Діннің түрлеpi



Кіріспе
Дін . әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси . әлеуметтік, дүние танымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның ара қатынасы, адамның танымнан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін . адам пайымының бүкіл әлем мен болмысы, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл . ойы мен сана . сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындйтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеумметтік мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі . адамның ақыл . ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философияның түсіндіруінше, Дін дегеніміз . әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие . Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі еркенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты . адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымсдамасы бойынша рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи,
саяси - әлеуметтік, дүние танымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым
замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде
Құдай мен адамның ара қатынасы, адамның танымнан тыс күштердің барлығын
мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысы, қоршаған дүниеге,
табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл – ойы мен сана –
сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен
жаратылысқа деген көзқарасты айқындйтын мифология, философия және ғылымнан
ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды
әлеумметтік мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.
Діннің басты белгісі – адамның ақыл – ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын
болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философияның түсіндіруінше, Дін
дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл
әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне
ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі
еркенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты –
адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса,
ислам тұжырымсдамасы бойынша рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде
тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға
арналады.

Діннің түрлеpi
Ғалымдар шығу тeгi, доктриналары, әдістері және жақтастарына қарай
діндерді бірнеше бөлімдерге бөлген. Осы бөлімдерге бөлген адамдар түрлі
діндерден және ұлттapдaн болған. Бip бөлігі мұсылман, бip бөлігі христиан
және еврей, ал бip бөлігі басқа діндердегі адамдар болып табылады. Бұлардан
мұсылман ғалымдар дінді Құранды негізге ала отырып бөлімдерге бөлген.
Ұлы Алла Құранда Али-Имран cүpeci 319, 85; Рум cүpeci 3030; Саф
cүpeci 619; Тәубе cүpeci 933 аяттарында дінді анықдап, бөлiмдepгe бөлді.
Осыған орай діндер екіге бөлінеді. 1) Хақ дін, 2) Хақ емес дін (батыл).
Хақ дін Ислам. Ал Ислам пайғамбарлардың ортақ діні, әрі Алла разы
болған жалғыз дін. Хақ діннің кұрушысы Алла, шығу тeгi — уахи, бұзылмаған
және сол қалпында қалған дін. Құран Кәрім өзгеріп-өзгермеуіне қарай да
діндерді eкiгe бөледі.
1) Өзгертілген діндер.
2) Өзгертілмеген дін.
Өзгертілген діннің кұрушысы Алла, шығу тeгi уахи болған, бірақ уақыт
өте келе түрлі себептермен бұзылған, өзгерген, өзгертілген және тазалығын
жоғалтқан. Ал илаһи дін бұзылғанда немесе өзгертілгенде Алла бip пайғамбар
жіберіп, адамдарға жаңадан таза дінді, яғни Исламды білдірген. Мысалы,
еврейлердің және христиандардың діні баста ислам діні еді. Бірақ уақыт өте
келе түрл себептермен еврейлер мен христиандар діндерін таза қалпында ұстай
алмай, оны бұзып, өзгертті. Сондықдан Алла Хз. Мұхаммедті соңғы пайғамбар
етіп жіберді және оған соңғы дінді уахи етті. Құранды уахи етіп, таза және
соңғы дін Исламды адамдарға жаңадан білдірді.
Өзгертілмеген бip ғана дін — Ислам діні. Түскен кезінен бүгінге дейін
таза қалпын сақтаған Исламның сенім, ғибадат, құлықтық (моральдық)
негіздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалған, өйткені,
Исламның қайнар көзі болып табылатын Құран Алладан Пайғамбарға түсірілген
күйінде сақталып, қазірге дейін жеткен.
Алайда, бұрынғы пайғамбарларға жіберілген Зәбүр, Тәурәт және Інжіл
атты қасиетті кітаптар қорғалмай, уақыт өтe келе өзгертілген. Оларға
адамдардың сөздері, философтардың және дін адамдарының көзқарастары
қосылған. Нәтижеде бұл кітаптар Алланың сөздері болу қасиетін жоғалтып,
адамдардың сөзі болып қалған. Діндердің кейіннен бұзылуы шындығында қайнар
көзі болған қасиетті кітаптардың бұзылуы және өзгертілуі нәтижесінде
болады. Діндер доктрина құрылымдарына және сенім жағдайларына байланысты
екіге белінеді.
1. Тек тәңірілік діндер:Бір Аллаға сенім негізшіне сүйенген діндер
болып табылады. Мұндай діндерде тек Тәңірлік негізге алынады. Алланы барлық
жағынан бip екеніне және оған cepiк (ортақ) қоспау сеніміне сүйенеді. Ислам
мұндай дінге үлгі болып табылады.
2. Көп тәңірлік діндер: бірнеше тәңірдің бар екенін қабылдайтын сенім
жүйесі. Пұтқа табынушылық екі тәңірілік (дуалистік), натурализм, көне грек,
