Автор өмірі



Кіріспе
Оркестрге лайықтап түсіру дегеніміздің өзі көп еңбек талап етілетін шығармашылық процесс. Шығарманы жұмыс жасау барысында музыкалық материалдарды партитура бетіне олардың аспаптық құралына дыбыс бояуының алмасып отыруына жеке топтарды бір.бірімен салыстырып көрсетуіне байланысты орналастырудың маңызы ерекше. Оркестрге лайықтап шығармаларға іріктеп алу кезінде сол шығарманы орындауға тиіс оркестр ұжымының ойнау шеберлігін де ескерген жөн.
Оркестрге лайықтап түсірудің қыры мен сырын жетік меңгеру үшін түсірушінің мыналарды білгені абзал:
а) Аспаптардың техникалық қасиеттерін (құлақ күйі) дыбыс аумағы ойнау тәсілдері олардың нотада жазылу тәртібі:
б) аккорд пен пассаждарды (виртуозды музыкалық шығармалардың үзіндісі) орындау мүмкіншіліктерін:
в) музыканың қарапайым теориясы мен гармонияны:
г) оркестрлік фигураны, яғни функцияның жеке элементтерін талдап қолдана білуді.
Оркестрге лайықтап түсіруде шығармада ойды фактураның бөлшектерін, интонациялық шешімдерін өзгертпеу, осы күйі беруі керек. Шығарманы тыңдағанда оркестрлік ұжымның орындаушылық деңгейін білген жөн. Аспапқа түсіруіш оркестр аспаптарының техникалық, динамикалық және тембрлік қасиеттерін білумен қатар әр аспаптың тембірін ойынша елестету үшін ішкі есту қабілетін дамытқан жөн. Оркестрге лайықтап түсіру барысында шығарманың ыңғайлы үндестігін тапқан жөн. Мүмкіндігінше кілттегі белгілерін азын таңдаған дұрыс.
Жұмыстың келесі кезеңі . аспаптық шығарманың оркестірлік жоспарын құру. Мұнда жеке аспаптар мен оркестр топтарының тембрлік және динамикалық тутти мен жеке дауыс эпизоттары сияқты оркестр әдістерді қолданған жөн.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Оркестрге лайықтап түсіру дегеніміздің өзі көп еңбек талап етілетін
шығармашылық процесс. Шығарманы жұмыс жасау барысында музыкалық
материалдарды партитура бетіне олардың аспаптық құралына дыбыс бояуының
алмасып отыруына жеке топтарды бір-бірімен салыстырып көрсетуіне байланысты
орналастырудың маңызы ерекше. Оркестрге лайықтап шығармаларға іріктеп алу
кезінде сол шығарманы орындауға тиіс оркестр ұжымының ойнау шеберлігін де
ескерген жөн.
Оркестрге лайықтап түсірудің қыры мен сырын жетік меңгеру үшін
түсірушінің мыналарды білгені абзал:
а) Аспаптардың техникалық қасиеттерін (құлақ күйі) дыбыс аумағы ойнау
тәсілдері олардың нотада жазылу тәртібі:
б) аккорд пен пассаждарды (виртуозды музыкалық шығармалардың
үзіндісі) орындау мүмкіншіліктерін:
в) музыканың қарапайым теориясы мен гармонияны:
г) оркестрлік фигураны, яғни функцияның жеке элементтерін талдап
қолдана білуді.
Оркестрге лайықтап түсіруде шығармада ойды фактураның бөлшектерін,
интонациялық шешімдерін өзгертпеу, осы күйі беруі керек. Шығарманы
тыңдағанда оркестрлік ұжымның орындаушылық деңгейін білген жөн.
Аспапқа түсіруіш оркестр аспаптарының техникалық, динамикалық және тембрлік
қасиеттерін білумен қатар әр аспаптың тембірін ойынша елестету үшін ішкі
есту қабілетін дамытқан жөн. Оркестрге лайықтап түсіру барысында
шығарманың ыңғайлы үндестігін тапқан жөн. Мүмкіндігінше кілттегі белгілерін
азын таңдаған дұрыс.
Жұмыстың келесі кезеңі - аспаптық шығарманың оркестірлік жоспарын
құру. Мұнда жеке аспаптар мен оркестр топтарының тембрлік және динамикалық
тутти мен жеке дауыс эпизоттары сияқты оркестр әдістерді қолданған жөн.
