Оқушылардың денсаулығы басты назарда



Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін мектепте жалғастыруымыз керек.
Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат алғылары келеді.
Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг, жаттығу жасау, т.б.
Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық орталығы ұсынған «Қалай ауырмауға болады» бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар негізінде іске асырылуда.
Көптеген СӨС қалыптастыру бағдарламарымен жұмыс істеп, өз іс-тәжірибеме сүйеніп 5-8-сыныпқа арналған бағдарлама дайындадым. Онда оқушылар тақырыпты толық меңгеруі үшін тақырыптар бөлімге бөлінген.
Бағдарламада, блок-схемалар, сабақ конспектілері берілген. Күнделікті сабақ беруде модульдік технологияны пайдаланамын.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың денсаулығы басты назарда
Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан
кейін мектепте жалғастыруымыз керек.
Мектебіміздегі жан-жақты жабдықталған валеологияға арналған оқу
бөлмесіне оқушылар қызығушылықпен келіп, сабақ барысында көп ақпарат
алғылары келеді.
Оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізгеннен кейін әр оқушыға жеке
денсаулық паспорты арналды. Бұл жұмысты дәрігер, валеология пәнінің
мұғалімі және сынып жетекшісі бірігіп атқарды. Нәтижесінде денсаулығында
кінәраты бар балалар анықталды: көз жанары нашар, есту қабілеті төмен, дене
сымбаты бұзыла бастаған, жүйке жүйесі ауыратын, асқазаны мазалайтын
оқушылардың денсаулық мәселесі мұғалімдерді де ойландырды. Осының барысында
оқушылардың денсаулық диагностикасын біле отырып алдын алу, сауықтыру
жұмыстарын жүргізе бастадық. Мысалы, жүйкеге әсер ететін кикілжіңді
жағдайлардың алдын алу, өзіңді өзің тануға арналған сабақтар, аутотренинг,
жаттығу жасау, т.б.
Ата-ана, мұғалім және оқушыларды біріктіріп дөңгелек стол
ұйымдастырылды, кеңес беру жұмыстары оқушылардың жас деңгейлеріне
сәйкестендіріліп жүргізілді. Бұл жұмыстар СӨС қалыптастыруың Ұлттық
орталығы ұсынған Қалай ауырмауға болады бағдарламасы бойынша, ҚР Ғылым
минибтрлігі бекіткен 1-11-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құралдар
негізінде іске асырылуда.
Көптеген СӨС қалыптастыру бағдарламарымен жұмыс істеп, өз іс-тәжірибеме
сүйеніп 5-8-сыныпқа арналған бағдарлама дайындадым. Онда оқушылар тақырыпты
толық меңгеруі үшін тақырыптар бөлімге бөлінген.
Бағдарламада, блок-схемалар, сабақ конспектілері берілген. Күнделікті
сабақ беруде модульдік технологияны пайдаланамын.

Жеке бас гигиенасының тәрбімі мен дағдысы
Осы педагогикалық техниканы пайдалану барысында оқыту, білім беру
тәсілдерін әбден жетілдіріліп, сабақтақырыбын шығармашылық деңгейге
көтеріп, сабактың әр түрін қолданамын: пресс-конференция, ойын,
дифференциалды сабақ. "Ашық есік" күндерін ұйымдастырып, диспут өткіземін,
оқушылар СӨС тақырыбына арналған қалалық, облыстық конкурстарға арнап
шығармалар жазады.
Өткен оқу жылында валеология оқу бөлмесіне паспорт арналып, түрлі
әдістемелік қосымша құралдармен жабдықталды. Оқушылардың жан-жақты білім,
дағды алуына арналған карточкалар, схемалар, видеоматериалдар, кітапшалар
жинакталды, дайындалды.
Модульдік жүйемен білім беру оқушылардың білімді терең игеруіне
мүмкіндік береді. Тәжірибемде практикалық жұмысты да іске асырамын:
• Оқушылардың мінез-құлқын, үлгерімін, денсаулығын бақылап, жеке
паспортын толтыру;
• Денсаулығы нашар оқушылардың дене шынықтыру сабағына қатысуын
бақылап, анализ жүргізу;
• Көрме, конкурс, конференция, пресс-клуб ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жарнама шараларын жүргізу
жұмыстарын оқу жылы бойы жүзеге асырып, барлық мектеп ұжымының, оқушылардың
ат салуына мүмкіндік жасаймын.
