Қазақстан Республикасындағы банктік несие алушының несие қабілеттілігін бағалау жүйесі



КІРІСПЕ


Қазіргі несиелеу жүйесі несие алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, несие алушының несиелік қабілеті . бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдану әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын.ала ықпал ететін факторларды оқып.үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Банктер және оның клиенттері араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес Банктің несиелендіруін ұйымдастыруда менеджменттің жоғарғы деңгейін сақтап отыру үшін несиелендіру бөлімі мамандарының жоғары біліктілігі сәйкес болуы қажет. Несиелендіру процесінде несиелендіру қызметтерінің әр түрлі салаларындағы нарықтық тұтынуды зерттеу үшін маркетинг талдауы қолданылады. Мұнда несиелік қызметті сәтті жүргізу және максималды пайда табу мақсаты көзделеді. Қазіргі несиелік қатынастардың дамуында болашағы бар бағыт болып, банктің несие алушының іс.әрекетін зерттеуі және банктің жобаны іске асыруға қызығушылығы табылады, өйткені ол несие қайтару негіздерін қалайды.
Банк тәжірибесінде көп кездесетін жағдай . несие алушы несиеқабілеттілігінің қажетті көрсеткіш деңгейіне жету үшін берілетін ақпараттарды әдейі өзгертіп береді. Қаржы есептерінің деректері пайдакүнемдік мақсатпен бұрмалануы, алдын ала жалған есептерге негізделген несиелерді алуға мүмкіндік береді. Банк осындай несие алушымен қарым.қатынасқа отырғанда шығындарға ұшырайды. Сондықтан банктік несие алу кезінде несие алушының несие қабілеттілігін бағалау өте маңызды болып табылады. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктерден несие алушылардың несие қабілеттілігіне талдау жүргізіп, осы саладағы негізгі және өзекті мәселелерді зерттеп, шешу жолдарын іздестіру.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Макро-микроэкономика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

БАНКТІК НЕСИЕ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ

Орындаған: _______________
Шенеева М.М

(қолы)

Ғылыми жетекші: _______________
Спанкулова Л.С
э.ғ.к., доцент (қолы)

Норма бақылаушы: _______________ Сәметеева
М.А.

(қолы)

Қорғауға жіберілді:
_____ _____ 2006 ж.
Макро-микроэкономика
кафедрасының
меңгерушісі э.ғ.д.,
профессор _______________
Мұхамедиев Б.М.

(қолы)

Алматы, 2006

КІРІСПЕ

Қазіргі несиелеу жүйесі несие алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, несие алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдану әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Банктер және оның клиенттері араларында несие берілуіне байланысты
пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз.
Несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше
қатынастар шегінен тыс пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес
Банктің несиелендіруін ұйымдастыруда менеджменттің жоғарғы деңгейін сақтап
отыру үшін несиелендіру бөлімі мамандарының жоғары біліктілігі сәйкес болуы
қажет. Несиелендіру процесінде несиелендіру қызметтерінің әр түрлі
салаларындағы нарықтық тұтынуды зерттеу үшін маркетинг талдауы қолданылады.
Мұнда несиелік қызметті сәтті жүргізу және максималды пайда табу мақсаты
көзделеді. Қазіргі несиелік қатынастардың дамуында болашағы бар бағыт
болып, банктің несие алушының іс-әрекетін зерттеуі және банктің жобаны іске
асыруға қызығушылығы табылады, өйткені ол несие қайтару негіздерін қалайды.
Банк тәжірибесінде көп кездесетін жағдай – несие алушы
несиеқабілеттілігінің қажетті көрсеткіш деңгейіне жету үшін берілетін
ақпараттарды әдейі өзгертіп береді. Қаржы есептерінің деректері
пайдакүнемдік мақсатпен бұрмалануы, алдын ала жалған есептерге негізделген
несиелерді алуға мүмкіндік береді. Банк осындай несие алушымен қарым-
қатынасқа отырғанда шығындарға ұшырайды. Сондықтан банктік несие алу
кезінде несие алушының несие қабілеттілігін бағалау өте маңызды болып
табылады. Бітіру жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейлі банктерден несие алушылардың несие қабілеттілігіне талдау
жүргізіп, осы саладағы негізгі және өзекті мәселелерді зерттеп, шешу
жолдарын іздестіру.

1 БАНКТІК НЕСИЕ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

1. Банктік несиелеу мен несиелік қарым-қатынастардың концептуалды
тұжырымдары. Банктік несие түрлерінің сыныпталуы

