Ірі буржуазия өкімет басында



КІРІСПЕ
Адамзат санасында еш ұмытылмас тарих оқиғалары болады. Олардың көпшілігі ірі соғыстар, революциялық зор дүмпулер, шаруалар көтерілістері қоғамды өзгертіп, бір қоғамды екінші қоғаммен алмастырады. Осындай түбегейлі өзгеріс тудырған тарихи оқиғалардың қатарына ХҮІІІ ғасырдың соңындағы француз революциясы жатады. Онан кейінгі ғасыр оқиғалары революциялык туы астында өтеді. XIX ғасырдың алдыңғы қатарлы адамдары үшін 1789.1793 жылдар қүдіретті биіктіктер болып қала берді, осы бағытпен олар өздеріне жол салды. Виктор Гюго мен Джордж Байрон, Генрих Гейне мен Александр Герцен өлеңдері мен прозаларында осы ұлы және каһарлы кезеңнің даңқын асырды. Олар революция процессінің құрделілігін, қайшылықтарын түсінді, бірақ оларды бұл қорқыта алмады. А.Герцен былай деп жазды: "Землетрясение французской революции шло частными обрывами и потрясениями..." /1./ Ал ағылшын ақыны Байронды француз революциясы қозғаушы күштерінің әрекеті қызықтырды. Байрон 1813 жылдың 23.24 қарашасында күнделігіне Мирабо мен Сен.Жюстке үқсағысы келетінін жазып, оның себебін былай деп түсіндірді: "Действия, действия . а не сочинительство, особенно в стихах"/2.61/.
Диплом жұмысының өзектілігі маркстік.лениндік идеология туы астында орнаған 70 жылдан астам салтанат құрып, халықты "бәрі халық үшін" деген ұранмен уландырған социалистік тоталитаризм системасы күйреп, оның орнына егеменді, тәуелсіз мемлекеттер орнап, олар нарықгық.экономикалық қатынасты орнатудың құрделі кезеңін бастан кешіріп жатқан уақытта ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы Француз революциясы тарихы батылдыққа, төзімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа, қиындықтарды жою жөніндегі жігерлікке үйрететіндігінде.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Адамзат санасында еш ұмытылмас тарих оқиғалары болады. Олардың
көпшілігі ірі соғыстар, революциялық зор дүмпулер, шаруалар көтерілістері
қоғамды өзгертіп, бір қоғамды екінші қоғаммен алмастырады. Осындай
түбегейлі өзгеріс тудырған тарихи оқиғалардың қатарына ХҮІІІ ғасырдың
соңындағы француз революциясы жатады. Онан кейінгі ғасыр оқиғалары
революциялык туы астында өтеді. XIX ғасырдың алдыңғы қатарлы адамдары үшін
1789-1793 жылдар қүдіретті биіктіктер болып қала берді, осы бағытпен олар
өздеріне жол салды. Виктор Гюго мен Джордж Байрон, Генрих Гейне мен
Александр Герцен өлеңдері мен прозаларында осы ұлы және каһарлы кезеңнің
даңқын асырды. Олар революция процессінің құрделілігін, қайшылықтарын
түсінді, бірақ оларды бұл қорқыта алмады. А.Герцен былай деп жазды:
"Землетрясение французской революции шло частными обрывами и
потрясениями..." 1. Ал ағылшын ақыны Байронды француз революциясы
қозғаушы күштерінің әрекеті қызықтырды. Байрон 1813 жылдың 23-24
қарашасында күнделігіне Мирабо мен Сен-Жюстке үқсағысы келетінін жазып,
оның себебін былай деп түсіндірді: "Действия, действия - а не
сочинительство, особенно в стихах"2.61.
Диплом жұмысының өзектілігі маркстік-лениндік идеология туы астында
орнаған 70 жылдан астам салтанат құрып, халықты "бәрі халық үшін" деген
ұранмен уландырған социалистік тоталитаризм системасы күйреп, оның орнына
егеменді, тәуелсіз мемлекеттер орнап, олар нарықгық-экономикалық қатынасты
орнатудың құрделі кезеңін бастан кешіріп жатқан уақытта ХҮІІІ ғасырдың
аяғындағы Француз революциясы тарихы батылдыққа, төзімділікке, бірлікке,
ұйымшылдыққа, қиындықтарды жою жөніндегі жігерлікке үйрететіндігінде.
Содан бері 200 жылдан астам уақыт өтті. ХҮІІІ ғасырдың аяғында жаңа
қоғамға есік ашқан француз революциясының 200 жылдық юбилейін дүниежүзінің
алдыңғы қатарлы топтары атап өтті. Дүние жүзінің тарихшы ғалымдары ХҮІІІ
ғасырдағы Француз революциясы тарихын тиянақты зерттеді, Францияның Ұлттык
архивіндегі мындаған кұжаттар беттері ашылды. Соның нәтижесінде бірнеше
томдық күжаттық материалдар, зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар
жарық көрді.
Диплом жұмысының тарихнамасы. Кеңес тарихшыларының ішінде француз
революциясына жоғары баға беріп, жан-жақты зерттеген тарихшы А.З.Манфред
болды. Ол жас кезінің өзінде-ак, 1921-1922 жылдары Саратовта кешкі мектепте
оқи жүріп мектеп дәптеріне революция туралы қысқа очерк жазды. Бұл дәптерді
ол өмір бойы сақтаған. Оның француз революциясына өте қызыққаны туралы
Францияның ірі тарихшысы Фернан Бродель былай деп жазады: "Я был этим
потрясен в 1958 г. в Ленинграде, когда отмечалось 200-летие рождения
Робеспьера мне кажется Альберт Манфред был крайне огорчен недостатком к
нашей Великой революции. И мне кажеться, он от этого страдал. Но, любя,
неизбежно страдаешь"3.26. Манфредтің революция туралы алғашқы кітабы 1950
жылы жарык көреді4. Оны ол толықгырып, біршама жаңартып 1956 жылы қайта
шығарады. Кітап неміс, қытай, венгер, француз, испан, португал тілдеріне
аударылады.
А.Манфредтің 1979 жылы "Три портрета эпохи французской революции" 5
деген еңбегі жарық көрді. Ол бұл еңбегінде француз революциясының көрнекті
қайраткерлері - Жан-Жак Руссо, Оноре-Габриэль Рикетти де Мирабо және
Максимилиан Робеспьердің өмірін, қызметін, көзқарасын, ішкі дүниесін ашып
көрсетеді. Осылардың өмірі арқылы сол дәуірдегі Францияның қоғамдық-саяси
дамуының едәуір ерекшеліктері сипатталады.
А.Манфред XIX ғасырдың соңғы кезеңіндегі Франция тарихын зерттей
жүріп, өзі сүйген Радищевтің сөзімен айтқанда "восемьмнадцатый век", яғни
француз революциясы тарихымен шүғылдануды ешқандай тоқгатпайды. Француз
революциясы ірі ғалымның көп жылдар бойы айналысқан зерттеуі болып
табылады. Соның нәтижесінде осы оқиғаның толық көрінісі "Великая
французская революция"6 атты еңбегінде суреттелген. Бұл кітапта француз
революциясына арналған негізгі еңбектері оның ішінде революциялық оқиғалар
тарихы бойынша очерк, революцияның биік шыңы - якобиндік диктатураға терең
талдау жасайды. Еңбекке Робеспьер мен Марат туралы ғылыми мақалалар енген.
