Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері



Мазмұны
Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Экономика және бизнес факультеті
Экономика кафедрасы

Макроэкономика пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері

Дайындаған:
күндізгі бөлімнің 2-ші курс

ЭБ-202 тобының студенті

Сұлтанғалиева Д.

Жетекші:
Смагулова А.К.

Экономика кафедрасының

аға оқытушысы

Астана 2011.

Мазмұны

Кіріспе.

1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.

2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.

3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.

Қорытынды.
Әдебиет тізімі.

Қосымша.

КІРІСПЕ

Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін бір уақытта үш талапты бірдей
сақтау – басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу,
халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінді осы үдерістердің
маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойылған
міндерттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына
байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу
жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқын мен ерекше екпін бере
алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету
қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы ойын ережесін
анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың
шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық
күштердің оңтайлы арақатнастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл
арақатнастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатнастардың пайдасына
шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар
сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып
отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б жағдайларда дамып келе
жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты
мемлекет-нарық арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.
Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің экономикасын реттеу нысандары
мен әдістерін талқылау. Сонымен қатар, экономиканы реттеу үшін шетел
инвестицияларымен қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны сырттай бақылау,
шетел капиталдарын тарту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі
бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің
шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда
болды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі замандағы жағдайда ұдайы
өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық
құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі
тапсырмаларды шешеді. Эконом
каны мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр
сатыдағы сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен
анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және
әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды
нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген
нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді
тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық
құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған.
Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкінемес.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің
ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын
қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық
механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен
экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап
етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық
жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел
инвестицияларын тарту мен қолда
ну процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел
инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса
маңыздырөлгеие.

