Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6

1.1 Банктік ресурстар және олардың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНК СЕКТОРЫНЫҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
15

2.1 Екінші деңгейдегі банктер қызметінің тиімділігі жəне капиталдың жеткіліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.2 Меншікті капиталдың жеткіліктігін қамтамасыз ету мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

1 БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
... ... ... ... ... ...

1.1Банктік ресурстар және олардың экономикалық 6
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.2Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНК СЕКТОРЫНЫҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 15

2.1Екінші деңгейдегі банктер қызметінің тиімділігі жəне
капиталдың 15
жеткіліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2.2Меншікті капиталдың жеткіліктігін қамтамасыз ету
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26
... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..



КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банктің меншікті капиталының
мөлшері мен құрылымы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның
бірнеше себептері бар. Меншікті капиталының мөлшеріне қарай банктің
ішкі және халықаралық рыноктағы бәсекелестік позициясы мен келешек
даму стратегиясы анықталады. Банктің меншікті капиталы сырттан
тартылған қаражаттармен бірге айналыс жасап банкке табыс әкеледі,
үлғайып отырады. Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай оның
қызметінің ауқымы анықталады. Яғни банктің активтік операцияларының
ұлғаюы оның меншікті қаражаттарының нақты көлемімен байланысты.
Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай банктің қаржылық
тұрақтылығы, сенімділігі анықталады. Банктің меншікті капиталы банктің
қызметіне жаңа - прогрессивті банктік технологияны енгізуді, банктік
сервисті одан әрі жақсартуды қамтамасыз етеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Банктің қызметіндегі меншікті
капиталдың маңызына қатысты ғылымы зерттеулер Қазақстан және ТМД
елдерінің ғалым-экономистерінің: А.А. Бекмухамбетованың, Ю.А.
Бабичевтің, В.И.Колесниковтың, О.И.Лаврушиннің, Г.С. Сейткасымовтың
ғылыми еңбектері мен публикацияларында жарияланған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курс тақырыбының басты
мақсаты – меншікті капиталдың мәні мен маңызын, құрамы мен құрылымын,
құрау көздерін теориялық тұрғыдан зерттей отырып, банк секторының
меншікті капиталының жағдайын нақты мәліметтер негізінде талдау болып
табылады. Ол үшін алға қойылған басты міндеттер мынадай:
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мәнін зерттеу;

- Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу
көздерін зерттеу;
- Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын
талдау;
- Екінші деңгейдегі банктер қызметінің тиімділігі жəне капиталдың
жеткіліктілігін талдау
- Меншікті капиталдың жеткіліктігін қамтамасыз ету мәселелерін
зерттеу;
Зерттеу обьектісі болып - банктің меншікті капиталы саналады. Банктің
меншікті капиталының құрамы мен құрылымы және құралу көздері -
зерттеу пәні болып саналады.
Теориялық және методикалық негізі. Курс жұмысында қазақстандық заң
актілері мен реттеуші органдардың жарияланымдары, шетелдік және
отандық авторлардың экономикалық және қаржылық оқулықтары, мерзімдік
басылымдардың тематикалық материалдары сондай-ақ, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстандағы қаржы нарықтары мен
қаржы мекемелерін реттеу және қадағалау Агенттігінің статистикалық
және сараптамалық материалдары қолданылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан,
3 кесте мен 1 суреттен, қорытындыдан, қолданылған мәліметтер
көзінен тұрады

1 БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Банктік ресурстар және олардың экономикалық мәні

