Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы



Шер батса кім іздемес туған елін,
Тұлпарда көксемей ме туған жерін.
Арқаның ардагері . қалың алаш,
Тұранда, біле білсең, сенің жерің!
М.Жұмабаев

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Араға ұзақ уақыт салып жеткен ояну ұлттық тарихымыздың өскелең ұрпаққа көмескі тұстарын ашып, қайта қарап, шынайы тарихты баяндауға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық идея үшін басын бәйгеге тігіп, алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстардың ғасырдың үш ширегіне жақын санаға байлау, өреге тұсау болған қасаңдықтан арылып, арыстар төккен әрбір маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.
Төл тарихымызда толық шешімін таппаған, әлі зерттелу деңгейі тым мардымсыз тақырыптар өте көп. Сондай зерттелуі жұтаң, әйтсе де өте көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырыптардың бірі . Түркістан Республикасындағы қазақ зилыларының тарихы Аласапыраны мол, асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде тілі, діні мен ділі бір, бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекеті . Түркістан Республикасы қазақ зиялыларының өнегелі жұмыстарының нәтижесінде құрылды. Осы республиканың 6.7 жылдық ғұмырында айыр тілді әділ үнді қазақ элитасы халықтың көзін ашып, көкірегін ояту мақсатында көптеген кемелді істердің ұйытқысы бола білді.
1917 жылғы большевиктер зұлматынан құлаған Түркістан автономиясының жалғасы ретінде құрылған Түркістан кеңестік социалистік Республикасын билік әдеттегідей қазақ өлкесін басқарудың «ұзын арқан кең тұсау» формуласымен билеп.төстемек болды. Сондықтан

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Шер батса кім іздемес туған елін,
Тұлпарда көксемей ме туған жерін.
Арқаның ардагері – қалың алаш,
Тұранда, біле білсең, сенің жерің!
М.Жұмабаев

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Араға ұзақ уақыт салып жеткен ояну ұлттық
тарихымыздың өскелең ұрпаққа көмескі тұстарын ашып, қайта қарап, шынайы
тарихты баяндауға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық идея үшін басын бәйгеге
тігіп, алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстардың ғасырдың үш
ширегіне жақын санаға байлау, өреге тұсау болған қасаңдықтан арылып,
арыстар төккен әрбір маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.
Төл тарихымызда толық шешімін таппаған, әлі зерттелу деңгейі тым
мардымсыз тақырыптар өте көп. Сондай зерттелуі жұтаң, әйтсе де өте көп
бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырыптардың бірі – Түркістан Республикасындағы
қазақ зилыларының тарихы Аласапыраны мол, асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың
алғашқы ширегінде тілі, діні мен ділі бір, бауырлас түркі халықтарының
ортақ мемлекеті – Түркістан Республикасы қазақ зиялыларының өнегелі
жұмыстарының нәтижесінде құрылды. Осы республиканың 6-7 жылдық ғұмырында
айыр тілді әділ үнді қазақ элитасы халықтың көзін ашып, көкірегін ояту
мақсатында көптеген кемелді істердің ұйытқысы бола білді.
1917 жылғы большевиктер зұлматынан құлаған Түркістан автономиясының
жалғасы ретінде құрылған Түркістан кеңестік социалистік Республикасын билік
әдеттегідей қазақ өлкесін басқарудың ұзын арқан кең тұсау формуласымен
билеп-төстемек болды. Сондықтан да, билеуші өкімет қазақтың игі жақсыларын
осы республикаға қуыршақ басшы қылу ретіндегі арам ойларын іске асыруды
жоспарлады.
Қулығына құрық бойламайтын кеңес өкіметінің бұл саясатының мәнін
Тұрар мен Нәзір, Ораз бен Санжарлар түсінбеді деу қателік болар. Тығырықтан
шығар басқа жолдың жоқ екенін аңғарған арыстар балта көтергенше дөңбек жол
табады деген принципті ұстануға мәжбүр болды. Алайда, Түркістан
республикасын басқара отырып, олар кеңестік саясаттың ығына жығылды,
большевиктермен одақтасып, ұлт мүддесін сатып кетті деу, одан кеткен
ағаттық болар еді. Республика тізгінін ұстай отырып, ел мен жер, бостандық
пен азаттық мәртебелерін жоғары қойды. Түркістан өлкесін кеңес бұғауынан
азат ету және сол арқылы келешек тәуелсіз елінің бағыт-бағдарын айқындаудың
бірнеше шыңына жетудің бірден-бір жолы – білім деп ұғынды. Сондықтан да,
сауатсыздықты жою шараларын басшылық жасап, ел ішінде халық ағарту ісін,
ата дәстүр мен ислам құндылықтарын, әдебиет пен мәдениетті дамытуға жан-
тәндерімен ат салысты.
Егер Қазақстан тарихы нақты тарихи-оқиғалар бойынша құнды
зерттеулерге мол болса, ал Түркістан зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтері
туралы зерттеулер саусақпен санарлық. Сондай-ақ, күн тәртібіне Түркістан
Республикасындағы зиялылардың қызметтеріне аз көңіл бөлінген аспектілерін
зерттей түсу мақсаты қойылуда. Қарастырылып отырған мәселені зерттеу
қажеттілігі ғылыми еңбектердің жоқтығымен шектелмейді және оны зерттеудің
саяси, танымдық маңызы зор.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жері патшалық
өкіметтің теперіш саясатын басынан өткерді. Төл мемлекетті құру туралы
арман-ойлар қалыптаса бастаған тұс. Екінші мыңжылдықтың басында көптеген
қазақ марқасқалары баспасөз, газет-журналдар арқылы халық көзін аша түсті.
1917 жылғы Ресейде болған ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары өз
мемлекеттерін көтермек болған. Алайда, Әлихан мен Ахметтердің бұл
үкіметтерін билікке келген буржуазиялық билік су сепкендей басып тастады.
1917 жылы көп өтпей-ақ Ресейде Ұлы қазан төңкерісі орын алды. В.И.Лениннің
басшылығымен уақытша өкіметті аттан аударып, таққа қонған большевиктер
диктатурасы билікке белі тиместен жер мәселесін, шығыс халықтарының
құқықтары, меншікті ұлттандыру (национализация) проблемаларын қозғады.
Қазақтың бірқатар зиялы қауым өкілдері жаңа өкіметтің бұл саясатына
күмәнмен қарады. Керісінше, Тұрар Рысқұлов, С.Қожанов, Ә.Жангелдин,
С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б. кеңес өкіметінің бұл саясатын қызу қолдады. Бұл
жағдайды тиімді пайдаланған большевиктер қазақ элитасын ірі екі жікке бөліп
тастады. Сөйтіп, Әлихан мен Ахмет баррикаданың бір жағында, Тұрар мен
Сұлтанбек екінші жағында қалып қойды.
Кеңес өкіметі бұрынғы патша өкіметі тұсындағы өзге ұлттардың жерлерін
аннекциялауға қолданған әдісін шамалы түрлендіріп – саяси амбициясын енді
жаа елдерді бағындыруға да қолдана бастады. Негізгі тіршілік көзі – жерден,
ата салт-дәстүрлерін, мәдениеттен айрылу қаупі енді осы елдерге төне түсті.
