Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары



Кіріспе 4
Тарихта ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған.
Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат.белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз. Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан кейін де қалыпты үлгілерден табиғаты өзгеше, жеке бір өнімді арна болып дамып келгені де мәлім, Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі.жалау, бірі.құрау.
Әттең, дүние.ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде.ақ көрініп тұр.ау(1).
деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі жырауларды қатты сынға алса да, олардың шығармаларын оқып білмеді, үйренбеді, яки бәрін бірдей жалғыз шумақпен мансұқ етті деудің өзі қазіргі әдебиет тарихы деңгейінен қарағанда әрі орынсыз, әрі артық айтқандық болар еді.
Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік өзгешіліктері бар.
Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе 4
Тарихта ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне
дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл
сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел
тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып
отырған.
Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір
шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде
аренаға шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе
жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз.
Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға
дейін де, одан кейін де қалыпты үлгілерден табиғаты өзгеше, жеке бір өнімді
арна болып дамып келгені де мәлім, Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай
бір кезде:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі-жалау, бірі-құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау(1)-
деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі жырауларды қатты сынға
алса да, олардың шығармаларын оқып білмеді, үйренбеді, яки бәрін бірдей
жалғыз шумақпен мансұқ етті деудің өзі қазіргі әдебиет тарихы деңгейінен
қарағанда әрі орынсыз, әрі артық айтқандық болар еді.
Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып
келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен
жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік өзгешіліктері бар.
Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған
лирикалық сипат басым болды.

1.Құнанбаев А: Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен
поэмалары. Алматы:1977 I том 94 бет
5
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
Жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман
жағдайын сипаттайтындай ат болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән
беріледі.
Осы ерекшеліктрді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: “Жырау демек, ақын
деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жаныры бар. Бұның сөз
үлгісі, шығармасы-толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті,- “ не болса сол көңіл
ашар” “әлдене” дерлік сөзді айту емес ол заман сыны, мезгіл, дәуір
болжамын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбнесе әір мынау, әрі
би болады” (2)-деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е.Ысмайлов: “Ақын
өмірдегі құбылысты тарихи оқиғаны өзінің ой өрісі дәрежесінде таниды.
Ақынның сезінуі ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала
біледі алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті тұрақты. Ақын естігенінен
гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді” ,-деп жазады.
Е.Ысмайлов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп:
“Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне сіз араласып, көбнесе, заман-дәуір, өткен
мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар,
қағидалы сөздер айтып лтырған”- деп ой түйсе, Ә. Марғұлан: “Жырау ру басы”
ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы,жыршысы ретінде өте қажетті
тұстарда ғана болмаса, ауырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне
бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба
алмай тығырыққа тығылған екі талай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес
сұрайтын болған сонда ғана жырау халыққа күні жігер беріп, осы оқиғаның
немен тынарын тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжап айту
керегін де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып
саналады.”

2.Әуезов М:Жирма томдық шығармалары Алматы:1984ж. 258бет. жинағы.

6
(5)-деп жазады. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашық
таңдаудағы мәні айрықша.
Жыраулар творчествасындағы қалыпты бейнелер жүйесінен солардың
көбіне тән мынадай бір ортақ белгілердіә көре аламыз. Бұлар қашан да
белгілі бір кісіге (ханға, батырға, бтге) орнау үлгісінде айтылады да,
жырдың ішкі иірім, заңдылықтарына сәйкес өзгенің бейнесіне жасау үстінде өз
бейнесін ашуға да көңіл бөліп отырады
Өз бейнесін өз жасау талабы Қазтуған жырауларынан бастала, одан
кейінгі Шалгез (шал кейіз), Досамбет, Ақтамберді тоғауларында бұл дәстүр
біршама тереңдеп, даралана түсті. Ал Бұқар шығармаларында адам бейнелері
өзінің іс әрекет, мінез-құлықымен атастыра беріледі.
Жырау Абылай ханның төңірегіндегі атышулы батырларды да тұтастай
ашып, оларды Абылай бейнесін ашуға ұтымды пайдаланып:

Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаздауысты Қазызыбек,
Шақшақұлы Жәнібек,
Тұғыр болған сол еді.
Сіздей төре сұңқарға! (3)
дейді.
Ақындық поэзияның ірі өкілдері-Шал ақын мен Көтем ақын болып
табылады. Ақындық поэзияның жыраулық туындылардан бөлініп, дараланатын
өзіндік белгілері де аз емес. Мұнда жыраулық поэзияда сирек ұшырасатын
адамның ішкі сезім –күйі мен ой-толғанысына айрықша мән берілетін мәлім.
Жыраулық поэзиядағы секілді үлкен түйіндеу, жинақтаулар жасала бермеген.