1.Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
Экономикалық ғылымның пайда болу кезеңінен бастап, ғалымдар өз
зерттеулерін экономикадағы мемлекеттің рөлі және қызметі мәселелерін
анықтауға бағыттап келеді. Әр түрлі кезеңде және түрлі елдерде
экономистердің жасаған теориялары ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу
тәжірибесінде қалданылды.
Меркантелизм.
Капиталды бастапқы жинау кезеңінде пайда болған (XV-XVII ғ.ғ.) алғашқы
экономикалық мектептердің бірі меркантелизм деп аталып, оның өкілдері
экономиканы белсенді мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеді. Олардың
ойынша басты назарды әсіресе сауда мен өнеркәсіпті дамытуға бағыттау керек
болатын.
Меркантелистер ақшаны байлықтың абсолюттік формасы ретінде қарастырды
және олардың пікірінше ұлттық алтыны және күмісі неғұрлым көп болған
жағдайда, соғұрлым ол бай болып саналады. Ал ақша байлығын жинақтау
мемлекеттік биліктің көмегімен ғана қол жеткізіледі.
Ертеректегі (немесе ақша) меркантелизм теориясын жақтаушылар (ағылшын
У.Стаффорд, итальяндық Г.Скаруффи) елдегі ақшаны ұстап тұруға бағытталған
мемлекеттік шараларды қолдады. Мұндай шаралар ретінде келесілері атап
өтілді: шетелге ақшаны шығаруға тыйым салу, валюта саудасына мемлекеттік
монополияны орнату, шетел тауарлары саудасына қойма орындарын жасауды
ұсыну.
XVI ғ. екінші жартысы- XVI ғ. кейінгі меркантелизм дамып және өркендей
бастады (оның өкілдері ағылшын экономисті Т. Манн, итальяндық А. Серра,
француз А. Монкретьен). Бұл кезеңде абсолюттік монархияның қалыптасуы
аяқталған болатын. Ал сауда буржуазиясының экономикалық қуаттылығы арта
бастады. Мемлекет өзінің қызмет ету саласын сауда саласына ауыстырды,
мұндағы басты міндет белсенді сауда тепе теңдігінің жүйесін құру болып
табылады.
Кейінгі меркантелизмді жақтаушылардың пікірінше мемлекет байлығы елден
шығарылған және елге әкелінген тауарлар құнының арасындағы айырмашылыққа
тәуелді, яғни экспорттың импорттан артық болуына тікелей байланысты. Мұндай
айырмашылықты қамтамасыз ету үшін келесілер ұсынылады.
- өз елінен тек дайын бұйымдарды шығару (шикізатты шығарумен
салыстырғанда, оларды сатудан түсетін табыс көбірек), қымбат
заттаурдың әкелуіне тыйым салу.
- Делдалдық сауданы дамыту. Ол үшін шетелге ақшаны шығару рұқсат етілді
(мұндағы талап – бір елден арзанға сатып алып басқа елге қымбатқа
сату).
Сонымен қатар үкімет белсенді сауда тепе теңдігін қалыптастыру және
сыртқы нарықтарды қамту үшін, импортты шетелдік тауарларға баж салу арқылы
реттеп, сыртқы нарықта өніміне сұранысы көп кәсіпорын иелеріне сыйақы
беріп, экспортты ынталандыру тиіс.
Осы мақсатпен сонымен қатар елді өнеркәсіптік бұйымдарды импорттау
қажеттілігінен босату үшін, өнеркәсіпті, әсіресе мануфактуралық
өнеркәсіпті, дамытуды ынталандыру ұсынылады.
Меркантелизм идеялары мемлекеттік саясаттың теориялық негізі болып, ол
протекционистік саясат немесе ұлттық нарықты қорғау саясаты деген атауға ие
болды. Бұл саясат отандық экономиканы дамытуды ынталандыруға оны шетелдік
бәсекелестерден қорғауға, сыртқы нарықты кеңейтуге бағытталған болатын.
XVII ғ. бастап және осы күнге дейін белгілі бір дәрежеде, нақты жағдайларда
протекционистік экономикалық саясатты қолданбаған мемлекет болған жоқ.
Мұндай саясаттың негізгі құралдарына: импортталатын тауарларға
протекционистік тарифтер, импорттық квоталар, экспорттық субсидиялар және
экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер және т.б жатады. Әрине бұл шаралар
мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асырылмайды. Сондықтан да меркантелистердің
ойынша экономикалық үдерістерге мемлекет белсенді араласады.
Экономикалық либерализм.
Нарықтық қатынастардың дамуы нәтижесінде ұлғайған өнеркәсіптік капитал
мемлекеттік қолдау мен онымен байланысты шектеулерді өз қызметіндегі
кедергі ретінде қарастырады, одан құтылуға ұмтылады. Экономистер өз
еңбектерінде меркантелизм ұстанымдарын жиі сынға алып отырады. Экономикалық
либерализмнің жаңа көзқарастарын саяси экономиканың классикалық мектебін
қалаушылары Адам Смит, Давид Рекардо қалыптастырды.
А.Смиттің Халықтар байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеуі
(1776ж ) еңбегінде табиғат заңдарына ұқсас әрекет ететін және қоғамның
дамуын анықтайтын экономикалық заңдар түсіндіріледі. Оған сыртқы
(мемлекеттік) араласу болмаған кездегі экономикада стихиялы орнатылатын
табиғи үйлесімділік тепе теңдік идеясы жақын болды және ол нарықтық
жүйенің қызмет етуінің тиімді тәртібі болып табылады. Смит экономиканың
мұндай табиғи қызмет етуін көрінбейтін қол қағидасы деп атады, яғни жеке
табысқа ұмтылу жалпы табысқа өндіріс пен прогрестің дамуына әкеледі.
А.Смит мемлекет рөлін түнгі қарауыл қызметімен шектеді.