Міне, осындай жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде
ұйымдасқан дүлей күшке қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан
материалдың және рухани күш қуат қажет еді. Ондай күш бәрі бірдей Ресей
имперализмінің тәуелділігіндегі түркі халықтарының тұтас бір майданға
біріктіру арқылы қалыптастыру мүмкін болатын. Тарихтың өзі алға тартып
отырған осы талапты тұтас түркістан (Ұлы Түркістан) идеясын қайта
жаңғарту арқылы Мұстафа Шоқай қанағаттандыруға тырысты. Оған жауап ретінде
Түркістан Автономиясы дүниеге келді. Ол өзінің осы мақсаттағы ойын
білдіруді: Түркістан бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі
бір, діні мен мақсаты бір. Біздің мақсатымыз-жалғыз емес, Түркістанның
мақсаты – өзінің милме үкіметін құрып, дербес болып, өз алдына бір үкімет
болып тұру. Мақсатымыз – Түркістанның ғана емес, бүтін түркі өлкесінің,
бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік – пірадарлықпен жасап, сыртқы
дұшпанға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою.
М.Шоқай ХХ ғасырдың басында басқа Түркістандық зиялылар сияқты ақпан
төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша үкімет тұсындағы
Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады.
1917 жылы 7 сәуірде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылады.
Өлкедегі саяси жағдайдың шиеленісуіне алаңдаған уақытша үкіметтің бұл
шешімі әлеуметтік жағдайды шешуде дәрменсіздік білдірді және саяси
шиеленісудің нәтижесі ислам дінін мемлекеттік деп жариялаған Түркістан
автономиясын Кеңестер үкіметінің талқандауымен аяқталды.
Ал 1918 жылы сәуір айында РКФСР-дың құрамындағы Түркістан автономиялы
кеңестік республикасын құру туралы шешім қабылданады 1
ХХ ғасырдың бас кезінде ірі саяси орталыққа айналған қалалардың бірі
және түркі халықтарына ортақ Түркістан республикасының саяси және рухани
орталығы Ташкент қаласы болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай
боздақтары, бүкіл саналы ғұмырында Түркістан тәуелсіздігін көкейге мұрат
етіп түйген кемеңгерлер жиналды. Олар Түркістан өлкесінде орындалған
дүрбелең тұста, дүйім елге ес жиғызбас аттанысы мол дәуірде тарыдай
шашыраған жұртқа ұйытқы бола білді. Өлкедегі әртүрлі экономикалық,
әлеуметтік және мәдениет саласындағы еңсе езер қым-қуат қиындықтар мен
ауыртпалықтардан арылудың жолдарын жан-жақты талқылады.Ташкент қаласында
озық ойлы қазақ зиялыларының шоғырлануына тағы бір арқау болған мәселе
демократиямен де байланысты болды. Мәселен, 1917 жылы Түркістан
губернаторлығының барлық халықтарының құрамында 2.664.441, ал Ташкент
қаласында 156.879 қазақ өмір сүреді. 2 Әрине осы көрсеткіштердің өзі
шашырап жүрген қазақ зиялыларының бірігуіне алып келді. 3. Исі түркі
жұртының мақтанышына айналған Мұстафа Шоқайұлы, Мұхамеджан Тыныбаев, Тұрар
Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедов сынды
біртуар саңлақтарымыз біртұтас түркі халықтарың ортақ мемлекетін құруға
және ондағы халықтардың материалдық және рухани деңгейінкөтеру үшін оған
жаппай білім беру қажеттігін жете аңғарды. Кеңестік Ресей мемлекеті 1920
жылдың ортасына дейін Түркістан автономиялық кеңестік социалистік
республикасының басқару формалары мен құқықтары жайында нақты шешім
қабылдаған жоқ. Ресей атқару комитеті 1920 жылы 27 тамызда Түркістан
республикасы жайындағы қаулы ретінде Түркістан Кеңес социалистік
республикасының РКСФСР-дің автонимияялық бөлігі екеніні хабарлады. 1920
жылы қыркүйекте бұл кеңес республикасының жаңа конституциясы қабылданды.
1921 жылы сәуірде кеңес мемлекеті Мәскеуде бұл конституцияны бекітті.
Ташкентте жұмыс істеген бұл Кеңес автономиялық республиканың үкіметімен
әскерінің Түркістандағы кеңес билігіне тосқауыл боларлық жағдайы жоқтын. Ал
Түркістандағы ұлт-азаттық күрес (басшылық қозғалысы) Түркістандағы кеңес
билігін жоятын дәрежеге жеткен еді. Кеңестік Ресей жетекшілері Түркістанда
Кеңес билігін сақтап қалу үшін көптеген шаралар қабылдады. Солардың екеуі
аса елеулі болды. Бұлардың біріншісі -1919 жылы 11тамызда Ресейдің
Түркістан (соғыс ) майданының, екіншісі – 1919 жылы қазан айында Ресей
мемлекеті мен коммунистік партиясының Түркістан комиссиясының құрылуы. Бұл
комиссияға Түркістанда диктаторлық сипатта жұмыс істеуге рұқсат етілді..
комиссия 1925 жылы 2 акпанда таратылды. 4 Түркістан АКСР-нің сыртқы саяси
бағыттары РКФСР-дің саяси бағыттарына тікелей байланысты болды. Орта
Азияның белді республикасына айналған Түркістан республикасы саяси және
экономикалық жағдайды тұрақтандыру барысында көрші елдермен тең дәрежеде
байлансытар жасай алды. Саясат пен экономика салаларында қажетті мамандарды
дайындауда жергілікті жастарды шет елдерде – Мәскеу, Петроград, Қазан
қалаларында білім алуға жағдай жасады.
Германияға түркістандық жастарды оқуға жіберу ісіне 1922 жылдық жаз
айларында Бұқар республикасының халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы
Ф.Ходжаев басшылық жасаған еді. Ал бұл мәселенің тікелей Мәкеуден қолдау
тауып, іске асуына сол кездегі РКФСР ұлт істері халық комиссарларының кіші
алқасының мүшесі Тұрар рысқұловтың РКФСР-дің жоғары оқу орындарына басшылық
жасауына байланысты ықпалы зор болды. Сондықтан бұл іске Т.Рысқұлов
басшылық жасады.
Түркістан АКСР-нен 1922 жылы қазанда Германияға 11 түркістандық оқуға
жіберілді олардың 4-і қазақ, 7- өзбек ұлтының өкілдері болды. Бұл жерде
түркістандық жастарғақойылатын талап жергілікті неміс тілін меңгеру
екендігі айтпаса да белгілі болып отыр. Дегенмен де Кеңестік саясат
толыққанды өзінің географиялық жұмыстарын жүргізіп отырды.
1924 жылы Орта Азияны ұлттық межеу (шекараны бөлу) АКСР-і таратылып,
КСРО-нің құрамында өзбек және Түркімен Кеңестік Социалистік республикалары,
РКФСР-дің құрамында Қырғыз АКСР-і құрылып, бұрынғы Түркістан АКСР-не қарап
келген Сырдария мен Жетісу облыстарының қазақтар мекендеген уездері қазақ
АКСР-не қосылды. Сонымен, 1924 жылғы 14қазан Түркістан сөзінің саяси
терминологиядан шығарылған күні. КСРО орталық атқару комитеті ол күні
Түркістан Кеңес республикасын жою, Бұхара және Хорезм халық республикаларын
таратып, олардың жерлерін өзбекстан және Түркіменстан Кеңес
республикаларына (өзбекстан АКСР-не) бөліп беру туралы шешім қабылдаған
болатын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Отан тарихындағы Түркістан
зиялыларының қоғамдық іс-жұмыстарының халқымыздың әлеуметтік-саяси
өміріндегі алатын орнымен даму жолын ғылыми айналымға түспеген құжаттармен
деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан
бағалау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай,
зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер қойылып отыр:
- патшалық отаршыл саясаттың қазақ зиялыларының қоғамдық қызметтеріне
қарсы бағытталған шаралары мен оның салдарларына ғылыми баға беру;
- жәдидтік қозғалыстың мұсылман халықтарының ағартушылығына тигізген
прогрессивті ықпалын көрсету;
Түркістан АКСР-гі зиялылардың жаңа өмірді қалыптастыру ерекшеліктерін соның
ішінде оқу-ағарту, баспасөз, мұсылманшылық қызметтерін баяндау.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Зерттелу жұтаң Түркістан республикасының
тарихы тек Қазақстандық ғылымдардың ғана емес, Ресей, Орта Азия,
ғалымдарының ортақ тақырыбы. Диплом жұмысына Түркістан тарихына қатысты
зерттеулермен авторефераттар, Өзбекстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан
облыстық мұрағатына берген көшірмелік деректері, мерзімді басылым
материалдары, Түркістандық және алаш зиялыларының өмірімен қызметі
тұрғысында зерттелінген жеке монографиялық материалдары арқау болды.
