«Бала мазасыздығына ата-анамен бала қарым-қатынасының әсері»



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Ата.ана қатынасының жүйесінде балаларда мазасыздықтың
дамуы мен оны жеңудің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 «Ата.аналық қатынастар» түсінігі, түрлері, критрерийлері ... ... ... ... ... . 5
1.2 Жоғарғы мектепке дейінге жастағы балаларда мазасыздықтың
байқалуына ата.ана қатынасының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Ата.аналық қатынастар жүйесінде балалардағы мазасыздықты коррекциялаудағы бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Бала мазасыздығына ата-анамен бала
қарым-қатынасының әсері

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Ата-ана қатынасының жүйесінде балаларда мазасыздықтың
дамуы мен оны жеңудің теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Ата-аналық қатынастар түсінігі, түрлері, критрерийлері
... ... ... ... ... . 5
1.2 Жоғарғы мектепке дейінге жастағы балаларда мазасыздықтың
байқалуына ата-ана қатынасының әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ата-аналық қатынастар жүйесінде балалардағы мазасыздықты
коррекциялаудағы бағыттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 14

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе

Өзектілігі. Балалардың психологиялық денсаулығы әлеуметтік-
экономикалық, экологиялық, мәдени, психологиялық және т.б. көптеген
факторларға тәуелді.
Авторлардың ойы бойынша (Л.И. Божович, А.А. Бодалев, В.С. Мухина, Т.А.
Репина және т.б.) бала социумының өте сезімтал бөлігі ретінде әр түрлі кері
әсерлерге ...
Арнайы эксперименталдық зерттеулердің куәландыруы бойынша соңғы
жылдары ең кең таралған құбылыстар балалардың қорқыныш пен мазасыздық болып
табылады (И.В. Дубровина, В.И. Гарбузов, А.И. Захаров, Е.Б. Ковалева және
т.б.).
Балаларда мазасыздықтың байқалуына әсер ететін шарттардың бірі С.В.
Ковалев, И. Коган, А.И. Захаров және т.б. зерттеушілердің көрсетуі бойынша
жанұяның психологиялық микроклиматы болып табылады.
Кішкентай бала үшін жанұя – бұл өзінің өмір сүріп, әрекет ететін,
жаңалықтар ашып, жақсы көруді, жек көруді, қуануды үйренетін бір бүтін
әлем. Оның мүшесі бола тұра, бала ата-анасымен жағымды және негативті жерін
тигізетін нақты қатынастарға түседі. Соның салдарынан бала не ашық, қарым-
қатынасшыл, ақ көңіл, тілектес, не мазасыз, екі жүзді, өтірікші, дөрекі
болып өседі.
А.Я. Варга, В.В. Столин және т.б. ойынша, ата-аналық қатынас – бұл
баламен қарым-қатынас жасауда машықтанатын әр түрлі сезімдердің, мінез-
құлықтық стереотиптердің және қабылдау ерекшеліктері мен бала тұлғасын және
мінезін, оның тәртіп қылықтарын түсіну ерекшеліктерінің жүйесі.
Жағымды бала – ата-аналық қатынастардың дамуы үшін ересектер баламен
өзара қатынас жасау және оны тәрбиелеу мәселесіне қатысты білімдердің
белгілі бір деңгейіне ие болу керек (Е.О. Смирнова, М.В. Быкова және т.б.).
Сондықтан бала – ата-аналық қатынастар мәселесінің өзектілігі
психологиялық ғылым мен тәжірибесінің барлық дамуы уақытында үшкір болып
қалады. Осыған байланысты біз бұл тақырыпты біздің жұмысымызда зерттеп,
ашып көрсетуді шештік.

Зерттеу мақсаты – балалық-ата-аналық қатынастардың балада
мазасыздықтың пайда болуына әсерін зерттеу.
Зерттеу пәні мен объектісіне сәйкес біз келесідей міндеттер қойдық:
1) Жанұяда баланың эмоциональды жайлылығы мен психологиялық
саулығының жағдайын қалыптастыру;
2) Бала-ата-аналық қатынастар стилінің ерекшеліктерін зерттеу;
3) Бала-ата-аналық қатынастар жүйесінде психолого-педагогикалық
коррекция әдістері мен тәсілдерін кешенді пайдалану.

Болжам. Біздің ойымызша, мектепке дейінгі жастағы балаларда
мазасыздықты жою үшін бала-ата-аналық қатынастарды жетілдіру қажет, ал бұл
келесі шарттарда мүмкін:
1) Жанұяда баланың эмоционалды жайлылығы мен психологиялық
саулылығының жағдайын қалыптастыру;
2) Бала-ата-аналық қатынастар стилінің ерекшеліктерін зерттеу;
3) Бала-ата-аналық қатынастар жүйесінде психолого-педагогикалық
коррекция әдістері мен тәсілдерін кешенді пайдалану.

Зерттеу пәні – балаларда мазасыздықты жеңу мақсатымен бала-ата-аналық
қатынастарын жетілдіру процесі.

Зерттеу объектісі – 6 жастағы балалар және олардың ата-аналары.

Зерттеу әдістері:
1. Анықтамалық психолого-педагогикалық әдебиеттерін талдау.
2. Әдістемелер.
3. Нәтижелерді сандық және сапалық өңдеу.

Әдіснамалық негізі.
Әдіснамалық негізі ретінде мектепке дейінгі балалық шақтағы жеке тұлға
қалыптасудағы ерекше кезең ретінде түсіну, балалық психикасының даму
заңдылықтары туралы басты кеңес психологтары: Л.С. Выготский, В.С.
Мухинаның теориялық концепциялары болып табылады.

