Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында



Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік тұрпатындағы көпвекторлы сыртқы саясаты халықаралық қатынас тарихындағы әлемдік жетекші елдер ұстанымының басым болған бағыттарын жете саралай білуді қажет етеді. Осындай әлемдік саясатта белсенді елдердің бірі Ұлыбританияның 1979 жылы билікке келген консерваторлық үкіметінің халықаралық қатынастардағы саяси ұстанымын, жалпы осы кездегі мемлекеттің сыртқы саяси бағыттарының даму ұстанымдарын зерттеу мәселенің өзектілігі болып отыр.
Ұлыбритания капиталистік қатынастар дәуірінің орнауы кезеңінен бері Еуропа елдерінің ішінен бір қадам алда болып келгені белгілі. Тарих тағылымында бұл елдің ішкі, сыртқы саясатын У.Черчилл, Г.Вилсон, Э.Хит секілді өзге де саяси басшылары белсенді құрып, жүргізіп келді. Ұлыбританияның әлемдегі беделінің үстем, салмағының ауыр болуы осы басшылардың қызметімен, жүргізген саясатымен тікелей байланысты. Бітіру жұмысын зерттеу мәселесінде, 1979.1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатын қалыптастыруда 10 жылдан астам Ұлыбритания премьер.министрі қызметін атқарған, кеңес баспасөзі «Темір ханым» деп атаған . Маргарет Хильда Тэтчердің рөлі ерекше.
Британдық империяны құруда дипломатия өзіндік рөл атқарып, елдің билеуші топтарының жердің түкпір.түкпіріндегі миллиондаған адамдарды тәуелдігінде ұстау үшін еркінің жүзеге асуына қызмет жасады. Тіпті осыған орайластырылған арнаулы мемлекеттік кеңселер жабдықталып, олардың жүйелі жұмыс істеуі парламент қарарларының бір қатар күн тәртібіне арқау болды. Ал, өткен ғасырлардағы ағылшын дипломаттары Ұлыбританияның неоколониалдық саясатын орындауға аз күш жұмсап отырған жоқ.
Кезінде сыртқы саясатта 1830 жылдан Генри Джон Пальмерстонның жетекшілік етуімен қалыптасқан дәстүрлі британдық дипломатиядағы еуропалық тепе.теңдік ұстанымы, ағылшындарға “біздің мәңгілік одақтастарымызбен, тұрақты достарымыз жоқ, бірақ біздің мүдделеріміз тұрақты және мәңгілік, сондықтанда оларды қорғау біздің.борышымыз” делінетін қашанда халықаралық қатынас мәселесінде ұтқыр болып келген принципте әрекет ету бағытын әкелді. Осы түсіндірме арқылы тақырып жаңалығының жалпы сипаттамасын бағамдауға болады.
Ұлыбритания әлі де халықаралық қатынастардағы өз ықпалын кеңейту үшін дипломатияны басты қару етіп қолдануда. Ұлыбританияның сыртқы саясаты, соның ішінде М.Тэтчер үкіметі тұсындағы сыртқы саясатын талдау тарихшылар үшін аз қызығушылық туғызбайды. Ұлыбритания сыртқы саясатын зерттеуде бұл кезең кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Себебі, бұл кезеңде британ билеуші тобы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзгертіп, Ұлыбританияны әлемдік держава ретінде қайта танытуға ұмтылысымен, халықаралық қатынастар жүйесіндегі реакциялық ұстанымдарымен ерекшеленеді.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік тұрпатындағы
көпвекторлы сыртқы саясаты халықаралық қатынас тарихындағы әлемдік жетекші
елдер ұстанымының басым болған бағыттарын жете саралай білуді қажет етеді.
Осындай әлемдік саясатта белсенді елдердің бірі Ұлыбританияның 1979 жылы
билікке келген консерваторлық үкіметінің халықаралық қатынастардағы саяси
ұстанымын, жалпы осы кездегі мемлекеттің сыртқы саяси бағыттарының даму
ұстанымдарын зерттеу мәселенің өзектілігі болып отыр.
Ұлыбритания капиталистік қатынастар дәуірінің орнауы кезеңінен бері
Еуропа елдерінің ішінен бір қадам алда болып келгені белгілі. Тарих
тағылымында бұл елдің ішкі, сыртқы саясатын У.Черчилл, Г.Вилсон, Э.Хит
секілді өзге де саяси басшылары белсенді құрып, жүргізіп келді.
Ұлыбританияның әлемдегі беделінің үстем, салмағының ауыр болуы осы
басшылардың қызметімен, жүргізген саясатымен тікелей байланысты. Бітіру
жұмысын зерттеу мәселесінде, 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы
саясатын қалыптастыруда 10 жылдан астам Ұлыбритания премьер-министрі
қызметін атқарған, кеңес баспасөзі Темір ханым деп атаған – Маргарет
Хильда Тэтчердің рөлі ерекше.
Британдық империяны құруда дипломатия өзіндік рөл атқарып, елдің
билеуші топтарының жердің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдарды
тәуелдігінде ұстау үшін еркінің жүзеге асуына қызмет жасады. Тіпті осыған
орайластырылған арнаулы мемлекеттік кеңселер жабдықталып, олардың жүйелі
жұмыс істеуі парламент қарарларының бір қатар күн тәртібіне арқау болды.
Ал, өткен ғасырлардағы ағылшын дипломаттары Ұлыбританияның неоколониалдық
саясатын орындауға аз күш жұмсап отырған жоқ.
Кезінде сыртқы саясатта 1830 жылдан Генри Джон Пальмерстонның
жетекшілік етуімен қалыптасқан дәстүрлі британдық дипломатиядағы еуропалық
тепе-теңдік ұстанымы, ағылшындарға “біздің мәңгілік одақтастарымызбен,
тұрақты достарымыз жоқ, бірақ біздің мүдделеріміз тұрақты және мәңгілік,
сондықтанда оларды қорғау біздің-борышымыз” делінетін қашанда халықаралық
қатынас мәселесінде ұтқыр болып келген принципте әрекет ету бағытын әкелді.
Осы түсіндірме арқылы тақырып жаңалығының жалпы сипаттамасын бағамдауға
болады.
Ұлыбритания әлі де халықаралық қатынастардағы өз ықпалын кеңейту үшін
дипломатияны басты қару етіп қолдануда. Ұлыбританияның сыртқы саясаты,
соның ішінде М.Тэтчер үкіметі тұсындағы сыртқы саясатын талдау тарихшылар
үшін аз қызығушылық туғызбайды. Ұлыбритания сыртқы саясатын зерттеуде бұл
кезең кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Себебі, бұл кезеңде британ билеуші
тобы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзгертіп, Ұлыбританияны әлемдік
держава ретінде қайта танытуға ұмтылысымен, халықаралық қатынастар
жүйесіндегі реакциялық ұстанымдарымен ерекшеленеді.
1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы саясатындағы елеулі
оқиғалар - консерваторлық үкіметтің алдағы сайлаудағы жеңісін қамтамасыз
еткен, Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысында
(соғысында) ағылшындардың жеңіске жетуі және Қытай Халық Республикасымен
Гонконг аралын қайтару жөнінде бірлескен келісімге келуі болды.
Алдыңғысында 1833 жылға дейін Аргентинаға тиесілі болған, кейіннен
ағылшындар басып алған Фолкленд (Мальвин) аралын өздеріне қайтармақ ниетте
болған аргентиналықтарға қарулы күшпен жауап қайырса, соңғысында бейбіт
келісіммен Гонконгты тарихи отанына қайтару арқылы көреген саяси шешім
жасады.
Аталған тарихи оқиғаларға қатысты Ұлыбританияның саяси ұстанымын
талдап, анықтау қазіргі заман және халықаралық қатынастар тарихы үшін
маңызды болып табылады. Осы кезеңдегі Ұлыбританияның сыртқы саясатын
зерттеу арқылы қарама-қайшылыққа толы әлемнің және халықаралық қатынастар
дамуының негізгі ұстанымдарын да бағамдауға болады. Сонымен қатар, әлемдік
саясаттағы онды-солды тануда демократиялық даму мен нарықтық экономиканың
іргесін қалаудың жолына түскен Қазақстан үшін, саяси және демократиялық
дамудың тәжірибесі мен дәстүрлеріне бай, қазіргі заманға сай қуатты
экономикалық негіздегі Ұлыбританиялық дипломатия тарихына да назар салудың
маңызы зор.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік қалыптастырған жаңа мемлекеттер
үшін бұрынғы жүйеден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға
қалғанымен, дербес түрде сыртқы саясатты жүргізу мүлдем тың жол еді.