Түркістан Республикасының құрылу тарихында елеулі орын алатын – М.Шоқай,
С.Қожанов, Т.Рысқұлов, М.Тынышбаев, Қ.Қожықов т.с.с. зиялыларды жан-жақты
зерттеген ғалымдар – М.Қозыбаев, Қ.Нұрпейісов, Баймырза Хайт, М.Қойгелдиев,
О.Қоңыратбаев, Гауһарбек Тілеуқұлов, С.Шілдебай т.б. еңбектері
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - нақты деректер негізінде ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси Элита және қазан
төңкерісінен кейін дүниеге келген Түркістан республикасында қызмет атқарған
қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтерінің ерекшеліктері және тарихи
шындықпен объективті тұрғыдан жан-жақты талданып көрсетілуі.
Зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
- тың деректердің ғылыми айналымға тартылуы нәтижесінде Түркістан
өлкесіндегі қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметтерінің
төңкерістен кейінгі жағдайы дәйекті түрде баяндалады,
- түркістан зиялыларының отарлық езгідегі халықтардың, соның ішінде
қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға жасаған әрекеттері
және ұлттық ояну үрдісін қалыптастырудағы қызметтері айтылады;
сол кезеңдегі қазақ халқының қаймағы болған ұлттық интеллегенцияның
саяси қызметінің дамуына қарсы кеңес үкіметінің шығарған үкімдері негізінде
отаршыл саясаттың реакциялық мәні әшкерленеді.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында
Өзбекстан Республикасы орталық мемлекеттік архивінен Оңтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік мұрағатына берілген деректердің көшірмелері және
уинверситеттің Түркология ғылыми-зерттеу орталығында жинақталған
құжаттарды, осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз
материалдары, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталынып пайдаланылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысы Ресейдегі ақпан
және қазан төңкерісінен кейін алма-дуан саяси ауытқулар нәтижесінде түркі
халықтарының арман-тілегінің жемісі болған, қазақтың өресі биік білімді
азаматтары 1918 жылы 30 сәуірде негізін қалаған Түркістан Автономиялы
Кеңестік республикасының құрылуы мен 1924 жылы Кеңістік үкіметті орта
Азияны межелеу саясатының нәтижесінде Түркістан АКСР-нің таратылып,
жекелеген орта Азия республикаларының қалыптасқан мерзіміне дейінгі
аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу методологиясы
объективтілік, тарихилық, жүйелік және даму сияқты ғылыми таным
принциптеріне негізделген, сондай-ақ Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі
құрылған Түркістан АКСР-гі қазақ элитасының саяси қызметтерін және тарихи
кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған, әрі жаңа
тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Үрей мен қорқыныш, жалтақтау
мен ұлттық езгіде болған Түркістан республикасындағы қазақ зиялыларының
қоғамдық-саяси қызметтеріне байланысты зерттелген еңбектердің қатарын
толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы материалдар жоғары оқу орындарында
оқылатын курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Яссауи
атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент филиалының тарих
факультетіндегі Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және қосымша материалдар мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І тарау. Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы.
1. Түркістан АКСР-нің құрылу тарихы

Ресейдегі коммунистік төңкерістен кейін Бұхара және Хорезм ұлттық
мемлекеттерімен қатар 1917 жылдың соңында Түркістан (Қоқан) және Алашорда
ұлттық автономиялық мемлекеттері ұйымдастырылған болатын. Түркістанның
ұлттық жетекшілері 1917 жылы 12 желтоқсанда Қоқан каласында (бұрынғы
Түркістан генерал -губернаторлығының жерінде) Түркістан үлттық автономиялық
республикасы мен 1917 жылы 26 желтоқсанда Орынбор қаласында Алашорда
автономиялық республикасын (бұрынғы Дала генерал - губернаторлығының
жерінде) жариялады. Олар өздерінің парламенттерімен, шекараларымен, сот
жүйелері және үкіметтерімен ұлттық мемлекет сипатында болды. Олардың өмір
сүруін большевик орыстар да, большевик орыстардың бәсекелесі болған ақ
орыстар (белорустар) да қалаған жоқ. Түркістан автономиялық республикасы
Ташкенттегі орыс комиссариятының шешімімен Қызыл армияның шабуылына
ұшырады. 1918 жылы 20 ақпанда Қызыл армияның бөлімшелері мен армиялардың
ташнаксутюн партиясының қарулы күштері Қоқан қаласын басып алды. Қалада
100000-нан астам түркістандық өлтірілді. Осылайша. Түркістан ұлттық
автономиялық республикасы жойылды. Омбы қаласындағы кеңеске қарсы орыс
үкіметі 1919 жылы 22 қазанда. Алашорда үкіметінің қызметіне тыйым салды.
Бұған қарамастан Алашорда өмір сүріп жатты. Кеңестік Ресейдің қырғыз
(қазақ) төңкерістік комитеті (Қазревком) де 1920 жылы 9 наурызда Алашордаға
тыйым салды. 1920 жылы желтоқсан айында Алашорда үкіметі мен оның әскери
бөлімшелері кеңес армиясына берілді. Түркістан және Алашорда автономиялық
ұлттық мемлекеттерінің құрылуы түркістандықтарда ұлттық мемлекеттік еркінін
әлі жойылмағанын көрсетсе, ол мемлекеттерді кеңестік Ресей қарулы
күштерінің таратуымен ұлт-азаттық мәселесінде коммунизм тәртібі мен ұлттың
сана арасында күрес басталып жатты.6
Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшінші съезі қабылдаған (1918ж. қаңтар)
"Еңбекші және қаналушы халық құқықтарының декларациясында: "Советтік Россия
республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізінде Советтік ұлт
республикаларының федерациясы ретінде құралады", - делінді. Кеңестік
тұрпаттағы тұңғыш көп ұлтты мемлекет -РСФСР-дің құрылуы Кеңестік
республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады. Іле - шала бұрынғы Ресейдің
көптеген аудандарында, оның ішінде елдің шығысында да Кеңестік
автономиялық республикаларды құруға әзірлік жұмыстары өрістетілді
1918 жылдың 30 сәуірінде кеңестер съезі РСФСР-дің құрамына кіретін
Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын кұру туралы қаулы
қабылады.7 Бұхара мен Хиуаны қоспағанда, құрамына бұрынғы бүкіл Түркістан
өлкесінің аумағы кіретін. Түркістан кеңестік республикасы туралы ережені
бекітті.8. Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасының
халқының саны 7668 мың адамды құрады, олардың ішінде 35,77 проценті
өзбектер, 44,76 проценті қазақтар мен қырғыздар, 6,73 проценті тәжіктер,
4.98 проценті түрікмендер, 3.75 проценті қарақалпақтар, 2,15 процентін т.б
ұлттар құрады.
Түркістан республикасының қазақтарының саны 1917 жылғы санақ бойынша:
1. Сырдария облысында - 1.405 000 жан.
