Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару



Несие.қаржы саясатының негізі болып табылатын, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін . қазіргі жағдайдағы басты мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі кездегі республиканың несие жүйесіндегі жағдай 2 түрлі фактормен анықталады.Біріншіден, экономикадағы кризистік процесстермен, екіншіден, нарықтық ортада әрекет етуінің жаңа сатысында несие қатынастарның онша көп уақыт жұмыс істемеуі.
Нарықтық экономикада ақша әрқашанда айналымда болып, жұмыс істеуі керек. Уақытша бос ақша көп кешікпей қарыз капиталдарының нарығына түсіп, шоғырланып, ал кейін эффективті түрде қосымша қаражатты қажет ететін экономиканың салаларына жұмсалуы керек. Несие өзін ақылды, қайтарымды және жеделді бастамаларда орындалатын қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді.
Несие жүйесі қаржы.несие институттарының жиынтығы ретінде бос ақша капиталдарын шоғырландырып, яғни халықтың табысын және жинақтырын щоғырландырып фирмаларға, үкіметке және жеке тұлғаларға береді.
Несие жүйесі мемлекет ішіндегі ақшаның айналысын тұрақтандырады.Түрлі заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, дәл осы кезде несиелік экономикалық қатынастар туады.
Несие.қаржылық саясаттың ықпал ететін аймағы шектеулі екендігін және шын мәнінде кейбір қиындықтармен кездесетіндігін атап өту керек:
1) Циклдық ассиметрия, яғни, егер «қымбат ақша» саясатын жүргізсек, онда бір мезгілде банктер несие берудің көлемін азайтады, ал ол ақша ұсынысының шектелуіне әкеледі. Ал егер «арзан ақша» саясатын ұстансақ, онда коммерциялық банктер қажетті резервтермен қамтамасыз етіледі ( қарыз беру мүмкіндігі артады ), бірақ олар тез құнсызданады да, ақша ұсынысының шектелуі қайта байқалады.
2) Несие.қаржы жүйесінің инвестицияларға тәуелді болуы. Мысалы, егер инвистициялар азайса ол несие.қаржы саясатында кейбір қиыншылықтар байқалады ( бюджет тапшылығы ). Бірақ ол жағдай мемлекеттің инвистициялардан қандай тәуелдікте болуымен сипатталады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару.

Несие-қаржы саясатының негізі болып табылатын, қаржы жүйесінің тұрақты
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін - қазіргі жағдайдағы басты мәселелерінің
бірі болып табылады. Қазіргі кездегі республиканың несие жүйесіндегі жағдай
2 түрлі фактормен анықталады.Біріншіден, экономикадағы кризистік
процесстермен, екіншіден, нарықтық ортада әрекет етуінің жаңа сатысында
несие қатынастарның онша көп уақыт жұмыс істемеуі.
Нарықтық экономикада ақша әрқашанда айналымда болып, жұмыс істеуі керек.
Уақытша бос ақша көп кешікпей қарыз капиталдарының нарығына түсіп,
шоғырланып, ал кейін эффективті түрде қосымша қаражатты қажет ететін
экономиканың салаларына жұмсалуы керек. Несие өзін ақылды, қайтарымды және
жеделді бастамаларда орындалатын қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді.
Несие жүйесі қаржы-несие институттарының жиынтығы ретінде бос ақша
капиталдарын шоғырландырып, яғни халықтың табысын және жинақтырын
щоғырландырып фирмаларға, үкіметке және жеке тұлғаларға береді.
Несие жүйесі мемлекет ішіндегі ақшаның айналысын тұрақтандырады.Түрлі
заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, дәл осы кезде несиелік
экономикалық қатынастар туады.
Несие-қаржылық саясаттың ықпал ететін аймағы шектеулі екендігін және шын
мәнінде кейбір қиындықтармен кездесетіндігін атап өту керек:
1) Циклдық ассиметрия, яғни, егер қымбат ақша саясатын