- тәртіпті қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- сот шешімдерін тарату.
- қоғамдық құрылғыларды және қоғамдық мекемелерді ұстау.
Кәсіпкерліктің еркіндігі, сауда еркіндігі - бұл қағидалар теорияда
да, саясатта да мемлекеттік протекционизм идеяларын алмастырды.
Экономикаға мемлекеттің араласуын шектеудің жақтаушысы ретінде Д.Риккардо
танымал болды. А.Смит сияқты ол экономикада объективті және стихиялы. Бірақ
тануға болатын заңдар әрекет етеді деп санады. Сыртқы (мемлекеттік) араласу
орын алмаған кезде олардың әрекет ету механизмі экономикалық жүйені тепе-
теңдікте болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Д.Риккардо пікірінше
қоғамның өндірістік күшінің өсуіне ықпал ететін мемлекеттік экономикалық
саясатты жасау қажет еді. Мұнда ол экономикалық заңдарды зерттеуге және
мемлекетке қажетті экономикалық саясатты жасауға қабілетті саяси
экономиканың маңызды рөлін байқады.
А.Смит және Д.Рекардо фритредерлік (ағылшын тілінен free trade –еркін
сауда) теориясы мен саясатының негізін қалаушылары болып саналады. Басты
идея – барлық шаруашылық етуші субъектілеріне негізгі экономикалық
бостандық кепілдендірілуі тиіс:
- Қызмет ету саласын таңдау еркіндігі.
- Бәсеке еркіндігі.
- Сауда еркіндігі.
Классиктер мұндай саясатты барлық елдер мен халықтарға әрқашан тиімді
болады деп көрсетті. Дегенмен бұл саясат тек XIX ғ. орт асында ғана
Ұлыбританияда толықтай жүзеге асырылған болатын.
Кейнсиандық теория.
Терең және ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстар, XIX ғ. ортасында
әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі, 1848ж. революция, әсіресе 1929-1933жж.
Ұлы дағдарыс кезеңі шаруашылық дамуды тұрақтандырып, жүйенің әлеуметтік
тепе теңдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік экономикалық
саясаттың қажеттілігін білдірді. Бұл қажеттілік экономикалық ғылымда
көрініс тапты. Ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің 1936ж жарық көрген
Жұмыссыздық, пайыз, және ақшаның жалпы теориясыә еңбегінде негізі
қаланған жаңа бағыт – кейнсиан бағыты пайда болды.
Дж.М.Кейнс (1883-1946)-XX ғасырдағы экономикалық пікірлердің көрнекті
өкілі. Экономикалық ілімде оны экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының
негізін қалаушысы деп санайды. Дж.М.Кейнс А.Смиттің көрінбейтін қол
қағидасы мен мемлекеттің экономикаға араласпау идеясына сын көзбен қарады.
Ол жеке экономикалық тұлға немесе фирманы жандануды. шарттары ел
экономикасы өркендеуінің шарттарымен ұқсас екені туралы пікірмен
келіспейтінін айтты. Керісінше, олардың арасында қарама қайшылықтар
туындайды және олардың шешімі ұдайы өндірістің жалпы жағдайлары аясында
болады және мемлекетпен реттеледі.
Кейнс теориясын дағдарысқа қарсы деп қарастыруға болады, себебі ол
экономиканы дағдарыс жағдайында қарастырады. Оны көзқарасына сәйкес еркін
нарықта экономиканың дағдарыс жағдайынан шығуын қамтамасыз ететін
механизмдердің болмау себебінен мемлекет экономикаға белсенді араласуы
тиіс. Осылайша Кейнс өздігінен реттелетін нарықтық механизмге сенімсіздік
танытып, қалыпты өсуді өамтамасыз ету және тепе-теңдікке қол жеткізу үшін
экономикалық даму ұдерісіне сырттан араласу қажет.
Өсу және жұмыспен қамту деңгейін арттырудың анықтаушы факторы ретінде
тиімді сұранысты қамтамасыз ету үшін Кейнстің негізгі әдістері:
1. Ақша саясаты, пайыздық мөлшерлемені реттеу.
2. Бюджеттік саясат.
3. Табысы жоғары емсе әлеуметтік топтар мүдделеріне сай табыстарды қайта
бөлу.
4. Жоғары жұмыссыздыққа жол бермеу және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
кеңейту мақсатындағы толық жұмыспен қамту саясаты.
Монетаризм.
70-жылдардың екінші жартысынан бастап (әсіресе 1974-1975ж.ж ірі әлемдік
экономикалық дағдарыстан кейін) өндірістің жағдайы күрт төмендеді.
Экономиканы реттеудің кейнсиандық әдістері тиімсіз екені белгілі болды.
Осының негізінде экономикалық ғылымда жаңа бағыт – монетаризм пайда болды.
Оның негізін қалаушы Милтон Фридмен болды.
Монетаристердің кейнсиандықтардан айырмашылығы:
Біріншіден, нарықтық экономика өзінің тенденцияларына қарай тұрақтылыққа
өзіндік реттелуге ұмтылады.Нарықтық бәсеке жүйесі жоғары тұрақтылықты
қамтамасыз етеді. Ауытқулар, сәйкессіздіктің пайда болуы ішкі себептерден
емес, сыртқы араласу,мемлекеттік реттеу қателіктерінің нәтижесі ьолып
табылады.
Екіншіден, ақша факторлары басым болуы тиіс. Демек экономикаға әсер
ететін әртүрлі құралдардың ішінде әкімшілік, бағалы әдістер емес және салығ
жүйесі де емес, ақша құралдары таңдалады. Тек ақша құралдары экономикалық
тұрақсыздықты қамтамасыз етуге қабілетті.
Монетаристік теория ақша-несие құралдарын экономиканы реттеудің басты
құралдары ретінде санайды, яғни бұл құралдарды пайдалану ағымдық емес ұзақ
мерзімді міндеттерге бағдарлануы тиіс.

