Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының іс-тәжірбиеде қолданудың құқықтық механизмдері



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Кәсіпкерлік мүліктік сақтандыру шарт ұғымы:құқықтық, экономикалық әлеуметтік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Кәсіпкер мүліктерін сақтандырудың құқықтық жағдайлары ... ... ... ... ... .14
2 КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ІС.ТӘЖІРБИЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
2.1 Сақтандыру ұйымдарының кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының жүзеге асырылу барысындағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Қазақстан Республикасында экономикалық білім берудің маңызы ... ... ..46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Кәсіпкерлік мүліктік сақтандыру шарт ұғымы:құқықтық, экономикалық
әлеуметтік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.2 Кәсіпкер мүліктерін сақтандырудың құқықтық
жағдайлары ... ... ... ... ... .14

2 КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРБИЕДЕ
ҚОЛДАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

2.1 Сақтандыру ұйымдарының кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру
шарттарының жүзеге асырылу барысындағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

2.2 Қазақстан Республикасында экономикалық білім берудің маңызы ... ... ..46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .51

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..54

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..59

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты
2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан
Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi
қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған
институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге
қабiлеттiлігін арттыру болып табылады[1]. 2015 жылға дейiнгі
индустриалдық-инновациялық стратегияны тиiмдi iске асыру және оған шағын
және орта кәсiпкерлiк субъектiлерінің барынша көбірек қатысуы мақсатында
инновациялық жобаларды iске асырудың алғы шарттары құрылады, оның негiзi
отандық және шетелдiк ғылым әлеуетiн пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi
соңғы өнім құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегі жаңа инновациялық жүйе
болады[2]. Аталған дипломдық жұмыс бәсекелестік жағдайындағы кәсіпкерлік
қызметті сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау жасап, сонымен
қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму
бағыттарын айқындауға бағытталған.
Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың
негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек
қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар
мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару
болып табылады. Сондықтан, рыноктың шаруашылығы дамыған мемлекеттерде
сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың
стратегиялық секторы болып отыр.
Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде,
алайда отандық сақтандыру қызметіңің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп
отырған сақтандыру қызметтерінің көлемі тар, тиімділігі аз болып отыр,
Сақтандыру рыногындағы компаниялардың тұрақты дамуына қарамастан,отандық
сақтандыру жүйесінің дамуы төменгі деңгейде қалуда. Оған дәлел және де біз
сақтандыру шартын жүзеге асырудағы кедергілердің кездесетініне көз
жеткіздік. Сол себепті апаттардың алдын алуға, халыққа әлеуметтік жәрдем
көрсету бойынша елеулі мемлекеттік шығындар жұмсауға тура келуде.
Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. қазіргі әлеуметтік-
экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған
сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін
құруды талап етеді. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты
дамуы туралы айту қиын. Сақтандыру қызметі рыногының жеткіліксіз дамуы
сақтандыру компанияларына келетін капиталдың аздығынан болып отыр, ол өз
кезегінде сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігінен, соның ішінде
өмірді
сақтандыруға, халықтың отандық қаржы ұйымдарына деген сенімділігінің
төмендігі, әсіресе ұзақ мерзімді салымдар жасауға көп халықтың сенбеуінде
болып отыр. Сақтандыру рыногының дамымай қалғандығын және оның
қазақстандағы институционалдық аяқталмағандығы мемлекеттік мәселе болып
отыр, егер осы мәселені мемлекет шешсе сақтандыру қызметі рыногы
экономикалық өсудің маңызды тұрақты факторы болар еді.
Отандық сақтандыру қызметі рыногының дамуын тежеп отырған негізгі
себептер тек сақтандыру қызметін ұсыну тәжірибесінің жеткіліксіздігінде
ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі,құқықтық
мәдениетінің төмендігімен төлем қабілеті бар кәсіпорындардың санының
аздығында болып отыр.Сонымен қоса Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер
құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және
орта кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан. Шағын және орта кәсiпкерлiк
мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн
негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта
кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк реттеудiң одан әрі
тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды. Зеріттеу жүргізу барысында қазiргi уақытта
нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап
отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен
өлшемдерi айқындалмаған.Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын
және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге
болады: тiркеу,қайта,тiркеу,әрекет,ету,даму ,тарату.Жоғарыда аталған әрбiр
кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және
ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың
дамуын тежейдi. Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде 216
заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы заңнамалық
базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөнiндегi жоғары
шегерiмдердiң себебi болып табылады. Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта
кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi[3].
Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн
айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын
кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген[4].
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық
есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша
таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына
әкеліп соғады.Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң
өзiн заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға
итермелейдi. Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға
жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi
тiзбесi iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі
келтiредi. Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық
қызметтi негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi (рұқсат беру, қорытындылау,
келiсу) бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және
орта кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi.Осылайша, әкiмшiлiк
кедергiлердiң ауыртпалығы негiзгi кемшiлiк болып табылады: тiкелей әрекет
етпейтiн кесiмдер, көптеген кiшi заңи кесiмдер бар; мәнi бойынша
мемлекеттiк функциялар берiлген, мемлекеттiк органдар уәкiлеттiк еткен
көптеген мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар қызмет етедi;
шектен тыс статистикалық және салықтық есептiлiк бар; жекелеген мемлекеттiк
органдар өздерiнiң бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келiсу функциялары
мен өкiлеттiктерiн қысқартуға дайын емес.Мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн
тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) жеткiзiп беруде шағын және орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын
қамтамасыз етуi тиiс "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын және орта кәсiпкерлiктiң
өзара қатынасын жеке атап өту керек[5]. Алайда, практикада мемлекеттiк
тапсырыс берушiлер шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн заңда көзделген
жеңiлдiктердi мүлдем дерлiк қолданбайды.
Осы себептер кәсіпкерлікті сақтандыру қызметінің потенциалын анықтап
және құру механизмдерін жетілдіруге бағытталған және болашақтағы
тенденцияларын қорытындылайтын зерттеулердің жоқтығынан болып отыр.
Жоғарыда көрсетілген себептер тақырыптың өзектілігін ашады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған
ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған
жағдайлар кезеңінде кәсіпкерлікті сақтандырудың жаңа рөлін жан-жақты
зерттеу өте маңызды. Сақтандыру қызметінің мазмұның
У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. ғұлама ғалымдардың
математика, құқық және экономика бойынша еңбектерінде зеріттеліп,
кәсіпкерлікті сақтандырудың негізі қаланып, сақтандыру қорының мәні ашылды
сонымен қоса өмірді сақтандыру теориясы ғылыми негізделіп, сақтандырудағы
актуарлық есептердің мәселелері өз шешуін тапты деп айтуға болады. Рыноктық
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметінің даму
мәселелері сақтандыру бизнесін ұйымдастырушы мамандардың еңбектерінде кең
талқыланған. Сақтандыру қызметінің мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық
және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі
туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар олардың ішінде К.К.
Жүйріков[6], У.Б. Баймұратов[7], К.Г. Воблый, Э.А. Вознесенский, А.Г.
Грязнова, Е.Ш. Качалова, А.К. Сембеков[8], Е.Р. Хандшке, Э.С. Гребенщиков,
Ю.М. Журавлев[9], С.Л. Ефимов, Л.А. Мотылев, А.М. Годин, В.Д. Мельников,
О.Э.Лер,Шеденов,Алтынбекұлы [10] және т.б. еңбектері бізге кәсіпкерлік
саласындағы мүліктік сақтандыру шарттары тақырыбын ашуда көмегін тигізді.
