Ақша айналысы және формалары



Кіріспе
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егерде ақшалар тауар айырбасын Т.А.Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады. Ақша . ақша ретінде және айналым ақша . капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Әрбір мемлекеттің экономикасында ақшаның пайда болуымен оның дамуы тарихта маңызды орын алады. Ақша экономиканың күйзелісі мен оның өркендеуіне, оған қоса мемлекеттік бюджеттің кірісін өсірумен қатар тапшылығын қаржыландыруға септігін тигізеді.
Ақшаның бүгінгі нарық экономикасындағы мәні мен маңызы қарастырылған және жалпы экономиканың әлеуметтік, саяси жағдайларға тигізетін факторлар көрсетілген.
Ақша . жалпыға бірдей балама ретінде қызмет ететін ерекше тауар. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:
. айналыс құралы ретінде . ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады;
. құн өлшемі ретінде . ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді;
. қорлану қоры қызметін атқарады егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады,
бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын
өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен
және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше
капитал бола алмайды. Мысалы егерде ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т
формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін
орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы
салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола
алады. Ақша - ақша ретінде және айналым ақша – капитал ретінде алғашқыда
бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Әрбір мемлекеттің экономикасында ақшаның пайда болуымен оның дамуы
тарихта маңызды орын алады. Ақша экономиканың күйзелісі мен оның
өркендеуіне, оған қоса мемлекеттік бюджеттің кірісін өсірумен қатар
тапшылығын қаржыландыруға септігін тигізеді.
Ақшаның бүгінгі нарық экономикасындағы мәні мен маңызы
қарастырылған және жалпы экономиканың әлеуметтік, саяси жағдайларға
тигізетін факторлар көрсетілген.
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде қызмет ететін ерекше тауар.
Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш
түрлі қызмет атқарады:
- айналыс құралы ретінде - ақшаға кез келген тауарды сатып алуға
болады;
- құн өлшемі ретінде - ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың
құны өлшенеді;
- қорлану қоры қызметін атқарады егер тауар өндіруші тауарды
сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт
пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде
әр түрлі тауарларды - астық, мал, қымбат тастар және күміс жүрді. Қымбат
металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша
атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай - металл ақшалардың
маңызды қасиеттердің бірі - оларды бөлуге болатын еді. Қымбат металдар
көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын
жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекттік
кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.
Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгеледің орнына қағаз ақшалар
жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға
еркін айырбасталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚҰБ) өзі жүргізетін
операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты
басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен
ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру
мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты
мақсаты-айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты
азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді
қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде
пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа
пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің
нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі
қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берілді.

1 Ақша айналысы және формалары
1.1 Ақша айналысын ұйымдастыру

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бұрын қолданысқа енді және ол
тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының
дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын
біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің қаржы
қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған ақшаны пайдаланды. Ақша мен
экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі
құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды
күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі
интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей
байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-
теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастамасы ақшаға деген
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін
кеңестік (кейін ресейлік) сомдарды қолданды. Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15
қарашасынан бастап енгізу көзделді.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банктік
шоттарға ешқандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабылдау мен
операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; заңды және жеке тұлғалардан
тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру
жүргізіледі. Қазақстан Республикасының ақша айналымынан қолма-қол тиынды
алудың шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толық шығып
қалғанша жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша
белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетанаң
көрсетілген құнының құрылымын Қазақстан
тұрады. Банкнот пен монетаның көрсетілген құнының құрылымын Қазақстан
Ұлттық Банкі белгілейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңына сәйкес
Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардың
айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық
Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды
банктерге сату нысанында жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша
жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша
айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың
бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне
ділгерлікті анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы
ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен
монеталары олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына,
енгізу және ақша аудару үшін қабылдауға міндетті, олар Қазақстан
Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған
банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жарияламай алмайды.
Тозған және бүлінген, өзінің толық көлемінің кемінде жетпіс
проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкі және Қазақстан
Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе
жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес. Ақша бірлігін
ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан
Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің қолдану
тәртібін, мерзімін және шарттармен белгілейді.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы
шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге
оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде,
валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу
мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік
нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгені айырбас бағамы анықталатын
сырқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық
валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу
базасы ретінде қызмет етеді.