Пассивтік операциялар айналыстан тыс уақытша бос ақшалай
қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді және пассивтік
операцияларды жүргізу арқылы банк өзінің келесі банктік ресурстарын
қалыптастырады.
1) меншікті капитал;
2) сырттан тартылған қаражаттардыміндеттемелер.
Пассивтік операциялардың басым бөлігін депозиттік операциялар
құрайды. Депозитік операцияларға келесі операциялар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қабылдау,
оларды депозиттiк шоттарға орналастыру;
- депозиттік шоттар бойынша кіріс-шығыс операцияларын
жүргізу;
- депозиттік шоттар бойынша клиенттің талабы бойынша
мұрагерлік, сенімхат, аударым операцияларын жүргізу;
- депозиттік шоттар бойынша проценттер-сыйақы есептеу;
- депозиттік шоттар бойынша чектер, төлем карточкаларын
беру;
- депозиттік шоттардың есебі мен архивін жүргізу;
- тағы басқадай.
Депозиттер банктiк шоттарда орналасады. Банктiк шотта шот иесiнiң
салған және алған ақшаларының сондай-ақ басқа жақтан шот иесiнiң атына
түскен және шот иесiнiң тапсыруымен үшiншi бiр тұлғаның пайдасына
шегерiлген аударымдарының есебi жүргiзiледi. Шоттардың түрлерi мен санын
талдау клиенттiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Банктерде депозиттiк шоттар теңгемен де валютамен де ашылуы мүмкiн.
Банктiк шотты ашу - банк пен клиент арасында келiсiм-шарт жасау арқылы
орындалады. Заңды және жеке тұлғалар үшiн депозиттiк шоттардың мынадай
түрлерi ашылады: ағымдық, корреспонденттiк шоттар. Ағымдық шоттар заңды
және жеке тұлғаларға ашылады. Корреспонденттiк шоттар – банктер мен банк
емес несие-қаржы ұйымдарына ашылады.
Ағымдық шотта шот иесiнiң депозиттік операциялар бойынша күнделiктi
операцияларының (кiрiс, шығыс) қозғалысының есебi көрсетiледі. Заңды
тұлғалардың есеп айырысу не ағымдық шоты бойынша тауарларды өткiзумен,
тауарлар өндiрудi қамтамасыз етумен өндiрiстiк шығындармен есептесумен,
жұмысшыларға жалақы, салық органдарына салық төлеумен байланысты
операциялар жүргiзiледi. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау
кезiнде ашылатын есеп айырысу шоттары көбiнесе жинақ шоттары деп аталады.
Жинақ шоттары келiсiм шарт жасау негiзiнде жинақ салымдары бойынша жеке
тұлғаларға ашылады. Жеке тұлғаларға депозиттiк жинақ шотын ашу және ол
бойынша қызмет көрсету банкте бекiтiлген ережелер бойынша айқындалады
Салымшының ақшасын қайтару кепiлдiгi банктiң бүкiл мүлкiмен қамтамасыз
етiледi. Бірақ банк ҚР-ның қолданыстағы заңдарға сәйкес өкiлеттi
органдардың салымшының ақшасына тыйым салу немесе өндiрiп алу әрекеттерi
салдарынан келтiрiген шығындар үшiн жауап бермейдi. Депозитті келiсiм-
шарттың талаптары бұзылған жағдайда екі жақ та ҚР-ның қолданыстағы
заңдарына сәйкес жауапты болады. Банктiң кiнәсiнен депозит уақытында
қайтарылмаса банктер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сай
айыппұл төлейдi.
Банк жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдарына Қазақстанның жеке
тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру Қоры арқылы “Жеке тұлғалардың
салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру” Ережесiнде белгiленген
тәртiппен кепiлдiк бередi.