1. Ата-ана қатынасының жүйесінде балаларда мазасыздықтың дамуы мен оны
жеңудің теориялық негіздері

1.1 Ата-аналық қатынастар түсінігі, түрлері, критерийлері

Алдымен, ата-аналық қатынастардың балаға әсерінің мәнін түсінуден
бұрын, оның бала өміріндегі маңызын қарастырайық.
Жанұя белгілі бір әлеуметтік қаымдастық ретінде барлық уақытта
философтар, тарихшылар, социологтар (әлеуметтанушы) педагогтар мен
психологтардың ойларын толғандырып келеді.
Алайда, бүгінгі таңда қазіргі ғылымда жанұя түсінігінің бірдей
(біріңғай) анықтамасы жоқ, дегенмен, көптеген ғасырлар бұрын ұлы ойшылдар
(Аристотель, Гегель, Кант, Плотон және т.б.) осыны байқап көруге бел
болған.
Психологиялық сөздікте ата-аналар үшін жанұяның келесі анықтамасын
береміз:
Жанұя - мүшелері тұрмыс бірлігімен, өзара моральды жауапкершілікпен
және өзара көмек берумен байланысты болып келетін некеге немесе қандас
туыстыққа негізделген кіші топ. Некеде және жанұяда қатынастар жыныс
ерекшеліктерімен және жыныстық қажеттілікпен негізделіп, адамгершілік-
педагогикалық қатынастар түрінде көрінеді (40).
Л.Д. Столяренко, С.И. Самыгина ойларынша жанұя – бұл әрбір мүшесін
өзін-өзі сақтауда (ұрпақ жалғастыру) және өзін-өзі бекітуде (өзін-өзі
сыйлау) қажеттіліктерін оптималды қанағаттандыру үшін арналған адамдардың
әлеуметтік-педагогикалық тобы (30-210).
Әлеуметтануда (социология) жанұя келесі түрде қарастырылады:
- Адамның әлеуметтік өмірі басталатын және жалғасатын біріншілік
әлеуметтік топ ретінде;
- Социализацияның негізгі факторы ретінде;
- Қоғамда қабылданған қағидалар мен ережелер негізінде өмірдің әр
түрлі жақтарын реттейтін әлеуметтік институт ретінде;
- Мүшелері нақты мәртебені және рольдерді иемденетін әлеуметтік
жүйе ретінде;
- Тұлғааралық қатынастардың ерекше жүйесі тән келетін қауымдастық
жанұя мәселесімен айналысатын зерттеушілердің ойынша (И.М.
Балинский, А.И. Захаров, И.А. Сихорский және т.б.) жанұя баланы
тәрбиелеуде жағымды және жағымсыз фактор ретінде көріне алады.
Бала тұлғасына жағымды әсері, балаға жанұядағы жақын адамдардан басқа
ешкім жақсы қатынас жасамайды және олар секілді қамқоршы бола алмайды.
Осыған қоса баланы тәрбиелеуде ешбір әлеуметтік институт жанұя секілді
соншалықты потенциалды зиян келтіре алмайды.
Л.Д. Столяренко, С.И. Салипина ойларынша жанұялық-тәрбие – бұл нақты
жанұя шартында және ата-анамен туыстар күшімен құрылатын тәрбиелеу мен
білім беру жүйесі. Жанұялық тәрбие – бұл күрделі жүйе. Ол белгілі бір
қағидаларға негізделуі керек:
- Өсіп келетін адамға адамгершілік пен қайырымдылық таныту;
- Балаларды жанұяның өмір әрекетіне оның тең құқылы қатысушылары
ретінде қатыстыру;
- Балалармен ашық және сенімді қатынастар жасау;
- Жанұядағы өзара қатынастардың оптимистілігі;
- Өз қойған талаптарының реттілігі (мүмкін емес нәрселерді талап
етпеу).
- Өз балаңызға көмек көрсете білу, қойылған сұрақтарға жауап беру.
Бұл қағидаларды жүзеге асыру тәрбиелеу түріне де тәуелді.
Автократикалық – балаларға қатысты барлық шешімдерді тек ата-аналары
шешеді.
Авторитетті, бірақ демократикалық – бұл жағдайда шешімдерді ата-аналар
балалармен бірлесіп қабылданады.
Либералды – шешім қабылдауда соңғы сөз балаға қалады.
Хаотистік – басқару ретімен жүзеге аспайды: кейде авторитарлы, кейде
демократиялық, ал кейде либералды.
Жанұялық микроклимат негізі Макаренко А.С., А.В. Петровский, А.И.
Захаров, А.Б. Добрович және т.б. зерттеушілердің ойынша сол климатты
анықтайтын тұлғааралық қатынастар болып табылады.
Дәл осы ата-ананың өз баласына деген қатынасын Е.М. Волкова ойынша
оның болашақта қандай болып шығатынын болжауға болады.
А.Я. Варга, В.В. Сталин ойларынша ата-аналық қатынас - бұл баламен
қарым-қатынас жасауда машықтанатын әр түрлі сезімдердің, мінез-құлықтық
стереотиптердің және қабылдау ерекшеліктері мен бала тұлғасын және мінезін,
оның тәртіп-қылықтарын түсіну ерекшеліктерінің жүйесі. Ата-аналық
қатынасының балаға тигізетін әсерінің мәселесімен А.В. Петровский, А.Н.
Захаров, И.М. Балинский, В.Н. Мясицев, Р.А. Закепицкий және т.б.
айналысқан.
С. Соловейчик ойынша, ата-ананың балаға қатынасы жоғарғы психологиялық
қысымдықпен ерекшеленеді және өз көрінулерінде алуан түрлі оның ойынша өте
жиі қатынастарға: зейінді, үрейлі, ашулы, бейімделуші, атақ құмар, қарым-
қатынасшыл, тұрақты, сенімді, үміттендіруші, табанды түрлері жатады. П.Ф.
Лесгафт баланың мінез-құлқына әсер ететін ата-аналардың балаларға қатысты 6
позициясын ұсынды:
1. Ата-аналары балаларға көңіл бөлмейді, қорлайды, елемейді. Мұндай
жанұяларда балалар жиі екіжүзді, өтірікші болып өседі. Оларда