жүргізсек, онда бір мезгілде банктер несие берудің көлемін
азайтады, ал ол ақша ұсынысының шектелуіне әкеледі. Ал егер
арзан ақша саясатын ұстансақ, онда коммерциялық банктер
қажетті резервтермен қамтамасыз етіледі ( қарыз беру мүмкіндігі
артады ), бірақ олар тез құнсызданады да, ақша ұсынысының
шектелуі қайта байқалады.
2) Несие-қаржы жүйесінің инвестицияларға тәуелді болуы. Мысалы,
егер инвистициялар азайса ол несие-қаржы саясатында кейбір
қиыншылықтар байқалады ( бюджет тапшылығы ). Бірақ ол жағдай
мемлекеттің инвистициялардан қандай тәуелдікте болуымен
сипатталады.

Негізінен несие жүйесінің құрылымын мына кестеден көруге болады.

Несие жүйесі
↓ ↓
Банктік жүйе Пробанктік жүйе

Эмиссиялық банктер:
Ұлттық эмиссиялық банк
Аймақтық эмиссилық
банктер
Мамандандырылған
қаржы-несиелік институттар:
-Лизингтік фирмалар
-Факторингтік фирмалар
-Ломбардтар
-Несиелік серіктестіктер
-Сақтандыру ұйымдары
-Инвестициялық компаниялар
-Зейнетақы қорлары
-Қаржы компаниялары
Эмиссилық емес банктер
Мамандандырылған
банктер:
-инвестициялық
-инновациялық
- есеп айырылысу
-ипотекалық
-тұтыну несиелік
-қарыз-жинақтық