Қазақстандағы барлық банктер депозиттерді міндетті сақтандыру
жүйесіне енуге мүдделі. Өйткені тұлғалардың салымдарын міндетті
ұжымдық сақтандыру жүйесіне енген банктердің депозиттік операциялары
бойынша шектеулер қойылмайды. Ал бұл жүйеге қатыспаған банктерге
депозиттер қабылдауда шектеулер қойылады. Қазақстанда депозиттерді
міндетті сақтандыру жүйесіне қатысқан барлық банктер депозите
иелерінің мұддесін қорғауға және тиімді саясат жүргізуге міндетті.
Депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысу үшін банктерге
мынадай талаптар қойылады:
- халықаралық стандарттарға өту бағдарламасын қабылдаған
банктердің бірінші тобында болуы керек;
- сақтандыру жүйесіне қабылдау жөнінде өтініш бергенге дейінгі
3 айдың ішіндегі меншікті капиталының көлемі Ұлттық Банк
Басқармасының қаулысымен қабылданған Ережеде белгіленген
мөлшерден кем болмауы тиіс;
- Ұлттық Банк бекіткен пруденциялық нормативтер сақталған
болуы керек;
- депозиттерді сақтандыру жүйесіне енгізу жөнінде Ұлттық
Банктің рекомендациясы болуы керек;
- соңғы жылғы қаржылық есебі болуы керек және ол Ұлттық Банк
белгілеген аудиторлық ұйымның тексеруінен өткен болуы тиіс.
Қазіргі таңда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі 35 банкі қатысуда.
Банк-қатысушы банкротқа ұшыратған жағдайда қатысушы - банкті
ықтиярсыз жабу туралы соттың шешімі күшіне енгеннен кейін Кепілдік
беру Қоры тендер жариялап, соның негізінде салымдар бойынша
қайтарымды өтейтін агент - банкті тағайындайды. Агент – банк жөнінде
ақпараттар республикалық басылымдарда жарияланады. Осыдан кейін
жабылған банктің салымшысы өтінішімен бірге депозит жөнінде тиісті
құжаттарын агент-банкке өткізеді.
“Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық
сақтандыру жүйесіне енгізу туралы” Ереже бойынша қайтарым сомасы
депозиттің көлеміне байланысты анықталады.
Пассивтік операцияларды жүргізумен және олардың қолайлы
сәйкестігін сақтаумен байланысты банктің жүргізетін жұмыстарының
жиынтығы - банктік пассивтерді басқару деп аталады. Банктік
пассивтерді басқарудың мақсаты – арзан қаржы көздеріне қол жеткізу,
банктің ликвидтігінің тұрақтылығын сақтау, меншікті қаражаттарды
ұлғайту болып табылады.
Банктік пассивтрді басқару 2 жолмен атқарылады: Орталық Банктің
ақша-несие саясаты және банктің ішкі саясаты (макро және
микродеңгейде). Пассивтерді макродеңгейде басқарудың құралдары ретінде
Орталық Банктің валюта-несие және бағалы қағаздар нарығындағы
операциялары қолданылады.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстан
Республикасының Үкіметіне несиелік ресурстар нарығында берілетін
несиелердің шекті мөлшерін белгілеу арқылы коммерциялық банктердің
пассивтерінің қалыптасуына бірден ықпал етеді. Бұл тетікті қолдану
кезінде Ұлттық Банк шаруашылық субьектілерінің қосымша қаржы
көздеріне деген сұранысын есепке алмайды. Өйткені экономиканы
шамадан тыс артық несиелеу – инфляцияның күшеюіне, жеткіліксіз
несиелеу - төлемдердің кешігуіне ықпал етеді.
Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша
белгіленетін проценттік ставка - қайта қаржыландыру ставкасы немесе
есепке алу ставкасы деп аталады. Есепке алу ставкасын өзгерту арқылы