орташа интеллект немесе ақыл-ой дамуында тоқтау жиі байқалады.
2. Ата-аналар өз балаларына күнделікті масаттанып, оларды үлгісі
деп есептейді. Балалар жиі эгоист, өз-өзіне сенімді, үстірт
болып өседі.
3. Махаббат пен сыйластықта құрылған гармониялық қатынастар.
Балалар мейірімділігімен, ойлау тереңдігімен білімге
құштарлығымен ерекшеленеді.
4. Ата-аналар ылғи баласына көңілі толмайды, сынға алып, кінәлайды.
Бала ашулы, эмоционалды тұрғыда тұрақсыз болып өседі.
5. Ата-аналары шамадан тыс баласын ерекшелетіп, қорғайды. Балалар
жалқау, әлеуметтік тұрғыда жетілмеген болып өседі.
6. Позициясына финанстық қиыншылықтар әсер ететін ата-аналар.
Олардың балалары қоршаған әлемге пессимистік қатынаста өседі.
Егер әсер етпесе, онда балалары қарапайым, салмақты. А.С.
Макаренко жанұяда қатар өмір сүру, конорронтация, достастық
секілді қатынастарға назар аударған. Өзінің зерттеулерінде С.В.
Ковалев жанұялық қатынастардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
антагонизм, бәсекелестік, жарыс, паритет, бірлестік.
Е.М. Волкова тек сәтті жанұялардың түрлерін қарастырады.
А.В. Петровский диктат, қамқорлық, паритет, бірлестікті бөліп
көрсетеді.
С.В. Ковалев, А.В. Петровский, Е.М. Волкова бөліп көрсеткен жанұялық
қатынастар түрлерін оқып-зерттеп, біз келесілерді анықтадық:
Диктат - басқасының инициативасын жүйелі түрде басу.
Қамқорлық – ата-аналары өз еңбектері арқылы баланың барлық
қажеттіліктерін қанағаттандыруын қамтамасыз ететінін қатынастар.
Бірлестік - тұлғааралық қатынастардың ортақ мақсаттар мен бірлескен іс-
әрекет міндеттеріне тікелей қатыстылығын білдіреді.
Араласпаушылық – екі: ересектер мен балалар әлемдерінің қатар
тіршілік етуін білдіреді.
Паритет – одастастықтың барлық мүшелерінің өзара пайдасына негізделген
бірдей, тең одақтастық қатынастар.
А.Б. Добрович жанұядағы ата-аналары айқындалған баланың рольдерін
бөліп көрсетеді: жанұя кумирі, мамасының байлығы (қазынасы), науқас
бала, жаман бала, Золушка (7,46).
Өздерінің зерттеу жұмыстарында А.Я. Варга және В.В. Сталин ата-ана
қатынасының келесі критерийлерін бөледі:
1. Қабылдау – бас тарту (итермелеу). Қабылдау: ата-анасына баласы
қандай болса, сол күйінді ұнайды. Ол баланың даралығын сыйлап,
оған симпатия білдіреді. Бас тарту: ата-анасы өз баласын нашар
бейімделе алмайтын, жетістікке жете алмайтын ретінде қабылдап,
көрді. Ол балаға сенбейді, оны сыйламайды.
2. Кооперация - ата-ана баланың іс-әрекеттері мен жоспарларына
қызығушылық танытып, оған барлық жерде көмектесуге тырысады.
Оның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттіліктерін жоғары
бағалап, оны мақтап тұтады.
3. Симбиоз - ата-ана күделікті бала үшін мазасыз болып, оны
уайымдайды, бала ата-анасына әлсіз, кішкентай, қорғаныссыз болып
көрінеді. Ата-ана балаға өз бетімен еркіндік бермейді.
4. Авторитарлы гиперсоциолизация - ата-ана баладан еш қарсылықсыз
тыңдауды және тәртіпті талап етеді. Ол баланың өз еріктілігін
көрсеткендігі үшін қатаң жазалайды. Ата-ана баланың әлеуметтік
тәртіп-қылықтарын мұқият аңдып-бақылап, әлеуметтік жетістікті,
табыстылықты талап етеді.
5. Кішкентай жолы болмаушы (неудачник) - ата-ана қатынасында
баланы инфантилизациялауға ұмтылыс бар. Бала бейімделе алмайтын,
жолы болмайтын, зиянды әсерлерге ашық болып көрінеді. Ересек
баланың өмірдің қиындықтарынан қорғап, оның әрекеттерін қатаң
бақылауға тырысады. Әдебиеттерде талдау нәтижесінде, ата-ана
қатынастарын сипаттайтын ұғымдардың әр түрлілігіне қарамастан,
барлық бағыттарда ата-ана қатынасы өзінің табиғатынан қарама-
қайшы келетінін байқауға болатынын көрсетеді. Е.О. Смирнова және
М.В. Быкова ата-ана қатынастарында 2 қарама-қарсы моментті
бөледі: шарттсыз (қабылдау, махаббат, қайғыға ортақтасу және
т.б. секілді компоненттерден тұрады) және шартты (объективті
бағалау, бақылау, нақты қасиеттерді тәрбиелеуге бағыттылық).
Осылайша, бізде, жанұядағы өзара қатынастардың әр түрлі сипатта бола
алатындығы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін барлық негіздемелер
бар. Бала – ата-аналық қатынастарға жанұя түрі, ересектердің алатын
позициясы, қатынас стильдері және жанұяда балаға берілетін роль әсер етеді.
Ата-аналық қатынас түрінің әсерінен оның (баланың) тұлғасы қалыптасады.
А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Д.П. Эльконин және т.б. зерттеулерінің
көрсетуінше, баланың психикалық дамуы оның, ата-анасымен бірлесінің
ерекшеліктерімен, эмоционалды контактісімен айқындалады.
Сәйкесінше ата-ана қатынасының баланың эмоционалды дамуына тигізетін
әсері туралы мәселені қарастыру жөн.

1.2. Жоғарғы мектепке дейінгі жастағы балаларда мазасыздықтың
байқалуына ата-ана қатынасының әсері

Ата-ана қатынасының әсерімен байланысты сұрақтарды қарастырмас бұрын,
алдымен мазасыздықтың не екеніне назар аударайық.
Психологиялық ғылымда мазасыздық мәселесінің әр түрлі аспектілерін
талдауға арналған зерттеулердің маңызды көлемі бар.
Мазасыздық ұғымы көп аспектілі. Сөздіктерде ол 1771ж. бері
белгіленіп келеді. бұл терминнің шығу тегін түсіндіретін көптеген нұсқалар
бар. Көптеген зерттеушілер бұл ұғымды жіктеп-ситуативті құбылыс ретінде де,
тұлғалық мінездеме ретінде де қарастыру керекті туралы пікірмен келіседі.
Психологиялық сөздікте мазасыздық мазасыздану реакциясы пайда болуының
төменгі табалдырығымен сипатталатын индивидтің мазасыздықы уайымдауға
бейімдігі ретінде қарастырылады: даралық ерекшеліктердің негізгі
параметрлерінің бірі.
Р.С. Немов ойынша, мазасыздық адамның ерекше өзіндік әлеуметтік
ситуацияларда көтеріңкі алаңдаушылық күйіне келіп, қорқыныш пен
мазасыздықты бастан кешіру қасиеті ретінде анықталады.
В.В. Давыдов мазасыздықты әр түрлі өмірлік ситуацияларда
алаңдаушылыққа көтеріңкі бейімдіктен тұратын даралық психологиялық
ерекшелік ретінде түсіндіреді.
Ұғымдар анықтамасы арқылы мазасыздықты:
- психологиялық құбылыс;
- тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі;
- адамның мазасыздануды уайымдауға бейімдігі;
- көтеріңкі алаңдаушылық күйі ретінде қарастыруға болады.
Мазасыздық құрамына: мазасыздану (тревога), қорқыныш,
алаңдаушылық күй ретінде кіреді. әрқайсысының мәнін қарастырайық.
Қорқыныш – адам санасында өмірі мен амансаулығы үшін нақты қауіптің
аффективті (эмоционалды үшкірленген) бейнеленуі.
Мазасыздану – алдағы қауіпті эмоционалды үшкірлене түйсіну.
Мазасызданудың қорқыныштан ерекшелігі - әр кезде де теріс, жағымсыз
қабылданатын сезім емес, өйткені ол қуанышты толқу, толқып күту түрлерінде
де мүмкін. Қорқыныш пен мазасыздану үшін біріктіретін бастама (бастау)
алаңдаушылық сезімі болып табылады. Ол артық қозғалыстар бар кезде немесе
керісінше қозғалыссыз қалған кезде көрінеді. Адам сасқалақтап, дірілдеп
сөйлейді, не тіпті үндемейді. Анықтамасымен қатар зерттеушілер
мазасыздықтың түрлері мен деңгейлерін бөліп көрінеді.
Ч. Спилбергер мазасыздықтың 2 түрін: жекелік және ситуативті
(реактивті) бөледі.
Жекелік мазасыздық қауіп-қатерден тұратын секілді объективті қауіпсіз
жағдайлардың кең спектрін білдіреді (мазасыздық тұлға қасиеті, белгісі
ретінде). Ситуативті мазасыздық әдетте адамға объективті қауіп келтіретін
қандай да бір нақты ситуацияға қысқа уақытты реакция ретінде пайда болады.
А.И. Захаров жоғарғы мектепке дейінгі жаста мазасыздық әлі мінездің
тұрақты белгісі болып табылмайтындығына назар аударған ситуациялық
көрінулерге ие болып келеді. Өйткені балада дәл осы мектепке дейінгі
балалық кезеңінде және тұлға ретінде қалыптасу жүреді.
- Оқу процесімен – оқу мазасыздығы.
- өзі туралы ойлармен - өзіндік бағалау мазасыздығы.
- Қарым-қатынаспен – тұлғааралы мазасыздығы байланысты ситуациялар
негізінде А.М. Прихонан мазасыздықтың түрлерін бөледі.
Мазасыздықтың түрлерінен басқа оның деңгейлік құрылымы да
қарастырылады.
И.В. Имидадзе мазасыздықтың 2 деңгейі: төменгі және жоғарғысбен бөліп
көрсетеді. Төменгісі ортаға қалыпты бейімделу үшін қажет, ал жоғарғысы
адамның қоршаған социумда дискомфортын тудырады. Б.И. Кочубей, Е.В.
Новикова іс-әрекетпен байланысты, мазасыздықтың 3 деңгейін бөлген:
деструтивті, жеткіліксіз және конструктивті.
Мазасыздық психологиялық ерекшелік ретінде әр түрлі формаларға ие
болуы мүмкін. А.М. Прихонан ойынша мазасыздық формасы деп уайымдау
сипатының ерекше бірігуді, мінез-құлық, қарым-қатынас және іс-әрекет
мінездерінде вербалды және вербалсыз байқалуларды саналы сезінуді түсінеді.
