Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау



КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
1.3Ресейдің мемлекеттік емес жинақтаушы қорларының дамуы мен перспективалары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары . халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау кепілі
2.2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры . міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде
2.3Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

3.1Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер
3.2Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ Пайдалынылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қ Р Білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бюджеттен тыс қорлар

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Астана, 2012 ж.

КІРІСПЕ
1 БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 

1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3Шет мемлекеттердің бюджеттен тыс
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау
кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің қатысушысы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновациялық даму жағдайына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДА ТУЫНДАЙТЫН
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

3.1Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.2Бюджеттен тыс қорлардың қызметін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .25

КІРІСПЕ

Мемлекеттік бюджеттің басты қызметі оның мақсатты бағытта дұрыс әрі
нәтижелі жұмсалуымен ақталса, онда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың
қызметі не үшін қажет? Үкімет неге бюджеттен тыс қорларды құрды? Ол
қорлардың барлығын басқарғанда орталықтандырылған жүйенің қауқары әлсіремей
ма? Осы тектес қарапайым сұрақтар азаматтардың барлығында бар, жауабы, ол
қорлар бюджеттің шамасы мен мүмкіндіктері жетпейтін салаларды
қаржыландыруға арналған делінсе де нақты ешкім түсіне алатын жауап болмас
еді. Сондықтан алдағы осы курстық жұмыс барысында біз неге бюджеттен тыс
қорлар құрылады және қалай құрылады, қалай реттелетіндігі туралы талдау
жасайтын боламыз. Сонымен бюджеттен тыс қор деген не? Жалпы мемлекеттік
(аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы
ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ
нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды
қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады.
Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен
қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей
бастады.Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. Бюджеттен
тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың
деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс
қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік
және аймақтық болып бөлінеді. Экономикалық қорлар —экономикалық
дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның
әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік
қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде
қалыптасатын қорлар.Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша
болуы мүмкін.Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі
бағыттары мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін
қаржы активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.

1 БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны

Елімізде, мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Оған себептер бюджет бастапқы кезеңде жақсы даму деңгейінде
емес еді әрі үкімет кейбір әлеуметтік салаларды қаржыландыруға қауқарсыз
болды, ал арнаулы қорлардың болуы нақты қойылған мақсаттармен тікелей
байланысты болатын. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады:

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар —экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған
қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған
қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал
аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары
мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы
активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады.
Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды
қаржыландыру:

а)арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;

б)бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в)қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г)ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық көсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру
жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін
айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын
қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік
әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады. Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің
болуы мүмкін:

а) салық төлеуден босату;

ә)кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер
болмайды).

Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әр
алуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және
қаржы жағдайы әсер етеді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын
1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың
мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды.
Жасалу көздері:

1)кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);

мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен
табыс;

басқадай көздер.

Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:

1.Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті болғанда
және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін
қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).

2.Санаториялық - курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.

3.Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері.

а) зейнетақылар мен жәрдемақылар тәлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге
зейнетақы ісін ұйымдстыру;

ө) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы корының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:

міндетті зейнетақы жарналары;

меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық
жарналары немесе арнаулы салықтар.

жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;

4)жоғарғы органдардың қаражаттары;

5)ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:

1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;

2) балаға қарау жөніндегі жәрдем.ақыларды төлеу;

3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;

зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын
шығыстар;

қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны
дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.

Бюджеттен тыс қорлардың органдары:

басқару;

атқарушы органдар;

тексеріс комиссиясы;

қордың аймақтық бөлімшелері.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі үшырады:
біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты
қаржылаңдыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін "Жаңа
астана" қоры сақталынған. Бұл қор:

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;

Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағьпталатын және іс жүзінде мақсатты
арналымға пайдаланылған қаражаттар;

мемлекеттік бюджет қаражаттары;

қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың
қаражаттары;

шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсатты
гранттары есебінен жасалынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық
қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік
бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің
тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына,
экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы
факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын
қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз
сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады.

Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы
функциялары.

Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы
функциясымен қатар Қор қаражаттарының қалыптасуы мен пайдаланылуының
қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал
көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның
конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналган.
Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта
мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы,
мемлекеттегі және шетелдердегі- экономикалык жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі
мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен
жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен
есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттык банк
пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың төртібі мынамен анықталады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық
индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін
құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты
дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және
жергілікті бюджеттерді әзірлеп,
бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің
орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік
бюджеттің кірістерін есептеп шығарады, шикізат тауарларының есептік тұрақты
бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтампаздык болжауды негіздей
отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде
оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңи тұлғалардан Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық
және өзге міндетті тµлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі
түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының,
қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың,
бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу
жолымен қалыптасады.

Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер — шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:

корпорациялық табыс салығы;

қосылған құнға салынатын салық;

үстеме пайдаға салынатын салық;

бонустар;

роялти;

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының
тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле
отырып жасалады.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады: тұтас алғанда ағымдағы
қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің
бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын
республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем мөлшері республикалық
бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс.
Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда
өтем жүзеге асырылмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің
шығысын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті
нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін
нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры" туралы жарлығымен
қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің
құрамын құрады;

қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін
міндетті нүсқаулар береді;

қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;

ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге
берілген құжаттарды бағыттайды;

5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге
асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіктерді
жүзеге асырады:

есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану
тәртібін әзірлеп, бекітеді;

Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен
байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;

Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті
және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты
ұсынуды қамтамасыз етеді;

4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз
етеді;

6)қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған
сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

1)Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес
инвестициялау; инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін
әзірлеп, бекіту;Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы
есепті ұсыну;сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған
өзге өкілеттіктер.Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк
төрағасының орынбасарынан темен емес деңгейде) — өкілетті өкілді анықтайды,
оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде
шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері
бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне
ақпарат беріп отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес
активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар
талдап-жасайтын консультациялық - кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша
Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің
мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің
бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңес
шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп даусымен қабылданады және
заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан
Республикасының Президенті, Премьер-министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент
мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банктің
төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып
табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
функциялары:

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау;

қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және
талдап-жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген
қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру
туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент бекітеді.

Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен
бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Қазақстан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе
отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке
бекітуге табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының Парламентіне ұсынады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды
кіріктіруі тиіс:

Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару
жөніндегі қызметі туралы есеп;

Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін
қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе
аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген
тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит
жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына
жарияланады. Бюджет кодексіне сөйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке
түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін
нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады.
Сөйтіп қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл
оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

1.3Шет мемлекеттердің бюджеттен тыс қорлары

Бюджеттен тыс қорлардың қызметі шет елдерде, әсіресе АҚШ – та ерекше
дамыған әрі қоғамдық инновациялық жобаларды қаржыландыру мен бос қор
ақшаларын қоғамның техникалық және технологиялық алға жылжуына қосатын
үлесі аса зор. Оған мысал ретінде 1977 жылы құрылған АҚШ – тың энергетика
министрлігінің инновациялық қорын атауға болады. Бұл қор тек жекелеген
инновациялық жобаларды қаржыландырып, несиелеп қана қоймай сонымен қатар
оларға қайтарымсыз түрде гранттар бөлумен де айналысады. Ал осы қорлар көп
жағдайда ғылыми жаңалықтарға байланысты болғандықтан осы салаларда қаржының
қайтуы мен оның өтелуі үлкен тәуекелді талап етеді, алайда осы қор бұл
тәуекелді біле отырып қадам жасайды. Ал Щвецияда мемлекет арнаулы салықтық
субсидиялар беретін акционерлік қоғамдар көп. Мұнда 1984 жылға дейін барлық
тапқан табысқа салынатын салықтың 30 пайызына жеңілдік алып келсе, кейін
бұл пайызды 1985 жылы алып тастады, алайда басқа да стимул беретін
жеңілдіктер қалды.

Осындай ерекше қорлардың бірі ретінде Жапонияның “Жапонияның
зерттеулер және технологиялар корпорациясын ” атауға болады. Бұл корпорация
негізінен кішкентай фирмаларға жаңа технологиялық жаңалықтарды өндіріске
енгізуге көмек көрсетіп, технологиялық жаңалықтарды уақтылы игеруге
көмектеседі. Және тағы бір ерекшелігі берілген несиелік қаражат салынған
жоба тек пайда әкелген жағдайда ғана қайтарылады.