Сондықтан, ағылшын сыртқы саясат мекемесінің (Форин оффис) уақыт сынынан
өткен қызметтік құрылымын зерттеу, оның тиімді жақтарының Қазақстандағы
дипломатиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына сәйкестендіре қараудың
әсерлігі диплом жұмысы мәселесінің тәжірибелік маңыздылығын артырары
сөзсіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелуі уақыт сынынан өткен
қазіргі заман тарихының мәселелері ауқымында қаралатын М.Тэтчер үкіметінің
сыртқы саясатындағы ұстанымдар талдауларға негіз жасаған тарихшы,
саясаттанушы, дипломаттардың назарынан тыс қалған емес.
Ұлыбритания дипломатиялық қызметі мен сыртқы саясатын зерттеуге
бағытталған зерттеу еңбектерге - В.А.Рыжиковтың, В.М.Матвеевтің,
А.Лебедевтің, В.А. Матвеевтің, В.И.Поповтың еңбектерін атауға болады.
Орыс тарихшы-ғалымы В.А.Рыжиков кеңес-американ қатынастарын зерттеуге
арналған монографиялық еңбегінде соғыстан кейінгі Ұлыбритания мен КСРО
арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуының негізгі мәселелерін,
Ұлыбритания сыртқы саясатындағы "кеңестік" және "американдық" факторларды
салыстыра отырып зерттейді [1].
В.М.Матвеев болса, өз зерттеуін Ұлыбритания сыртқы саяси
дипломатиялық қызмет мекемесінің (Форин оффис) қазіргі заманғы қызметі мен
құрылымын баяндап, М.Тэтчер тұсындағы сыртқы саяси қызметтің ерекшеліктері
мен ролін анықтауға арнайды. Оның айтуынша: "М.Тэтчер үкіметі британ
дипломатиялық аппаратының шынайы мәселелерін шешуге ешқандай әрекеттер
жасамады. Оның орнына олардың дипломатиялық қызметіне кедергі жасаумен
болды",- деп жазады. Бұл М.Тэтчер Форин оффиске қысым жасап, сыртқы саяси
шешімді тікелей өзі шешкендігін көрсетеді [2].
Британ сыртқы саясатының мәселелеріне қатысты очерктік зерттеу
жүргізген орыс тарихшысы А.Лебедев еңбегінде ХХ ғасырдың соңғы ширегінде
Ұлыбритания сыртқы саясат мәселелері саралана келіп, М.Тэтчер тұсындағы
консерваторлардың сыртқы саясат концепцияларына терең талдау жасайды.
Ұлыбританияның ЕЭҚ, НАТО ұйымдарымен, АҚШ, КСРО мемлекеттерімен
дипломатиялық қатынастарының негізгі мәселелерін атап өтеді. Сондай-ақ,
ағылшын-аргентин қақатығысындағы консерваторлық үкіметтің ролі, Гонконгтің
Қытайға қайтарылуы жөнінде мағлұматтар береді [3].
Британияның бүгінгі мен өткенін саралайтын В.А.Матвеевтің [4]. және
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының қоғамдық өзгерістерге негіз болар
тұстарын қарастыратын В.И.Поповтың [5]. зерттеулерінің де тақырып
мәселелерін ашудағы рөлі зор. В.И.Попов еңбегін М.Тэтчер тұсындағы
Ұлыбританияның қоғамдық-тарихи даму ерекшеліктерін зерттеуге арнаған. Автор
осы кездегі Англия ішкі және сыртқы саясатын зерттеудің өзектілігіне
тоқталады. Ал, В.А.Матвеев еңбегінің ерекшелігі, ол Ұлыбританияның
кеңестермен қатынастарын жаңаша саяси көзқараспен қарап, осы кездегі
ағылшын үкіметінің батыста алғашқылардың бірі болып кеңес Одағындағы
өзгерістерді қолдап, қатынастарды жақсартуға ұмтылғанын атап өтеді.
Тақырыпқа байланысты ғылыми зерттеулер қатарын авторлар құрамы басып
шығарған ғылыми-монографиялық зерттеу жинақтары толықтырады. Олардың ішінде
Л.С.Гаджиев, С.П.Перегудовтың жетекшілігімен шыққан бүгінгі
консерватизмнің тарихи келбетін саралауға негізделген монографияда
Ұлыбританиядағы консерватизмнің тарихи қалыптасуы мен дамуын анықтай келіп,
консерватизмнің Тэтчерлік этапына зерттеу жүргізіледі [6].
Е.А.Сырцова мен В.Р.Ткачевтің қазіргі уақыт өлшеміндегі Гонконг және
Ұлыбритания мәселеріне қатысты ғылыми жұмыстарында Ұлыбритания үшін
Гонконгтің экономикалық, әскери-стратегиялық маңызы зерттеледі [7].
Келесі С.П.Мадзоевскийдің, Е.С.Хесиннің редакторлығымен шыққан еңбекте
авторлар Ұлыбританияның 70-80жылдардағы әлемдік капиталистік шаруашылықтағы
орны мен елдің ішкі экономикалық жағдайы зерттеледі. Сондай-ақ, сыртқы
экономикалық байланыстардың негізгі түйінді мәселелері, ЕЭҚ-тағы рөлі
жөнінде толық баяндалады [8]. Зерттеу Ұлыбританияның 70-80 жылдардағы
әлеуметтік, экономикалық құрылымын зерттеуде көмегін тигізеді.
Тақырып мәселесін ашуда басшылыққа алынған ғылыми зерттеу еңбектер
қатарына Фолкленд аралы үшін орын алған ағылшын-аргентин қақтығысын
сараптайтын Е.В.Метяеваның [9]. зерттеуі, П.М.Ивановтың Гонконг мәселесіне
қатысты [10]., сондай-ақ М.И.Сладковскийдің Қытай мен Англия
ұстанымдарына [11].,Каррингтонтың тарихи тұлғасын жасаудағы Г.В.Колосовтың
авторлығымен шыққан [12]. еңбектердің саралануы да ерекше.
Е.В.Метяева ғылыми зерттеуін Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-
аргентин қақтығысының себептері мен салдарларын анықтауға арнайды. Автор
аралды ағылшындардың жаулап алуынан бастап, 1982 жылғы қақтығыстың
қорытындыларына дейін зерттейді. Қақтығыс кезіндегі АҚШ-тың, Латын
Америкасы елдерінің қатынастарын жекелеп зерттеуге алады. Аталған еңбектің
қақтығыстың негізгі түйінін түсінуге тигізер көмегі зор.
Иванов пен Сладковский еңбектеріне сонау ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы Ұлыбританияның Қытайды жартылай отарлауынан бастап, Гонконгтың
Қытайға қайтарылу келісіміне дейінгі мәселелер арқау болған. Біздің
қарастырып отырған тақырыпқа сай Сладковский Ұлыбритания-Қытай
қатынастарындағы Гонконг мәселесінің 1978 жылға дейінгі дамуын зерттеуге,
меңгеруге көмектессе, Иванов, Гонконгты қайтару жөніндегі келісімдердің
құқықтық-нормативтік дайындық процесін зерттеуге көмектеседі.
Г.В.Колосовтың ғылыми-сараптамалық шолуы Ұлыбритания сыртқы саяси
қызметін жетілдіруде, Англияның НАТО-дағы мүддесін қорғауда үлкен қызмет
атқарған саяси қайраткер, М.Тэтчер тұсындағы бірінші үкіметтің Сыртқы Істер
министрі болған П.Каррингтонның өмірі мен қызметі жөнінде мағлұмат алып
қана қоймай, Англия сыртқы саяси даму бағытын түсінуге мүмкіндік туады.
Тақырыптың ғылыми-зерттеу қорын – ғылыми-танымдық журналдарда
жарияланған ғылыми мақалалар да толықтырады. Оларға "Международная жизнь",
"Новое время", "Молодой коммунист" журналдарына жарияланған Л.Замятин [13],
А.Козлов [14], А.Лебедев [15], В.Михеева [16], С.Володин [17] сияқты
авторлардың тарихи зерттеу мақалаларын атауға болады.