Бұл авторлардың еңбектерінде сақтандыру қызметінің және өнімдерінің
жіктелуі қарастырылған және сақтандырудың жеке типтері, түрлері бойынша
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерінің мәні ашылып көрсетілген, сондай-ақ
Экономиканың, құқықтың әртүрлі салаларындағы өндірістік және қаржылық заңи
қызметтермен байланысты түрлі тәуекелдерді сақтандыруды ұйымдастырудың
өзіндік ерекшеліктері анықталған. Отандық және жақын шетелдердегі
экономикалық әдебиеттерде сақтандыру бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу
құралы ретінде жарық көрген. Ал күнделікті басылымдарда жарық көретін
мақалаларда сақтандыру және кәсіпкерлік қызметінің қалыптасуының өзекті
мәселелері ғана талқыланады. Бұл
басылымдарда сақтандырудың экономикалық аспектілері жеткіліксіз
қарастырылған, сондай-ақ қазіргі кездегі жаңа бағыт, сақтандырудағы
менеджмент толық сипат алмаған. Сондықтан, жаңа қоғамдағы сақтандыру
қызметінің қалыптасу және даму мәселелерінің өзектілігі, тәжірибелік
маңыздылығы және теориялық тұрғыдан жеткіліксіз өңделуі дипломдық жұмыстың
объектісін, пәнін, мақсатын және міндеттерін анықтап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
– Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық
табиғатын және теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы
сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау, сонымен қатар
экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын
айқындау және нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің дамуының
құқықтық негіздері мен оның құқықтық жағынан қорғалуының мағынасын ашу
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
-кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының әлеуметтік-
экономикалық жіктемесін және сақтандыру шарттарының құқықтық мәнін анықтау;
-кәсіпкерлікті дамыту барысында құқықтық жауапкершік жүйесін нақтылау;-
қазіргі жағдайдағы сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттарын
айқындап, оның даму ерекшеліктеріне талдау жасау;
- сақтандыру қызметіне әсер етуші тәуекелдердің табиғатын зерттеп, оларды
басқару әдістерін айқындау;
-шетел тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру қызметінің артықшылықтарын
қалыптастырушы стратегияларды белгілеп, отандық тәжірибемен ұштастыру;
- Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарын оқытудың
әдістемесін ұсыну;
Зерттеу пәні–Бәсекелестік орта жағдайындағы Қазақстан Республикасы
сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық, заңи және экономикалық аспектілері
болып табылады.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы.Сақтандыру шарттарының қызметінің
концептуалдық алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып
табылады. ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналаржатады:
-қаржылық шығындарды төмендету мақсатында құрылған және жеке субъектілердің
экономикалық тәуекелінің бірігуіне негізделген қаржылық қорғау институты
ретіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны
анықталды;
-инвестиция және жинақтау көзі, сонымен қатар жинақтау қоры рөлін орындай
отырып, өндіріс процесінің бөлінбес элементі болып табылатын сақтандыру
қызметінің ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіндегі орны мен мәні
дәлелденді;
-зиянды қайтару мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде,
заңды және жеке тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі сақтандыру
қызметінің экономикалық мазмұны айқындалды;
-сақтандыруға тиесілі қызметтердің мәні мен маңызы нақтыланып, бұл
категорияның өзіндік ерекшелігін сипаттайтын мазмұнды қағидалары
айқындалды;
-рыноктың қазіргі даму ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік тәжірибенің
тиімді жақтарын отандық сақтандыру жүйесіне қалыптастырып, сақтандыру
қызметінің жетілдіру стратегиялары әзірленді.
-кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарын оқытудың
әдістемелері ұсынылды
Қорғауға ұсынылатын негізгі нәтижелер.Тақырыпты зерттеу барысында жаңа
көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, соның ішінде маңыздылары
мыналар:
- сақтандыру қызметі кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі және экономикалық
тәуекелден қорғау институты ретінде;
- Қазақстан экономикасындағы сақтандыру жүйесінің құқықтық қалыптасу
жағдайы;
- инвестициялық қызмет сақтандыру компаниялары қызметінің табыс көзі
ретінде;
- отандық сақтандыру қызметінің дамуындағы негізгі проблемалар;
- сақтандыру компаниясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігін басқару тәсілі
ретіндегі тәуекел-менеджмент:
Дипломдық жұмыстың құрылымы.Диплом жұмысы екі бөлім, қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.1бөлімі Кәсіпкерлік саласындағы
мүліктік сақтандыру шарттарының құқықтық негізі деп аталады.Бұл бөлімде
мүліктік сақтандыру шарт ұғымы: экономикалық әлеуметтік мәні және кәсіпкер
мүліктерін сақтандырудың құқықтық жағдайлары туралы баяндалған,2 бөлімінде
Кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының іс-тәжірбиеде
қолданудың құқықтық механизмдері деп аталады,бөлімде сақтандыру
ұйымдарының кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру шарттарының жүзеге
асырылу барысындағы рөлі мен кәсіпкерлік саласындағы мүліктік сақтандыру
шарттарды дамытуда Кәсіпкерлік құқықты оқытудың маңызы қаншалықты зор
екндігі туралы жазылған, сонымен қоса дипломдық жұмыс қорытынды және
пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады

1 КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ МҮЛІКТІК САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Кәсіпкерлік мүлікті сақтандырудағы шарт ұғымы: құқықтық, экономикалық,
әлеуметтік мәні

Кәсіп ету - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау,
қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.Әкімшілік-бюрократтық үлгінің
орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші
қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне
негізделген. Соңғы уақыттарда Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік
жеке және заңды тұлгалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің
тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын
бастамалық, еркін қызметі.Кәсіпкерлік мәнін "іскерлік" сөзі, оның мазмұнын
жақсы ашады.Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында-тек жана
экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта,
әскерде де қажет. Кәсіпкерлік-іскерлік белсенділік өнері. Кәсіпкерлік-бұл
алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы
іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да
әртүрлі.Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұның өзі жеткіліксіз
көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ "жолы болғыштың" ойлай
алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді[11].
