Ірімшік өндірісін ұйымдастыру және оның экономикалық тиімділігін анықтау



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Өндіріс процесінің механикалық қамсыздануының мүмкін болатын нұсқауларын анықтау және қондырғының техника . экономикалық сипаттамасы
2.2 Эксплуатациялық шығындарды нұсқа бойынша есептеу
2.3 Жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін қондырғыны таңдаудың экономикалық негізі
2.4 Ағымдық өндірісті ұйымдастыру және ағымдық жүйені ұйымдастыру бойынша есептеулер
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ірімшік өндірісін ұйымдастыру және оның экономикалық
тиімділігін анықтау

Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Өндіріс процесінің механикалық қамсыздануының мүмкін болатын
нұсқауларын анықтау және қондырғының техника – экономикалық сипаттамасы
2.2 Эксплуатациялық шығындарды нұсқа бойынша есептеу
2.3 Жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін қондырғыны таңдаудың
экономикалық негізі
2.4 Ағымдық өндірісті ұйымдастыру және ағымдық жүйені ұйымдастыру
бойынша есептеулер

ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Өндірісте жоғары эффектілікке қол жеткізу үшін оны ұйымдастыру қажет.
Ұйымдастыру болғанда институттарда, конструкторлық бюроларда және жобалау
ұйымдарында жаңа заманға сай енгізіліп жатқан жаңа техникамен,
прогрессивті технологиялық процестермен өндірісті қамтамасыздандыру болып
табылады. Бірақ, жалғыз жаңа техниканы енгізген жеткіліксіз. Ол үшін
өндіріске енгізілген машиналар мен аппараттарды максималды қолданылу қажет,
олардың тұрып қалуларын қысқарту, жұмыс уақытын үнемдеу және еңбек
дисциплинасын бұлжытпау.
Өндірістің эффектілігін үздіксіз арттыруға шикізаттың,
материалдардың, жанармай және энергияның, капиталға салынған әрбір теңгенің
үнемделіп жұмсалуы, өнім көлемінің өсуі және өзіндік құнының төмен болуы да
өз үлесін қосады.
Жалпы айтатын болсақ, өндірісті ұйымдастыру дегеніміз – кәсіпорындағы
барлық элементтердің уақытта және кеңістікте (еңбекті, еңбек заттарын,
еңбек құралдарын) өзара үйлесімді байланысын қамтамасыз ету.
Өндірісті ұйыждастыру және жоспарлау ғылымы экономикалық ғылымдардың
құрамдас бөлігі ғана болып табылады, олардың теориялық негізі саяси
экономия. Саяси экономия экономикалық заңдылықтардың, халық шаруашылығының
маштабындағы жалпы өндірістердің барлығына тән іс - әрекеттерді ашады.
Қазіргі уақытта тағам өнеркәсібінде негізгі өндірісіті ұйымдастыру
мәселесі өте маңызды болып отыр, өйткені нарықтық экономикада бәсекелестік
күрестің шиеленісу жағдайларында әр кәсіпорын өз өніміне сұранысты
қамтамасыз ету үшін оны әрі сапалы түрде шығаруы керек және шығынды, соған
сәйкес өнім бағасын азайтуға ұмтылады. Ал, бұл мақсаттарға жету үшін
кәсіпорын басшылығы міндетті түрде өндірісті ұйымдастыру қағидаларын,
әдістері мен принциптерін барынша қолданылу қажет. Сонымен қатар
шығарылған дайын өнімді адам тікелей қолданатын болғандықтан, олардың
тағамдық қасиеттерін қатаң түрде қадағалау тиіс.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Өндіріс процесінің механикалық қамсыздануының
мүмкін болатын нұсқауларын анықтау және қондырғының
техника – экономикалық сипаттамасы