Кесте

Ұсыныс тұжырымдамасы.
Соңғы жылдары дамыған нарықтық экономика елдерінде инфляция мен
жұмыссыздыққа әсер ететін классикалық реттеу құралдарының өзара әрекет
етуінде өзгерістер болды.
70- жылдары нарықтық экономикада жаңа құбылыс – стагфляция пайда болды,
яғни бір уақытта инфляция мен жұмыссыздықтың пайда болуымен сипатталады.
Онымен күресу жолдарын іздеу экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа
бағытына, американдық экономистермен дайындалған (А.Лаффер, М.Фельдстайн,
Р.Риган) ұсыныс тұжырымдамасының қалыптасуына алып келді. Теория ұсыныс
тұжырымдамасы деген атауға ие болды. Және онда монетаризм жетекші рөль
атқарды.
Бұл тұжырымдама өндірісті, инвестицияларды және жұмыспен қамтылуды
ынталандыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстардың жиынтығы.
Ұсыныс экономикасының негізгі идеясы сұранысты ынталандырудың кейнсиандық
әдістерінен бас тартып, күш жігерді ұсынысты анықтайтын факторларды
қолдауға көшіру.
Бұл тұжырымдаманың негізгі ұсыныстары:
- инвестицияларды ынталандыру мақсатында салықтық мөлшерлемені төмендету.
- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру.
- бюджеттік жандану, әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы бюджет
тапшылығын азайту.
Экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесінде соңғы уақытта монетаризм
идеясы, және де экономиканы конъюнктуралық реттеу, тұрақты жұмыспен
қамтылу, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты
қайта бөлудің кейнсиандық тұжырымдамалары қолданылуда.
Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің негізгі үш түрін ажыратады:
1. Экономиканы басқаруда толық мемлекеттік монополизм. Ол КСРО және басқа
да социалистік мемлекетерге тән болды. Қазіргі уақытта посткоммунистік
елдерде мысалы ҚХДРда сақталған.
2. Нарықтық және мемлекеттік реттеуіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары.
Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталған мұндай нұсқалары жапон
швед және германдық улгілерде жүзеге асырылған.
3. Либерализм жеке кәсіпкерліктің еркін дамуын тиімді деп санайды.
Мемлекеттік реттеудің осы түрі АҚШқа тән.