3.Ысмайылов Е: Ақындар. Алматы:1956.22-23бет.

7
Қорыта келгенде жыраулар өз шығармаларын, көбінесе, ауыз әдебиеті
дәстүрінде тудырып отырғанымен, бұлар өзінің құрлысы мен көркемдік тәсіл,
бейнелеу мүмкіндіктері жағынан бірден-бір дара әдебиеттің өкілдері ретінде
көрініп танылды.
Халықтың ғасырларды көктей жүріп өткен жолы, сөз жоқ, оның тек қай
атырапты мекендеп, қандай елдермен айқасып, кімді қол астында
ұстағандығынан, болмаса кімге бодан болғандығынан мәлімет беретін жылнамашы
мен тарихшының жазбаларымен шектелмейді. Сәулет өнері, ауыз әдебиеті, саз
өнері секілді, негізінен, елдің естиярлығын, халықтың жады мен зердесін
таразылайтын рухани қазыналарында да ел тарихының ізі сайрап жататыны хақ..
Және бұлардың берер мағлұматтары, шынына келгенде, сырттан келген жиһанкез
тарихшының сөзінен гөрі шынайы болуы әбден мүмкін. Ал, бұл тұрғыдан
келгенде осы ортада өмір сүрген, оның қуанышы мен күйінішіне ең алдымен
өкінетін де, күйінетін де, жыраулар мен ақындар шығармасында сөз болар
оқиғалар мен тарихи мағлұматтардың қадір-қасиеті тіптен ерекше (4).

4.Сонда.
8
Жыраулар мұрасы мен қазақ халқының елдік тарихы
XVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін жан жадыратар қуанышты оқиғалармен
басталмағаны мәлім. Әйтсе де, халықтың елдік тарихында бұл ғасырдың алар
орны ерекше. Өйткені, қазақ қауымы бұл дәуірде атышулы “Ақтабан шұбырынды”
сынды қайғылы оқиғаны басынан өткерді. Осы зілзаланы қазақтың басына
түсірген, сол замандағы Орталық Азиядағы айбарлы мемлеке-жоңғарлармен ширек
ғасырдан астам уақыт бойы табан тіресе күресе отырып, оның тарих аренасынан
біржола шығып қалған тұсының куәгері болды (5).
XVIII ғасырдың жыраулардың ең көрнекті өкілдері Бұқардың, жорық
жаршылары Тәтті қара жырау мен Үмбетей жыраудың толғауларындағы қол
бастаған батырлардың ерліктерін өз заманындағы өлеңмен өрілген кркемдік
шежіренің жұрнағы деп тануға болады қазақ батырлары Саурық, Бөгембай,
Тайлақ т.б. сол сияқты батырлар даңқы шыққан батырлардың қатарына жатты.
Әсіресе Қанжығалы Бөгембай ол жайлы шығармалардың ішіндегі ең мәлімі-
Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың батырдың өлімін Абылай ханға естірткен
толғаулары мен Үмбетейдің “Бөгембай өліміне”атты жоқтау жыры Қаздауысты
Қазыбек, Қаздауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай сынды батырлармен бірге
тізе қоса отырып жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланды.
Жаудың кім екендігін, оны қазақ қолын бастаушылардың қай жерлерден
қуып, тартып алынған мекенді кімге қоныс етіп қалдырғандығын Үмбетей:

