Қазақтың ұлттық аспаптары



Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.

Домбыра
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ұлттық аспаптары
Адырна
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті
музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ
атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды.
Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып
жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті
терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады.
Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен
іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы
110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас
жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен
әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап
ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде
көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.

Домбыра
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар
сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне
тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр
түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он
тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге
келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең
шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда,
қоңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық
тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл
қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым
күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады.
Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз
ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы
көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес
аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек
халқында - Тәбльбасс, Қырғызда Доолбас деп аталады.

Жетіген
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті
шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте
қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапа йым
күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер
қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың
шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен
заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті
қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге жетіген деген атау осылай
жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен
насихатталып келеді.

Желбуаз
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан,
ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал
терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны
болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып
жүруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі
Ұлттық аспаптар
Болат Сарыбаев
Қазақ халық көне аспаптарының тарихи даму кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Пәндер