Банктер және оның клиенттері араларында несие берілуіне байланысты
пайда болатын қатынастарды несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз.
Несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше
қатынастар шегінен тыс пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. К.Маркс
бұл пайда болған қатынастар несиелік жүйе негіздерін қалаушы болғанымен,
ол соңғысы пайда болғаннан бұрын да еркін дамып келуі әбден мүмкін деп
көрсеткен 1,Т-13.125б. пайда болған қарым-қатынастар әр түрлі болып келді
және өзінің даму кезеңдеріне сәйкес ұтымды жақтарынан талқыланып
қарастырылған.Мұны XVIII ғасырдағы экономистер материалды құндылықтарды
заттай түрде қайта бөлу әдісі деп түсіндірген. Бұл ағымның бас қалаушылары-
ағылшын экономистері А.Смит және Д.Рикардо, француз экономистері Ж.Сей мен
Ф.Бастия, американдық Д.Мак-Куллох болып табылады. Қоғамның дамуы және
әрбір жаңа формацияға көшуі барысында несиеге деген көзқарастар өзгеріп
отырған, жаңа концепция негіздерін ағылшын экономисі Дж.Ло тұжырымдаған, ол
оны ақша жіне байлық түсінігімен теңдестірген. Бұл концепцияны қолдаушылар
XX ғасырдың басындағы экономистер: автриялық И.Шумпетер, неміс А.Ган,
ағылшындар Дж.Кейнс пен И.Хоутри болып табылады. Аталмыш концепцияның
кемшілікті болып отырғаны, мұнда несиелік қатынастар бір жақты қаралған,
процесие екі жақ-несие беруші мен несие алушы қатысатын, және де несие
берушінің пайдасы несие алушының мүмкіндіктерінен қаланатын жағдайы
ескерілмеген. АҚШ-та 1923 жылдан 1933жылдарға дейін болған дағдарыс бұл
несие теориясын толық жоққа шығарды. Кейіннен несие монетаризм теориясында
өз дамуын алды, оның өкілдері: АҚШ-та- М.Фридмен, П.Роуз, А.Бернс,
Францияда – Ж.Рюэфф, Германияда – О.Файт болып табылады 2,9б.
Бұл теорияға сәйкес, несиенің көлемі мен оның пайызы арқылы
экономиканы реттеуге қол жеткізуге болады, мұнда барлық құрамдас факторлар
ескеріледі. Несиелік қатынастарда әр түрлі меншік формалары қатысады, мұның
себебі өндірісте немесе жекеменшік тұтынуда қаражаттардың жетіспеушілігінен
пайда болатын қажеттіліктерге байланысыты.
Несиелік қатынастар әр қоғамның экономикалық даму деңгейіне тән
факторлар ықпалымен дамып отырғандықтан, бұл категория экономикалық
сипатпен қатар, тарихи сипатқа да ие болады. Несиелік қатынастар
өндірістің материалдық құралдары мен өндіргіш күштердің өзгеруіне және
дамуына байланысты өзгеріп, қайта құрылып отырады 3,442б..
Н.Д.Барковскийдің айтуынша,несиелік қатынастар кез келген
экономикалық қатынастар секілді, тарихи сипатқа ие, яғни олар өндірістік
қатынастар дамуының ықпалымен өзгереді.4,162б. Несие қатынастары ақша
категориясымен салыстырғанда кейінірек пайда болды, өйтені ақша ежелгі
заманда туындап, тауарлық өндірістің даму жағдайында оның несиелік сипаты
пайда болды, ал кейін мемлекет қалыптасқанда қаржы категориясы туды.
К.Маркс: Ақша капиталдан, банктерден, еңбекті жалдаудан т.б. бұрын тарихта
тіршілік еткен деп көрсеткен 5,Т-12. 728 б..
Несиелік қатынастар несие капиталының қозғалу процесінде пайда
болғандықтан, оның жылжу кезеңін бөліп қарастыруға болмайды, мысалы,
Ю.А.Жангериев несие қатынастарын : АҚША-КАПИТАЛ-НЕСИЕ жүйесі бойынша
қарауды ұсынады.
Осы көзқарасты И.М.Крол да ұстанады, ол несиені зерттеуде бастапқы
қатынасты жүйе ретінде қарастырады :Осы жүйенің бастапқы қатынасына- деп
жазады ол- шын мәнінде оның қозғалысының алғашқы тармағы ретінде осы банк
қаражаттарының жинақталуына байланысты бос ақша қаражаттарын тарту бойынша
қатынастар несие негізінде алынады 6, 8б.
Д.А.Аллахвердян осы ссуда капиталының қозғалу жолын мақұлдай отырып,
жұмыста ссуда капиталын қалыптастырудың бастапқы сатысын несие бөлудің
соңғы кезеңі ретінде банктің депозит шоттарындағы жинақталған бос ақша
қаражаттары түрінде қарауды ұсынады. Ол сондай-ақ, халықтың жинақтары
тұрғындардың мемлекетке қайта бөлу принциптеріне сәйкес бөлінетін
материалдық байлықтардың тұтыну мерзімін ұзарту түрінде берген несиелері
тәрізді қызмет атқарады деп жазады.
Несие қатынасын қалыптастыру қоғомның кейбір формацияларының ықпалымен
шартталған өзгерістерге ұшырады, бұл функциялық құрылыстың артықшылығын
дәлелдейді, бірақ өзгерістердің көпшілігі экономикалық емес, саяси сипатқа
ие. Мәселен, саяси экономика оқулықтарында капитализмдегі несие капиталдың
қайта айналымы мен айналымын талдаған соң өнеркәсіптік капиталдың
оқшауландырылған формасы ретінде қарастырылады, ал социализм кезеңіндегі
несие қорлардың қайта айналымы мен айналымын талдау бөлімінде көрсетілген.
Алайда, несие өндірістік қорлардың оқшауланған қызмет ету формасы ретінде
қарастырылмайды 7,203 б.
Несиелік қатынастарды қорлардың қайта айналым тұрғысынан О.И.Лаврушин
қарастырады, ол былай деп жазады: Ссуда қоры – социализмдегі жалпы
мемлекеттік қорлардың жиынтығы, ол өзінің қозғалысында қаражаттардың қайта
айналымы мен айналымның заңдылығын көрсетеді және қайтарымдылық негізінде
құнның қозғалыс салаларында туындайтын қатынастарды білдіреді.
Несиелік қатынастарды қарастырғанда, ссудалық капиталдың қозғалыс
қадамдарын талдауда несие алушының маңызды орнын толық бағаламай отырмыз.
Несие алушының алатын орнына нақты толық баға беру үшін несиелік қатынасты
екі экономикалық ғылымдар қиылысында – банк менеджменті және банктік
маркетинг – қарастырамыз. Ф.Котлердің анықтамасы бойынша, маркетинг –
қоғамның тұтыну қажеттіліктерін, оның өнімдерін айырбас жүргізу арқылы
қанағаттандыруға бағытталған адамның әрекет түрі, ал маркетинг деген
терминнің өзі ағылшынша market сөзінен алынған, ол нарық деген ұғымды
білдіреді. Алғашқы кезде marketing термині рынокта өнімді өткізу деген