В.Михеева өз ғылыми мақаласында біз қарастырып отырған кезеңдегі
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатының түйінді мәселелерін талдауға
алады. Ал, А.Козлов ғылыми мақаларында Ұлыбритания-Қытай қатынастарындағы
Гонконг мәселесі бағамдалады.
Бітіру жұмысының ғылыми сараптамалық деңгейін мазмұндандыруда
қолданыстық үлесі ауқымды болған зерттеу еңбектерінің қарастырылуы
бүгінгі тарихты жазудың барысындағы өлшемдерге бағынды.
Диплом жұмысының деректік негізіне алынған құжаттар қорын үш топқа
бөліп қарастыруға болады. Олар – құжаттық деректер, саяси қайраткерлердің
мемуарлық шығармалары және мерзімді баспасөз материалдары болып табылады.
Құжаттық деректер негізін Ұлыбританияның АҚШ, КСРО және басқа да
ұйымдар арасындағы дипломатиялық қатынастар тарихын бейнелейтін
А.А.Громыко[18] және Л.Ф.Ильичевтің[19] басшылығымен жинақталып, басылған
құжаттар мен материалдардың жинағын атауға болады. Онда халықаралық
келісімдердің мәтіні мен дипломатиялық мәлімдемелер берілген.
Ал, мемуарлық деректер қорына М.Тэтчердің [20] отставкаға кеткеннен
кейін жазған мемлекетті басқарудағы шеберлікті тәжірибе ретінде сипаттаған
еңбегін тек мемуарлық қана емес, терең ғылыми еңбек деп баға беруге болады.
Автор бұрынғы саяси оқиғалардың сабақтарын талдай отырып, "қырғи-қабақ"
соғыс саясатындағы АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің ролін саралайды. Сондай-ақ,
ол бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың дамуын, оның негізгі
проблемаларын зерттеп, Еуропа, Азия, Алыс және Таяу Шығыстағы саяси
оқиғаларға баға береді. Азия гиганттары ретінде Қытайдың даму тарихына
тоқтала келіп, 1984 жылғы Гонконгты қайтару жөніндегі келісімнің мәнін
түсінуге үлкен бағдар береді.
Одан кейінгі мемуарлық шығарма 1980-86 жылдары КСРО-ның
Ұлыбританиядағы елшісі боп қызмет атқарған, тарих ғылымының докторы,
тарихшы-дипломат В.И.Поповтың М.Тэтчер: тұлға және саясаткер деп аталатын
мемуарлық еңбегі[21]. Автор еңбегінде М.Тэтчер тұсындағы консерваторлық
үкіметтің ішкі, сыртқы саясаттарынан толық мағлұмат беріп, сол тұста орын
алған тарихи-саяси оқиғаларға өзінше баға береді. Сыртқы саясатында
Фолкленд аралдары үшін болған ағылшын-аргентин қақтығысы, Ұлыбританияның
НАТО, ЕЭҚ, БҰҰ-дағы ұстанымдарын, АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық
қатынастарын терең талдап, баяндайды.
М.Тэтчер тұсындағы басты саяси мәселелерді түсінуде ағылшын тарихшысы
Крис Огденнің М.Тэтчердің тұлғасындағы биліктегі әйел болмысын тарих
куәгері мен саяси оқиғаларды тікелей болмысында ажыратуға арналған құжаттық
еңбегінің де деректік маңызы зор [22]. Деректік мәліметтерге негізделген
жинақтың ғылыми сараптамасы М.Тэтчердің өмір жолы мен саясаттағы рөлін және
үкімет басшысы ретінде ішкі-сыртқы саясат мәселесін толық қамтиды. Ол
көптеген шетелдік ресми баспасөз деректері негізінде оның жүргізген
саясатының өзекті тұстарын баяндайды. Сыртқы саясатында АҚШ, КСРО
мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастары, Фолкленд аралдары үшін болған
қақтығыс, М.Тэтчер билігінің тарихи қорытындыларына сараптама жасайды.
Бірнеше жыл КСРО сыртқы істер министрлігін басқарған дипломат, кеңес
қоғам қайраткері А.А.Громыконың естелік-құжаттармен жинақталған жинағының
осы кезеңдегі халықаралық қатынастардың бағыт-бағдарын айқындаудағы рөлі
зор [23]. Автор естелік кітабында соғыс пен бейбітшілік, батыс пен шығыс
мәселелерін, кеңестік сыртқы саясаттағы батыстық, американдық бағыттарды
талдайды. Шетелдік саяси қайраткерлермен кездесуінде алған әсерлерін
жазады. Ол М.Тэтчермен кездесуін, оның КСРО-ға қатысты ұстанымы мен
көзқарасын халықаралық келісімдер аясында атап өтеді.
Тақырыптың келесі деректік негізін мерзімді баспасөз материалдары –
газет, журналдар құрайды. Жұмысты жазу барысында негізінен кеңестік
басылымдар қолданылды. Атап айтсақ, Кеңес Одағындағы басты саяси басылым -
"Правда" газеті мен "Советская культура" газеттері және "Международная
жизнь", "Молодой коммунист", "Новое время", "Латынская Америка" журналдары
жұмысты жазу барысында дерек көзі ретінде кең пайдаланылды. Бұндағы
мақалаларда кеңестік журналистердің Ұлыбритания сыртқы саясатына жасаған
саяси шолулары, кеңес тарихшыларының халықаралық қатынастардағы Ұлыбритания
ұстанымын талдаулары баяндалады. Мысалға Л.Замятин "Тэтчеризм" [13] деп
аталатын мақаласында М.Тэтчер саясатының негізгі концепцияларын атаса,
А.Лебедев [15], А.Козлов[14] сияқты қоғамдық тақырыптардағы саяси
шолушылар Ұлыбритания сыртқы саясатының даму бағыттарына талдау жасайды.
Баспасөз құралдарымен қатар диплом жұмысының деректік қорын XXI
ғасырдың үлкен жетістігі электронды ақпарат құралы – интернет материалдары
толықтыра түседі.
Аталған деректік материалдар 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания сыртқы
саясатындағы басым бағыттар тарихын зерттеуге негіз болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізі. ХХ ғасырдың басындағы батыс
тарихнамасында үрдіс болған тарихты салалы қарастырудың методологиялық
ұстанымын басшылыққа ала отырып, мәселені халықаралық қатынас саласына
қатысты нысаналар негізінде өркениетті талаптар деңгейінде бағамдаудың
теориялық-танымдық үрдісі бітіру жұмысы барысында қадағаланып, тұрақты
зерттеу бағдарына алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 1979-1989 жылдардағы Ұлыбритания
сыртқы саясатындағы басым бағыттар тарихын бағамдау арқылы қазіргі заманғы
әлем тарихындағы Ұлыбританияның саяси беделін саралап, М.Тэтчер бастаған
консерваторлық үкіметтің дипломатиялық қатынастардың дамуына қосқан үлесін
және ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі халықаралық қатынастар дамуындағы
Ұлыбританияның негізгі ролін анықтау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету
үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру негізделеді:
• Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функцияларын анықтау;
• М.Тэтчер тұсындағы Сыртқы Істер ведомоствосының қызметі мен оның
халықаралық ұйымдардағы ұстанымын бағамдау;
• Ұлыбританияның АҚШ, КСРО мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарының
ара салмағын саралау;
• Ағылшын-аргентин қақтығысындағы консерваторлық үкіметтің саяси
ұстанымын сараптау;
• Ұлыбритания-Қытай қатынастарындағы Гонконг мәселесін екі жақты
ұстанымдар негізінде қарастыру.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері М.Тэтчер бастаған
консерваторлық үкімет билікке келген 1979 жылдан 1989 жылға дейінгі
онжылдық кезеңді қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі
тараудан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

1-тарау. Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар
жүйесінің ауқымында

1979 жылы М.Тэтчер бастаған консерваторлар билікке келгеннен кейін
ішкі саясатта үлкен өзгерістер жасады. Тіпті М.Тэтчердің ішкі саясатта
жүргізген саясаты "Тэтчеризм" деген атау алып, тарих бетіне енді. М.Тэтчер
билігінің алғашқы жылында ағылшын саяси ортасында сыртқы саясат мәселесінде
сынға ұшырап отырды. Алайда, халықаралық қатынастар дамуындағы жағдай
Лондонға нақты сыртқы саяси бағыттарын анықтап алуды талап етті. Атап
айтсақ, оның ішінде американ әкімшілігінің КСРО-ға қарсы жаңа
"неоглобальдық" курсы, Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы бюджеттік
саясатқа байланысты қайшылықтар, халықаралық ұйымдардағы ұстанымы мәселесі.