Ірімшік өндірісінің технологиялық процесін экономикалық тұрғыда
сипаттау үшін 3 операция таңдалды: ұйытынды жасау, ірімшікті салқындату,
ірімшікті жаншу әрбір процеске 2 қондырғы таңдалды.
Линия келесі технологиялық қондырғыларды қосады: майсыздандырылған
сүтті ашытуға арналған сыйымдылық 2, ұйытындыға арналған сорап 3, аралық
сыйымдылық 4, ұйытындыны айырғы - ірімшік дайындаушыға беретін сорап 5
сүзгіш 9, айырғы – ірімшік дайындаушы 10, майсыздандырылған ірімшікті
салқындатқыш 11, майсыздандырылған ірімшік үшін арналған сорап 12,
майсыздандырылған ірімшікті кілегеймен араластыратын тығындары бар
араластырғыш 14, ірімшікке арналған сорап 15, ірімшікті бөлшектеп өлшеуге
арналған автомат 16, ашытқы үшін арналған мембраналық сорап 1, кілегейлер
үшін сыйымдылық 6, кілегейлер үшін мембраналық сорап 7, кілегей үшін
арналған салқындатқыш 8, кілегейге арналған сенгел 13.
Дәстүрлі әдіске қарағанда бөлу әдісінде сүт айырылады және
майсыздандырылған сүттен кілегеймен араластырылатын майсыздандырылған
ірімшік шығарылады. Ол үшін тығындары бар араластырғыштарды қолданылады.
Араластырғыштың құрамына майсыздандырылған ірімшіктің қабылдаушы
шанағы 5, ірімшіктің және кілегейдің тығындары 4, 3, араластырғыш 2, жетег
2 және станина кіреді. Араластырғыштың жұмысы кезінде ірімшіктің мөлшері
тұрақты болуы керек, ал кілегейдің мөлшері сәйкесінше оның майлылығымен
реттеліп отырылуы керек.
Майсыздандырылған ірімшік шанақтан тығынға 4 шнекпен беріледі және
онда орналасқан екі сектор арасындағы бос кеңістікті толтырады. Екі сектор
да ірімшіктің белгілі – бір мөлшерін алып қозғалысқа келеді және оны
шығысқа бұрады. Одан кейін бір сектор тоқтатылады, ал екіншісі мөлшерді тор
арқылы қысқылайды да қозғалысын жалғастырады. Тор арқылы өткен кезде
ірімшік үзіліссіз жіптер сияқты буда түрінде болады. Осымен қатар бір
уақытта дозатордың 3 ішіндегі поршень кілегейдің келесі мөлшерін итеріп
шығарады. Ол тор арқылы жоңқа тәріздес түрді қабылдап өткен кезде
ірімшіктің үзіліссіз жіптер буда тізбегін шаяды. Осының нәтижесінде келесі
қоспаны араластыру шарттарының оданда жақсаруын арттырады. Араластырғышта 2
қоспа тиянақты араластырылады және валдың қозғалмалы қалақшаларымен
конустық саптамаға беріліп араластырғыштан шығады.

1. сурет. Ірімшікті бөлу әдісімен өндіру линиясының сұлбасы: 1-
ашытқы үшін мембраналық сорап; 2 – майсызданған сүтті ашыту үшін
сыйымдылық; 3 – ұйытынды үшін сорап; 4 – аралық сыйымдылық; 5 – айырғы –
ірімшік дайындағышқа ұйытындыны беру сорабы; 6 – кілегей үшін сыйымдылық; 7
– кілегей үшін мембраналық сорап; 8 – кілегей үшін салқындатқыш; 9 –
сүзгіш; 10 – айырғыш ірімшік дайындағыш; 11- майсызданған ірімшік үшін
салқындатқыш; 12 – майсызданған ірімшік үшін сорап; 13 – кәлегей үшін
сенгел; 14 – тығыны бар араластырғыш; 15 – ірімшік үшін сорап; 16 –
ірімшікті бөліп өлшеу автоматы.

Қондырғылардың техника – экономикалық сипаттамалары 1 кестеде
берілген.
Өнімділік, машина сыйымдылығы, бір циклдың ұзақтығы,
электрқозғағыштардың қуаты, су, бу, суық, газ, жанармай шығындары, дайындық
аяқтау уақыты, нормалық санды және жұмыс разрядын қондырғынын сәйкесінше
катологтардан, салалық кондырғылар бойынша анықтамалардан және т.б.
техникалық әдебиеттерден алынды. Тасымалдау мен жүру жолдарын есепке
алғандағы машинаның алатын ауданы қондырғының графиктік ауданы 3,5
коэффицентіне көбейту (ұзындығы машина еніне) арқылы табылады. Монтаж бен
меткізудің алғашқы құны машинанын алғашқы құнынан 20% мөлшерінде алынады.
Машина өндеудің кезектілігі жоспарын ескертпелі өндеулер графиктерімен
анықталады.
Олар сәйкес анықтамаларда практикада алынған берілгендерде
(қондырғылар құжатында) немесе берілген методикалық әдістеменің
қосымшасында болды. Сонда берілгендер методикалық әдістеменің қосымшасында
болды. Сонда берілгенде қондырғыны жөндеу күрделілігінің категориясы
көрсетілген. Машина – эталонының күрделі жөндеудің жұмыс сыйымдылығы
(жөндеу бірлігі) сағатына 35 адамға тең деп алынды.
Смена ұзақтығы 8 сағатқа тең. Соған қоса кәсіпорындардағы әртүрлі
типтегі қондырғылардың эксплуатациялық шарттары туралы мәліметтер
келтірілген, соның ішінде қызымет көрсету қолайлылығы және машиналардағы
жұмыс қауыпсіздігі.