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау -кәсіпкердің кез-келген
жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі
түрінде көрінеді.Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік-жанның ерекше
қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру
құралы ретінде сипатталуы мүмкін. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің
бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті,
табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады. Кәсіпкер үнемі болашақ
туралы ойлайды, сондықтан бұл әсерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің
(1867-1933) мына сөзі орынды: "Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол
сізде болмайды". Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін
салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі [12]. Бірақ кез
келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл
сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын
иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды
орындайды. Күнделікті өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың
барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы
ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа
нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі
жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы-ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда,
шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-
құлық түрі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
- ең жоғары пайдаға ұмтылу; тәуекелге баруға дайын;
- жаңаға ұмтылу ұйымдастыру-шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын
жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. Өз өнімінің үнемі
жаңалануын және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре
алады.Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге
(орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу және
қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды
ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату. ҚР АК
сәйкес кәсіпкер-заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді
қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген
қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер
өзінің шаруашылық тауашасын (нишасын) табуы керек.[13]
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф.Кенэ, А-Смит, Ж.Б.
Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А.Чаянов және т.б. салған.Кәсіпкердің
жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші
адам), қызмет мақсаты -әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және
атқаратын қызметтері-шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты
коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат,
қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдаетыру
(ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау)
[14].А.Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: "Ол өз қызығушылығын
ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің
ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. Өзінің қызығушылығының
артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына
қызмет етеді".Кәсіпкер түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті . Мысалы
1725 ж. Р.Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет
етеді. А Бодо (1797ж.) кәсіпкер -қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын
адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды
басқарады.1876ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын
және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп
көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И.Шумпетер кәсіпкер-жаңашыл,жаңа технологияны
жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер -қуатты адам, тәуекел
жағдайында жұмыс істейді. Г.Друкер (1964ж.) кәсіпкер-бұл кез келген
мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.А.Шапиро (1975ж.) кәсіпкер-бұл
бастама көтеруші адам деп санайды.Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол
туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р.Хизрич (1985ж.)
кәсіпкерлік-құны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер " өзіне
қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен
күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.Сонымен,
кәсіпкерлік-пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен
үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілер жеке
тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер
ретінде жеке тұлғалар жеке және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен
шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе
жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.Кәсіпкерлік субъектілері ретінде
әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар,
ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б.
түрінде шығады.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері шаруашылық субъектілердің еркіндігі
және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық
норма шегінде шешім қабылдауда еркін экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің
басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу шаруашылық тәуекел және
жауапкершілік.Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды
деп қорытынды жасауға болады.Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі
жағдайлар қажет: экономикалық; құқықтық; әлеуметтік және басқа.Біз
дипломдық жұмысымызда кәсіпкерлікті қалыптастырудағы құқықтық жағдайларға,
тоқталамыз.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет
атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші
орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы
жағдай жасайтын заңдардың болуы:
1 кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарапайымдылығы мен жылдамдығы;
2 кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
3 өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық
заңдылықтарды жетілдіру;
4 Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.
