Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Қазақстан тарихы сабағының типтерінің теориялық негіздері ... ... ... ...
1.1 Қазақстан тарихын оқыту сабағының жоспарын құру әдістері ... ... ...
1.2 Қазақстан тарихын оқытудың дәстүрлі емес сабақтар түрлері ... ... ...
2 Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері ... ... ... .
2.1 Қазақстан тарихын оқытуда ойын әдісін қолдану жолдары ... ... ... ...
2.2 Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуальды ойын сабағы ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан тарихы пәнінен саяхат.сабағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан тарихы сабағының типтері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 3
1 Қазақстан тарихы сабағының типтерінің теориялық 5
негіздері ... ... ... ... 5
1.1 Қазақстан тарихын оқыту сабағының жоспарын құру 7
әдістері ... ... ... 9
1.2 Қазақстан тарихын оқытудың дәстүрлі емес сабақтар 9
түрлері ... ... ... 11
2 Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар 16
типтері ... ... ... . 20
2.1 Қазақстан тарихын оқытуда ойын әдісін қолдану 21
жолдары ... ... ... ... 22
2.2 Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуальды ойын
сабағы ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан тарихы пәнінен
саяхат-сабағы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

Кіріспе

Көне заманнан бүгінге дейінгі Казақстан тарихы әлемдік тарихтың
құрамдас белігі, сондықтанда оны оқып-үйрену жастардың тарихи санасын
қалыптастыруда ерекше орын алады. Қазақтар түрік тілдес халықтарға жатады,
олардың арасында халқының саны жағынан 4-ші орында, ал жерінің көлемі
бойынша әлем халықтарының алғашқы ондығына кіреді. Қазақтардың, тарихта
әртүрлі атаулармен белгілі, арғы тегі күрделі тарихи жолдардан өтіп әлемдік
жетістіктерге өзінің үлесін қосты. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі болмысы,
келісті келбеті мен келешегі бүкіл дүние жүзінің назарына ілігіп, оны өзіне
аударуда.
Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрысының саяси-
экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеуі, жаңаруы көп
жылдар бойы әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың
өткен тарихын білуі күңгірттеніп, ұрпағы өз елінің тілі мен дінінен, салт-
дәстүрінен қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың
нәтижесінде тарихымыздың көптеген мәселелері қайта қаралып, жаңа сипат
алуда. Ақтандақ беттерді нақты тарихи шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді
кеңейтуге, тарихты бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде.
Қазақ халқының тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың
тағылымымен таныстырудың әсіресе жоғарғы, орта буындағы оқу орындарында
оқып жүрген студенттердің санасын бүгінгі күнгі талаптар тұрғысынан
қалыптастырудың маңызы зор. Жастар халқымыздың келешегі, заманымыздың
болашағы. Жастар жаман болмасын, ел азбасын десек, оқу орындарында оқып
жүрген жастардың тарихи санасын қалыптастыруға ат салысуымыз керек.
Қазақстан оқу министрлігінің шешімі бойынша барлық оқу орындарының
студенттері Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
Осыған сай күндізгі бөлімнің 1 курс студенттері алғашқы семестрде, ал
сыртқы бөлімнің студенттері бірінші курстың соңында Қазақстан тарихын оқып-
үйреніп мемлекеттік емтихан тапсырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Тарих – ғылым, білім ретінде адам өмірінде ерекше орын алады. Бұл
ғылымның маңызы туралы белгілі ғұламалардың ой толғамағаңдары кемде-кем.
Қоғам мүшелерінің тарихи білімдерін көтермей, оларда тарихи сананы
қалыптастырмай ешбір мемлекет дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды.
Сондықтан да әрбір өркениетті, тәуелсіз, дамушы мемлекет өз елінің
азаматтарына, алдымсн жастарға тарихи білім беруге үлкен мән береді. Ал,
тарихты оқытуды неден бастау керек? - деген сұраққа белгілі ғалымдар,
педагогтар өз өлкесінің, елінің тарихын оқытудан бастау керек деген.
Тақырыптың зерттелуінің деректік негіздері мен әдебиеттері.
Мұндай пікірді кезінде КД.Ушинский де, Жүсіпбек Аймауытов та айтқан
болатын. Осыларды ескере отырып, Республиканың Білім министрлігі
Қазақстан тәуелсіздік алғалы оқу орындарыңда Қазақстан тарихын оқытуды
жақсартуға бағытталган бірқатар шараларды жүзеге асырды, асырып та келеді.
Қазір Қазакстан тарихы орта мектепте жеті класында (5-11) дербес пән
ретінде оқытылады. Басқа орта оқу орындарыңда окыту туралы да алғашқы
қадамдар жасалды. Барлық жоғары оқу орыңдарында оқытылады және оларға
түсетіндер осы пәннен орта мектеп көлемінде түсу емтиханын тапсырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан тарихы сабағының типтерін
қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан тарихы сабағының типтерінің теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан тарихын оқыту сабағының жоспарын құру әдістерін қарастыру;
- Қазақстан тарихын оқытудың дәстүрлі емес сабақтар түрлерін көрсету;
- Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтерін қарастыру;
- Қазақстан тарихын оқытуда ойын әдісін қолдану жолдарын ашу;
- Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуальды ойын сабағын көрсету;
- Қазақстан тарихы пәнінен саяхат-сабағына мысал көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімдегі екі
тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан тарихы сабағының типтерінің теориялық негіздері

