Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1. БАЛА ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ойлау туралы ұғым, ойлаудың теориялары 5
1.2. Бала ойының дамуы оның ерекшеліктері 9
1.3. Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні 14

2.БАЛА ОЙЫН ДАМТУЫДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
2.1 Бала ойын дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар 16
2.2. Бала ойлауының даралық айырмашалықтары 26

ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны
КІРІСПЕ

1. БАЛА ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ойлау туралы ұғым, ойлаудың теориялары
5
1.2. Бала ойының дамуы оның ерекшеліктері 9
1.3. Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні 14

2.БАЛА ОЙЫН ДАМТУЫДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
2.1 Бала ойын дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар 16
2.2. Бала ойлауының даралық айырмашалықтары 26

ҚОРЫТЫНДЫ
30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

КІРІСПЕ
Өзектілігі: Түйсіктер, қабылдаулар мен елестер адамның түрлі
анализаторларына бетпе-бет әсер еткен заттар мен құбылыстардың өзін, я
болмаса жеке сипаттарын бейнелейтінін анықтауға болады. Бұл психикалық
процестер біздің дүние тануымыздың сезімдік негізі болады. Бірақ адам
баласы өзінің айналадағы шындықты бейнелеу әрекетінде танымның бұл
сатысымен қанағат етіп отырмайды, бірақ таным өресі де бұл алғашқы сатыдан
әлдеқайда кең және биік. Өзі нақты тура түйсінбесе де, қабылдамаса да бетпе-
бет кездеспеген заттар мен құбылыстар туралы адамның толық мағлұматы
болады. Мәселен, күн системасы космос тозаңынан пайда болды. Осы заманғы
өсімдік және хайуанат ағзалары бастапқы ең қарапайым ағзадан дамып өсті.
Қоғам бастапқы тайпалық құрылыстан осы күнгі қоғамдық формаларға жеткенге
дейін ұзақ жолдан өтті. Техника бастапқы қарапайым құралдардан туып,
үздіксіз дами отырып, осы заманғы күрделі механизмдер дәрежесіне жетті. Осы
аталған фактілердің бәрін бетпе-бет көріп түйсініп қабылдамасақ та оларды
белгілі жүйеге келтіріп, білім жинап алу біздің қолымыздан келеді. Осындай
өзара байланысы бар таным арқылы бізді қоршап тұрған заттар мен құбылыстар
жайында білім алып, оларды бейнелеу-ойлау процесімен байланысты.
Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы
табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау
таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлірек
айтқанда ойлау адам баласына ғана меншікті психикалық процесс. Мәселен
маймылдар өздерінің күнделікті өмірінде шешу тілейтін мәселе туса, белгілі
бір түрде әрекет жасап оны шешуге тырысады, кейде шешеді де. Бірақ
хайуандардың ойлауы кездейсоқ ситуацияда ғана оянатын ойлау. Мұндай
әлдеқалай жағдайда ғана туатын ситуациялық ойлау, олардың шындықты бейнелеу
сатысын жоғары көтеру процесі емес. Негізінде, жануарлардың дүниені
сәулелендіруі танымның қарапайым сатысы, яғни сезімдік таным дәрежесінде
ғана өтіп жататын саты. Ал адамның дүние танымы, жануарлармен салыстырғанда
үздік ілгері кеткен, жоғары процесс.
Адам әркез алдына мақсат, міндет қоя білуі де қажет. Бұларды басқа
адамда қоюы мүмкін. Өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған
міндетті тез аңғарады да мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын
айқындайды.