Валеология пәні мектебіміз ашылғалы бері жүреді. Жыл сайын мониторинг
жүргізіп, жасалып жатқан жұмыстармен оқушыларды таныстырып отырамыз.
Оқушылардың барлығы (денсаулығы төмен оқушыларға да) дене шынықтырумен
айналысуы үшін барлық жағдай жасалған: спорт зал, арнайы алаңдар, керекті
құрал жабдықтар т.б.
I және II ауысымға арналған таңертеңгі, түстен кейінгі ыстық тамақ
ұйымдастырылған, онда көп балалы отбасының балалары мен тұрмысы төмен
отбасы балалары (70 бала) тегін тамақтанады. Асханада санитарлық талапқа
сай жабдықталған ішуге арналған су қойылған.
Мектепте қоршаған ортамен қарым-қатынас, адамдармен қарым-қатынас,
жағымсыз эмоциялардың денсаулыкқа әсері, күйзеліске ұшырау себептері
жөнінде тоқсан сайын жалпы тест жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жұмыстың
қорытындысы маған психолог, валеолог ретінде оқушылармен жеке жұмыс
жасауыма көмектеседі. Окушылармен жеке әңгімелесу арқылы аурудың алдын
алуға болады. Эмоционалды көңіл күйін бақылап, кикілжіңді жағдайдан қалай
шығуға болатыны туралы әңгіме, кеңес оқушыларды қызықтырады. Барлық
жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуға арналады, нәтижесі де
көңіл қуантарлық. Суық тиіп ауыру, жұқпалы аурулар деңгейі, сколиоздың
динамикасы төмендеді. Есірткі заттарын пайдалану, темекі тарту, мінез-
құлықтың қауіп факторының алдын алу шаралары тұрақты өткізіліп, оқушылардың
белсенді ат салысуын мақсат етеміз. Мектепте екі психолог қызмет атқарды,
арнайы оқу бөлмелеріміз де бар. Оқушылармен әр түрлі формада, әдісте сабақ
жүргіземіз: әңгімелесу, кеңес беру, аутотренинг, тест, түрлі жағдайларды
мысал ретінде көрсету. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтары жөнінде
психолог мамандармен қысылмай әңгімелеседі.
Егер мектеппен учаскелік дәрігер тығыз байланыста болып, бірігіп қызмет
етсе онда оқушының жеке басының денсаулығы туралы толық біліп, мұғалімдерді
хабардар етіп, қарым-қатынасты, білім беру дұрыс жолға қойған болар едік.
Валеология сабағына да оқушылардын қызығушылығы жоғары. Сабақ барысында
аға-бауырларының, өздерінің денсаулықтары туралы сұрақ қойып, себебін
талқылап жатады. Денсаулықтары өз қолдарында екенін оқушылар түсініп, өз-
өздеріне, іс-әрекеттеріне жауапкершіліпен қарауға үйренуде. Ал валеология
сабағының басты мақсаты да осы, салауатты өмір сүруге үйрету, оқыту, білім
беру, қалыптастыру.
Жеке бастың және қоғамдық гигиенадан хабардар болып, гигиена талаптарын
білу әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі және адамның
мәдениетті болуына тәрбиелейді. Гигиена тәртібін сақтамайтын ұқыпсыз
адамның айнала қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететінін балалар болуы тиіс.
Егер баланың гигиенадан алған білімі тұрмыста, адамдармен қарым-
қатынаста, жеке өмірінде мықты гигиеналық әдет-дағды қалыптастырса онда
гигиенадан білім берген мұғалімнің еңбегінің нәтижелі болғаны деп
есептеледі. Тақырыпты оқушылар жетік меңгеріп, түсініп, қаншалықты маңызды
екенін түсіну үшін тақырыпқа сай иллюстрацияны, суреттерді, кесте мен
қосымша әдебиеттерді сабақтың ұтымды кезеңінде пайдаланған дұрыс. Баланың
жас ерекшелігіне сай мақал-мәтелдер, ертегілер, нақыл сөздер, жұмбақтар да
мұғалімнің жұмысын жеңілтедеді.
Бастауыш сыныпқа арналған бірнеше гигиена сабағын мұғалімге көмек
ретінде ұсынамыз.
