Коммерциялық банк операциялары



Кіріспе
І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ... ... ... ..19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ІІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Коммерциялық банктер операциялары.

Астана
2012

Мазмұны

Кіріспе
І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының

мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Коммерциялық банктерді ұйымдастыру
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі
... ... ... ..19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ІІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 37

Кіріспе

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы
деңгейі – банктер болып табылады. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде
банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие
институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда
тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты - ол білімділікте және де шетелдік
банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары
банктің дамуы қаржы және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол
банктің ресурстары және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және
ақша аудару арқылы жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары
ол клиенттермен көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен
де қарым – қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер
әрқайсысы өздерін жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында
бәсекелестік болады, сол үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей
алатындығын көрсетеді. Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды
жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып
мінездеме бере алады. Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын
жоғалтпай жұмыс деңгейі жоғары екенін білдіреді
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығында Қазақстан Республикасы өмірдің
барлық салаларында жаһандық өзгерістерді басынан өткеруде. Осы тұста
еліміздің банк жүйесінің құрылымы да халықаралық интеграция салдарынан
үлкен өзгерістерге ұшырады. Банктердің қызмет істеу ортасыда біршама
өзгерді.
Қазақстандағы банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды құрылымы
болып табылады. Банктер мен тауарлы өндірістің және айналымның дамуы өзара
байланысты. Банктер шаруашылықты несиелендіріп, ақшалай есептеулерді
жүргізіп, капиталды бөлуде делдалдар ретінде өз міндеттерін атқарады.
Бүгінгі күні республикамызда 35 екінші деңгейлі банк өз қызметін
жүргізуде. Банк жүйесінің құрылымы да күрделене түсті. Қаржылық
мекемелердің жаңа түрлері, жаңа несиелік құралдар және клиенттерге қызмет
көрсетудің жаңа әдістері пайда болды.
Мемлекеттің банктік секторының алдында келесідей мәселелер қойылған:
индустриалды саясатты қолдау, ауылшаруашылық комплексін қолдау, тұрғын үй
құрылысы бағдарламасына екінші деңгейлі банктердің белсенді қатысуы.
Қаржы-несие жүйесі нарықтық экономиканың маңызды да ажырамас бөлігі
болып табылады. Банктік жүйе мен тауарлы өндірістің дамуы бір-бірімен тығыз
байланыста. Экономикалық өмірдің ортасында бола отырып, банктер салымшылар
мен өндірушілер арасындағы байланыстырушы, капиталды қайта бөлістіруші,
өндірістің жалпы тиімділігін көтеруші болып саналады.
Өз курстық жұмысымды жазу барысында бұл тақырыптың өзектілігін
айқындағым келді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың несие қабілеттілігі және
қаржы ресурстары туралы мәлімет ең бірінші банктерге қажет деп санаймын.
Өйткені банктердің табыстылығы мен өтімділігі клиенттердің қаржылық
жағдайына тәуелді болады. Осыған байланысты өз курстық жұмысымда
қарастырылған теориялық аспектілер мыналар:
▪ несие механизмінің мәні мен экономикалық маңызы
▪ қарызгердің несие қабілеттілігін талдаудың мәні мен экономикалық
маңызы
▪ нәтиженің сальдолық көрсеткішінің негізгі несие қабілеттілігін
бағалау жүйесі
▪ қаржы ресурстарының басқаруын талдау
▪ төлем қабілеттілігінің мәні мен маңызы
Төлем қабілеттілік – бұл өнімді өткізуге, өндірістің ұдайы процесін
жүргізуге және барлық қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша қарыздарды
өтеуге жететін кәсіпорынның қаражаты.
Ең маңызды рольді – несиелер алып отыр. Себебі ол халық шаруашылығын
қосымша қаражатпен қаржыландыратын негізгі көзі болып табылады.
Банктер пайда табу мақсатында несиелік активті операцияларды жүргізу
процесінде несие тәуекелімен кездеседі. Яғни несие берушіге қарызгердің
алған қарызы мен пайызын төлемеу тәуекелділігі. Әрбәр несиелік мәміленің
түріне қарай несиелік тәуекелділікті анықтайтын факторлар мен себептер тән.

Көптеген жағдайда ол тәуекелділік қарыз алушының қаржылық жағдайының
төмендеуінен болады, яғни жоспарындағы күтпеген жағдайлардың болуы, кепіл
мүліктің сақтандырылмауынан, басшы тәжірибесінің аздығынан және т.б. Бұл
және басқа да факторларды банк қызметкерлері кәсіпорындарды, ұйымдарды
несиелендіргенде несие қабілеттілігін бағалауды ескереді.