мағынасын білдірген және 1935 жылы алғашқы рет АҚШ Ұлттық мұғалімдер
ассоциациясының енгізуімен ресми түрде танылды. Несиелік қатынастарды
түсінуді банк саясатын басқаруды зерттеуші ғылым басқа тұрғыдан бағалайды.
Бұл ғылым – банктік менеджмент. Management термині ьасқару түсінігін
береді, ол ағылшынның manage - жетектеу деген сөзінен пайда болған .
Менеджмент өз алдына пән болып құрылу барысында дамудың ұзақ жолынан
өтті, оның құрылу кезеңдері өркениеттің даму тарихындағы жарқын
уақиғалардың бірі болып табылады. Менеджменттің 7000 жуық тарихы бар, бірақ
ғылыми пән ретінде соңғы 100 жыл шамасында ғана танылып келеді 6, 15б..
Банк менеджментінің өз ерекшеліктері бар, мұнда басқару объектісі болып
банк және оның ұжымы табылады, ал субъекті ретінде банктің іс-әрекетін
тиімді басқаратын әдістер және шешу қолданымы жүйелері саналады. Банктік
маркетинг пен менеджмент ғылым ретінде өзара тығыз байланысты және екеуі де
басқару ұғымын береді: біріншісі – банктің қызмет көрсетуін тиімді дамыту
мақсатында оның іс-әрекетін басқару ғылымы, ал екінішісі – ұжымды басқару
мен олардың іс-әрекетінен максималды қайтарымдылықты жоғарылатуды көздейтін
ғылым. Банк пен оның клиенттерінің арасындағы несиелік қатынастарды
қарастыру барысында, біз бұл екі ғылымның тәсілдер жүйелерін қолданбасақ,
олардың жағдайына толық, нақты баға бере алмаймыз. Банк сәтті қызмет
жүргізу үшін өзінің тактикасы мен стратегиясын әзірлейді, олар маркетинг
ізденулері және іскер менеджмент негіздеріне сүйенеді.
Қазіргі іскер адамның ойынша, беделді және орнықты банк жарғылық
капитал көлемінің мөлшерінен емес, оның менеджерінің сәтті қаржылық іс-
әрекет жүргізуінен көрінеді. Банк менеджері мақсаттарды анықтайды және
соған байланысты басқару іс-әрекетінің тиімді жүйесін құрайды, бірақ барлық
уақытта қойылған мақсаты жүйеден тыс орналасады. Банктің несиелендіруін
ұйымдастыруда менеджменттің жоғарғы деңгейін сақтап отыру үшін несиелендіру
бөлімі мамандарының жоғары біліктілігі сәйкес болуы қажет. Несиелендіру
процесінде несиелендіру қызметтерінің әр түрлі салаларындағы нарықтық
тұтынуды зерттеу үшін маркетинг талдауы қолданылады. Мұнда несиелік
қызметті сәтті жүргізу және максималды пайда табу мақсаты көзделеді.
Қазіргі несиелік қатынастардың дамуында болашағы бар бағыт болып, банктің
несие алушының іс-әрекетін зерттеуі және банктің жобаны іске асыруға
қызығушылығы табылады, өйткені ол несие қайтару негіздерін қалайды. Қазіргі
кезде банктің ақша-несиелік басқару саясаты екі бағытта дамып келеді,
біріншісі – осы мезетте пайданы қамтамасыз етуді көздейді, ал екіншісі –
ұзақ мерзімді даму болашағына бағытталған. Бірінші бағытта жоғарғы пайда
алу көзделгенмен, оның қауіп-қатері өте жоғары, мұнда несиелендірудің
негізгі принципі болып бизнес-жобасы және несие алушының қаржылық жағдайы
емес, оның тек несие қайтаруына заттай мүлік кепілдігі танылады. Банк
дамуының екінші бағытында несие алушымен біріге отырып оның ұсыныстарын
қарастыру, оның бизнес-жобасын талқылау негізінде жоба мүмкіндігіне нақты
баға беру, қажет жағдайда келісім-шарт бойынша белгілі жеңілдіктер
көрсетіледі. Банк бұл іс-әрекетінде қаржыларын қайтару базасын құрады және
пайда табубағытын көздейді. Екінші жағдайда банктер кепілдік немесе заттай
мүлік талап етпейді деуге болмайды, әрине кепілдік қажет, бірақ оның
мақсаты – болашақта болуы мүмкін шығындардың қайтарылуын қамтамасыз ету
және сақтандыру. Несиелендіруде банктік менеджмент пен маткетингтік талдау
жүйесі әдістерін тиімді пайдалану оның кірісін қалайтын қайнар көзін
ұлғайтады, ал бұл болса пайданы да өсіреді.
Несие беруші мен несие алушы арасында қалыптасатын жағдайды тек банк
тұрғысынан жұмылдырған бос ақша қаражаттарын орналастыру жолы деп алсақ,
несие белгілі мөлшерде, аралық уақытта және өсімімен қайтарылады, мұнда
пайда болған байланыс түрін несиелік қатынастар дейміз. Осындай жолмен
қалыптасатын банктік несиелендіру операциясы тек бір жақты қарастырылып,
несие қайтарылу кезінде байланыс аяқталуымен сипатталады.
Несиелік қарым- қатынастар дегеніміз – бұл несие беруші мен несие
алушы арасының байланысы ретінде кеңінен қарастырылып, кері қатынастар
болуымен анықталады. Банк мекемелері қарым-қатынастарын қарастыратын
болсақ, бір жағынан ол несие беруші ретінде танылады, ал екінші жағынан –
несие алушы. Банк мекемесі мен клиенттері арасындағы қарым-қатынастарды
қарастыратын болсақ, банк бір жағынан несие беруші, ал екінші жағынан
клиенттер бос ақша қаражаттарын қайтарымдылық, төлемділік және мерзімділік
принциптерінде жұмылдырып, қатыстырғандықтан несие алушы ретінде байланысы
сипатталады.
Банк несиесі- құқық нормасына негізделген қаржылық қатынастар,жеке
және заңды тұлғалардың уақытша бос қаржыларының банктің атынан несие
алушылардың қарамағына тартылып, жан-жақты келісімдер негізінде тиімді
орналастырылуы.Банктік несиелендірудің ең маңызды үш еоекшеліктерін бөліп
шығаруға болады.Біріншіден –несие беруді банктер әрдайым кәсіби түрде,
арнайы Ұлттық банк лицензиясы бойынша ғана жасайды және олар жалпы
экономиканы несиелендірумен айналысады.Екіншіден, банк несиесі тек қана
ақшалай беріледі, ал басқа несие беру келісім-шарттардың объектісі тек қана
ақша емес, басқа да тауарлар,материалдық құндылықтар бола береді.Үшіншіден,
Банктердің қатысыуымен өтетін несиелендіруде қайтарылу, мерзімділік,
төлемділік принциптері болады, ал басқа несие беру түрлерінде тегін берілуі
мүмкін8. Банк несиелері классификациясы несие алушылардың түрлеріне қарай
бөлінеді де, төменде берілген суреттегі үлгіні құрайды.