Мақсаты: Ойлаудың адам баласына тән процесс екенін ескере отырып, оның
қозғаушы күштерінің қалай пайда болатынының психологиялық бағыттары мен
тәсілдері.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
1.ғалымдардың теориялық көзқарастарына тоқталу, талдау жасау;
2.ойлау, іс-әрекеті болатын білім қорын жинау;
3.танымдық процестерге тоқталу;
4.әдіс-тәсілдерге сипаттама беру;
5.дүниетанымды қалыптастыру;
6.берілген әдебиеттермен жұмыс істеу;
7.ақыл-ойды дамытатын жолдарды қарастыру;
Ғылыми болжамы: Адам баласында болатын ойлау процестерін ойдың тәсілдері
мен көптеген жолдары арқылы, сонымен қатар хайуандар мен адамдарды
салыстыру арқылы, ой процесінің адам баласына ғана тән екендігін зерттеу
болжамы арқылы табуға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының
психологиялық дамыту жолдары сурет салу арқылы, ойындар әдісі арқылы,
заттарды салыстыру арқылы, ой алғырлығын дамытушы жаттығулар арқылы, еңбек
арқылы табиғатты бақылату арқылы әңгімелесу арқылы ақыл-ойын дамытамыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясын қалыптастыру мәселесі-
ақыл-ойды дамыту, оның теориялық іргетасын қалаудың генезистік жағдайларын
қарастырудан басталады. Бүгінгі күні-этнопсихология осы бағытқа баса назар
аударып отыр.
Зерттеу пәні: Балалардың ойы және оның ерікті дамуындағы мәні.
Зерттеу обьектісі: Психология ғылымындағы баланың ойлау мәселесі.
Зерттеу әдісі:
Методологиялық негізі:
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім және қорытынды
бөлімнен тұрады. Жұмыстың кіріспе бөлімінде ойлаудың шығуы мен дамуы туралы
қызықты пікірлерге тоқталып кеттік. Негізгі бөлімде ойлау туралы жалпы
түсінікпен қатар ойлаудың негізгі формалары мен әдіс-тәсілдері
қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың соңында сілтемелер мен пайдаланылған
әдебиеттер берілген.

1.БАЛА ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ойлау туралы ұғым, ойлаудың теориялары
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы
ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой
әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте
жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау, қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою
дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз ойды
басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. Ойдың сөз арқылы
бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен
білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына
пайдаланады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың айтатынындай мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы
төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып
есептелінеді. Адамның ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың
ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып,
оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып,
қалыптасады, бұрынғылары секіріп қатардан шығады.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның
ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан
сан-салалы түрлері пайда болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін обьективтік шындық.
Ойлау өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда
болуында жаңа белгісіз нәрселерге зерсалып, қызығудың да маңызы зор.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғалым
айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі
ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар.
Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан
мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі
істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда әлі
де беймәлім құбылыстар сыры мен ашылмаған нәрселердің көп екендігін
көрсетеді. [1. 26]
Ойлау дегеніміз әлеуметтік жағдаймен ұштасқан тілмен тығыз байланысты
психикалық процесс, сол арқылы болмыстың , дүниедегі нәрселердің жалпы және
жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру
әрекеттері арқылы танылады. Ойлау сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама
жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір
тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей
сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам
ойлауы дамуының қоғамдық тарихи сипатта болатындығын көрсетеді. Адамның
дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Адам ақыл ойының дамып жетілуі
мен білімінің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды
әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланылады.
Тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым-қатынасын нығайтады.
Үлкендер өмірі мен араласы талабы мен оған деген білім мен
іскерлігінің болмауының ұштасып келуі балалардың сол өмірде өзінің шамасы
келетін ойын формасында игеруінде алып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуы үшін еркін айрықша қолайлы жағдайлар мектеп жасына
дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектеп жасына дейінгі
мекемелер балаларды оқыту бағдарламасын жүзеге асырып, олардың бірлескен іс-
әрекетін алға жүргізіп қалыптастырып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы
жүргізілген зерттеу нәтижесінен көрініп отырғандай психикалық дамуының
жалпы дәрежесі мен мектепке, оқуға даярлық барысы жағынан бала-бақшада
тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғары болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі айтып өткендей
жетекшісі ойын болып табылады, оның жетекшісі іс-әрекетте болуы балалардың
өздерінің көп уақыттарын ойымен алданып отыр. Үлкендердің ойын әрекетіне аз
немесе мүлдем араласып байланысты емес, ойын баланың психикалық сапалы
өзгерісін туғызады. Онда мектеп жетекшісі болатын оқу әрекетінің негізінде
қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп еңбек негізінде
қанағаттандыра алмайды. Бұл қажеттіліктерден балалар ойын үстінде
қанағаттана бастайды. Ойын рақылы өздерін ересек ролін алып, еңбектік
өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты нақтылап көрсетеді.