Бұлардың барлығы М.Тэтчерге Ұлыбритания сыртқы саяси қызмет мекемесі -
Форрин офистің функцияларына өзгеріс енгізуді талап етті. Сонымен бұл
тарауда Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функциялары және
оның халықаралық ұйымдарға қатысты саясаты мен ұстанымы баяндалады.

1.1 Ұлыбритания сыртқы саяси қызметінің құрылымы мен функциялары

Ағылшын сыртқы саяси қызмет мекемесі Форин оффистің, ағылшын
дипломатиялық қызметі сияқты ұзақ тарихы бар. Ағылшын дипломатиялық
аппараты корольдік билікпен құрылды, ал бұл дегеніміз оның дамуының маңызды
ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ұзақ жылғы тарихтар көлемінде біздің
күнімізге дейінгі британиялық дипломатиялық іс-әрекеттеріне, басқа Батыс
Европаның еш жерінде жоқ, аристократиялық ұйымдардың ықпалы қатты әсер
етеді. Өткен ғасырда дипломатиялық қызметке кадрлар жинақталғанда оларды
тіпті "аристократтарға оқулық беру құрылымы" деп те атаған.
Біздің заманымызда да корольдік билікте кейбір сыртқы саяси
функциялар сақталған. Достастықтың басым мүшелері басқаруда республикандық
форманы таңдағанымен, оның басшысы болып Королева болып қала берді.
Достастықтың басшысы дәрежесін сақтауда "Британия әлі де болса өзінің
әлемдік беделінің әлсіреуінен неврозға шалдыққан еді" деп өкінішін
білдіреді[2,82].
Ағылшын авторларының болжамы бойынша, королеваға маңызды
дипломатиялық миссияларды көптеп орындау керек. Оның кейбірі жайында
баспада хабарланған. Мысалы, Оңтүстік Родезия тәуелсіздігі деп аталатын
Я.Смиттің нәсілдік тәртібі орнау қарсаңында королева оған: осы қадамыңызды
тоқтатып, тақ алдындағы өзінің борышын ұмытпау керек екендігі туралы кеңес
берген жеке хат жіберді. Бірақ мұнан еш нәтиже шықпады.
Соңғы жылдары королеваның шетелдік вояждары көбейіп кетті. 1983
жылдың басында королеваның АҚШ, Мексика мен басқа да Орталық Америка
елдерінде болуын, ағылшын ақпарат көздері, ол Ұлыбритания "супер елшісі"
функциясын атқарып жүр деп атады. Форин оффис пен шетел өкілдігінің
оперативтік мүшесі кіретін британдық дипломатиялық қызметтің "Ұлы Мәртебелі
дипломатиялық қызмет" деген атауы бар[2,82]. Ағылшын елшілері мен Жоғарғы
комиссарлар өз миссияларын жүзеге асыруда патент алғанда, сонымен бірге
дипломаттарға кезекті қызмет көтерілуінде және де құрметті демалысқа
шыққанда жоғарғы мемлекеттік марапаттарды монархтың қолынан алады. Ағылшын
елшілері патентті алғаннан кейін мемлекет басшысы мен корольдік жанұя
мүшелерімен жеке хат жазысуға құқықты бола алды.
Англияның империализм дәуіріне енісімен сыртқы саяси мекемелер,
мемлекеттік аппараттың бюрократизациялық мүшелерінің сандық өсуі басталды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың үш жылының өзінде Форин оффиста қызмет
етушілер саны екі есеге көбейіп, бір жарым мың адамға шейін жетті. Ал,
екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында жалғыз Сыртқы істер министрлігінің
сауда департаментінің бөлімінде дәл сондай адам қызмет етті. Жазушы
С.Паркинсонды сол сыртқы саяси қызмет қанаттандырып, атақты заңын ашуға
ықпалын тигізді. Ол: Қызметкерлердің саны өсуде... оның өсуі, іс санының
азайғандығы, көбейгендігіне немесе алаңсыз жойылғанына қарар емес деп
атайды[24].
Соңғы онжылдықта Англия ақы төлеу өсімінің мөлшерімен соқтыққанда,
лауазымды аппаратты қысқарта бастады., бірақ ол қазірде әлі көп. 70-шы
жылдардың екінші жартысында Форин оффисте 3,5 мың оперативтік қызметкер
еңбек етті. Салыстыратын болсақ, Франция Сыртқы істер министрлігінде 1650,
ал, ФРГ Сыртқы істер министрлігінде 2300 адам жұмыс істеген.
Форин оффис басқармасы мен үлгілі бөлімшелері 1868 жылы ашылған
викториан стиліндегі ғимаратта орналасқан. Ол кезде Форин оффис ғимараты
премьер-министр Б.Дизраэли және дамушы империяның бүкіл жоғарғы шенділердің
қатысуымен салтанатты түрде ашылған болатын. Керемет баспалдақтар,
алтындалған жақтаулар, биік қабырғалар әлі де болса "империяның үстінен күн
шығып тұр" деген сияқты ностальгиялық ойларға жетелеп, кейбір дипломатиялық
мәселелерді шешуге кедергісін де тигізіп тұрады. Форин оффистің негізгі
ғимараты - "Скотт сарайы" Даунинг-стриттегі премьер-министрдің
резиденциясының жанындағы Уайтхоллда орналасқан. Бұл жағдай ағылшын
кабинеті басшысы мен сыртқы істер министрінің саяси жақындықтарының белгісі
секілді.
Форин оффис басшысы сыртқы саясат мәселері бойынша үкіметтің негізгі
кеңесшісі бола отырып, жалғыз "үлкен" үкіметке ғана емес, сонымен бірге
ішкі кабинет деп аталатын, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдайтын, 4-6
адамнан жасақталған топ мүшелеріне де жатады. Дәл сол аталмыш топ маңызды
ел тағдырын шешетін. Олар өз кезегінде НАТО-ға кіру, Суэцтегі интервенция,
ЕЭҚ-ға кіру, Трайдент-2 жаңа ракеталық құрылымына көшуді
бекіткен[Қараңыз: 3].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін премьер-министрдің сыртқы саяси
шешімдерін қабылдауда ролі күшейе түсті және сыртқы істер министрінің
үкімет басшысына тәуелділігі өсе бастады. "Сыртқы істер министрі, - деп
атап өтті Г.Макмиллан, - ұдайы көңілге дайын болуы керек, тіпті премьер-
министр тарапынан оның ісіне араласуына да". Макмиллан екеуінің де орнында
болып көргендіктен оған сенуге болады. Министр мен премьер-министр бір
саяси партияны қолдайды, ұқсас саяси көзқарастарды бөліседі, партияның
оппозицияға келгендегі кезеңде "көлеңкедегі кабинетте" бірігіп жұмыс істеу
тәжірибесі бар. Осы себептерден принципиалды келіспеушіліктер сирек
кездесетін жайт емес.
Ал, егер келіспеушілік немесе үкіметтік шұғыл шиеленіс пайда болса,
көп жағдайда министр орнын босатады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ
Чемберлен мен А.Иден, ал 60-шы жылдары Г.Вильсон мен Дж.Браунның
көзқарастары қарама-қарсы келді. Екі жағдайда да сыртқы істер министрлері
орындарын босатты. М.Тэтчэр үкіметі кезінде екі министр - әуелі лорд
Каррингтон, жыл аса Ф.Пим орындарын босатуға мәжбүр болды.
1982 жылы 5 сәуірде лорд Каррингтон мен екі Форин оффистің партиялық
саясат басшылары премьер-министрге қызметтен босату туралы өтініш хатын
жіберді. Онда олар Фолклендтік шиеленіске кінәлі екендіктерін сезініп, көп
жағдайда Форин оффис тарапынан сынның дәлелденбегенін атап көрсетті[12,21].