Сурет. Банктер несиелерінің типтік классификациясы

Экономикамыздағы банктердің несиелендіру шараларының ең көбі сауда-
өндіріс өнеркәсіпті несиелендіруге арналған.Бұлардың ішінде несиелендіру
мерзіміне қарай айналым активтеріне авансылауға арналған қысқа мерзімді
және қаржы салымдарының маңызды бір қайнар көзі болып табылатын ұзақ
мерзімді нсиелендірулерді бөліп қарауға болады.Несие тек компанияның
қаржылық жағдайын мұқият тексеруден кейін ғана беріледі.Несие берілгеннен
кейін де банк несие алушының жағдайын бақылап отыруға тиіс.Бұл шараның
мақсаттары-біріншіден, берілген несиенің келіскен мерзімде қайтарылу
ықтималдылығы, екіншіден, мерзімін ұзату қажеттілігі.
Несиенің шетелде тағы да көп тараған түрі-жылжымайтын мүлік
кепілдігіне берілетінипотекалық несиелендіру. Бұл несиелер тұрғын үй және
өндірістік ғимараттар салу, реконструкция жасау және сатып алуға
баытталған.Ипотекалық несиелендірудің жақсы жақтары:
-несие берудің, басқаға қарағанда , қаупі төмен, өйткені берілген
қарыз кепілдікте тұрған мүлікпен қамтылған;
- бұл несиелер ұзақ мерзімге берілетін болған соң, банкті клиентпен
жиі кездесуден босатады;
-ипотекалық несиелендіру банкті үздіксіз клиентурамен қамтамасыз
етеді, кепілдемелер қайталама нарықта жылдам айналып тұрады да, банкке
өзінің тәуекелін диверсификациялауға несие берілгеннен кейін ипотеканы ату
арқылы мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ипотекалық несиелендірудің бірқатар кемшіліктері де
бар:
- банк штатында арнайы мамандардың болуы қажет, ал ол қосымша
қаражаттардың шығынына алып келеді. Бірақ бұл мәселені арнайы
мекемелермен жұмыс өткізу арқылы шешуге болады, соның өзінде де банк
шығындарға ұшырайды;
- ипотекалық несие берудің ұзақ мерзімдік сипаты банк қаржыларының ұзақ
уақытқа оқшаулануына ықпал етеді. Бұл жағдайда банк әдетте кепілде
тұрған мүлікті қайталама рынокқа шығару арқылы шешім табады;
- ипотекалық несиелендірудің ұзақ уақытқа берілетіндігі банктің
болашақтағы табысына кері ықпалын беруі мүмкін , өйткені бірнеше жыл
бұрын пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне болжам жасау өте қиын.
Депозиттер бойынша пайыздардың көтерілуі қауіп туғызуы мүмкін. Осы
сияқты проблемалар өзгермелі пайыздың мөлшерлемелерін пайдалану
арқылы шешіледі.
Жеке адамдарға көбінесе тұтынушылық және дербес түрде несие беріледі.
Шетел тәжірибесінде тұтынушылық несиелерді ұзақ уақытқа пайдалануға
арналған тұтынушылық тауарларды сатып алуға арналған ссуда деп
атайды10,187б. Несие беушілердің айырмашылығына қарай, халықты
тұтынушылық мақсатқа несиелендірудің тікелй және жанамалы тұлғамын бөліп
шығаруға болады. Бұл несиелердің қамтамасыз етілген және қамтамасыз
етілмеген түрлері болады.
Мысалы, көлік алуға , сол көлікпен қамтамасыз етіліп несие берілген
кезде несие алушы банкке қарызын төлей алмайтын болса , көлік те, оның
қамтамасыз етілген мүлігі де банк меншігіне аударылады. Сонда көлік
сатылады да, банк алдындағы берешектер содан түскен қаржыдан төленеді,
бірақ бұл жерде қауіп деңгейі жоғары болады, өйткені сатылу бағасы
берешектен төмен болуы мүмкін, л бұл жағдай банктің тағы да артық шығынына
әкеледі.
Дербес несиелер қайталанатын жаңартпалы несие түрінде, не болмаса
қамтамасыз етілмеген формасында несие алушының қаржылық жағдайын тарең
тексеру мен сараптаудан кейін беріледі. Жаңртплы несиелендірудің бір жақсы
қасиеті- несие алу процесін едәуір қысқартады да , алдын ала белгіленген
келісілген шарттар негізінде қайта-қайта беріле береді, бұл келесі жолы
берілетін несиеніңбелгілі бір мөлшерін ғана жаңартуға мүмкіндік береді.
Осындай несиелендіру түріне кредит карточкалары жатады. Несие карточкалары
тауарлар мен қызмет түрлерін алдын ала банкпен келісілген лимит мөлшерінде
пайдалануға арналған. Банк өзінің клиентінің қаржылық міндеттемелерін несие
есебіне төлеп отырады. Егер карточка иесі банктің несиесін 25 күн
аралығында төлейтін болса, онда ол үстінен төленетін пайыздан босатылады.
Ауыл шаруашылық несиелеріне қажеттілік науқандық сипатқа ие, өйткені
аграрлық өндірістің өзі де циклға байланысты болады. Несиелер науқанның
шығынын жабуға арналады да , өзінің табиғаты бойынша сауда-өнеркәсіптік
несиелерге ұқсас болып келеді. Әдетте, мұндай несиелер болашақ астықпен,
малмен және ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етіледі. Өндіріс
құралдарын сатып алуға арналан несиелер көбінесе орташа , кейде ұзақ
мерзімге берілетін болғандықтан, салмақты қамтамасыз етуді талап етеді.
Ауыл шаруашылық неиелеріне қауіп туғызатындар: ауа райының құбылыстары,