2. Жетісу облысында - 3 10.000 жан.
3. Ферғана облысында - 391.000 жан.
4. Самарқанд облысында - 125.000 жан
5. Закаспийде (қазіргі Түрікмен) - 95 000 жан. барлығы - 2.701.000 жан
қазақ екенін Автономия деген ұранды жамылып, ақ гвардияшылар бүліншілік
жасап6 Каспий сырты майданы мен Жетісу
майданын құрды. Атаман Дутов шілдеде Орынборды басып алды. Орынбор Ақтөбе
майданы пайда болды. Бұқара
мен Хиуа Түркістанға қарсылықты күшейтті. Түркістан республикасының жағдайы
ауыр болды. 1919 жылы 19
каңтарға караған түнде Ташкентте Кеңес өкіметіне қарсы
бүліншіллік басталды, партия кеңес орындарының басшылары айуандықпен
өлтірілді. 1919 жылы наурызда Кеңестердің өлкелік төтенше VІІ съезі
болып, онда Түркістан Орталық Атқару Комитетінің жаңа құрамы сайланды.
Түркістан коммунистік партиясының, өлкелік комитетінің жанынан мұсылман
бюросы. Түркістан республикасының Революциялық әскери советі сайланды. 1919
жылдың көктемі мен жазында Қызыл Армияның жергілікті бөлімдернің күші арта
түсті. Олардың катарына өлкелік партия ұйымдарының 25 проценті шамасы
жіберілді. 1919 жылы тамызда Түркістан майданы құрылды. Майдан әскерлері
шабуылға көшті, оларды Түркістан республикасының Қызыл Армиясы қолдады.
1920 жылдың көктемінде Қызыл Армия Каспий сыртында және Ферғана аймағында
басмашылармен болған соғыста жеңіске жетті. 1918 - 1920 жылдары
"Түркістан" терминін қолдану мен оны әкімшілік атауларда сақтау мәселсі
Түркістандықтар мен кеңестік Ресей арасында ұзақ талас - тартыс туғызды.
Тіпті, өздерін коммунист деп санайтын, бірақ ұлттық сезімнен де бас
тартпаған кеңестердің түркістандық қайраткерлері Түркістанды басқару ісінде
Мәскеу бағытынан өзгеше қаулылар қабылдаттыруға қабілеті жеткен. Мысалы,
Түркістан коммунистік партиясының мұсылмандар бюросының 1920 жылғы
ақпандағы 3-конференциясы "Түркістан Республикасының атауы
"Түркістан түркі республикасы" болып өзгертілуге тиіс" деген қаулы
қабылданған еді. Тіпті, мұсылман коммунистер ішкі және сыртқы саясаттың
Мәскеуден тәуелсіз болуын талап еткен. Бұған қарсы Мәскеуден: "Түркістанның
тәуелсіздігі жолындағы күрес біз үшін жаңалық емес, бірақ мұның социализмге
еш қатысы жоқ" деген жауап келген болатын.
Т.Рысқұлов, Ю.Алиев, Ю,Ибрагимов 1920 жылдың басында "Түркі" кеңес
республикасы" туралы құжаттың жобасын даярлағанды, оның бірінші пунктінде:
"Бес облыстан тұратын Түркістанды түрік тектес халықтардың (қырғыз қазақ,
өзбек, түркімен, қарақалпақ, қыпшақ, оған түрік тегінен емес тәжіктер де
қосылылды) және өздерін келімсек деп санайтын өзге халықтардың (орыс,
еврей, армян және т.б.) Отаны деп салау керек". – делінген. Ал оның екінші
пунктінде "Нақты әрі тұракі халықтарын құрайтындықтан, Түркістан Түрік
Кеңес Респулбикасы деп тану керек" деп тұжырымдалды.
Орталық жіберген Түрік комиссиясының басшысының бірі М.В.Фрунзе:
"Біз бүкіл Түркістанды бірігіп отырып жинауымыз керек, ол орыс
пролетариатына сүйенгенде ғана жүзеге асады", -деген ұсыныс жасады. Айналып
келгенде, бірі жергілікті халыққа негізделген түркі кеңес республикасын,
екіншілері орыс пролетариатына, күшке негізделген "қуыршақ" Түркістан кеңес
республикасын жасауды ұсынды.
Түркістанда түркі республикасының тәуелсіз өмір сүрумәселесі жайындағы
түркістандық коммунисттердің талабы Ресей Түркістан майданының
қолбасшысының ұсынысына сәйкес, қабылданбай тасталды. Ленин 1920 ж. 13
маусымда Ресей мемлекеті мен Коммунистік партиясының Түркістан
коммиссиясына Түркістанның (этнографиялық, т.б. сипаттағы) Өзбекстан,
Қырғызстан, Түркіменстанға бөлінген карталарын әзірлеу, бұл үш бөлікті
біріктіру немесе ажырату шарттарын жан-жақты түсіндіру міндеттерін
жүктеді. Түркістандағы кеңестік орыс лидерлері Лениннің бұл нұсқауын
орындау, яғни Түркістан қауымдарын бір - бірінен ажырату туралы шешім
кабылдады. Мұны, туркістандық коммунистердің біраз бөлігі де қолдады. Кеңес
режимі Түркістанда (Бұхара мен Хорезм Халық Республикаларын қоса
есептегенде) өз саясатын жүзеге асыру үшін жалпы "Түркістан" терминін
пайдаланды. Бұхара мен Хорезм мемлекеттері мен Кеңестік Түркістанның
экономикалык мәселелерін бір орталыққа бағындыру үшін кеңестіктер 1922 жылы
төмендегі пікірді алға тартты: "Бұхара, Хорезм және Түркістанның мәдени
жағдайларының, өндіргіш күштерінің ортақ ерекшеліктері мен өзара
байланыстары бар. Ортақ мәдени, тарихи және әлеуметгік жағдайлар негізінде
өмірге келген бұл республикалардың демографиялық, этнографиялық топтарына
Орталық Азияның барлық өңірлерінің материалдық рухани мәдениеттері ортақ".
Кеңес режимі онсыз да 1920 жылдары Түркістанда біртұтас түркі
халықтарының бар екендігін жоққа шығарумен болатын Түркістан комиссиясының
бастығы Рудзутак 1920 жылы Ташкент каласында Түркістанда түркі
республикасының ұйымдастырылуы жайындағы қаулыға қарсы өз пікірін және
талабын ашық білдірген еді. Ол былай деген болатын: "Түркі республикасын
ұйымдастыру жөніндегі шешімге риза емеспін. Бұл қаулы ұлтшылдардың
ықпалымен қабылданған. Шынында, Түркістанда біртұтас түркі халқы жоқ.
Түркмендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер бар". 1920 жылғы ақпанда РКП(б)
Орталық Комитеті Шығыс аудандарының партия комитеттеріне нұсқау хат
жолдады. Онда былай делінген: "Мұсылман тайпаларын жеке мемлекеттік
советтік құрамаларға беру туралы мәселеге ешкандай кедергі жасалмайды.
Түркістан және Башқұртстан республикалары мен Қырғыз (қазақ) революциялық
комитетінің өмір сүруі осының дәлелі болып табылады".
В.И.Ленин 1920 жылы 13 маусымда РКП(б) Орталық Комитетінің партияның
Түркістандағы негізгі міндеттері туралы шешімінің жобасымен таныса келіп,
былай жазған болатын:
"1. Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан өлкелеріне
бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылсын.
2. Осы 3 бөліктің қосылуы немесе бөлінуі шарттары егжей-тегжейлі
анықталсын".
