Ағылшын абсолютизмі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5

I. Ағылшын абсолютизмінің орнауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі ... ... ... ...11.16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі ... ... ... ... ... ... ... ...17.24
1.1. Стюарттар абсолютизмінің кризисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.20
1.2. Абсолютті монархияның құлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.28

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе

Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.
Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни, абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды – Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп қарастырдым:
- Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
- Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу
- Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау
- Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсету
- Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау
Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.
1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
1. Лавровский В.М. Сборник документов по истории АБР 17в. –М.,1973. –Б.342.
2. Ленин В.И. Государство и революция// Полное собрание сочинений.Сочин., т.7. –322б.
3. Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. –М.,1984. –Б.200.
4. Штокмар В.В. Экономическая политика Английского абсолютизма в эпоху его расцвета. –Л.,1962. –Б.154.
5. Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. –М.,1952. –Б.51.
6. Черняк Е.Б. Секретная дипломатия Великобритании. –М.,1975. –Б.367.
7. Кузнецов Е.В. Англия 15-17 в.в. Проблема генезиса капитализма. –Г.,1974. –Б.92.
8. Мортон А.Л. История Англии. –М.,1950. –Б.445.
9. Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. –М.,1959. –Б.582.
10. Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –Б. 31.
11. Ленин В.И. Соч., - т.VII. –Б.322.
12. Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –Б. 32.
13. Мортон А.Л. История Англии. -1950. –Б.154.
14. Англия при Тюдорах// http.://www.google.kz
15. Англия и Уэльс// http.:// www.krugosvet.ru
16. Черняк Е.Б. Тайны Англии: заговоры, интриги, мистификации. -1996. –Б.20.
17. Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б113.
18. Англия и Уэльс// http.:// www.krugosvet.ru
19. Англия при Тюдорах// http.://www.google.kz
20. Штокмар В.В. История Англии в средние века. -2003. –Б.159.
21. Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.156.
22. Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.122.
23. Кузнецов Е.Б. Англия 15-17 в.в.: Проблема генезиса капитализма. -1974. –Б.92.
24. Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. -1984. –Б. 32.
25. Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.160.
26. Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б.12.
27. Англия при первых Стюартах// http.:// www.krugosvet.ru
28. Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.158.
29. Тревельян Дж. Маколей. История Англии от Чосера до королевы Виктории. -2002. –Б.102.
30. Мортон А.Л. История Англии. – 1950. –Б.159.
31. Англия при первых Стюартах// http.:// www.krugosvet.ru
32. Кривогуз И.М., Юровская Е.Е. Новая история стран Европы и Америки. -1998. –Б.10.
33. Савин А.Н. Лекции по истории АБР. -2000. –Б.58.
34. Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. -1959. –Б.225.
35. Лавровский В.М. Углубление кризиса абсолютизма в правление Карла I. // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.63.
36. Лавровский В.М. Петиция о праве, 7 июня 1628 г., // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.64.
37. Матвеев В.А. Страсть власти и власть страсти: История повествования о нравах королевского двора Англии 16-20 в.в.. -1997. –Б.160.
38. Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.31.
39. Стюарты и борьба за свободу// http.://www.google.kz
40. Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.34.
41. Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17 в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. -1952. –Б.37.
42. Лавровский В.М. Обвинение против короля, 20 января 1649 г. // Сборник документов по истории АБР 17 в. -1973. –Б.229.
43. Лавровский В.М.Петиция о праве, 7 июня 1628 г., Обвинение против короля, 20 января 1649 г. // Сборник документов по истории АБР 17в. –М.,1973. -342б.
44. Ленин В.И. Государство и революция // Полное собрание сочинений.Сочин., т.7. –322б.
45. Савин.А.Н. Лекции по истории АБР. –М.,2000. -536с Адо А.В. Новая история стран Европы и Америки: Первый период. –М.,1986. -623б.
46. Большая Советская энциклопедия –М.,1949. –550б.
47. Кривогуз И.М., Юровская В.Н. Новая история стран Европы и Америки: Первый период. –М.,1998. -415б.
48. Кузнецов Е.В. Англия 15-17 в.в. Проблема генезиса капитализма. –Г.,1974. -92б.
49. Мортон А.Л. История Англии. –М.,1950. -445б.
50. Сапрыкин. Англия в эпоху абсолютизма. –М.,1984. -200б.
51. Сказкин С.Д. Буржуазная революция 17в. в Англии. Страны континентальной Европы в 17-18 веках. –М.,1952. -51б.
52. Тревельян Дж. Маколей. История Англии от Чосера до королевы Виктории. –Смоленск,2002. -567б.
53. Тревельян Дж. Маколей. Социальная история Англии. –М.,1959. -582б.
54. Черняк Е.Б. Тайны Англии: заговоры, интриги, мистификации. –М.,1996. -491б.
55. Черняк Е.Б. Секретная дипломатия Великобритании. –М.,1975. -367б.
56. Штокмар В.В. История Англии в средние века. -С-П.,2003. -203б.
57. Штокмар В.В. Экономическая политика Английского абсолютизма в эпоху его расцвета. –Л.,1962. -154б.
58. www.krugosvet.ru
59. www.google.rz

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын абсолютизмі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

I. Ағылшын абсолютизмінің
орнауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 6-1 6
1.1. Тюдорлардың абсолютті
монархиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау
шегі ... ... ... ...11-16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын
абсолютизмі ... ... ... ... ... ... ... ...17-24
1. Стюарттар абсолютизмінің
кризисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-20
2. Абсолютті монархияның
құлауы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 20-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-28
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған
абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм
қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше
ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында
халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-
саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші
Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік
режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ.
аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік
таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе
жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің
халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен
қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы
саясатымен әсер етуін көрсету.
XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән
болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар
мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды.

Негізінен, абсолютті монархтердің сыртқы және ішкі саясатының мазмұны
қоғамды бөлшектеп, халықтың абсолютизмнен бас тартуына әкелді. Яғни,
абсолютті монархтердің билікті бөлісуде күресі, абсолютизм дәуірі
басталуымен осы күрес жолына түскен корольдердің күшіне сәйкес тартысының
одан бетер өткірленуі алмастырды. Тюдорлар ағылшын абсолютизмінің шарықтау
шегін біраз сақтай тұрып, өз билігін кеңейтуге ұмтылды. Ал, өткір бәсекеге
түскен Стюарттар абсолютті монархияны дағдарысқа ұшыратты.
Абсолютизм дәуірінің келуі екі династияның болуымен сипатталынды –
Тюдорлар: Генрих-VII, Генрих-VIII, Эдуард-VI, Мария, Элизавета I және
Стюарттар: Яков-I, Карл-I.
Қарастырылып отырған тақырыптың осындай өзектілігі, саяси және
тәжірибелік маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдісте тақырыптың зерттеу мақсаты: ағылшын абсолютизмінің
орнауының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу,
Тюдорлармен Стюарттардың абсолютті монархияларының кезіндегі Англия
жағдайын анықтау, жалпы ерекшеліктерін саралау.
Мұндай зерттеудің маңыздылығы барысында абсолютті монархтердің
экономикалық, әлеуметтік саясатында халыққа, қоғамға тигізетін әсерін
күшейтудің нәтижесінде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған
осындай мақсатына жетуде төмендегідей міндеттер орындалу тиіс деп
қарастырдым:
- Англияда абсолютизмнің пайда болуының, орнауының, даму барысының
ерекшелігін, тарихи табиғатын және жалпы ағылшын абсолютизмнің шетел
мемлекеттерінің абсолютизмінен айырмашылығын көрсету
- Тюдорлар абсолютизмінің саясатын жан-жақты зерттеу
- Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютті монархиясының шарықтауының
алғышарттарын, барысын, нәтижесін анықтау
- Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясы
кезіндегі Англияның ішкі-сыртқы саясатын, парламент пен король
арасындағы конфликттің себебін көрсету
- Ағылшын абсолютизмінің дағдарысының себебін, нәтижесін саралау
Осындай міндеттердің орындалуы курс жұмысының мақсатынының төмендегідей
екі негізгі құрамдас бөлігінің іске асырылуына мүмкіндік береді.
1. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
2. Бірінші Стюарттар кезіндегі абсолютті монархия
Курс жұмысын жазуда мынандай тарихи-талдау методологиялық
принциптер басшылыққа алынды.
- абсолютті монархияның орнауының алғышарттары, себептері, салдары
болатындығы және оның тарихи дамуының ықпалында болатын тарихи принцип
- қандай да болмасын монархтың экономикалық, әлеуметтік, сыртқы саясатының
халықаралық факторларға тікелей тәуелділігі
Сонымен қатар талдау тәсілін, Тюдорлармен Стюарттардың халықаралық
қатынастар жүйесіндегі, соның ішіндегі Ұлыбританияның тарихында алған мән
маңызы мен қажеттілігін зерттейтін экспликативтік тәсілдерінің ішінде
пайдалы болған контенті ретінде алдым.
Зерттеу жұмысы барысында тарихи оқиғаларды сараптауда, оларға объективті
көзқарас қалыптастыруда, тарихи процесстерге нақты баға беру үшін, маңызды
деректер қатарына сүйендім. Осы деректер тізіміне келесі авторлардың
кітаптарын атап кетуге болады: В.М. Лавровский, В.И.Ленин. Лавровский
өзінің еңбегінде Ұлыбританияда болып өткен 17ғ. ағылшын буржуазиялық
революциясының маңызды этаптарын, негізгі мәселелерін көрсетіп, оның
халыққа әсерін талдап, Стюарттар абсолютизмінің дағдарысының өрістеуін
баяндаған. Сонымен қатар, онда Карл I-ші кезіндегі парламент пен король
арасындағы қақтығыстың пайда болуының, өрістеуінің себебін атап, және оған
қарсы шаралардың қолдану мәселесі туралы қарастырған 1.
Қосымша дерек ретінде, В.И. Лениннің кітабында патшалық монархияның
таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және
тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның
жоғарғы таптарды билеуі деген абсолютизмге берген түсініктемесінің
маңыздылығы зор болды 2.
Жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерді Ұлыбританияда билік
еткен әулиеттердің, яғни Тюдорлар мен Стюарттардың абсолютті монархиясына
және олардың саясатының салыстырмалы түрде жазған авторлардың еңбегіне
қатысты топтастырдым.
1) Абсолютизмнің орнауына өзінің үлесін қосқан Генрих VII, одан кейін
дамытқан Генрих VIII және жалпы Тюдорлардың саясаты Ю.М. Сапрыкиннің, В.В.
Штокмардың, Е.Б. Черняктың, Ф.Бэконның еңбектерінде қарастырылған. Ю.М.
Сапрыкин өзінің кітабында Англияның Мария Тюдор кезіндегі
контрреформациясы, Тюдорлардың 16ғ. анабаптизммен күресі туралы, жалпы
Ұлыбританияның абсолютизм кезіндегі және ол дағдарысқа түскендегі жағдайды
талдап, осыған байланысты туралы нақты фактілер жинағын берген 3. Ал,
В.В. Штокмар өз еңбектерінде 16ғ. 2-ші жартысындағы ағылшын абсолютизмінің
экономикалық саясатының өркендеуінің себептерін атап, Елизавета Тюдордың
аграрлы шаралары жайлы мәліметтерді баяндаған 4.
2) Абсолютизмнің арықарай дамуына негіз болған Стюарттар монархиясының
қоғамның жағдайын анықтап, Англияның ішкі-сыртқы саясатына баға беріп,
парламент пен король арасындағы конфликттің себебін көрсете алған
авторларға С.Д. Сказкинді, Е.Б. Чернякты, А.Н. Савинді жатқызуға болады.