1.1 Қазақстан тарихын оқыту сабағының жоспарын құру әдістері

Сабақты құруға қойылатын талаптар:

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.
2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың
уақытқа байланысты арақатынасы.
3. Идеялылығы мен ғылымилығы.
4. Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.
5. Жаңа материалдар беру.
6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.
7. Өмірмен байланыс.
8. Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-
коммуникациялық құралдарын пайдалану.
9. Кітаппен жұмыс істеу. :
10. Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.
11. Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.
12. Оқушылардың жұмысындағы дербестік.
13. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы.
14. Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.
15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.
16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс
істеу)
17. Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.
18. Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі
19. Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.
20. Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
21. Сабақ өткізу қарқыны.
22. Мұғалімнің педагогикалық әдебі.
23. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.
25. Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.
26. Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.
27. Грамматиканы, лексиканы оқу.
28. Оқу техникасы.
29. Сөйлеу және жазу мәдениеті.
30. Көркем шығармаларды оқу.
31. Жазбаша жұмыстар жүйесі [4].
Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқушылардың
білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі
адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың
тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді [5].
Сабақтың талаптарының бірі-сабақтың тынысы, яғни оқушылардың іс-
әрекетінің қарама-қарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп оқушыларының
сабағында мұндай алмасу 10-15 минут сайын болады (ұжымдық дауысты жұмыс),
одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр оқушы аталған проблеманы
шешеді (даралық, ақырын жұмыс), әрі қарай оқушылар 10 минут ішінде
өздерінің нәтижелерін бір-бірінің алдында немесе топ алдында айтады (жеке-
топтық дауысты іс-әрекет), аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия өтеді. Әр
оқушы дәптеріне жазады, ол не түсінеді және нені үйренеді (даралық ақырын
іс-әрекет) [2].
Сабақтың конспектісін жазу. Оның үлгісі:
-сабақтың тақырыбы, өткізу күні;
- сабақтың түрі;
- сабақтың мақсаты;
- сабаққа қажетті материалдар және жабдықтар;
- білім, білімділік бағытына қарай оқушылардың қызметі жоспарланады;
- сабақтың басты проблемасы;
- шамамен минут бойынша уақытқа бөлінген оқушылар қызметінің кезеңдері
мен түрлері;
- сабақтың әр кезеңінде оқушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары
бойынша тапсырмалар беріледі, мысалы: Өз әлеміңнің суретін сал;
- оқушылардың тапсырмаларды орындауы бойынша күтілетін нәтижелері
(нәтиженің 2-3 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);
- қаралатын мәселе бойынша мәдени-тарихи ұқсастықтар;
- суреттер, тапсырмалар (шешуімен), кестелер, схемалар, мектеп
тақтасының түрі;
- оқушылардың іс-әрекеттерінің рефлексиясы бойынша тапсырма;
- сабақ нәтижесінің бағасы және бақылау-бағалау түрі;
- үйге тапсырма (таңдауы бойынша әр түрлі нұсқаулар немесе жеке);
- оқушыларға ұсынылған материалдар (оқулық, оқу құралы, интернет
жүйесіндегі және т.б.);
- мұғалімнің сабаққа дайындалуында қолданылған әдебиеттер және басқа
материалдардың тізімі;
-өткен сабақтың талдау түрі, оған қатысқан оқушылар және әріптестермен
оны қарастыру қортындысы [3].