1.2 Қазақстан экономикасында қолма-қол ақшаның мәні

Кез келген экономикалық жүйеде қолма-қол ақшаның алатын ролі аса
жоғары болып келеді. Экономикасы ең дамыған, ғылыми техникасы ең озық
елдерде ақша массасын құрайтын қолма-қол ақшаға көп көңіл бөледі. Қазіргі
замандағы ақша жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан,
экономикаға қажетті қаражат құралдары да осының нәтижесінде дами бастаған ,
валютаның тұрақтылығы келесі негізгі көрсеткіштерге байланысты болады:
экономиканың көлемі және оның мүмкіндігінен, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ)
мөлшерінен, елдің ғылыми техникалық ілгерлігінен, ақша-несие және бюджет
саясаты және басқа да экономикалық көрсеткіштерге байланысты болады.
Көптеген мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей экономикасы қандай
деңгейде дамыған болса да және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралдары
ақша-несие жүйесінің көп бөлігін алса да, экономикадағы қолма-қол ақшаның
алатын ролі әлі де ерекше болып келеді.
Ешбір басқа қаржы құралы бұндай әмбебеп өтімді көрсеткіштерге ие
бола алмайды. К. Марк өз заманыңда көрсеткендей жеке адам қоғаммен қарым-
қатынасын және қоғамдағы билігін өз қалтасында тасиды .
Экономикалық және қоғамдық күйзелістер кезінде ақша жүйесінің
тұрақтылығын төмендей түседі, нақты айтқанда бұл уақытта қолма-қол ақшамен
орындалатын операциялардың көлемі мен ролі арта түседі. Экономикалық,
әлеуметтік және саяси тұрақсыздықтар кезінде ақша жүйесіндегі қолма-қол
ақшаның ролі бірінші орынға шыға бастайды.
Бұндай кезде ақша жүйесіне қойылатын шарттардың бәрін қолма-қол ақша
орындай алады. Өйткені ақша активтері қолма-қол ақшаның арқасында дами
бастады.
Ақша массасының жүйесіндегі қолма-қол ақшасыз есебі жақсы жұмыс
істейтін және дамыған жүйеде қолма-қол ақша 12-15% құрайды.
Ақша жүйесінің құрамына көптеген факторлар әсер етеді. Ақшаның
көлемі экономиканың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет және ол
өндірілген өніммен және көрсетілген қызметпен, олардың бағамы және ақшаның
жылдамдығымен тығыз байлланысты болып келеді. Экономика теориясында бұл
байланыс ақшаның сатып алу күші деген американың экономисі Фишердің
жұмысында формула түрінде көрсетілген.
MV=PY
Бұл формула экономиканың ақшадағы қажеттілігін экономикадағы
ақшаның шығарылған көлемі және оның айналым жылдамдығы, өндірілген табыстын
бағасымен мөлшеріне тең болады.
Осыған қоса бұл формулада көптеген әсер ететін факторлардың
түрлері бар, олар: экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, ғылыми-техникалық
жетістіктер, тағы басқа факторлар. Осы аталғандар ақша құралдарының
қажеттілігіне өз әсерін тигізеді. Ақша массасындағы ақшаның саны тек қана
экономикалық заңдылықтармен ғана анықталмай, сонымен бірге мемлекеттің
нарықтық факторларды реттеумен қатар төлем айналысының қызметіне де
байланысты болады. Әдетте ақшаның мөлшерін жалпы ішкі өнімнің көлемімен
салыстырады, өйткені жалпы ішкі өнім соңғы өткізілген тауармен көрсетілген
қызметті көрсетеді. Неғұрлым экономиканың құрылымы күрделі болған сайын,
соғұрлым ақша келісімдері орындалады. Осы операциялардың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен бірге, қолма-қол ақшаны операцияларда
қолдану мөлшері де жоғары болады.
Шаруа субъектілері қолданылатын қолма-қол ақша келісімдерін байқау
үшін республикамыздың картасына қарасақ бәрі анық көрінеді, неге десеңіз,
оның бірнеше себептері бар, соның ішінде: облыстың климат жағдайы,
региондағы халық тығыздығы, шаруа жүргізу ерекшеліктері, оның өмір салтын
жүргізу түрлері, тағы басқа толып жатқан себептерге байланысты болады.
Қолма-қол ақшаның басым бөлігі адамдардың күнделікті өмірінде көп
қолданылады. Оның негізгі себебі халық соңғы тауарларды тұтынады. Сондықтан
ЖІӨ жеке қажеттіліктерге тұтынылатын бөлігі экономикаға қажетті ақшасын
қолма-қол ақшаның қажеттілігіне жатқызуға болады. Қолма-қол ақша айналымын
реттеу Ұлттық Банктің негізгі бір міндеттері болып табылады, Ұлттық банк
ұлттық валютаның тұрақтылығымен сенімділігін арттыру үшін әр түрлі іс
шараларды жүргізеді.
Ұлттық Банк экономикаға қажетті ақша көлемін анықтайтын объективті
факторлардың бәрін ескеріп іс жүзінде қолданылады. Объективті факторлар
олар: ақша есебінде қолданылатын ғылыми-техникалық прогресс идеяларын
жүзеге асыру, жеке саудадағы ұсақ операциялардың көлемі, шағын және орта
бизнестегі жүргізілетін ерекше жұмыстар, мемлекеттегі жоғары табысты
адамдардың басымдылығы. Көптеген сауда орталықтарында тағы басқа жерлердегі
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, яғни пластикалық карточкаларды әр түрлі
сауда орталықтарында қолданылады. Қазақстан экономикасында қолма-қол
ақшаның рөлі әлі өте жоғары.
Оның себебі, халықтың жалпы табыс деңгейінің төмендігі, қолма-қол
ақшасыз есеп айырысу жүйесін қолданылатын адамдар санының аздығы, ғылыми-
техникалық дамудың жылдамдығына адамдардың психологиясы
олардың жалпы бейімделуінің қиындығы.
Қазіргі кезде ақша жүйесінде ғылыми-техникалық прогрестерді қолдану
саны шектеулі, көптеген облыстарда, ауылдарда тұрмыс деңгейінің төмендігі
инфраструктураның ескіруі, осылардың бәрін қоса алсақ онда қолма-қол
ақшаның алатын рөлі біздің республикамызда әлі жоғары деңгейде.
Ұсақ сауда байланыстарда қолма-қол ақшамен есеп айырысу ыңғайлы
болып табылады, дамыған елдерде өткізілген зерттеулерге сүйенсек онда қолма-
қол ақшаның ұсақ сауда және қызмет көрсетулерде қолма-қол ақшаның
басымдылығын анық көруге болады.
Ол жерде халықтың 34 бөлігі қолма-қол ақшамен есепті ы мжақтаған,
мысалға, АҚШ үй шаруашылықтың шығындары 13 бөлігі тек қана қолма-қол
ақшамен жүргізіледі. Шағын бизнесте қолма-қол ақшаны қолдану өте лайық
болып келеді, өйткені шағын кәсіпорындар өз операцияларын ғылыми-техникалық
прогрестің қойылған талаптарын роындау оларға қаражат жағынан көтеру қиынға
соғады.
Соңғы жылдары электрондық карточкалардың дамығанын байқасақ та қолма-
қол ақшаның ақша жүйесінде алатын ролі бәрі бір жоғары мысалы, АҚШ және
басқа дамыған елдерде электрондық карточкаларды енгізудің бірінші кезеңінде
оларға эйфория байқалған, сол кезде қолма-қол ақша нарықтан жойылып кетеді
деп көбісі ой пікір білдірген. Осыған қарамастан қолма-қол ақшаның төлем
айналысында басымдылығы байқалады.
Қолма-қол ақшаның ролі – ол ақша массасындағы ақша құралының ең
өтімдісі. Сондықтан ол ақша массасының тұрақтылығымен беріктілігін құрайды,
осыған байланысты қолма-қол ақша қоғамның ең бір қажетті бөлігі болып
саналады. Қолма-қол ақша арқылы мемлекеттің экономикалық тұрақтылығымен
дамуын байқауға болады. Олар дүние жүзіндегі елдің саяси және экономикалық
ролін көрсетеді. Мысалы, АҚШ долларын дамыған және дамып келе жатқан
мемлекеттердің ақша айналысында қолданылуы. Қолма-қол ақша айналымын
орталық банктің ұйымдастыру үшін үлкен материалдық шығндар қажет етеді.
Олар үлкен спектрлі жұмыстарды қамтиды, ақша белгілерін дайындаудан бастап
айналым процесіндегі оның сапасымен санын бақылау, ақша белгілерін өңдеу
оларды айналымнан алуға дейін жұмыстарды қосады.
Әрине тек қана ақша айналым жұмысын жүзеге асыра отырып төлем жүйесін
дамыту мүмкін емес. Тәжірибеге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін
ендіру Ұлттық Банктің жұмысындағы негізгі бір мақсаты болып табылады.