Балалардың қоғамдағы ерекше орны оны үлкендер өміріне аралауының айрықша
түрі болып саналатын ролдік ойынның пайда болу негізіне айналады. Ойын
үстінде сәбиге адамдар арасында болатын обьективті қарым-қатынас тұңғыш рет
ашылып, ол әрбір іс-әрекеттерге араласу адамдардан белгілі міндеттерді
орынды талап ететін және бір сыпыра құқықтар беретінін біледі. Сатып
алушының ролін атқарғанда, мәселен бала сатып алуға ниеттенген уақыт мұқият
қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға, құқығы бар екенін
бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуі міндетті екенін
атқару дегеннің өзі ролде көрсетілген міндетті орындау және ойыннның басқа
да қатысушыларына байланысты құқықты жүзеге асыру болып саналады. Сонымен
егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекеті және өзара қарым-
қатынаста оны балалар ойыныда байқалатын түрлі жағдайда өзін ұстауға
үйретеді. Мінез құлықтық таңдау балаларыдың жалпы құрамына және өзіндік
мүмкіндігіне байланысты бұйырып, билеп-төстеуді ұнататын сондай-ақ тасада
қалып қойғанды дұрыс көретін балаларда болады. Баланың ойында алатын орны
оның пассивтігін дәрежесін анықтайды.
Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі ретінде балаға танылған
баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына қуану қиындау болады. Әдетте
сезімнің шарықталуына бөліскенде және ролдер бөліспегенде кейінгі ойынға
кіріскенде күшейе түседі. Таныту қажеттілігі мен бірге тебірену
қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекеттпен шұғылданушы құрдастар
тобындағы қарым-қатынас туындайды. Осы айтылғандардың бәрі баланаң ойнаушы
тобын мінез құлықтың әлеуметтік түрі үнемі жобаланып және нығайып отыратын
қайсыбір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді.
Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Балалар жасайтын іс-әрекеттер азды-көпті ықшамдала бастайды. Ойын
дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым-қатынас
қызықтыра бастайды. Ойын басталмай тұрып балалар кімнің-кім екенін анықтап
алады. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Ойын мен қатар мектеп
жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі ролді сурет салу,
мүсіндеу, аппликация, констуркциялау тәрізді жемісті іс-әрекеттер атқарады.
Оның әрқайсысы берілген сапалары бар нәтижесі сурет құрылыс алуға бағыттар
мен сипатталады. Баланың суреттері зерттеушінің назарын көбірек аударады.
Балдырғандардың салған суреттері өзіне тән белгілермен ерекшеленеді. Олар
схемалы болып келеді, оларда көлемі жағынан заттардың арақатынастары және
кеңістік қатынастары жиі бұзылады. Мектеп жасына дейінгі балаларда
жекеленген бұл еңбек тапсырмасын орындау үстінде еңбектің дамыған
формаларына тән кейбір псхикалық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішінде
негізгі өз іс-әрекеттің қоғамдық мотивке бағындыра білуі бұл іс-әрекеттің
басқа адамға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде
мектепке дейінгі шақта баланың оқу әрекеттерінің элементтерін игереді.