Почта-жинақтық жүйе
-аймақтық почта бөлімдері
-почта-жинақтық ұйымдар

*Несие жүйесінің құрылысы

Әрбір несие жүйесі өз функцияларын орындаған кезде несиелік қатынастар
туады. Ал, несиелік ұйымдар және түрлі субъектілер арасында пайыз төлеу
және қайтарымдылық шарттағы уақытша бос ақша капиталдарды шоғырландыру және
қайта бқлу несиелік қатынастардың құрылымын көрсетеді.
Бірақ несиелік қатынастардың құрылымы тек ақша капиталының шоғырлануымен
және оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша берілуімен ғана сипатталмайды.
Несиелік процесс кезінде ақша айналымын кеңейту үшін қосымша қаржы массасы
құрылады. Осы үлкен төлемдік айналымды ағым несие жүйесі арқылы өтіп,
төлеуші мен несиелік ұйым арасындағы экономикалық қатынастарды туындатады,
несиелік қатынастардың құрылымын толықтырады.
Несиелік қатынастар 2 жақты болып келеді. Бір жағынан олар осы несиені
алушылар үшін керекті болады, ал екінші жағынан осы несиені берген адам
немесе ұйымдар үшін де пайдалы болады. Несиелік ұйымдарда ақшаны
ұстау- несиелік ресурстарды құру болып табылады, ал оларды халықтың және
экономиканың керектеріне жұмсау-несиені ұсыну болып табылады.
Екі жақты қатынастар , несиені алушы мен несиелік ұйымдар арасында ,
несиелік жүйе мен халық арасында , мемлекет пеннесиелік жүйе арасында ,
несиелік ұйымдар арасында , әртүрлі мемлекеттік несиелік ұйымдар арасында
да болады.
Жоғарыда атап кеткеніміздей, несиелік қатынастар негізінен ақша-қаржы
күйінде жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін- несиенің формасыкөрсетеді.Ал олөз
ішінде несиелік қатынастардың ұйымдастырылуы мен оның мәніне
байланысты.Өндірістік қатынастардың құрамының өзгеруіне әкеледі.
Несие 2 түрлі болады: тауарлай және ақшалай.Тауарлай несие-комерциялық
несиенің негізі болып табылады. Иеленуші субъектердің бір-біріне қарыз
берген кезде несие тауарлы формаға ие болады, ал ол ақша формасымен
ауыстырылады.Бұның мені, қарызға алған субъект кредиторға тауарлы несиені
алу туралы вексель береді немесе т.б. документтер ұсынылады. Кредитор бұл
ақша иеленушілер және банк. Несиелік қатынастардың құрамының өзгеру
салдарынан тауарлы форма ақша формасына айналады.
Сонымен, несиенің тауарлы формасының негізінде несиенің ақша формасы туып,
дамиды.
Несиелік қатынастардың, несие түрлері мен несиелік ұйымдардың жиынтығы-
несиелік жүйе туралы кең мағынада түсінік береді.
Ал несиелік жүйе тар мағынада-бұл несиелік есептік қатынастарды
ұйымдастыратын, ақша айналымын тұрақтандыратын және де мемлекетке басқа да
қаржылық қызыметтер көрсететін несиелік ұйымдар жүйесі.
Басқа сөзбен айтқанда, несие жүиесі банктердің және басқа несиелік
ұйымдардың жиынтығын, ұйымдастырудың құқықтық формалары мен несиелік
операцияларды орындаудың әдістерін көрсетеді .
Одан тармақтанып кішігірім 2 жүйе бөлінеді: банктік және банктік емес
несиелік қатынастар. Сәйкесінше несиелік жүйенің 2 негізгі тобы
пайдаболады: банктер және мамандандырылған несиелік қажылық ұйымдар.
Тарихи-экономикалық дамудың әрбір сатысына сәйкес , өз заманына сай несие
ісін ұйымдастырудың өз типі , өз құрылымы тән болып келеді. Мысалы , КСРО-
ның жоспары-ортақтандырылған экономикасына Мембанк басқаруымен қатаң
ортақтандырылған несиелік жүйе сәйкес келді , ол нарықтық экономикаға
монополизацияланбаған банктік және банктік емес ұйымдардың кең жүйесі
сәйкес келу керек.
Бірлескен несиелік жүйеге күрделі , көпбөлімді құрылым сәйкес. Қызмет
көрсетудің классификациясына байланысты қазіргі несиелік жүйенің 3 маңызды
элементінен көруге болады: Орталық (эмиссиялық) банк; коммерциялық банктер
арнайы несиелік ұйымдар (сақтандыру, жинақтаушы, ипотекалық және т.б.)
Несиелік-қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты несиелік жүйенің негізін
банктік жүйе құрайды, ал несиелік институттардың жұмысын бақылайтын және
үйлестіретін орган – Орталық банк болып табылады.

Орталық банк – 1-ші дәрежелі бас мемлекеттік банк, мемлекеттік пе, ұлттық
па атауларына байланысты емес кез-келген мемлекеттің бас эмиссиялық
несиелік қаржылық институты. Орталық банк – ол банктердің банкі. Ол заңды
және жеке тұлғалар мен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері –
коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, үкіметтік ұйымдар болып
табылады. Ол оларға қызметтерді көрсетумен айналысады.
Өзінің тікелей ықпал ететін және тұрақтандырудағы бақылау және қадағалау
функцияларын Орталық Банк тек басқа банктік ұйымдарға қатысты ғана
орындайды. Ал басқа кредиттік жүйенің бөлімдеріне өз ықпалын тек жанама
түрде жүргізе алады. Ол нарықтың түрлі секторларында несиелік және қаржылық
операцияларды жүргізу кезінде ықпалын орындата алады.
Коммерциялық банктер – бұл өзінің ісін қарыздың капитал нарығында
жүргізетін көпфункцияналды ұйымдар. Олар іскерлік практикада кеңінен
таралған көптеген қаржылық қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктер
дәстүрлі түрде несие жүйенің негізгі, базалық бөлімі болып табылады.
Олар үкіметтің, бизнесмендердің және жеке тұлғалардың қаржыларын ұстайтын
негізгі орталықтар болып отыр. Қарыздың және инвестициялық операциялар
арқылы коммерциялық банктер түрлі қарыз алушыларға өз қорларын ұсынады.
Мамандандырылған арнайы несиелік ұйымдар ( екінші аты парабанктік жүйе )
–бұл нарықтық экономиканың несие жүйесінің маңызды, объективті бөлімі болып
табылады. Бұл ұйымдарсыз несие жүйесінің көрсететін қызметтері толық болмас
еді.
Бұл ұйымдарға екіжақты бағыну тән: бір жағынан, олар несие-қаржылық
операцияларды жүргізгендіктен олар Орталық Банкке бағынады, екінші жағынан,
түрлі қаржылық, сақтандыру, инвестициялық операцияларды жүргізгендіктен,
арнайы ведомстволардың ықпалының астына түседі.