1.2 Қазақстан тарихын оқытудың дәстүрлі емес сабақтар түрлері

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына
байланысты пайда болған.
Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын
байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.
Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру
оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік
жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу
материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып,
интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа
пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат -
озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни
әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге
қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік
әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай,
оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық
сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі
талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір
сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады [6].
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері
бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала
оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай
команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы
ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды
шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы:
өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал,
қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы
көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында
өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар
аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға
бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып
бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір
тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға
болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды [1].
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі.
Экскурсия (саяхат-сабақ) кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте
өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды
және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия
әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға
көмектеседі. Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала
әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді,
оларды қолдануға үйренеді. Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия
нәтижелері сыныпта шығарылады. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге
өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10
оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут. Оқу экскурсияларын
мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық
экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты
тақырыптар оқылады. Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар тақырыпты терең
түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін үғынады.
Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс және нұсқау берілетін сабақ
өтеді. Практикум кезінде оқушылардың тірек білімдерін жаңғырту тәсілдері
қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін басқару құралдары; жұмыс істеу
ережелерін, қажетті материалды қайталату, зертханалық жабдықтарды суреттеу,
оның қалай жұмыс істейтінін, тапсырмаларды орындау төртібін айту, тақырып
бойынша бақылау сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің тізімін жасау.
Жұмысты алгоритм бойынша істегенмен, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын
да жүргізуге болады [6].