Соған қарамастан премьер-министр, өкінішті болса да әріптестерінің
қызметтен босатылуын қабылдады. Осылай, Форин оффис тағы құрбан боп шыға
келді.
Ағылшын кабинеті басшысының қолында – сыртқы істер министрлерінің
ғана емес, басқа да Форин оффис басшыларының тағайындаулары бар. Олардың
барлығы партиялық басшылықты құрайды. Олар үлкен өзгермейтін кәсіпқой
аппараты жұмыс істейтін Форин оффисте басқарушы партияның саяси бөлімін
өткізуге міндетті.
Партиялық саяси басшылыққа әдетте соңғы екі онжылдықта министрдің
өзін, лорд қорғаушысын, екі-төрт мемлекет министрлері мен бір-екі кіші
министрлер кірді.
Форин оффис шенеуніктерінің көпшілігі М.Тэтчердің, яғни
консерваторлар лидерінің саясатына сенімділік білдірді. Тіпті ағылшын
зерттеушісі Х.Стефенсон байқағандай "барлық британ премьер-министрлері
ішінде соңғы он жылда ол сыртқы саясат пен дипломатия мәселелері бойынша
басым емес" дегеніне де қараған жоқ[2,86].
Ең маңыздысы, кәсіби дипломатиялық аппарат - өзінің ірі капиталға
кластық жақындығы мен оған ерігін білдіретін саяси құрылымдар - өзінің
үкімет басшысын бағалауында. Ең шешуші мағына басқа критерийден тұрады – ол
қаншалықты билеуші кластардың қызығушылығын басшылардың бейнелеуі. Егер
кәсіпқойлар, саяси басқару бағыттары белгілі бір мәселеде билеуші топтардың
қызығушылығымен сәйкес келмесе, онда олар саяси басшыларға өз қысымдарын
көрсетеді.
Соңғы он жылдықта ағылшын Сыртқы істер министрлігі басшылығында саяси
топтың нығаюы, неғұрлым тұрақты тенденцияға айналды. Ол елдің сыртқы саяси
бағытының белгілі бір өзгерістерімен, соңында Англияның ЕЭС-ке кіруіне де
байланысты. Сыртқы істер министрлігінің халықаралық кездесулер мен
конференцияларға жеке қатысушылары өсе бастады, шетелге шығуы да жиіледі.
Форин оффистің Мемлекеттік министрі ЕЭҚ-ға қатысты жылына Брюссельге 20-25
рет барады. 1975 жылы халықаралық мәжілістерге байланысты Дж.Каллаген шет
елде жалпы саны 95 күн болған. Министрдің өзі жылдың үш бөлігінде шетелде
жүреді.
Әрбір Форин оффистің партиялық саяси басшысында, яғни министрдің
мемлекеттік және кіші министрлерде де бірнеше неғұрлым ықпал етуші
хатшылары бар. Ондағы жұмыс істейтін кәсіби дипломаттар саясаткерлер
санынан басым. Мысалы, министрдің өзінде 7 хатшы бар. Оның төртеуі – кәсіби
дипломаттар. Министр хатшылығын, бас жеке хатшы басқарады[2,90]. Ол –
үкімет өзгергенде де өз орнында қалатын, дипломатиялық кадрлардың рангті
кеңесшісі. Ол жаңа министр мен өзгермейтін кәсіби аппаратты байланыстырушы
топ болып табылады. Министр хатшысының қызметі британ дипломатиялық
қызметіне ықпал ететін лауазымды орын болып табылады. Ол министрмен тығыз
байланысты болып, оның барлық шетелдік іссапарларында болады. Ол –
министрдің "көзі мен құлағы", тіпті Форин оффистегі бүкіл мәжілістерге
қатысуға құқықты. Сонымен бірге бас хатшының міндетіне премьер-министр
хатшылығымен байланысы да жатады.
Ағылшын сыртқы саяси жетістіктерінде соңғы онжылдықта министрдің
тұрақты орынбасары дипломатиялық қызмет басына бұрынғысынша консервативтік,
яғни тори партиясы мен ірі капиталмен байланысатын ұйымынан тағайындалады.
Тұрақты орынбасар – дипломатиялық лауазым, өйткені ол министрмен емес,
премьер-министрмен тағайындалады[2,91]. Сонымен бірге, бұл Форин оффис
аппаратында оның салмағы мен тәуелсіздігін арттырады. Тұрақтыорынбасардың
кабинетінен дипломатиялық өкілдіктерден министрге жеткізілетін мңызды
тапсырмалар, Форин оффистің өзінің ұсыныстары, басқа ведомстволардан
құжаттар өтеді. “Ағылшын елшілері, - дейді Дж.Мурхауз - өздерінің
тапсырмаларын тек қана министрдің тұрақты орынбасары үшін” грифімен
жібереді. Бұл жай ғана дерек, өйткені, саяси басшылардан тұрақты орынбасар
құжаттарды жасыра алмайды, бірақ ол оны қайта қарауға немесе қажетті
өзгертулер енгізуіне болады.
Егер Форин оффис мемлекеттік министрлерінің хатшылығында, министр қол
астында кәсіби емес дипломаттар қызмет етсе, тұрақты орынбасар аппаратында
барлық қызметкерлер кадрлы дипломаттар, бірде бір саясаткер жоқ. Өзіне
бағынышты орынбасарлардың арқасында британ дипломатиялық қызметінің басшысы
Форин оффис пен шетелдік өкілдіктердің барлық жұмыстарына жетекшілік
етеді.
Тұрақты орынбасар Форин оффис әрекетіндегі маңызды жерлерді, яғни кадр
саясаты, сыртқы саяси насихат, саяси барлауды басқарады. Сонымен бірге
кейбір хаттамалық функцияларды, оның ішінде мемлекет басшысына берілетін
шетелдік елшілердің сенім мен мақтау мадақтауларын салтанатты түрде тапсыру
іс-шараларын басшылыққа алады. Тұрақты орынбасардың орынбасарлары мен
көмекшілер саны 20-25 адам көлемінде, олардың есебінде Форин оффистің 2-3
бөлімі бар. Олардың барлығы да кәсіби дипломаттар. Ағылшын дипломатиялық
қызметінде соңғы жылдары қызметкер саны көбеюде. 80-шы жылдардың басында
тұрақты орынбасардың орынбасары мен көмекшілерінің саны 20-ға дейін
қысқарды. Көп жағдайда кез-келген бір дипломатты осы лауазымға тағйындау
іс-әрекеті жағынан емес, дипломаттардың жеке қызығушылығынан тағайындалады.
Бұл орын дипломаттар үшін олардың қызмет жолдарының логикалық соңы болып
табылады. Демалысқа кеткен министр орынбасары орнын босатқан дипломат үлкен
бизнес әлемінде пайдалы орын алуына әбден болады. 80-шы жылдардың басында
Форин оффис ұйымдарының айтуынша, лейбористік үкіметтің дипломатиялық
қызметінде кәсіби шенеуніктеріне ықпалы нәтижесін бермеді. Министрдің
тұрақты орынбасары мен аппараты дипломатиялық қызметте көптеген жылдар бойы
жинақталған ақпар мен ықпалын игере отырып, әлі күнге шейін ағылшын сыртқы
саяси курсы мен консерватизмнің тұрақтылық кепілдігі болып отыр. Форин
оффис басқарушы орындарына британ империализміне адал, социализм мен
коммунизмге қарсылық, сонымен бірге прогрессивтік, ұлт-азаттық
қозғалыстарына наразылық білдіретін дипломаттар тағайындалады. Ағылшын
билеуші топтары Форин оффисте кәсіби басқаруда консервативті шеберлерді
таңдайды, ал билік басына сол лейбористік немесе басқа да үкіметтің келуі
сыртқы саяси тәжірибесіне біршама өзгерістер әкелер еді.
Дәл осы себеппен 80-шы жылдардың басында сол қанатты лейбористтік
партиядан мемлекеттік қызмет реформалар жобасының біршамасы ұсынылды. Бұл
жобалар ішінде министрдің тұрақты орынбасарының құқықтарының шектелуін,
әсіресе министрлікке түсіп жатқан құжаттарды қарауды шектеу ұсынылды[2,93].