Ол мазасыздықтың ашық және жабық формаларын бөлген.
Ашық формалары: үшкір, реттелмейтін мазасыздық, реттелетін және
компенсацияланатын мазасыздық, культивацияланатын мазасыздық.
Мазасыздық жабық түрін (маскаланған) ол маска деп аталған. Мұндай
маскалар ретінде: агрессивтілік, шектен тыс тәуелділік; апатия,
өтірікшілік; жалқаулық, шектен тыс арманшылдықты айтуға болады. Көтеріңкі
мазасыздық бала психикасының барлық сфераларына: аффективті - эмоционалды,
коммуникативті, моральді – еріктік, когнетивті түрлеріне әсер етеді.
В.В. Лебединскийдің зерттеулері жоғары дәрежедегі мазасыздығы бар
балалар невроз, аудитивті мінез-құлық, тұлғалық эмоционалдық бұзылыстар
топтарына жатады, деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен, мазасыз бала қандай?
Мазасыз баланың өзін-өзі бағалауы адекватсыз: төмен немесе жоғары
деңгейде, жиі қарама-қайшы, конфликтілігі болып келеді. ол қарым-қатынас
жасауда қиыншылықтарға кез болады, инициативасы сирек байқалады, мінез-
құлқы – приневротикалық мінезге ие, айқын дезадаптация белгілері бар және
оқуға қызығушылығы төмендеген. Оған сенімсіздік қорқақтық,
псевдокомпенсациялық механизмдердің болуы, минималды өзіндік реализация
тән.
Балаларда мазасыздықтың пайда болуына әсер ететін факторлардың бірі
А.Н. Захаров, А.М. Прихожин және т.б. көрсетулері бойынша ата-аналық
қатынастар болып табылады.
Берілген мәселе бойынша шетел және отандық авторлар зерттеулерінің
іріктемелерін (таңдамасын) келтірейік.
К. Монпардтың ойынша қатаң тәрбиелеу үрку, ұялу және бір уақытта
таңдамалыдаминациясымен қоса тежегіштік типтің мінездемелік дамуына
әкеледі, маятник тәрізді тәрбиелеу (бүгін тыйым саламыз, ертең рұқсат
етеміз) балаларда айқын аффективті күйлерге, неврастенияға әкеледі;
қамқорлық тәрбиелеу тәуелділік сезіміне және төменгі еріктік потенциалдың
құрылуына әкелсе, ал жеткіліксіз тәрбие - әлеуметтік бейімделу
қиыншылықтарына әкеледі.
С. Блюменфельд, И. Александренко, Г.Геророгиц ойларынша ата-аналық
гиперпротекция немесе радиакалды елемеушілік тұрақсыздыққа және балалар
агрессивтілігіне әкеледі.
П.А. Леспафттың айтуына қарағанда балаға деген жеткіліксіз және қатаң
қатынас өз-өзімен болу, мінез-құлық тұрақсыздығы және коммуникативтік
сферасында бұзушылықтары бар балалардың ашулы-жасығын (қажыған) типін
көрсетеді; шектен тыс-аймалағыш қатынас, тәуелді мінез-құлықты, салқын және
немқұрайлы жұмсақ-жасыған типін көрсетеді; ал жанұя-кумиры типі бойынша
тәрбиелеу-мансапқорлық, шектен тыс ұқыптылыққа, әр кезде бірінші болуға
және басқаларды билеуге ұмтылысына әкеледі. И.М. Балинский ойынша жанұяда
балаға қатаң әділетсіз қатынас жасау, оларда ауырсынды жан күйінің (жан
ауруы) даму себебі болып табылады; шектен тыс-кішіпейіл (мейірімді) қатынас
балаларда эмоционалдылықтың шегінен тыса асатын себебі болса, ал шектен тыс
(асатын себебі болса) талап етушілік-баланың жан әлсіздігінің себебі болып
табылады. В.Н. Мясищев, Е.К. Яковлева, Р.А. Зачепецкий, С.Г. Файеберг
айтуларынша қатаң, бірақ қарама-қарсы талаптар мен тыйымдар шарттарында
тәрбиелеу жалықтырғыш күйлер, неврастения, невроз үшін жақын факторлардың
пайда болуына әкеледі; шамадан тыс көңіл бөлу мен баланың барлық тілектері
мен қажеттіліктерін қанағаттандыру типі бойынша тәрбиелеу-эгоцентризм,
жоғарғы деңгейдегі эмоционалдық және өзін-өзі бақылаудың жоқтығымен қоса
мінездің истериялық белгілерінің дамуына әкелсе, ал балаларға әлі келмейтін
талаптар қою-неврастенияның этиологиялық факторы ретінде көрінеді. Е.Г.
Сухарева келесідей қорытындылар шығарды: қарама-қайшы және қорлап тәрбиелеу
балаларда жоғарғы дәрежедегі қозғыштық пен тұрақсыздығы бар мінез-құлықтың
агрессивті-қорғану типіне әкеп соқтырады; деспоттық тәрбие сенімсіздік,