А.Манфредтің Францияда бірнеше рет болуы оның көрнекті француз
тарихшылары Ф.Бродель, Э.Лабрусс, А.Собуль, Ж.Годшолармен достық қатынаста
болуы оның қаламынан М.Робеспьер туралы ғылыми еңбек тудырды 7. Бұл
туындысында Манфред кейбір зерттеушілердің Робеспьерді ұсақ буржуазияшыл
деп сипаттауымен келіспеді, якобиндерден ол буржуазия, шаруа, қаланың
плебейлерінен санкюлоттары одақты көріп, якобиндік өкіметке нақты талдау
беруді талап етті. А.З.Манфредтің француз революциясының тарихы туралы әр
тұрлі салада зерттеулері осы проблеманы зерттеушілерге көмектесіп,
актуальдылығын еш уақытта жоғалтпайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары француз революциясының
тарихнамасына сол күннің талабымен зерттеуші шетелдік тарихшылар еңбектері
жарық көрді. Соның ішінде көрнекті француз тарихшысы А.Собульдің Париж
халқының әлеуметтік құрылымын, олардың әлеуметтік-саяси ұмтылысын, халық
қозғалысы мен якобиндік өкімет арасындағы қатынастың құрделілігін зерттеген
еңбегі жарық көрді8. Халық қозғалысы мен оның революциядағы ролі жөнінде
ағылшын ғалымы Дж.Рюде шығармасында көрініс тапқан9.
Француз революциясының 150 жылдық юбилейіне арнап, Кеңес
тарихшыларының ұжымдық еңбегі жарық көрді10. Авторлар онда француз
өмірінің жан-жақты саласын және революция кезеңіндегі халықаралық
қатынастарды кең зерттеген. Сонымен қатар онда отарлау мәселесі, құқық,
мәдениет және тұрмыс мәселелері арнайы қаралған. Бұрынғы зерттеулерге
қарағанда "батпақтардың" қызметіне басқаша сипаттама берілген.
Француз революциясы тарихын А.З.Манфредпен қатар жан-жақты зерттеген
Лениндік сыйлықтың лауреаты, үлкен ғалым В.П.Волгин. Оның архивтік
коллекция негізінде жазылған ХҮПІ ғасырдағы революциялық қайраткерлердің
көзқарастарының қалыптасуын және олардың қызметтерінің бағыттарын көрсеткен
еңбегі жарық көрді11.
"Француз революциясы. Құжаттар мен зертеулер" сериясы бойынша
революциялық Франциядағы қоғамдық таптардың бірі буржуазия тұрінде -
буржуазияның жан-жақты зерттеуге арналған 1989 жылы монография жарық
көрді12. Мұнан бұрын осы серия бойынша қаралып отырған мәселе жөнінде
көптеген еңбектер шыққан болатын: Пименова Л.А. Дворянство накануне Великой
французской революции. М.,1986; Адо А.В. Крестьяне и Великая французская
революция. М.,1987; Кожокин Е.М. Французские рабочие: от Великой буржуазной
революции до революции 1848 года. М.,1985.
Жоғарыда аты көрсетілген төрт бөлімнен тұратын кітапта сипаты жағынан
буржуазиялық болып табылатын Француз революциясының тарихының ең маңызды
мәселесі әртұрлі аспектіде зерттеледі. Көптеген жылдар бойы француз
қоғамының "жоғарғыларының" -дворяндар мен буржуазия - тарихы ақтаңдақ болып
келді. Оны шетелдік тарихшылар да мойындады. Ф.Фюренің мына сөзі соның
айғағы: "в социальной истории революции народные массы, городские и
сельские, известны лучше, чем буржуазия". Осы орайда бұл зерттеу олқылықгың
орнын жабарлықгай.
Кітаптың бірінші бөлімі Е.М.Кожокиннің "Французская буржуазия на
исходе старого порядка" деген очеркіне арналған. Онда Кожокин жеке,
аймақгық архивтерде жинақталған материалдарға сүйене отырып, буржуазияны
сол кездегі замандастары қалай қабылдады, ХҮІІІ ғасырдың II жартысына
буржуазияның қалыптасу жолдарымен бірге олардың алғашқы әдебиеттік және
ғылыми қоғамдар, философиялық салондар, массондық ложалар, провинциялық
академиялар қызметтерін көрсетеді.
Кітаптың келесі екі очеркі революцияның саяси тарихы проблемаларымен
таныстырады. Олар белгілі бір хронология мен нақты тақырып аясында
берілген. Э.Е.Гусейновтың "Жиронда в период Законодательного собрания"
очеркінде революция өрлеу жылдарындағы негізгі буржуазиялық саяси топтың
алғашқы тарихы баяндалады. Алайда, автор жирондистердің саяси құрестерін
баяндамайды. Д.М.Туган-Барановскийдің "На пути к брюмеру. Буржуазия и
политическая борьба в 1797-1799гг." очеркінде Революцияның соңғы
фазасындағы буржуазияның позициясын суреттейді. Онда Директория режимі
дағдарысы мен Республиканың ҮІІІ жылы 18-19 брюмердегі 9-10 қараша
1799жыл Наполеон Бонапарт жасаған төңкеріс кезіндегі буржуазиялық
қайраткерлер мен ірі буржуазияның саяси орентациялары зерттеледі. Ал
кітаптың соңғы бөлімі А.В.Ревякиннің "Буржуазия после Французской революции
первая половина ХІХв." деген очеркіне арналған. Мұнда Революциядан
кейінгі буржуазияның саяси-әлеуметтік жағдайы мен көзқарастары баяндалады.
Ағылшынның көрнекті тарихшысы Т.Карлейльдің француз революциясы
тарихына арналған классикалық еңбегі 1837 жылы жарық көріп, 1907 жылы орыс
тіліне аударылған. Француз революциясының 200 жылдығына орай оның еңбегі
қайтадан жарык көрді13. Оның еңбегі ұлы тарихи драманы, оның қозғаушы
күштері мен оқиғаларын көркем тарихи тілмен нақты дәлдікпен берілгендігімен
ерекшеленеді. Карлейль еңбегінің Бастилия деген бөлімінде Людовик ХҮ-тің
өлімі, өнеркәсіптің дамуы, Париж парламенті, Бас Штат, үшінші сословие,
Консолидация, әйелдер көтерілісі деген проблемаларға тоқталса, ал
Конституция атты тарауында Конституцияның мәні, жұмысшылар қозғалысы,
жұмысшыларға рухани қуат берген "Марсельеза" әнінің ықпалымен болған
оқиғалар сипатталады. Гильотина тарауында Францияда көптеген ғасырлар
үстемдік еткен монархияның құлауы, буржуазиялық террор, жаңа буржуазияның
өкімет басына келуі баяндалады.
Неміс тарихшысы В.Блостың еңбегі14 революция қарсаңындағы Францияның
әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның басқа елдерге қарағанда даму
ерекшеліктері, діннің үстемдігі, Людовик ХҮІ мен оның маңайындағылардың іс-
әрекеті Құрылтай, Заңшығару жиналыстарының қызметтері, Ұлттық Конвенттегі
партиялар, Тау мен Жиронданың құресі, Директорияның орнауы, Бабефтің
қастандыгы, Наполеон Бонапарттың Францияны Батыс Европадағы күшті
мемлекетке айналдыру жолындағы соғыстары, Наполеон енгізген басқару формасы
- Консульдық және Францияға қарсы ұйымдастырылған коалициямен болған
соғыстарды ашып, көрсетуге арналған. В.Блостың бұл көлемді зерттеуі
қарапайым тілмен, маркстік-лениндік идеологияның әсерінсіз орыс тіліне
аударыпған.
Кеңес тарихшылары халық қозғалысын якобин диктатурасы, якобиндік
көсемдердің көзқарастары мен қызметтері проблемаларын жете зерттеді.
Я.М.Захер 20-шы жылдардан бастап, "құтырғандар" тарихымен, А.В.Адо Ұлы
буржуазиялық революция кезіндегі шаруалар қозғалысымен айналысты. 1956 жылы
Ж.П.Мараттың мақалалары мен сөздерінің үш томдығы жарық көрді15. Ол
А.З.Манфредтің алғы сөзімен, В.М.Далиннің көрнекті революционердің
көзқарасының қалыптасуы мен қызметінің әртұрлі кезеңдерін сипаттауларымен
жабдықталынған. 1965 жылы Максимилиан Робеспьердің үш томдык таңдамалы
шығармалары жарық көрді16. 1958 жылы Одессада якобиндік диктатураның
тарихы туралы Жоғарғы оку орындары арасында ғылыми конференция өткізілді.
