Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан



Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам , ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
Құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920ж. 26-тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен «Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені» бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органның құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші
Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық
тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл)
Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында)
халықтың саны 200 мың адам , ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн
болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі
және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-
ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей
империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші
жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897
жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми
статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық
комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты
Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың
70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей
және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының
статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920жылға дейін Қазақстанда
аталған және басқа да жергілікті статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
Құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына
(1920ж. 26-тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920
жылғы 8-қарашадағы қаулысымен Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы
туралы Ережені бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы
құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика
органның құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.
Statistic термині латынның status деген сөзінен шыққан, ол –
белгілі бір заттың белгілі бір орнын айтады.
Ең алғаш рет статистика ұғымын неміс ғалымы
Г.Ахенваль өзінің мемлекетті басқару деген кітабында келтірген.
Жалпы статистика ұғымы 3 мағынаны білдіреді:
1. Белгілі бір салада қызмет ететін адамдарды білдіреді.
2. Статистика деп статистикалық тәжірибеге қажетті ережелер мен
құжаттарды дайындайтын ғылымды айтады.
3. Статистика белгілі бір саладағы мекемелердегі кәсіпорындардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы мәліметтер.
Қоғамда болып жатқан процестердің сандық жағын сапа жағымен
қарастыратын пән – статистика пәні.
Статистиканың тілі – сан. Ал қоғам – статистиканың қамтитын
объектісі.
Статистистика қоғамдық құбылыстардың , процестің, өзгерістің көлемін,
шамасын, деңгейін есептеу-санақ мәселелерін , өркендеу-дамудың
қарқынын зерттейдің. Мысалы, халықтың жалпы санын, оның жынысын,
ұлттық құрамын, географиялық орналасу дәрежесін, кәсібі мен
шаруашылық түрін зерттейді. Белгілі бір аумақтағы өндірілген өнімді,
ұлттық табыс мөлшері, оның тұтынуға сақталған қорын, тасымалданған
жүктің мөлшері мен санын тағы сол сияқты қоғамдық құбылыстардың
сипатын сипатын анықтайды. Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың,
өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының, өзгеруінің заңдылығын, олардың
сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді. Өнеркәсіп орнын дамыту
мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына
пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды.
Статистика пәні халықты, экономикалық және табиғи жиынтықтарды
зерттейді. Бұл жиынтықтардағы өзгерістердің бағытын, заңдылығын
анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида бойынша
іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек. Айта кететін
жағдай, кездейсоқтық әдіспен өте аз бірліктері талданса, одан
алынған көрсеткіш даму заңдылығын, қатынасын дәлме-дәл көрсетпеуі
мүмкін.

Статистикалық әдістерді өздерінің қолданылуына байланысты, және
бірінен соң біріне жалғасып келуіне қарай 3 сатыға бөлінеді:
1. Статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау.
2. Жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай топтау,
өңдеу, жинақтау.
3. Жинақталған, өңделген, топталған мәліметтерге талдау және
қорытынды жасау.
Осы аталған әдістердің жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе
зерттеу кезеңі деп атайды.
Және де статистикалық әдістемелрдің құрамына жалпылай және ішінара
байқау, топтау және тұжырымдамалары сипаттама жасау ұғымдары кіреді.
Өмірдегі құбылыстың санын , оның сандық қатынасын зерттеу үшін
ең бастысы мәліметтер жинау керек. Экономикалық өмірде мыңдаған
кәсіпорын, ұйым, мекеме үздіксіз жұмыс істеп тұрса ғана өнім,
көрсетілген қызмет заттай немесе ақшалай түрде айналымға шығады.
Өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен жұмыс уақыты, шығарылған
шығын жайында, еңбектің өнімділігі, қызметтің құны, оның сапасы
жөнінде мәліметтер жинау қажет. Осындай мәліметтер жинауды
статистикалық жалпылама байқау деп атайды.

Статистикалық жиын
Белгілі жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көп бірлігін
статистикалық жиын деп атаймыз. Нышан иесінің бірін немесе шағын
тобын зерттеу арқылы статистикалық заңдылық тұрғысынан тұжырым
жасауға болмайды. Халықтың бірлігіне – адам тұрғыдан, өнеркәсіптің
бірлігіне – кәсіпорын, ауыл шаруашылығының бірлігіне фирма, жеке
шаруашылық иесі жатады. Адамның, кәсіпорынның жеке шаруаның жалпы
бірлігі статистикалық жиынтықты құрайды. Статистикалық зерттеу
мүддесінде жиынтық бірлігін тексеріп, статистикалық заңдылық жайында
түйін жасауға болмайды. Мысалы, бір топтың шәкірттерінің сабақ
үлгерімін тексеріп, барлық топтың немесе мектептің, немесе
институттың үлгерімі жөнінде тұжырым жасауға болмайды. Өйткені бір
топ біріңғай жақсы оқитындар немесе нашар оқитындар болуы мүмкін.
Зерттеу кезінде жасалған тұжырым ақиқат болуы үшін жиынтықтың
едәуірін кездейсоқ әдіспен іріктеу керек.

Қазақстанның мемлекеттік статистикасы нарықтық экономикаға өту
кезеңінде
Қазақстанның, ТМД-ның басқа да елдері сияқты, нарықтық
қатынасқа көшуі статистика мен есепке алуды түбегейлі қайта құруды
талап етті. Нарықтық экономикада қолданылатын статистикалық
көрсеткіштердің жүйесін зерделеу, оларды есептеудің әдістемесін
меңгеру, экономикалық дамыған елдердің жинақталған практикалық
тәжірибесін игеру, статистика мен есепке алуда пайдаланылатын
халықаралық стандарттарды енгізу қажет болды. Осының барлығы 1992
жылы Үкімет қабылдаған Есепке алу мен статистиканың халықаралық
практикада қабылданған жүйесіне көшудің республикалық бағдарламасына
негіз болды.
Бірінші кезектегі және негіз қалаушы міндеттер ретінде
мемлекеттік статистиканың жалпы әдіснамалық және ұйымдастыру
негіздерін, аса маңызды көрсеткіші жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) болып
табылатын ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) талаптарына сәйкес
реформалау, оған ұлттық экономикалық қызметтің негізгі сипаттамасы
мәртебесін беру көзделді.
Республиканың статистикалық органдары біршама қысқа
мерзім ішінде статистика мен есепке алудың дүниежүзілік практикада
қабылданған әдіснамасына көшті, статистика органдарының техникалық
базасын кешенді жаңғыртуды қамтамасыз етті.

Статистика органының ұйымдастырылуы принциптері
Қазақстан Республикасының статистика органдары өз қызметін
Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистика комиссиясының 1994 жылы қабылданған
ресми статистикаларының негізгі қағидаттарына негіздейді:
1. Ресми статистика Үкіметті, экономикалық өрісті және жұртшылықты
экономикалық, жағдай туралы деректермен қамтамасыз ете отырып,
демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің қажетті элементі болып
саналады. Осы мақсатпен практикалық құны бар ресми статистикалық
деректер, объективтік негізде қоғамдық ақпаратқа деген азаматтардың
құрметті құқын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика
ведомстваларымен дайындалып таратылады.
2. Ресми статистикаға деген сенімді сақтау мақсатында статистика
ведомстволары кәсіптік қатаң пікірге сәйкесті, ғылыми қағидат пен
кәсіптік этиканы қоса есептегенде статистикалық деректерді жинау,
өңдеу , сақтау рәсімдері мен ұсыну әдістері хақында шешім қабылдауы
керек.
3. Статистикалық ведомстволар деректерге дұрыс түсінік беруді
жеңілдету үшін статистика саласындағы рәсімдер мен әдістер, дерек
көздері бағытында ғылыми стандарттарға сәйкесті ақпараттарды ұсынуы
керек.
4. Статистика ведомстволарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері
Ұлттық Статистика агенттігі
Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі
Үйлестірілген Ұлттық статистикалық сыныптамалар жүйесін енгізу
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер