Жануарлар экологиясы



ЖОСПАР

1. Жыртқыш жануарлардың экологиялық тобы
2. Қоректік тізбек
3. ҚР.ң жануарларын қорғау заңы

ЖОСПАР

1. Жыртқыш жануарлардың экологиялық тобы
2. Қоректік тізбек
3. ҚР-ң жануарларын қорғау заңы

Жыртқыш жануарлардың экологиялық тобы

Жыртқыштар (Carnivora) - сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған. Қазақстанда 5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 - 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 - 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (Бұлғын, Кәмшат, Ақкіс, Қара Күзен, т.б.) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығына, Аңшылыққа зиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқыр, Тянь-шань қоңыр аюы, Барыс, Қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қоректік тізбек

Биоценоз (био... және гр. koіns -- жалпы) -- тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1]; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз -- биогеоценоз құрайтын организмдер жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады.
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.
Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.
Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.
Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды - редуценттер деп атайды.
Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.
Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін - бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1.Сандар пирамидасы - әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2.Биомасса пирамидасы-әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.
Экожүйелер және биогеоценоз ұғымдары бір - бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, билгоеценоз - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе - фитоценозбен сипатталады.
Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық массасын құру бірлестіктегі бірінші өнім деп аталады.
Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.
Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.
Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.
Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.
Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.
Сукцессия (латынша - suссеssіо - тұқым қуалау, бірізділік) бір биоценозды өзгенің тізбекті түрде ауыстыруы. Бұл құбылыстың мәні мынада, биоценоздың ішкі ықпалының дамуы нәтижесінде олардың қоршаған ортамен өзара әрекеті біртіндеп ескіреді және биоценоздың өзге үлгілерімен ауысады. Көлді қамыс пен өсімдіктер басса, ол батпақ болып, кепсе жайылымға айналады; өрттен кейін орманда топырақ жыныстарының ауысымы болады.
Бірінші суцессия - тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.
Екінші сукцессия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экология ғылымы туралы
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Жалпы экология және оның даму тарихы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымы
Пәндер