Бірақ баланың өзі үшін оқу ерекше іс-әрекет болып оқу міндеті қанадай да
болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болуы мен ғана қалыптасады. Осыған
байланысты баланың үлкендердің нұсқауына зейін қоя тыңдап орындап пайда
болуы мен тәсілі ықылас өзін-өзі бақылауға алғашқы дағдыларды қалыптасып
оқу әрекеті баланың психикасында алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді
психикалық процестерінің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғарғы талаптар
қойылады және сөйте отырып психикалық қасиеттерді қалыпатстырады.

1.2. Бала ойының дамуы және оның ерекшеліктері
Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс
жайындағы практикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс әрекетпен
байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды
дамып, олардың заттарды ұстап тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол
заттардың бейнесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшінші, абстарктылы ой.
Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау
әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.
Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық
сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады.
Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен
ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет-
дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан
жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық
қасиеті- нәрселердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен
өзара байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау
жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына
ықпал етудегі бір мақсат—ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру,
сөйтіп адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып
табылады.
Ойлаудың физиологиялық негізі үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын
уақтылы нерв байланыстары. Бұл шартты рефлекстер екінші сигналдардың
әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз
бірінші сигнал системасы негізінде пайда болады.
Ойлау процесінде сигнал системасының екеуі де бірімен бірі тығыз
байланысты. Екінші сигнал системасы қоршаған дүниеге шексіз хабардар болуға
мүмкіндік береді. Ойлау тек екі сигнал системасының екеуінің де қатысуымен
ғана бір қалыпты жүреді, бірақ жетекші роль сигнал системасында болады,
өйткені сөз мазмұны жағынан неғұрлым бай болып келеді, ол дерексіздену және
қорыту процестерімен байланысты.
Ойлау біздің іс- әрекетіміздің құралы болып табылатын сөзбен тығыз
байланысты. Адам ойлаған кезде, ол өзінің ойын айтып отырған сияқты болады.
Кейде, ол ішінен айтып отырған кең өрісті сөйлем формасында жасалады, бірақ
көбінде ой сөздермен, сөйлемдермен қысқартылған, түйінделген түрінде
қалыптастырылады, сөйтіп біз бұл ішінен айтуды әрқашан байқай бермейміз.
Адамның ой әрекетінің әлеуметтік сипаты бар. Өзінің тарихы оларды
қолдану барысында адамдар біріне-бірі өз ойларын айтып, пікір алысудың
керектігін сезді, міне осылай қарым-қатынас жасаудан келіп ойлау мен сөйлеу
қабілеті туды. [2. 45]
Жеткіншектердің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта
құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін.
Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда
бір қатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы
болады, атап айтқанда бұл жағдайлар мыналар:
1) жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы
болған әліде сол қалпында қала бермек;
2) оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы
мұғалімдермен қатар тәрбиелеуге ролін атқаруы;
3) ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті.
4) әсіресе бастапқыда жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында
балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай
алмайтындығы.
Осының бәрі ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға тиісті баладай
қарауға, мүмкіндік береді және жеткіншектің құқықтары мен дербестігін
ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай
көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан
ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу міндетін де қарсы келеді.
Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық
тұрғыдан қажет. Мұның өзі өте күрделі процесс, уақытты талап етеді және
жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре
бастаса мүмкін болады, ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде
арттырумен, міндеттер мен құқтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай
жағдайда ғана жеткіншек ересектермен іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі
міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақты
осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-
қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.
Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол ойлау процесінің өзі
болып табылады. Психология ғылымы әрбір адамда осы ойлау процесінің қалайша
дамып, өрістеп отыратынын зерттейді.
Ойлау дербес процесс. Капиталистік елдердің психологтары ойлау
процесін өз тұрғысынан талқылайды. Біреулері ойлауды қабылдау бейнелерінің
тек жиынтығы деп түсінеді, екіншілері ойлау мүлдем бейнесіз болады, ол
адамның айналасындағы дүниені жасаушы күш деп ұғындырады.