көне рим және көне мысыр діндері (политеист) көп тәңірлік діндер болып
табылады.
Құрылымдарына қарай діндер екіге бөлінеді.
1. Құрушысы болған діндер, құрушысы белгілі, құрушысы Алла немесе
адам болған діндер: Исламият, Буддизм, Брахманизм және Христиандық сияқты.
2. Құрушысы болмаған, әдет-ғұрыпқа сүйенген діндер. Дәстүрлі түрде
жасаған, әдет-ғұрып түрінде өмір сүрген діндер: Яхудилік, Мысыр, Рим, Грек
діндері сияқты.
Діндер ерекшеліктері мен мазмұндарына қарай үшке бөлінеді:
l. Алғашқы діндер: Анимизм, тотемизм, натуризм және
фетишизм сияқты діндер. Бұл діндерде дін сезімі және сенім негіздері
жeтiлмeгeн.
Анимизм (латын тіленде animus - жан, рух) жан мен рухты Tipi және өлі
табиғаттың сезіммен қабылданатын барлық заттары мен құбылыстарында
жасырынып жататын, оларды басқарып отыратын жаратылыстан тыс күш деп
санайды. Анимистік ұғымда егер жан жеке затпен яки оның бip белігімен
байланысты болса, онда рух дербес тіршілік етеді, белглі бip затқа дари
алады. Рухтарға табыну негізіне сүйенеді. Рух пен түс тақыраптарындағы
алғашқы пікілер мен сенімдер адамдарды осындай сенімге жетелеген. Жақсы
рухтардың жақсылығын алу, жаман рухтардың жамандықтарынан қорғану
мақсатынан туған дін. Көптеген алғашқы қоғамдарда осындай сенім кездеседі.
Тотемизм (ототеман - Солтустік Америка үндістерінің тілінен, "оның
тeгi" деген мағына береді) құбылысын неғұрлым терең зерттеген ғалым - дін
социологиясының негізін салушы болып танылатын Э.Дюркгейм діннің көне наным
нысандары және олардың бертінгі көріністері әлеуметтік интеграция факторы
болып табылады деген тұжырымға келді. Ең алғашқы қоғамдар, клан және
тайпаларда кездесетін бip сенім түрі. Бүгін Африка мен Азияның кейбір
аймақтарында осындай сенім дегі тайпалар бар. Тотем құрметтеген жануарға
табыну негізіне сүйенеді. Тотем жануарды қасиетті деп санайды, оған
ешқандай зиян , келтірілмейді. Ал тотем адамды қорғайды. Тотем бүркіт,
қасқыр, арыстан сияқты бip жануар немесе жансыз болмыс болады.
Натуризм. Табиғат болмыстарына илаһи және жоғары бip күш бар екеніне
иман ету діні. Әрдайым, табиғатпен бipre өмір суретін адам баласы кейде
кейбір табиғат болмыстарынан және оқиғаларынан әсерленіп, қорыққан.
Нәтижеде ағаштарға, жануарларға, өзендерге, тауларға, айға, жұлдыздарға,
күнге, бұлттарға және жаңбырға табынған. Осылайша натуризм (табиғатшылық)
сенімі пайда болған.
Фетишизм ("ерекше қасиеті бар зат" португал сөзінен) - жансыз
заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге
негізделген. Фетишизм путқа табынудан, бойтұмар тағынудан, т.с.с-дан айқын
көрінеді. Бұл заттарда рухтардың, аруақтардың, тотемдердің куаты бар деп
саналады. Яғни, бұл өмірдегі күнделікті заттар құдіреттің символына
айналдырылады. Осыдан о дүние туралы, табиғаттан тыс күштер туралы сенім
қалыптасады.
2. Ұлттық діндер: Белгілі бip халыққа немесе ұлтқа тиісті діндер.
Яхудилік және буддизм сияқты діндер. Мұндай діндердің ережелері мен
кұндылықтары тек қана өз халыктарына байланысты болады.
Яхудилік.
Яхуди Иуда мемлекетіне мүше кici деген сөз. Көпше түрі - яһуд. Бұл
сөз түpiк тілінде "яһдилер" деп қолданылады. Яхуди сөзін Иуда аймағында
орналасқан ескі Израиль халқының жаңа нәсілдері үшін қолданылғаны айтылады.
Худ сөзі яһудилерді анықтайды деп айтқандар да бар.
Қауым ретінде аралас ұлт түріндегі яһудилер көбінесе әлеуметтік және
діни қоғам болып қабылдануда. Яхудилердің қасиетті катабы Тәураттағы
мәліметтер, олардың алғашқы ғасырдан бастап сол аймақаты конандықтар,
амурлықтар, амалика және мысырлықтармен араласқанын көрсеткен.
Яхудилердің, яғни Израиль ұлдарының үлкен аталарының Ибраһим пайғамбар
екенін және олардың б.э.д. 1800 ж. Jlyх пайғамбардың қауымымен қосылып,
солтүстік: Месопотамия аймағынан Харранға (Урфа) қарай көшкені
айтылады.Бірақ бұл жерде үлкен ашаршылыққа ұшырап, айналадағы қауымдардың
шабуылынан кейін Мысырға көшкен.
Израиль ұлдары (яһудилер) атауларын Ибраһим пайғамбардың немересі және
Израиль лакабымен танылған Яқұп пайғамбардан алған. Яқұптын, 12 баласынын,
арасында қызғаныштан туған келіспеушілік яһудилердің Мысырда перғауындар
өлкесінде таралым өмір сүруіне және Мысырдан кетуіне себеп болған. Мұса
пайғамбардың басшылығымен Израиль ұлдары Мысырдан кеткен. Хз. Мұсаның
басқаруымен Мысырдан кеткен яһудилер Сина түбегіндей Тих даласына келіп,
кейіннен Сирия мен Палестина аймақтарына тарады. Бұл жерде біріккенімен
б.э.д. 933 ж. Израиль және Яһуда атты екі мемлекетке бөлінген. Хз. Мұсаның
уағыздаған дінін қабылдамаған. Израиль мемлекеті Солтүстігіген келген
шапқыншылық кезінде қасымға алынып, кейіннен б.э.д. 705 ж. Асур патшасы
Саргон тарапынан жойылады.
Ал Яһуда мемлекеті б.э.д. 599 ж. Бух-туннасрдың Кудуске (Иерусалим)
Kipyi және яһудилерді бұл жерден шығаруына байланысты тарап кетті.
Яхудилер кейіннен дінге бет бұра бастады, өздеріне өмір беретш бip
діни жаңалық жасауға тырысты. Бірақ құрылған тыным мәжілістерінде Тәуратқа
көптеген өзгерістер енгізеді. Тәуратқа дін адамдарының сөздерін қосып,
қазіргі түрше келтірді. Тәураттың түрлі тілдердегі аудармалары да осы
дәуірден қалған.