Қазақстандағы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Несиелік жүйе – ақшаны сатуға бағытталған және бұл негізде несиелік
операцияларды орындаудағы іскерліктің арнайы сферасын елестетеді. Оны түрлі
несиелік жүйелер орындайды. Өзінің қоғам алдында жүргізетін операциялардың
масштабтары және маңыздылығы жағынан бірінші орынды банктер алады.
Банктердің жұмысын қарастырмастан бұрын, біз банк және банктік қызмет
ұғымдарына түсінік берсек. Дүниежүзілік практикада банктік қызмет түсінігін
депозиттерді қабылдау мен қарызды беру деп түсіну кең өріс алған. Ал олар
банктің профессионалды функциялары. Дәл осы түсінік Италияның, Бельгияның,
Грецияның және т.б. банк туралы заңдарында қабылданған. Ал Германия мен
Францияда банктер немесе несиелік ұйымдар солар, кімдер өзінің клиенттеріне
мынадай қызметтерді көрсетеді: құнды қағаздарды сату, санау, лизингтік және
т.б. операциялар. Және де банктік немесе институттарға заң түрлі
депозиттерді қабылдайды, есептерді жүргізуге тыйым салған.
Ұлыбританияда, Данияда, Швецияда және басқа мемлекеттерде несиелік жүйеге
қатыстықты анықтауда либеральды көзқарас қалыптасты. Бұл депозиттерді
қабылдау үшін тек лицензия керек. Ал ол арнайы мамандандырылған қаржылық
ұйымдарды банктермен теңестіруге мүмкіндік береді.
Ал Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер туралы
заңның бірінші ббында банк- бұл заңға сәйкес қайтарымдылық, төлемдік және
тез уақыттылық шарттарға негізделген ақша капиталын жинаумен және
орналастырумен айналысатын, сонымен қатар басқа да банктік операцияларды
жүргізуге негізделген, заңмен бекітілген уәкілді ұйым.
Банктің официалды статусы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкті
ашуға рұқсаты мен банктік операцияларды жүргізуге лицензияның барымен
анықталады. Банктер немесе сондай институттар ерте кезден-ақ пайда болды.
Мысалға, Египетте банктік операциялар б.ғ.д. 2700ж. жүргізіле бастады.
Банктің ең бастапқы функциясы төлемдер арасындағы қатынас еді. Мынадай
қатынас арқасында банктер бос ақша капиталды әрдайым жұмыс істейтін,
пайызды әкелетін капиталға айналдырады. Қазіргі банктік қызметтің негізін
орта ғасырлық айырбастан іздеу керек. Банк түсінігі вапсо итальян
сөзінен шыққан (айырбас орны, ақшалы орын). Ең алғашқы банк Италияда
1407 ж. Генуяда пайда болды. XV ғасырда ең ірі және танымал Флоренциядағы
Медиги банкі болды, Флоренцияда орналасқан бас конторасы Европада 16
филиалды ашты.
Түрлі мемлекеттерде банктің қызметі заңмен түрліше шектелген. Өйткені,
әрбір мемлекет өзінің банктерінің қызметін лицензиялаудың түрліше болуы. Ол
бізге несиелік жұмыстардың 2 типін береді. Сөйтіп тарихи түрде сегментті
және универсалды банктік құрылымдар пайда болды.
Сегментті құрылымда қызмет етудің және несиелік ұйымдардың жеке түрлі
функциялардың қатаң заңды бөліну сферасы пайда болады. Мұндай құрылымдар
Жапонияда, АҚШ-та қалыптасты. Өйткені мұндағы депозиттерді қабылдау
операциялары және қысқа мерзімдік несиелер заңды түрде компаниялардың құнды
қағаздарын шығару және орналастырудан және кейбір арнайы қызметтерден