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және оның қажеттілігі.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)
қазіргі кезеңдегі әлеуметтік экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін
қамтамасыз ету және оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік меке
мелермен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы және
бақылау шараларынің жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу терминін қолданғанда мемлекеттік
экономикалық саясат (МЭС) термині көп кездеседі. Теориялық көзқарастан
МЭСті кең ұғымда қарастыруға болады. Өйткені оның құрамына экономиканы
реттеу, мемлекеттің экономикаға араласпауы (экономикалық либерализм
принциптері) енеді. Бірақ қазіргі кездегі нарықтық экономика шындықтарын
есепке алатын болсақ, бұл көзқарас дұрыс емес. Қандай да әлеуметтік
экономикалық жүйеде мемлекет фискалдық, әскери күштері мен басқару
аппаратын қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар мен ақша айналымын
реттеу, құрылыс жүргізумен айналысады. Ал қазіргі жағдайда мемлекет
міндетті түрде элеуметтік экономикалық ұдерістерге қатысып ғылыми
зерттеулерді, білім беруді, әлеуметтік қамту, қоршаған ортаны қорғауды
қаржыландырады. Сондықтан ЭМР және МЭС терминдерін тең деп атауға
болады.
XX ғасырда әлем елдерінің экономикасындағы мемлекеттің рөлі өсті. Бұл
экономикасы орталықтан басқарылатын елдердің рөлінің өсуімен ғана емес
сонымен қатар көп елдерге тән нарықтық экономиканың аумағының өсуімен және
оның ішіндегі байланыстар мен үдерістердің күрделенуімен байланысты,
нарықтық шаруашылықтың дамуымен қатар, жеке меншік негізінде автоматты
түрде шешілмейтін экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындады. Соның
негізінде ұлттық экономиканың дамуына қажетті, бірақ жеке тұлғалар үшін
тиімсіз пайдалылығы төмен салаларға ірі инвестицияларды тарту қажет болды.
Капитализм құрыла бастаған кезеңде пайда болған классикалық экономикалық
теория өкілдерінің табыстар икемділігі және қамтылу негізінде бәсеке мен
бағаны нарық өз бетімен реттей алады деген ой пікірлері әлемдік сипатқа ие
болған экономикалық дағдарыстардың күшейіп өсуі одан әрі күмән тудырды.
Жаппай жұмыссыздық, ақша айналымындағы бұрмалаушылықтар, монополиялардың
озбырлығы, экологиялық мәселелер, әлемдік нарықтардағы бәсекенің шиеленісуі
сияқты экономикалық өмірдің осындай ақиқаттары нарық өз механизмі бойынша
автоматты түрде өзін өзі реттеуді қамтамасыз ете алмайтынын сендіре
дәлелдеді. Барлық айтылған мәселелер нарық фиаскосы деп аталды. Нарық
фиаскосы ретінде нарық жұмыс істеу механизміндегі жолдан тайдыруды,
олардың тиімді шешімдерінің қамтамасыз етілмеуі түсіндіріледі. Бұл жолдан
тайдыруды келесідей түсіндіруге болады:
1. Ішінара жұмыспен қамтылу кезіндегі ұзақ мерзімдік нарықтық тепе
теңдік. Дж.М.Кейнс осыны зерттеу негізінде жұмыспен қамтылуды мемлекеттік
реттеудің қажеттілігі туралы қорытынды жасады.
2. Классикалық теорияға сәйкес нарықта тепе теңдіктің кезкелген
бұзылуынан кейін өзгерген жағдайларға сай бейімдеу механизмдері жұмыс істей
бастады. Соның нәтижесінде жаңа тепе-теңдік орын алады. Бірақ бұзылған
макроэкономикалық тепе-теңдік кумулятивтік процестермен тереңдетілуі
мүмкін. Нарықтық механизмнің жаңа жағдайға бейімделуі барысында бағалар
және өндірілетін тауарлар мен қызметтер арасында ерекше ара қатынас орын
алуы мүмкін, яғни нәтижесінде дағдарыстың ұдайы өндірісі пайда болады.
Тауарлар мен қызметтерге сұраныстың қысқартылуы өндірістің қысөартылуына
әкеледі. Ал ол жұмыспен қамтудың, табыстардың және халықтың төлеуге
қабілеті бар сұранысының қысқартылуына әкеледі. Фирмалар және қысқартылған
сұранысқа бейімделеді және одан әрі жұмыс күші бойынша үнемдейді, бұл
сұраныстың кезекті қысқартылуына әкеледі. Қорытындысында, инвестиция көлемі
азаяды, өндіріс тез қысқартыла бастайды және бұл үдеріс барлық жаңа
салаларды қамтиды. Сонымен сұраныстың бастапқы қысқартылуы тізбек түріндегі
реакцияға әкеледі. Бұл жағдайда бағалар мен еңбек ақы төмендей бастаса да
өндіріс және жұмыспен қамтудың төмендеуі әлі біраз уақыт созылуы мүмкін.