Саяси және кәсіби басшылар қарым-қатынасында бәрі қалыпты бола бермейді.
Кей кезде премьер-министр мен сыртқы істер министрі қарым-қатынасында
қысымдылық пайда болады. Бірақ, мұндай келіспеушілікпен ағылшын сыртқы
саяси механизмдерін анықтаушы деп қабылдамау керек. Өйткені, кәсіби
шенеуніктер, ағылшын буржуазиялық партиясының саяси ағартушылары жалғыз бір
ғана іспен айналысуда. Яғни, британ империализмінің түбегейлі халықаралық
қызығушылықтарын қорғауда.
Егер Форин оффистің саяси және кәсіби басшыларын британ дипломатиялық
пирамидасының шыңы десек, онда оның күшті де мықты түбіртегінің негізі
бөлімдер. Онда күнделікті дипломатиялық жұмыстың негізгі көлемі
жүргізіледі. 80-шы жылдардың басында ағылшын сыртқы істер министрлігінде 60
оперативті бөлім болды. Оның үш бөлігі – территориалды (географиялық)
бөлімдер. Ол аймақтар бойынша былай бөлінеді: Азия, Африкамен 12 бөлім
айналысты, 4-уі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка, 1-уі Кеңес Одағымен
қатынастарды, 1-уі европалық социалистік елдермен байланысты жоға қоюмен
айналысты. 3 бөлім Латын Америка және Кариб бассейні елдерімен байланысына
жауапты. Форин оффисте Ирландия мен Гонгконг үшін жеке департамент жұмыс
істейді. Сондай-ақ, Таяу Шығыс және Алыс Шығыс аймақтары бар.
Форин оффистің территориалдық қызметкерлері шетел мемлекеттерімен екі
жақты қатынас жүргізеді. Олардың міндетіне ағымдағы ақпаратты жинақтау,
талдау, баға беру, екі жақтың саяси қатынасының маңызды ұсыныстары,
парламентте сұраққа сәйкес мәтін түріндегі жауап дайындау, Лондондағы
шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен іс-әрекеттік және хаттамалық байланыс
жатады. Мұның өзі жұмыстың едәуір түрі бар екенін айтады. 1982 жылы
Ұлыбритания астанасында шетелдік елшілер мен Достастық елдердің жоғары
комиссарларының 140-ы аккредитталды. Кейбірі әрине, Лондонда сыйымдылығымен
және Париждегі резиденциясы тұрақты, бірақ мұндайлар санаулы ғана.
Ағылшын дипломатиясының ардагерлері – “Форин оффисте екінші
дүниежүзілік соғысқа дейін жұмыс уақыты 11-ге шейін басталмайтын, өйткені
континенттен дипломатиялық құжатты курьерлер “Ла-Маншты” өтіп келгенше
күтетін”,- деп еске түсіреді[2,95]. Ал қазір жуан папкалар әртүрлі
құжаттармен бөлім қызметкерлерінің үстелінде күніне 3 реттен келіп жатады.
Форин оффисте ақпарат легінің күрт көтерілуі 60-шы жылдары келді. Бұл
дипломатиялық қызметтің, нақты мәселер бойынша мамандар санының штаттарының
да көбеюіне байланысты. Сол кезде жалғыз елшіліктен күнделікті шамамен екі
мың түрлі ақпарлар келіп түсетін. Ал жеделхаттар жылына 7 %
өсті.Дипломаттар бүкіл материалды игеріп үлгермейді. Және де елшілік пен
орталық аппаратта параллелизм мен қайталаушылық пайда болды. Сондықтан
Форин оффис басшысы 1973 жылы ағылшын елшілігінен телеграфты байланысты 10
% қысқартуды мақсат етті. Бірақ бұл мақсатты орындағанмен, түсіп жатқан
жалпы ақпарат көлемі қысқармады. Өйткені оның басым көпшілігі елшіліктен
емес, басқа да жерлерден келіп түседі. Территориалдық бөлім қызметкерлері
өз жұмыстарына байланысты материалдарды басқа да – шетелдегі ағылшын
тілшісінің жаңалықтары, Англияның НАТО, ЕЭҚ пен өзара келіссөздері, сонымен
бірге ғылыми-зерттеу ұйымдары мен университеттер дайындаған анықтама
материалдарды да алатын. Өте қажет кезінде құпия барлау қызметі де
тартылады. Назарға алатын нәрсе, Форин оффис бөлімдерінің статусы жоғары
емес. Оларды кеңесшілер рангі дипломаттары басқарады. Сондықтан ранг
табеліне сәйкес бөлім ағылшын елшісіне тікелей емес, министрдің тұрақты
орынбасарының орынбасары немесе көмекшілерінің бірі арқылы кіре алады. Бір
жағынан бұл – ағылшын елшілерінің ежелден келе жатқан дәстүр түрі. Екінші
жағынан – Форин оффис басшысының шешімдерді орындаудағы бөлімдердің маңызды
орны.
Территориалдық бөлімдер – Форин оффистің неғұрлым тұрақты тобы. 1943
жылы енген аймақтану кәсібі бойынша кадрларды таңдау және дайындау құрылымы
өзін-өзі дәлелдеп шықты, сондықтан еш өзгерістің қажеті жоқ. Ал мамандар
болса түрлі аймақтар бойынша кадрларды даярлап, орналастыру тең емес. 1975
жылы Форин оффисте территориалды бөлімнің қызметкерлерінің тең жартысынан
да көп 182 арабист жұмыс істеді. Бұл шынайы қажеттіліктен де көп.
Арабистердің басым бөлігін функционалды бөлімдер мен халықаралық ұйымдарда
жұмыс істеуге жіберді. Сол кезде территориалды бөлім мен елшіліктерде
латынамерикатанушылар жетіспей жатқан еді. Бұл диспропорция туралы
фолклендтік жағдайда бірден хабарланды[Қараңыз: 21].
Ағылшын дипломаттары үшін Фолклендтік ашық келіспеушілік күтпеген
жағдай болды. Баспаларда осы континенттегі саяси даму мен ағылшын
елшілігінен келетін ақпардың жетімсіздігі туралы жазылды. 70-шы жылдары
Форин оффис жұмысының ұйымдастырылуы мен тәсілдері туралы дискуссияда,
ағылшын дипломаттарының көпшілігінде халықаралық қатынас саласында
білімдерінің таяздығы халықаралық қатынастарда іс-әрекеттер мен жағдайларды
байланыстыра алмауына әкеп соқтырады деп көрсетілді. Сонымен бірге сынға
Форин оффис кең көлемді кәсіби мамандардың кез-келген елдің міндет-
мақсаттарын анықтап, сараптай алатынына, тіпті оларды дайындамаса да жол
таба білетіндері ілікті. Бірақ дипломатиялық басшылар пікірін сарапшылар
құптамады. Олардың бірі "дипломаттар орман сыртына шыққанда ағаштарды көре
алмайды" деген пікір айтты. Форин оффисте неғұрлым консервативтік әдіс-
тәсілдер территориялды бөлімдерде басым болып қала бермек.
Форин оффистің оперативті дипломатиялық бөлімінің тобы мен функционалды
бөлімнің қызметі басқа, олардың қызметкерлері қазіргі халықаралық
саясаттың актуальды мәселелерімен айналысады. Соңғы 10-15 жыл ішінде
ағылшын сыртқы істер ведомствосында функционалды бөлім үздіксіз дамуға ие
болды. Бұған себеп дипломатиялық әрекеттің халықаралық ұйымдар мен
конференцияларда, сыртқы экономикалық жұмыс, ақпараттық-насихаттық әрекет,
халықаралық ғылыми-техникалық және мәдени алмасулары. Форин оффисте ағылшын
дипломатиясының Европалық экономикалық қоғамдастықтың көпсалалы іс-
әрекеттеріне енуі функционалды мамандандыруды қысқартты.
1973 жылы функционалды бөлім штаттары қызметкерлері территориалды
бөлім қызметкерлерінен үш есе жоғары деңгейде болды. Ағылшын сыртқы істер
министрлігі ресми құжаттарына жүгінсек, оның басшылары функционлды бөлімді
Форин оффистің маңызды оперативті тобы деп санайды. Мысалы, 1980 жылы
парламентте қаралған сыртқы істер министрлігі меморандумында бөлімдерді
санау функционалды бөлімдер, олардың сауда-экономикалық тобынан басталды.