Ойлау процесінің сезімдік танымнан айырмасы сол адамға кездесетін
қиында жауап күтетін, сырын ашуды тілейтін міндеттерді шешуінде. Бұл ойлау
процесінің бірінші фазасы болып табылады. Одан кейінгі фазасы-шешілмекші
сұраққа гипотезалық жауап табу. Үшінші фазасы гипотезаның дұрыс бұрыстығын
сынау үшін материал жинау.
Ойлау процестерін анықтап айтып беру ұзақ іс сияқты, ал ойлаудың
өзіне тән процестері тез өтіп жатады. Адамның психикалық механизмдері
ойлаудың жылдам қозғалып, ағытылып жатуын мүлтіксіз қамтамасыз етіп
отырады.
Ойлау процесінің есепсіз болып жататынын, адамның психикалық
әрекетінде ойлаудың элементтері бар екенін білуге болады.
Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ойлау ой
операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы
болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз зат немесе құбылыс туралы, оның
жалпы сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Егер мен жақтаулардан
құралған, төрт аяғы бар бар затты көрсем, бұл заттың не үшін жасалғанын
түсінсем, менде стол деген ұғым туады. Ұғым заттың бейнесі болып табылатын
елестен ерекше. Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді.ұғымда заттардың
өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен
қарым-қатынастары бейнеленіп отырады.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір-
бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың
формасы болып табылады. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материалдар
негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре
алады. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің
түрлері көп. Пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе мақұлданады, не
теріске шығарылады. Пікірді көбінесе ұғымның мазмұны ашылады.
Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы ой
қорытындылары деп аталады. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды
шықпайды. Ой қорытындыларының мысалы ретінде геометрия жөніндегі теоремалар
дәлелдерін алуға болады. Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік
болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары, бұл пікір туғызу әдісі, мұнда
бірқатар жеке фактілердің негізінде қорытынды жасалады, жалпы пікір
айтылады.
Дедуктивтік ой қорытындылары немесе әдетте айтылғандай пікір туғызу
әдісі, мұнда жалпы ережеден жеке қорытынды жасалады. Пікір туғызудың екі
түрі де адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі. [3.
56]
Ойлау процесінің есепсіз болып жататынын, адамның психикалық
әрекетінде ойлаудың элементтері бар болады. Сөйткенмен біз қабылдау мен
елестерді ойлау процесінің нақ өзі деп тани алмаймыз, себебі бұл психикалық
процестер құбылыс пен заттардың тек сырт көрінісін ғана бейнелейтін
процестер- олар материалды толық талданбаған шикі қалпында жеткізіп
отырады.
Ойлау процесіне байланысты мидағы функциялар бала туғанда даяр
күйінде болмайды. Ол баланың дамуына, оның таным әрекетінің өрістеп
кеңеюіне байланысты пайда болады. Нәрестенің дүние тануы түйсік пен
қабылдаудан басталып, оның танымы айналадағы ортамен тығыз қарым-қатынаста
өтіп жатады. Ой операцияларының тууы, ең алдымен баланың қолына түскен
нақты затпен әрекет жасауынан басталады.
Балалардың ой өрісінің тар болуына әсер етіп, тежейтін фактор- оның
айналадағы дүние туралы білімінің әлі аздығы шалағайлығы.
Сонымен қатар ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері
болады. Талдау дегеніміз-ой арқылы әрбір обьекті мен болмыстың
ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау
нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады.
Біріктірудің физиологиялық негізі-мидың жүйке жүйесіндегі уақытша
байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру өзара байланысты
әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы
танылады және сол тәсілден анық көрінеді. Салыстыру тәсілі жалпылау
әрекетіне қарай ойысады.
Ойлану әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке
адамның ниет тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады.
