Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері



Жоспар

1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2. Жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3. Жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2. Жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді
қамтамасыз ету;
3. Жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық
негіздері

Жастар – қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауында белгілегендей Біздің басты оң
игіліктеріміздің ішінде – халқымыздың санасы туралы. Біз ғылыми және
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар,
соның ішінде болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес
капиталды Жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі
неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз. [1]
Жастар қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте және рухани құндылықта
маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі
қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік
жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.
Мемлекеттік жастар саясаты қоғам ресурстарының стратегиялық дамуының
маңызды бағыты ретінде қаралады. Жастар халықтың қоғамның белсенді бөлігіне
жатады, және болашақта маңызды потенциалы бар, сондықтан мемлекеттің
қалыптасуында жастардың орны мен рөлін бағаламауға жол бермеу керек.
Жастар өте белсенді, білімді, физикалық және кәсіби дайын, мобильді, ғылыми-
техникалық прцесті жылдам меңгеретін, нарық экономикасының талаптарына,
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделе алатын топ. Алайда
қазіргі кезеңде жастар мүмкіншіліктеріне қарамастан сай келмейтін орынды
алады. Нарықтық экономикаға көшу мәселені ушықтырып, жастарды еңбек
нарығынан шығарып тастап, жұмыссыздар қатарына қосты. Жастар нарықтық
қатынастарда жаппай қысқартуға жақын болғандықтан, қазіргі уақытта жастар
арасындағы жұмыссыздық деңгейінің пайызы өте жоғары. Сондықтан еңбек
нарығындағы жастарға аса назар аударып, жас жұмыссыздардың негізгі
ерекшеліктеріне назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты Заңының мақсаты жастардың
рухани, мәдени, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін
әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен
кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу
болып табылса, міндеттерінің біріне жастарға көмек беру және әлеуметтік
қызметтер көрсету болып табылады.[2]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттарына жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласына кепілдік беру,
сонымен қоса жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті қолдау жатыр.
Құрылымдық экономикада еңбек пен жұмысбастылыққа құқық беретін,
экономикалық дербестікті қамтамасыз ететін арнайы шаралар қажет: еңбекпен
қамту қызметін ұйымдастыру, жастар еңбегін қолдануда қызығушылықты
жоғарылату үшін кәсіпорын мен мекемелерге салықтық жәрдемақыларды
қолдануға мүмкіншілік беру, кадрларды қайта даярлау жүйесін жасау.
Әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету
жатады. Халықты еңбекпен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты
лайықты жұмыс орнында қызмет ету мүмкіндіктерін кеңейту мен жұмыссыздық
деңгейін төмендету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал
жасау, келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын
құру, квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату, қоғамдық жұмыстар,
жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік қызметіне ашуда мүмкіндік беруге
материалдық көмек көрсету.
Бүгінгі күнде көптеген бағдарламалар бар, мысалы, Жастар тәжірибесі,
Вакансия жәрмеңкесі, Жол картасы, Дипломмен ауылға және т.б.
Жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру оларға еңбек дағдысын меңгеруге, қалта
шығынына ақша табуға және еңбек мотивациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
1999ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты атты
Тұжырымдамасы қабылданып өңделді, 2004 ж. Қазақстан жастары – 2009 атты
бағдарлама қабылданды. 2005 ж. 1 қаңтарынан бастап 2004ж. 7 шілдесінде №581
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы күшіне
енді. Мемлекетімізде жасалып жатқан барлық шаралар, бағдарламалар басымен
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.
Жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдіктер беріледі:
- еңбекпен қамту облысындағы кепілдіктер;
- әлеуметтік қолдау облысындағы кепілдіктер.
Жұмыссыздарды еңбекпен қамту кеңістігінде мемлекет келесідей кепілдіктер
береді:
- тегін кәсіби бағдарлау, кәсіби даярлау, еңбекпен қамту органдарының
бағыттауы бойынша квалификацияны жоғарылату және қайта даярлау;
әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
- егер еңбекпен қамту органының ұсынуы бойынша басқа жерге жұмысқа
(оқуға) бағытталса, онда Қазақстан Республикасының материалдық шығындар
заңдылығына сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР халқының әртүрлі топтарын жұмыспен қамту мәселелері
Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Жұмыссыздық
Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру
Пәндер