Форин оффис меморандумында сыртқы экономикалық саясат саласында
дипломатиялық қызмет 3 негізгі мақсатты алға ұстайды. Олар: “әлемдік
нарықта британ экспорты үшін жақсарту шарттарын орындау, ағылшын
экономикасына керекті уақытылы жеткізілуді қамтамасыз ету, Біріккен
корольдіктің экономикалық қызығушылықтарын шетелде қорғау”[2,98]. Форин
оффис экономикалық бөлімдері жақсы мамандандырылған. Мысалы, сауда қатынасы
мен экспортқа арнайы бөлім, экономикалық экспорт бөлімі, европалық
экономикалық интеграция бойынша екі бөлім, энергетика бөлімі, ғылым мен
космос бөлімі. Соңғысы Еуропалық экономикалық қауымдастықта (ЕЭҚ) энергия
жеткізу бойынша ағылшын ұстаным жүзеге асырумен қатар, мемлекеттердің мұнай
экспортерлары мен космос мәселелерімен айналысады. Бұл бөлімнің жұмысы
ұйымдардан келген мәліметтерді жинақтау мен қайта қарау болып табылады.
Форин оффис жыл сайын экономикалық мәселелер бойынша 50 мың түрлі
хабарламалар алады. Өңделген ақпар сауда министрлігі, британ өнеркәсіп
конфедерациясы, басқа да ведомостволар арқылы ағылшын компаниясына жетеді.
Үлкен бизнес әлеміндегі ресми және жеке дипломат байланысы – бұл
ағылшын сыртқы істер министрлігінің бір ісі. Сауда-экономикалық бөлімдер
үшін бұл байланыс күнделікті жұмыстағы маңызды бөлім. Шынында, Форин оффис
жеке компаниялармен кадрды тікелей ауыстыруда амалсыздан барады. 1980 жылы
үш банктік компаниялар стажировкасында - "Муддлэндз бэнк", "Барнлэйз бэнк",
Ротшильд тобында, сонымен бірге "Ай-Си-Ай" химиялық концернінде бар болғаны
4 дипломат болды. Форин офис әлі күнге шейін жеке тәуелсіздігін ойлап,
"сыртқы әлеммен" байланысты белгілі бір қашықтықта ұстайды. Форин оффис
функционалдық бөлімінің тағы бір маңызды бағыты – Ұлыбританияға халықаралық
ұйымдарға қатысуды қамтамасыз ету. Бұл жөнінде келесі бөлімде толығырақ
жазатын боламыз.
Зерттеуші бөлімі – Форин оффистегі қызметкерлер саны бойынша ең ірісі.
Онда шамамен 70 адам еңбек етеді. Бөлім екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
ірі ағылшын тарихшысы А.Тойнбидің қатысуымен негізін қалады. Бөлім
қызметкерлері елшіліктен, барлау мәліметтерінен келген ақпарды өңдеу
негізінде шетел мемлекеттеріндегі ішкі жағдайды сараптайды. Ал басым
көпшілігі социалистік елдермен айналысады. Егер Форин оффис қызметкеріне
немесе басқа да саяси мекемелерге шетелдік саяси қоғам қайраткері туралы
ақпар керек болса, онда зерттеу бөліміне барады. Оның қызметкерлері барлық
елдер бойынша қысқа өмірбаяны мен саяси қайраткерлерге мінездеме беретін
"Кім екен?" деген анықтама басып шығарады. Әрине, мұндай барлық материалдар
құпия.
Территориалды және функционалды бөлімсіз, сыртқы істер ведомствосының
бірде бірі жұмыс істей алмайды.
Форин оффис халықаралық бірлестігінің мәдениет пен білім саласының
координациясы мен бақылауын кейде "Мәдени дипломатия" деп атайтын, ол
британ дипломатиялық қызметінде азаматтыққа әлдеқашан құқық алған. Ағылшын
сыртқы істер министрлігі мен елшіліктің спецификалық саясатын "көрінбейтін
дипломатия" деп атауға болады, өйткені табысты нәтиже бұл жерде дипломаттар
мен дипломатиялық жұмыстың дәстүрлі формаларын пайдаланбай-ақ келеді. Форин
оффистің мәдени байланысы бойынша шағын бөлімі "мәдени дипломатияның" саяси
мақсаты мен негізгі бағыттарын анықтайды. Халықаралық ғылыми, мәдени,
спорттық жастар бірлестігін практика жүзінде жүзеге асыру сыртқы істер
ведомствосымен емес, Британ кеңесімен жүргізіледі[2,106]. 1934 жылы
құрылған кеңесті шетелдерде тәуелсіз, саяси емес ұйым деп атайды. Шынында
да, оның қызметкерлері мемлекеттік қызметкер санатында жоқ, бірақ оның
"тәуелсіздігі" осымен аяқталады.
Британ кеңесі әрекеті мемлекеттік бюджеттен қаржыланады, тіпті оның үш
бөлігін Форин оффис бюджеті құрайды. Кеңестің орындаушы комитетін үкімет
тағайындайды. Әрі оның мүшелігінде сыртқы істер министрінің тұрақты
орынбасары міндетті түрде болады. Британ кеңесінің бүкіл бас директорлары
мемлекеттік сыртқы саяси мекемелерде тәжірибеден өткен. 1980 жылдың
сәуірінен бастап кеңесті сол кезде колония министрлігінде жұмыс істеген Дж.
Бэрр басқарды, ал 70-шы жылдары ол Форин оффистің зерттеу тобының
басқарушысы болған. Бэррдің кандидатурасын Форин оффис ұсынған. Форин оффис
кеңес қызметкерлерін 80-нен аса әлем елдеріне тағайындауларын бекітеді,
сурет көрмесі немесе король балетін қайда бару керектігін ұсынады, саяси
қажеттіліктен туындаған кеңестер береді, ағылшын жоғарғы оқу орындары қанша
студенттер мен стажерлар қабылдау керектігін анықтайды, және т.б.
Британ кеңесі көмегімен ағылшын дипломатиясы британдық басқарушы
ортаға тиімді объективті әрекеттерді халықаралық мәдени байланыстарды бір
арнаға бағыттауға тырысады. Мәдени және білім саласында халықаралық айырбас
өздігінен бір прогрессивті әрекет. Бірақ та, Англияның Азия мен Африканың
жас мемлекеттері, Кариб бассейні елдерімен байланысы тепе-тең негізде
құрылған жоқ. Достастықтың афро-азиаттық елдерінде ағылшын тілін
насихаттау, мәдени, ағарту ісін уағыздау өте жедел түрде жүзеге асырылуда.
Ал, осы елдердің тарихы мен мәдениетін британ халқына таныстыру төмен
дәрежеде жүрді. Форин оффис Британ кеңесіне бір елде өкілеттігін кеңейту
үшін қаншама қаржыландыру керек, сол мөлшерде қанағаттандырып отыр.
Дамушы елдерде насихат әдебиеттерін тарату – ағылшын монополиясының
батасын алған Британ кеңесінің әрекет формаларының бірі. Соңғы жылдары
"халықаралық білім" дамып келеді, ол ұзақ мерзімді саяси мақсаттағы дамушы
елдерде ұлттық кадрларды дайындауға бағытталған. Ағылшындар жас
мемлекеттерде мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық аппараттарда керекті
орындарға "ағылшынданған" мамандарды дайындау мақсатында кадрларды
дайындайды. Дамушы елдерде, негізінен Достастыққа кіретін білім
сферасындағы экспансия империяның құлдырап, британ неоколониализмінің басқы
формаларының бірі болған кезеңге сәйкес келді. Дамушы елдерден ағылшындық
"көмек" барлық қаржының оныншы бөлігі енді білім саласына "көмекке" барды.
1979-1980 жылдары ағылшын жоғарғы оқу орындарында шетелдік студенттер саны
87 мыңға жетті. Оның ¾ бөлігі дамушы елдерден, ал ең көп контингентті
Нигерия, Малайзия, Шри-Ланка мен Зимбабведен келгендер құрайды.