Ұлттық Банк несие нарығындағы несиелік ресурстарға сұраныс пен
ұсынысқа ықпал етеді. Мысалы, Ұлттық Банк есепке алу ставкасын
көтерген жағдайда (“қымбат ақша” саясаты) несиелік ресурстар нарығында
несиеге деген сұраныс азаяды. Соған сәйкес коммерциялық банктердің
пассивтері де азаяды.
Ұлттық Банк есепке алу ставкасын төмендеткен жағдайда несиелік
ресурстар нарығындағы несиелер арзандайды. Нәтижесінде коммерциялық
банктер арзан қаржы көздеріне қол жеткізеді, пассивтерін ұлғайтады.
Міндетті резервтер нормасы немесе резервтік талаптар - Ұлттық
Банктегі екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарындағы
ақшалай қаражаттарының қалдығының ең төменгі нормасы (5-20%
аралығында). Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын өзгерту арқылы
коммерциялық банктердің несиелік операцияларының ағымын бақылап
отырады. Несиелік шектеу қажет болған жағдайда (несиелік рестрикция)
Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын көтереді. Мұндай кезде
коммерциялық банктердің пассивтері азаяды. Ал несиелік
операцияларды ынталандыру қажет болған жағдайда (несиелік экспансия)
Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын төмендетеді. Бұл кезде
коммерциялық банктердің эмиссиялық мүмкіндігі артып, пассивтері
көбейеді .
Ұлттық Банк бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы
қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүргізеді. ҚР-ның Заңы
бойынша барлық банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдар мемлекекттік
бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Ұлттық Банктен мемлекеттік
бағалы қағаздардың белгілі бір бөлігін сатып алуға міндетті. Соған
сәйкес Ұлттық Банк коммерциялық банктерге мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатады және олардан сатып алады. Коммерциялық банктер
Ұлттық Банктен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде
пассивтері азаяды, ал қайтадан Ұлттық Банкке сатқан кезде
пассивтері көбейеді.
Пассивтерді микродеңгейде басқару банктің ішкі саясатымен
анықталады. Оған банктердің ішкі қызметіндегі депозиттік саясаты,
процент саясаты, несиелік саясаты, меншікті капиталдың
жеткіліктілігін қамтамасыз ету және арзан банктік ресурстарды
қалыптастырумен байланысты жүргізетін жұмыстары жатады.
Меншікті капиталдың аздығы банктiң салымшылар алдындағы
мiндеттемелерiн орындай алмау және кредиторлар алдындағы қарызын өтей
алмау қаупiн күшейтедi. Сондықтан банк жүйесiнiң тұрақты жұмысын
қамтамасыз ету үшiн меншiктi капитал жеткiлiктi болуы тиіс. Бұл
көбінесе банктiк ресурстарды тиiмдi орналастыруымен немесе табысты
инвестициялық саясат жүргізумен байланысты болады.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы коммерциялық банктердiң айналымдағы
активтерiнiң басым бөлiгiн қысқа мерзiмдi ақшалар құрайды. Сондықтан
банктер ұзақ мерзiмдi инвестициялар жасай алмайды. Сонымен бірге
берілген несиелердiң мерзімінде қайтарылмау фактiлерiнiң жиi орын алуы,
бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы да жағымсыз ықпал етіп отыр.
Соған сәйкес келешек банктердің меншікті капиталын ұлғайту
тетіктерін жетілдіру көзделуде.