1-сабақ. Денені күту
Сабақтың мақсаты: Жеке бастың гигиенасы деген түсініктің мәнін ашу,
оқушыларды жеке бастың гигиенасының ережелерімен таныстыру, гигиена
ережесін сақтау - өз денсаулығын сақтаудың ең басты қағидасы екенін
түсіндіру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Мұғалім. Бүгін балалар Оқушының жеке басының гигиенасы деген жаңа
тақырыппен танысасыздар. Қалай ойлайсыздар, жеке гигиенасы деген не?
Гигиена ілімі туралы не білесіздер?
Дұрыс жауап. Гигиена деген - денеңді, үсті басыңды таза ұстау.
Мұғалім. Ал дене деген не?
Мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып, оның басын, кеудесін, қолын,
аяғын көрсетіп, осының бәрі бір сөзбен адамның денесі деп аталатынын
түсіндіреді.
- Біздің денеміздің сыртында не бар?
Дұрыс жауап. Біздің денемізді тұтастай тері қаптап тұр. Мұғалім
оқушылардың назарын қол терісіне аударып, өздерінің қолдарының терісінің
жұмсақ, иілгіш, қозғалтқан кезде созылатынына тоқталады.
- Тері біздің денемізді аурудан қорғайды. Ал сендер секіріп,
жүгіргендерінде тері терлейді. Сонымен бірге теріде жұқа май қабаты бар.
Егер теріні ұзақ уақыт жумаса, тері саңылауларында май мен тері жиналып,
шаң-тозаңды ұстап қалады. Бұдан тері кірлеп, денені микробтан қорғау
қасиетінен арылады.
Кір, лас тері денсаулыққа зиян. Сонымен бірге, жуынбаған, салақ адам
өзінің жүрген ортасына, жақындарына ұнамсыз, жағымсыз болады. Оның артық
қасиеттерін жоғалтып өмірде алдына қойған мақсатына жетуге кедергі жасауы
әбден мүмкін. Сондықтан теріні, денені күтіп, өз-өзін таза ұстап жүрген
адамның, ең алдымен, өз денсаулығына жауапкершілігі зор деген сөз.
Денені күтудің ережелері.
1. Таңертең ұйқыдан оянған соң беті-қолды, мойын мен құлақты жуу.
Серуендеп келген соң, кешке ұйқыға жатар алдында да жуыну қажет.
2. Ұйықтар алдында аяқты жууды ұмытпау керек.

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы — парасатты, байыпты, ақылды, ойлы,
білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.
Өмір салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, букіл қоғамның қалай
еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олар-дың
қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса, әзі де
сондай.
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін
парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында
білімді болғаны жөн.
Байқап-байыптап қарасақ, адам деген ұлы ғажайып күш қой!
Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары
танданарлық. Әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиынақ: 15 миллиард жүйке
жасушалары (нейрондар) бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған
басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде
не жазылғанын оқу да оңай емес. Денсаулыққа қатысы бар ең қарапайым
нәрсенің қайшылықтарының өзі қаншама?!
Немесе салмақ мәселесін алайық. Жас ұлғайған сайын салмақ өсуі керек
пе, жоқ жас кезіндегідей қалыпта қалуы керек пе? Әрбір ғылым өзінше
фактілер келтіріп, дәлелдеп жүр ғой. Бұл жерде қалайша шатаспассың?
Қалай болғанда да адам ерекше құбылыс! Әсіресе оның ақыл-есі ешбір
қайталанбас дүние. Ол адамның бақыты әрі қайғысы... Алайда адамдардың
ауыруына сыртқы әсерлер мен адам табиғатының әлсіздігінен гөрі, көбінесе,
өздерінің теріс мінез-құлқы себеп болады. Мінез-құлық дегеніміз — істелген
іс-қылықтар, әрекеттер, психика.
Іс-қылық дегеніміз не? Бір жағынан ол - қол, аяқ, кеңірдек бұлшық-
еттерінің қимылдары. Қимылдар жай және қысқа, күрделі және ұзақ болуы
мүмкін. Оның мақсаттары да әрқилы, соған жету үшін іс-қылықтардың,
әрекеттердің көптеген түрлері жасалады.
Адам үшін денсаулықты сақтап қалу - мақсат. Дәмді тамақтану - мақсат
бірдеңені істеу - мақсат. Мақсаттар көп, ал уақьгг пен күш шектеулі.
Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бесекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе
рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену
ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.
Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен
емістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың
біріншісі
— жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру (стимулдар) болса ғана
күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір
мұқтаждықсыз жүгіреді, айнайды.
Екішиі кемшілік - қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу - аса
маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты,
жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етгі қуыруды үйреніп, оны дәмді ету
тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік — қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш
күшейе түседі, өйткені ол есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар
салдарьш да болжай біледі. Сондықтан оны тек өзінің аурулары ғана емес,
басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе естігені де үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат
оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп,
рақаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді.
Егер алғашқыда, яғни қанағат алуда асыра сілтесе, оның төлемі тым көбейіп
кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рақатты жоққа
шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды
деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет:
қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім-кімге
болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске
асыра алады.
Денсаулық — ауруларға қарама-қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті
сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды:
біріншісі - бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру,
екіншісі — сол мақсатқа организмнің табиғи қорғаныс күштерін жұмылдыру
арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да
болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке
қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы
күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып,
шынықтыруға көңіл бөлмейді: Енді осы мәселелерге келейік.
Ең алғашқы сөз — тамақтану мәдениеті жөнінде.
Ас — адамның арқауы дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты
сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы
жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. Әсіресе тамақ нормасын
әркім өзі ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса
ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастанақ жек көріп, ең
жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті,
тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. Ас десе, асты-үстіне түсіп,
құлқыны құру — хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау —
ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа, дейді белгілі академик,
физиолог И.П. Павлов.
Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің
бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан.
Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметтік
факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды
ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр — кейбір
үйлерде жеңіл машинасы болғанымен отбасына күнделікті ең қажет
тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде
сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе
оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды
тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ
бүлініп, улануға да әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.
Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес.
Ол, әрине, өте зиян. Мөлшерден артық ішіп-жегендер түнді ұйқысыз өткізеді,
мазасы қашады. Соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына да ілігіп
жүргендері аз емес. Диетологгардың айтуынша: Кез келген ауру-сырқаттың
әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол — орынсыз, артық ішкен ас!.
Сондықтан қанағат — табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.
Батпайтын ас — жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін
десең, шамадан аспа, деп жазды Абдуль Фарадж.
Біздегі тағы бір жағымсыз жай — кейбір ата-аналар, әсіресе сәбидің
әжелері сәбилерге жөнсіз, мөлшерден тыс күштеп тамақ ішкізеді. Соның
салдарынан сәбилердің физиологиялық ас қорыту немесе тамақты бойға сіңіру
үрдісі бұзылады. Және кейбір ата-аналар баласы толып, семіре бастаса ғана
дені сауға санайды. Ол, әрине, дұрыс емес.
Қазіргі кезде белең алып отырған тағы бір жаман әдет — гиподинамия,
адамдардың күнделікті өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен
жатыпішерліктің салдарынан болады. Жаяу жүруге ерінеміз, жақын жер болса
да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене ауырлай
береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз
ықтиярымен семіздік дертіне шалдығады. Ал дана халқымыз: Семіздікті қой
ғана көтереді, — деп бекер айтпаса керек.
Семіздік әр түрлі ауруларға — қан қысымының көтерілуі (атересклероз)
және тағы басқа күрделі, емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы
сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға аян. Олардың (семіз адамдардың)
өмірі сау адамдарың өмірімен салыстырғанда 10—15 жылдай қысқа болады.
Өйткені семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды
гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу
сияқты сырқаттарға душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап
қақсайтын артриг сияқты әр түрлі буын ауруларына да әкеліп соқтырады.
Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан адамның
кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары
көтеріліп, әкпеге және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол
организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен жүректің қызметі
нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті
төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі — адам
денесіндегі жасушаға қажет жанармай. Осындай қысым жиі қайталана берсе,
ондай адам пневмония, бронхит және т.б. сияқты, әр түрлі созылмалы өкпе
ауруларына шалдығады.
Семіздіктен адам бойындағы ет пен терінің арасындағы қан тамырлары
қысылып, қан айналымына үлкен кедергі жасайды. Сол себепті, әсіресе қанды
бойға тарататын насос қызметін атқаратын жүрекке үлкен күш түседі. Семіз
адамның жүрегін де май басады, сондықтан да қысылып, қан айналымы
нашарлайды, осыдан келіп, әр түрлі қысылмалы — стенокардия, инфаркт сияқты
— жүрек аурулары пайда болады. Сондай-ақ ми жасушаларының да жұмысы
нашарлайда, атеросклерозға шалдығып, адамның есте сақтау қабілеті
нашарлайды.