Конференция материалдары 1962 жылы жарық көрді17. Жинақта якобиндік
диктатура кезіндегі халық көтерілісінің ролін көрсетуге ұмтылыс жасалған,
А.Л.Нарочницкаяның зерттеуі якобиндік диктатураның сыртқы саясатына
арналған.
Көрнекті тарихшы В.Ревуненковтың якобиндік диктатурасының өзіндік
концепциясын, кейбір Кеңес тарихшыларының осы проблемаларды зерттеулерін
сынаған кітаптары мен мақалалары жарық көрді18. Оның еңбектері осы
мәселені зерттеумен айналысып жүрген тарихшылар арасында пікірталас
туғызды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы Француз революциясы туралы ғылыми мақалалар
"Исторические анналы французкой революции", "Вопросы истории", "Новая и
новейшая история", "Международная жизнь" журналы беттерінде көптеп
жарияланды. Робеспьер мен оның маңайындағылардың іс-әрекетін, көзқарастарын
терең зерттеумен арнайы Қоғам шұғылданады. Бұл Қоғамды француз тарихшысы
Матьез құрса, 1932-1959 жылдары көрнекті прогрессивтік бағыттағы тарихшы
Ж.Лефевр басқарады.
Француз революциясының тарихы жөнінде Жоғарғы оку орындарының тарих
факультетіне арналған әр кезеңде шыққан хрестоматиялар мен оқулықтарда
терең жазылған19. Оқулықтарда Францияның революция қарсаңындағы
әлеуметтік - экономикалык жағдайы, феодалдық - абсолюттік құрылыстың
өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың дамуын тежеуі, қоғамның
әлеуметтік құрылымы, оның ішінде үшінші сословиенің ауыр жағдайы,
абсолютизм, оның басындағы шексіз билікті жүзеге асырған Бурбондар
династиясының өкілдері — Людовик ХІҮ, Людовик ХҮ, Людовик ХҮІ — қызметі,
революцияның туындау алғы шарттары, халықтың рөлі, Бастилияның құлауы,
жирондистердің билігі, якобиндіктер, революциялық-демократиялық диктатура
және оның саясаты, революцияның құлдырау себептері сияқты мәселелер толық
баяндалған.
Бұл диплом жұмысының мақсаты ХҮІІІ ғасырдың аяғында сол кездегі
Европаның феодалдық-абсолюттік құрылыс дәуіріндегі елдерін сескендірген,
тарихта тұңғыш рет буржуазияны әлеуметтік күш ретінде іс-әрекетін
көрсеткен, Францияда ғасырлар бойы феодалдық-абсолюттік билікті абсолютизм
шегіне дейін жеткізген бурбондар династиясын құлатып, капитализм дамуына
кең жол ашқан Француз революциясы тарихына арналады. Сонымен қатар дипломда
якобиндердің көсемінің бірі болған Максимилиан Робеспьердің көзқарастарына,
іс-әрекетіне шама келгенше талдауға ұмтылыс жасалады.
Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау - Ірі буржуазия өкімет басында,
ал екінші тарау - Революция барысы деп аталады.
І- ТАРАУ
ІРІ БУРЖУАЗИЯ ӨКІМЕТ БАСЫНДА
І.І. Революцияның алғы-шарты

ХҮІІІ ғасырдың II жартысында Франция, экономикалык дамуынан тек
Англиядан ғана артта қалған Европаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің
бірінен саналғанмен аграрлы ел болып қала берді. Францияның 25 млн.-дай
халқының 90 пайызын шаруалар құрады 1.15. Франция экономикасының негізі
болып табылатын ауыл шаруашылығы өте артта қалған еді. Оның басты себебі
деревняда феодалдық қатнастардың сақталуында. ХУІІІ ғасырда өмір сүрген
француз экономисі Дюпон де Немурдың мәліметі бойынша, революция қарсаңында
корльдіктің барлық жерінің 80 пайызын, егіндік жердің 16-17 пайызын
алтыдан бір бөлігі дворяндар мен дін иелері иемденген. Шаруалар
пайдаланатын жердің де иесі феодалдар 2.17. Революция қарсаңында Өзіне
тиесілі жері мен шаруалары арқылы өмір сүрген француз дворяндары біршама
кедейленді. "Мантия дворяндары" деп аталатын сарай маңындағылар, сот
шенеуніктері буржуазия арасынан шыққандармен толығып отырды. Олар ағылшын
жентрилері сияқты не саудаға, не өнеркәсіп кәсібмен айналыса алмады. Әскери
дворяндардың - шпага дворяндарының -да жағдайы нашарлады. Бірнеше рет
дворяндарды "тазалау" жүргізілді. Дворяндар өз құқын дәлелдеуге тиіс болды.
ХҮІІ ғ. қалыптаса бастаған француз буржуазиясы әлі де нығая қоймаған еді.
ХҮІІ ғасырдың II - жартысында кардинал Ришелье басқару тұсында абсолютизмге
қарсы құрес күшейді. Ол жөне Бурбонық Людовик ХІІІ-і 1643 өлген соң тақ
бес жастағы Людовик ХІҮ-ге қалды. Регентша оның анасы Анна Австрийская
болды. Елді шын мәнісінде оның фавориті итальян Мазарини басқарды. Ришелье
сияқты сияқты ақылды саясаткер Мазарини абсолютизм саясатын жүргізді. Бұл
қоғамның әртұрлі топтарының арасында наразылықты өршітті. Францияның
оңтүстік батысындағы шаруалар көтерілісін өкіметтің әскері басты. Қалалар
парламенттері өкіметке қарсы оппозицияда болды. Париж парламенті - жоғарғы
сот палатасы - салықтарды бекітуден бас тартқанда король оның мәжілістеріне
тиым салған бұйрық берді. Құрес шиеленісті, Париж парламенті халык қолдаған
король қарарларына қарсы реформалар жүргізу жөнінде шешім қабылдады. 1648
жылы Париж парламентінің екі лидері тұтқындалды. Бұған жауап ретінде Париж
көшелерінде мыңдаған баррикадалар тұрғызылды. Бұл қозғалыс Фронда деп
аталды. 1600-1653 жылдары Фронданы аристократтар басқарып, король билігін
шектеуді және Бас Штатты шақыруды талап етті. Екінші Фронда "принцтер
Фрондасы" деп аталды3.65. Мазарини Фронданы басып тастады.
1666 жылы Мазарини қайтыс болды. Людовик ХІҮ-і елді басқаруды өз
қолына алды. Людовик ХІҮ-ің елді басқарған 54 жылының 33-і соғыспен өтті.
Соғыс мемлекеттің экономикалык жағдайын нашарлатты. Үнемі халық, буржуазия,
тіпті дворяндардың да наразылығы болып тұрды. Өнеркәсіп, сауда, финанстың
бас контролері - талантты экономист Кольбердің әрекеттері де елді
экономикалық қиындықтардан құтқара алмады. Ол меркантилизм саясатын
жүргізді. Мемлекеттің араласуымен жаңа отарларды басып алу мен игеру үшін
Ост-Инд, Вест-Инд, Левантия сауда компаниялары құрылды.
Людовик ХІҮ-ші өлген соң тақ оның 5 жастағы шөбересі Людовик ХҮ-ке
көшті 1715-1774. Оның регенті герцог Филипп Орлеанский елді 8 жыл
басқарды. Жаңа үкіметтің басты міндеті елді экономикалық дағдарыстан алып
шығу болды. Бас контролер болып, Францияны құнсыздаңған ақша-банкноттарын
шығарып, финанс дағдарысына ұшыратқан шотланд Джон Лоу тағайындалды.