1.2 Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу көздері

Меншiктi капитал – банктiң барлық ресурстарынан банктiң
мiндеттемелерiн шегерiп тастағаннан кейiнгi банкке тиесiлi
қаражаттарды білдіреді. Меншікті капитал банктің коммерциялық
қызметінің жүзеге асуының негізін қалайды және банктің қызметінің
тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Банктің меншікті капиталының маңызы өте зор. Атап көрсеткенде
меншікті капитал банк зиян шеккенде немесе борыштық тұрақсыздыққа
ұшырағанда салым иелері мен кредиторлардың мүддесін қорғайды, банктің
төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік орган заңнамалық және нормативтік актілердің көмегімен
банктің меншікті капиталының мөлшері мен құрылымын қадағалау арқылы
банктердің қызметі реттеп отырады. Меншiктi капитал - бастапқы капитал
ретінде қызмет ете отырып, банктің активтік операцияларының өсуінің
негізін қалайды. Банктің құрылтайшылары банктің акционерлік капиталына
қаржы салу арқылы активтердің банктік айналымын жүзеге асырады.
Банктер күтпеген шығындардың алдын алу мақсатында меншікті
капиталдың резервін құрады.
Банктің меншікті капиталының мөлшері мен құрылымы аса маңызды
көрсеткіш болып табылады. Оның бірнеше себептері бар.
✓ Меншікті капиталының мөлшеріне қарай банктің ішкі
және халықаралық рыноктағы бәсекелестік позициясы мен
келешек даму стратегиясы анықталады;
✓ Банктің меншікті капиталы сырттан тартылған
қаражаттармен бірге айналыс жасап банкке табыс әкеледі,
үлғайып отырады;
✓ Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай оның
қызметінің ауқымы анықталады. Яғни банктің активтік
операцияларының ұлғаюы оның меншікті қаражаттарының
нақты көлемімен байланысты.
✓ Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай банктің
қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі анықталады;
✓ Банктің меншікті капиталы банктің қызметіне жаңа -
прогрессивті банктік технологияны енгізуді, банктік
сервисті одан әрі жақсартуды қамтамасыз етеді.
Банктiң меншiктi капиталының құралу көздері:
- жарғылықакционерлік капитал;
- банктік резервтер;
- қосымша капитал;
- бөлiнбеген пайда.