ұялшақтық, тәжелгіштік пен тәуелділігі бар пассивті қорғану мінез-құлық
типіне келтіреді; шектен тыс қамқор болу, қорғану-айқын аффективті
реакциялармен қоса мінез-құлықтың инфантильді типіне әкеледі.
Кеңес және шетел авторлары келесіге назар аударады: яғни ата-ана
балалармен өз қатынастарын өздерінің және ата-аналарының тәрбиелеу моделін
санасыз түрде кешіре отырып құрайды (29).
В.С. Мухина, Т.А. Репина, М.С. Месина және т.б. зерттеулерінің
нәтижесі бойынша ата-аналардың баласына негативті қатынас құру себебі
психологиялық жас ерекшеліктерін, баланы тәрбиелеуі міндеттерін, мазмұнын,
формаларын, әдістерін білмеу болып табылады.
Оқыту мен даму көзқарасынан 6 жасар баланың негізгі ерекшеліктері
ретінде келесілер жатады:
1) Бала өз мінез-құлқын сонымен қатар зейін және есте сақтау
процестерін, эмоционалды реакцияларын ерікті басқара алады (А.В.
Запорожец).
2) Іс-әрекеттің кез-келген түрінде сол сәттік ситуация шегінен
шығып, уақыттық перспективасын саналы сезініп, бір уақытта
санасында өзара байланысты оқиғалар тізбегін немесе байланысты
заттың немесе процестің әр түрлі күйлерін ұстап қала алады (Н.Н.
Поддъяков).
3) Қиял дамуы басты маңызға ие болады (Л.С. Выготский).
Осылайша, зерттелінуші материал бізге мазасыздық ұғымының мәнін және
оның баланың тұлғалық дамуына әсерін айқындауына мүмкіндік берді. Оның
өсуіне әсер ететін факторлардың бірі балаға деген ата-аналық қатынас
ерекшеліктері, яғни қатаң, қатыгез қатынас, тәрбиелеу стильдері, балаға
қатысты ата-аналар позициясы, баламен эмоционалды контактінің жоқтығы,
онымен қарым-қатынас жасауда шектеулілік, баланың жас және даралық
ерекшеліктерін білмеу болып табылады. Баламен позитивті қатынастар құру
үшін оны қалай жасайтынын білу қажет. Берілген мәселе бойынша авторлардың
зерттеулерін қарастырайық.
Біріккен әрекет бірлікті көрсетеді, біріншіден -ортақ әрекет пәнәне
бірлесе әсер ету; екіншіден-қоғамдық қатнастан алынатын, өзара әрекеттескен
адамдардың бір-біріне әсер етуі.
Бұл өзара әрекеттесулерді ортақ деп анықтауға болады. Өзара әркеттесу
немесе қатнасу Б.Ф.Ломовтың сөзінше: Өзара әрекеттесуге еніп,
ұйымдастырушы рөлін ойнайды.
Соңғы онжылдықтағы шетелдік әлеуметтік психологияда өзара әрекеттесу
стилінің проблемасын түрліше көрсететін 3 түрлі негізгі анықтамаларын
көрсетуге болады:
Бірінші бағыттың зерттеушілері: У.Шутс, Г.Триэндис, Б.Бас,
Д.Коуэннеғұрлым ортақ базистық бағдарларды, алғашқы тұлғалық тенденцияларды
қарастырады, белгілі бір бағдар ұстанған субьекттердің тұлға аралық алуға
тырысатындарынтүбегейлі анализдейді(көңіл аударту, қорғаныс, басқару,
махаббат, сәттілік жіне тағы басқалары).
Екінші бағыттың зерттеушілері:Т.Лири, Дж.Виггинс, Д.Кислер, М.Лорр
негізінен өзара әрекеттесудің нақты формалары мен амалдарына көңіл
аударады, тұлға аралық стильдің өзара жиынтығын құрайтын қарым-қатнастың
тұрақты тенденцияларымен тұлға аралық белгілерінің жиынтығын анализдейді.
Сонымен қатар психологтар тұлға аралық қатнас мотивациясының екі түрін
бөледі(басымдылық-бағыну және жақсы көру мен жек көру),жіне олардың әр
стилінің амалы мен формасын нақтылап, қылықтық мінездемесін келтіреді.
Үшінші бағытты зеттеушілер: М.Дюк, С.Новиуки және тағы
басқалардыңайтуынша тұлға аралық қатнас адамның түлғалық диспозициясынан
ғана емес, сонымен қатар оның партнерының қылығының формасынан, жағдайдың
спецификалық мазмұнынан:партнерлердің өабылдау
спецификасы,олардыңортақтастырылған күтімдері, жағдайлар кезеңі.
Отандық психологтар өзара әрекеттесу стилінің анализі негізінде
К.Ливиннің үш компонентті классификациясын қолданады.Ол авторитарлы,
демократиялық және тоталитпарлы (А.П.Егидес, А.Я.Никонова, Н.Н.Обозов және
бвсқалары.) Бір топ зерттеушілер В.И.Куницинаның темпераменттер
