Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау



ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне түсінік.
1.1. Мемлекеттің қаржылық жүйесі және қаржылық қызметі ... 5.7
1.2. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9
1.3. Қаржы жүйесінің қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11
ІІ. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау.
2.1 . Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Қаржы жүйесінің құрамы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.14
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржыны жетілдіру
жолдары.
3.1. Мемлекеттік қаржылар. Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі
бюджет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.16
IV. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі.
4.1. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.19
4.2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның
даму қарқынын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ.

Экономика және басқару факультеті.
Экономикалық теория және бизнес кафедрасы.

Курстық жұмыс
Қазақстанның қаржы жүйесі.

Орындаған: Даулетқалиева А.А
Тексерген: Жұмағалиева М.Ю

Орал қаласы- 2012ж
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне түсінік.
1.1. Мемлекеттің қаржылық жүйесі және қаржылық қызметі ... 5-7
1.2. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-9
1.3. Қаржы жүйесінің қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11
ІІ. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау.
2.1 . Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.2. Қаржы жүйесінің құрамы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржыны жетілдіру
жолдары.
3.1. Мемлекеттік қаржылар.  Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі
бюджет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15- 16
IV. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі.
4.1. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19
4.2. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның
даму қарқынын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықша әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Зерттеудің мақсаты:
Қаржының экономикалық мәнін ашу және оның ұйымдастырылуымен және оған бақылауды зерттеу. Осы мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер туындайды:
Зерттеудің міндеттері:
# қаржы жүйесінің экономикалық мәнін түсіну;
# қаржының қажеттігіне, атқаратын қызметіне тоқталу;
# қаржы жүйесінің функцияларына тоқталу;
# Қазақстандағы қаржы жүйесінің қалыптасуына талдау жасау;
# қаржы жүйесін дамытудың бағыттарын ұсыну.
Зерттеудің маңызы:
Қаржы жүйесінің мазмұнын, функцияларын қарастырып, оның Қазақстандағы ахуалын талдау арқылы, нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамытудың бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
+ І - бөлімінде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне түсінік деп аталады.
+ Екінші бөлімнің мазмұны - Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау.
+ Үшінші бөлімінде - Қазақстан Республикасындағы қаржыны жетілдіру жолдары және қалай дамыту керек екенін ұсыну.
+ Төртінші бөлімінде- Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесін талқылау.
+ Қорытында бөлімінде барлық курстық жұмыс ішінде жазылғандарға қысқаша және мазмұнды етіп баяндау.
Осы курстық жұмысты жазғанда көптеген әдебиеттер мен мерзімді баспалар қолдандым. Әсіресе оның ішінде Есентүгелов А. Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық дамуының стратегиясы нақты және болашақ Алматы - 2003 ж. қолдандым.

І. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне түсінік.
0.1. Мемлекеттің қаржылық жүйесі және қаржылық қызметі.
Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық- экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы, тар мағынада алғанда -- мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы- несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни, қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары, табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Қаржылық қызметі. Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді.
Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады. Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай - ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы - қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұны, рөліне және іс - қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару түрінде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы:

- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;
- мемлекет кірістерінің көздеріне;
- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына;
- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі;.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:
1. Орталықтандырылған мемлекетті қорларға , мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері.
Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады . Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай - заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар - депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады" қаржыландыру - қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру несиелендіру - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма - қол ақшасыз және қолма - қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады. Қолма - қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

0.2. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы
Қаржы - бұл мемлекет, занды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық катынастар жуйесі. Қаржы ақша кұралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау және ЖҰӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалык құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.
Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі каржы катынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтан-дырылған, орталыктандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар - ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалпы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар оңтурлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың каржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы, занды тұлгалар мен мемлекет арасындағы және заңды түлғалар мен жеке түлғалар арасындағы каржы катынастары.
Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін кұрайды. Мұнда қаржы ресурстарының маңызды бөлігі калыптасады.
Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады.

0.3. Қаржы жүйесінің қағидаттары.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмеңгі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстын үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал- ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде - залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

ІІ. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау.
2.1. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар.
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қаржылардың маңызды бөлігі. Ол арқылы ЖYenӨ салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді.
Бюджет - ол табыстар мен шығындардын баламасы. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің ролі тарихи дамудың әртүрлі дендерінде бірдей емес. Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлык мемлекеттерде бюджеттік жуйе мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федералды мемлекеттерде аралық бөліктер - штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен тұрады. Бюджеттік жүйе арқылы бюджеттің бөлу және бақылау қызметтері жузеге асырылады.
Бөлу қызметі мемлекеттік максаттар мен кызметтерді орындау ушін түсімдердін әртурлі каналдары және олардын қолданылуы арқылы мемлекетте ақшалай кұралдардын шоғырлануын көздейді. Кейбір елдерде бұл қызметті өзінің аймақтық органдары арқылы мемлекеттік қазынашылык органы атқарады.
Бақылау қызметі экономиканың әртурлі құрылымдық звеноларында акшалай құралдарды қалыптастыру мен пайдалану процестеріи бакылау шараларын жургізуден көрінеді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік аппаратты үстау, қорғаныс, денсаулык сактау, білім, әлеуметтік жәрдемакылар төлеу үшін ақшалай ресурстардың орталықтандырылған қорын кұрады. Бюджет шаруашылық коньюнктурага ықпал ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеудін, оны тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудын куатты тетігі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға ықпал етуі каржыландыру, субсидия беру, трансферттер аркылы жүргізіледі.
Мемлекеттік шығындар бюджет шығысында көрсетіледі, сондықтан олар тиімді және сандық сапалық экономикалык өсуді камтамасыз етуі тиіс. Бұл мемлекетпен жүргізілетін фискалдык саясат мына мақсаттарға жауап беруі тиіс:
- экономикалық циклдың ауытқуын бәсендетуге;
- экономикалық өсу қарқынын арттыруға;
- жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне кол жеткізуге;
- инфляцияның қолайлы қарқынына қол жеткізуге.
2.2. Қаржы жүйесінің құрамы.

Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критериге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл - ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржыны жетілдіру жолдары.
3.1. Мемлекеттік қаржылар.  Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.

Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ара қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер_кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
Банк жүйесінің құрылымы
Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі
Е-қаржымині жүйесіне қойылатын жалпы талаптар
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Қаржы секторы
Дүниежүзілік валюта жүйесі
Валюта жүйесі: түрлері, элементтері
Төлем жүйесінің теориялық аспектілері
Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта қр-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары
Пәндер