Өнідірс оның мәні және факторлары



Өндіріс .бұл қоғамныц дамуы мен өмір сүруі ушін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда — бұл абстракяия, бірақ ақылға сыйымды абстракиия, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін.өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз . өндірісі процесі жок. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың — адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара іс.әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып. К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жұмысшы мен өндіріс құрал.жабдығы үнемі онын факторы болып қалады».
Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс.әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Енбек құрал.саймандары адамнын табиғи мүшесінін жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қодданады.
Еңбек құрал.саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдық құрылыс өндіріс: мәні факторлары, құрылымы және ұйымдастыру
түрлері
3.1. Өнідірс, оның мәні және факторлары

Өндіріс -бұл қоғамныц дамуы мен өмір сүруі ушін қажетті материалдық және
рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда — бұл
абстракяия, бірақ ақылға сыйымды абстракиия, себебі ол шын мәнінде
жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс
сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық
элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану
процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін,
шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы
өндіреді. Тұтынусыз - өндірісі процесі жок. Өндіріс процесі тек қана үш
факторлардың — адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара
іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор
жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінінің заттық
факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып. К.Маркс былай
жазған: Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жұмысшы
мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі онын факторы болып қалады.
Жұмыс күші — бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және
оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде
қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-
әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып
табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл құрылыстағы цемент,
тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде
табиғат қорынан алынады. Енбек құрал-саймандары адамнын табиғи мүшесінін
жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қодданады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен
қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек
құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын
адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі
жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде
дамыды: жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалык
революция бұған жаңа компонентті қосты - электронды басқару құрылымын және
ол ой еңбегі кызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы
компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен
шығады және онымен катар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі
өзгереді.
Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлык еңбек процесі ұжымда, қоғамда
жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады:
өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек
құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар
қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске
қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол
еңбек заты (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады, басқасында — басты
еңбек құралдары (ауыл шаруашылығы) ретінде.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәнгі қатып қалған болып
табылмайды.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар:
жер, енбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары,
пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал — бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс
құралдары.
Енбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі
әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр
сезімге бағынып әрекет етеді. Ен нашар сәулетшінің, — деп жазды К. Маркс,
ен шебер арадан артықшылығы сонда - сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл
ұяны аллын-ала жобалап алады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - арнайы өндіріс факторы ретінле өндірісті
ұйымдастыруда ынталылықты. төзімділікті және туекелдікті көрсетеді.
Батыстыңи қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған
өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық, экономикалык және экологиялық
факторлардыда қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы
ретінде жүзеге асааы. Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына
байланысты шектеледі.
Өндіріс процесінде адамлар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ, бұл
қатынастар әртурлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы,
адамдарлы орналастыру - техиикалық-өндірістік қатынастармен байланысты.
Екінші жағынан, бұл қоғамдык-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар
меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мсн өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер етеді.
Өндіргіш күштердін дамуы әндірістік қатьшастардың жетілуіне ықпал етеді.
Өз кезегінде өндірістік қатынастар өңдіргіш күштерді тоқтатуы немесе
дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өзінің
әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалык (өндірістік)
қатынастары сай келеді.

3.2. Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

Экономикалық теорияда экономикалык ресурстар деген ұғым бар.
Экономикалық ресурстар - бұлда өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және
оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, бензин. керосин. темір
рудасы, темір, болат, машина, станок, жабдық, үй және т.б. жатады. Адам
ресурстары — олардың еңбек әуелеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.
Планетамыздағы барлық экономикалык ресурстар шектеулі молшерде болады.
Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана
бар. Жердің көптеген келемін тау сілемі, орман, тундра, құм массивтері -
бос дал ажәне т.б. алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбала болған жерлер
- оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы, атақты Магнит тауының
орнында, Магнитогорск қаласы ауданында — бұрын магниттемір рудасының үлкен
қоры болған, қазіргі кезде ол жерде үлкен шуңқыр қалып отыр. Сондай-ақ
өндірістік үйлер, алып құырыслтар, машина, жабдықтар саныда шектеулі болады
- мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан
барып, экономикалық ғылымның алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді
қолдану мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан
сұранымдарын қанағаттандыру қажет.
Кесте 3-1
Өндірісіін балама мүмкіндіктері:
Мүмкіндіктср Автомобилді Танкті өидіру (мын
өндІру (мг.щ дапа) дана)
А 15 0
В 14 1
С 12 2
О 9 3
Е 6 4
Ғ 0 5

Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің
қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі
кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз сте алмайды: аштық,
ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттап қорғай
алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге
болады? Экономикалық теорияда мынадай мысалды жие келтіреді: айталық май
өндіру мен зеңбірек өндіру (басқада әртүрлі жұптық варианттың тізбелері
болуы мүмкін: нан мен еттің арасындағы, ет пен балық, автомобиль өндірісі
мсн тұрғын-ұй құрылысы және т.б.) арасында қайсысын таңдауымыз қажет.
Басқаша айтқанда, әнгіме мынада: барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы,
кезкелген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім, сол ресурстарды қандай да
бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады.
Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі. Мысалы,
танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде немесе
қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес.

3.3. Қоғамдық өнідірістің натуралды және тауарлы түрлері

Ғылыми әдебиеттерде жоне оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдык
өндірістік екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
б) тауарлы шаруашылык.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі
болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-сайманының
қарапайымдылығы оға өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкімдік
береді.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық
өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал
шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, енбек өнімділігінің
өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз
кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар
өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен
бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктін пайда
болуына жағдай жасады.
Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы
түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда.
Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы -өнімді тек өзі үшін өндіру егер
өнімнің бір бөлігін айту үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне
айналады.
Қазіргі қоғамдык өндіріс - бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген
еңбек бөлісінің болуы және онын мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістің өсуімен
барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды. Бұл процес барлық қоғамдык
өндіріс саласында әсіресе өнеркәсіпте — өте көрнектілікпен байқалады. Мысал
ретінде салалық және ішкі салалық мамандандыруды айтуға болады. Машина
жасауды алатын болсақ, мұндағы мамандану өте кен ауқымы энергетикалық
машина жасау, көліктік машина жасау, тракторлы машина жасау, ауыл
шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау және т.б. Женіл өнеркәсіпте:
текстиль, тоқыма. тігін өнеркәсібі және т.б. Тамақ өнеркәсібінде: нан жабу.
кант, коңдитерлік тағамдар, шай, шарап, ет және сүт өнеркәсіптер және т.б.
Еңбек бөлісі мен оның мамандануынын дәрежесі терендесе онда нарықта жұмыс
жасайтын кәсіпорынның тауарлық дәрежесі жоғарылайды және нарық мөлшері
артады.
Тарихи тағлым көрсетксндей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш
жағдайда жүзеге асады:
- бірінші ең ірі қоғамдық енбек бөлісінің болуы;
- алғашқы тұрмыстық қауымдасты қойнауында жеке меншіктің
пайда болуы;
- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының
қауымдастықтан экономикалық оқшаулануы).
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Олар бір типті,
себебі олардың негізінде өндіріс құрал-жабдығына деген жеке меншік жатады
және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың өз
арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушнің
өзіндік енбегімен жасалады.
Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді
өндіріс құрал-жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды. Сөйтіп, қазіргі
нарықтық қатынастар тек қана кәсіпорын, шаруашылықтын жоғарғы тауарлылық
деңгейінің және тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануының негізінде
қалыптасады, яғни еркін кәсіпкерлік пен жеке меншік арқылы деген сөз.
Қазақстанда тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы нарыққа көшу
кезінде еркін кәсіпкерлер тобының қалыптасуын қарастырады.