Франция ХҮІІІ ғасырдың 40-60 жылдарында оның онсызда ауыр экономикалык
жағдайын құрделендірген соғыстарға қатысты. Финанстық дағдарыс сарайдың той-
думандарға шығынымен де тереңдеді. Егер Людовик ХІҮ "Мемлекет деген - мен"
десе, Людовик ХҮ "Менен кейін дүниені топан-су бассын" деді.
ХҮІІІғ. соңына қарай Франция өнеркәсібі ағылшынға қарағанда артта
болғанмен едәуір өсті. Басқаға қарағанда Руана-Гавра да мақта-мата
өндірісі, Лионда жібек өндірісі, Эльзас, Лотарингия, Арденнахта металлургия
өнеркәсібі дамыды. Елдің барлық аймақтарында шұға мануфактурасы кең қанат
жайды. Біраз кәсіпорын сәндік және әшекейлік бұйымдар шығарды. Өнеркәсіптің
дамуына байланысты қалалардың маңызы артты, халық саны көбейді. Революция
қарсаңында Парижде жарты миллиондай, корольдіктің үлкен қалалары Марсельде
- 90 мың, Лионда - 85 мың халық тұрды 4.6.
Өнеркәсіпте цехтық құрылым әлі де үстем болды. Дегенмен өнеркәсіпте
капиталистік мануфактура жетекші роль атқарды. 50-100 жұмысшы істейтін ірі
капиталистік мануфактуралар көптеп саналды. Кейбір мануфактураларда
қарапайым болса да машиналар қолданыла бастады. Мануфактураның "шашыраңқы"
тұрі кең тарады, яғни жұмысшылар әсіресе ауыл тұрғындары - шаруалар
мануфактура иесінен материалдар алып одан өнімді үйінде жасады. Алайда,
өнеркәсіптің дамуында феодалдық-абсолюттік режим астасып жатты. Ішкі
рыноктың тарлығы, өндіріске үкіметтің регламентациясы, цехтык төртіп
мемлекеттің провинциясының шашыраңқы болуы – осының бәрі өнеркәсіп
өндірісінің дамуына кедергі жасады. Осындай себептер сауданың дамуына да
салдарын тигізді. Дегенмен, соңғы онжылдықта Францияның ішкі және сыртқы
саудасы едәуір өсті. 1715-1792 жылдар арасында француз сыртқы саудасының
айналымы 4 есе өсті. Революциядан 2 жыл алдын, 1787 жылы Францияның сыртқы
саудасы 1 млрд. 155 млн. ливрге тең болды 5.7. Франция Америкамен, Европа
мемлекеттерімен, Шығыс елдерімен сауда жасады. Өзінің Вест-Индия отарына
қант, тәтті тағамдарын әкелді. Әсіресе негр-құлдармен сауда жасау үлкен
пайда келтірді. Бордо, Марсель, Гавр, Нант ірі теңіз-сауда порттарына
айналды, мүнда кеме жасау дамыды. Алайда, ішкі және сыртқы сауда дамуына
купецтердің коммерциялық шектеу қоюымен қатар Францияның ішкі
провинциясының бытыраңқылығы, кедендік-таможниялардың әр тұрлілігі,
әкелінген товарларға салынатын салықтар кедергі жасады.
ХУІІІ ғасырдың ортасына қарай француз Ағартушылығы биік шыңына жетті.
Ағартушылық француз буржуазиясы мен халықтың антифеодалдық көңіл -күйін
сипаттады. Оның жасаушылары көрнекті ойшылдар, жазушылар, ғалымдар еді.
Ғылымдар саласы бойынша көптеген сөздіктер пайда болды. Бюффонның
"Жаратылыстану тарихы" атты көп томдық еңбегі жарық көрді. Егер ХУІІІ
ғасырдың ортасына дейін монастрьлер мен аристократтарда ғана кітапхана
болса, ал ХУІІІ ғасырдың ортасында жазушылардың, шенеуниктердің,
аптекарлардың, делдарлардың өз кітапханалары болды. Көптеген француз
қалаларында кітап аукциондары өткізілді, кітаптар Голландияда, Швейцарияда
басып шығарылды. ХУІІІ ғасырдың II жартысында бүкіл елде жасырын
типографиялар, тиым салынған кітап қоймалары болды. Француз ағартушылары -
философтар, жазушылар, экономистер, тарихшылар- феодалдық-абсолюттік
құрылысқа тайсалмай қарсы шығып, оны идеологиялық сынға алды. Мұның басында
Вольтер, Монтескье, Руссо, Дидро, Д,Аламбер сиякты ағартушылар тұрды.
Олардың еңбектері, көзқарастары Францияда рухани мәдениеттің дамуында зор
роль атқарды. Сонымен қатар революция қарсаңында масондық ложалар
Францияның 300 қаласында құрылды, саны 700-ге жетті.6.39
Феодалдық абсолюттік режимнің басында корольдік өкімет, монархия
тұрды. Король бұрынғысынша шексіз билікке ие болды: оның айтқаны сөзсіз
орындалды, мемлекеттің ішкі және сыртқы істерінің барлығын шешті,
министрлер мен шенеуниктерді тағайындады, алып тастады, заңдарды шығарды,
тоқтатты, айыптады, кешірім жариялады. Король Людовик ХҮІ-шы 1774-1792
дәрменсіз, ел басқаруға қабілетсіз болатын. Оның түсында елде толық
жүгенсіздік орнады. Францияның әскери күші сырт көзге қарағанда өте мығым
болып көрінетін. Людовик ХҮІ-ның австрия принцессасы Мария-Антуанеттамен
некесі императрица Мария-Терезаның қызы Европада континенттің құдіретті
екі державасының одағы француз корольдігінің позициясын бұрынғыдан да
нығайта түсетін еді. Алайда, королева Мария-Антуанетта жеңіл ойлы, ойын-
сауыққа өте құмар болатын. Сол себептен король сарайында бір думанға екінші
думан жалғасып жатты, король аң аулауға салтанатты тұрде жиі шықты, 1400
қызметкер король қорасында 1600-дей тұлпарды баптады7.22. Абсолюттік -
монархияның құдіретті бюрократиялық аппараты өз тырнағында қоғамдық
саланың, тіпті жеке өмірдің барлық саласын ұстады. Мемлекет ұсақ және
әртұрлі бөліктерге бөлінген көптеген провинцияларға бөлінді. Әр тұрлі
әкімшілік бөліктері экономикалык жағдайларына қарап бөлінген жоқ, негізінен
олар бұрынғы феодалдык иеліктер болатын. Осыған орай провинциялардың
басқарылуы да әр тұрлі болды: әрқайсысының өз әкімшілік және сот
тәртіптері; салықтары да; әкелінген товарларға тарифтері, алымдары да,
өлшемдері, көлемдері де әр тұрлі болды. Мемлекеттік аппараттың басты
функциясы: бұқара халықты бағыныштылықта ұстау мен олардан алынатын
салықтар мен алымдарды барынша көп алу. Шенеуніктер қалыптасқан төртіптің
орындалуын, өндіріс, сауда, құрьшыс, ағарту, мәдениет, рухани өмірдің
барлық саласын қатаң бақылады.
Үкімет адамзат ойының туындыларына сақтықпен, секемділікпен қарады.
Білімнің барлық саласы корольдің арнайы цензурасынан өтті. Әрбір баспасөз
тексерілді. Революция қарсаңында, 1789 жылы заң ғылымдарына - 33,
медицинаға - 21, анатомияға - 5, математика мен физикаға - 9, қоғамдық
ғылымға - 24 цензор орнады8.23. Күдікті деп саналған шығармалар
өртелінді. Сол кез туралы Людовик ХҮІ-ы министрлерінің бірі - граф Верженн
былай деп жазды: "Во Франции монарх говорит, а народ повинуется".
Монархия қоғамның феодалдық сословиеге бөлінуін сақтады. Бірінші
сословие - дін иелері, екінші - дворяндар, үшінші сословие -қоғамның қалған
барлық мүшелері. Елде мынандай мәтел сөз тарады: "Духовенство служит королю
молитвами, дворянство - шпагой, третье сословие - имуществом"9.64.
Франция халқының 99 %-ін құрайтын үшінші сословиенің саяси құқығы болмады,
олар алдыңғы екі сословиеге және король өкіметіне тәуелді болды. Үшінші
сословиеге кіретін барлық таптар мен таптық топтар феодалдық-абсолюттік
құрылыстан жапа шеккендіктен оны құртуға мүдделі болды.
ХҮІІІ ғасырдың 80-шы жылдарында феодалдық қоғамның негізгі
қайшылықтары тым шиеленісті, Францияда 1787-1789 жылдары сауда-өнеркәсіп
дағдарысы және 1788 жылы құрғақшылық орын алды. Осының салдарынан елде
ашаршылық, қайыршылық тым өсті, босқындар көбейді. Халықтың шыдамы
таусылды, халық толқулары басталды. Төменгілер - дворяндар, шіркеу,
жергілікті және орталык өкімет езгісіндегі миллондаған шаруалар, қаланың
ұсақ буржуазиясы, қолөнершілер, жұмысшылар, қала кедейлері - бұрынғысынша
тұрғысы келмеді.
Осымен бірге жоғарыдағылар да бұрынғысынша басқара алмады. Финанс
дағдарысы, мемлекеттік қазынаның бос қалуы монархты күнделікті шығындарды
жабу үшін қаржы іздеуге мәжбүр етті. 1787 жылы шақырылған жоғарғы дворяндар
мен шенеуніктердің жиналысы король Людовик ХҮІ-мен келіспейтіндігін
көрсетіп, реформа жүргізуді талап етті. Бүкіл елде 175 жыл бойы өтілмеген
Бас Штатты шақыру үндеуі қолдау тапты. Король 1787 жылы тамызда оны
шақыруға келісім беруге мәжбүр болды, финанс ведомствасының басшысы етіп
1781 жылы реформа жүргізуге әрекеттенгені үшін жұмыстан босатылған,
буржуазия арасында кең танымал министр - банкир Неккерді қайта
тағайындады10.18. Буржуазия үстем сословиеге қарсы құресте қалың
көпшілікке сүйенді. Бас Штатт шақыру туралы хабар халықты үміттендірді.
Қалалардағы азық-түлік толқулары буржаузыия басқарған саяси қозғалысқа
ұласты. Жұмысшылар мен қала кедейлерінің ереуілдері ашық революциялық
сипатқа ие болды. 1788 жылы Ренн, Гренобль, Безансонда үлкен халық
толқулары болды, Ренн мен Безансонда әскер халыққа қарсы оқ атудан бас
тартты. 1788 жылдың күзі, 1789 жылдың қысы мен көктемінде Марсель, Тулон,
Орлеанда жұмысшылар мен қала кедейлері шенеуніктердің үйіне шабуыл жасап,
қоймалардағы астықты алып, нан және басқа азық-түліктерге төмен баға қойды.
1789 жылдың сәуірінің соңында Париж жанындағы Сент-Антуанда көтеріліс бұрк
ете түсті. Көтерілісшілер мануфактура иесі Ревельон мен өнеркәсіп иесі
Анрионың үйін талқандады. Көтерілісшілерге қарсы гвардия мен кавалерия
отрядтары жіберілді, алайда жұмысшылар табанды қарсылық көрсетті. Көтеріліс
басылды. Қанды қақтығыста мындаған адам қаза тапты, жараланды. Бұл
көтерілістер халық ашу-ызасының арнасынан асып-төгілгенін көрсетеді.
Жоғарыдағылардың - король мен феодалдық аристократия - халық наразылығын
тоқтатуға шамасы келмеді.
Бас Штат шақырылады деген хабар тараған соң деревняларда, елді
мекендерде, қалаларда бұрыңғы дәстұр бойынша депутаттарға наказдар
дайындалды. Брошюралар, афишалар, үндеулер халык арасында оқылып, талданды.
Әсіресе аббат Сиейестің "Үшінші сословие дегеніміз не?" деген брошюрасы кең
тарады. Бұл брошюрада халықтың 99 пайызын құрайтын үшінші сословиемен
санасу қажет деп көрсетілген11.162.
Бас Штат традицияға сәйкес сословие бойынша жиналатын. Алғашқы екі
сословиеге 300 орыннан, үшінші сословиеге - 600 орын берілетін. Алайда,
сайлау қалай жүргізіледі анық емес. Не жұмысшылар, не шаруалар депутаттар
болып сайланған жоқ, өйткені олар қажетті салықтарды төлей алмады. Сайлау
екі сатылы болды. Үшінші сословиеден негізінен буржуазия өкілдері,
абсолютизмге қарсы кейбір дворян өкілдері де өтті мысалы: граф Мирабо.
Бүкіл ел Бас Шттаттан финанс мәселесін шешуді ғана емес, корольдіктің
барлық өмірін өзгертетін шараларды да күтті. Осылайша 1789 жылы бүкіл
Францияны қоғамдық толғаныс қамтыды.
5 мамыр 1789 жылы Версальда Бас Штаттың мәжілісі ашылды. Король және
дворян мен дін иелерінен сайланған депутаттар Бас Штаттың функциясын
ақылдасу органы ретінде шектеуге тырысты. Олар финанстық қиындықты шешуге
назар аударды. Ал, үшінші сословие депутаттары Бас Штаттың қүқығын
кеңейтуді талап етті, оны елдің ең жоғарғы заңшығару органына айналдырды.
Бұл мәселе екі аптаға созылған дау-дамайдан кейін ғана шешілді. Алғашқы екі
сословиенің көптеген өкілдері, әсіресе ауылдық дін иелері, үшінші
сословиеге қосылды. 10 маусым 1789 жылы аббат Сиейестің ұсынысымен үшінші
сословие жиналысы үшінші сословиенің барлык депутаттарының кепілдігін
тексеру жөнінде шешім қабылдады. Бірінші және екінші сословие бұған
шақырылды, ал тексеруге келмеген депутаттар шығып кеткендер деп
есептелінетін болды. Бұл шешім өте дұрыс болды. 13 маусым күні үшінші
сословие депутаттарына төменгі дін иелері депутаттарының біразы қосылды.
Осындай шешім қабылдай отырып үшінші сословие жиналысы бүкіл ұлттардың
құқын білдіретін өкілдер екенін көрсетті. Мұнан кейін үшінші сословие осы
шешімді жүзеге асыру үшін 20 бөлімге бөлінді, өз төрағасын, бюросын
сайлады. Бұл жаңа жағдайға заңдық сипат беру қажет болды. 17 маусым 1789
жылы үшінші сословие жиналысы өзін Ұлттық жиналыс деп жариялады. Бұдан
сескенген король маңы ескі әдетін қолданды: 20 маусымға қараған түні
депутаттар залы құлыптанды. Таңертеңгісін жаңбырдан соң, бауға жиналған
депутаттар доп ойнауға арналған павильонда жұмыстарын жалғастырды. Олар
конституция жасалынып біткенше тарамауға ант берді. Алайда, 23 маусым күні
корольдің шақыруымен үш сословиенің мәжілісі өткізіліп, Людовик ХҮІ-шы
Ұлттық жиналыстың барлық қарары заңсыз деп жариялады, Жиналыстың өзін
болған нәрсе емес деп, бұрыңғы сословиелік бөлектенуді сақтай отырып
палаталар бойынша бөлінуді ұсынды. Король мен алдыңғы екі сословие мәжіліс
залынан кеткен соң Ұлттық жиналыстың төрағасы болып сайланған астроном -
ғалым Бальи Ұлттық жиналыс мәжілісі ашық деп жариялады. Алайда, корольдік
обер-церемониймейстер маркиз де Брезе үшінші сословие депутаттарына монарх
бұйрығына бағынуды талап етті. Оған қарсы ызаланған Мирабо былай деп жауап
берді: "Пойдите и скажите вашему господину, что мы здесь по воле народа и
оставим наши места только уступая силе штыков". Де Брезе кетуге мәжбүр
болды, мәжіліс жалғасты. Мирабоның ұсынысымен депутаттарға тиісуге
болмайтындығы жарияланды, бұл кұқықты бұзу мемлекеттік қылмыс деп танылды.