(сақтандыру, қозғалмайтын мүлікті сату және т.б.) қызметтерден бөлінген.
Ал универсалды құрылым негізінде, заң бойынша түрлі операцияларды жүргізуге
шек белгіленген емес. Барлық несиелік ұйымдар бүкіл қаржылық операцияларды
орындай алады. Мұндай банктік жүйе Германияда, Францияда, Швейцарияда,
Ұлыбританияда және тағы басқа мемлекеттерде қалыптасты. Бұл мемлекеттерде
қаржылық операциялар мен несиелік жүйенің жеке бөлімдерінің арасында шекара
жоқ. Біздің мемлекетімізде коммерциялық банктер универсалды болып табылады,
олар кез-келген банктік операциямен айналыса алады.
Депозитті ұйымдарға біз коммерциялық банктерді, жинақтаушы банктерді,
қарыздық-жинақтаушы ассоциацияларды, несиелік одақтарды жатқызамыз, ал
депозитті емес ұйымдарға – сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары,
қаржылық, инвестициялық компанияларды, ақша нарығының өзара кепілді
қорларын жатқызамыз.
Банктер өзінің жұмыс істеу функциясының спецификасы бойынша екіге бөлінеді:
эмиссилық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – бұл ақшаны айналымға шығару (эмиссия) құқы бар орталық
банктер. Әртүрлі мемлекеттерде олар түрліше аталады, мысалы, ұлттық,
халықтық, резервтік. КСРО-да мұндай банк Мемлекеттік деп, ал Қазақстанда –
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі деп аталды. Орталық Банктің ең
маңызды ісі, ол ұлттық ақшаны айналымға жіберу, банктер арасында ақша
товарын сату, банктік жүйенің эмиссиялық, несиелік және есептік қызметтерін
басқару болып табылады. Ол екі қабатты жүйенің жоғарғы қабаты.
Эмиссиялық құқықпен мемлекет тек бір ғана банкті бөлейді, өйткені ондай
құқық бірнеше банктерге берілсе, онда мемлекет ішіндегі ақша айналымын
реттеу қиынға соғар еді. Эмиссиялық банк ірі қаржыға ие, мұндай қаржыға
ешбір мемлекет ішіндегі басқа банктер ие емес. Оның пассивтері айналымдағы
ақша, бюджеттік ақша болып табылады. Бұл жағдай оған басқа банктерге көмек
көрсету және олардың жұмысын реттеуге көмек береді. Қазақстанда эмиссиялық
банк – Ұлттық банк, ал басқа коммерциялық банктер – эмиссиялық емес. Оларда
ақшаны шығаруға құқығы жоқ, бірақ олар несиелік, есептік және қаржылық
операцияларды орындай алады. Олардың ісінің ең маңыздысы: уақытша бос
ақшаны, халықтың жинақтаған ақшасын аккумуляциялау (жинақтау); қолма-қол
ақшасыз есеп, құнды қағаздармен жұмыс және т.б.
Соңғы кезде коммерциялық банктер өзіне тән емес операцияларды орындай
бастады. Осыған сәйкес олар қаржылық іскерліктің дәстүрлі емес сфераларына
араласып, өзінің жұмыс істеу аймағын кеңейтіп, тұтынушыға ұсынатын
қызметтердің сапасын жоғарылатты. Бұл енді универсалды несиелік ұйымдар.
Бірақ та, жоғарыда келтірілген, бір-екі қызметке негізделген
мамандандырылған банктер бар. (Мысалы, биржалық, коммуналды банктер). Бұл
салалық мамандану. Банктердің функционалды мамандануы айқын көрінеді,
өйткені ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясаты
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Банктің несиелік портфелін басқару
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Несиелік портфельді басқаруды талдау
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Пәндер