Негізінен, С.Д. Сказкин өз еңбегінде Ұлыбританияның 17ғ. революция
алдындағы жағдайын сипаттап, сондағы Яков I-ші кезіндегі парламент пен
король арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуын анықтап, Карл I-ң
Петиция о праве деген петициядан бас тартуы туралы нақты мәліметтер
ұсынған 5. Ал, Е.Б. Черняк болса, өз кітабында ағылшын құпия қызметінің
құпия дипломатиясы болғанын баяндап, Мария Стюарттың саяси тұлға ретінде
оған сипаттама берген 6.
3) Ал, абсолютті монархия кезінде екі әулиеттің билеуін салыстырмалы түрде
зерттеп, жалпы ерекшеліктерін саралаған Е.В. Кузнецовтың, А.Л. Мортонның,
Тревельян Дж. Маколейдің еңбектерін жатқызуға болады. Мысалы, Е.В. Кузнецов
өз еңбегінде Генрих VII-ші кезіндегі саяси режимге қарағанда Стюарттардың
саясатын қатты сынға алып, оның халыққа келтірген зардабынының үлесін көп
деп тапты 7. А.Л. Мортон Ұлыбританияның жалпы тарихын баяндап, ағылшын
абсолютизмінің орнауының алғышарттарын, Тюдорлармен Стюарттар саясатының
гүлденуі және дағдарысының өзара айырмашылықтарын анықтап, Карл I-ң жазаға
тартылуы жайлы мәліметтеген 8. Тревельян Дж. Маколей болса, өз кітабында
Ұлыбританияның Тюдорлар, Елизавета кезіндегі және Карл кезіндегі халық,
мемлекет жағдайының айырмашылықтарын атап кеткен 9.

Ағылшын абсолютизмі екі тарау аумағында қарастырылады. Бірінші тарау
ағылшын абсолютизмінің орнауын және барысын ашады. Екінші тарауда Стюарттар
абсолютизмі және оның дағдарысы қарастырылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден,
деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Ағылшын абсолютизмінің орнауы
1.1 Тюдорлардың абсолютті монархиясы

Абсолютизм - шексіз монархия, - бұл басқару формасында императордың,
корольдің, патшаның қолында түгелімен жоғарғы билік болады, яғни ол заң
шығаруға, шенеуніктерді тағайындауға құқылы және халықтың қатысуынсыз
мемлекет ақшасын жарата алады. Абсолютизм сословиелік монархияны
алмастырған феодалды мемлекеттің ең соңғы және жоғары дамыған стадиясы.
Абсолютті монархия кезінде саяси орталықтану максималды болған.
Абсолютизмнің орнауы және дамуы әр мемлекетте әртүрлі болды. Бірақ
барлық елде К.Маркс айтқандай ескі феодалдық сословиялар ыдырап, ал
ортағасырлық қалалық сословиялар жаңа буржуазиялық топқа ауысқанда, яғни
өтпелі кезеңде пайда бола бастады. Осы кезде феодалды эксплоатацияға қарсы
шаруалар күресі өрістеп, антифеодалдық қозғалыс максималды күшіне жетіп
феодализм ыдырай бастайды, ал дворяндар болса өздерінің үстемдігін
жалғастыру үшін ашық диктатура жолына түседі.
Жалпы өзінің таптық мәні бойынша абсолютизм дворяндардың, помещик-
жериеленушілердің диктатурасы болып табылады 10. Осы диктатураны жүзеге
асыру үшін, үстем етуші тапқа бағынбайтын, олардан тәуелсіз болатын, бірақ
оның түпкілікті мүдделерін өздеріне ұқсағандықтан қорғайтын мемлекеттік
аппарат құру керек болды. Лениннің айтуынша патшалық монархияның таптық
мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және
тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның
жоғарғы таптарды билеуі. В.И. Лениннің бұл сөздері барлық елдегі
абсолютизмге қатысты айтылған. Абсолютизм антифеодалдық күштерді жою үшін
екі жолды таңдаған. Біріншіден – ол жаппай халық қозғалыстарын аяусыз басып
отырды. Оның негізгі қызметі халықты, шаруашылық-плебейлік оппозицияны
жүгендеу болған. Ал Сталиннің айтуы бойынша экслоатацияланатын көпшілікті
қатаң ұстау қажет деген сөздер негізінен құлиеленушілік мемлекетте,
феодализм және капитализм кезінде негізгі мақсат болды 11. Екінші
жағынан абсолютизм антифеодалдық лагерьден бөлу саясатын жүргізіп, сол
кезде антифеодалдық революцияны басқара алатын жалғыз күшті, яғни
буржуазияны өз жағына тартқан.
Сауданың және өнеркәсіптің дамуы, монархқа жаңа табыс көзі бола тұрып,
оның сословиелік өкілдік органдардан тәуелсіз етіп, тек оған бағынған күшті
басқарушылық-бюрократиялық аппаратты және тұрақты әскерді құруға
мүмкіншілік берді. Сонымен қатар абсолютизм кезінде салық көбее бастады.
Монарх сословиелік өкілдік органдардан өз тәуелділігін жоя отырып, оларды
шақыруды және олармен ақылдасуды тоқтатады. Енді биліктің тірегі
бюрократия және тұрақты әскер болады. Абсолютизмге өткен кезде шіркеулердің
дербестігі жойылып, олар тікелей монархқа бағына бастайды. Дворяндарға
сүйене отырып, дамып келе жатқан буржуазияны эксплоатациялап, феодалдарға
күшті соққы береді 12.
Абсолютизм көптеген батыс-европалық елдерде 15ғ. пайда болды. Ал
Англияда 1485 ж. Тюдорлардың билігімен басталды.
16ғ. экспроприацияланған халықтың өрістеп келе жатқан наразылығы жоғарғы
таптардың үрейін тудырғандықтан, дворяндар, дамып жатқан буржуазияшылдар
халықты тоқтату үшін, король үкіметінің нығаюын қолдай бастады. Король
билігінің күшеюі буржуазияшылдарға және дворяндарға өте тиімді бола тұрып,
елдің орталықтануына, феодалды анархияның рецидивтерін жоюға және көпке
созылған барон соғыстарын тоқтатуға керек болды 13.