3. Экономикалық өсу салалық құрылымдағы өзгерістрмен тығыз
байланысты,өндірісті қысқарту ескі, болашақсыз салалардың жойылуына
әкеледі. Сонымен қатар ҒТП жетістіктеріне негізделген жаңа салалар пайда
болды. Нарықтық механизм салалық өқрылымдағы сондай прогресстік өзгерістеге
мүмкіндік туғызады. Бірақ осындай өзгерістерді іске асыру уақыты созылуы
мүмкін, демек төлем балансы мен жұмыспен қамтылудағы біршама мәселелермен
анықталатын экономикалық тепе-теңсіз жағдайы созыла түседі. Куммулятивтік
әсердегі дағдарыстарды болдырмау үшін бұл жағдайда тиімді мемлекеттік
экономикалық саясат қажет.
4.Нарықтық механизмнің әлсіз жерлеріне өндірісті тиімді орналастыруды
қамтамасыз ету, күрделі қаржы қаражаттарын, табыстарды және жұмыспен
қамтудың тиімді территориялық үйлесімдерін қамтамасыз ету жатады. Нарықтық
механизмнің жұмыс істеу нәтижесінде басқа аудандар есебінен шағын
территорияларда (шаруашылық агломерациялардың дамуы) өндірістің капиталдың,
және жұмыспен қамтудың шоғырлануы сияқты тұрақты процестер болып тұрады.
Нашарлау дамыған аймақтарда табыс және инвестиция табыстылығы да нашар
болады. Мұндай аймақтарда төлеуге қабілеті бар сұраныс қысқартылады, соның
нәтижесінде салыстырмалы төмен еңбекақы мен жер бағасына қарамастан,
күрделі капитал салымдарына деген ынталылық азаяды. Бәсекеге қабілеті бар
жұмыс күші, кәсіпкерлер біршама дамыған агломерацияларға ұмтылады, бұл жеке
аймақтардың дамуындағы сәйкессіздіктерді тереңдетеді. Бұл мәселенің шешімі
мемлекеттің қатысуын талап етеді.
5. Өнеркәсіп салаларының сандық жағынан дамуы қайта өңделмейтін
ресурстарды толассыз жұмсауымен, қоршаған ортаға ауырлық тигізуімен тікелей
байланысты болып келеді.Болашақ ұрпақтар үшін шаруашылықты сандық дамудан
сапалық дамуға айналдыру керек. Осындай айналымды орта мерзімдік
мемлекеттік бағдарламалар қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар нарық кемшіліктеріне нарық механизмінің әлеуметтік
мәселелерді шешуге қабілетсіздігін жатқызуға болады.
Табиғи монополиялардың болуы және оладың қызметін реттеу-шешуді талап
ететін мәселелер.
ЭМР себептерінің біріне қоғамдық игіліктерге деген қажеттіліктерді
тиімді қамтамасыз ету жатады.
Экономикаға мемлекеттің араласуын талап ететін мақсаттарға, сонымен
қатар сыртқы әсерлерді тегістеу қажеттігі, инфрақұрылымның дамуы,
экономиканың кейбір салаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Экономиканы реттеу құралдары
Экономианы мемлекеттік реттеу
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің фискалды саясаты мемлекеттік кәсіпкерлік әкімшілік және тура реттеу әдістері
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Пәндер