Шоқан Уәлиханов Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев



Кіріспе

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай . сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды. Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар қоғамдық.саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы «Бостандық, теңдік, бауырластық» деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден.цбір түрткісі болған ағартушылар, француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір, екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру, көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп.төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Батыс Еуропа елдерінде XVIII ғасырда дүниеге келді. Бұл Батыс
Еуропада феодалдық құрылым тоқырауға тіреліп, зиялы қауымның дамуға жаңа
бағыт ціздеген кезі болатын. Ағартушылар мақсаты жоғарыда айтылғандай –
сауат ашу, білім тарату. Әрине бұдан келіп Батыс елі ХҮІІІ ғасырда сауатсыз
болды деген пікір тумаса керек. Ол кезде сауаттылар да, ғалымдар да болды.
Бірақ олар тек үстем тап өкілдері еді. Олар мен қалың халық арасындағы
алшақтық орасан болатын. Халық тегіс сауатсыз болғандықтан ағартушылар сол
қалың елді, бұхараны сауаттандырып, көзін ашпақ болды. Сондықтан, олар
қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына кезінде тиімді әсер етті. Егер ҮХІІІ
ғасырдың аяғында Ұлы Франция революциясы Бостандық, теңдік, бауырластық
деп ұранмен көтерілген болса, оның бірден-цбір түрткісі болған ағартушылар,
француз философтары еді.
А) Қазақстан жеріндегі ағартушылық, негізінде, ХІХ ғасырда өріс
алып, тарады. Бірақ, қазақ елінің Батыс елдерінен үлкен айырмашылықтары бар
еді. Қазақ арасында үстем таптар мен кедейлер арасында сауаттылық жағынан
айырмашылық аз болды. Бәрі дерлік бірдей сауаты кем болды. Бұл бір,
екіншіден, қоғамдық санасы, бостандығы жағынан да айырмашылық күрделі
болмады. Сөз бостандығы қазақ арасында күнделікті әдет еді. Дегенмен, қазақ
елінің өзіндік проблемалары болды. Ол ел бірлігін сақтау, қазақ жеріне
сырттан келіп, қол сұғушылыққа, отаршылдыққа халықтың наразылығын арттыру,
көзін ашу, елді еңбекке, білімге шақыру. Сондықтан қазақ жеріндегі
ағартушылықты екі бағытта алып қараған жөн. Біріншісі, бұл бір жағынан
патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың
құнарлы жерлерін билеп-төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына
қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, ақшалы тауар қатынасы
күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдылы дәстүрі
бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап,
күңіреніп, елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері: Дулат
Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы
(1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-
1768) тағы басқалар.
Тоталитарлық тәртіп кезінде оларды патриархалдық өмірді көксеуші,
Ресейге қарсы болған кертартпа идеология, Зар заман өкілдері деп қарады.
Зар заман деген Шортанбайдың бір толғауы солай аталатын. Сондықтан,
олардың аттары аталмайтын, толғаулары тарихтан сызылып тасталған еді.
Байқап қарасақ, олардың елді кері тартпақ болған идеологиялары емес, қайта
қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И.Герценнің Колокол
(Қоңырау) газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған екен. Олар екі
жүзділік, зұлымдық, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп
қынжылады. Екіншісі, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық қозғалыс.
Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі
зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әрқилы болғанмен,
түпкі мақсаттары бір – елді прогреске ұмтылдыру болды.
Дулат Қазақстан жеріне еніп жатқан тауарлы-ақша қатынастарының халық
мінез-құлқына, салт-санасына тигізген керағар әсерін былай толғап сынады:
Мынау азған заманда,
Қарасы – антқор, ханы арам,
Батыры көксер, басы аман,
Бәйбіше – тантық, бай – сараң,
Боз баласы – бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң.
Дулат пен Шортанбай бірінің ойын бірі осылай толықтырып,
жалғастырған болса, дәл осы қоғамдық ойдың екінші жағын Мұрат жырау былай
толғап, елді азаттық күреске шақыру дәрежесіне дейін көтерілді:
Еділді тартып алғаны
Етекке қолды салғаны,
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны
Ойылды тартып алғаны
Ойдағысы болғаны.