Баяанаулы, Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қазымаңрақ, Қоймаңрақ,
Арасы толған көп қалмақ.
5.Марғұлан А:О носит древней поэтической культуры казахского народа.
Алматы:1959 С.73.
9
Қалмақты қуып қашырдың
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақсәулеге қос тігіп,
Ауыр қол жинап алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың
Қабанбай мен Бөгенбай
Арғын менен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың,-
деген сөздермен берсе,Бұқар:
Асу алған, тас бұзып,
Тарбғатай белінен
Қол цондырған қос тігіп,
Борлы деген көлінен.
Қалмақты шапқан шулатып,
Ақшәулінің өрінен.
Қоныс қылған Найманға
Бәрін қуып жерінен (6),-
деп жырлайды.
XVIII ғасырдың жыраулар мұрасы бір-бірінен тек көлемі ғана емес,
тарихи оқиғаларды жырлау әдістері жағынан да өзгешеленетіні ақиқат.
Мәселен: кейінгіге жеткен алты шумақтық туындысында Тәті қара жырау
Шақшақұлы Жәнібек, Бөкей, Сағыр, Маңдай, Сары, Баян, Жабай, Олжабай, Абылай
сынды тарихи тұлғалардың есімдерін атап, олардың екі оқиғаның тұсындағы
ерлік, батырлықтарын атап өтумен ғана шектелді. Ал көлемі жағынан оның
шығармалары әлде қайда мол жеткен. Ақтамберді жырау өзі мен Жанайдың ғана
атын атайды. Бұл тұрғыдан келгенде Бұқар мен
6. XVIII-XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. 131б.

10
Үмбетей мұрасы айрықша еңселігімен көзге түседі. Әсіресе, олардың Бөгембай
мен Абылай қатынасқан істерді тізбелеп көрсету арқылы XVIII ғасыр
әдебиеті дәрежесінде адам образын жасағанын, соған талпыныс қылғанын
ескермеуге болмайды.
Үлгеріде аты аталған батырлардың істерінің белгісін Үмбетей:

Қашпаған қандай ұрыстан...
Абылай,сенің тұсынд.
Сол бесеуі болыпты-ай!-
деп толғаса, Бұқар қалқаманұлы марқұм болған елдің тұлғасын:

Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарып қылған бар күшін (7),-

деген шумақпен береді. Батырдың елі үшін еткен еңбегі бұл жолдарда айқын.
Бөгембай-қазақ халқының санаулы қолбасыларының бірі. Кейінгі
кезеңдердегі айқастарда солай болған. Бірақ, жыраулар бұл тұста батырдың
қанша жаста екенін, оқиғаның қай жылдары болғанын-не жыл қайыру есебімен,
күнтүзбелік мөлшермен хабардар етпейді Әйтсе де, бұған қарап авторларды
XVIII ғасырдың
40-50 жылдары, болмаса 1726-1730 жылдардың төңірегіндегі оқиғаларды
жырламаған деп құстаналауға болмайды. Олар осы уақытты да жырлаған. Онысын
Абылайға байланысты айтылған:

Жирма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда,

7.ЛихачевД.С:Поэтика древне руской Масква:1979 С213.
литературе.
11
Алғашқы бақты тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда,
Қаншығаңа бас байлап,
Жау қашты деп айғайлап,
Абылайлап шапқанда...-

дейтін. Үмбетейдің Бөгембай өлімін Абылайға естірту жырынан табамыз. Ал
1711 жылы туған бол есептелетін Абылайдың 20 жасқа толған мезгілін айтады.
Авторлар белгілі бір кезеңдегі оқиғаны айту арқылы сол оқиға болған
уақытты да аңғартып отырады. Ал егер оқиға жырланбайтын болса, онда оқиға
“жоқ жерде мезгілде жоқ”-деп академик Д.С Лхачов көрсеткендей, жыраулар
туындысы мен ақындар мұрасындағы халықтың тариқтың, лебін айтқан аңғару
мүмкін болмас еді. Өйткені “тарихты уақытты сезіну арқылы ғана
сезінуге”(8) немесе пайымдауға болады.
Біз рухани тарихымыз-әдеби мұрамыз арқылы азаматтық тарихымызды да
тануға болады деп есептейміз.

8.Сонда.
12
Жыраулар мен ақындардың мұраларының көркемдік ерекшеліктері
XVIII ғасырлар ақын, жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында да
бірқатар зеттеулер жарияланады (9) Бұл дәуірдегі ақын, жыраулар мұрасының
әлі ашылмаған қыры мен сыры аз емес.Солардың бірі-ақын, жыраулар поэзиялық
мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер-жыраулар мен ақындар
Ақын, жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих
іздері сайрап жатыр.
Жыраулар адам жан дүниесін аса терең, жан-жақты суреттеуден гөрі қысқа
да шола суреттеуді, сол кездегі оқиғаға байланысты бейнелеуді шашық еткен:
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен
Аймадетке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан
Зырлап аққан қара нан
Ашылмайды жонның уақ тамырдан
Сақ етер тиді саныма,
Сақырым толды қаныма,
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара ауызына қан қатты,
Жарықшылар жоқ па екен,
Жармай білте саларға?
Жағдайсыз жаман қылып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан
(Доспамбет)

9.Алда спан Алматы:
1971. 123б.
13
Ақын жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық,
трагедиялық, геройлық, романтикалық оброздарға тән нышан-элементтер де
байқалады.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорққан жоқ,
Әншейін еңкейе беріп
жылысты (10).