Кейінгі жылдары, адам организмі есейіп жетілген сайын, гипофиз кәрілік
гормонын бөліп, оны қан арқылы денеге тарата бастайтыны анықталады. Алайда
американдық ғалым Денкльдің дәлелдеуінше, тамақты мөлшерден асырмай тарта
жеу арқылы да кәрілік гормонының организмге таралуын тежеуге болады екең.
Демек, мұның, әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін айрықша маңызы бар.
Осы жерде айта кететін бір жайт: соңғы 70—80 жылдың ішінде біздің тек
менталитетіміз бен психологиямыз ғана өзгерген жоқ, сонымен қатар ішіп-
жейтін тамағымыз да еуропашаланып, өзгерді. Зауыт-фабрикадан шыққан,
рафинадтанған және қолдан жасалған, шайнамай, ауызға салып, қылғыта беретін
тамақтар көбейді. Ас қорыту жолдарының медицинада дәлелденген екі негізгі
жауы бар: тым бапталған (рафинадталған) тамақ және кернеу жүйесі.
Ұсақталған, жұмсақ тамақ ішек қабырғаларындағы ферменттердің бөлінуін
нашарлатады және бұлшықеттерінің жаттығуын төмендетеді. Функциясын
жоғалтқан кез-келген организм бірте-бірте әлсіреп, ауруға шалдығатыны
физиологиядан белгілі. Сонымен қатар ұзаққа созылған жағымсыз эмоциотармен
немесе стресстермен ұштасқан психикалық күш түсу, екі бөлімнің, көбінесе
орталық жүйке жүйесімен байланысқан асқазан және тоқ ішектің жүйкелік
реттеуіне кері әсерін тигізеді. Бұл фактор, әсіресе, өте балтаған ас
ішкеннен кейін білінеді.
Ішектер атониясы деп аталатын бұлшықетгер жаттығуының нашарлауына
байланысты, оның перистальтикасының (қимыяының) әлсіреуі тоқ ішекке
жиналатын индол, скатол сияқты улы заттардың (токсиндермен) организмді
уландырлғанына, зиянды микробты флораның дамуына әкеліп соқтырады.
Біздің асқазанымыз бен ішектеріміздің кез келген түрпілеу, қатты
тамақтың бәрін қорытуға қабілеті бар. Сондықтан, егер жоғарыдан немесе
жоғары жүйке жүйелерінен олардың реттеуі бұзылмаса, олар өз қызметін
ойдағыдай атқара береді. Ішек-қарынның қызметін, негізінен, вегетативті
жүйке жүйелері атқарады.
Қандай тағамдарды қалай пайдаланған жөн? Енді осыған тоқталайық. Осы
уақытқа дейін тамақтар қуатына қарай топқа бөлінетін. Ал сонғы ғылыми
жетістіктердің нәтижесіңде, тағамдарды оның құрамындағы адам организміне
өте қажет зат алмасу үрдістерін жақсартатын биологиялық заттарына қарай
бөлудің тиімділігі айқындалып отыр. Ондай биологиялық заттар биосинтез
кезінде организмдегі қажетті химиялық қоздырғыш заттарды, атап айтқанда
ферментгерді, гормондарды және жүйке жасушаларының бойымен жүретін жүйке
тітіркенулерін өткізетін медиаторларды түзуге қатысады. Асқа пайдаланылатын
тағамдардың химиялық құрамын осылай тексерудің нәтижесінде мамандар
тағамдардың жалпы тағамдық (барлық пайдалы жақтарын ескеріп) құнынақуаттық
немесе калориялық құнына және биологиялық құндылығына байланысты үш топқа
бөлетін болды. Мұндай топқа бөлу несімен тиімді? Осы арқылы соңғы жылдары
организмге тек қана калория беретін, ал витаминдерден, микроэлементтерден
және тағы басқа пайдалы заттардан жұрдай — қант және тағы басқа кондитерлік
тағамдар сияқты бос калориялы заттар белгілі болды. Ал арақ пен
шараптарда адам организмін уландыратын улы калория да болатыны анықталды.
