Тәрбиенің әдістері



1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зсрттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижссіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиеелік ықпал жасауы.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Марьенко И.С. «Советская педагогика», № 10, 1971.
2. Педагогика (Под ред. Ю.К. Бабанского. М., «Просвещение»,
1968, с 105.
3. Педагогика школы (Под ред. Г. И. Щукиной), М., «Просвещение», 1977.
4. Педагогика (Под ред. Ю.К.Бабанского. М., 1988. 105 бет.
5. Макаренко А.С. Дисциплина, режим, наказание и поощрение, Соч. 5
том, 155-156-беттер.
6. Журн. Советская педагогика. 1972, № 4.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
тәрбиенің әдістері
1. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Қазіргі педагогикалық теорияда Тәрбие әдісі ұғымы әлі де жете
зсрттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың
бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген
анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы
бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие
мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке
адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін
тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері
деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар.
Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды
өзінің зерттеу жұмысының нәтижссіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ,
біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл
сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің
тәрбиеелік ықпал жасауы.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай
қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама
ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика
мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне
бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және
мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік
дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және
мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-
құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және
олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы
қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық
ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралда рын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады.
Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету,
машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер
арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.

Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар,
көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары
(мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б.) жатады.
Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету — тәрбиенің
негізі құралдарын толық және тиімді пайдална білу. А.С.Макаренко өз
тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар
емес, керісінші олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-
ді.
Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінді іс-
әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса,
тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері
құралдары болып табылады

Тәрбие әдістерін жіктеу, оған әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарау.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40- жылдардың
соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері
проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова,
И.Т.Огородинков, Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.
б.
60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін
жіктеуде Советская педагогика журналының беттерінде бірнеше талас
пікірлер айтылып келді.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар.
Солардың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И.Щукина және С.В.Сластенин жасаған
тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде
қолданылып келеді.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық
институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие әдістерін
жіктеу 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-
қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалптастыру әдістері:
талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтығу, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап - мінез-құлық, нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік
тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар.
Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа
адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап — нақты
міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің
байымдауы, баға беруі — бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым
тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды
қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы,
баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп
ұстауы т. б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық),
мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір
тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы
маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын
жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі—бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық
тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен,
талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды
мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық
сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету,
машықтандыру, тапсырма.
Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және
қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және
тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып,
мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға
(мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни
безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.
Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы,
екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу; шынын айту, немесе
жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуациялар балалар көп ойланады, қайғырады.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдісте (ұғым, байымдау —
пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық
әңгіме, әңгімелесу, пікірталас лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы
тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет,
ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді
талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын
сипаттайды.

Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында
жақсы жазылған. Сондықтан мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас
әдістеріне тоқталамыз.
Әңгіме — бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі.
Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға
белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға
салып түсінеді. Әңгімі әдісі кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап
етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:
1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың
мүддесіне жауап беруі тиіс.
2.Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы
қажет.
3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді
пайдаланған жөн.
4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Тәрбиенің әдістері мен формалары
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау
Отбасылық тәрбие стилдері
Педагогиканың дәрістері
Мінез-құлық мәдениеті
Тәрбие әдістерінің классификацисы
Пәндер