типологиясын немесе өзара әрекеттесу шарттарына субьект қылығының
бейімделушілік критерилерін қолданады. Соңғы жағдайда өзара әрекеттесу
стилінің белгісі болып (оптималды- оптималсыз, иілгіш-регидті) нақты
партнермен қатнасу жағдайы, субьекттің әрекеті арасындағы өзарабайланыс
табылады[13].
Үшкомпоненттік классификация.
Өзара әрекеттесуге оның қатысушыларының бір-біріне деген қатнас қылығының
келесідей неғұрлым тән стратегиялары бар:
1. Ортақ мақсатқа жетуге белсенді қатысы бар басқаларға көмек көрсету
ретінде өзара әрекет;
2. Жалғандық-партнердің екеуі де индивидуалды жетістігіне жету жолында бір-
біріне кедергі жасауы;
3. Өзара әрекеттесуден қашу-партнерлер белсенді өзара ә
рекеттесуден қашады;
4. Бірбағыттық көмек-өзара әрекеттесушінің бір қатысушы екіншісінің
жетістігіне кедергі жасайды, ал екіншісі онымен өзара әрекеттесуден қашады;
5. Бір бағыттық көмек-өзара әрекеттесушілердің бірі екеншісінің
жетістігіне жетуіне комектеседі, ал екіншеші белсенді түрде қарсы әсер ету
стратегиясына жүгінеді;
6. Компромисты өзәра әрекет – партнердың екеуіде кейде комектеседі, кейде
қарсыласады.
Диодтық қатынас кең тарасада, бұл қатынас жүйесінің элементі ғана
болып табылады. Бұл жүйеде барлық формалар мәнді және мазмұнды. Өзәра
әрекеттесу түсінігіне белгілермен алмасу ғана жатпайды, сонымен қатар
топтың қадамдарын ұйымдастыру болып табылады.
Қарым қатынас барысында қатысушылар тек қана ақпаратпен алмаспай,
сонымен қатар әрекет алмасуын ұйымдастыруға, ортақ әрекет жоспарын құруға,
өзара әрекет формаларымен нормасын шыгаруға болады.
Өзара әрекеттесудың әлеуметтік мотивтерінің бір неше түрі бар (яғни
адам басқалармен өзара әрекетке түсу мотивтері):
1. Жалпы утымды максимализациялау (кооперация мотиві);
2. Өз утымдылығын максимализациялау (индивидуализм);
3. Қатысты утымды максимализациялау (конкуренция);
4. Басқа біреудың утымын максимализациялау (альтруизм);
5. Басқа біреудың утымын минимализациялау (агрессия);
6. Утымдылық топ айырмашылығын минимализациялау (теңдік).
Аталған мотивтерге сай өзара әрекеттесудегі басты қылық стратегияларын
анықтауға болады:
1. Өзара әрекеттесушілердің қажеттіліктерін түгелдей қанағатандыруға
бағытталған бірлестік (кооперация мотиві немесе конкуренция жұзеге
асады);
2. Қатынасатын партнерлердін мақсатын ескермей өз мақсатына бағытталған
кері әрекет жасау (индивидуализм);
3. Партнерлердін жеке мақсат жетістіктері үшін шартты теңдік
компромисінің жүзеге асуы;
4. Жол берушілік, партнердың мақсаты жүзеге асу үшін өз мақсатынан бас
тарту (альтруизм);
5. Қашу: контактан кетуді білдіреді. Басқа біреудің утымы үшін өз
мақсатын жоғалту.
Өзара әрекеттесудің бірнеше типтерін бөліп көрсетуге болады. Неғұрлым кең
тараған дихотомиялық бөлу: кооперация мен конкуренция, келісім мен
конфликт, амалдау мен оппозиция. Өзара әркеттесуді бейнелейтін бірнеше
теориялар бар, оларға; алмасу теориясы, символикалық интеракционизм,
әсерлерді басқару теориясы, психоаналитикалық теория жатады.
Дж.Хоманның алмасу териясына сай, адамдар бір-бірімен өз тәжірибесі
негізінде,сыйақысы мен шығынын өлшеу негізінде өзара әрекетке түседі.
Дж.Мид, Г.Блумердің символикалық интеракционализм теориясының тұрғысынан
адамның бір-біріне, қ туындатып сақтап қалуға тырысатын драммалық
спектакльдерді еске түсіреді. З.Фрейдтың психоанализінде тұлға аралық
әрекеттесу, негізінен ерте балалық шақта игерілген және осы өмір периодында
басынан кешкен конфликттерін елестетумен анықталады. Алмасу теориясына сай-
біздің әрқайсысымыз өзара әрекеттесуімізді тұрақты және жағымды ету үшін,
сый ақысы мен шығынын теңестіруге ұмтылады. Қазіргі кезде адамның қылығы
оның бұрын жасаған әрекеті марапатталды ма жіне және ұалай
марапатталғанымен анықталады.