болашақ астықтың болжамды сатылу бағасының өзгеруі. Бұның бәрі де қарызды
қайтара алмау қаупін туғызып отырады, болмаса банк алдындағы
міндеттемелерін толық атқара алмаған жағдайда банк шығынға ұшырап отырады.
Жалпы Қазақстандағы ауыл шаруашылыққа арналған несиелендіру жүйесі ең
алғашқы құру кезеңіндегі қалпында қала берсе, бұл жүйенің құрылуына
мемлекеттік саясаттың әсері де зор екенін білдіреді. Тәжірибе көрсеткендей,
мемлекеттің аграрлық секторды тікелей несиелендіруде қатысуға тырысуы
көбінде кері ықпалды нәтиже береді. Бұл жағдайда мемлекеттің қаржы
құралдарын шаруа субъектілерін тікелей несиелендіруге емес; ауыл
шаруашылығын несиелендіру рыногында жұмыс істегісі келетін жаңадан құрылып
келе жатқан құрылымдарға кепілдік ретінде беруге пайдалану жөн болар.
Демек, мемлекет, бір жағынан, өзінен аграрлық саланы шексіз және тиімсіз
қаржыландыру жүгін алып тастаса, ал екінші жағынан агробизнес институттары
мен банк жүйелерінің бастамаларын қолдар еді.
Бағалы қағаздар алуға арналған несиелер де беріледі. Мұндай несиенің
өзіндік ерекшеліктеріне орй, несие алушылар- бағалы қааздар рыногында алып-
сатумен айналысатын дилерлер мен брокерлер болып табылады. Берілетін несие
арқылы несие алушы баға құнының айырмашылығының арқасында табыс түсіріп,
қарыз берушінің де пайыздарын беріп отырады. Жалпы несие рыногында
сатылатын бағалы қағаздар экономиканың дамуы мен өсуіне ілгерінді ықпалын
тигізіп отырады .
Коммерциялық банктердің несиелері банк мекемелерінің арасындағы несие
ресурстарының қайта бөлнуінің құралы болып табылады.
Банкаралық несиелер рыногы банктердің қажеттілігіне қарай қызмет
етеді, ол қысқа мерзімге негізделеді.Бұл несиелендірудің тиімділігі
жасалатын келісімдердің ерекшеліктеріне байланысты болады, себебі
несиелендіру рыногы өзгермелі келеді және оның негізгі мақсаты-банк
балансының қажетті өтімділік деңгейін сақтап отыру.
Банктік емес қаржы мекемелеріне берілетін несиелер.Банктік емес қаржы
мекемелеріне-қаржы компаниялары, инвестициялық банктер, дербес несие беру
банктері, ссуда-жинақтау ассоциациялары, кепілдеме операцияларымен
шұғылданатын компаниялар, несие одақтары және т.б. жатады. Коммерциялық
банктерге берілетін несиелер, олардың қаржы қорын құрайды да, басқа қаржы
түрлеріне айналдырылып, несие алушыларға беріледі, олар пайыздағы
айырмашылықтан пайда түсіреді.
Үкімет органдарына берілетін несиелер олардың уақытша қажеттілігіне
арналып беріледі. Мұндай несиелер- бағалы қағаздар арқылы орналастырылған
заем шығарумен қатар, үкімет органдарын қаржыландыруға арналған ең маңызды
шаралардың бірі. Шетел мемлекеттерінің үкімет органдарын несиелендіру
қажеттілігі, мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін жабуға, төлем балансын
реттеуге және ірі масштабты инвестициялық бағдарламалардың өткізуінен
шығады.
Шетелдік үкімет органдарын несиелендірудің көбі дамыған елдерде
өткізіледі. Шетел банктеріне берілетін несиелер де үлкен инвестициялық
бағдарламаларды өткізуге арналып беріледі. Сонымен қатар, евровалюталық
ссуда-капиталы рыногында несиелерге үлкен сұраныс болып тұрады, бұл жерде
банктерден басқа банктік емес институттар, іскер фирмалар қарыз алушы болып
табылады.
Жоғарыда айтылған банк несиелерінің он түрінен біздің республикамызда
тек екі түрі ғана дамыған: ссуда-өндірістік несиелер және банкаралық
несиелер. Осылардың ішінде көп тарағаны- ссуда-өндірістік несиелер.
Банкаралық несиелендіру, өмір сүру тарихы аз болғанмен, жалпы мөлшері
бойынша екінші орында болады. Банктік жүйе 1995жылдың ортасында заңды түрде
бекітілген, осы кезеңнен бастап банкаралық несиелендіру рыногы жұмыс істей
бастады. Несиенің тұтынушылық түрі де жақсы дамыған.
Бағалы қағаздарға арналған несиелендіру бағалы қағаздардың қайталама
рыногында өткізілетін алып-сатарлық операцияларға жатады, бұл тек дамыған
бағалы қағаздар рыногына тән, ал біздегі рынок енді дамып келе жатыр11,
36б.
Мемлекетіміздегі әр түрлі несиелердің даму қарқынын қарастыру
барысында өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің нәтижелеріне баға
беруге болады. Ал үкімет органдарын несиелендірудің өсу динамикасы
экономикамыздың дамуындағы негативті тенденцияларды көрсетеді.Бүгінгі
жағдайда мемлекеттің шығындары табысынан басымырақ болып келеді, ЖІӨ
экономикалық даму көрсеткіштерінен төмен келеді, төлем балансында
экспорттан импорт басымырақ. Ал несиенің тұтынушылық формасының көп таралуы
экономикамызды сауықтыру процесінің белгілерін, оның ішкі тұрақтылығын
жақсарту және ұзақ мерзімді даму болашағы бар екендігін сипаттайды.

