Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциясы туралы ақпарат



1. ЖМС.ның қасиеті, құрамы, орналасуы, түзілуі
2. IV қарынша өрімі
3. ЖМС.ның циркуляциясы
4. ЖМС.ғын биохимиялық зерттеу
5. ЖМС.ның қызметі, маңызы
6. ЖМС циркуляциясы жұмысын қалыпқа келтіретін жаттығулар

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ

ЭССЕ

Тақырыбы: Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциясы

Орындаған:
Мамандығы: Жалпы
медицина
Пәні:
Анатомия
Тобы:

Семей 2010ж

ЖОСПАР

1. ЖМС-ның қасиеті, құрамы, орналасуы, түзілуі
2. IV қарынша өрімі
3. ЖМС-ның циркуляциясы
4. ЖМС-ғын биохимиялық зерттеу
5. ЖМС-ның қызметі, маңызы
6. ЖМС циркуляциясы жұмысын қалыпқа келтіретін жаттығулар

Жұлын-ми сұйықтығы (liquor cerebrospinalis) – мөлдір, түссіз,
әлсіз қышқылды қасиеті бар. Жұлын-ми сұйықтығында ірі ақуыз молекулалары
жоқ, яғни протеиндерден толығымен бос. Жұлын-ми сұйықтығында ақуыз (адамда
ақуыздың төрт типі бар) мөлшері аз, әр адамдарда әртүрлі және жасына қарай
өзгереді – балаларда аз, ал ересектерде көп.
Жұлын-ми сұйықтығында қалыпты жағдайда көмірсулардың,
иондардың, сүт қышқылының, креатининнің, зәр қышқылының, мочевинаның және
холестериннің аз мөлшері бар. Жұлын-ми сұйықтығының мөлшері қалыпты
жағдайда 80-200мл тербеледі (орташа 120мл). Ол әрқашан жаңарып отырады.
Жұлын-ми сұйықтығы (liquor cerebrospinalis) венозды және
лимфатикалық жолдармен, периневральді, периваскулярлы және перицеллюлярлы
кеңістіктермен байланысқан бас миы мен жұлынның қарыншалары мен
өзекшелерінде, торасты кеңістікте орналасқан. Осындай жүйе болуына
байланысты жұлын-ми сұйықтығы жүйке элементтерін шаяды. Жұлын-ми
сұйықтығының түзілуі, айналымы мен құрылысы ликворлы жүйенің жағдайына қоса
бүкіл ағзаның жағдайына байланысты. Жұлын-ми сұйықтығын зерттеу бас миы мен
жұлынның, олардың қабықшаларының ауруларын анықтауында маңызды роль
атқарады. Ересек адамдарда жұлын-ми сұйықтығының мөлшері орта есеппен 120-
150мл, тәулігіне 6-рет жаңарып отырады. Жұлын-ми сұйықтығының түзілуінде
қарыншалардың қантамыр өрімі басты роль атқарады, сонымен қатар қарынша
эпендимасы (эпендима желудочков), жұмсақ ми қабықшасы, жүйке тіні мен глия
да қатысады.

Бас миының IV қарыншасының қантамыр өрімі
Қантамыр тіні IV қарынша қуысына қатпарлы бахрома түрінде енеді.
Бахромка қарынша қуысында қарыншаның қантамыр өрімі деген атқа ие (plexus
chorioideus venriculi quarti. Қантамыр өрімі медиалды және екі латералды
бөлімнен тұрады.
Медиалды бөлім каудальді жиектен ростральді бағытта мишық
ілмегінің түйінінің негізіне ортаңғы сызық бойымен жүретін екі жолақтан
тұрады. Түйіннен қантамыр өрімінің жұп латеральді бөлігі созылады. Олар IV
қарыншаның жиектеріне ажырайды және оның латеральді тереңдігіне араласады.
IV қарыншаның қантамыр өрімінің әр бөлігінде кіші тесік бар, ол
қарынша қуысын ми қабықшаларының торасты кеңістігімен байланыстырады:
• IV қарыншаның медиальді тесігі (асимметриялық) – Можанди тесігі
(apertura mediana venriculi quarti).
• IV қарыншаның латеральді тесігі (симметриялық) – Лушки тесігі
(apertura latereles venriculi quarti).

IV қарыншаның қуысының торасты кеңістікпен жалғасуы қантамыр
өрімімен шектелген. Оның бахромалы құрылымындарының бөлігі тесік арқылы
торасты кеңістікке енеді және жұлын-ми сұйықтығының қарыншалардан ми
қабықшаларына өтуін тежейді. Осы тесіктердің ми қабықшаларының қабыну
нәтижесінде бітелуі кезінде ми қарыншаларындағы жұлын-ми сұйықтығы шығу
тесігін таба алмай, бас миының ісінуі түзіледі.

