Орман фитоптологиясының шығу тарихы



Жоспар:
1 Фитопатологияға жалпы сипаттама
2 Орман фитоптологиясының шығу тарихы
3 Өсімдіктердің аурулары мен олардың себебі туралы жалпы мәліметтер
4 Өсімдіктің ауруларының симптомдары немесе алғашқы белгілері
5 Өсімдіктің ауруларының типтері

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Орман фитопатологиясы
Дәріс сабақтарының конспектісі

Жоспар:
1 Фитопатологияға жалпы сипаттама
2 Орман фитоптологиясының шығу тарихы
3 Өсімдіктердің аурулары мен олардың себебі туралы жалпы
мәліметтер
4 Өсімдіктің ауруларының симптомдары немесе алғашқы белгілері
5 Өсімдіктің ауруларының типтері

1 Фитопатологияға жалпы сипаттама
Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын
қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton –
өсімдік, phatos – ауру, logos – сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман
фитопатологиясын айырып алуға болады.
Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру
қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы
тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту
және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады.
Фитопатологияның негізгі көңіл аударатыны жеке-жеке өсімдіктерді
қарастыру емес, өсімдіктердің топтары мен қауымдастықтары. Осындай күрделі
биогеоценоздың бірі орман болып табылады, сондықтан бір ағаш ауырса, барлық
ағашқа аурудың түрлері беріледі. Бұндай жағайда орман фитопатологиясы бір
ғана тұқымдастың жеке бір түрін ғана зақымдап қана қоймай, барлығын жаппай
зақымдайды.
Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен,
бактериямен, вируспен және тағы басқа микроорганизмдермен берілетін ауру
қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму
ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан
фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар
туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы
микроорганизмдер туралы ғылым). Фитопатология өз алдына биологияның бір
саласы, оның қазіргі әдістерімен жаңа жетістіктері көптеп қолданылуда.
Фитопатология басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз
байланыста. Зерттеу барысында анатомиялық құрылысындағы патологиялық
өзгерістердің болуы, зат алмасу және ауру өсімдіктің физиологиялық
қызметтерінің бұзылуы, ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия,
генетика, цитология, молекулярлық биологиямен байланыстылығын көруге
болады. Осы уақытта фитопатологиялық бақылаулар мен зерттеулер ағаш және
бұта өсімдіктерінің жаңа формалары мен сорттарын алуға көмегін тигізеді.
Орман ауруларының дамуы және таралуы, оларға тигізетін әсері көбінесе
топыраққа және басқа жағдайларға көшеттердің құрамына, жасына байланысты.
Сондықтан орман фитопатологиясы көптеген орман шаруашылық пәндерімен
байланысты, ол топырақты орман, орман шаруашылығы, орман таксациясы және
т.б. Болашақ фитопатологиясы өсімдіктердің ауруларымен күрес жолдарын
химиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізеді. Осы жерден химиямен тікелей
қарым-қатынасын көруге болады.
Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен
байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы
көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың
шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп
соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан
өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген
жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып,
оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.
Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен
аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады. Орман
фитопатологиясының ерекшелігі қоршаған ортаның экологиялық мәселелерн шешу.