І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының мәні

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады.
"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барасында пайда болды.Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы
мағынасынан біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне көрсетуі олардың
қызметтерінің сапасына байланыссыз болады.Коммерциялық банктер -нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырытан
арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржы ресурстары жинақталады.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және
одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өз кезегінде өкілеттілігін-
Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген
қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - дан астамы бас банкіге тиеселі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО–ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында
өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де
сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеде қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық
құрылымы болады. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық
басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып
келеді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде
тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б.
маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесіндегі ірі банктердің азғана топтары елдің
барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал
барлық банктік институттардың филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция,
Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің бөлімшелері мен филиалдары да
көптеп саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында
жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала
шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге
филиалдарашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға, ал
үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде бір банкі өз
штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде
жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.
Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм
дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды.
Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты банк филиалдарының торабы тез
арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін.
Бөлімшелер мен филиал тораттарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің
толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер
тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және
монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттемелері-мен, оның
бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың
жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырылған
түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банкті ұйымдастырудың құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір- екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу,
бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады.: банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты- банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастыруына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқаудың құрылымын анықтау, органдарын бөліп қарауды, олардың
банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара
байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару
құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде
шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналыстан кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктеріне ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
шығындар жабылады. Себебі, меншікті капитал есебінен банке қажетті
резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы мерзімді
активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы-банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға
әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті
пайданың пайланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды:
▪ жарғылық капитал;
▪ резервтік капитал;
▪ қосымша капиталдар;
▪ банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар (резервтер);
▪ бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады
Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер төмендегідей екі ұйымдық
формаларда құрыла алады:
▪ акционерлік банк формасында;
▪ пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында;
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, оларқосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге
асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту
үшін қосымша акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі-акционерлік капитал. Бағалы қағаз
(акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің
акциясы-банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және
дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді.
Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан үнемделген капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады;
б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға,
дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
в) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд
алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және
акционерлердің жиналысан қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде
табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей
кезеңдерден тұрады:
1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны
сараптамадан өткізу;
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. банк - эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеуі;
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін
тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады:
▪ банкті акционерлік формада құру;
▪ банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік
қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет
етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық
капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық 25 % мөлшерінде құрылатын
болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға
толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк
пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор
есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты
аударылатын аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталған пайданы
бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
мазыңды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге:
несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты
құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда-акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайтужолдарына мыналар жатады:
▪ банк пайдасы;
▪ акциялар шығару;
▪ құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
▪ облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның
қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан
тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табыла-ды. Осы
мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
▪ қорғаныс қызметі;
▪ шұғыл қызметі;
▪ реттегіш қызметі;
▪ айналым қызметі;
▪ резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталныңы
шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиаталының қорғаныс қызметі- банктің салым иелеріне жәрдем ақы
төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің
банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі- меншікті капиталдың ең
басты қызметін білдіреді. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне
қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі
жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды
жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты
резервтер құруды сипаттайды.Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік
қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ
мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа
банктердің меншікті капиталы реттегіш қызмет атқарады. Бұл қызмет қоғамның
мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік
жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты.Банк капиталының
көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға
беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі
мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және бсқа
банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен
пруденциялық нормативтерге банктің меншікті капитал көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестиция-лық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез-келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
коммерциялық қызмет көрсету болып табылады.Мұндай қызметтер тәуекелмен
байланысты болғандықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін
есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да,
бұл қызметі меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті
атқара отырып, өзінің айналым капиталының кассалық ақшалар, несиелік,
факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға,
басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып
банктер өз несие берушелерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес,
сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік
операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер
тартылатынқаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте
резервтерін құрайды. Банктердің төлем ресурстарының мүмкін болар
тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резевтер сияқты активтік
операцияларды болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті
капитал резервін құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының
айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі резервтік қызмет
арқылы ғана қолдап отырады.
Банктер капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазыргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы опера-циялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегін-дегі
банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді,
ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының
болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып
табылады. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
▪ ақылы негізде депозиттерді тарату;
▪ клиенттер мен банк – корреспонденттердің шоттарын жүргізу және
оларға кассалық қызмет көрсету;
▪ қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік шарттарымен заңды
және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
▪ инвестицияланатын қаражаттар иелерінің, иемденушілердің тап-
сырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
▪ заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару;
▪ төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа
да операцияларды жүргізу;
▪ ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
▪ тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
тәуекелін өз мойнына алу;
▪ банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
▪ клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер;
▪ коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру;
▪ клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
басқару;
▪ банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
▪ лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Сондықтан оның ішінде шетел
валюталарымен операцияларды жүргізу; ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
▪ уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;
▪ экономиканы және халықты несиелендіру;
▪ қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
▪ инвестициялық қызметті;
▪ клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ
болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті
жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пікірлер бар.
"Капиталдың жеткіліктігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктігі -бұл банк
капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк
капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің
қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі шығара отырып, қаражат
тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, банк
капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі папаметрлер
арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді.Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен
шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда
өзіндік ерекшеліктерге ие.Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық
қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті
және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы
болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар.Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалынатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен
банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты-
бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
▪ банктің жарғылық капиталы;
▪ банктің резервтік капиталы;
▪ қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
▪ сақтандыру резервтері;
▪ бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы- банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар-акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
▪ пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында;
▪ акционерлік банк;
▪ шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз
мөлшерінде, айталық 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.Резервтік
қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда
болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары
бойынша дивидендтер төленеді.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге:
несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты
құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резевтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операцияларды 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарыны деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады. Банктердің ресурстарының жалпы
сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
І топ- депозиттері;
ІІ топ -депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттет банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және
өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер мен өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған
ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені,
депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды
көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы салымдарының
түрлері