Оркестр жоспарымен жұмыс жасау барысында партитурадағы оркестр дыбысын
айқындайтын екі негізгі кезеңнің өзара қарым-қатынасын, яғни шығарманың
көлбеу және тікелей құрылысын білген жөн. Көлбеу жоспар шығарманың тембрлі
динамикалық және фактуралық дамуында түрлі регистірлік өзгерістеріне
байланысты болады. Аспаптардың түрлі тембрлік бояуын қолдану әртүрлі
тақырыптардың өзара қарым-қатынасына, олардың қарама-қарсылықтарына
байланысты. Оркестрге лайықтап түсірмес бұрын, шығарманың формасын жіктеп
алып соңынан әуендік желісті фразаға, сөйлемге, кезеңге бөлу керек, жаңа
тақырыптық материалдың пайда болуы тембр өзгерістерін талап етеді.
Аспаптардың тембрлік және динамикалық мүмкіншіліктерін үнемді пайдалана
білу керек.
Партитураның тікелей жоспары оркестр фактурасының функцияларының
құрылуын қамтиды. Партитурадағы әр дауыс белгілі бір қызметті атқарады.
Аспапқа түсірудегі оркестр фактурасының құрамды бөліктері функциялар деп
аталады. Партитураны тікелей құру барысындағы аспапқа түсірушінің негізгі
міндеті әуен, бас, фигурациялар, гармониялық педаль, контрапунк сияқты жеке
функцияларды анықтап көрсету.
Аспаптану мен оркестірге лайықтап түсіру курсы бір-бірімен тығыз
байланыста болып келеді. Себебі аспаптануда шығу тарихымен, жіктерімен,
үндік болу қасиеттерімен таныссақ, түсіру курсында ол аспаптарға түсіру
тәсілімен, партитура жазу өнерімен танысып, үйренеміз.
Партитураны жазуда мынадай ережелерді қолданады.
1.Шығарманың қарқынын көрсететін белгілер партитураның жоғарғы жағынан
қойылады.
2.Нюанстармен динамикалық белгілер әр партия үшін нота жолдарының астына
жазылады.
3.Орындаушының түрі мен тәсілдерін көрсететін белгілерін әр партияның
үстіне жазылады.
4. Егер бір нота жолына екі партия жазылса, онда біріншісінің құйрықшасы
жоғары екіншісінің құйрықшасы төмен жазылады.
АВТОР ӨМІРІ
Ахмет Қуанұлы Жұбанов 1906 жылы, сәуір айының 29, Қосуақтам
шатқалында, Орал облысының Темір уезіндегі Темір-Уркачевск болыстығында
қазіргі Актөбе обылысы, Мұраджар ауданы, орта шаруа семьясында дүниеге
келді. 1905 жылғы революциядан кейін, көптеген орыстар мен украиндықтар
аштық пен жалаңаштықтан аман қалу мақсатында қазақ жерлерін мекендеді.
А.Жұбановтың әкесі Қуан жаратылысынан көпшіл адам болған. Ол қазақ ауылы
үшін жаңалық болған жер аударылып келген қоныстаушылардың дәстүрлеріне
еліктеді. Ол өз бетімен қазақ және орыс тілінде жазып, оқуды үйренді, "орыс
үлгісімен" жер жырту, егіншіліктің зор мәнін түсінді. Оның жаңашылдыққа,
тың нәрсеге деген Құштарлығы ұлына да әсерін тигізді.

АВТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ахметтің музыкаға деген қабілеті ерте оянды. Алты жасында ол домбыра
тартып, ән салды. Жеті жасында оны Уркачевскідегі екі жылдық училищеге
оқуға берді. Оның алғашқы мұғалімі Құсайын Әжіғалиев жан-жақты, өте
тартымды адам еді. Құхайын Әжіғалиев қазақтың ұстаз-ағартушысы Ыбырай
Алтынсаринның педагогикалық көзқарасын таратушы. Ахмет тілдерді ғана игеріп
қоймай, өмірде болып жатқан өзгерістерге прогрессивтік көзқараспен қарау
қажет екендігін жете түсінді. Үш жыл бойы Құсайын Әжіғалиев Жұбановтардың
семьясымен бірге тұрды. Ол Ахметке түрлі аспаптарда - домбыра, балалайка,
мандолин, скрипка аспаптарында ойнауды үйретті.
А.Жұбанов өте зерек оқушы болды, ол көп нәрсені жан-жағындағы білімді
адамдардан үйренді. Араб және парсы тілдерін өзінің жерлесі, Уфадан
демалысқа келген, кейін белгілі жазушы болған Ж.Тілепбергеновтен үйренді.
Ахметке үлкен әсер еткен, Орынбордағы "Хусаиния" медресесінде оқитын
Құдайберген деген үлкен ағасы болды.