Балалар дербестігін ойдағыдай дамыту мақсатын көздеп, тәрбиеші
сәбилерді белгілі бір шағын міндеттермен таныстырады. Мәселен ойыншықтарды
шашпау, үлкендердің өтініші бойынша ойыншықтарды жинау, өз орындарына қою,
киімдерін ұқыпты жинау, балалардың бір бөлігі оқып жатқанда орынсыз
шуылдамау және тағы да басқалар. Ол сәбилерді өзіне-өзі қызмет көрсеткенде
ойыншықтарды пайдалану, құрбы-құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас
кезінде қажетті білім мен іскерлікпен байытып отырады. Балалар өз
білімдерін қолданып, дербес әрекеттерін көрсете алуы, мысалы, серуенге шығу
үшін қуыршақты киіндіруі, қолдарын жуар алдында өз жеңдеріне қайыруы және
тағы да басқалар жасауы үшін арнайы жағдайлар туғызу үшін қажет.
Балаларға нақты іс-әрекеттерді көрсету (қол жуу, сүлгімен сүртіну)
арқылы, сондай-ақ ойыншықтармен көрсету (қуыршақтарды киіндіру,
тамақтандыру) арқылы оларды өз бетімен әрекеттендіруге үйретуге болады.
мұнымен қоса баланы бағалау, мадақтау мен өз бетімен әрекет жасауға басқа
балалардың назарын аударудың маңызы зор.
Балалардың өз бетімен істейтін іс-әрекеттерін ұйымдастыру
процестерінде тәрбиеші немен шұғылдану керектігін тікелей ашып айтудан
Сенің қызыңның ұйқысы әлі қанған жоқ па? Балалар бақшасына кешікпеу үшін
мүмкін тұрғаны жөн болар деген сияқты жетекші сұрақтарды пайдалануға
көшеді.
Дербес әрекет етуді қалыптастыру күрделі процесс. Балалардың кейбір
қажетті мәліметтері мен іскерліктерді игеруіне, бірлесіп ойнауды, бір-
біріне көмектесуді үйренуіне қол жеткізу жеткіліксіз. Мұның үстіне жиналған
мәліметтер мен іскерліктерге сай олардың белсенді қимыл жасауға
талпыныстарын қалыптастыру қажет.
3 жас соңында баланың сөздік қоры 1200-1500 сөзден тұрады.
Баланың сөйлеуі оның іс-әрекеттерімен байланысты. сөйлеу бала
әрекеттерінің ұйымдастыру функциясын орындайды.
3 жастан бастап баланың сөйлеуі белсенді дамиды. Ол қарым-қатынастың
негізгі құрала болады.
Бала мінезін тәрбиелеу мұғалімнің жаңашылдығы мен шығармашылығын үнемі
қажет ететін, бұл жолда ылғи да жалықпай қажымай әрекет етпейінше тиісті
нәтиже шықпайтын өте жауапты жұмыс болып табылады. Мінезді шынықтырып,
тезге салатын амал-тәсілдер де аз емес. Мәселе бұларды әр адамның жеке дара
өзгешеліктері мен нақтылы өмір сүру жағдайларына орайластыра пайдалана
білуде. Осындай әдіс-тәсілдердің қатарына ата-ана мен ұстаз атаулының жеке
өнегесі, кісінің ұстаған бағыты, сөзі мен ісінің, танымы мен сенімінің
бірлігі, жас өркеннің өзін-өзі тәрбиелеуі, әртүрлі мінез міндетін бойға
ұялатпау- мінез тәрбиесіне байланысты жүргізілетін іс-шаралардың бір тобы.
Бала өзіне ұнаған адамның қимыл-қозғалысына, іс-әрекетіне еліктейтін
болса, онда сол кісінің бала мінезіне, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп,
мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қалыптастыруға ықпал еткен. Адам
мінезіне еліктеу оның іс-әрекетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы
болмақ. Осы орайда, баланың жақсы көрген ұстазына, әдебиеттердегі
кейіпкерлерге не тарихтағы саяси қайраткерлер мен еңбек ерлеріне еліктеу
оның мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерді қалыптастырып дамытуға мүмкіндік
береді.