Жұлын-ми сұйықтығы барлық бағытта айналады, негізінен
қарыншалардан мишық-ми суқоймасына бағытталады. Бүйір қарыншалардан жұлын-
ми сұйықтығы қарыншааралық тесіктер арқылы Үшінші қарынша қуысына, артынан
ортаңғы ми арқылы Төртінші қарыншаға келеді. Осы жерден жұлын-ми
сұйықтығының бір бөлігі ортаңғы (Мажанди) және бүйір (Люшке) апертуралары
арқылы бас миы мен жұлынның торасты кеңістігіне, ең алдымен мишық-ми
суқоймасына келіп түседі. Бір бөлігі жұлынның ортаңғы өзегі бойымен
каудальды бағытта ат құйрығы аймағындағы торасты кеңістігінің кеңеюіне
өтеді. Артынан жұлын-ми сұйықтығы жұлынның торасты кеңістігіне келіп,
жоғарғы бас миына қарай жылжиды. Торасты кеңістікте ол толқындап қозғалады.
Жұлын-ми сұйықтығының қозғалысына көптеген факторлар әсер етеді.
Оның ішінде тыныс алу, жүрек соғу жиілігі, дене қозғалысы, эмоциональді
жағдай, іс-әрекет жүктемесі және тағы басқа.
Жұлын-ми сұйықтығының өндірілуі оның сіңірілуімен (кері ағым)
тығыз байланысты. Жұлын-ми сұйықтығы торасты кеңістік пен периваскулярлы
қуыстарда ағып шығу орынына қарай венозды және лимфатикалық жүйе арқылы
іске асырылатын тұрақты қозғалыста болады. Жұлын-ми сұйықтығы торлы қабықша
грануляциясы арқылы келіп түсетін венозды жүйе торасты кеңістіктен жұлын-
ми сұйықтығын жоюда басты роль атқарады.
Лимфа жүйесі жұлын-ми сұйықтығының жойылуында перифериялық және
бассүйек нервтерінде субарахноидальді кеңістікпен шектелген периневральді
лимфа қуыстары бар болуының арқасында қатысады. Осы қуыстар арқылы (иіс
сезу, көру, есту нерфтерінің) сұйықтық лимфа жүйесіне келеді.Сонымен қатар
жұлын-ми сұйықтығының жойылуында ми затының периваскулярлы
(адвентициальные) кеңістігі де роль атқарады. Олар да орталық жүйке
жұйесінің лимфатикалық қуыстарына ұқсас және субарахноидальді кеңістікпен
байланысқан.

Жұлын-ми сұйықтығын биохимиялық зерттеу.
Жұлын-ми сұйықтығының физиологиялық қызметіне: миды механикалық
ұстау, заттардың интроцеребральді тасымалдануы. Орталық жүйке жүйесінен
лактан және көмірқышқыл газы сияқты метаболиттерді жою, тұрақты
бассүйекішілік қысымды ұстап тұру, орталық жүйке жүйесін патогенді әсерден
қорғау. Жұлын-ми сұйықтығының 70% хориодальді өрімде түзіледі. Сонымен
қатар латеральді, үшінші, төртінші қарыншаларда орналасқан интерстициальді
дәнекер тін жасушаларында және эпителий жасушаларында түзіледі. Жұлын-ми
сұйықтығы латеральді ми қарыншасынан үшінші және төртінші қарыншаларға
ағады, арохноидальді кеңістікке қайтып келеді.
Менингит, ісік, миішілік қан құйылу, бассүйек жарақаты кезінде
ликвор циркуляциясы обструкция үшін бұзылуы мүмкін, сондықтан люмбальді
және вентрикулярлы ликворда аналиттер концентрациясы өзгерәске ұшырайды.
Ликвордың люмбальді бөлімнен бас миына ығысуы 1 сағатта өтеді; оның кері
бағытта ағуы жылдам жүреді; дені сау адамда ликвордың жалпы көлемі 140мл;
өндірілу жылдамдығы 35млсағ немесе 500млкүн; толық ауысу уақыты 5-7сағат.
Жұлын-ми сұйықтығы қалыпты жағдайжа кристальді-таза сұйықтық
түрінде болады. Лайланған, іріңді, қанды немесе пигменттелген ликвор
көптеген аурулар бар екенін айтады. Пункциядан кейін тұтқыр ликвор алынуы
ОЖЖ-де муцинозды ісіктің метастазымен немесе ауыр менингиальді инфекциямен
байланысты. Егер ақуыз концентрациясы 15гл-ден асса, онда ликворда жабынды
немесе іркілік түзілуін көрсетеді. Ксантохромия немесе пигментация кейбір
ауруларда кездеседі. Ашық қызыл немесе тоқсары пигментация миға қан
құйылудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлын ми сұйықтығының циркуляциясы
Ликвор өндірілу
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
Ми бөлімдері. Мишық
Менингит
Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері
Жпф зақымдылығы мен оның пайда болу себептері мен түрлері
Ми ішілік отогенді асқынулар
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Пәндер