Депозит (салым) – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық
немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуге дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуге дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуге дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың және шағын коммерциялық
құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің коррспенденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі- бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі
мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай
өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шекутеусіз
жүзеге асырады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі, келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып – пұл
ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы денгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі керек.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражаттарды алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай- заттай ұтыс салымдары;
- мақсаттық және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақы мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сомма белгілі бір күнде төлық
төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталған және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері
болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша
алынатын депозиттер болып та бөлінеді. Талап бойынша алынатын депозиттерге
қаражат толық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл
сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиен ашқан әр түрлі шоттарда
орналастырылып, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы
мүмкін.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда
белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шоттарда басқа банктермен
есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат
сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз
шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әр
уақытта өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік
өсім төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында
коммерциялық банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды
ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп,
сондай-ақ олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз
қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады.
Казіргі кезде банктің операциялар тартылған және зайымдық несие
ресурстары есебінен жүргізіледі. Банк несие ресурстарын және өзінің
қаражаттарын келесі көздері арқылы толықтыра алады.
1. Бөлінбеген табыс.
2. Таратылған қаражат.
Таратылған қаражат – клиенттің депозиттерінен, таратылған арнайы
қорлардан, есеп операциялары бойынша уақытша бос қаражаттарынан, клиентң
несиелік қарыздарынан құралады.
Заемдық қаражат – банкаралық ссудалардан, банаралық уақытша қарасылық
көмектен және өткізілген құнды қағаздардан құралады. Банктің тартылған және
заимдық қаражаттары банк балансының міндеттемелерін құрайды.
Банк міндеттемелері – бұл активті операциялардың көзі ретінде банк
қорларының айналымында уақытша жүретін банкке тиесілі емес қаражаттар. Банк
міндеттемелері ағымды және басқа болып бөлінеді.
Ағымды міндеттеме: банктер алдындағы, клиентура және жинақтау
дипозиттері алдынғы, төленбеген дивиденттер мен төленбеген салық алдындағы
міндеттемелер жатады.
Басқа да міндеттеме: ағымды емес сипаттағы пассивтер, яғни зейнетақы
және сақтандыру корпорациялары, күмәнді қарызды жабу резерві, т.б.
резервтер алдынғы міндеттемелер.
Тартылған және заимдық ресурстарды талдау үшін келесі көздері ескеру
қажет:
- жедел және талап етілдіне дейінгі депозиттер;
- есептегі қаражаттар;
- заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары;
- басқа банктердің ресурстары;