23 маусымда монархия жеңіліс тапты, Ұлттық жиналыс едәуір жеңіске жетті.
Бұл 24 маусымда дін иелерінің көпшілігі Ұлттык жиналысқа қосылғанда қатты
білінді. Олардан соң іле-шала, қалған дін иелері-депутаттар, дворян-
депутаттар жиналысқа қосылды. Король үш сословиенің бұл бірігуін, жиналысты
мойындауға мәжбүр болды. 9 шілде 1789 жылы Ұлттық жиналыс өзін Құрылтай
жиналысы деп жариялады. Оның мәні жаңа қоғамдық кұрылысты құру, оның
конституциялық негізін жасау болып табылады. Мирабо Бұл күндері "Эта
великая революция обойдется без злодеяний и без слез" деген иллюзияға
берілді 12.28. Мирабо революцияға халықтың қатысуынан сескенді. Ол бірақ
революцияның әлі басталмағандығын түсінбеді. Франция революция қарсаңында
еді. Король өкіметі Париж халқынан аулақтату мақсатында жиналысты Версальға
көшіруге жанталасты. Ойы, Версальда әскердің күшімен Жиналысты финанстык
жобаларды қабылдатуға мәжбүр етіп, онан соң қуып шығу болатын. Бүкіл ел
Версальда өріс алған құресті үрейлене қадағалады.

1.2. Революцияның басталуы

Париж және Францияның басқа қалаларының халықтары құреске дайын тұрды.
Сол күндері шығарылған газеттер, көптеген брошюралар және үндеулер қолдан
қолға көшті. Барлық халықтың саясатқа деген қызығушылығы оянды. Парижде
алаңдарда, бульварларда жиналыстар бірінен соң бірі өтіп жатты. Онда
ораторлар еркіндік жөнінде сөз сөйлеп жатты. Парижде тұрған әскер халықтың
осы көңіл-күйін қолдады. Солдаттар парижандармен бауырласты. Лионда маусым
соңында халық қозғалысы басталды. Версальда маусым күндерінде-ақ Ұлттық
жиналыстың депутаттары бірінші саяси клубын ұйымдастырды. Оның негізін
Бретониден келген депутаттар тобы құрды. Сондықтан ол Бретон клубы деп
аталды.
Король және оның маңайындағылар оқиғаның дамуын қауіптене қадағалады.
Алайда, олар өз істерін жеңілді деп есептеген жоқ. Керісінше олар шешуші
сокқыға дайындалды. Париж бен Версальға әскер әкелінді. Күдікті бөлімдер
корольдің сенімді бөлімдерімен ауыстырылды. Парижандар мен Жиналыс
депутаттары бұл дайындықтардың Ұлттық жиналысқа қауіпті екенін түсінді. 12
шілде күні Парижде корольдің Неккерді жұмыстан шығарып, Франциядан кетуге
бұйырғаны жөнінде хабар тарады.
Бұл хабар жарылысты тездетті. Буржуазия мен халық Парижге әскердің
шоғырлануы мен Неккердің кетірілуі контрреволюцияның шабуылға көшкені деп
санады. Халық бейбірекет құреске көтерілді. Көшелер мен алаңдар
париждіктерге толды, 12 шілдеде әскермен алғашқы қақтығысулар болды. 13
шілдеде таңертеңгісін Парижде набат қағылды. Қолөнершілер мен журналистер,
жұмысшылар мен ұсақ саудагерлер, әйелдер, кәрілер қанжар, пистолет, балта,
тастармен қаруланып көшеге шықты. Халық қаһарынан сескенген әскер бір
кварталдан екіншісіне қарай шегінді, солдаттардың біразы революция жағына
шықты. Қару дүкендерінен, мүгедектер үйінен халык мыңдаған қаруларды басып
алды. Қарулы көтеріліс кеңейе түсті, өсті. Кешке қарай астананың көп бөлігі
революциялық халықтың қолына көшті. 13 шілде буржуа - Париж сайлаушылары -
Тұрақты комитет құрды, кейін бұл Коммунаға - Париж муниципалитетіне
айналды. Тұрақты комитет сол күні революция жеңісі мен буржуазия меншігін
қорғайтын азаматтық гвардия - буржуазиялық революцияның қарулы күшін құру
жөнінде шешім қабылдады.
Бірақ құрес нәтижесі әлі толық шешілмеген еді. Бастилияның сегіз
мұнарасы, қүдіретті тұрме бекінісі, әлі көтерілген Париж қолына көшкен жоқ
болатын. Бастилия абсолютизмнің алынбас қамалы ретінде көрінді. Көпшілік
Бастилияға қарай король драгундык отрядының өткендігін байқап қалды. Халық
бекініске қарай ұмтылды. Тұрақты комитет бейбіт келісімге келуге тырысып,
Бастилия коменданты де Лонеге парламентерлер жіберді. Алайда, халық алған
беттен таймады, Бастилиға штурм басталды. Халық бекініске енді, де Лоне
өлтірілді, гарнизон берілді, Бастилия құлады! 13.66. Сол күні кеші мен
түні Парижде жеңіс тойланды.
13-14 шілдеде құреске қалың көпшілік қосылды. Бұл революцияның
басталуы еді. Бастилияның алынуы оның алғашқы жеңісі болатын. Революцияның
бастапқы кезеңінде, алғашқы күндері, барлық үшінші сословие феодалдық-
абсолюттік құрылымға қарсы бірігіп құресті. 13-14 шілдедегі халық
көтерілісіне жұмысшылар мен саудагерлер, қолөнершілер мен мануфактурашылар,
ұсақ саудагерлер мен журналистер, көше музыканттары мен бай адвокаттар
қатысты. Әртұрлі профессия, әлеуметтік жағдайы әр тұрлі, қоғамдағы орны әр
тұрлі адамдар абсолюттік режимге қарсы бірікті. 14-ші шілде 1789 жылғы
қарулы құресте шешуші рольді халықтан шыкқан адамдар атқарды. Бастилияны
алғандардың ішінде 51 ағаш ұстасы, 45 қызылағаш жонушылар, 28 етікші, 23
тоқымашы, 27 әйнек салушылар, 14 вино сатушылар, 9 зергерші, 11 темір
әрлеуші, 9 баскиім тігуші, 9 тігінші, 9 мрамор ісінің шебері, 9 токарь, 9
бояшы және басқалар қатысқан 14.67. Сол кезден бастап 14 шілде француз
халқының ұлттық мерекесі болып саналады.
Бастилияның құлауы туралы хабар бүкіл Европа мен Францияға тарады. 16-
17 шілдеге қараған түні корольдің бауыры граф д,Артуа және сарай
аристократиясының бірнеше көрнекті өкілдері Франциядан қашты. Олар король
жеңілгендігін және Құрылтай жиналысын талқандаудың контрреволюциялық
жоспарының күйрегенін түсінді. Бұл контрреволюция эмиграция мен ұлттык
сатқындықтың бастамасы болды.
