Макроэкономикадағы тұрақсыздық және жұмыссыздық



Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мұні белгілі бір тауардың ұсынысы сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
АҚШ.та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ.та, Германия, Англия экономикасында, бұрын.соңды кездеспеген бағалардын төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік іс.шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап қалу;
б) Долларды 40%.ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XІX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде.бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың
ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен
экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған
рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын
иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен
аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын
құбылысқа алып келді. Артық өндірудің мұні белгілі бір тауардың ұсынысы
сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп
кетеді де көптеген тауар өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.
АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі" орасан
зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ-та, Германия,
Англия экономикасында, бұрын-соңды кездеспеген бағалардын төмендеуі,
пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды. 1929—1933
жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл
апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан
мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала
кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап
қалу;
б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің
көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны
соншалық, XІX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл
мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың
байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процестерге әсерін
мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі
пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.

I-тарау. Макроэкономикадағы тұрақсыздық және жұмыссыздық

1.1 Жұмыссыздық – көп факторлы құбылыс

Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және
микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік
агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін
экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық,
экономиаклық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін
бөлігі.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде
қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай
қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген
өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Макроэкономиканың негізгі
мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың
жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім,
қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық
деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер
экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың
дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Осылардың ішінде мен
жұмыссыздық деңгейіне тоқталып, ол мәселені қарастыруға ұмтыламын.
Жұмыссыздық – күрделі қоғамдық проблема. Жұмыс табу да қиын. Жұмыссыз
жүрген адамның жаны күйзеледі, сол себепті де бұл қоғамдық әрі саяси
проблема екені анық. Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты
толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады. Толық
жұмысбастылық ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен
қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір
жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады. Негізінен жұмыссыздыққа
мынадай анықтамалар беруге болады:
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс таба алмай жүрген жұмысшы күштерінің бір
бөлігі.
Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының
ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде).
Мемлекеттің кәсіпкерлік іс-қызметіне оның толық не жартылай қатысуымен
атқарылатын экономикалық іс-әрекеттердің түрлі нысандары кіреді. Олардың
арасынан, мемлекеттік меншікті, жекелеген кәсіпорындар қызметіне мемлекет
капиталының қатысуын, мемлекет мүддесін жүзеге асырудын басқа да формалары
мен тәсілдерін беліп көрсетуге болады.
Қазақстанда мемлекеттің үлесін 30—40%-ке төмендету көзделіп, көптеген
мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік негізге көшуі жобалануда.
Мемлекетке жалпыұлттық мәндегі кәсіпорындар тиесілі болады (темір жол,
электроэнергия, өңдеуші және жекелеген дайындаушы өндіріс салалары және т.
б.). Мемлекеттік сектордың басты міндеті өте жоғары пайда табу емес,
негізінен өз кәсіпорындарының тиімділігін барынша жоғары дәрежеде сақтау
және мемлекеттік емес сектордың тиімді жұмыс атқаруының жалпы бағыттарын
белгілеу мен жеке капитал игере алмайтын өндіріс орындарының іс-қызметін
қалыптастыру. Бұрынғы КСРО-дағы және Шығыс Еуропа, Қытай т.б. елдердегі
социалистік экономиканың салыстырмалы төмен тиімділігі мемлекет секторының
болуынан емес, оның толық мемлекеттендірілу себептеріне байланысты болған.
Қоғам мен жеке мүдделердің табиғи қайшылықтары бұрынғы социалистік елдерде
мемлекет тарапынан өз шешімін таппады.
Бұл елдерде экономиканың жеке секторын (жеке салаларын) дамыту
мақсатында әр түрлі әсер ету формалары мен әдістерін колдаудың орнына жалпы
мемлекеттік экономикалық мүдделерді сыңаржақ әсірелеу басым болды. Мұның
өзі азаматтардың жеке мүдделерін елемей, тіпті оларды басып-жаншу арқылы
мемлекет иелігіндегі материалдық және рухани игіліктерді бейжай (пассивті)
тұтынушыларға айналдырды.
Сондықтан, өтпелі кезең үшін ең маңызды міндеттердің бірі отандық және
шетелдік тәжірибені зерттеп, ұлттық гүлденудің негізі болатын, жеке меншік