1.3. Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні
Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі
қасиеттеріне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсіну
арқылы біз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бір-біріне
тәуекелдлігінің шығу тегі мен даму жолын ажыратамыз. Түсінудің басы-
шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп білуден басталады.
Түсіну күрделі ой жұмысын талап етеді. Түсіну сөз арқылы
берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. Түсінудің бұлай түрліше
болып келуі адамның алдына қойған мақсатына, жеке психологиялық
ерекшеліктеріне, ана тілінің ішкі заңдылықтарын білуіне, сол адамның сөзі
мен ісіне байланысты болады. Бір нәрсеге дұрыс түсінгендіктің көрінісі- сол
материалды өз сөзімен түрлендіріп айтып, іс жүзінде орындап көрсету болып
табылады.
Түсіну екіге бөлінеді: оның бірінші түрі тікелей түсіну. Тікелей
түсіну жанама түрде ой операцияларын керек етпейтін, қабылдауға ұқсас
процесс. Мәселен бізге таныс сөздер, сөйлемдер белгілі құбылыстар
адамдардың қылықтары тағы басқалар.
Түсінудің екінші түрі жанама түсіну. Жанама бірнеше аралық
басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, көмескі нәрсені анық,
айқын етіп бейнелеуде бірннеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Жанама
түсінуде сұрақ қоюдан басталады, сұрақ пен жауап табудың арасындағы аралық
түйіндер бар екендігін, осы аралық түйіндерді табу жаңа мәселені шешудің
кілті екендігін атап өту қажет.
Адам сұрақ қою арқылы алдындағы кедергіні сезеді, оны біртіндеп жояды,
сөйтіп өзінің әр түрлі тану қызығуларына жауап алады. Төменгі класс
оқушыларында тануға негізделген тікелей түсінулер байқалады. Бұл тікелей
түсінулер заттарды тікелей қабылдаудан туған түсінулер. Егер зат баланың
тәжірибесінде болмаған болса, оны бірден түсіну қиынға соғады. Түсіну үшін
оны алдымен жан-жағынан жақсылап қабылдап алу қажет. Жанама түсіну затты
құбылысты белгілі үғымға жанастыра барып түсіну деген сөз. Баланың сыртқы
дүниенің сан қырлы сырларын түсіне алуы жанама түсінулер арқылы ғана жүзеге
асады.
Төмнегі класс оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келетіндіктен,
олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады.
Балалардың құбылыстарды түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік
қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты
түсіндірудегі методикалық шеберлігінің жоғары болуы бала түсінігінің жақсы
дамуына қатысы бар басты факторлардың бірі.
Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен
белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен
қосақталып дамып отырады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады.
Мектепке түскенге дейінгі бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл
кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлдеде тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына
төмендегілер болып табылады:
1) балаларды белгілі ережелер жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға
үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық методты жиі
пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті
жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып, ұйымдастырса ғана, оның
ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.
2) Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын
дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
3) Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан
оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты
қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.
4) Мұғалім балаларды үнемі ойланып отыруға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
5) Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс
бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шгешуге
үнемі бағыттап отыру ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер
шығару, шығармалар жаздыру-бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
6) Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып
жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен
сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен қораш сөз, солғын
сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз
жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы ой
тәрбиесі аадмның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып
жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.

2.БАЛА ОЙЫН ДАМЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
2.1. Бала ойын дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың
ерекшеліктері
Балалардың құбылыстарды түсіне алуында олардың сөз байлығын, сөздік
қорының өсіп отыруын қадағалау зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа сабақты
түсіндірудегі методикалық шеберлігінің жоғары болуы бала түсінігінің жақсы
дамуына қатысы бар басты факторлардың бірі.
Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы
ортамен белснеді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір
тәжірибесімен қосақталып дамып отырады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады.