Ал әлемнің көптеген елдерінде әскери саланы жаңартуға, дамытуға және
әскери мақсаттағы зерттеулер мен жұмыстарды қаржыландыруға арналған қорлар
көп пайдаланылады. Осындай құпияландырылған қорлардың бірі АҚШ – тың
“әскери қайта қарулану бағдарламасы ” қорын атауға болады. Қазіргі уақытта
бұл қорды тікелей президент басқарады немесе қорғаныс министрлігі басқарады
да осы қордың есебінен ірі әскери құпия жобалар іске асырылады.

Жалпы қайсыбір қордың құрылуы негізінде сол елдегі жалпы ұлттық табыс
жатыр, ал олардың құрылуы сол табыстың өсіміне тікелей байланысты. Көбінесе
бұл қорлар ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлуден құралады немесе басында
арнайы тартылған қаражаттар есебінен топтастырылады. Ал шетелдік қорлардың
көбі мемлекеттік субсидияларды пайдаланады. Ал Израйльде ұлттық қорғаныс
қорына бай еврейлер ақша береді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ
ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау
кепілі

Зейнетақы Қоры – зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры
қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс
берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті
сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы қоры мынадай арнаулы
міндеттерді атқарады:

• сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа
да азаматтардың жұмыста жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе
кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе
асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін
олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен
азаматтардан ақша өндіріп алады;
• қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна
тартады;
• салық органдарының қатысуымен қорға міндетті сақтандыру жарналарының
уақытылы және толық түсуін бақылайды;
• сақтандыру жарналары бойынша барлық санаттағы төлемшілердің
мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;
• қор құзыретіне қатысты мәселелер бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты
жолға қояды.
Зейнетақы қорының қаражаты:

• жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;
• жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;
• әскери қызметшілерге және зейнетақы төлеу жөнінен оларға теңестірілген
азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, олардың
отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті
аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ
полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат
аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып,
елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;
• ерікті жарналардан құралады.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға
сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын жинау міндеті
жүктелген жинақтаушы Зейнетақы қорлары құрылды. Олар өз кезегінде
мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорлары мен мемлекеттік емес жинақтаушы
Зейнетақы қорларына ажыратылды.

2011 жылғы 1 мамырда республикада 13 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет
етеді. Зейнетақы жинағының сомасы қаңтар - сәуір айларында 5,6%-ға
ұлғайып,  2011 жылғы 1 мамырда 2,3 триллион теңгені құрады. 
Бүгінгі күні зейнетақы қызметтерінің нарығында зейнетақы қорларының бірігуі
жүріп жатыр: әлсіз қорлар нарықтан мүлдем кетіп немесе қуатты ойыншыларға
қосылу арқылы кетіп жатыр. Атап айтқанда, Қорғау ЖЗҚ тарап кетті, оның
активтері басқа қордың басқаруына тапсырылды, Ұлар Үміт пен ТӘБ ЖЗҚ да өз
активтерін біріктірді. Мамандар енді Еуразиялық ЖЗҚ мен Аманат Қазақстан
ЖЗҚ бірігуін күтуде. Себеп – қорлар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі.
Соңғы уақытта зейнетақы қорлары аса кертартпалы инвестициялық саясатты
жүргізіп жатқандықтан, олардың инвестициялық портфелінің 50% артығын аса
сенімді, бірақ кірісі төмен, құнсызданудың ағымдағы деңгейін жаппайтын
мемлекеттік құнды қағаздар алып жатыр, қорлардың көбі қызмет шығындарын
әрең жауып отыр. Қор акционерлері шығындарды азайту мақсатында қорлардың
активтерін біріктіру туралы шешім қабылдауда. ЖЗҚ қазіргі және болашақ
салымшылары үшін – зейнетақы нарығының шоғырлануы – жағымды құбылыс.
Нәтижесінде нарықта ең ірі және клиенттер бет бұрған зейнетақы қорлары ғана
қалады, олардың қызмет көрсету сапасы артады.  Қазіргі уақытта барлық
қорлар тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер