Химияның маңызы және міндеті



Жоспар
1.Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.Химияның маңызы және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Өзге ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Химияның және жаңа ғылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.Химия жане өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.Химиялық элементтер және оның қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
№1 орта мектебі КММ

Құрастырушылар:

1. Бауыржанұлы Ақжан
2. Қасымханова Анеля
3. Қонурбаева Жансая
4. Жумажанова Саяжан

Алғы сөз

Құрметті жас оқырман ! Сіздер оқығалы отырған Химия тұрмыста кітапшасы сіздерге өздеріңіз күнделікті тұрмыста кездестіретін қарапайым, көп көңіл бөлмейтін заттатрдың барлығы Химия-мен тығыз байланысты екендігіне көз жеткізуге ықпалын тигізеді .
Бірнеше бөлімшелерден тұратын кітапша ішінде Химиямен оміріміздің арасындағы байланыс химияның маңызы мен міндеті, химия және тағы да басқа ғылымдар арасындағы қатынас және көбіміз жақсы білетін химиялық элементтердің өмірде қолданылуы туралы жазылған. Бұл кітапша сендерге бізді қоршап жатқан ортаның барлығы химия мен байланысты екенінің дәлелдеп бере алады !

Мазмұны
1.Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Химияның маңызы және міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.Өзге ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.Химияның және жаңа ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.Химия жане өмір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6.Химиялық элементтер және оның қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

конецформыначалоформыХимияның маңызы

Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік
мәні бар ғылымға айналды.
Осы кездегі химия алуан түрлі зерттеу әдістері, аса маңызды өндірістік, өнер-кәсіптік мәні бар ғылымға айналды. Атомдар мен молекулалардағы әлектрондарды сипаттайтын кванттық механика заңдарының ашылуы химиялық әрекеттесудің табиғатын анықтады. Заттардың қасиеті және құрылымымен қатар олардың өзгерістері кинетикасының заңдылықтары ашылуда, әсіресе химиялық реакциялардағы аралық өнімдер көбірек зерттелуде. Заттар мен процестерді зерттеуге осы күнгі физикалық әдістер мен құралдар (рентген структуралы анализ, спектроскопия т.б.) қолданылуда.

конецформыначалоформыХимияның міндеті
Заттарды қолдану үшін қасиеттерін анықтау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.

Өзге ғылымдармен байланысы
= Аналитикалық химия
+ аналитика
Химия физика және басқа да жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Химия мен биология арасынан шыққан биохимия, химия мен геология арасынан геохимия, космохимия, гидрохимия салалары, өнер-кәсіп пен химияның барлық салаларында талдау әдістері үшін қолданылатын аналитикалық химия қалыптасты. Кейбір химиялық мәліметтер ерте заманнан белгілі болған. Осындай ғылымдар арасындағы байланыс жер бетінде ойлап табылған көптеген заттармен технологиялар химияға тауелді екенінің айғағы.
Геохимия
Геология +
= биохимия
+ Биология

химия

Гидрохимия=
Су туралы ғылым+
=космохимия
+космология

Биохимия- тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, клеткалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметін зерттейтін ғылым.
Геохимия- жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Космохимия- химиялық элементтердің бүкіл әлем ауқымында (әлем кеңістігінде, жасынтастарда, жұлдыздарда, планеталарда және олардың жекелеген бөліктерінде) таралу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.
Гидрохимия (гр. hydor - су) - сулы ортаның құрамы мен химиялық процестерін зерттейтін ғылым.

Химияның және жаңа ғылым
Аналитикалық химия, аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Фотохимия- химия ғылымының жарық сәулелері әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін саласы. Фотохимиямен оптика және оптикалық сәуле шығару тығыз байланысты.
Коллоидтық химия- дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы.

Химиялық кинетика-химиялық реакциялар кинетикасы -- химияның химиялық процестердің жылдамдығын және жүру заңдылықтарын қарастыратын бір саласы.
Стереохимия - химия ғылымының саласы. Молекулалардың кеңістіктік құрылымын және оның заттардың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттейді.