1.2 Несие алушының несие қабілеттілігін бағалаудағы ұйымдастырушылық-
экономикалық мәселелер

Қазіргі несиелеу жүйесі несие алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, несие алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдану әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Несие алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Несие алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу
қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің
дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Банк тәжірибесінде көп кездесетін жағдай – несие алушы несие
қабілеттілігінің қажетті көрсеткіш деңгейіне жету үшін берілетін
ақпараттарды әдейі өзгертіп береді. Қаржы есептерінің деректері
пайдакүнемдік мақсатпен бұрмалануы, алдын ала жалған есептерге негізделген
несиелерді алуға мүмкіндік береді. Банк осындай несие алушымен қарым-
қатынасқа отырғанда шығындарға ұшырайды, себебі берілген кепілдіктер іс
жүзінде қамтамасыз етілмеген. Банк несиелерінің тәуекеліне әкелеті тағы бір
себеп – несие алушының қаржы жағдайы туралы берілетін ақпараттардың толық
болмауы. Несие алушының несие досьесінің толық болған несиелік қабілеттілік
пен қаржылық тұрақтылықты айқындайтын түп дерек болып табылады. Сараптау
нәтижесінде жіберілген қателіктедің кесірінен несие тәуекелдерінің мынадай
түрлеріне әкеліп соғуы мүмкін: төлеу мерзімінің өтіп кету қаупі; несиенің
қайтарылмау қаупі. Төлемдердің мерзімі өтіп кету қаупі, бұлар қарыз алушы
несиені пайыздарымен қосып уақытылы қайтара алмаған кезде пайда болады да,
ал бұл жағдай банктің өтімділігіне кері ықпалын береді. Несиенің өтелмеу
қаупі несие келісімінің шарттары орындалмаған жағдайда және негізгі қарыз
бен оның пайыздарын уақытында төлеуге ешқандай шамасы болмаған кезде пайда
болады12, 183б.