1920 жылғы сәуірде түркі республикалары халқының ұлттық құрамы
9 221.963 адамды құрайды) төмендегідей болды:

Халықтар Қала халқы Ауыл халқы Барлығы
Өзбектер 561765 1489990 2050775
Қырғыз-қазақтар (қазақтар) 32476 1059449 1091925
Қарақырғыздар (қырғыздар) 6512 515780 1614217
Түрікмендер 633 266048 266681
Қарақалпақтар 2909 73125 75334
Құрама 50652 50652
Тараншылар 6059 39467 45526
Қыпшақтар 226 31614 3 1 840
Татарлар 16248 6255 22504
Тәжіктер 120189 279729 399912
Парсылар 25999 9327 35326
Армяндар 19352 711 20063
Басқалар 47153 25239 74482

1924 жылы Түркістан АКСР-і мен Хорезм және Бұхара республикаларына
қараған жерлерде ұлттық-
мемлекеттік межелеу жүзеге асырылды. Мұндай шараның тарихи қажеттігін
В.И.Ленин 1920 жылдың басында ашық айтқан еді.
Түркістан, Бұхара және Хорезм көп ұлтты кеңестік Республикаға
айналды. Орта Азияда қоныстанған өзбектердің жалпы санының 66.5 проценті
Түркістан республикасында, 22.2 проценті Хорезм республикасында тұрды
Өзбектер Түркістан республикасы тұрғындарының 41.4 процентін, Бұхара
республикасының 50.1 процентін, Хорезм республикасының 61.1 процентін
құрады. Орта Азияда қоныстанған барлық түрікмендердің 43.2 проценті
Түркістанда. 27.0 проценті Хорезмде, Орта Азиялық тәжіктердің 47.7 проценті
Түркістанда. 52.3 проценті Бұхарада және т 6. жерлерде тұрды.
Өзбектер Түркістан АКСР-нің Ферғана, Самарканд облыстарында және
Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінде қоныстанған,
өзбектердің жекелеген топтары сол облыстың Шымкент және Түркістан
уездерінің кейбір аудандарында тұрды. Бұхара облысында олар Бойсун, Бұхара,
Гузар, Қаршы, Кермен, Нұр-Ата, Шахрисяб, Ширабад және Сары-Ассы
болыстарында, Хорезм республикасында Жаңа Үргеніш облысы және Хиуа
қаласының аудандарында тұрды.
Түркмендердің көп бөлігі Түркістан АКСР-інің Түркмен облысында, Бұхар
республикасының оңтүстігінде (Чарджу облысы) және солтүстік Хорезм
республикасында (Түрікмен және Ташауыз облыстарында) тұрды. Тәжіктердің
басым көпшілігі Бұхар республикасының шығыс бөлігінде орналасты (қазіргі
тәжік республикасының аумағы), олар Самарканд облысының Ходжент уезінің
көпшілік тұрғындарын құрады. Тәжіктер сол облыстың Самарканд уезінің
бірнеше аудандарында, сондай-ақ Түркістан АКСР-інің Ферғана облысының
бірқатар аудандарында және Орталық Бұхарада тұрды. Қырғыздар Түркістан АКСР-
інің Жетісу облысының Қаракол (Пржевальск). Пішпек және Нарын уездерін,
Сырдария облысының, Әулиеата уезінің бір белігін және Фергана облысының
біршама аудандарының (Ош уезі, Жалал Абад болысы, Әндіжан уезі) аумағын
алып жатты. 10
Сонымен Түркістанның орнына Кеңестік әкімшілік Кеңестік Қазақстан
және Кеңестік Орта Азия терминдерін қолданды. 1924 жылы ұлтаралық
шекараның межелеу саясатына байланысты, Түркістан жерінің жеке алты
республикаға (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан)
бөлінуіне орай, Түркістанда елдің тарихи есімін атауға қатаң тиым салынды.

2. Түркістан АКСР-ң сыртқы саясатының шиеленістері
Мұсылман дінін саяси идеология ретінде қаруланған Түркістан
Автономиясына қарсы 1918 жылдық 29-қаңтарынан 30-қаңтарына қараған түнінде
басталған қанды қырғын үш аптаға созылды. Нәтижесінде, 20-ақпанда Қоқандағы
автономиялық үкімет толық жойылды. Ал ертеңінде түрік халықтарына 1 миллион
сом контрибуция салынды. 28-ақпанда Түркістан өлкелік ХКК мақтаның
национализацияланатынын жариялады. Түркістан ұлттық автономиясын
мойындамаған Кеңес үкіметі 1918 жылы 20-наурызда Түркістан автономиялық
Кеңестік социалистік республикасының (ТАКСР) құрылатынын жариялады. Бұл
Кеңес үкіметінің ұлттық айқындалу мен түрік халықтарының автономияға
ұмтылысын таптық негіздегі ТАКСР арқылы "қанағаттандыруы" еді. Осылайша
өлкеде отаршыл орыс (большевик) билігі қайта орнады.
Түркістан автономиясынын талқандалуы азаттық күрестің одан әрі дамуына
жол ашты. Ендігі жерде азаттық қозғалысы қарулы күреске ұласты. Ергеш
құрбашы басмашылықтың негізгі үйымдастырушысына айналды. "Басмашылықпен"
күрес 1935 жылы ғана толық жойылды. Бір сөзбен айтқанда, "басмашылық"
дегеніміз большевизмге қарсы бағытталған қарулы азаттық күрес болды
Ал, М. Шоқай бастаған Түркістан саяси эмигранттары және олардың
ізбасарлары КСРО ыдырағанына түрікшілдік бағыттағы азаттық күресін
жүргізгені баршамызға белгілі. Түркістан автономиясы талқандалғаннан кейін
саяси эмиграцияға кетуге мәжбүр болған М. Шокай арада он тоғыз жыл өткенде
автономиялық Түркістан Уақытша Үкіметінін жеңілу себебін былай деп
көрсетті: "...Бірінші объективті себеп: үланғайыр, алып Ресей алдында жарты
ғасырдан астам билеп-төстеген империализмнің отарлық саясаты еңсесін езіп,
тұралатқан Түркістан тұрды. Біз күреске өзіміз таңдаған кезеңде емес. Ресей
революциясы барысынла туған жағдайды қабылдау арқылы кірістік. Екінші
субъективті, яғни өзімізден болған себеп: ұлттық мүдде жолында күресу
қажеттігін біле тұра, түркістандықтар өзара қуатты бірлік құрып үлгермеді.
Осы объективті және субъективті себептердің субъективтісін ең қауіптісі деп
есептейміз" 11 Ұлттық мемлекет және ұлт саясатының таптық негізді
басшылыққа алған большевиктер барлық ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұлттық
ұйымдарға қырын қарады. Нәтижесінде 1918 жылы 5-қаңтарда Бүкілресейлік
мұсылмандар Кенесінің атқару комитеті күшпен таратылды.