Тек мықты король үкіметі ғана Англияның Европадағы жағдайын нықтап,
теңіз жолдарын және басқа жердегі рыноктарды жаулап алып, сонымен қатар,
ағылшын сыртқы саудасының мүдделерін қамтамасыз ете алды.
Күшті король билігінің тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ
байқала бастады. Алайда абсолютті монархияның нағыз негізін қалаушысы, яғни
Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған.
Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден
(21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс
болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің
негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта
ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы
Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс
Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның
қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды
өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ағылшын ренессансы
Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия
Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік
орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын 14.
Генрих VII-ші (1485-1509) жаңа дворяндар, буржуазияның және көптеген
орта феодалдық дворяндардың көмегімен таққа отырған соң кәдімгі
абсолютистік саясатты жүргізе бастайды. Ал оның алдында болған король
узурпатор болған.
Генрихке біріншіден тақта өзінің позициясын нықтау және король билігінің
мәнің жоғары дәрежеге көтеру қажет болды. Роза соғыстары кезінде ірі
феодалдық барондар әлсіресе де толығымен жойыла қойған жоқ. Осы бағынбайтын
барондар бірнеше рет көтеріліс жасап король жағдайын қиындатқысы келген.
Сонымен қатар бұндай көтерілістер Ирландияда және Корнуольде де болып
отырды 15.
Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде 11 жасар Симнельді йоркистер Кларенс герцогінің
қашып кеткен баласы және Йорк династиясының соңғы өкілі деген. Осыдан кейін
барондар ереуілдері басталады: осы жалған баланы король деп тағайындап,
олар Англияға әскер орнатпақшы болады. Алайда, ирландық және неміс
отрядтары қанша күшті болғанымен 1487 ж. Генрих VII-шінің әскерімен толық
жойылады. Тіпті өзінің күштілігіне сенген король Симнельді тұтқынға алып,
оны жазаға тартпай ас ішетін бөлмеге көмекші ретінде қояды. Ал йоркистерді
басыңқырау үшін өзінің әйелін Елизаветаны королева және Йорк династиясының
мұрагері деп жариялайды.
1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің
басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың
жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард
IV-ң баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші
баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның
королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға
алып, дарға асады 16.
Буржуазияның, жаңа дворяндардың көмегімен басып тастаған көтерілістер
Генрих VII-шінің оппозициясының күшеюіне әкелетін.
Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж.
Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар,
олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың
арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король
қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс
жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал
байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады.
Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала
алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны
көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды 17.
Барондармен күрес жүргізе отырып, король ливрейі бар феодалдық
ақсүйектерге тыйым салатын заң шығарады. Ал көптеген лордтарда осындай
ливрейлік ақсүйектер өте көп болған. Себебі, господиннің бұйрығы бойынша
олар барлығымен күресуге дайын болған. Уорикте - король дайындаушыда
өзінің сарайында вассалдар және парламентпен ере жүретін 600 әскери
отрядтары болатын. Ливрейлік ақсүйектер – феодалдық соғыстарға, өзара
қырқыстарға дайын әскерлер деп саналатын. Сол себепті Генрих VII-ші
ақсүйектерді ұстауға тыйым салып, ал бұған бағынбайтындарға үлкен Алым-
салықтар салатын. Енді корольдің осы заңына байланысты ақсүйектер
тарқатылып, барондардың саяси үстемдігі біртіндеп әлсірей бастайды.
Бұдан басқа Генрих VII-ші барондардан артиллерия ұстау құқығын алып
тастап, енді артиллерияны тікелей тек өзіне бағындырады. Бірақ корольдің
тұрақты әскері болмағандықтан ол тек лейб-гвардиясымен және біршама үлкен
арнайы жалданған отрядпен жүретін 18.
Осы кезде Жұлдызды палата - яғни, саяси сатқындық және ереуіл
жасағандарға жоғарғы корольдік сот құрылады. Бұл сотқа билль бойынша тіпті
жоғарғы шенді адамдар да тартылатын. Сонымен қатар, король администрациясы
күшейіп, солтүстік және Уэльс істері бойынша кеңес құрылады. Ал парламент
өз жұмысын жалғастырса да, Генрих VII-ші өзінің қаржысын көбейткен сайын
одан көмек сұрауды азайтады: соңғы 13 жыл бойы оның басқаруы кезінде
парламент тек екі рет жиналады. Жалпы Генрих VII-шінің билігі кезінде
қастандық жолмен болса да, саяси және экономикалық прогресс болды және ол
өзінің мұрагеріне бай қазынаны және ретке келтірілген мемлекеттік биліктің
аппаратын қалдырды.
Сыртқы саясатта ағылшын үкіметі соғыстардан бас тартып, Франция, Испания
және Англия арасында күштердің теңдігін болуын қалады.
Генрих VIII-ші (1509-1547ж.) таққа отырғаннан кейін өз әкесінің
жоспарын жалғастыра отырып, король болып сайланған соң Фердинанд пен
Изабелла Испанскийлердің қызына үйленіп Испаниямен одақ құрады да
Франциямен әскери күрес жүргізе бастайды. Екі жылдан кейін ол Испания,
Венеция және рим престолымен одақ құрғаннан кейін, Әулие лигасына
бірігеді 19.
Бұл жағдай 1525 ж. Павиидегі күрестегі испан королінің жеңісінен кейін
өзгеріп, оны континенттің үстем етуші жағдайына әкеледі. Осы кезден бастап,
Англия және Испания арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан, Генрих
VIII-ші Франциямен одақ құруды жөн көреді 20.

1530 жылға дейін ағылшын үкіметінің ішкі саясатын кардинал Уолси (1515
-1530ж.) басқарып келді. Оның жүргізген саясатының негізгі мақсаты -
біршама реорганизациялаудың арқасында корольдің абсолютті билігін нығайту.