2. 2 Эксплуатациялық шығындарды есептеу

Есептеу машинаны ғылыми жүктеу есебінен жүргізілді.
Эксплутациялық шығындарды өндірілетін өнім бірлігімен анықталады
(есептеудәі қолайлы болу үшін өнімнің өлшем бірлігі 10 – 100 және оден да
үлкен рет көбейтілуі мүмкін).
Эксплутациялық шығындарды жұмысшылардың әлуметтік қорларына еңбек
ақыдан есептелуден, қызымет көрсету машиналарынан; электроэнергияға бу, су,
суық, жанармай, сығылған ауаға шығындардан; жұмыс шығындарынан, қондырғы
жөндеуінен, ғимараттар мен машиналардың аммортизациялық шығарулардан,
ғимараттар мен қондырғыларды ұстап тұрудан (мазмұны), аз бағалы және тез
ұсатылатын инвентарьді жаңартуға кететің шығындардан цехтік персоналдың
еңбек ақысы және т.б. шығындардан жинақталады. Сонымен бірге әкімшілік –
басқару персоналы мен және т.б. өндірістік емес шығындарға, соның ішінде
период шығындарына байланысты шығындар бірге есептеледі.
Еңбек ақы мөлшері уақыты нормасын есептеу негізінде (немесе өндеу
нормасы) және жұмыскерлердің тарифтік ставкасы (сағаттың) негізінде
анықталады.
Берілген қондырғы бойынша 1 сменадағы өнімдлік нормасын анықтау үшін
машинаның 1 сағат ішіндегі (Пч) өнімділік көрсеткіштері және 1 смендағы
оның жұмысының тиімді уақыты қолданылды. (Тф) өңдеу нормасын есептеу
формуласы:

Нв = Пч * Тэф Чр
1

Мұндағы: Пч – машинаның сағаттық өнімділігі, Тсағ;
Тэф – бір сменадағы машинаның тиімді жұмыс уақыты, сағ;
Чр – бір машинаға қызымет көрсететін жұмысшылар саны, адам;
Тиімді уақыт сменалық уақыт (Тсм) пен дайындық – аяқтау операциясына
кететін уақыт (Тпз) арасындағы 1 – кестеде келтірілген.
Тэф = Тсм – Тпз, яғни машина сыйымдылығы туралы және бір цикілдык (Дц)
туралы берілгендер бар болса, онда бұл жағдайда оның сағаттық өнімділігін
есептеу үшін келесі формула қолданылады: Пч = Ер Дц, ары қарай есептеу
1 формуласы бойынша жүргізіледі.
Қондырғының әрбір нұсқасы бойынша өнімділік нормасының есептелуін 2 –
кесте түрінде келтіруге болады.
Алынған өңдеу нормасынан уақыт нормасын келесі формула бойынша
есептеледі:
Нвр = Тсм Нв, сағ.
2