Корльде өз жеңілісін түсінді. Ол билікке Неккерді қайтарды және 17
шілдеде Құрылтай жиналысының депутаттарымен бірге халықтың жеңісін
формальды мойындап, Парижге келді. Парижде жеңген революция бүкіл елге
тарады. Бұрынғы өкімет қалалық өзін-өзі басқару сайланатын органдармен -
муниципалитеттермен ауыстырылды. Франция қалаларын шілде-тамыз айларында
жайлаған Бұл қозғалыс "муниципальдық революция" деп аталды. Жалпы алғанда
қалаларда жаңа үкіметті құру жергілікті "бастилияларды"-түрмелерді, қалалық
ратушаларды бұзумен астарласты. Мысалы, Страсбургте халық толқуы 19 шілдеде
басталды, көтеріліс барысында қала басшысы орналасқан үй, салық жинау
конторы талқандалды. Жергілікті магистрат қарсыласқан жағдайда жұмысшылар
жетекшілік еткен көтеріліс бүрқ ете қалды. Труа қаласында құрес тым
шиеленісіті. Халықтың көше ұрыстары мұнда 18 шілдеде басталды, оны
маңайдағы шаруалар қолдады, бірақ мұны тез қаруланған буржуазияның ұлттық
гвардиясы куып таратты. дегенмен тамыздың ортасынан Труаның плебей-
демократиялық халқы көшенің қайта қожасы болды: 19 шілдеде ратуша үйіне
басып кіріп, онда сақталған қаруларды иемденді, ескі өкімет органдарын
таратып, муниципалитет құрды: бір мезгілде қалалық тұз қоймасы алынып арзан
бағамен сатуға жіберілді: 9 қарашада халыққа өш қала мэрі өлтірілді, үйі
талқандалды. Жергілікті буржуазия қарашаның соңында ғана өкіметті өз қолына
ала алды.
Шілде-қараша айларында Францияның барлық провинцияларында шаруа
қозғалыстары кең қанат жайды. Шаруалар революцияны өзінше түсінді. Олар
помещиктің мал-мүлкін өртеді, барщинадан және салықтан бас тартты. Сөйтіп
сеньорлар билігінен өздерін өздері босатты. Дворяндар бұл кезеңді "Ұлы
қорқыныш" деп атады. Шаруалар қозғалысы еш толастамады. Өйткені
капиталистік қатынастардың феодалдық-абсолюттің режиммен астарласып дамуы,
шаруалардың онсыз да ауыр жағдайын тым нашарлатып жіберген еді. Бельфора
мен Везуля аудандарында шаруалар көтерілісі 16 шілдеге дейін-ақ басталған
еді, Париждегі оқиғадан соң көтеріліс бүкіл Лотарингияға жайылды. Франш-
Конте првинциясында 40 помещиктік бекіністер бұзылды: шаруалар
помещиктердің жайылымын, ормандарын өзара бөлісті. Макконе мен Божоль
провинцияларында 72 бекініс талқандалды.15.70 Қозғалысқа барлық мүлкінен
айырылған, жерсіз мыңдаған шаруалар көптеп қатысты. 1789жылдың тамзында
Эльзастан өтіп бара жатып, орыс жазушысы Карамзин былай деп жазды:" Везде в
Эльзасе приметно волнение. Целые деревни вооружаются."16.22. Революциялық
қимылдардың кең өріс алуынан дворяндардың біразы өз иеліктерін тастап
кетті, кейбіреулері шет елдерге қашты.. Аристократтардың көпшілігі Кобленц,
Турин қалаларына шоғырланды. Бұл жерлер контрреволюциялық эмиграция
орталығына айналды. Олар Францияда кең қанат жайған революцияны тойтаруға
қолынан келгендерін аяған жоқ.
1.3. Франция ірі буржуазия үстемдігі тұсында

Буржуазиялық революцияның алғашқы жеңісінің нәтижесін үшінші
сословиенің барлығы бірдей, тіпті буржуазия да толык пайдалана алмады.
Өкімет пен саяси басшылық түгелдей ірі буржузияның - банкирлердің, ірі жер
иелерінің, олармен қосылған либералдық дворяндардың -қолына көшті. Париж
Коммунасында -астана муниципалитетінде- ірі буржуазия басым болды.Париж
мэрі болып Бальи сайланды. Првинциялардың көпшілігінде муниципалитеттердің
басында ірі буржуазия отырды. Революцияның қарулы күшінің - Ұлттық гвардия
-өзі де негізінен буржуазиялык элементтерден құралды. Ұлттық гвардияға
плебейлер еніп кетпес үшін Ұлттық гвардеецтерге құны 4 ливр тұратын қымбат,
әсем мундир кигізілді. Ұлттық гвардия басшылығына маркиз Лафайет
тағайындалды 17.34.
Ұлттық жиналыста шешуші, жетекші рольді буржуазияның жоғарғы тобы мен
либералдық дворяндар атқарды. Бас Штат пен Ұлттық жиналыс депуттатарының
әлеуметтік-саяси жіктелу процесі баяу жүрді. Жағдайға қарай депутаттар
төрағаның үлкен столының сол жағына бірінші болып отырды, қалғандары оң
жағына екінші болып жайғасты. Осыдан оңшылдар және солшылдар деген ұғым
туды, осы күнге дейін қолданылады 18.35.
Елде шаруа қозғалысының кең қанат жаюы, Құрылтай жиналысын аграрлы
мәселемен асығыс шүғылдануға итермеледі. Құрылтай жиналысы 1789 жылдың 4
тамызға қараған түнгі мәжілісінде заң жобаларын жасады. Бұл түнді
тарихшылар "керемет түн" деп сипаттайды. 4-11 тамызда осыған сәйкес
декреттер қабылданды. Қабылданған декреттер сословиелік артықшылықты,
феодалдық құқықгы, шіркеу десятинасын жойды және мемлекеттік салықтар
төлеуде заң алдында барлық халық бірдей деп жариялады. Алайда шын мәнінде
шіркеулік десятина мен шаруалардың феодалға тікелей бағыныштылығы ғана
жойылды. Оброк, барщина сияқты жер ұстаумен байланысты феодалдық алымдар
сатылатын болды. Сатып алу мөлшері дворяндардың, жермен байланысты ірі
буржуазияның мүддесіне сәйкес белгіленді. Шаруалар мұнымен келіспеді,
сондықтан сатып алу шартын жасау үшін Арнайы феодалдық комитет құрылды,
бұған жер қатынастарына байланысты барлық талаптар мен тілектер келіп
түсті.
Қалың көпшіліктің революциялық көңіл-күйінің жоғарылығы, буржуазияның
қол жеткен жеңісін бекітуге ұмтылуы Құрылтай жиналысы комиссия мүшелерінің
"Адам және азамат құқықтарының Декларациясын" тез жасауына әкеп соқты. Бұл
программалық құжат 26 тамыз 1789 жылы жарияланды19.189. "Құқықтар
Декларациясының" негізіне сөз, жеке бас, ар, езуге қарсылық туралы адам
құқықтарының принциптері алынды. Декларация 17 баптан тұрды, оның
біріншісінде "люди рождаются и остаются свободными и равными в правах" деп
көрсетілген. Соңғы он жетінші бабы жекеменшік құқын қасиетті әрі мызғымас
деп жариялады. Декларацияның бұл бабы буржуазиялық сипатын көрсеткенмен,
бұл мемлекеттік құрылымның бұрынғы монархиялық феодалдық-абсолюттік негізін
жоюды жариялаған прогрессивтік құжат болып табылады. Декларацияны Францияда
да, басқа елдерде де қуана қарсы алды. Бұл болашақ конституцияның
преамбуласы болуға тиіс еді.
Король "Адам және азамат құқықтарының Декларациясы" және 4-11
тамыздағы декреттерді бекітуден бас тартты. Версаль сарайы
контрреволюциялық төңкеріске сенді. Король гвардиясының офицерлері
өздерінен үштүсті кокардаларын жұлып тастады, сарайдағы әйелдер оларға
король туының түсі - ақ түсті үлестірді. Парижде азық-түлік жетіспей
жатқанда Версальда асып-төгілген той-думандар болып жатты. Париждіктер
Версальда азық-түлік қоры жинақталған, егер король семьясын Парижге әкелсе
онда Парижде азық-түлік жағдайы жақсарады деп есептеді. Кейбір саяси
қайраткерлер король партиясын әлсірету үшін король семьясын Парижге әкелу
қажет деп түсінді.