Фотохимия -химия ғылымының жарық сәулелері әсерінен жүретін реакцияларды зерттейтін саласы. Фотохимиямен оптика және оптикалық сәуле шығару тығыз байланысты. Фотохимиялық реакциялардың жүруі затқа сіңірілген жарық сәулелерінің әсерінен ғана болатынын алғаш орыс ғалымы Х.Гротгус дәлелдеген (1818). Ол "Химиялық қоспада тек жұтылатын сәулелер ғана химиялық активті болады" деп тұжырымдалатын Фотохимияның бірінші заңын ашты. Фотохимия саласында жинақталған тәжірибелік материалдар мен оларды ғылыми жағынан түсіндіріп, бір жүйеге келтіру 20 ғ-дың 1-жартысында кванттық механика, атомдық немесе молекулалық спектроскопия дамығаннан кейін мүмкін бола бастады. Фотохимияның екінші заңы -- кванттық эквиваленттілік заңын А.Эйнштейн ашты (1912). Бұл заң бойынша жұтылатын сәуленің әрбір кванты тек бір ғана молекуланы түрлендіруге қатысады. Фотохимиялық реакциялар кезінде химия жүйенің бос энергиясының азаюы немесе көбеюі мүмкін. Энергияның көбеюі сырттан сіңірілген жарық сәулелері энергиясының жүйе энергиясына қосылуынан болады. Фотохимиялық активтену процесінде жарық сәулелерін сіңірген молекула атомдарға немесе атомдар тобына ыдырайды, кейде молекула ыдырамай "қозған" молекула күйіне ауысады. Ыдыраудан пайда болған бөлшектердің немесе заттардың активтілігінің жоғары болуы ондағы бос валенттілікке )байланысты. Фотохимиялық реакциялардың тиімділігі квант шығымымен ( анықталады; Ол реакция өніміндегі молекулалар санының жұтылған квант санына қатынасына тең. Фотохимиялық реакциялар: фотодимерлену, фотоконденсаттану, фотоиондану, фотототықтыру, фотогидролиз, т.б. болып бөлінеді. Бұл реакциялардың практикалық маңызы зор. Мысалы, ауа қабатының жоғары бөлігінде оттек молекуласы қысқа толқынды ультракүлгін Күн радиациясын сіңіріп, "қозған" күйге айналады: О2О+hv2. Осы молекулалар қалыпты оттек молекулаларымен әрекеттесіп (О2+О2О3+О), төменгі ауа қабатындағы организмдерді қорғайтын озон қабатын түзеді (қ. Озоносфера). Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын өсімдіктердегі фотосинтез процесі.

Электрохимия-жаңа дамып жатқан ғылым. Тек екі ғасыр бұрын электр тогының тұздардың сулы ерітінділері арқылы өткен кезде жаңа заттар пайда болатын химиялық алмасулар жүретіні анықталды.
Электрохимия ғылым ретінде ХVIII және XIX ғасырларда шет елдерде қалыптасты. Тек сол кезде шешімі электрохимия теориясын жаңа дәрежеге көтерген болатын проблемалар туындады. 1799 ж итальян физигі А.Вольттің вольттік бағанасының- адамзат тарихындағы бірінші тоқ көзінің пайда болуы және итальян физиологы Л.Гальванидің тәжірибелері электрохимияның ғылым ретінде дамуына бастапқы түрткі болды.
Тек өткен ғасырдың басында ғана заттардың ерітінділері мен балқымаларында болатын электрохимиялық процестерді зерттеудің ғылымдық бағыты- электрохимия пайда болды.
Электрохимияны 70-ші жылдардың соңында ғана екі бөлімге бөле бастады: ионика және электродика. Ионика- электр өрісінің әсерінен зарядталған бөлшектердің жүрісін және электрөткізгіштік құбылысын зерттейтін бөлім, ал электродика электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр тогының электродтар бетінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

Аналитикалық химия-аналитика (грек. аnalysіs - талдау, жіктеу) - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш химиялық анализ ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал аналитикалық химия ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (4 - 16 ғ-лар), 'иатрохимия (16 - 17 ғ-лар), флогистондық (17 - 18 ғ-лар) және ғылыми (19 - 20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері - талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.

Коллоидтық химия - дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы. Коллоидтық химия физикалық химияның күрделі бір бөлімі болып қалыптасты, 19 ғасырдың 60-жылдарында жеке ғылым саласына айналды. Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ, оның зерттеу нысандарына әр түрлі дисперстік жүйелер, дисперстік фазалар мен дисперстілеу ортаның жанасу беттері, адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияның тарихы
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Химияны оқыту жолдары
ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Химия пәні мен оның маңызы
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Химияның өндірістегі,ауылшаруашылықтағы және күнделікті өмірдегі маңызы
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Пәндер