Жыраулар негізінен, жыр үлгісіндегі толғау түрін көбірек пайдаланады.
Толғау көшпелі өмір кешкен елдің ақпан-төкпе ақыны селдетіп қолма-қол
айтуға-табан астынан жедел жырлауға ең мықты түр: Ақындар жыр толғау мен
қара өлеңді қатар пайдалана білді. Толғауда ақын, жыраудың қуанып,
шаттанған, не кектеніп ызаланған жан тебіренісі де, аки дүние, өмір, адам,
табиғат, заман сырын таразыға салып тебіренген философиялық-дидактикалық
пікірі де болды. Жыраулардың бірсала толғаулары-арнаулар.Арнаулар мазмұны
жағынан әрқилы.
Жырау алыстан орауғытып, сипат, сипаты толғаса, ақын алуы да айқын
айтады.
XVIII-XIX ғасырлардағы жыраулармен ақындық мұрасы-сол дәуірдің ой-
сана, әдет-ғұрыптық, тілдік, шаруашылық һәм тарихи көріністерін суреттеген
көркем шежіре. Басты ерекшелігі-жеке жыраулар мен ақындардың аз аттарымен
жетуі. Ақын, жыраулар поэзиясы көшпелі өмір жағдайынан халық ауыз әдебиеті
дәстүрімен ауызша туып, ауызша тарады.
XVIII-XIX ғасырлардағы жыраулар мен ақындар поэзиясы, негізінен,
қазақтың таза өз тілінде туған қуатты да құнарлы, өмірді танытушылық,
философиялық-дидактикалық мағынасы мол мұра еді.

10.Сонда.
33б
14
XVIII – XIX ғасырлардағы жыраулар
XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде
топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан ұбырынды, алмағайып кезең,
қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар,саяси және қоғамдық өмірдегі өзгеістер
бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына, тақырып аясына
айрықша ықпал етті. Ең өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да ақын-
жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау,
Тәттіқара шығармаларынан айқын көрінеді.
Тәттіқара-XVIII ғасырдағы қазақ ақын жырауларының көрнектілерінің
бірі. Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір
мінезіен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары
алдында үлкен беделге ие болған Аспаннан бұқаған қара дауылдай, жерден
шыққан қара пәмдей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы
қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес.Сол
себепті де ол:
Алдыңнан-су, артыңнан жау
қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі
осындайда!(11).
деп, тосылып тұрған србаздарға ұран тастайды. Тәтіқараның саналы өмірінің
бәрі дерліктей Абылай ханның төңірегінде өткен. Тәттіқара жыраудың
“Қамыстың басы майда” атты толғауы мен Ер Шобан жыраудың толғауы сырттай
бір-біріне ұқсас.
Тәттіқара өлеңдерінің бірі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында
болған шабуылды сипаттайы.
Бұл жырды кезінде Ш.Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған:

11.Сонда.
94б.
15
...Көп қытайдың жылқысы.
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қрыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентин Сырымбет.
Оқ жіберіп ұрысты
Ақыр қалмақ қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды анышқанда.
Осы кішкене үзіндіден ұрыс даласының көп шындығы нақты елес
береді, ақын өзі көрген,нақ ортасында болған майдан көрінісін оның барша
кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайықты қимыл әрекетімен дәл
бейнеледі. Мұны жырау сөзінің құдіреттілігі, күштілігі, пәрменділігі
ретінде атауымызға болмайды.Ұрыс даласын, батырлар қимылын ақын батырлар
жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнеледі.иСоның өзінде жыраудың өзіндік
сөз нақышын аңғару қиын емес.
Тәтіқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі
батыры болған.Бұл турасында М.Мағауин: “XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз
болса,Тәттіқара ақынның аты алмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы Тәттіқара
қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар поэзиясын оқыту
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Қазақ жеріндегі жыр айту мектептері
Жыраулар поэзиясы жайында
Сөзден ұтылған хан
Пәндер