Мектепке түскенге дейінгі бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл
кезеңде нақтылы-бейнелі болып, әрекетпен әлдеде тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына
төмендегілер болып табылады:
1) балаларды белгілі ережелер жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға
үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық методты жиі
пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті
жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып, ұйымдастырса ғана, оның
ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.
2) Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын
дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
3) Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан
оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты
қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.
4) Мұғалім балаларды үнемі ойланып отыруға бағыттауы тиіс. Бұған оқу
процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын
мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
5) Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс
бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шгешуге
үнемі бағыттап отыру ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер
шығару, шығармалар жаздыру-бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
6) Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып
жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен
сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен қораш сөз, солғын
сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз
жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы ой
тәрбиесі аадмның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып
жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.
Жалпылау қоршаған ортада кездесетін заттар мен құбылыстардың тектес
жақын сипаттарын біріктіріп, топтастырып отыруды жалпылау операциясы деп
атайды. Адам заттарды салыстырмай олардың ұқсастығын да, айырмашылығын да
ажырата алмайды. Жалпылау процесі нақтылау операциясынсыз орындалуы мүмкін
емес, өйткені заттың сипаттарын жалпылау операциясы өз ықпалына ала
бермейді, олардың жеткеші ролі мен шешуші мәнін де ескеріп отыруға тиіс.
Жалпылау операциясы зат пен құбылыстың жетекші сипаттарын біріктіруде
ұғымның жасалуына негіз болады. Биология пәнінде жануарларды класқа бөлу,
нақтылау, абстракциялау операцияларына сүйеніп отырылып жасалынады. Мәселен
барлық жануарлар класқа, клас отрядқа, отряд тұқымдастарға, тұқымдастар
туыстарға, туыстар түрлерге бөлінеді. Ғылыми жіктеуге обьектілердің әр
түрлі сипаттарын негізге алып отырады. Осылардың барлығы адамның ой
әрекуетінің жалпылау операциясының арқасында туып отырған нәтиже болып
табылады. Әр ғылым қозғалыстың жеке формаларын зерттейді. Зерттеу
процесінде ойлау операциялары қатысып отырады, соның ішінде жалпылау
операциясы үлкен роль атқарады, себебі құбылыстардың жаппай байланысы мен
өз ара шарттылығын түсіну жалпылау операциясы арқылы жүзеге асады.
Адамда ұғым қорыту, яғни ортақ қасиеттері бар заттарды құбылыстарды
ойша біріктіру нәтижесінде жасалады. Заттар мен құбылыстардың мәнді белгісі
бойынша біріктірілсе, қорыту дұрыс болады. Мысалы металл деген ұғымды
ойлау, бұл демек темірдің, болатттың, шойынның мыстың тағы басқалардың
ортақ белгілерін алып қарап, оларды бір қорыта айтылатын сөзге металға
біріктіру болып табылады. Бірақ қорытуда әрқашан мәнді белгісі алына
бермейді. Кейде кездейсоқ белгілер бойынша біріктіріледі. Мұндай
қателіктерді балалар көбірек жасайды.
Қорыта айтуды жазушылар көп қолданады, олар жеке адамдардың кейбір
белгілерін алып, бір адамға әкеліп біріктіреді, сөйтіп әдеби геройдың
типтік бейнесін жасайды.
Баланың білуге құмарлығы үнемі айналадағы әлемді танып білуге
бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп- салдарлық
байланыста және тәуелділікті анықтауға тырысады. Онда айналадағы өмір
құбылыстары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Ақыл-ой жағынан бала
қаншалықты пәрменді болса ол сонша көп, сұрақтар қояды және оның сұрақтары
соншалықты алуан түрлі болады.
Бала заттың бейнесін ғана емес оның қимыл - қозғалыстары туралы да
ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол
жекелеген жағдайларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерік әрекеттерінің дамудағы бағыттар
Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесі
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін ойын арқылы дамыту
Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Пәндер