1 сурет - Меншікті капиталдың құралу көздері[1]

Жарғылық капитал банктің меншікті капиталының бастапқы негізін
құрайды. Оның мөлшері құрылтайшылардың банк ашу жөніндегі келісі-
шартында және банктің жарғысында белгіленеді. Банктің құрылу
формасына қарай (АҚ немесе ЖШС) құрылташылар жарна төлейді немесе
банктің акцияларын сатып алады. Құрылтайшылар жарғылық капиталға
салынатын қаражатты ақшалай немесе бағалы қағаздар түрінде сондай-
ақ, материалдық активтер ( тек банктік ғимарат) түрінде сала алады.
Банктік ғимараттан тыс материалдық активтермен төлеуге банктің
директорлар кеңесі рұқсат етеді және оның шекті нормативін
белгілейді. Жарғылық капиталға салынған материалдық активтер
бағаланып, құны ұлттық валютамен банктің балансында тіркелуі
керек. Құрылтайшылар жарғылық капиталға салынуға тиісті қаражатты банк
тіркелгеннен кейін 1 айдың ішінде толығымен төлеуі тиіс.
Акционерлік капитал акциялар шығару және оларды сату есебінен
қалыптасады және соған орай акционерлік капитал деп аталады.
Акционерлік капиталдың мөлшері банк акцияларын ұстаушы –
акционерлердің барлық акцияларының номинал құнынан құралады.
Жарғылық капитал жарияланған және шығарылған капитал болып
бөлінеді. Жарияланған капитал - банктің жарғысында көзделген
капиталды, ал шығарылған капитал - акциялар шығару және оларды
орналастыру есебінен қалыптасқан капиталды көрсетеді. Жаңадан ашылған
банктің акционерлері жарғылық капиталдың жарияланған мөлшерінің 50%-
тін банк мемлекттік тіркеуден өткенге дейін төлеуге тиісті. Ал банк
мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап 1 жылдың ішінде
жарияланған жарғылық капитал толық төленуі тиіс.
Банк акциялар шығару үшін Ұлттық Банктен экспертизадан өтуі тиіс.
Ол үшін ол Ұлттық Банкке келесі құжаттарды тапсырады:
- арыз-өтініш;
- акциялар шығару жөніндегі шешім қабылданған акциоерлердің
жалпы жиналысының протоколының көшірмесі;
- бағалы қағаздардың өткен эмиссиясы туралы құжаттар мен
эмиссия қорытындысы туралы есеп;
- акция эмиссиясы жөнінде мәліметтер проспектісі;
- ең соңғы есепті датаға баланстық есеп және пайда мен шығын
туралы есеп;
- банк қызметінің қорытындысы жөнінде аудиторлық мекемелердің
тексеру қорытындысы.
Ұлттық Банк тапсырылған құжаттарды 1 айдың ішінде тексеріп,
олар дұрыс болса экспертизадан өткені жөнінде эмиссиялық
проспектінің екі данасына белгі қояды және банктің эмиссиялық
проспектісі жөнінде жазбаша қорытынды береді. Бұл құжаттар банкке
қайтарылады. Ал эмиссиялық проспектінің 3-данасы Ұлттық Банкте
қалады.
Банк Ұлттық Банктің экспертизалық қорытындысын Бағалы қағаздар
жөніндегі Ұлттық Комиссияға тапсырады. Бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық Комиссия Ұлттық Банктің экспертизасы негізінде эмиссиялық
проспектіні тіркейді.
Банк эмиссия тіркелгеннен кейін акцияларды шығарып орналастырады
және эмиссияның қорытындысы жөнінде әрбір 6 ай сайын Бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияға есеп беріп отырады.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету және банктің салымшыларының мүддесін қорғау мақсатында
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2.06. 2001 жылғы № 190 қаулысымен
екінші деңгейдегі банктердің жарғылық капиталы мен меншікті
капиталының ең төменгі мөлшері мынадай болып бекітілген:
1) жаңадан ашылған банктер үшін жарғылық капиталдың ең
төменгі мөлшері - 2 млр теңге;
2) банктік операцияларды жүргізуге өкілеті органнан
лицензия алған, 1 филиалы бар банктердің меншікті
капиталының ең төменгі мөлшері – 1 млрд теңге;
3) Филиалы 1 –ден асатын банктер үшін меншікті капиталдың
ең төменгі мөлшері – 1 млрд теңге + Астана және
Алматы қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан
әрбір филиал үшін -30 млн теңге, + өзге қалаларда
орналасқан әрбір филиал үшін – 15 млн теңге, + елді
мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін – 10 млн теңге, +
Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында
орналасқан әрбір касса үшін – 15 млн теңге, + өзге
қалаларда орналасқан әрбір касса үшін – 10 млн теңге, +
елді мекендерде орналасқан әрбір касса үшін – 5 млн
теңге.
Банк өзінің міндеттемелерін өтеп, салықтарды төлегеннен кейінгі
қалатын таза пайданың есебінен банктік резервтер құра алады.
Банктік резервтер – резервтік капитал тағы да басқа мақсаттағы арнайы
қорлар түрінде құрылып, банктің келешек дамуы мен банктің
қызметкелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға немесе
төтенше шығындарды жабуға жұмсалуы мүмкін. Оларды құрудың тәртібі
мен жұмсалуы заңдар мен құрылтай құжаттарының негізінде анықталады.