коммерциялық банктер үшін салым
- пассивтердің маңызды түрі яғни актив операциялардың жүргізілуі
үшін қаражат көзі.
Банктердің клиенттен тартылған қаражаттары ағымды, депозиттік,
жинақтау және басқа да шоттарға аударылады.
Депозиттік тартылған қаражаттардың құрлымын талдау барысынды оларды
топттастыру қажет:
1) Жеделдігіне байланысты;
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
2) Тартылған субъектілеріне байланысты
- заңды және жеке тұлғалар;
- бюджетік мекемелер;
- әртүрлі қоғамдар;
Банктің тартылған қаражаттарын талдау кезінде әр тартылған және
зайымдық қаражаттың топтарының үлес салмағын анықтау керек, сонымен қатар
валюталық баланстың қалыптасуыдағы банктің барлық міндеттемелерінің үлесін
анықтау керек.
Сырттан тартылған қаражаттарды қалыптастыруда банкаралық несиенің
пайдалануын таладау
Банктер үшін қаржы көздері ретінде маңызды рөлі банкаралық несие
алады.
Банкаралық нарық – бұл ссудалық капитал нарығының бөлігі. Ол жерде
несие ли уақытша бос ақшалары банктер арасында таратылады.
Банкаралық активті және пассивті операциялар банкаралық дипозиттер
және бпнкаралық несиелер нарығы болып бөлінеді. Банкаралық депозит – бұл
бір банктін екінші банктегі депозит. Банкаралық несие – коммерциялық
банктің заямдық қаражатының негізгі көзі болып табылады.
Банкаралық несие банктердің өтімділік және рентабельдік дипейін
қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Каммерциялық банктің несие
потенцианының негізгі қаражат көзі ҰБ несие болып табылады. Ол қайта
қаржыландыру тәртібі ретінде беріледі. ҰБ несие ресурстары қысқа мерзімді
несиелендіру мақсатында беріледі.
Баланстық пасивті шоттарын кешенді талдау тігінен және көлденегінен
жүргізіледі. Тігінен жасалатын тандау кезенде әр статының үлес салмағына
жеке көнілі бөлінеді, мысалы пасивтің жалпы сомасындағы талап етілуге
деінгі депозиттер қандай пайыздық үлесті оларды және т.б. Бұндай талдау
шоттар арасындағы пропорцияны анықтауға олардағы өзгерістерді анықтауға
және ол өзгерістер банк табысына қандай әсер ететіндігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Көлдеңінен жасалатын талдау кезінде баланс поссивтерінің әр
статьясының згерісі қарастырылады. Ол үшін мәліметтерді өткен жоспарлы және
күтілген деп бөлінеді. Олардың ауытқуы пайыз түрінде көрсетіледі.
Жоғарында оталған талдауды таблица түрінде қарастырамыз.
ҚР-дағы коммерциялық банктердің баланстарының ерекшеліктері
төмендегідей:
1. тартылған қаражаттарға қарағанда меншікті қаражаттардың үлес
салмағының аса үлкен емес болуы;
2. клиенттер группасы бойынша депозиттердің төмен болуы;
3. ссуданы қаржыландыру;
4. тартылған қаражаттар құрлымындағы қысқа мерзімді ресурстарының үлкен
бөлігі;
5. активті операцияларды жабудың негізгі көзі-қысқа мерзімді ресурстар;
6. банктің құнды қағаздарды шығаруы;
Таратылған қаражаттарды талдау үшін коммерциялық банктің тартылған
қаражаттарын пайдалану тиімділік көрсеткіші қолданылады.
Тт.қ = тартылған қаражаттардың тиімділік көрсеткіштері.
Бұл көрсеткіш тартылған ресурстар есебінен несие салымдарының сумасының %
-н анықтауға көмектеседі. Егер оның мәні 75%-ға тең болса, онда таратылған
қаражаттарыеың қолдану тиімділігінің жеткіліксіз болуын білдіреді. Халықтың
тартылған ақша салымдарыны4 нормативі белгіленген. Ол келесі формула арқылы
есептеледі.
Каммерциялық банктердің банкаралық несиелеу депейін иалдау үшін
қатысты көрсеткіштер – қайта қаржыландыру коэффициенті (Кқ.қ) қолданылады.
Қайта қажыландыру коэффиценті басқа банктерден алынған несие қатынастары
секілді есептелінеді. Қайта қаржыландыру коэффициенті – басқа банктерден
алынған несие салымдардан; банкаралық ссудалар; тартылған қаражаттар;
меншікті қаражаттар; жарғылық қор т.б. көрсетеді. Қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Банктердің дамуы
Пәндер