Түркістандағы түрікшілдік қозғалыстың заңды нәтижесі болып құрылған
Түркістан автономиясы Ресейдегі өзге үлттық автономиялар тізбегінің жалғасы
болды. Ресей өкіметі төңкерістен кейінгі алғашқы күндерде-ақ Польша мен
Финляндиянын тәуелсіздігін мойындады. Бұдан бұрын, яғни 13-маусымда
Украинаның Орталық Радасы Украина халық республикасының құрылғанын
жариялады. Желтоқсанның 17-нен 18-не қараған түні Белоруссияның ұлттық
съезі Белоруссия тәуелсіздігін мәлімдеді 1917 жылы 22 сәуірде өмірге
Закавказье сеймінде өз тәуелсіздігін мәлімлеген Закавказье елдері өз
тәуелсіздігін жариялайды
Ресейде билік басына келген большевиктер патша өкіметінен
ұлтдержавалық орыс шовинизмін қабылдап алған мұрагер болып шықты. Билік
басына келген большевиктер бағларламасын іс жүзіне асыру үшін және Ресейдің
одан әрі бөлшектеніп, ұлттық құрылымдарға бөлініп кетуіне жол бермеу үшін
практикалық шұғыл шаралады қолға алды. Алдымен Н.В. Сталин басшылық еткен
ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариатын құрды. Жергілікті жерлердегі
большевиктердің белсенді араласуымен кеңестік автономия түріндегі ұлттық
мемлекеттікті құруға кірісті. Осылай Түркістан, Башқұрт, Татар, Қырғыз
(Қазақ). Қырым, Поволжье немістері, Тау, Марии, Якут, Чуваш, Удмурд,
Мордва, Дағыстан, Бурят-Монкш, Карель, Қалмақ, Коми т.б. автономиялы
республикалар мен бірқатар автономиялы облыстар құрылды 12 Орын алған
азаматтық қарсыласу мен шетел интервенциясы жағдайында ұлттардың тендігі
туралы мәселе екінші қатарға сырғып қалды. Автономиялы республикалар мен
облыстар құрылып, билікке жергілікті ұлт өкілдері тартылып жатқанымен
көпшілік жерле патшалық Ресей тұсындағы отаршылдықтың сеңі бұзыла қойған
жоқ болатын.
Осындай бүкіл рессйлік көлемдегі жағдай Түркістан өлкесіне де тән еді
Түркістан автономиясын талқандаған соң, РКП(б) ОК 1918 жылғы 20-
наурыздағы шешіміне сәйкес. 1918 жылы 30-сәуірде Ташкентте өткен
Кеңестердің V съезі РСФСР құрамында Түркістан АКСР-ның құрылғандығын
жариялады.13 Түркістан түріктерінің ұлт азаттық күресінің кең колемдегі
қарулы қозғалысқа ұласуына жол ашты. Түрік халықтарына Ақпан төңкерісі
берген өзін - өзі басқару үмітін аяққа таптаған орыс большевиктерінің
отаршыл-диктаторлық саясаты өлке халқының жаппай наразылығын туғызды.
"Түркістан - түркістандықтар үшін!" деген ұранмен өлкенің барлық
әлеуметтік топтары күреске көтерілді. Осындай кең көлемдегі күрес
нәтижесінде Мадаминбек құрбашы басқарған "Фарғона суваққат мухторият
хукумати" және Шер-мұхаммадбек құрбашы басқарған "Туркистон - турк мустақил
ислом жумхурияти" деп аталған ұлттық мемлекеттер жарияланды. Бірақ
Кеңес үкіметі бұндай ұлттық үкіметтерді "буржуазиялық",
"пантүркистік", "панисламистік" үкіметтер қатарына жатқызып, оларға қарсы
ымырасыз жазалау әрекеттерін жүргізді Большевизм мәні осында еді.
В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы өз жолына көсе - көлденең
тұрған кез келген ұлттық немесе әлеуметтік мүдде мен большевизмге қарсы
пиғылды қырып – жою, жазалау және таптап өту арқылы бағдарламасын жүзеге
асыруға кірісті. Ал жазалау саясатын жүргізудегі Лениннің рөлі ерекше
болғандығын атап айтуымыз керек. Өйткені большевиктік "Қызыл қырғын"
Лениннің көзі тірісінде басталды және "көсемнің" тікелей басшылығымен
жүзеге асырылды. 14
Ресейдің ішкі аймақтарында орын алған жазалау әрекеттері Түркістанды
да айналып өтпеді. Бір ерекшелігі, Ресейдің ішінде көпшілік жағдайда таптық
негізде жүргізілген "қызыл террор" Түркістанда ұлттық негізде жүргізілді.
Жергілікті халық өкілдері 95 пайызды құрай отырып, өкімет орындарындағы
көпшілік орындарды орыстарға "беріп" қойды. Большевиктер аштық пен аурудан
қырылып жатқан жергілікті халық өкілдеріне орыс шаруаларынан
ұйымдастырылған қызыл отрядтарды қарсы қойды. Осындай жағдайда, 1919 жылы
наурызда өткен Түркістан Респуб-ликасы Кеңестерінің төтенше VII съезінде
Орталық Атқару Комитетінің жаңа құрамы сайланды Түрікатком төралқасының
төрағасы болып А.А. Казаков, орынбасарлығына Т. Рысқұлов сайланды.
Большевиктер партиясы мен социалистік төңкеріс жариялаған ұлттардың
өзін - өзі билеу құқықтары туралы ұрандар ұмытыла бастады.
Түркістандықтардың құқығы барлық жерде аяқ астында тапталып, орыс шовинизмі
большевизм "шекпенінің" астында әрекет ете бастады. Орыс большевиктерінің
отарлық саясатына қарсы коммунистік тұғырнамадағы түрік қайраткерлері өз
ұлтын сақтап қалу жолында түрікшілдікті қорғаныстық ретіңде ұстана бастады.
РКП(б) ОК-ның ұлт саясаты Түркістанда түрікшілдіктің күшеюіне зор
алғышарттар қалыптастырып берді.
Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдары өткізген I съезде қабылданып.
РКП(б) VIII съезінде бекітілген шешімге сәйкес, 1919 жылы 14-31 наурыз
аралығында Ташкент қаласында болып өткен ТКПИ конференциясы "...партияның
мұсылман бөлігіндегі партия жұмысына басшылық пен ұйымдастыруды" жақсарту
үшін ТКП ОК жанынан Мұсылман Бюросын кұру туралы шешім қабылдады. Мұсбюро
құрамына: Т. Рысқұлов (төрағасы), Н. Қожаев, Ю. Алиев, Ю Ибрагимов және А.
Мұхитдинов кірді 15 Орыс большевиктерінің шовинистік пиғылы мен
отаршылдық саясатына қарсы құрылған Мұсбюро өзінің алдына қойған мақсаты
мен істеген қызметінде патшалық Ресей тұсындағы Мемлекеттік Думаның
жанындағы мұсылман бюросының жалғасы іспеттес еді.
Түрікшіл коммунистер Т. Рысқұловтың басшылығымен жергілікті түрік
халықтарының мүддесін қорғау мақсатыңда республиканың барлық облыстары,
уездері мен қалалаларында Мүсбюроның жергілікті ұйымдарын құрды. Ұйымдасқан
түрде жүйелі жұмыс істеуге кіріскен Мұсбюроға өз конференцияларын шақырып
отыру құқығы берілді. 1919 жылы 18-сәуірде РКП(б) ОК Мұсбюроға Москвадағы
Орталық Бюромен өз бетімен, тікелей радио байланыс жасауына рұқсат етті.
Бұл РКП(б) ОК-ның Мұсбюромен санасуға мәжбүр бола бастағанын көрсетіп берді
Мұсбюро түріктерді билік органдарына тарту, мемлекеттік қызметке
мамандар даярлау және т б. сияқты көптеген өмірлік маңызы бар шараларды
жүзеге асыру мақсатымен ұйымдастыру - үгіт курсын ұйымдастырды Курс
тыңдаушыларына арналған бағдарламаны Т. Рысқұлов жасап, бекітті. Бағдарлама
бойынша тыңдаушылардың мынадай бағыттарда білім алып, мамандануы көзделді:
конституция негіздері; экономикалық өмірдің негіздері; кооперация;
кәсіподақ қозғалысы; мемлекеттік басқарудың түрлері; ұлт мәселесі; орыс
тілі: түрік тілдері; іс жүргізу мен есеп-қисап: география: түркістантану;
армия және әскери құрылыс және т.б. . Бұл курста окып, білім алған
жергілікті халық өкілдерінен көптеген ірі қоғам қайраткерлері, ғьлыми
қызметкерлер. мемлекеттік және әскери кызметкерлер өсіп жетілді.