Банктік резервтерге жарналау аудару мен дивидендтер төлеу
атқарылғаннан кейін қалатын пайданың бөлігі – бөлінбеген пайда болып
табылады және ол несиелік ресурстар есебінде қолданылады.
Ұлттық Банк пен өзге де қадағалаушы мемлекеттік органдар банктің
меншікті капиталының жеткіліктілігі жөніндегі көрсеткіштерге қарап
банктің қызметіне баға береді және бақылау жасайды.
Меншікті капиталдың жеткіліктілігінің көрсеткіші банктің қаржылық
тұрақтылығын, тәуекел ету мүмкіндігін және активтердің құрамындағы
меншікті капиталдың үлес салмағын көрсетеді. Соған сәйкес соңғы
жылдары Ұлттық Банк банктің меншікті капиталына қойылатын талаптарды
күшейтуде. Олардың қатары мынадай:
- банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін
ұлғайту керек;
- тәуекелдердің алдын алу үшін меншікті капитал базалық
және қосымша капиталдардан тұру керек. Базалық капитал ең
тұрақты және сенімді қаржы көздерінен құралса, қосымша
капитал үмітсіз қарыздар мен тәуекелді шығындарды жабуға
жұмсалатын резервтер мен провизиялардан құралу керек.
Базалық капитал мен қосымша капиталдың қолайлы
арасалмағын сақтап, қосымша капитал көлемінің базалық
капиталдың көлемінен асып түспеуін қадағалау керек;
- міндеттемелерін дер кезінде орындау үшін қажетті ликвидті
активтердің жеткілікті көлемін ұстап тұру керек; Өйткені
өзге тартылған қаражаттардың есебінен міндеттемелерін өтеу
банктің пайдасын азайтады және несиелік ресурстардың
ысырапсыз жұмсалуына әкеледі;
- меншікті капитал мен сырттан тартылатын қаражатардың
қолайлы арасалмағын қадағалауды меншікті капиталдың
жеткіліктілігі нормативі арқылы жүзеге асыру керек;
- меншікті капитиалдың жеткіліктілігін қолдауды капиталды
кезең-кезеңмен ұлғайтып отыру, активтердің жалпы сомасын
қысқарту, тәуекелі жоғары активтердің үлес салмағын
кеміту арқылы активтердің құрылымын өзгерту арқылы жүзеге
асыру керек;
- тағы басқадай.
Егер банктің міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан
асып түсетін болса онда, банктің меншікті капиталы - теріс капитал
болып саналады. Банктің меншікті капиталы 3 ай бойы қатарынан
теріс күйде болған жағдайда өкілетті орган ҚР Үкіметінің
келісімімен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды тез
арада жаңа инвсторға сату жөнінде шешім қабылдауға құқылы болады.
Меншікті капиталды тиімді басқару үшін және оларды тиімді жұмсау
үшін оның көлемі мен құрылымын нақты анықтау керек. Банктік
тәжірибеде оны анықтаудың бірнеше варианттары қолданылады. Соның
ішінде кеңінен қолданылатын ең қолайлы вариант бойынша есептегенде
банктің меншікті капиталының көлемі банктің активтері мен оның
міндеттемелерінің айырмашылығына тең болады. Бірақ қазіргі уақытта
меншікті капиталдың нақты көлемін есептеу үшін оның екі деңгейлі
құрылымдық концепциясына негізделген методика қолданылады. Бұл
концепция “Банктік капиталды өлшеу мен оған қойылатын талаптардың
халықаралық келісімі” деп аталады, оны Банктік қадағалау бойынша
Базель комитеті 1988 жылы қабылдап бекіткен. Халықаралық келісім
капиталдың жеткіліті деңгейі мен қадағалау үшін қолайлы түрін
айқындайды, нормативтерінің халықаралық стандарттарын белгілейді. 1
және 2- деңгейдегі капитал құрамыкомпоненттері мынадай:
К1 = тіркелген капиталдың мөлшерінде төленген капитал + қосымша
капитал + өткен жылдардың таза табысы есебінен қалыптасқан қорлар
мен резервтер және бөлінбеген таза табыс – материалдық емес активтер
- өткен жылдардың шығындары – ағымдық жылғы шығындар (шығыстың кірістен
артып кетуі жағдайында).
К2 = ағымды жылғы табыс (ағымды жылда табыстың шығыстан артып
кетуі) + қайтадан бағаланған негізгі құралдар мен бағалы қағаздар +
провизиялар+ субординацияланған мерзімдік борыштар.
Жоғарыда аталған халықаралық келісім банктерден жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшері мен меншікті капиталдың
жеткіліктілігінің нормативтерін белгілеуді және оларды қатаң сақтауды
талап етеді. Соған сәйкес барлық елдерде Базель комитетінің
стандартарына сүйене отырып банктік капиталдың нормативтерін
белгілейді. Бұл нормативтер банктік капиталды қадағалауға қолайлы
жағдай жасай отырып, оларды тиімді басқару мен тиімді жұмсауды
қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, банк меншікті
капиталын ұдайы ұлғайтып отыруды көздейді. Оның 2 жолы бар. Олар:
1) қосымша акциялар шығару – қосымша акциялар шығару
және оны тарату;
2) пайданы жинау – пайданың есебінен түрлі қорлар
құрып оларды жинақтау немесе бөлінбеген пайданы
бірнеше жыл бойы жинау. Сөйтіп жинақталған
қаражатты жарғылық капиталды ұлғайтуға жұмсау
(капитализация уставного капитала).

