Судьялардың құқықтық жағдайы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.1. Судьялардың тәуелсіздігі
1.2. Судьяны кызметтен босату мүмкіндіктері.
1.3.Судьяны қызметтен босату туралы шешім
2.1 Судьяларға ешкімнің тиіспеушілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.1. Судьялардың тәуелсіздігі
1.2. Судьяны кызметтен босату мүмкіндіктері.
1.3.Судьяны қызметтен босату туралы шешім
2.1 Судьяларға ешкімнің тиіспеушілігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Судья ҚР Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сактауға, азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін корғауды
камтамасыз етуге міндетті. Бұл судьяның конституцияда бекітілтен адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кысым жасайтын заңдар мен өзге
де нормативтік құқықтык актілерді қолдануға құқығы жок-тығын білдіреді. Заң
немесе заңға тәуелді актілер конституцияға сәйкес келметен немесе онда
конституцияда камтылған нормалар болмаған жағдайда, сот атап өткендей, ҚР
Конституциясын тікелей қолданылатын акт ретінде қолдануға тиіс.
Өз міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс карым-
катынастарда судья сот төрелігінің беделіне, судьяның абыройына нұқсан
келтіретіндерден немесе оның объективті әділдігіне күмән келтіретіндерден
аулақ болуға тиіс. Оған мемлекет берген билік өкілеттіктерінің кешенділігі
оның құқықтық қана емес, жоғары моральдық жауапкершілікпен ұштасады.
Судьяның кызметін реттейтін нормаларды құқықтық ережелер ретінде де, оның
кызметінің этикалық негізін құрайтын жалпы адамгершілік жарғылардың нақты
жеке көрінісі ретінде сипаттауға болады. Судьяларды өз міндеттерін кез
келген орындамауы немесе тиісінше орындамауы соңында адамгершілік
талаптарының бұзылуына әкеледі.

1.1. Судьялардың тәуелсіздігі
Судья істі қараған кезде адал болуға және қаралған дәлелдемелерді
бағалауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға тиіс және
бұл ретте тек ҚР Конституциясын және заңды басшылыққа алады. Бұл орайда
судьялар тек ҚР Конституциясына қайшы келмейтін нормативтік құқыктық
актілерді қолдана алады.
Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай
да бір түсінік беруге міндетті емес. (Сот жүйесі туралы Конституциялық
Заңның 25-бабының 3-тармағы). Нақты іс бойынша өз пікірін судья тек кеңесу
бөлмесінде айтуға құқылы. Алайда судьяның тәуелсіздігін жауапкершілік және
бәріне рұқсат етушілік ретінде ұғынуға болмайды. Заңда істі қараған кезде
заңдылыкты бұзғаны үшін, теріс кылық жасағаны үшін судьялардың
жауапкершілігі көзделген. Судьялардың ауыстырылмауы заңда белгіленген
тәртіппен оларға өкілеттік берілгеннен кейін заңда тікелей көзделген
жағдайлардан басқа және тәртіпте қызметтен босатылуы мүмкін; олар басқа
қызметке немесе басқа сотқа оның келісімінсіз ауыстырыла алмайды; олардың
өкілеттіктері заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен өзге
тоқтатыла алмайды.
Сот құрамының тәуелсіздігі барлық зерттелетін дәлелдемелердің соттардың
тікелей қабылдауының қажетті шарты, сот ісін карауға және шешім қабылдауға
накты қатысу мүмкіндігі болып табылады, сондай-ақ сот ісін қарау
аяқталғаннан кейін соттардың объективті қорытындысының кепілдігі болады.

1.2. Судьяны кызметтен босату мүмкіндіктері.
Сонымен бірге сот жүйесі туралы Конституциялық заңда белгілі бір
негіздемелер болғанда судьяны кызметтен босату мүмкіндігі көзделген:
1) орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеітерін одан әрі атқаруға
кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны іс-әрекетке кабілетсіз немесе іс-әрекетке кабілеті шектеулі деп
тану не оған медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану туралы сот
шешімі заңды күшіне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
6) судья қайтыс болтан немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы
шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
7) судья баска лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмыска
ауыскан жағдайда;
8) соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер
судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе,
токтатылады.
Сонымен катар, судьяның бұл туралы өз тілегі болтан, не денсаулык
жағдайы бойынша, не сот таратылған немесе өкілеттік мерзімі өткен жағдайда
орнынан түсу нысанында қызметтен босатуға құқығы бар. Орнынан түскен
судьяның судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік
кепілдіктері сақталады, оған сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Облыстық сот төрағасы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Судья мәртебесі
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы сот билігінің маңызы мен ролі
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
Пәндер