Уақыт нормасымен бірлік тарифтік көрсеткішті қолдана отырып тор өнім
бірлігіне бағаларын (расценок) орнатады. Бағалар мына формула бойынша
анықталады:
Р = Нвр * Тстч, теңге
3
Мұндағы: Тстч – сәйкес разрядтағы жұмысшының сағаттық тарифтік
ставкасы;
Тарифтік ставка – 1 разрядты тарифтік ставка мен сәйкес разрядты
тарифтік коэффиценттің көбейтіндісі ретінде қолданылады. Тарифтік
коэффицент: 1) 6 - 1,43; 2) 7 - 1,54; 3) 8 - 1,66.
Бағаның тұрақтандырылған мөлшеріне еңбек ақыға расценкіден 15%
мөлшерінде әртүрлі қосымша төлемақылар (нақты атқарылан уақытқа қосымша
төлемақы) және расценкімен қосымша төлемақылар сомасынан 20% мөлшеріндегі
еңбекақыға қосымша төлемақы (нақты атқарылған уақыт үшін қосымша төлем)
қосылады.
Әлуметтік қорларға салымдар баға, доплата және қосымша төлемақы
сомасынан 27% мөлшерінде қолданылды. Есептеулер нәтижесінде 3 – кестеге
толтырылды.
Электрэнергияға шығындар 4 – кесте бойынша анықталады. Қозғағыштардың
қолдану коэффицентінің берілгендері пайдаланылды. Табылмаған жағдайда бұл
коэффицент 0,85 – ке тең деп алынады.
Бу шығындары 5 – кесте бойынша есептеледі, суға, суыққы, жанармайға
және т.б. шығындарды анықтау үшін ұқсас кестелер қолданылады. Энергия
түрлеріне баға:
Электрэнергиясы – 1кВт сағ = 3 теңге
Бу – 1ГДж = 1600 теңге
Суық су – 1м3 = 920 теңге
Ыстық су – 1м3 = 90 теңге
Сығылған ауа – 1м3 = 28 теңге
Газ – 1м3 = 60 теңге
Одан кейін еңбек қауіпсіздігі бойынша есептеулер жүргізіледі. Ол
арнайы киім және санитарлық киімі тозуының мерзімінің әрекет ететің
нормалары бойынша, соған қоса санқызыметті қамтамасыз етуге кеткен
шығындар бойынша жүргізіледі. Бұл мақсаттағы шығындар белгілі – бір
жұмысшыға жылына 15 мың теңге есебінен алынса, онда үлкейтірген түрде
есептелуі мүмкін. Есептеулер 6 – кесте бойынша жүргізіледі.
Жөндеуші жұмыскерлердің еңбек ақысы ағымдағы жөндеу санынан, қарау,
жөндеу циклының құрылымымен, соған қоса жөндеуге және тарифтік торға еңбек
шығындары нормасымен анықталады. Жыл бойғы жөндеулерді есептеген кезде
жөндеу цикылының құрылымының берілгендерін, бірінші күрделі жөндеуден,
екінші күрделі жөндеуге дейінгі периоды қолданылды.

Егер бұл период 1 жылдан артық болса (мысалы, 24 немесе 36 ай), онда
бұл жағдайда барлық период арасында жөндеулер санын анықтап, алынған
нәтижені осы период ішіндегі жылдар санына бөлінеді. Жөндеулердің барлық
түріне еңбек шығының нормасын есептеу үшін жөндеу бірлігінің көрсеткіші (35
адамсағ.) және жөндеу түрлерінің арсындағы еңбек шығындарының қатынасы
қолданды. Ірімшік өндірісі үшін бұл қатынас келесі түрде болады: К:С:Т:О =
1:0,6:0,2:0,03. Осылайша жөндеу бірлігіне сәйкес жөндеулер үшін
қатынастар коэффиценттер арқылы берілген жөндеулердің жұмыс сыйымдылығы
анықталады. Осыдан кейін алынған нәтиже жөндеудің сол түрінің 1 жылдағы
санына көбейтіледі.
Жөндеу жұмысшыларына ортақ еңбек шығынын есептеу үшін жөндеулердің
барлық түрлерінің шығындары қосылды да, алынған мән жөндеудің күрделілік
категориясының көрсеткішіне (1 – кесте) көбейтіледі. Есептеулер 7 – кестеге
толтырылады.
Әрі қарай жөндеуге кеткен ақшалай шығындар 8 – кестеге сай
есептеледі.
Жөндеуге қажетті материалдар мен энергияға шығындар жөндеуші
жұмыскерлердің еңбек ақысын 70% мөлшерін, ал жөндеуге керекті қалған
шығындар еңбек ақының 90% мөлшерін құрады. Шығындардың алынған қорытынды
нәтижесінде 1 жылға есептелгенің ескере кеткен жөн және оларда өнім
бірлігінде есептеу үшін олар берілген қондырғы бойынша өнімнің жылдық
өндіруіне (выробатка) бөлінеді.
Қондырғы мен олар алып түрған ғимараттағы орын аммортизациясы олардың
бағасы мен амортизиялық қордың аударымдарының әрекет етуші нормаларымен
есептеледі. Қондырғы оны жеткізуге жіне монтажға кеткен шығындармен
есеателінеді. Берілген машинаның қондырғысына берілітің өңдірістік аудан
мөлшерін анықтау кезінде тасымалдау мен жүргізулерді есептеу керек.
Өндірістік аудан мөлшері алынған мөлшердің 1м2 бағасына көбейту арқылы
анықталады. 1м2 бағасы 12000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайын өнімдердің сапасына қойылатын сапа көрсеткіштер талаптары
Сүт және сүт өнімдерінің өндірісін басқару
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Жігер Ақ сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы және даму тенденциялары
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
АҚ "Сүт" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Зертхана меңгерушісінің қызметі
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке
Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
Пәндер