Ал маңызды рольді король өзі шенеуніктер мен феодалды ақсүйектер арасынан
сайлаған король кеңесі атқарады. Бұл кеңестің құрамы тұрақты болатын. Кеңес
бірнеше комитеттен құрылатын, және осы комитеттер мемлекетті басқаруды
жүзеге асыратын. Генрих VIII-ші кезінде парламент корольге көмектесе
отырып, біршама көп жиналатын.
Кардинал Уолсидің салықты көбейту идеясы қауым палатасының наразылығын
тудырып, ал оның міндетті алым-салық төлеткіздіру әрекеті жағдайды одан
сайын нашарлатады. Халық арасында да осындай әрекетке қарсы қозғалыстар
туындайды. Осының барлығы 1523-1524 ж. Кардинал Уолсидің позициясын
әлсіретеді. Біраз уақыттан кейін, кардинал Уолсиді қолдап отырған жаңа
дворяндар мен буржуазия арасында оған қатысты сенімсіздік туа бастайды
21. Ол Тюдорлар билігін нығайту үшін және осыған байланысты туған
әлеуметтік қарама-қайшылықты басу мақсатымен, қоршау саясатына қарсы
шаралар қабылдап, шаруаларды қинап жатқан жаңа дворяндар мен капиталистік
фермерлердің құқықтарын біраз шектейді. Тек осы жағдайдан кейін халық
арасындағы наразылық біршама тоқтайды.
20ж. Уолсидің жағдайы нашарлайды, ондағы себебі Англия өзінің сыртқы
саясатында Франциямен жақындасу үшін Испаниямен, яғни жалпы Габсбургтермен
халықаралық қатынастарын үзу керек болды. Ал Испаниямен қарым-қатынасты
үзгеннен соң, ол міндетті түрде рим папасының билігіне бағынушылықтан шығу
керек болды. Сонымен қатар Габсбургтермен қатынасты үзудін және рим
папасына бағынбаушылықтың сылтауы ретінде, ол Екатерина Арагонскаямен
некесін заңсыз деп жарияламақшы болады. 1529 ж. Король Екатерина
Арагонскаямен некесін заңсыз деп жариялауды талап етеді. Бірақ Уолси
басқарған легат комиссиясы некені заңсыз деп жариялау ісін кейінге
қалдырған соң, оның саяси жағдайы нашарлай бастайды: біріншіден ол сарайды
қалдыруға міндеттеліп, кейін қамауға лондондық Тауэрге алынады. Осы жолда
ол қайтыс болады. Ал оның орнына корольдіктің канцлері Утопияның авторы
Томас Мор келеді. Бірақ ағылшын реформациясының басталуына байланысты өз
орнынан босатылып, мемлекеттік опасыздығы үшін жазаға тартылады. Одан кейін
1532ж. Томас Кромвель мемлекеттік басқаруды өз қолына алып, орталық билікті
барынша нығайтумен айналысады. Ол барлық қаржылық және корольдің баспасөз
ісімен айналысып, оның бас секретарі бола отырып, жоғарғы мемлекеттік орган
деп саналатын Құпия кеңесті басқарып, оның өзінің үлкен шенеуніктен штаты
құрылған. Оның маңызды атқарған ісінің бірі - қаржылық ведомствалармен
администрациялық реформалар 22.
Рим папасымен байланыс үзілген соң, король шіркеулерді жауып, олардың
жерлерін тартып алып, өз пайдасын арттыра бастайды. Осындай антикатоликтік
саясат арқылы ол Испаниямен байланысты үзіп, Англияда реформация жасап,
шіркеу мүлігін толығымен өз қолына алады. 1529 ж. - 1536ж. Жиналыс жасаған
парламент бірнеше акт қабылдап, (Акт о верховенстве 1534ж.) корольді
ағылшын шіркеуінің басшысы деп тағайындап, Рим мен Англия арасындағы
байланыс үзіледі.

Генрих VIII-ші билеген кезде саяси және конституциялық нәтижелерінің
маңыздылығы зор болды. Ол лордтар палатасынан епископтарды алып тастаған
соң бұл органды ақсүйектердің органына айналдырады. Сонымен қатар ерте
кезден орнатылған мемлекет пен шіркеу байланысын тоқтатып, ұлтшылдықты
дамытады. Генрих VIII-ші басқаруы барысында ағылшын абсолютті монархиясының
белгілері анық байқала бастады.
Эдуард VI-шы 1547ж. таққа отырған кезде, ол он жасар бала болатын. Ол
Генрих VIII-шімен оның үшінші әйелі Джейн Сеймурдің баласы болатын. Эдуард
VI-шы өзінің кәмелеттік жасына жетпегенінше оның әкесінің інісі герцог
Сомерсет корольдіктің протекторы міндетін атқарып, бұл лауазымда 1550ж.
дейін отырады. Сомерсеттің Англия мен Шотландияны біріктіру идеясы сәтсіз
болып, тіпті шотландықтарды өзіне қарсы қояды. Ол Шотландияға басып кіріп,
Пинки-клейде жеңіске жетсе де, бұл істен басын тартуды жөн көреді. Осы
кезде Шотландықтарға көмекке француздар келіп, Мария Шотландская мен
Франция дофині өзара неке құрады. Сомерсеттің ішкі саясаты да сәтсіздікке
толы болған. Әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту талпыныстары
керісінше оны әлсіретеді. Ал 1550ж. ол кеткен соң Эдуард VI-шы басқаруы
кезінде граф Уорвик мемлекеттік істермен айналысады. Бірақ Уорвик жас
корольдің өлетінің біле тұра таққа Марияны отырғызбас үшін, 1553ж. өзінің
ұлына Генрих VII-нің кіші қызының немересін Джейн Грейнді үйлендіреді.
Алайда бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды.