5 қазанда Мараттың "Друг народа" Парижде 1789 жылдың қарашасынан
бастап шыққан атты демократиялық газеті Версальға жорыққа шақырды. Атақты
актриса Теруань де Мерикур бастаған қызыл белдіктеріне қанжар қадап, бас
киімдеріне үш түсті кокарда таққан парижандар көпшілігі әйелдер Версальға
жаяу жетіп, король сарайын қоршады. Король қорыққанынан 6 қазанда "Құқықтар
Декларациясын" бекітті және семьясымен бірге парижандардың қоршауында сол
күні Парижге көшіп келді. Оның соңынан Құрылтай жиналысының депутаттары да
келді.
Құрылтай жиналысының ең ықпалды және үлкен тобы конституциялық-
монархистер - фельяндар болды. Бұл топтың белсенді өкілі - аристократ,
мансапқұмар, тәкаппар, қызуқанды Оноре-Габриэль Рикетти де Мирабо 1749-
1791 болатын. Ол жөнінде замандастары былай деп жазады "соперников-
конкурентов, будь то Лафайет, Бай или Сиейес, Мирабо не боялся. Ни один из
них не мог с ним соревноваться в ораторском даровании, в умении влиять на
Собрание, на народ"20.230.
Мирабо үшінші сословиеден депутат болу үшін кішкентай дүкеншікке ие
болды. Революция басында ескі режим мен король саясатына қарсы Мирабо 5-6
қазан оқиғасынан кейін демократияны жек көріп, король лагерімен жақындаса
бастады. Мирабо ағылшындық типтес конституциялық-монархия орнатуға ұмтылды,
онда өзіне премьер-министр постын лайық деп санады. Ол король және
королевамен кұпия түрде байланыс жасадьь Мирабо өлім алдында да
маңғаздылығынан бас тартпады: "Поддержите мою голову и осыпьте ее цветами,
это умнейшая голова Франции"21.166.
Мирабо тобына аббат Сиейес, Париж мэрі Байи да кіретін.
Конституционалистерге, энциклопедистерге табынатын, американ отарларының
тәуелсіздік соғысына қатысушы, "Ескі және Жаңа дүние батыры", революцияның
алғашқы жылдарында Ұлттық гвардияның басшысы Лафайет өте жақын болды.
Конституционалистер король ветосын жоққа шығаруда Жиналыс күқын қолдады.
Солшыл топты корольдің вето құқын дұрыс емес деп санаған, сайлау
кезінде мүліктік цензаға қарсылар құрады. Оның ішінде ең көрнектісі
Аррастан шыққан жас адвокат Максимилиан Робеспьер болды. Ол 1789 жылдың бес
айында Құрылтай жиналысында 60 рет сөйлеген. Революцияның алғашқы
жылдарында Робеспьер, оның жақтастары ықпалды болған жоқ. Құрылтай
жиналысында оңшылдар мен солшылдардың арасында келіспеушілік болсада Ұлттық
бірлік идеясы күшті болатын.
Құрылтай жиналысының алғашқы заң актілерінен, 4-11 тамыз декреттерінен
және "Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан" кейін епископ
Талейранның ұсынысымен 2 қараша 1789 жылы Құрылтай жиналысы барлық шіркеу
жерлерін тәркілеу және оларды бөлшектеп сату мақсатында мемлекетке беру
туралы декрет шығарды. Бұл декрет шіркеу позициясын әлсіретті және
мемлекеттік қазынаның финанстық жағдайын біршама жақсартты. Жер бағасының
қымбаттылығынан, оны негізінен буржуазия мен ауқатты шаруалар сатып алды.
Кедей шаруалар жерсіз қалды.
1789жылы тамызда првинциялардың бүрынғы артықшылықтарын алып тастап,.
сонан соң Жиналыс Францияны орта ғасырлык провинцияға, женералитетке,
бальяжге бөлінуін жойды. 15 қаңтар 1790 жылғы заңымен Құрылтай жиналысы
корольдікті жаңа әкімшілік кұрылымдарға бөлді. Ел 83 департементке, ол
дистриктке, кантонға, коммунаға бөлшектенді. Жаңа әкімшілік құрылым
Францияда 44 мың сайланатын жаңа муниципалитеттердің құрылуына әкеп
соқты22.83.
1790 жылы 19 маусымда азаматтық теңдік принципіне сөйкес Жиналыс
сословиеге артықшылықты, мұрагерлік дворяндык институтты, дворяндық гербтер
мен титулдарды алып тастады. Енді азаматтардың фамилиясы болатын болды.
Кәсіпкерлікке еркіндік бере отырып, ол мемлекеттік регламентация мен цехтық
жүйені жойды. Ішкі таможнияның жойылуы, 1786 жылы Англиямен сауда келісімі
Ұлттық рыноктың қалыптасуын қамтамасыз етті. Жұмысшылардың белсенділігіне
жауап ретінде Құрылтай жиналысы бай адвокат Ле-Шапельенің ұсынысын
қабылдап, 14 маусым 1791 жылы жұмысшы одақтары мен ереуілдерге тиым салған
декрет қабылдады. Бұл заң өз авторының атымен Ле-Шапелье заңы деп аталып
жетпіс жылдан астам уақыт күшін жоғалтпады. 16 маусым 1791 жылы Құрылтай
жиналысы 1789 жылы жұмыссыздарға арнап құрылған "қайырымдылық
мастерскойларын" жабу туралы декрет қабылдады.
1791 жылдың маусымында король семьясының шет елге қашпак болған
әрекеті көптеген клубтардың революцияға көзқарасын анықтады. Үшінші
сословие жіктелді. Республикандық көңіл-күй өсті. 17 шілде 1791 жылы
кордельерлер клубының инициативасы бойынша халық Париждегі Марс алаңына
жиналып, монархияны толық жоюды талап етті. Сол кезде Ұлттық гвардия
қарусыз халықты оқ астына алды.
1791 жылдың қыркүйегінде Ұлттық жиналыс Конституцияны жасап бітті.
Конституция бойынша Франция конституциялық-монархияға айналды. Барлық заң
шығару билігі Ұлттық жиналысқа берілді, король елді министрлер арқылы
басқаратын болды. Король әскердің бас қолбасшысы, алайда соғысты жариялау
мен бітім жасауда Ұлттық жиналыспен келісетін болды. Конституцияда:
азаматтардың бәрі заң алдында тең правалылығы, сөз, баспасөз және жеке адам
еркіндігі, жекеменшік пен арды қорғау, өнеркәсіп бостандығы көрсетілді.
Барлық халық "белсенділер" мен "самарқауларға" яғни сайлау правасы барлар
мен жоқтарға бөлінді. "Белсенді" азаматтарға жекеменшігі бар, 1,5-3 ливр
төлей алатын ер азаматтар жатты. Елдегі 9 миллон азаматтардың 4,3 миллионы
ғана сайлау правасына ие болды. Сайлау екі сатылы: алғашқыда сайлаушылар
50 мың шамасындай, онан соң депутаттар сайланды23.77. Сонымен
конституция буржуазияға қажетті бостандықтың бәрін берді. Алайда, халық
конституциядан ешнәрсе ұтпады.
14 қыркүйек 1791 жылы Людовик ХҮІ Ұлттық жиналыста конституцияны
орындаймын деп ант берді. 30 қыркүйек 1791 жылы өз міндетін орындаған соң
Ұлттық жиналыс таратылды. Халык депутаттардың ішінен Петион мен Робеспьерді
ғана қолпаштап қарсы алды. Оның орнына Заңшығару жиналысы сайланып, ол 30
қазан 1791 жыльг жұмысын бастады. Оның құрамы бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австрия империясындағы революция
Франция буржуазиялық революция қарсаңында
Буржуазиялық революцияның басталуы
Германия елінің даму тарихы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ұлы француз революциясы кезіндегі саяси ұйымдар мен ағымдар
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Уақытша үкімет тек
Соғыс испан тағына франция королі
Пәндер