Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен даму кезеңдері



Жоспар

1.Кіріспе
2.Салық жүйесіне түсінік
3.Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
4.ҚР қазіргі салық жүйесі
5.Қорытынды

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Экономика және құқық институты
Қаржы кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Пәні: Салық және салық салу
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен даму кезеңдері

Орындаған: ФК-10-5-СС тобының студенті Меджанова М.Ж.
Тексерген: Маулина Н.Х. аға оқытушы
Сынақ кітапшасы: № 4100380

Ақтау-2012ж.
Жоспар

1.Кіріспе
2.Салық жүйесіне түсінік
3.Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
4.ҚР қазіргі салық жүйесі
5.Қорытынды

Кіріспе

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Салық салу жүйесін жекелей алғанда,оны нарықтық қатынастардың жаңалықтарына жатқызуға болмайды,бірақ жаңалық болып тәуелсіз бақылаудың пайда болуы табылады.Ол қоғамдық тәжірибелік қажеттілікті жүзеге асыруды-пайдаланушылар қызығушылығындағы экономикалық субъектілер ісі жөніндегі қаржылық ақпараттардың нақтылығын растауды қамтамасыз етті.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,дамуының негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсат салық жүйесінің мәні мен мазмұнын оқушыларға ашып көрсету,оның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты енгізу, аудиттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсету.Яғни осы курстық жұмыста жазылған мәліметтер салықтар жөнінде жалпы мағлұмат береді.

Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
oo салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
oo салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
oo салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
oo салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
2.2. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте - бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.
2.3. Қазақстан Республикасының қазіргі салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері туралы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылуы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы салық жүйесінің қазіргі кездегі мінездемесі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Салық салу туралы
Пәндер