М.Тэтчер үкіметінің қатаң экономикасының арқасында білім саласында
ассигнация күрт төмендеді[25]. Мұндай қысқарулар "халықаралық білім"
сферасына да келді. 3 жыл ішінде Англияда шетелдік студенттер саны 55 мыңға
жетті, бұл дегеніміз сыртқы саяси әрекеттер қайта қаралды деген емес.
Қойылған қатаң мақсат – минималды қаржымен максималдық нәтижеге жету. 1983
жылдың басында үкімет Англияда шетелдіктердің оқуын қаржыландыруда тағы да
біршама сумма (50 млн. ф.ст.) бөлінуін сұрады. Тағы да айта кететін жайт –
ақшаны "Англияға келуін құптайтын, мақсатты дайындалуға келген
студенттерге" аударады. Сонда да халықаралық әріптестіктің ісі
консервативтік үкімет арқылы қатаң мемлекеттік бақылауға алынды.
Батыс Еуропа "мәдени дипломатиясы" арқасында бір қалыпта келеді. Мысалы,
1978-1979 жылы Парижде Британ кеңесі өкілдігінде 47 қызметкер еңбек етті,
ал оның жылдық бюджеті 1 млн. ф.ст. құрады. Бұл дегеніңіз ірі елшіліктердің
штаты. Бірақ әрекеттің үлкен бөлігі дамушы елдермен байланысты. Кеңес
бағдарламасына Африканың өзінде батысеуропалық бағдарламаға қарағанда
шамамен 2,5 есе қаржы ассигнацияланды. Кеңестің ірі өкілдіктері Индия,
Нигерия, Кения, Малайзия, Египет, Сауд Арабиясында. Латын Америкасы
елдеріне назар аз аударылды. Мысалы, Буэнос-Айрестегі Британ кеңесі
өкілдігінде бар болғаны 3 штаттық қызметкер болды. (Салыстыратын болсақ,
Делиде – 25). Бұл жайында Форин оффиске баспасөз фолклендтік шиеленіс
кезінде есіне салды. "Мәдени дипломатияға" Форин оффистің ақпараттық-
насихаттық әрекеті жанасады. Бұл екеуінде де британ дипломатиясы
идеологиялық функциясы өз орнын тауып, халықаралық қоғамдық пікірлерге әсер
етті.
1932 жылы Британ халықаралық қызметінде радио хабарлағыш корпорация (Би-
Би-Си) құрылды, сонан бері ол сыртқы саяси насихатының басты құралы болып
отыр. Би-Би-Си – импералистік насихат тыңдаушыларын қоршаған әлем мен онда
болып жатқан жағдайларды хабарлап, "рухани отарлау" саясатына қызмет етті.
Форин оффисте ақпараттық жұмыспен бірнеше бөлім айналысады. Ішіндегі ірісі
– саяси ақпарат бөлімі, ол Би-Би-Си халықаралық қызметінің саяси басшылығын
жүзеге асырады.
Форин оффис жаңалықтар бөлімі функцияларының бірі - "бұқарамен
байланысты" қолдау, басқа сөзбен айтқанда, Ұлыбританияның өзінде сыртқы
саяси курсты насихаттау. 80-шы жылдары мұндай жұмыс антиәскери, қарусыздану
қозғалысын көтеру үшін жүргізілді. Ядролық қарусыздандыру қозғалысы 1981-
1983 жылы көпшілік масштабқа ие болды[3,284].
Ұлыбритания құпия барлау қызметі - "Сикрет интеллидженс сервис" (СИС)
екінші Форин оффис болып саналады. 1980 жылы ғана үкімет қызметкерлері
мұндай қызметтің бар екенін ресми түрде мойындады. Құпия барлау
операциясына қаржы парламенттің жабық отырысында талқыланып, бөлінеді, оны
министрдің құптауымен сыртқы істер министрінің тұрақты орынбасары бекітеді.
Дипломаттардың бірінші және маңызды мақсаты – басқа елдер мен ұйымдардан
толық және нақты ақпарат жинау, қайткенде ақылды саяси шешім қабылдау.
Бұлай деп СИС-те директор кеңесшісі боп өзінің дипломатиялық карьерасын
аяқтаған Дж.Макдермотт дипломатия мен барлаудың логикалық байланысын
негіздейді. Форин оффистің құпия қызметін жоғары рангалы дипломаттар
басқарады. 70-шы жылдардың басында бұл функцияларды Дж.Ренни орындады. Ол
министрдің жоспарлау, архив пен кітапхана бойынша орынбасары болған. 1975
жылы Ренни орнын М.Олдфилдтан мұралап алған деп жазады Лондондық газеттер.
Құпия барлау қызмет басшылары мен оперативтік қызметкерлері туралы мәлімет
құпияланғандықтан басылым жаңалықтарындағы нақтылықты дәлелдеу мүмкін емес.
Британ саяси барлауының құпия деңгейі өте жоғары. Осыған байланысты
Дж.Мурхауз былай деп жазады: Форин оффис басшысының өзі, басқарып отырған
мекемелерінде не болып жатқанынан мүлдем хабарсыз отырады-ау шамасы. Ал
егер білген жағдайда да, ол форин оффистен кетсе де аузын жабуға мәжбүрлі.
Құпия барлау қызметкерлерінің саны белгісіз. 70-шы жылдардың басында оның
бюджеті 10 млн. ф.ст. құрады. Бірақ Макдермотт, қызмет басында жұмыс істей
отырып, бұл цифраны "номиналдық" деп атады.
"Сикрет интеллидженс сервис" әскери барлау бойынша үкіметтік
комитеттерінде өз қызметкерлері бар, оларды әскери емес, кадрлық дипломат
басқарады. Комитет түрлі мемлекеттік ведомстволар арасында өзіндік
брокерлік роль атқарады. Бір жағынан, бұл министрлікті қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді; екінші жағынан, комитетте министрліктерден, әсіресе Форин
оффистан және қорғаныс министрлігінен мәліметтер жинақталады. Сыртқы істер
министрлігіне негізгі ақпарды жеткізуші "құпия қызмет", қорғау мәселесі
бойынша бөлім және министрдің тұрақты орынбасарының аппарат бөлімдері
саналады.
Челтенхэмдегі үкіметтік байланыс орталығы ақпарды хабарлап, жіберуде
барлаушы типінде тұрады. Сонымен бірге орталық байланыстың жаңа жабдықтары
мен құралдарын қарастырады. Ағылшын тарихшысы К.Эндрю былай дейді:
Челтенхэмдік орталық 20-шы жылдары Форин оффис басшысының тапсырмасымен
үнемі КСРО Сыртқы істер Халық Комиссариаты мен Лондондағы кеңес елшілігінің
телеграфтық дипломатиялық корреспонденциясын ұстап алу және оны танумен
айналысты. Оның пікірінше, сол кездегі ағылшын-кеңес қатынастары бір де
бір тарихи зерттеуден тыс қалмады.
Міне, Форин оффистің жоғарыда аталған бөлімдері мен ұйымдары
Ұлыбританияны әлемде держава ретінде таныту және мемлекеттің сыртқы
саясаттағы ұстанымын айқындау үшін үздіксіз қызмет етуде. Елдің сыртқы
саясаттағы қауіпсіздігін күзетуде.
Сонымен,біз бұл бөлімде Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің
құрылымдары, олардың функциялары яғни саяси қызметтері жөнінде баяндадық.
Ал, келесі бөлімде М.Тэтчер тұсындағы Ұлыбритания сырқы саясат мекемесі –
Форин оффистің қызметі, оның халықаралық ұйымдарға қатысты ұстанымы
жөніндегі мәселелерді қарастыратын боламыз.

1.2 М.Тэтчер тұсындағы Форин оффис және оның халықаралық ұйымдардағы
ұстанымы

1979 жылы мамырда билікке М.Тэтчер бастаған консервативтік үкімет
келгенде Форин оффис ортасы мен дипломатиялық қызмет оларды құптаған
болатын. Алайда, М.Тэтчер үкіметі британ дипломатиясы аппараты мәселелерін
шешуде ешқандай да әрекет етпеді. Оның орнына күнделікті дипломатиялық
қызметтеріне кедергі жасауға тырысып, Форин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
ХХ ғ. 60-70 жж. АКТ мен ЕЭҚ қатынастары
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
Пәндер