Мүсбюро түрік халықтары арасында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу
үшін 1918 жылдын 20-маусымынан бастап түрік тілінде шыға бастаған
"Иштракун" атты ТКП және ТАКСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының
органы кең көлемде пайдаланды. Алғашында аптасына үш рет шығып тұрған газет
1919 жылдың 1-наурызынан бастап 3 мың дана таралыммен күнделікті өзбек және
қазақ тілдерінде шығарылып тұрған. Кейіннен жергілікті халықтардың тілінде
әдебиеттер басып шығаратын баспалардың болмауы мен газет-журналдардың
жоқтығы себепті Т. Рысқұлов ұлт істері жөніндегі халық комиссариатына
қарасты "Иштракун" газетін Мұсбюроның қарамағына беруді талап етеді. Мұның
өзі мерзімді басылым арқылы жергілікті халықтың сана - сезімін оятуға,
жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың мәнін
түсіндіруге Мұсбюроның баса назар аударғанын көрсетеді
Қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында түрік халықтарының мүддесін
қорғаған Мұсбюроны басқара отырып. Т Рысқұлов 1920 жылдың қаңтарына дейін
РКП(б) ОК-не зор сенім білдірген. Алғашында ол да В.И Ленин басқарған
большевиктер партиясының шынайы ұлт саясатына сенген болатын. Бірақ, бірте-
бірте, кейінгі саяси оқиғалардың бет алысы Т. Рысқұловтың саяси көзқарасына
зор өзгеріс енгізді. Қазақ азаттық қозғалысының басшылары кезінде орыс
демократиясына қалай сенсе, Т. Рысқұлов сынды түрік қайраткерлері алғашында
большевиктер партиясына солай сенген болатын. Сондықтан да, Т. Рысқұлов
Мұсбюроны құрған кезден бастап түрікшілдік идеясына берілген қайраткер
болды деп айта қою қиын. Саяси көзқарас эволюциясы уақыт ағымына тәуелді
нәрсе болатын.
Түркістандағы ұлт мәселесінің шешілмеуіне елкедегі шовинистік пиғылы
басым орыс коммунистері кінәлі деп түсінген Т.Рысқұлов оларға қарсы күресті
ұйымдастыруда зор қажыр - қайрат көрсетті. Оның Ферғана бөлігін
бәсендетудегі тарихи рөлі, жергілікті билік органдарына түрік өкілдерін
көптеп тарта бастауы, орыс шовинизміне қарсы қатал да ымырасыз күресі түрік
халықтары тарапынан зор қолдау тапты. Т. Рысқұлов Мұсбюро қызметін жүйелі
түрде жүргізу мақсатымен оның құрамынан: ұйымдастыру-үгіт, редакция -
баспа, мәдени - ағарту және әскери бөлімшелер құрды. Әсіресе, Түркістандағы
Қызыл Армия бөлімдерінде құрылған мұсылман коммунистері ұйымдарының
қызметіне басшылық жасайтын әскери бөлімге ерекше көңіл бөлінді.
Мұсбюро Түркістанның жергілікті халық өкілдерін мемлекеттік іске және
билік органдарына кең түрде тарту мәселесі бойынша тұрақты түрде жұмыстар
жүргізіп отырды. Ал, бұл өз кезегінде шовинистік пиғылдағы орыс
коммунистерінің орасан зор қарсылығын туғызды улттық негізде қалыптасқан
теке - тірес жергілікті халықтардың пайдасына сөзсіз шешілуі тиіс деп
есептеген Мұсбюро позициясы күн санап нығая түсті. Түркістан
Республикасында қалыптасқан саяси ахуал РКП(б) ОК-ын қатты алаңдата
бастады. Орталықтан келген және жергілікті халықтар арасынан шыққан
коммунистердің ұлт мәселесі бойынша туындаған пікір - таласта өзара ымыраға
келе алмауы жалпы республиканың саяси ахуалын шиеленістіріп жіберді.
Қалыптасқан саяси шиеленісті бәсеңдетудің жолы, ол республика тұрғындарын
мемлекеттік іске пропорциялы түрде қатыстыру жолы болатын. Сондыктан да,
1919 жылы 10 шілдеде РКП(б) ОК Түрікаткомға Түркістанның жергілікті
халықтарын мемлекеттік қызметке тарту туралы радиограммасын жібереді.
Радиограммада: "... Түркістанның түз халықтарын, олардың партияға
қатыстылығын міндетті түрде есепке алып жатпай-ақ, тұрғындардың сандық
арақатынас керсеткіші бойынша кең түрде мемлекеттік кызметке тарту
қажеттілігі" ескертілді. Ұсынылатын кандидаттарды мұсылман еңбекшілерінін
жергілікті ұйымдары іріктесе, жеткілікті деп танылды. Сондай-ақ,
радиограммада өлкелік мұсылман ұйымдарының келісімінен мұсылмандардың
мүліктерін тәркілеуте қатаң тыйым салу қажеттілігі атап керсетілді.
Радиограмма Түркістан Республикасының басшылары арасында әр түрлі көңіл -
күйде қабылданды, шеттен келген коммунистердің көпшілігі бұл шараны іске
асыру мүмкін емес деп жар салды, өйткені республика тұрғындарының сандық
арақатынас көрсеткіші бойынша Кеңестер мен үкімет мекемелеріндегі
мұсылмандардың саны бірден 95 пайызға артар еді. Ал, жергілікті коммунистер
Т. Рысқұлов пен Мұсбюроның басқа да басшыларының ұйымдастыруымен аталған
радиограмманың идеяларына қызу қолдау білдірді. "Орталык Комитеттің
Түркістанның мұсылман енбекшілерін кеңес құрылысы мен мемлекеттік басқару
жүйесіне пропорциялы түрде қатынастыру туралы радиограммасы, - дейді Т.
Рысқұлов, біздің Түркістанда қандай ішкі саясат жүргізуіміз керектігін
нақты әрі дәл белгілеп берді. Бұл міндетті дұрыс түсініп шешу Түркістанның
кемелдене дамуының кепілі болып табылады" .
Бұндай радиограмманың мазмұнынан қатты шошынған Түрікатком төрағасы
А. Казаков пен басқа орыс большевиктері радиограмманы халықтан жасырып,
жариялатпауға тырысты.
1919 жылы І6-шілдеде ескі қаладағы "Шейхантаур" манында РКП(б)
өлкелік комитеті мен Мұсбюро мүшелерінің, Түрікатком өкілдерінің,
жергілікті мұсылмандардың партиялық ұйымдары мен кәсіподақ өкілдерінің және
ондаған мың мұсылмандардын қатысуымен митинг өткізіледі. Сағат үш жарымда
жиналысты ашқан Низамеддин Қожаев президиумды сайлауды ұсынады. Президиум
төрағасы болып Н.Қожаев, төраға орынбасары болып Ю Алиев және хатшы болып А
Мұхитдинов сайланады. Осыдан кейін төрага Н.Қожаев РКП(б) ОК-нен келген
радиограмманы оқып шығып, өлкелік партия комитетінің мүшелерінен халыққа
радиограмма мазмұнын толық түсіндіріп беруді сүрайды. Алғашқы болып сөз
алган П.А.Кобозев: "Бір жыл бүрын Түркістан автономиясы жарияланған кезде,
жергілікті түздік халықтар мемлекет құрылысы ісіне белсенді түрде қатысуға
шақырылды. Енді міне, РҚП(б) ОК өз радиограммасымен бұл қажеттілікті тагғы
да дәлелдеп отыр және түз халықтарын өз отанының мемлекеттік құрылысы ісіне
пропорциялы көпшілік ретінде қатысуға шақырады. Түркістанның жағдайын
ескере отырып, радиограмма түз халықтарына партиялылығына қарамай,
мемлекеттің басқару ісіне қатысуға мүмкіндік береді. Тек қана оларды
жергілікті мұсылман жұмысшы ұйымдары мақұлдаса болды. Барлық
түсінбеушіліктерді жою үшін өлкелік мұсылман үйымдарының келісімімен ғана
мұсылмандар мүліктері тәркіленуі мүмкін"- деп, радиограмма мәнін ашып
берді. Одан кейін сөйлеген Мүнәууар қари, Н Қожаев, К.Сорокин, Ю.Алиев,
Мұхаметдинов және Абдуваит қарилар РКП(б) ОК-на өз ризашылықтарын білдіріп,
радиограмманы қолдайтындықтарын атап өтті. Осындай жетістікке қол жеткізген
Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюро нығайып, өз өкілдерін басқару органдарына
жаппай тарта бастады.