2 Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері

2.1 Қазақстан тарихын оқытуда ойын әдісін қолдану жолдары

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат-дүниежүзілік дамудағы
адамзаттың орны ерекше екендігін,ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды
білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты
жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді
азаматтарды қалыптастыру.
Осындай міндеттерді жүзеге асыру да тарихшы мұғалімдердің атқаратын
рөлі ерекше.
Ұстаздың дидактикалық қабілеті оның өткізетін сабағы мен оқыту
үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді біліктілікпен қолданылуынан көрінеді.
Ең бастысыоқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін, білім
деңгейін көтеру үшін қандай тәсілдер қолдануға болады деген? сұраққа жауап
табу керек.
Оқушылардың танымдық қызығушылын, белсенділігін арттыру үшін жиірек
қолданып жүрген сабағымның бірі – ойын сабақ. Бұл сабақта оқушылардың
белсенділігі артады, бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге,
ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз.
Бесінші сыныпқа негізінен төменгі сыныптан ойын жасындағы балалар
келеді. Негізгі қызметі оқу болса да әлі бұрынғысындай ойнағысы келіп
тұрады.Бірден тарихи оқиғаларға мән беріп түсініп,оның негізіне көз
жіберуге қабілеттері жете бермейді. Сондықтанда сабақты ойын арқылы
өткізудің көбіне тиімді жақтары өте көп болады. Ойын сабақтарының тек қана
тарих пәні ғана емес, басқа сабақтарда пайдалану оның тиімділігін
арттыратынын айта кеткім келеді. Ойын сабақтарының артықшылықтары
біріншіден,оқушының сабаққа деген ынталығы артады,үнемі түсіндіріп 45-минут
тыңдағаннан оқушы да, мұғалім де жалығады [7].
Екіншіден, сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау, нашар оқитын оқушылардың өзі
де бұған белсене қатысады. Сөйтіп кейде бұйығы өз ойын айтуға ұялатын
немесе ашық айтуға қиналатын оқушылардың мінезін,сабақты қалай
сұрауға,айтқызуға болатынын түсінуге болады.
Үшіншіден, өтілген сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады.
Бұл деген мұғалімнің бірден-бір жетістігі десек артық айтпаған болар едік.
Ойын сабақтарынан кейін оқушылар өздері ізденіп, әр түрлі ойындар
құрастыра бастайды. Мысалы сөзжұмбақтар құрастырып, соны кейін бір-бірімен
алмастырып шеше бастайды. Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге
қызығушылығы артып өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды. Ойын тақырыбы
мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі.
Тарих сабағында қолданылатын ойындардың түрлеріне тоқталайық.Тарих
сабақтарында қолданылатын ойын түрлері өте көп.
Ретімен қой ойынын 6 сыныпта Қазақстан тас дәуіріндетақырыбында
пайдалануға болады. Тақтаға жеке плакат ілулі тұрады.
Мысалы: Адам дамуының кезеңдері.
1.неандертальдық-питекантроп-синант роп (дұрысы – питекантроп –
синантроп - неандертальдық)
2.кроманьондық – гомо – люси (дұрысы – гомо – люси - кроманьондық)
Осыны оқушылар дұрыс қоюға талпынады, бір-біріне көмектесіп есте
қалдыруға тырысады.
Тағы бір мысал, бұл жоғарғы сыныптарда Өнер және музыка мәдениеті
сабағын алайық. Бұл сабақта мен Көш ойынын пайдаландым. Бұл ойын
тақырыпты ашуда көп көмегін тигізеді. Тақтаға жүк артқан 5 түйенің көш
суреті ілінеді. Көш 5 түрлі түспен плакатқа салынады. Әр түйенің қомында
тапсырмалар бар. Бірінші түйенің қомында мынадай тапсырмалар:
1.Өнер дегеніміз не?
2.Өнердің қандай түрлері бар.
3.Қазақтың киіз үйінің құрылысын атаңдар.
Бұл сұрақтарға оқушылар өз мүмкіндігінше төмендегідей жауап береді.
Өнер дегеніміз-халықтың талабынан туындаған белгілі бір еңбектің жемісі.
Өнер түрлері: қолөнер, саз өнері, сөз өнері, бейнелеу өнері, сәулет өнері.
Киіз үйдің құрылысы: шаңырақ, керег, уық, сықырлауық, басқұр тағы басқалар.
Осылайша бесінші түйеге дейін сұрақ-тапсырмалар жалғасады. Арасында саз
өнері туралы айта келіп оқушылардың өнерін көріп тамашалауға болады. Соңғы
бесінші түйенің қомындағы тапсырманы үйге беруге болады.
Бұл тапсырма АС ойыны деп аталады. Бұл ойынның шарты бойынша тек
қана екі әріп, яғни А және С әріптері белгілі. Қалған әріптер нүктелермен
берілген. Әрбір жасырылған сөздің тұсында анықтамасы бар.
1. ... АС -күйші қобызшы (Ықылас)
2..а ... с.-халықтың әнші сазгері (Жаяу Мұса)
3.А.с...-Жаяу Мұсаның әні (Ақ сиса)
4. ... а.с..-атақты әнші сазгер (Біржан сал)
5.А...С...-әнші сазгер (Ақан Сері)
6..а...с-Дәулеткерейдің күйі (Тартыс
Сөйтіп Көш ойыны бойынша тапсырмалар түгелдей талданып болады.
Бұл ойындардың нәтижесінде мынадай жетістіктерге жеттім. Сабақта нашар
оқитын оқушының өзі белсене араласып, ынталығын көрсетті, яғни оқушылардың
қызығушылығын туғызды, оқушының есінде ұзақ сақталды,ойлау қабілетін
дамытты.