Әменде біз Зар заман өкілдерін прогреске, Ресейге қарсы, кертартпа
(реакциялық) ақын деп бағалап келдік. Бірақ, мәселенің мәніне үңіліп қарап
көрсек, олар кертартпа емес, керісінше қазақ халқының санасын оятпақ болған
ақындар болып шықты. Математикада мынадай ереже бар: (-а)-ны (-а)-ға
көбейтсек, плюс (а) квадрат болады. Сондай-ақ, қоғамдық өмірде бір нәрсені
терістеу арқылы оны дұрыс нәтижеге итермелеп, жоғары мақсатқа жеткізуге
болады. Зар заман ақындары қазақ аулына тауарлы-ақша қатынастары енуіне,
патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шығып, елдің санасын
оятты, көзін ашты, халықты күреске шақырды. Сондықтан да, Зар заман
өкілдері бастамасын ХХ ғасыр басында Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар
жалғастырды.
Егер, қазақ жерінде бұрын-соңды 300-дей түрлі ұлт-азаттық
көтерілістер, қозғалыстар болды десек, соларға түрткі болған әлгі ақындар
еді. Сонда Зар заман өкілдері ағартушылар болмағанда кім болады? Әрине,
Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ халқын тікелей білімге, еңбекке шақырса,
Шортанбай, Дулат, Мұрат өмірдегі түрлі болып жатқан көңілсіз жағдайларды
ащы сөздермен түйреп, сынау арқылы елді ілгері басуға, сілкініп, көтерілуге
шақырды. Сондықтан біз оларды да ағартушылар дейміз.
Батыс Еуропада ағартушылық қзғалысы басталғанда, олардың да көрнекті
өкілдері өмірдегі кертартпалық жағдайларды батыл сынау арқылы елдің санасын
оятты, Бостандық, теңдік, туыстық! деп ұран тастады.
ХІХ ғасырдың адамзат тарихында ерекше орыны бар. Көптеген елдерде
революциялық-демократиялық қозғалыстар етек алды. Ресейде алғаш дворян-
революционер А.Н.Радищевтің ісін қолдап, ілгері дамытқан, патша өкіметіне,
бсыбайлы құлдыққа, шіркеуге қарсы шығып, оларды реакция тірегі деп білген,
шаруаларды революциялық күреске шақырған А.И.Герцен, В.Г.Белинский,
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. болды. Олар материалистік тұрғыдан
ой қозғап, еңбектер жазды. Біріншіден, олар жоғарыда айтылғандай,
революционер-демократ болып, халықты революцияға шақырды, екіншіден, олар
социалист-утопсит еді, социализмге шаруалар қауымдастығы арқылы жетуді
көздеді.
Сол кезде, бұған дейін айтылғандай, басқа ұлт-аймақтардағы сияқты,
қазақ жерінде білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға
бастады. Біз оларды революционер-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист,
тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Шоқанның туған
атасы Уәли хан Абылай ханның үлкен баласы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында
(қазіргі Көкшатау облысының Володар ауданы) аға сұлтан болған. Шоқан сол
жерде дүниеге келген. Ол 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусында оқуға алынып,
оны 1853 жылы бітірген. Оған дейін ол елінде қазақ мектебін оқып, арабша
хат таныды. Корпуста оқып жүріп, өзімен бірге оқитын досы Г.Н.Потанинмен
бірге прогресшіл мұғалімдердің ықпалымен ой-өрісі кеңіп, тез жетіледі. 1854
жылы табиғатында зерек Шоқан Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік Батыс
аймағын басқарған генерал Г.Х.Гасфорттың (1790-1874) адьютанты болды. Сол
кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы
Омбыдан Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі
жылы Омбыдан Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экспедицияларға қатысып,
Жетісудің, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануар дүниесін, халқының әдет-
ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинайды,
әрбір халықтың ерекшеліктерін байқайтын суреттер салады. Ал мұның алдында
ол Қытай Империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып,
қайтадан Омбыға оралған болатын. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы
Шоқан Ыстықкөл сапарының күнделігі, Қытай империясының батыс провинциясы
және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген және тағы басқа құнды
еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан
1857 жылы 27 ақпанында Орыс География қоғамының толық мүшесі болып
сайланды. 1858 жылы Семейде жабдықталған арнайы сауда керуеніне қосылып, ол
Қашғарға саяхат жасады. Онда Әлімбай деген жасырын атпен 1858 жылдың 1
қазанынан 1859 жылдың 11 наурызына дейін болып, сол елдің саяси құрылысы,
табиғаты, халқының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар
жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға
берілген әскери Бас Штабтың жолдамасында: Бұл мейлінше қызықты, пайдалы
еңбек ... – деп көсетілген. Бірақ 1861 жылы науқасы меңдеген Шоқан елге
қайтып оралады. Оның үстіне Ресми Петербург, патша үкіметі оны салқын
қабылдады, тауын қайтарды. 1864 жылы Шоқан Орта Азияны Ресейге қосу
жөніндегі Ташкентке бағытталған бағытталған М.Г.Черняевтің әскери отрядына
шақырылды. Бірақ бұл жорықта М.Г.Черняевтың Әулиеата, Шымкент маңындағы
жергілікті бейбіт халыцққа жасалған қан төгу ісіне, зеңбірекпен атқылап,
үйлерін қиратып, өртегеніне наразы болған Шоқан армияны тастап, Тезектөре
еліне барады да, сол жерде 1865 жылы дүние салады. Бұл қазіргі Алматы
облысындағы Алтынемел жотасының етегі болатын. Ол кезде Шоқан әлі отызға да
толған жоқ еді.