Эдуард VI-шы басқарған кезде Англияда Реформация жаңа қарқынмен дамып
келе жатқан. Англия тарихында бірінші рет доктриналар мен христиан діні заң
жүзінде іске асырылады. 1549ж. жалпы сыйыну туралы кітапты міндетті түрде
пайдалану шешімі қабылданады. Бұл кітап католиктік текстен тұрған. 1552ж
шыққан сыйыну кітабында континенталдық реформаторлар бағыты туралы
жазылған. 1553 ж. Эдуард VI-шы 6 шілдеде 16 жасар король болып қайтыс
болады.
Эдуард VI-шы қайтыс болған соң жаңа ақсүйектер католичка Мария Тюдордың
таққа отыруын болдырмас үшін, мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырмақшы
болады. Алайда ол 1553ж. 19 шілдеде Лондонда королева деп жарияланады. Жаңа
королева ескі дінді қабылдай отырып, шығыс графтігтерде реформа жүргізіп
олардың көмегін өзіне қамтамасыз етеді. Ол Эдуард VI-шы кезіндегі
епископтарды қайтадан приходқа алып, ал олардың орның алып отырғандарды
өздерінің орындарынан босатады. Сонымен қатар Мария реформаторларды
Англиядан қуады, ал жаңа дінді қайта қабылдағандарға ешқандай зорлық-
зомбылық жасамайды. Парламенттік акт бойынша Эдуард VI-шы қабылдаған діни
шешімдерді өзгертеді: сыйыну кітабындағы священниктерге неке құру құқығына
және епископтерді патент беру арқылы сайлауға тыйым салады. Генрих VIII-
шінің соңғы дәстүрлі өмір сүру салтына көшу барлық жерде жүргізіледі. Бұл
кезде оппозиция болған, бірақ қоғам ескі тәртіпке өтуге қарсы шықпаған.
Алайда кейін папа билігінің орнауы және оларға жерлерді қайтарып беру
мәселелері үшін халық арасында толқулар басталады. Жалпы осы Мария Тюдордың
ең үлкен қателігі – Филипп Испанскиймен неке құруы. Өйткені, осы неке құру
туралы хабарлама, халық көтерілісіне әкелді. Көтерілісшілердің негізгі күші
Лондонға жылжып келе жатқанда королева оны тоқтата алған. Осыдан кейін
Мария өзінің саясатын қатаң жүргізе бастайды. 1554 ж. оның некесі заң
жүзінде қабылданады. Ал папа билігінің рухани юрисдикциясының көтерілісі
оның наразылығын одан сайын өрістетеді. Енді осыған байланысты Үшінші
парламент еретиктерге қарсы заң қабылдап, (1528ж.) Англияда папа билігінің
кеңеюіне тыйым салады. Бұл заңдарды жүзеге асыру үшін бұрын шіркеулерге
қатысты болған жерлерді тиіспеуге үәде беру керек болды. Алайда бұл шаралар
керісінше оппозицияны күшейткеннен кейін, Мария Тюдор репрессия жолына
түседі. Сонымен қатар оның сәтсіз болған некесі Англияны Франциямен соғысқа
әкелген: 300 еретик өрттелінеді, королева авторитеті түсіп және
экономикалық әлсіздікке әкеледі. Сөйтіп, 1558 ж. 17 қарашада Мария Тюдор
қайтыс болады 23.

1.2 Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі

Мария Тюдор қайтыс болғаннан кейін, Генрих VIII-ші мен Анна Болейннің
қызы Елизавета Тюдор (1558-1603ж.) таққа отырады. Елизавета I-нің билігі
ағылшын абсолютизмінің дамуында кульминационды пунктке айналған. Осы кезде
абсолютті монархиямен жаңа дворяндар және буржуазия арасында келіспеушілік
қарқынды түрде дамып жатты 24.
Елизавета билегенде Англия толығымен аграрлы ел болған. Халықтың көп
бөлігі: 4,5 млн. адам деревняларда тұратын. Жалғыз ірі қала Лондон болатын.
Оның тұрғындарының саны 1534 – 1660 ж. 8 есе көбееді (60 мыңнан 460 мыңға
дейін). Осыған байланысты Англияда шаруашылық өмірдің интенсивті түрде
дамуы қарқынды жүреді. Ол негізінен аграрлы облыстарда байқалынды. Сонымен
қатар Тюдорлар реформалары ақшалы адамдардың қолына, яғни джентрилерге
көптеген жерлер бөліп берді. Нәтижесінде кедей шаруалар өздерінің азық-
түліктерінен және жерлерінен айырылады. Деревняларда жерлердің ірі
капиталистік арендасы таралады, және феодалды тәртіпке бағынбаған фермерлер
көбее түседі.
Елизавета I-ші таққа отырғаннан соң, оның үкіметі ағылшын шіркеуінің
құрылымын қайта өзгертті. Яғни, ағылшын королі басқарған Римге тәуелсіз
ағылшын шіркеуі қайта құрылады. Бұл шіркеуде епископтер корольге бағынатын
болды. Өзінің догматтық негізі бойынша католиктік шіркеуден айырмашылғы аз
болған. Ал жаңа катехизистің нақты белгіленбегені үшін, оның мән-мағынасы
әртүрлі түсіндірілетін 25.
Королева шіркеу істерін реттеу және республикаландыру тенденцияларын
жою мақсатымен, оның үкіметі Кальвиннің ілімі бойынша реформацияның
жақтаушыларымен үнемі күрес жүргізіп отырды. Швейцар реформаторы Жан
Кальвиннің (1509-1564ж.) европалық буржуазияның мүддесін көздеген
протестантизмнің ең радикалды түрі болған. Кальвиннің негізгі идеясы –
адамзатты қорғау ілімі. Яғни қорғауға тек құдай таңдаған адамдар алынады
деген. Негізгі мәнге кальвинистік шіркеудің республикандық ұйымы иеленіп,
оның пасторлар мен старейшиналарын оларға сенетіндермен сайланатын. Жалпы
осы кальвинизм бірінші қорлану кезеңіндегі буржуазияның дініне айналады.