Пайда мен өндіріс шығындар теориялары
8.1. Өнідіріс шығыны теориялары
Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептін өкілдері (К. Маркс, А. Маршалл,
Д. Милль, Д. Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты. Шығынның
маркстік тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен басталады: өндіріс шығыны және
айналым шығыны.
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия,тұрақты
капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға
кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорының жұмсаған
шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (C+V) тең. Айналым
шығыңдар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Бұл
жағдайда К. Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесінен қараған. Ол өз ойын
мынаған негіздеді: тауар бірлігінің құнын-өндіріс шығыны мен айналым шығыны
құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында
жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын,
тасымалдануын және сақталуын ецгізеді.
Батыс елдері ғалым-экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі
тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық
ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану
мүмкіндіктерін ескереді.
Мәселе мынада: барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар
ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға қатысты өндіріс туралы
мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады.
Сондықтанда барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс
шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде
өзінін пайдасын көбейту мүмкіндігінде ұшырайды.
Батыс мектебі өкілдерініц есептеуінше, өндіріс шығындар екіге бөлінеді:
тұрақты және өзгермелі.

Тұракты шығыңдар (ТҒС) — бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен
байланысты шығындар. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер
жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, займ бойынша пайыз және
т.б. жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.
Өзгермелі шығындар (ТVС) — бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты
шығыңдар. Олар шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т.б. сатып алуға
кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей
байланыста өзгереді.
Тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы өндірістің жалпы шығынын құрайды
(ТС).
TC= TFC+TVC
Жалпы шығындар тауар санымен (0) орташа шығындардың (АС) көбейтіндісіне
тең
TC = Q х AC
Өнімнің бірлігіне қарай шығындары өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады.
Ол жиынтық (жалпы) шығындарды (ТС) өнімнің көлеміне бөлумен анықталады:
AC=TC
Q

Сондай-ақ орташа турақты (АҒС) және орташа өзгермелі (АVС) шмғындар
анықталады.
АVС = TFC АVС = TVC
Q Q
Орташа шығындар ұғымы К.Маркстың Капиталында баяндалған. Маркс шығындар
түрінің негізінде капиталға келетін өндіріс бағасы мен пайданың орташа
мөлшері тұжырымдамасын жасаған.
Пайданы кеп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті
шығындарды анықтау қажетгілігін тудырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс
бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді. Шекті
шығындар өндіріс шығындарының бірлігімен (ТСn-1) және өндіріс шығыңцар п-1
бірлігі (ТСп-1) арасындағы айырмамен анықгалады:
MC ∆ТС немесе MC= TC n – TC n-1
∆Q
Көсіпкерлік қызметте мынадай міндеттерге жиірек жолығуға болады:
өндірісті қандай көлемге дейін дамьпуға болады? Осының барлығыда көптеген
шығындарды талап етеді. Осы шығыңдар өзін ақтай ма? Олар белгілі табыс
әкеле ме? Егер өндіріс өссе, шекгі шығындар алғашқыда кемиді, кейін
ұлғаяды. Осы процес фирманың максималды тиімділік нүктесі өнім шығарудың
максималды және минималды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге
асады. Егер шығарылған өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір
қосымша өнім бірлігін (шекті шығындар) өндіру шығындары төмендетеді.
Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң, табыстың төмендеу заңы күшіне
енеді және шекті шығындар өседі.
Мысал келтірейік. Айталық, 300 мың долл. шығынданғанда 1 млн. долл. табыс
табуға болады, ал басқа тауарға бағыт бұрғанда, сол 1 млн. долл. табысты
табу үшін шығындар 200 мың. долл. өседі. Мұндай талдау ең дұрыс тиімді
шешімді тандау үшін қажет.
Фирманың пайдасы максималды болғанда, өндіріс көлемін анықтау үшін екі
әдісті қолданады:
1. Жалпы өндіріс шығындары (ТС) абсолюттік мелшері мен
жалпы өткерілген өнімнен (жалпы табыстын ТR) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның қалыптасу және асқыну себептері мен механизмі
Бизнес - модель құру
Жекеше кәсіпорындар
Капиталдағы сұранысты анықтау
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Коммерциялық банктердің тарихы
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Пәндер