Ш.Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасына тоқталатын болсақ, ол
самодержавиелік-басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы
шыққан Ресей прогресшіл демократтар тобына жақындағанын дәлелдеді. Ол қазақ
қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі. Оның көзқарасына қазақ
даласына айдалып келген демократ петрашевскийшілер сияқты озат ойшыл
адамдар игі ықпал жасады. Ф.М.Достаевский, Г.Н.Потанин, Я.И.Полонский,
К.К.Гутковский, С.Ф.Дуров т.б. оның жақын достары болды. Шоқан алдымен
елжанды, адамгершілігі мол, интернационалист жан еді. Ең алдымен, өзімнің
туған халқымды, сосын Сібірді, сосын Ресейді, содан кейін барлық әлемді
сүйемін, - деп жазды Шоқан. Сөйткен есіл ер әкесін де, Патшалық Ресей
әкімшілігінен де түсіністік таппады.
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын
Еуропа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. Сот реформасы
жазбаларында Шоқан Патша өкіметі жүргізген сот реформасында бай, сұлтан,
билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгенін, қазақ еңбекшілері
солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін әшкереледі.
Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екенін айқындады.
Халық мүддесін іс жүзінде қолдау үшін 1862 жылы Шоқан Атбасар
округіне аға сұлтан болып сайлануға әрекет жасады. Сол кезде
Ф.М.Достоевскийге жолдаған хатында ол осы әркетін айта келіп: Елдестеріме
пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктер мен қазақ
байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім - өз басымның
мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету
еді, - деп жазды. Бірақ оның бұл мақсаты орындалмады, аға сұлтан болып
сайланбады.
Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға
алмағанымен, көпжағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Оның діни
ұғымның тууы жөніндегі пікір өте құнды. Қазақ жерінді ол Ислам дінімен
қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің
гносеологиялық тамырын ашты. Даладағы мұсылмандық туралы деген еңбегінде:
Ислам діні қазақ халқының ойы мен сезіміне кедергі жасап, орта ғасырлық
қараңғылықты уағыздайды, қазақ халқын орыс мәдениетінен бездіреді, - деп
жазды. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез
дамуы үшін қазақ жерлерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан
босату қажет деп көрсетті. Шоқан Орта Азия, Шығыс Түркістан елдерінің
тарихын,мәдениетін, тұрмыс-салтын зерттеді. Қырғыздардың Манас эпосын
зерттеп, ол туралы ғылыми пікір айтты. Жоңғария очерктерінде Шоқан ең бай
мәдени ошақтары болған Самарқан, Хиуа, Тәшкен, Ферғана, Бұхара
кітапханалары мен обсерваториясы ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қирағанын өкінішпен
айтады. Ол көшпелілер варвар деген еуропанцентристік пікірге үзілді-қарсылы
қарсы шықты. Мәселен, қазақтрадың тілі, ауыз әдебиеті бай, қолөнері
дамыған, олай болса, ол халықты қалайша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Уәлиханов шығармашылығын
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың ағартушылық қызметі
Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық - саяси көзқарастары
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер
Қазақ ағартушыларының философиясы
Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар
Пәндер