XVIғ. 60ж. протестанттар-кальвинистер Англияда пуритандар (purus –
таза) деп аталына бастайды. Пуритандар қатарына білімді, рухани адамдар
жатады. Оларды жаңа дворяндар мен буржуазияшылдар қолдаған. Осы
пуритандардың идеологы және басшысы Картрайт старейшиналармен қауым
мүшелерінің бай ақсүйектерінен тұратын шіркеулік одақты құрғысы келді. Сол
себептен Картрайттың жақтаушыларын пресвитариандар деп атаған.
Пуритандардың сол жақ қанатын Браун басқарған. Ол ағылшын шіркеуінен толық
тәуелсіздікті, қауымның дінбасыларының дербес іс-әрекет етуін талап етті.
Ал оның қол астындағылары индепенденттер деп аталған 26.
Елизавета кезіндегі пуритандармен күрес XVI ғ. 90 ж. қарқынды дамып,
көптеген пуритандықтар сотқа, жазаға тартылынған. 1593 ж. статут бойынша
пуритандарды қудалаушылыққа ұшыратып, нағыз пуритандарды өлім жазасына
тартады. Пуританизм осы кезге қарай дамып келе жатқан буржуазды
оппозицияның туына айналғаннан кейін үкімет бұдан үрейлене бастайды 27.
Королева өзінің әкесі сияқты компитентті кеңесшілерді таңдауға шебер
бола тұра қоғамның позитивті көзқарасына иеленуді жөн көрді. Ал діни
сферада өзінің алдындағы корольдердің саясатын қайталамады. Епископ
орындарына және Кентерберий архиепископ орындарына вакансияны онымен
ынтымақтастық қарым-қатынасты жүргізгісі келген қалыпты дінбасыларына
берді. Сонымен қатар Елизавета парламент заңды өзгертпегенінше латын әдет-
ғұрыптарын сақтаған. 1559ж супрематия туралы акт Генрих VIII-ші кезінде
қабылдаған актіні бекітеді: Эдуардтың жалпы сыйыну туралы кітабына дінге
консервативті сенушілерге жағымды болатын бірнеше өзгертулер енгізіп,
біркелкі актісін қабылдайды. Алайда көптеген компромистердің себебінен оның
саясаты қоғамды толығымен қанағаттандырмаса да кейін халықтың көпшілігі оны
қабылдайды. 1570 ж. Папа булласы королеваны және оның қызметкерлерін
коронаға сенімділігінен босатады. Королеваны таққа отыруға құқығынан
айырған соң, осыған байланысты парламент акт қабылдағанда католиктердің
Англияда жағдайы нашарлай бастайды.
Елизаветаның билігінің бірінші жылдарында оның оппозициясы әлсіз
болады, бірақ 1569 жылы солтүстікте Ағылшын ақсүйектерінің король билігіне
қарсы көтерілісі болады.
Сыртқы саясатта Елизавета Франция және Испания арасында бәсекелестікті
қарқынды жүргізді. Ол кейде өзі француз гугеноттарына, голланд
кальвинистеріне көметектесті, ал кейде өзінің қызметкерлеріне көмек беруге
міндеттеді. Оның бұндағы мақсаты тек протестантизм басына отыру ғана емес,
көтерілістерді қолдау арқылы Францияның және Испанияның жағдайын нашарлату.

1568 ж. тақтан бас тартқан Мария Шотландская Англияға келіп
Елизаветадан көмек сұрайды. Себебі шотланд лорд-пресвитариандары
абсолютизмнен және католицизм дінінің орнауынан қорқып 1567ж. Мария
Стюартқа қарсы көтерілісті ұйымдастырады. Филипп II Испанский және рим
папасы Англияға соғыс жариялауы үшін көптеген себебі болған. Себебі теңіз
ұрлықшылары Елизаветаның атынан испан-американ порттарын, испан
коронасынан алтын толған кемелерді тоңаған және ағылшын әскерлері
Голландияда Вильгельм Оранскийдің жағында Филиппке қарсы соғысып жатқан.
Сонымен қатар Англияның да Испанияға претензиялары болған. өйткені, Филипп
агенттері Елизаветаға қарсы қастандықтар ойластырып, Ирландиядағы
көтерілісшілерге көмек көрсетіп, антиабсолютистік қозғалыстарды жандандырып
отырған.
1587ж. ағылшын-испан соғысы барысында елде феодалды-католиктік топтардың
реакционды істері жандана түседі. Олар Мария Стюартты босатып, ағылшын
королевасы етіп сайламақшы болады. Бұл идеяны Филипп II Испанский қолдайды.
Сөйтіп, католиктік государьларды Англияға қарсы қойып, антиабсолюттік
қозғалыстарды қолдап, Мария Стюарттың Англия тағына претензиясын жүзеге
асыруды жөн көрді. Бірақ бұны білген Елизавета I-ші осыған қарсы алдын-ала
шаралар қолданып, Испаниямен соғысты бастатпас үшін, Елизавета Марияны
мемлекетке опасыздық жасады деп, 1587 ж. 8 ақпанда жазаға тартады 28.
80ж. ағылшын-испан соғысы жаңа фазаға өтеді. Бұл кезде Нидерланды
революциясы оның өзіне үлкен азап шектіреді. Ол Испаниямен соғыс барысында
өзіне одақтас мемлекетті іздеп, Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сөйтіп 1585 ж. Нидерландыға ағылшын әскері жіберіледі. Осы кезден бастап,
Англия және Испания арасында ашық соғыс басталады. Шынында да Елизавета
Нидерландының революциясына көмек бергісі келмегендіктен, Филипп II
Испанский Англияға соққы беруге дайындығын жақсы атқарды.
134 транспорттық кемелерден құрылған испан Армадасы 1588ж. Англияға
қарсы жорық жасайды. Ал кемеде Англияны басып алуға жіберген 22 мың солдат,
8766 теңізшілер, 2088 құлдар, 300 дінбасылары болған. Ағылшын үкіметі
соғысқа нашар дайындалған болатын. Осыған қоса 1587ж. урожай төмен болып,
нанның бағасы жоғарылай бастаған. Ағылшын королевасының шетелдерден кредит
алу мүмкіндігі болғанымен, 1587-1588ж. банкирлер оған көмектесе алмай,
Англия тек өзінің ресурстарын ғана пайдаланды. Ал ағылшын көпестері ол
кезде нашар халде болғандықтан, жеткілікті субсидияны бере алмаған 29.
1588 ж. Англия испан Армадасына тойтарыс беру үшін, өзінің флоттарын,
әскери отрядтарын дайындай бастаған. Король флоты тек 34 кемеден, 6 мың
адамнан тұрған. Бірақ ағылшын жаңа дворяндары және буржуазияшылдары
Англияның қорғанысын ұлттық мәселе деп, өз қаржыларымен мемлекеттік
қызметке көптеген кемелерді жібереді.
Шілде айында Армада Англияға жақындап, Ла-Маншқа кіреді. Ал ағылшын
теңізшілері адмирал Говардтың бұрығымен Армаданы бұғазға кіргізеді. Ал
Елизаветаның әйгілі пираттары және теңізшілері Гоукинс, Дрейк, Фробишер
Каледа Армаданы аңдып, маңызды күрестерге шықпай, ұсақ соқтығыстар жасап,
тек 28 шілдеде қарсыластар Каледа кездеседі. 140 кемелері болған ағылшындар
түнде испан флотына 6 кемені жібереді. Осы кезде испандықтар қатты
үрейленіп, бірнеше кемелері жанып, біразы өзара соқтығысқан. Келесі күні
болған теңіз қақтығысында испан флоты үлкен зардаптар шегеді. Жолда абайсыз
болған теңізшілерге ағылшындар күшті тойтарыс береді. Одан кейін испан
кемелері Каледа рейдке тұрған соң басталған боранның себебінен Солтүстік
теңізде кемелердің жартысы батып, қалғандары теңізде жоғалып, Шотландия мен
Ирландияның тасты жағалауларынан табылады. Негізінен, Испанияға кемелердің
тек 13 бөлігі оралады. Бұл соғыс Елизавета билігінің соңына дейін
созылады, бірақ Армададағы испан жеңілісі Англияны Испанияның қауіп-
қатерінен арылтады.
Ағылшын-испан күресінде Армаданың құлауы, Испанияның теңіздегі
үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Испания және Англия арасындағы өзара
бақталастық Англияның жеңісімен аяқталады. Алайда Филипп II-шімен теңіз
күресі арықарай жалғасады 30.
70-80 ж.ж. қауым палатасындағы пуритандар конфликтілеріне қарамастан,
үкіметпен парламент сыртқы және ішкі саясатты қайтадан біріге отырып,
жүргізе бастайды. Елизавета Тюдор жаңа дворяндардың, буржуазияның мүддесін
қанағаттандыру үшін, сауда мен өнеркәсіптің жақсы дамуы үшін, халық
көтерілісінің болдырмау үшін барынша қызмет еткен. Абсолютизм елдің
арықарай дамуы үшін барлық алғышарттарын дайындады. Осыған байланысты
абсолютизмнің келесі негізгі белгісі анықталған: абсолютті монархияның
шарықтаған кезіндегі парламенттің сақталынуы.
Өкінішке орай, 90ж. бұл жағдай өзгеріске ұшырайды. Жақсы нығайған
капиталистік элементтер дербестікті талап ете отырып, олардың коронамен
мүддесі қайшы келе бастаған. Дәл осы кезде тұрақты әскері болмаған ағылшын
монархиясының позициясы әлсірей бастайды.
Жалпы Тюдорлардың берік және орталықтанған мемлекеттік аппарат құру
талпыныстары, әбден жетілген мемлекетке жеткізбеді. Тіпті XVI ғ-да да
королевада оған мүлтіксіз бағынатын бюрократиялық аппараты болмады.
Парақорлық және қазынаны тоңаушылықпен қатар, графтіктерде шенеуніктердің
лауазымын жергілікті жаңа дворяндар атқарған. Сонымен қатар корольдің
барлық бұйрықтары шенеуніктердің өзінің мүддесіне сәйкес болғандықтан ғана
атқарады. Елизавета өзінің кеңесшілерін жақсы таңдай алғандықтан Берлей,
Николай Бэкон, көпес Томас Грешем сияқты абсолютизмнің жақтастары пайда
болған. Ал Уолси басқарған шпионаж және информация жүйесі Елизаветаға жақсы
көмек болып, ол Европа және Англияда болып жатқан істері туралық керекті
мәліметтер жинап отырды. Сонымен қатар Томас Грешемді король қаржысын
жақсы басқарғаны үшін, оны көпестер королі және королеваның қаржылық
кеңесшісі деп атаған.
Бірақ Елизавета билігінің екінші жартысында сановник Роберт Сесиль
және атақты философ Фрэнсис Бэкон кезінде мемлекеттік аппарат оның қол
астынан шығып, монарх еріктігін орындаудан бас тартады. Енді бұны реттеу
үшін королева фаворитизм жүйесін қолданады. Егер Елизавета билігінің
бірінші жартысында Лейстер сияқты фавориттер оған тек тікелей бағынатын
болса, екінші жартысында олар королеваның кеңесшілеріне айналып, маңызды
рольді атқарған. Ал сэр Уолтер Рэли, Эссекс кейде королеваға қарсы шығып,
сыртқы саясатты өз беттерінше жүргізеді. Елизавета билігінің соңғы
периодында сол кездегі абсолютизмге тән болған сипатта фавориттердің
королеваға ықпалы күшее түседі 31.
90ж. ортасынан бастап парламентте буржуазды оппозицияның королеваның
монополиялық патенттерді беру саясатына қарсы наразылық туады. Осыдан бұрын
да тюдорлық үкімет сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына практика ретінде
монополиялық патенттер берген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі орта ғасырлардағы Англия
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)
Батыс Eуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы
Соғыс испан тағына франция королі
Англиядағы шексіз монархия
Италияның тарихы
Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі
Пәндер