Индуизм.

Индуизм біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол
адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды.Олар; қасиетті істер жолы; таным
жолы; адалдық жолы.

Индуизмнің тұңғыш қауымы – адживак тақуалық жолын тұтып, тән
құмарлығымен күресті. Вишнуға табынды. Адживака діни идеяларын
бхагаватамитолықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде
құрмет көрсетті. ХІІ ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр
орнатты.

ХV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде
атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі
жоғарылай түсті.

Йога Ведаларға сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып
табылады. Ол әрі философия, әрі тәжірибе, жекелей алғанда, әр адамның рух
еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз
сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналған. Йога жүйесінде құдайға сену
азаптан құтқарылуға бағытталған іс – қимылдың шарты және теориялық
дүниетанымдық көзқарастың элементі ретінде қарастырылды. Дара қосылу
адамның өзінің даралығын сезінуі үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы
меңгерген жағдайда адам самадха күйіне енеді.

Индуизмнің тағы бір арнасы – пурана діни – мистикалық поэмалары.Оларда
космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогиясы топтастырылған. Индуизм
тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның
құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтықсыз

мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып,Тримурти
немесе үштік ұғымы орнығады. Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы
бас құдаймын деп жариялағаны үшін оны Шиваның жазалап, бес басының бірін
шауып тастағаны, сөйтіп оның адам – құдай бейнесін алуы туралы айтылады.

Синтоизм.

Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылыми синтоизм деп атайды.
Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың
өздері оны каминотмити деп атайды.

Жапондықтардың діни сенімдері VІІІ ғасырда Кодзики және Никонги деген
жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде
жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар
түсінігі жоқ. Көне мифтерді нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп,
жер – дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болады.
Жер бетіне шығатын батпақ құдайы, оның қарындасы – құм құдайы, құдайлар
туралы мифтерді жапондықтардың өздері мекен ететін араладың пайда болуы
жөніндегі қияли түсініктер тұрғысынан қарастырған дұрысырақ тәрізді.

Жапондықтардың ең сүйікті құдайы – барлық жасампаздық игі істердің
бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм паентеонында бұдан өзге мыңға жуық
құдай бар. Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.

Жапондықтар адам өлімін сырт көзге бей – жа, салқынқандылықпен
қабылдайды, қатты қиналып, аза тұтпайды. Әр адам туысының өлімін тек өз
басының ғана қайғысы деп санайды.

Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған үлкен алаң
түрінде болып келеді. Оның ішіне жуынып, тазалану үшін хауаз жабдықталады,
садақа үлестіру салтына нұқсайтын өрім - өрім қағаздар байланған бамбук
таяқшалар шаншылады. Құлшылық рәсімін атқаратын басты орын – үшінші
қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайдың белгілері ретінде қылыш, айна
және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және
қайырымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың
храмдар тұрғызылады. Олар қатарынан бірнеше камиге немесе сол жерде ерекше
құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып,
жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналогты-сандық және сандық-аналогты түрлендіру әдістері
Халықаралық маркетингтін қазіргі проблемалары
Аналогты-цифрлық және цифрлық-аналогтық түрлендіргіштер
Разрядты коды бар АЦТ
Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері
Сызықты электр тізбектерін есептеу
Жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда жаңа технологиялар қолдану
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Жалақы төлеу мерзімдері
Математикалық бағдарламалау
Пәндер