1.3 Банктердің ақша айналысындағы ролі

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз
құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар (параллель)
дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық
деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер
арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері
қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде
халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да
шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз
алушыларға уақытша пайдалануы үшін береді, бұл қаражатпен ақшалай есеп
айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті.
Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және
қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын
жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен банктер
ақшалай сомасының негізінен алып немесе банктен алып оны былайша
қабылдай отырып, жаңа міндеттемені-депозитті құрады, ал жаңа талаптың
ссудасын қарыз алушыға береді. Жаңа міндеттемені және жаңа талапты
тудыратын бұл процесс қаржылық делдалдық негізін құрайды. Қаржы
ресурстарының несие берушіден қарыз алушыға қозғалысы, орналасуы, ағылуы
және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылық
делдал деп аталады.
Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық
капиталдарға ие болады. Олар делдалдық қызметтің негізінен шығып, ұдайы
өндірістің барлық фазасының салаларына дендей енеді. Несие жүйесі
сыйқырлы күшке ие және ең қатерлі жолмен нақты өндіріске араласуы
ықтимал. Басқа тұста К.Маркс сауда мен өнеркәсіпке үстемдігін жүргізетін
ағылшын банкісі секілді мекеменің орасан зор билігіне назар аударады.
Банктер шаруашылық өмірдің оралығына, барлық экономиканың ең басты жүйке
торабына айналды.
Банктер ақшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып,
ақшалай қаражаттың жалпылама пұлын қалыптастырады әрі оларды қолданысқа
түсетін капиталға айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын
қанағаттандырады.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас
экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер
басқаудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттары
өол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді
орындайды. Банктердің рөлі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің
қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы
принциптері сақталғанда анықталады.
Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты
білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал, әрбір
қоғамның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретінде алға шығады, ал,
экономикалық мүдде өндірістің мақсаты оның қозғаушы факторы болып табылады.
Осыған қарай экономикалық әдістердің көмегімен басқару экономикалық
мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденің осындай ұғымына қарай былайша
тұжырым жасауға болады: оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер
етуге болады және басқарудың, экономикалық әдістеріне жүгіну арқылы
банктермен, мысалы, әр түрлі несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика
буындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелеу жолымен немесе
қоғамдық өнімнің ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін, экономиканың тоқтаусыз
(үзіліссіз) жұмыс істеуі үшін экономиканың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру
жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақытша қайтарылмаған несие үшін жоғары
пайызды, мерзімі кешіктірілген төлем үшін өтемақыны, есеп айырысу
операциясы барысында бұрмаланған ереже үшін айыппұлды өндіріп алу арқылы өз
мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, осы операцияларға қатысушы басқалардың
да мүдделерін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау процесінде қызметтік (экономикалық)
салалық (министрліктер, ведомоствалар, компаниялар, фирмалар) және
аумақтық (жергілікті органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты
болады, яғни әрекеттеседі.
Банктер экономикалық басқарудың органдары болып табыылғандықтан, өз
клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады.
Банк жүйесіне қоғамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда,
мемлекеттің қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы
және т.б. жиынтықталған. Банктер осы қорларды қалыптастыруға белсенді
қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейді әрі
осылайша ұдайы өндіріс процесінің барысына әсерін тигізеді.

2 Ақша-несие саясатының ерекшеліктері
2.1 Ақша-несие саясатының түрлері

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға
деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк
мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші
деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа
мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін
әлеуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге
ағылуын арттыра түсті.
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлмін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі
болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар.
Жанама құралдарды тиімді пайдалану аүша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты
ретінде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық Банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығында операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты – бұл
айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру)
мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы жатады.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
- Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- Күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР
Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары
бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық
пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық
вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері –
жылдық пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді
реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары
бойынша есеп айырысу дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге
берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік
шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті
ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша
қолданылады.
Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен
беруге болады.

Кесте 1- Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері
пайыздар, кезеңнің соңына
№ Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері 2004 2005 2006
1 Қайта қаржыландыру 14 9 7,5
2 Есептік (дисконттық) 12,5 8 9
3 Овернайт зайымдары бойынша 20 12 9
4 РЕПО операциялары бойынша,
оның ішінде: - 5 5,5
Овернайт 6,5 5 5,5
1 жұма 5,5 5,5 5,5
2 жұма

Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған №6(92)
2006 жыл
Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж.
бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.Ақшалай нарықтағы тепе-
теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде

банктің өтімділік деңгейін реттеуде олардың міндеттемелері бойынша төлем
төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен
акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі
резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз
саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің
негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ
кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынын, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1қаңтарда енгізілген
ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің
резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспондентттік
шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын
төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне
өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық, нормативтерді орындау барысында
корреспондентттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер
мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең
төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша айналысын талдау

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтып келсе,
2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті
және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған тәжірибесіне көшті
және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен
ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі
мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен
алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша
мақсатты көрсеткіштерге көшу.
Осындай ақша-несие саясаты ғана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету
мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін
ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін
қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның
мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады:
бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру,
қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсізділігі, Орталық
банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну,
ақпараттың ашықтығы.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға,
сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және
банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің
несиелеуін әрі қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік ақша қызметі
Ақша айналысын басқару және реттеу
Ақша тауары туралы
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақшаның айналысы және оның дамуы
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Пәндер