3. Шетелдік банктердің несие қабілеттілікті бағалаудағы тәжірибелері

Шет елде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға
маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе
агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт
негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма Дан энд Брэд форд 3 млн. Жуық
АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы
ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер
ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес,
несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі
факторлар, ал 33% -ы сыртқы факторлар үлесі келеді (1кесте).

1- кесте.
Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

Ішкі факторлар 67% Сыртқы факторлар 33%
Қамтамасыз етудің 22% Компанияның банкроттығы 12%
жетіспеушілігі
Несиеге деген өтінішті оқып 21% Кредиторлық қарызды қайтаруын 11%
үйрену барысында ақпаратты талап етуі
дұрыс бағалауы
Алдын ала ескерту белгісіне 18% ЖұмыссыздықЖанұя мәселелері 6%
кеш көңіл бөлуі және
операциялық бақылаудың
әлсіздігі
Қамтамасыз етілудің сапасының5% ҰрлықАлдау 4%
нашарлығы

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар
қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес.
Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін.
Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк
қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге
тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді
басқаратын аппараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер
мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі,
яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі,
акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің
жоғарылығы жатады.
Қарыз алушының сәтсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы
айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған несиелер
бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші рет мерзімі ұзартылғаннан
кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады және басқаларды
жатқызуға болады).
Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың
дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел кластарына жіктейді:
- ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
- ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
- шектеулі тәуекелі бар несиелер;
- ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес
несиелер).
Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін өтелмеген несиелердің
өзіндік үлесі белгіленеді.
Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз
алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және
оның алған қарызды банкке уақтылы қайтаруына байланысты сенімділігін
бағалауда көптеген әдістер қолданылуда.
Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін
жете бағалау тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады. Несие
алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде
кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI
әдістерін жатқызуға болады.
PARSER:
Р - Person – потенциалды қарыз туралы ақпарат, оның беделі;
А – Amount – сұрайтын несие сомасының негіздемесі;
R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;
S – Security – қамтамасыз ету құралы;
E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;
R – Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз
мөлшерлемесі.
CAMPARI
Character – қарыз алушының беделі;
A – Ability – қарыз алушының бизнесін бағалау;
M – Means – ссудаға деген қажеттілігін талдау;
P – Purpous – несиенің мақсаты;
A – Amount – несие сомасының негізделуі;
R – Repaiment – несиені қайтару мүмкіндігі;
I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.
Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс
таңдай білуде алты си ережесі қолданылады:
- character (қарыз алушының сипаты);
- capacity (қаржылық мүмкіндігі);
- cash (ақшалай қаражаты);
- collateral (қамтамасыз етуі);
- conditions (жалпы экономикалық жағдай);
- control (бақылау).
Несие алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін,
қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді.
Несие алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін
сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығытары және олардың алдағы уақыттағы
өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш
көзі болады:
1. Нақты ақшалар тасқыны;
2. Активтерді сату;
3. Қаржыларды тарту.
Көрсетілген көздердің кез келгені несиені қайтаруға арналған
қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені
қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды,
себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін
деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын
бәсеңдетеді.
Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының
нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:

Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация (1)
тасқыны + Кредиторлық қарыз
– Тауалы-материалды
құндылықтар қоры және
дебиторлық қарыз

Бұл формуланың артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз
алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз
алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.
Қамтамасыз етуі. Сондай-ақ банк қарызының қамтамасыз етілуін яғни,
оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның
өтімділік дәрежесіне мән береді.
Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы
шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты
қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық
конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және т.б.
қарастырады.
Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға
бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және
саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген
сияқты сұрақтарға жауап іздейді.
Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай
көрсеткіштер қолданылады:
1. Активтер сапасындағы коэффициенттер:
а) К1 = несие бойынша зияндарнесие бойынша қарыздың орташа сомасы.
б) К2 = Несие бойынша Несиелердің жалпы сомасы
Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі активтердің сапасын
бағалау үшін пайдаланылады. К1-дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың
банктері үшін 0,5 – 1,0 %, ал К2 –К 0,7 – 1,5 %. Оңтүстік Американың
банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5 –
2,0%. Солтүстік Америкада 1980-жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын
мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер
бойынша көптеп шығындануы кезеңінде К1-дің мәні 1%-ке жуық болған. Ал
қазіргі кезде американдық банктерде К1 шамамен 0,45 – 0,6%-ті құрайды.