Мұсбюроның нығайып, бедел алып бара жатқанынан қатты қауіптенген
РКП(б) ОК Түркістанда өз саясатын жүргізу үшін әртүрлі жоспарлар ойластыра
бастады РКП(б) ОК Түркістанды сақтап қалудың жалғыз жолы ретінде Түркістан
майданын ұйымдастыруды ұйғарды. Кеңестік Ресейдің Шығыс майданының
қолбасшысы М.В Фрунзе өзінің 1919 жылғы 13-тамыздағы бұйрығында: "Ресей бас
командованиесінің бүйрығына сәйкес Шығыс майданының оңтүстік бөлігі
Түркістан майданы болып құрылғанын" хабарлады. Ресей бас командованиесінің
1919 жылғы 15-тамыздағы бүйрығы негізінде 18-тамыздан бастап М. Фрунзе
Түркістан майданы қолбасшысының міндетін атқаруға кірісті. Бүл майданға
Кеңестік Ресейдің 1,4,1 1 және "Түркістан" армиялары бағындырылды. М.Фрунзе
өз кызметіне кірісуіне байланысты жариялаған бұйрығында "Түркістан
сапарының негізгі мақсаты бүкіл Түркістанды бағындыру болып табылатынын"
ашық айтқан болатын 7
Түркістанды бағындыру үшін аттандырылған 1-армия 1919 жылы 13-
қыркүйекте Ташкент темір жолының Мұгалжар бекетінде Ресейдің басқа әскери
күштеріне қосылды. М.Фрунзе өзінің В.Ленинге жіберген телеграммасында Ресей
мен Түркістанның біріккенін чабарлады 1919 жылы қыркүйектін соңымда
Түркістан майданын аралап жүрген Кеңестік Ресей басшыларының бірі
М.Калинин офицерлер алдында "біздер бұған дейін тұйық шеңбер ішінде
болатынбыз. Енді бұл шеңбер ашылды. Демек, біз т^п-тура Ташкентке бара
аламьп"- леген болатын. "Басмашылыққа" қарсы бағытталған Түркістан майлаиы
бәрінен бұрын Ресей үшін Түркістанға жол ашып берді.
1919 жылы күзде Мүсбюро мүшелері Түркістан Республикасынын басқару
органдарында көптеп қызмет етті. Еуропалық коммунистерді көптеген мәселелср
бойынша ығыстыра бастаган Т. Рысқұлов жетекшілік еткен Мұсбюроның
Түркістандағы саяси жеңісінен қатты кауіптепғен РКП(о) ОК Түркістанда
ездерінің саяси комиссиясын жүзеге асыруды міндеттеп, Москвадан Түркістанға
БОАК және РСФСР Халкомкеңесінің Түркістан істері бойынша ерекше Комиссиясын
(Түріккомиссия) аттандырды. Түріккомиссия 1919 жылы 8-қазанда В.И. Ленин
қол қойган қаулыга сәйкес құрылып, оның құрамына: ІП.З. Элиава (төрағасы),
М.В.Фрунзе. В.В Куйбышев, Ф.И.Голощекин жэне Я.Э.Рудзутак сынды мүшелер
енгізілді. Түріккомиссияга негізінен Түркістанга коммунизм принциптерін
енгізу міндеті жүктелді. 1919 жылы 4-қарашада Түріккомиссия (М.В.Фрунзеден
басқа мүшелері) Ташкентке келіп, Түркістанның саяси өміріне белсене араласа
бастады. Көп ұзамай-ак, РКП(б) ОК мен Түркістан майданы Революциялық эскери
Кеңесінін қолдауына сүйенген Түріккомиссия республикадағы саяси -
мемлекеттік билікті өз қолына жинап алды. Түріккомиссиясыз бірде - бір
Түркістан мәселесі шешілмеуге айналды.
Т.Рысқұлов пен Мұсбюроның басқа да жетекшілері алғашында
Түріккомиссияға зор сенім білдіре, үлкен үміт арта қарады. Бірақ,
Түркістанның қоғамдық – саяси, әлеуметтік - экономикалық, тарихи - мәдени,
тұмыстық-шаруашылық объективті жағдаймен санаспай, Орталық Ресейде іске
асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге,
осы арқылы түрік халықтарын таптық жіктеліске түсіріп, тап аралық күресті
тұтандыруға, ал керісінше, ұлт бостаңдығы, ұлттың өзін-өзі билеуі
мәселесінде бірде-бір қадам жасамауға тырысқан кезде түрік коммунистерінің
Түріккомиссияға көзқарастары біртіндеп өзгере бастады.
Түріккомиссияның пиғылын анық сезінген Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюро
өзінің әрекетін тактикалық жағынан өзгерте бастады. РКП(б) ОК һәм
Түріккомиссияның шовинистік пиғылы мен отарлық саясатына қарсы қорғаныстық
идеология ретінде түрікшілдік бағыт, яғни тұтас Түркістан идеясы тандап
алынды. Оны жүзеге асырудын жолы ретінде төмендегідей екі бағыт белгіленді:
1. Түркістанда өмір сүріп жатқан халықтарды "түрік" идеясына біріктіру
арқылы республиканы құқықтық жағынан түрік халық-тарының республикасына
айналдыру: 2. Республиканы мекендеуші түрік тілдес халықтардың жеке - жеке
үлттық ресгтубликаларын құра отырып, оларды түрік конференциясына
біріктіру.
Бұл екі бағытта да тығыз жүмыстар жүргізілді Мұсбюроның талап етуімен
1919 жылы қарашада Түркістан Республикасының ұлт істері жөніндегі Халық
Комиссариатының құрылымында үлкен езгерістер болып, өзбек, түрікмен, қырғыз
(қазақ) және т.б. мұсылман бөлімдері жойылды да орнына тұтас тұрік бөлімі
үйымдастырылды18
Біз жоғарыда атап көрсеткен екі бағыттың алғашқысын жасырын қалдырған
Т.Рысқұлов, 1919 жылы күз айларында, негізінен ұлттық республикалар
құрамына өз халықтарын біріктіру мәселесін қолға алады. 1917 жылы өткен
Екінші жалпы қазақ - қырғыз съезі күн тәртібіне қойған қазақ жерлерін
біріктіру мэселесін ары қарай жылжытқан Т.Рысқұлов біріккен қазақ
жерлерінін астанасы ретінде Ташкент қаласын белгілеуді үзілді-кесілді талап
еткен еді. Біз бұл жерден Т.Рысқұловтың алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
ХХ ғасырдағы Қазақстанның либерал-демократиялық зиялыларының өкілдері. О.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Қазақ хандығының күшеюі
Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану
Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары
Мемлекеттің әкімшілік - аумақтық құрылысы ұғымы
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Пәндер