Ол көптеген қызықты кітаптар әкелетін. Жұбановтар үйінің балалары жан-
жақты болып қалыптасуына көптеген газеттердің көмегі болды. Бұл жанұяға
1919 жылы қайғы төнеді. Ауданға тараған сүзек ауыруынан әкесі қайтыс
болады, 1921 ашаршылық жылы Үйдегі малдың бәрі қырылады. Ахметке ерте
бастан жұмыс істеуге тура келеді. Ол басында хатшы болып, одан кейін
"Шаңырақ" оқу Үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Консерваторияда оқып жүрген кезінде А.Жұбанов қазақ тіліңде алғашқы
еңбегін жазады. Ол еңбегі "Музыка сауатының әліппесі" деп аталды. Ол
негізінен әуеской музыканттарға арналған. 1931 жылғы "Әліппенің" қолжазбасы
туралы А.Затаевич жылы лебіз білдіріп халық музыкасын жинап, зерттеуіне жол
сілтеп тілек айтты. Бұл кездесу А.Жұбановтың шығармашылық қалыптасу жолында
маңызды да шешуші рөл атқарды. Сол жылдың жазында, А.Жұбанов өз елінде 50
шақты ән мен күйді жазып алады. Бұл сібір энциклопедиясында басылып, арнайы
зерттеуді қажет ететін қызықты мәлімет болды.
1932 жылы консерваторияны мерзімінен бұрын бітіріп, А.Жұбанов өнер
зерттеу институтының аспирантурасына түседі. Қазір бұл оқу орны, театр,
музыка және кино институты деп аталады. Музыкатану пәндерінен басқа
философия, социология, экономика пәндері және шет тілдері жақсы жолға
қойылған. Аспирантураны аяқтауға мүмкіндік болмады. 1933 жылдың ақпан
айында ол Алматыға, жаңадан ашылған музыкалық драма техникумына жұмысқа
шақырылады. А.Жұбанов оқу бөлімін меңгере жүріп, профессионалды музыкалық
оқу білімінің негізін қалады. Техникумдағы ұстаздық жұмысымен қатар ол,
қазақтың халық аспаптар оркестрін ұйымдастырады және осы ұжым үшін халық
әндері мен күйлерін оркестрге ыңғайлап өңдейді. Оның ағартушылық іс-әрекеті
арқылы болашақ сыншы, публицист және ғалым тұлғасы да қалыптасады.
Концерттердің кіріспе сөзінде ол, орыс және шетел композиторларының өмірі
және шығармашылығын әңгімелеп, шығармаларының мазмұнына түсінік береді және
халық әндері мен күйлері туралы әңгіме қозғап, олардың орындалу
ерекшеліктеріне тоқтап кетеді. Бірте-бірте атақты халық әншілері мен
домбырашылары туралы мәліметтер жиналып, фольклорлық іс-әрекетін шындады.
1937 жылы "Әдебиет майданы" журналында Құрманғазы туралы очерк баслып
шығарды, одан кейін басқа халық композиторлары және орындаушылары туралы
очерктер де пайда болады.
ШЫҒАРМАНЫҢ ТАРИХЫ
Соғыс жылдары фортепианоға, қобызға, скрипкаға, виолончельге арналған
бірнеше аспапты-камералық шығармалар жазылды. Кейіннен бұлар жеке цикл
болып шықты. Фортепианоға арналған "Тәжіктің он биі", "Қазақтың сегіз биі"
және қобызбен фортепианоға арналған "Бес пьеса" деп аталды. Фортепианолық
циклдар, сөздің шын мағынасында биге жатпайды. Алғашында бұл циклдың кейбір
нөмірлері Шарипа Түрікбаеваға арналған соғыс жылдары, шығыс халықтарының
билігін орындайтын атақты биші болған. Бұл бишілердің әуені халықтық рухта
жазылған. Пьесалар, фортопианолық миниатюра ретінде орындалып, оқушылардың
педагогикалық репертуарына кірді. Бұл пьесалардың тақырыбы шығыс халық
әуендері мен қазақтың күйлерінен тұрды.
Композитор мұнда халық музыкасын фортепианоға өңдеудің өзінше
тәсілдерін табады. Тәжік билері тақырыптарды қарама-қарсы салыстыруы арқылы
және репризалық қайталау принціпінде құрылған. Бөлімдердің ішінде регистр,
саз, фактуралық құрылым ауысып жаңа тақырып пайда болады. Ырғақтың бір
ыңғайлылығы және композицияның үш бөлмділігі пьесаны бүтіндеп, біріктіріп
тұрады.
Ахмет Жұбановтың шығармашылығы мен аспаптық музыка саласындағы
еңбектеріне тоқталу лазым. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Ақбілек романның ағартушылық сипаты
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дипломалды іс-тәжірибе есебі
Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-Рашиди” атты еңбегі
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Пәндер