1. Тәуекелге, шағылған маржа (RAM) =

Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян
= ___________________________________ _____
(2)
Активтер

Тәуекелге шағылған маржа (RAM – risk adjusted margin), - бұл несиелік
тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIM – gross interest margin).
Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен
де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек
қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3 –
3,5%-ды құрайтынын куәландырады.

Таза пайыздық табыс (NII)
Таза пайыздық маржа =_________________________
(3)
(NIM) Активтер

Таза пайыздық табыс + Басқа да
табыстар
Жалпы пайыздық =__________________________________ _____ (4)
маржа (GIM) Активтер

2. Проблемалық несиелер Несиелердің жалпы сомасы
3. Бір қарыз алушыға келетін несие Банктің меншікті капиталы
Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін
несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспауы тиіс. Бұл әрине
несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.
4. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер
Банктің меншікті капиталы.
Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын,
директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие
алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарық алушылар жатады.
Несиелерді сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар. Несиенің
сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие
сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері
пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қатарылуы
күмәнсіз, және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің
көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің
көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелері бойынша
анықталатын нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты
несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде,
тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз
несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды
төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол
жеткізеді.
Несиелік тәуекелді басқару, реттеудің негізгі әдістеріне мыналар
жатады:
- несиелік портфельді диверсификациялау;
- қарыз алушының төлем қабілетін алдын ала талдау;
- несиелік тәуекелді жабуға арналған резерв құру;
- несиелік портфельдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау және
қолдау;
- несиелердің қамтамасыз етілуін және олардың мақсатты пайдаланылуын
талап ету.
Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу – кез келген банк қызметінің
қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі
мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық
несиелердің пайда болк себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты
олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес,
күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және
байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік
процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б.
жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға
қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.
Жаңа шарт несиені қайтару кестесіне бағытталып, банк пен қарыз алушы
арасындағы басты мақсат – проблемалық несиелерді жою жолында, өзара
келісілген іс-әрекеттерді қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық
банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді
қамтиды:
Бірінші кезеңде банк және қарыз алушы нағыз серіктестер ретінде әрекет
етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып, қарыз алушыға несиені өтеудегі
мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.
Егер қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, яғни қарыз алушының
қаржылық жағдайы жақсармаса және ссуданың өтелуіне көз жеткізу мүмкін
болмаса, онда банк келесі кезеңге – қамтамасыз етілген мүлікті сатуға
көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату – бұл несиенің қамтамасыз ету
туралы келісім-шартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру
процесін білдіреді. Қамтамасыз етілген мүлікті аукцион және басқа да
жолдармен сату ссуданы қайтарудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бірақ
бұл жерде көптеген кедергілер де болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету
мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.
Бұл жерде оны бағалау, нарықтық перспективаларды есепке алып
жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету құралы, проблемалық несиені қайтаруға
толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең – несиені сот арқылы іздеу жұмысы
жалғасады. Сот, қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін
талап ету туралы шешім шығарады. Сот сондай-ақ, банкке қарыз алушының
қандай табыс көздері мен активтері арқылы несиені қайтаруға болатынына
көмектеседі.
Сот шешімінің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра
алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып
табылады. Сонымен, таңдау жолдары келесідей:
1. Борышқордың мүлкін тәркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында
қарызды қайтару.
2. Тіркелген мүлікті баспа беттегі аукциондары арқылы сату;
3. Борышқордың үшінші бір тұлғадағы қаражаттарына арест жасау.
4. Банкке тұрақсыз борышқордың мүлкін басқарушы тұлға ретінде мәртебе
беріледі.
Мерзімі өткен ссудалармен жасалатын банк жұмысының нәтижесі
борышқордың банкроттығы болып табылады. Бұл бесінші кезең. Банкроттық – бұл
күмәнді несиелерге қолданылатын соңғы шешім құралы.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕ АЛУШЫНЫЫҢ НЕСИЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

2.1 Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

Қазіргі несиелеу жүйесі несие алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, несие алушының несиелік
қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдану әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Несие алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Несие алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу
қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің
дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау ( қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).
Несие алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет
етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай
келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары,
сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады.
Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс
тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның
басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне
байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш
беруге,несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге
құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі –
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы
зор:
1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және
қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни
ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз
алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап
отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі – қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша
көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы.
Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу
барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына
кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен
сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың
жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы
салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің
несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол
сияқты, ссудалардың сапалылығын бағалап отырып, банктік қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
- іскерлік тәуекелді бағалау;
- менеджментті бағалау;
- қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- ақша тасқынын талдау;
- қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ
пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетімен
байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық
зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек
1994 ж. мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген "Қарыз алушының несиелік
қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы", сондай-ақ
АҚШ-та және басқа да елдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)
Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыру
Коммерциялық банктердің несиелік cаясатын қалыптастыру
ҚР ипотекалық несиелеу және оның экономикалық және құқықтық негіздері
Банктік несиенің түрлері
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру жолдары
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау - банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Пәндер