Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теориясы



Жоспар

1. Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні

2. Сословиелік жүйелер

3. К. Маркс стратификациясы

4. М. Вебер стратификациясы

5. Стратификациялық модельдер

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Техникалық факультет

Тақырыбы: ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК ТЕОРИЯСЫ

Орындаған: Жексенбаев А.С
Тексерген: Сарсенова А.Ж

Актобе 2012

Жоспар

1. Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні

2. Сословиелік жүйелер

3. К. Маркс стратификациясы

4. М. Вебер стратификациясы

5. Стратификациялық модельдер

Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні.

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан
бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында
теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары
да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында
әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа
алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы
мәртебесі, билікке қатынастары.

Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін,
оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация
теориясының маңызы зор. Стратта деген геология термині жердің
құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға
байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі жік деген ұғымды
пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі
стратталардың болғанын білеміз.

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а)
касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне
байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам
мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік
бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай
мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық
жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады.
Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-
шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша
қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус
ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл
қоғамда касталардың 4 тобы болған:

а) брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;

ә) кшатрийлер (әскери адамдар);

б) вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;

в) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;

г)хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру,
қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен
төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына
қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген
тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі
адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің
қалдықтары сақталған.

Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу
типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген.
Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары
сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер,
шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне
өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және
төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік
тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты
жағдайлар орын алған.

Тап деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX
ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні
негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде
таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.

Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің
экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап
күресі туралы теориясын негіздеді. Соыең нәтижесінде ол әлеуметтік
стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының
экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық
еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс
қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен.
Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының
түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның
негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар
мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі
таптар болып есептеледі.

Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе
жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары. Мәселен, капиталистік
қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік
жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына
толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ,
олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы –
меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға
түседі.

К. Маркс интеллигенцияны әлеуметтік топқа жатқызады. өйткені бұл топтың да
белгілі бір тапқа ұқсас белгілері өз және олар шығу тегі жағынан да әр
түрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар
интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық және пролетарлық деп
жіктеуді ұсынған.

К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік
өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін
түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.

К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол
өзінің 1919-шы жылы жазған Ұлы бастама деген еңбегінде таптарға мынадай
анықтама берген: Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны
мен өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан
алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың әдісіне байланысты жіктелетін
адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік стратификация теориясы
Питирим Сорокин және оның әлеуметтік стратификация теориясы
Әлеуметтік стратификация жайлы
П. Сорокиннің жалпы әлеуметтік теориясы
Әлеуметтік стратификация туралы
Стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Сұрау әдістері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы) жайлы ұғым
Пәндер