2 Орман фитоптологиясының шығу тарихы

Орман фитопатологиясының жеке ғылым болып өсуіне, дамуына көптеген
отандық және шет елдік ғалымдардың атымен байланысты. Орман
фитопатологиясының негізін қалаушы неміс ботанигі, орманшы және фитопатолог
Роберт Гартиг (1839-1901).
1887 жылы Р.Гартигтің Ағаш тектес өсімдіктердің ауруы атты оқулығы
жарық көрді. Ол барлық европалық тілдерге аударылды. 1894 жылы Ресейде
басылып шықты. Осы және басқа да жұмыстарында Р.Гартиг орман өсімдіктерінің
ауруларын және қоздырғыштарының биологиясын жазып көрсетті. Гартигтан кейін
Германияда орман фитопатологиясы бойынша көптеген ғалымдар жұмыстар жасады.
Осы аралықта орман фитопатологиясынан Америкада және Европада көптеген
жұмыстар жасалды. Ағаш тектес өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарының
биологиясын ең бірінші рет орыс ғалымы зерттеу жасап, фитопатологияның
негізін салушы М.С.Воронин болды (1838-1903).
1897 жылы Петербурда И.П.Бородиннің краткий очерк микологии с
указанием грибов, наиболее вредных в сельском хозяйстве и лесоводстве атты
кітабы жарық көрді. Бұл кітап орман микологиясы бойынша Ресейде алғаш рет
шыққан оқулық деп айтуға болады. Онда саңырауқұлақтардың морфологиясы мен
биологиясына өте үлкен көңіл бөлінген.
Әлемдік микология мен фитопатология саласында М.С.Ворониннің талантты
шәкірті А.А.Ячевский көп ат салысты (1863-1932). Ол 500 тарта ғылыми жұмыс
жазды, сонымен қатар Паразитные и сапрофитные грибы русских лесных пород
(1897), екі томдық Определитель грибов (1913, 1917), Основы микологии
(1933), Бактериозы растений (1935) және т.б. еңбектері жазылды.
А.А.Ячевский фитопатологиялық зерттеулердің, өсімдіктерді қорғауды бірінші
болып ұсынды. 1902 жылы ол Орталық фитопатологиялық станцияны құрып
басқарды. Ол орталықта жыл сайын өсімдіктердің аурулары туралы мәліметтер
беріліп тұрды. 1907 жылы А.А. Ячевскийдің басқаруымен Петербурда микология
және фитопатологиядан бюро құрылды, бара-бара А.А.Ячевский атындағы
микология зертханасына айналды, ол Бүкілодақтық өсімдікті қорғау
институтының құрамына кірді.
1920 жылы Петроград орман институтында алғаш рет орман фитопатологиясы
кафедрасы құрылып, 26 жыл бойы А.А.Ячевскийдің оқушысы совет үкіметінің аса
ірі ғалымы және педагогі С.И.Ванин басқарды (1890-1951).
С.И.Ванин совет үкіметінің орман фитопатологиясының мектебін құрушы,
әрі жоғарғы оқу орындарына арналған фитопатология оқулығының бірінші авторы
болды. С.И.Ванин орман фитопатологиясы бойынша көптеген жұмыстарды жарыққа
шығарды. Соның ішінде Методы исследования грибных болезней леса и
повреждений древесины (1931), Домовые грибы (1931) және т.б. кітаптары
белгілі бола бастады. С.И.Ваниннің ғылыми-педагогикалық жемісті еңбегі
басқа орман фитопатологиясының жоғарғы оқу орындарына көмек жасады.
С.И.Ваниннің көптеген шәкірттері А.Т.Вакин, Д.В.Соколов, И.Я.Шемякин,
Л.В.Любарский және т.б. совет үкіметінің орман фитопатологиясына көп
үлестерін қосты.
Орман фитопатологиясының ірге тасын қалаушылардың бірі А.С.Бондарцев
болды. Трутовые грибы европейской части СССР и кавказа, Пособие для
определения домовых грибов еңбектерінің авторы.
Орман фитопатологиясының өсу тарихын бірнеше этаптар мен бағыттарға
бөледі. Микологиялық бағытта жұмыс істеген Р.Гартиг, М.С.Воронин,
А.А.Ячевский, А.С.Бондарцевтар болды.
Орман фитопатологиясы кафедрасы құрылғаннан кейін барлық жоғары оқу
орындарында С.И.Ваниннің, А.А.Юнецскийдің, К.Е.Мурашкинскийдің жұмыстары
патологиялы-экологиялық бағыттың дамуы, ең негізгі зерттелетін объект
болып, ауру өсімдіктің саналуы; фитопатологтардың ауру өсімдіктің
қоздырғыштарының ішкі ортаның барлық компоненттерімен қарым-қатынасы
оқытылды. Осы бағыт қазіргі күнге дейін жалғасын табуда. Оның дамуымен
Орман фитопатологиясының жетістіктері байланысты.
В.Ф.купревичтің (1897-1969) жұмыстарының ішінде Физиология больного
растения в связи с общими вопросами паразитизма (1947) монографиясы
ерекше. Ауру ағаштың патологиялық зерттеуі соңғы он жыл ішінде шет елде,
совет үкіметінде жақсы дамуда.

3 Өсімдіктердің аурулары мен олардың себебі туралы жалпы мәліметтер

Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста
болады. Оның өсуі, дамуы міндетті түрде температураға, ылғалдылыққа,
топырақтың химиялық құрамына, ауаға, әртүрлі фактілерге байланысты болады.
Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдіктің керекті талаптарына сай болса,
оның морфологиялық және функционалдық өзгерістері болмас еді. Кез-келген
өзінің мөлшерінен асып немесе кем болса, өсімдікке басқа бөгде организмдер
әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері, анатомиялық құрылысы
және өсімдіктің сыртқы бейнесі өзгеріп патологиялық процесс немесе ауруға
ұшырауы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы – бұл өте күрделі патологиялық процесс, сыртқы
факторлардың әсер етуі.
Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер
етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Биотикалық дегеніміз
өсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес
фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті түрде ауру
өсімдіктен сау өсімдікке беріледі. Бұндай ауруларды жұқпалы деп атайды.
Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп
атайды. Өсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды.
Өсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді – өсімдіктің иесі
деп атайды. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын көбінесе фитопатогенді
микроорганизмдер шақырады: саңырауқұлақтармен (саңырауқұлақпен берілсе,
микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз),
актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Ауру фитопатогенді организмдермен емес, керісінше абиотикалық
факторлармен беріліп және ауру өсімдіктен сау өсімдікке берілмесе, онда оны
жұқпалы емес аурудың түріне жатқызуға болады.
Жұқпалы болсын, жұқпалы емес болса ауруларды бір-бірінен бөлек
қарастыруға болмайды. Табиғатта ол екеуінің арасында анықталған байланысты
байқауға болады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы жайлы мәлімет
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
«Этнология» пәнінен дәрістер
Интерактивті тарихи мұражайды жобалау
Қазақстан биоресурстары: өсімдіктер әлемі жайлы
Орман шаруашылығының орналасқан жері
Шыңғыс хан ұлы қолбасшы және евразиялық империяны құрушы
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Есіл және Қалқұтан өзенінің, Шортанды ауданында
Пәндер