?", "Бұл қалай аталады?" т.б. ойындар ойнатады. Яғни,
тәрбиеші шығарманың басы немесе аяғын береді. Ал, балалар оны толықтырып
аяқтайды, тақырып ойлайды, бас жағында не болғаны туралы өз ойларын айтады.
Қорыта келе айтарымыз, балалардың негізгі әрекеттерінің бірі-сабақ
(тәрбие жұмыстары) жоспарлы, жүйелі, мақсатты жүргізілсе, олардың қоршаған
ортаға, табиғатқа, адамдарға, жан-жануарларға т.б. деген эстетикалық
талғамы, көзқарасы, қызығушылығы дамып, мейірімділік, қайырымдылық
қасиеттері қалыптасады.

2.2 Еңбек арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектеп жасыма дейінгі балалардың іс-әрскетінің бір түрі — еңбек. Еңбек
әрекеттерінің мазмұны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына
қарай күрделене түседі. Мәселен, ересектер тобындағы балаларға эстстикалық
тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер
қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің
даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу;
- асқа, шайға өздігінен дастарқан әзірлеп, оның таза ұқыпты болуына
көңіл аудару;
- топ бөлмесінде, ойыншықтар бұрышында, өз үйінде тазалық сақтау,
заттарды үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығыпа көңіл аудару, мәдени-
гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Мектепке даярлық тобындағы балалар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын
бағдарламалық талаптар:
- үлкендер еңбегімен бірге ұжымдык еңбектің нәтижелеріне қуана білуге
және оны бағалауға үйрету;
- өздігінен дастарқан әзірлеумен бірге, оны жинауға көмектесу, тазалық
сақтауға дағдыландыру;
- көркемдік сабақтарға (он, бейнелеу өнері) арналған ойыншықтар мен
құралдардың әрдайым ретті, әрі таза болуын қадағалау;
- үлкендердің көмегімен балабақша ауласын жинастырып, тазалауға қатысу,
өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа төрбиелеу.
Мысалы: "Түлкі мен торғай", "Қотыр торғай", "Жеті өнерпаз", "Жігіт пен
өнерлі қыз", "Аяз би", "Керқұла атты Кендебай", "Күн астындағы Күнекей қыз"
т.б. ертегілер мен "Еңбексіз өмір — сонген көмір". "Ердің атын еңбек
шығарады", "Еңбек түбі береке", "Еңбексіз іс бітпейді", "Еңбектің наны
тәтті", "Еріншек — екі істейді", "Жұмыстың жаманы жоқ" т.б. мақал-
мәтелдерді еңбекке деген эстетикалық көзқарас қалыптастыру мақсатында
пайдалануға болады. Ертегіні кейіптендіру үшін оған қажетті құралдар мен
қуыршақтарды қол еңбегінде даярлайды. Төменде мектепке даярлық топ
балаларымен ұйымдастырылған қол еңбегінің үлгі жоспарын мысалға келтіріп
отырмыз.
Мақсаты: фольклор жанрларын қайталай отырып, ертегілерге, мақал-
мәтелдерге, санамақтарға қызығушылығын арттыру, еңбек барысында ұқыптылық
қасиеттерін жетілдіріп, эстетикалық талғампаздықтарын дамыту,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші балаларды қол еңбегін ұйымдастыратын бөлмеге алып келеді.
Шеберханада қауіпспдік ережелерін балалармен кайталайды (инені, қайшыны,
желімді, кылқаламды қолдану тәртібі т.б.).
Тәрбиеші: дұрыс балалар, сендер қауіпсічдік ережесін біледі екенсіндер.
Ал енді біз жақында қандай ертегімен таныстық соны айта қойыңдаршы?
Балалар: түйе, арыстан, қасқыр, түлкі, - дейді.
Тәрбиеші: дұрыс, бұл ертегінің қай түріне жатады?
Баладар: қиял-ғажайып ертегілері.
Тәрбиеші: өте жақсы, жауаптарың дұрыс. Ертегінің кейіпкерлерін
атандаршы.
Балалар: түйе, қасқыр, түлкі, арыстан.
Тәрбиеші ертегі мазмұнын балалармен бірге отырып естеріне түсіреді.
Балаларға жарты конустан куыршақтардың жасалу жолын түсіндіреді. Жұмыс
орнын таза ұстап, өз еңбек нәтижесінің ұқып-ты, әдемі болуына көңіл аудару
керек екенін ескертеді. Балалар жұмыс жасап отырғанда халық күйін немесе
әнін баяу тыңдатуға болады. Балалар еңбегін аяқтаған кезде тәрбиеші
"қуыршақтар көрмесін" ұйымдастырады, балалардың көмегімен талдайды.
Жібек (6 жас 2 ай): маған бүгінгі көрмеміз ұнап түр. Себебі көрмеге әр
түрлі қуыршақтар қойдық. Әсіресе, Арманның куыршағының алжапқышындағы
гүлдер жақсы қиылып, ұқыпты жапсырылған.
- Балалар, біз бүгін еңбектендік. Осы еңбекке байланысты қандай мақал-
мәтел білесіңдер?
Жайна (6 жас 3 ай): "Еңбек етсең емерсің".
Асыл (6 жас 5 ай): "Еңбек етпесең елге өкпелеме".
Тәрбиеші: өте жақсы, балалар, жарайсындар. Енді бүгінгі конақтармен
ойын ойнайық. Ойынның аты "Айқұлақ". Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді.
Ойындағы қасқыр, қойшы, иттің рөліне санамақ арқылы балаларды белгілейді.
Санамақ: - Қоян қашқын,
Қайда қаштың?
- Тоғайға қаштым.
- Неге қаштың?
- Сеннен састым.
- Неге састың?
- Ізімді бастың.
- Ендеше қашпа.
- Мылтығыңды таста.
- Ауызыңды аш та,
- Он сөз – зыт тез!
Ойын мазмұны:
Қасқыр болған баланы Бір бұтаның тасасына отырғызады.
Қалған балаларды қой қылып көгендеп" қояды. Ал қойшы "итімен" бірге
қойларды күзетеді. Белгі бойынша қасқыр келіп қойларды шабады. Қойшы "итін"
айтақтап қойларын қорғауға тырысады. Қасқыр ұстаған қойларын апанына
апарады. Ұсталған қойлар қасқырмен бірге қалған қойларды ұстауға шығады.
Ойын осылайша 2-3 рет қайталанады.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді қолданылған
фольклор жанрлары балалардың еңбекке деген эстетикалық қызығушылығы мен
талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін
дамытады.
2.3 Бейнелеу іс-әрекетінде балалардың эстетикалық
талғамдарын дамыту
Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар
мен жан-жақты төрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай
парасаттылыққа, ізгілікке жөне әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі
өнер болып табылады. Өнердің - жас ұрпақтың қалыптасуына әсері ұшан-теңіз.
Атап айтсақ, баланың өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен
нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік
сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.
Өнерге жаны құштар, өз ісінің білгірі, терең ойлы бала жүрегін ұға алатын
педагог өз кезегіндегі бала тәрбиесінде өнердің маңызын жете түсініп, өз
мамандығын шығармашылық еңбекпен ұштастырары сөзсіз. Түрлі өнер саласы
бойынша хабардар болып, жалпы көркемдік бағыттағы тәрбие туралы мәліметтер
жинақтауы педагог беделін арттыра түседі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Балалардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын анықтау
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Табиғат қорғаудан сынып жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларын балалардың эстетикалық тәрбиесінде табиғат мағынасын ашу
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Пәндер