Сондай-ақ үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге
керекті тағамдық (нәруыз, көмірсу, май, микроэлементтер мен витаминдер)
заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр
түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін
асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.
Енді біздің қазақ халқының ең көп жейтін тамазғы — етке тоқтала
кетейік. Ет туралы ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер айтылып жүр.
Натуропаттардың еттен жасалған тамаққа өте қарсы екені бәрімізге белгілі.
Олар көкөністермен жасалған тағамдарды ғана асқа пайдалануды жөн көреді. Ал
Ф. Энгельс: адамның эволюциялық даму кезінде, әсіресе оның миының толықсып
жетілуіне еттен жасалған тамақтардың көп пайдасы болды.,., деп жазды.
Ғалым А.И. Андрианов мынадай тәжірибе жасады. Әр түрлі жәндіктерді екі
топқа бөліп, бір тобын үнемі құрамына 46% , ал екінші тобын — 6% қана
нәруыз бар тамақтармен қоректендіреді. Біраз уақыт өткен соң бірінші
топтағы нәруызды көп қабылдаған жәндіктердің баяу қимылдайтындарын
байқайды. Ал, керісінше, нәруызды аз қабылдаған екінші топтың жәндіктері
жылдам қимылдайтын, сергек қалпында сақталған. Ғылым академиясы тамақ
институтының тұжырымы бойынша, адам организміне күн сайын 80—100 грамм ғана
нәруыз жеткілікті екен. Профессор Н.А. Капланский: Әр организмге керекті
нәруыздар сол организм қабылдаған тағамдардағы нәруыздардың арзымайтын
бөлігінің аминқышқылдарынан ғана түзіледі. Ересек адамдарда бұл, әдетте,
ішкен тамағымен келген аминқышқылдарының түкке тұрмайтын бір бөлігінен ғана
құралады, ал қалған артық нәруыздар мен аминқышқылдарының көпшілігі сол
адамның бауырында, буйрегінде және аздап болса да ішектерінде өз қасиетін
жояды, деп жазды. Қорыта келгенде, тіршілік үшін адам организміне шамалы
нәруыздың өзі ғана жеткілікті. Әрине, нәруыздың күнделікті мөлшері әрбір
адамның жасына, істейтін қызметіне қарай өзгеріп отырады. Әлі де жетілмеген
жас организмдерге және ауыр қол еңбегімен айналысатын адамдарға тамақтың
құрамындағы нәруыздың мөлшері күнделікті мөлшерден (80—100 г) кем болмағаны
жөн.
Нәруыздың биологиялық қасиеті оның құрамындағы аминқышқылдарына
байланысты. Тағамдағы нәруыздардың құрамы, адамның өзінің бойындағы
нәруыздарының құрамына неғұрлым ұқсас болса, олардың биологиялық қасиеті де
соғұрлым жоғары болады. Ас арқылы келетін нәруыздардың құрамында
аминқышқылы жетіспесе, организмде нәруыз синтезі бұзылады және басқа да
кері үрдістер жүреді. Оның әркелкілігі сол аминқышқылдарының әрқайсының
адам организміне тигізер әсеріне байланысты. Мысалы, сүттің не ірімшіктің
құрамында мол болатын метионин аминқышқылы зат алмасу үрдісінде пайда
болатын улы заттардың уын жойып, залалсыздандырып, адам организмінің
қызметін жақсартады, бауыр циррозымен ауыруынан сақтайды.
Адам организмі етті тағамдарды шамадан тыс көп қабылдаса, әсіресе аз
қимылдайтын адамдарда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Оның организмінде зәр
қышқылы сияқты улы заттар мөлшерден көп түзіліп, одан әр түрлі тұздар
тізбегі құралады. Соның зардабынан өтте, бүйрекге тас қиыршықтары пайда
болып, буын-буынға тұздар жиналады, яғни буын-буын сырқырап ауырады немесе
бүйрегі не бауыры түйнеп ауыратын болады. Мұндай сырқаттар етті мөлшерден
көп тұтынатын адамдардың арасында жиі кездеседі. Ал, керісінше, жеміс-
жидекгерде және көкөністерде зәр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты
Дене шынықтыру пәнінің жаңартылған мазмұнда берілуіне заманауи көзқарас
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері
Окушыларды сабаққа даярлау
Оқушылардың шығармашылық дамытудағы жаңа технологиялардың тиімді жолдары
Пәндер