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНК СЕКТОРЫНЫҢ МЕНШІКТІ
КАПИТАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1 Екінші деңгейдегі банктер қызметінің тиімділігі жəне капиталдың
жеткіліктілігі

Шетелдік қаржы институттарының соңғы кездегі ірі сатып алуларына
қарамастан шетелдік қатысумен банктердің активтерінің банк секторының
жиынтық активтеріндегі үлесі олардың жарғылық капиталының банк жүйесіндегі
жарғылық капиталдағы үлесімен қатар елеусіз күйінде қалуда.
Капиталдың жоғары шоғырлануының сақталуы жəне басқа ойыншылар тарапынан
бəсекелестіктің жетіспеуі кезінде қаржы секторында жүйелік тəуекелдерге
ұшырау күшейеді. Банктік қызмет көрсетудің отандық нарығында ірі банктердің
басым болуы тарихи жайт болып табылады. Республикадағы 5 ірі банктің
активтерінің банк секторының жиынтық активтеріндегі үлесі 01.10.2007 жылы
77,9% ( 01.01.2003 жылы – 71,3%) болды. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан
бастап оның аздап төмендегені байқалады, бұл бір жағынан, бəсекелестіктің
күшеюіне, екінші жағынан, американдық ипотекалық дағдарыстан болған
ғаламдық нарықтардағы ауытқулардан болған банктердің белсенді қызметінің
аздап баяулауына байланысты болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жəне
сақтандыру секторында 5 ірі қаржы институты үлесінің аздап ұлғаюы
байқалады.
Нарықтық шоғырланудың жиынтық көрсеткіші ретінде Херфиндаль-Хиршман
индексі пайдаланылады. Банктік қызмет көрсету нарығы бойынша жүргізілген
есеп айырысуларға сəйкес осы индекс 1 486, зейнетақы қызметі нарығы бойынша
1 625,3, сақтандыру секторы бойынша 745,5 болды.
Шетелдік қатысумен банктер активтерінің банк секторының жиынтық
активтеріндегі үлесі жəне олардың жарғылық капиталының банк жүйесіндегі
жарғылық капиталындағы үлесі төмендеді жəне елеусіз болып табылады.
Валюталық өтімділік нормативтерін мерзіміне қарай енгізу банк
секторының валюталық тəуекелге ұшырауын төмендетуге мүмкіндік берді. Шетел
валютасымен активтер шетел валютасымен номинирленген міндеттемелерді
жабады.
Соңғы жылдары шетел валютасындағы міндеттемелердің шетел валютасымен
номинирленген активтерден асып кетуі орын алды. Ағымдағы жылы ахуал өзгеше
түрде қалыптасты жəне бүгінде шетел валютасындағы активтер елеусіз
болғанымен де шетел валютасындағы міндеттемелерден асып кетті, бұл бірінші
кезекте, қадағалау органының валюталық өтімділік бойынша жаңа талаптардың
мерзіміне орай енгізілуімен, ал екінші жағынан, шетел валютасымен
кредиттеуді жандандырумен түсіндіріледі.
Шетел валютасындағы міндеттемелердің банктердің жиынтық
міндеттемелеріндегі үлесі 2006 жылы байқалған төмендеу үрдісін сақтап
отыр.

2-сурет. Банктердің шетел валютасындағы
міндеттемелері (%-)[2]

Қысқа мерзімді активтердің жəне қысқа мерзімді міндеттемелердің
арақатынасы қолайлы деңгейде тұр, бұл банк жүйесінің пайыздық тəуекелге
ұшырау дəрежесін төмендетеді. Сыртқы міндеттемелер бойынша сыйақы
ставкаларының рұқсат етілген шекте күрт көтерілуі банк жүйесіне айтарлықтай
ықпал етпейді.
2007 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мерзімі 1 айға дейінгі
активтердің мерзімі 1 айға дейінгі міндеттемелерге қатынасы 0,9 болды.
Мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі активтердің мерзімі осындай міндеттемелерге
қатынасы 1,0 болды.
Бүгінгі күні банк жүйесі осалдығының маңызды факторларының бірі банктер
тартатын ресурстар бойынша əлемдік пайыздық ставкаларының ауытқулары болып
табылады.
Экономикалық өсу қарқынының бəсеңдеуін немесе барлық экономика
коллапсын, оның ішінде көрші нарықтардағы ықтимал күйзелістерді күту
банктердің қаржылық жай-күйіне ықпал етуге себепші болады. Пайыздық
ставкалар 175 базистік тармақтарға ұлғайған кезде 3 банк бойынша k1 жəне k2
меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін сақтамау байқалады.
Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер және оның қаржылық жағдайы
Банктің қаржылық жағдайы көрсеткіштері
Банктің меншікті капиталының құрылымы
Банктің меншікті капиталы,оның құрылымы және қалыптасуы
Қазақстан Республикасының цифрлык банкинг жүйесі
Коммерциялық банктің қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Банк қызметін мемлекеттің тиімді реттеуі
ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ КАСПИЙ БАНК АҚ-ДА НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Пәндер