Тарихи шынжыр ойын тізбегі.
Бұл тәсіл кез келген сыныпта тарих пәнінде қолдануға қолайлы. Оның
мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет
беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп, біреуі әуелі
басын,екіншісі орта тұсын, үшіншісі аяқ жағын айтып,тұтас бір ойынды
тізбекті құрайды. Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек құрылады. Тиімділігі
– оқушыларды тапқырлықпен дәл,нақты, логикалық ойлауға үйретеді [7].
Пошта ойыны.
Бұл ойынды тақырыпты немесе тарауды,мемлекеттерді қайталаған кезде
пайдаланған тиімді. Оқушыларға сұрақтар беріледі немесе белгілі оқиғаға
байланысты суреттерді қағазға жапсырып оқушыларға үлестіреді. Оқушылар
берілген кеспе қағазды ілулі картадағы мемлекеттің үстіне инемен қадайды.
Мысалы:
1.Пирамида қай елде пайда болды?
2.Ұлы Жібек жолы қай елден шықты?
3.Будда діні алғаш қай елде пайда болды?
Тарихи кубок ойыны. Қатты қағаздан жасалған кубоктың 6 жағына
карталарды жапсырып 3 бойдан 3 оқушы шығарып бірінен кейін бірі
лақтырады.Оқушылар лақтырған кубоктың бетіндегі карта кай мемлекеттікі
екенін айтуға тиіс.
Математикалық қобдиша ойыны.
Тапсырма:
Математикалық есепті шығарда шыққан санда қандай оқиға болғанын айт.
1. 1240+(60*4+3)=
2. 15,2 *100+12=
3. (100*3+726)+1280=
4. 4400*0,5-7,72*100=
Ойын сабақтарын өткізу пән ажарын ашып, мұғалімді де, оқушыны да
еңбекке баулиды.

2.2 Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуальды ойын сабағы

Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сақтардың тарихы, мекендеген орыны
шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері елі үшін тәуелсіздік жолында
күрестері жайында алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау
ретінде қосымша деректерді пайдаланып, сақтар тақырыбы бойынша
қорытындылау.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын
сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін
толықтыру [7].
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы-ларды
өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін, жерін сүйетін
отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын
интеллектуальды ойын сабағы.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: Ой қозғау, топтастыру, Күн диаграм-
масы.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Қазақстан картасы;
2. Слайдтар:
- Сақтардың зергерлік бұйымдары;
- Сақтардан қалған ескерткіштер;
- Сақ қоғамындағы тұлғалар;
- Экспедиция жетекшісі З.С.Самашев;
- Алтын адам;
3. Түрлі ойындар:
-Сызбаны толтыру;
- Жұлдызды сәт;
- Көш ойыны;
- Тұлғаларды тану;
- Мына сөздерді кім айтқан?;
4. Кесте;
5. Жинақтау тесті;
Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
А) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ә) Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында Жұл-дызды
сәт ойынын пайдалану.
Жұлдызды сәт ойыны
1. Сақтар қашан, қай жерде мекендеген?
2. Тайпа көсемі қандай мәселелермен айналысады?
3. Сақтарды неге жауынгер тайпа дейді?
4. Сақ қоғамында адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы - дидактикалық материалдармен, тарих дәптерімен жұмыс істеу
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биология оқыту әдістемесі
Тарихты оқыту әдістемесі
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Тарих ғылымын зерттеу мен оқытуда жаңа бағыттар мен ұстанымдарды айқындау
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Пәндер