сектордың үдемелі дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік ықпал ету механизмін
жасау қажет.
Нәтижесінде жұмыскерлердің жетіспеуінен толықтырылмаған жұмыс
орындары құрылады, ал жұмысшылар төменгі жалақыға келіседі.
Осы екі жағдай (жұмыссыздық және қамтылмаған жұмыс орны)
жетілдірілмеген бәсеке кезінде түрақты болмай, рыноктық механизмдер
тарапынан жұмыспен толық қамту бағытында түзетулерге тап болады. Шынында да
тепе-теңдік жағдайында жоғары жалақы тағайындаудың салдарынан еңбекті ұсыну
сұраныстан көп болса, жұмыссыздар пайда болады, олар өздерінің еңбектерін
төмен бағаға сатуға келіседі. Өндірісте істейтіндер де осындай қадам
жасайды, өйткені жұмыс орындарын жоғалтқылары келмейді. Тек жалақыны
төмендеткен жағдайда ғана кәсіпкерлер көп еңбекті қамтуға әзір. Сөйтіп
жалақыны төмендету тенденциясы еңбекті ұсыну саласында да және еңбекке
сұраныс саласында да қалыптасады. Жалақының тепе-теңдік қалыптан төмендеген
кезінде еңбекке сұраныстың оны ұсынудан артық болуында жағдай өзгеше. Жұмыс
берушілер бос орынды толтыру үшін жалақыны өсіруге әзір. Осының нәтижесінде
жоғары жалақыға өздерінің еңбектерін ұсынушылардың мөлшері кеңейді.
Бірінші және екінші жағдайда да еңбек рыногындағы тепе-теңдік қалпына
келіп, рыноктың жұмыспен толық қамтылған кезі болады.
Тұрақты жұмыссыздар қатарының болуы бір нәрсені ғана куәландырады,
еңбек рыногында бәсекеге қатысы жоқ факторлар бар, олар жалақының тепе-
теңдік жағдайынан ненің жоғары көтерілуін қалайды, соған итермелейді.
Жоғарыда айтылғандай осы кезде еңбекшілердің біраз бөлігі жұмыссыздықтарды
көбейтеді. Мұндай бәсекеге қатысы жоқ факторлардың барлығы мынадан
көрінеді: соңғы он жылдықта жұмыссыздықтың көбеюі жалақының өсуіне әкелмеді
және толық жұмыспен қамту жағдайы да болмады.
Ал осы бәсекеден тыс факторларға нені жатқызуға болады? Алдымен, бұл
мемлекет еңбек нарқын белсенді реттеп, заң арқылы жалақынын рыноктық
икемділігін жойды. Дамыған елдердегі мемлекет жалақының ең төменгі шартты
кепілді деңгейін анықтайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басқа да
бағыттары көптеген жағдайда еңбек бағасының ауытқуын тежеп отыр. Жалақы
деңгейінің еңбек бағасының тепе-теңдік жағдайынан жоғары өсуіне
кәсіподақтар да өз үлесін қосады. Еңбек рыногының толық жұмыспен қамтудан
ауытқуы тұрақты және ұзақ мерзімге созылады.
Ірі корпорациялар, әдетте, жалақы ставкасының уақыты жағынан тұрақты,
стандартты болуын жақтайды, оларды еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа
байланысты қайта қараудан бас тартады.
Бұл тарауда жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етудің классикалық
теориясының негізгі бағыттары қаралады. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл
теория сынға ұшырап, ол біраз өзгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету
теориясының өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке
тұсындағы ішкі бейімделгіш механизмге қарсы болды. Бұл механизмнің
нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-теңдік болады
дегенге күмәнданады. Дж.М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің
белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік
жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық
сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ
жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады. Қазіргі
неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық
бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды.
Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға
жалакы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр,
қызықты емес), еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық
жалақы белгілеудегі рыноктық тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты,
мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық
болады.
Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.
Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және
жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға кешуі, басқа кәсіпке бейімделуі,
оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық
жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы
салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір секторындағы
немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз
болуымен қатар жүреді.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның өзгеруімен анықталады.
Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп отырады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның "табиғи" деңгейін
білдіреді. Бұл жағдайда инфляция материалдық емес салалардағы қызметшілер
санының күрт өсуінде.
Қазіргі жұмысшыға талаптың өзгеруі оның кәсіптік мамандық дәрежесінің
артуы, жиынтық жұмысшы шеңберінің кеңеюі жұмысшы күшін үздіксіз оқыту
проблемасын қояды, сөйтіп оның сапасын ғылыми-техникалық эволюция талабына
сәйкестендіреді.
Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің
айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жоғарыдағы тарауда айтылғандай бұл
рынок қазіргі кезде кәсіподақ, мемлекет және корпорациялар тарапынан
реттеушілік ықпалына ұшырауда. Тағы бір атап өтетін жай осы рынокты реттеу
мұндағы тауарлардың ерекшеліктерімен жеңілдеу жүреді.

2.2 Инфляция және оның зардаптары

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан
200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы,
Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дсйін
жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болалы. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы,
1945—1946 жылдары Венгрияда байқалды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Макроэкономикалық есептеу
Жалпы экономикалық тепе-теңдік
Макроэкономика пәнінің негізгі проблемалары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Макроэкономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат
Ақшаға деген сұраныс
Пәндер