1.3. Ата-аналық қатынастар жүйесінде балалардағы мазасыздықты
коррекциялаудағы бағыттар

Шетел және Кеңес авторларының ойынша (А.И. Захаров, Е.Б. Ковалева,
Р.В. Овчарова, А.А. Осипова, А.С. Спиваковская, А. Адлер, К. Роджерс, Г.Л.
Лэндрэт және т.б.) жеке тұлға дамуындағы дисгармонияның және эмоционалдық
күйлердің әр түрлі бұзылыстарын коррекциялау өте қажет.
Коррекция – бұл психологиялық әсер етудің арнайы тәсілдерінің
көмегімен адам мінез-құлқындағы немесе психологиялық дамуындағы
кемшіліктерді түзетуге бағытталған шаралар жүйесі.
Психологиялық коррекция – бұл клиенттің әр түрлі сфераларда қатысу
мүмкіндіктерін (оқуда, мінез-құлқында, басқа адамдармен қатынас жасауда)
жоғарылатуға, адамның потенциалды шығармашылық резервтерін ашуға
бағытталған іс-әрекет.
Психологиялық коррекция түрлері мен формалары бойынша ажыратылады.
Түрлері бойынша: симпатикалық, қаузалды; таным сферасының, тұлғалық,
аффективті-еріктік сферасының, мінез-құлық, тұлғааралық қатынастар
коррекциясы.
Формалары бойынша: даралық, топтық, аралас, программаланған,
директивті, директивті емес, қысқа, ұзақ, жалпы, жеке, арнайы. Коррекциялық
жұмыстың теорияларындағы, мақсаттарындағы, процедуралары мен формаларындағы
айырмашылықтарға қарамастан, психологиялық әсер жалпы алғанда бір адам
басқасына көмек беруге тырысады, деген пікірге келіп тірелді. Р.В. Очарова
ата-аналардың педагогикалық және психологиялық саутсыздығы; тәрбиелеудің
ригидті стереотиптері; баламен қарым-қатынас жасауда енгізілетін жекелік
мәселелермен ата-аналар ерекшеліктері; ата-ананың баласы мен қатынасына
жанұядағы қарым-қатынас ерекшеліктерінің әсері және т.б. секілді ата-аналық
қатынастар эффективсіздігінің себептеріне негізделе отырып, коррекцияның
негізгі әдісі ретінде когнитивті қылықтық тренингті ұсынады. когнетивті
қылықтық тренинг ролдік ойындар мен видеотренинг бағдарламасының көмегімен
жүзеге асады. Әдістің дәлелдемесі (негіздемесі): жанұя бүтін жүйе және
сондықтан ата-ана-бала диадасының мәселелері тек бала немесе ата-ана
психокоррекциясы арқылы ғана шешіле қоймайды. Параллельді жұмыс осы
жұмыстың эффективтілігін ұлғайтуға (көтеруге) мүмкіндік береді. А.А.
Оспанова бала-ата-аналық қатынастар коррекциясының әдісі ретінде әлеуметтік-
психологиялық тренингті бөліп көрсетеді.
Қоршаған әлемге деген қатнас қылығы оның соларға қандай мән
беруінен анықталады. Э.Гофманның әсерлерді басқару теориясынан белгілі
болғаны: өзара әрекеттесудің әлеуметтік жағдайлары, актерлері қолайлы
әсерлердіӨзара әрекетте индивидуалды психиканың индивидуалды әлеуметтік
детерминациясы ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар жаңа әлеуметтік
психологиялық құрылымдары тудыратын адам қылығының сыртқы және ішкі
факторлары арасындағы күрделі өзара әрекеттесуіне әкеледі.
-рефлексияның дамуы - өнімсіз өзара әрекеттесу стилінің негізгі себептерін
ұғыну мен жағдайдың үстіне тұру қабілеттілігі.
- өз-өзінің, басқалардың, түгелдей әлемнәі мәнәнәі позитивті сеніммен
шарсыз сенімділіктің дамуы.
Өзара әрекеттесудің өнімсіз стилінің психокоррекциясы әлеуметтік дұрыс
ұстау ұмтылысы, немесе өз позициясын қорғау қажеттілігі, тұлғаның
басқаларға ұқсамау ұмтылысы мен конфликтті жеіудің позитвті формасын табу
және тұлға индивидуализациясы мен әлеуметтенуінің динамикасы арасындағы
қарама-қайшылығын ұғынуға жағдай жасайтын сенім мен жауапкершілік,
рефлексияның даму процесін білдіреді.
Контакттың қашу стратегиясы мен түрліше басым формаларында көрініс
беретін, конфликтілі, проблемді жағдай мен уайымдау негізіндегі кернеулік,
мазасыздық, негативті эмоция тудыратын өзара әрекеттесудің өнімсіздік
стилінің психокоррекциясы шартталады:
-адам үшін отбасы мен басқа референттік топтардың конструктивті емес
эмоционалды қанық құрылымы мен идентификация(өз өзін бағалау, әлемге
сенімсіздік, жалғыздыққа бой тігу,құрбан позициясынан басқаларды
бағаламау).
-негативті эмоцияларды интенсивті уайымдауы мен пайда болған (қорқыныш,
ашуланғыш, реніш, ұят) және өзара әрекеттесудің жағдайында күшеетін өзара
қатнастағы белсенділіктің болмауы.
Конструктивсіз әлеуметтік құрылымдар мен интенсивті, негативті
эмоциялар өзара әрекеттесу жағдайындағы өзі мен партнерды позитивті
өабылдауын өиындатады, және тұлғаның өз позициясын ұстану ұмтылысы мен
тұлға аралық және ішкі конфликтті, контакттық таңдау мен басымдылық
стратегиясын қолдануға ықпал ететін, әлеуметтік талаптарға қарсы тұру
немесе сай болу ұмтылысы арасындағы адекватсыз таңдаудың негізін құрайды.
Өзара әрекеттесу стилінің коррекция процесі идентификация арқылы жүзеге
асады. Ол келесіден тұрады:
- рефлексияның дамуы- өзара әрекеттесудің өнімсіз стилінің негізгі
себептерін түсні, жағдайдың үстіне тұру қабілеттілігі.
- сенімділіктің дамуы- өз-өзіне, басқаларға және бүкіл әлемнің позитивті
мағынасына шартсыз сену.
- тұлға аралық кеңістікте және ішкі рефлексия чферасындағы конфликттік
ұмтылыстардың келісімі үшін жауапкершіліктің дамуы.
Психолог пен клиенттің арасындағы референтті қарым-қатнас тәжірибесінде
рефлексияның дамуы, сенімділік пен жауапкершіліктің жамуы жүзеге асады. Ол
келесідей мүмкіндіктерді береді:
- белгілі бір әлеуметтік ұүрылым мен контакттың басымды және қашушы
стратегиясының стереотиптерінің мүмкін болатын диструктивті рөлін түсіну;
- өзара әрекеттесу жағдайының адекватты қабылдануын бұзатын конструктивсіз
құрылым негізінде жатқан негативті эмоциялар интенсивтілігін төмендету;
- өзара сенім мен жауапкершілік қатнасын сақтап, құруға мүмкіндік беретін
контакттың өзара үлес стратегиясын иемдену[44].
Өзара әрекеттесу стилінің психокоррекциясының негізгі әдістерінің
жиынтығын идентификация механизімі арқылы 5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының теориялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу
Отбасы дағдарыс жағдайы
Жеткіншектің жанұямен қарым– қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері
Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері
Мектеп және отбасы
Тұлғаның жанұямен қарым – қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық ерекшеліктері
Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдары
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер