Зейнетақы қоры



Ж О С П А Р

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1) Зейнетақы қоры
2) Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
3) Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы
4) Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
5) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы. – Алматы. 2002.

2. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы. 2005

3. Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Қазақстан Республикасының заңы. –Алматы. 1998.

4. Заң газеті. 2007. 6 ақпан.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Зейнетақы қоры
2) Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
3) Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы
4) Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
5) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы
қаражатын төлеу
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары
бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан,
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды
зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 1 сәуірге
дейін зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейінгі кезеңдерде
зейнетақы төлемдері осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге
асырылатын болады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен Қазақстан
Республикасының азаматтарына;
3) әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының, қылмыстық-атқару
жүйесі органдарының (мекемелерінің), қаржы полициясы және өртке қарсы
қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және ішкi iстер органдарының
еңбек сіңірген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар
қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртіп қолданылатын қызметкерлерiне төленедi.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы
зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.

1. Зейнетақы қоры
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгi күнкөрiс
деңгейіне кезең-кезеңімен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу халықты әлеуметтiк қорғау
саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты
есебiнен жүзеге асырылады.
Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен
кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк
әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен
ауыстырылуы мүмкiн.
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын
жүргізіледі.
4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар
және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын жәненемесе оны төлеудi жүзеге
асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды
зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен
кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған
зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-
тармағының ережелерi қолданылады.

2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң
актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі
инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
Зейнеткерлiк активтердi инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
Екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық қызметін лицензиялау;
- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;
- олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен
лимиттер белгілеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы
қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының
мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы
зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау
талабын белгілеу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң
бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау
орнату;
- диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді
азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне
шектеулер енгiзу;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын
аудиторлық тексеру жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк
органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
ұдайы қаржылық және статистикалық есеп берiп отыруы;
- салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі
туралы ақпарат беріп отыру;
- алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы
қорының екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен
аспауы керек;
- жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық
көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;
- зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз
етіледі.

Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi:

Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған
(адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық
айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.

Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер
органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери
қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен
жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен
расталады.

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу:
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы
қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар
бойынша төлеуге тиіс.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын
төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына
міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір
мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті
зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы
қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы
қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол
берілмейді.
Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен
адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден
босатылады.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер
мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына
мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасымен төленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына
сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге
болмайды.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және
(немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы
қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң
(Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен,
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз
кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi
зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
аударылады.

3. Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы
жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы
жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он
процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын
есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес
еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы
зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы
үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген
жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының
жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып
белгiленеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа
(фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына
жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы
үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi
мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең
төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар
үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi
зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге
есептелетін, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңмен белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде
белгіленедi.
3. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың
(есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны
үшiн жауапкершiлiк:
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған
мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және
алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер
әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми
ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi
зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған
жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып
қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп
алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан
Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама
негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық
органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп
алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете
отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша
берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде
жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында
(шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк
клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде
белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
4. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы
жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы
қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы
жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы
(шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi
зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға
мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата
тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен
кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық
органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан
өндiрiп алады.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң
банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және
тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды
жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше
ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын
бұзуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы
Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары
Жинақталған зейнетақы қорының мәні ,мазмұны, атқаратын қызметі және оның шетелдік тәжірибесі
Пәндер