5 Ашылған кәсіпкерліктің мүлкін сақтандыруы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы
шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс
жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз
жасалды.Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару
құқығы берілген, заңмен бекітілген [13].
Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен
қамтамасыз ету қажет. Меншікті кеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-
да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне
ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың
қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік
береді.Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне,
өзінің кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.Өзіндік жеке
меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын қолданып, жеке
(жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық жеке рухани құндылықтар болып
табылады.Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы
тарихи миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің, экономикалық
процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдауды күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес
шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың
маңызды сферасы деп саналады [15].Соның ішнде елбасымыз өз жарлығында
кәсіпкерлікті оның мүліктерін сақтандыруға аса қатты назар аударған
болатын .
Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір
әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды-бұл мемлекеттік зейнетақымен
қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.
Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру,
тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.Кәсіпкерліктің
әр түрлерінің үйлесуі. Кәсіпкерліктің барлық түрлері өзара бірі бірімен өте
тығыз байланысты, бір түрімен айналыса отырып, еріксіз немесе қызығушылығы
бойынша қандай да бір дәрежеде басқасымен кездеседі. Өндірістік кәсіпкерлік
коммерциялыққа ұласады, өйткені өндірілген тауарды сату немесе айырбастау
қажет.
Өндіру мен сату қаржы операцияларына байланысты, ақша қаржысын талап
етеді, сондықтан өндірістік және коммерциялық кәсіпкерлік қаржылықпен тығыз
байланысады. Кей кезде бір кәсіпкерлікте өндіруші, сатушы, қаржыгер тұтас
үйлесіп, бірлеседі. Кәсіпкерліктің барлық түрі байланысты және бір біріне
кіреді.Кәсіпкер оларды өзара үйлестіре отырып өндірісті, сауданы, қаржы
ісін, делдалдықты, сақтандыруды шоғырландыруы мүмкін, соның әсерінен жаңа
бірлескен, кешенді түрлер пайда болады.
Қазақстанда кәсіпкерлік белсендік келесідей ерекшелікпен өзгеше белгімен
көрінеді:
- саяси жағдайдың тұрақсыздығы (ескі өмірдің қайта келуінен қорқуды
білдіреді);
- тез баюға ұмтылу;
- экономикалық хаос жағдайын өзі үшін тиімді пайдалану мүмкіндігі:
Мұның барлығы, ұлттық сипаттағы ерекшеліктер кәсіпкерлік сфераға адамдардың
кіру мотивтеріне әкелді: Оларды мынадай жүйелілікпен көрсетуге болады:
ағымдағы хаостық жағдайды пайдалану арқылы жылдам баюға ұмтылу (халықаралық
тәжірибеде іскерлік элитаның 4-5 жылда жеке өкілдерінің жылдам баюы жөне
экономикалық құлдырау жағдайында әлемнің 500 ең бай адамдар санына енуі
сирек):
- мемлекеттік құрылым және мемлекеттік шенеуніктер жағынан
- тәуелдіктен кеткісі келуі, әрекеттердің еркіндігін алу және өмір сүру
- тәуелсіздігі (соның ішінде кәсіби);
- мемлекеттік бюрократиялық ережелер мен процедураларды жүзеге асыру
мүмкін болмаған өз әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу (соның ішінде кәсіби
өсу);
- ескі өндірістік қүрылымда істеуге болмаған идеяларды жүзеге асыруды
ойлау;
- еңбек ақы есебінен өмірдің қолайлы минималды деңгейін қамтамасыз ете
алмау (өзінің материалдық жағдайын жақсартуға үміт), кәсіпкерлік
сфераға ену ееебінен, әсіресе көше кәсіпкерлеріне тән;
- қызықты іспен еркін және тәуелсіз айналысқысы келуі;
- қоршаған орта көзіне өзінің әлеуметтік мәртебесін, беделін арттыруға
ұмтылуы;
- өзінің беріктігін, төзімдігін тексергісі келуі; мәжбүр болу (мысалы,
жұмыстың жоқтығы).
Бұл қатарда жалғастыра беруге болады, бірақ әрбір кәсіпкер өзінің жеке
мотивінің ықпалында, және өз жұмысындағы мүліктің сақтандырулын қалауда
болады.
Сақтандыру қызметі - Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес
мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру
шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі
болып табылады. Мүлікті сақтандыру-заңды және жеке тұлғалар мүліктік
мүдделі нысандарды: ғимараттар, құрылыстар, тарату құралдары, күш беретін
қондырғылар мен басқа да машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аңшылық
және басқаларға қажетті құралдар, аяқталмаған өндіріс пен күрделі құрылыс
нысандары, құрал-саймандар, дайын өнім, тауарлар, шикізаттар, материалдар
мен басқа да мүліктерді сақтандыру шартына келісім жасасу арқылы жүзеге
асатын құқықтық қатнас [16]
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сактандыру
сомасы) шегінде озінін пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Біздің көзқарасымыз бойынша,
азаматтық кұқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын
барлық мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз
қатысушыларына азаматтық-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау
қажет. Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз
бойынша, КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі
болды. Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін
бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны
(рұқсатты) беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады.
Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда
басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру объектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдерді;
4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар
және сактандыруға шек қоюлар;
5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;
6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
7) тараптардың қүқықтары мен міндеттерін;
8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы
тиіс әрекеттерді;
9) сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын
құжаттар тізімін;
10) сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту
жөнінде шешім қабылдау мерзімін;
12) сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;
13) дауларды шешудің тәртібін;
14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
15) ерекше жағдайлар:
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтаңдырудың әдет ғұрып
нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. (ҚР АК 825-1-бабының 4-
тармағының) мазмұны осыны дәлелдейді [13].
Келісім бойынша сактанушы мен сақтандырушының арасында қосымша
жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін. Қосымша жағдайлар үш
еседен көп қайталанса, сақтаңдырушы заңнама қарастырған тәртіпте
сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл
жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде
қарастырылады.
Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. заңнамадағы
анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ,
(ҚРАК 827-б.) сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын
төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса, бірінші
сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін
міндетті болады[13]. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша
сақтандыру шарты реалды болып келетіні түсінікті. Сақтандыру щартына
консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілерімен
берілуі мүмкін.Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен
сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып
көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлық ақыларын төлеу керек, ал
сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы.Тиісінше (өз кезегінде)
сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру телемін жасау бойынша міндеті
орындалуын талап ете алады.
Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына
мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары
түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда
табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол
жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда
жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен алынуы
сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.
Сақтандыру шартынын нысаны. Сақтандыру шарты жағдайларына қарамастан
жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау
оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында танытуға мүмкіншілік
береді.Тараптар шарттың барлық жағдайлары көрсетілетін бір құжатты жасап
оған қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келісілген жағдайларға,
бір-біріне сай келмейтін тәуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда
қолданымдырақ болып келеді.Сақтандыру сақтанушыны бір жақты тәртіпте
сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосылу
жолымен де жасалады. Мүндай шарт өзінің заңды табиғаты бойынша қосылу шарты
болып келеді. Азаматтардың мүддесіне қарай сақтандыру жүргізілсе
(мүліктерін, олардың өмірі мен денсаулығын ерікті сақтандыру), онда шартты
сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін (полисті) беру жолымен
жасау жиі кездеседі. Сақтандыру шарты, шартты жасауға тараптардың ерік
біддіруін дәлелдеуге және олар барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге
келгенін білдіретін жазбаша құжаттармен айырбас жасау арқылы да жасалуы
мүмкін. Шарттың бір немесе езге жазбаша нысанының арасында тандау
тараптардың келісімімен немесе сақтандырушымен жүргізіледі. Қазіргі
азаматтық заңнама шарты жалпы полис беру арқылы жасасу мүмкіншілігін де
қарастырады. Шарттың мұндай нысаны сөз бір текті мүліктердің әртүрлі
партиясын белгілі кезең ішінде негізінен бірдей жағдайлармен жүйелі
сақтандыру жөнінде жүрген жағдайда қолданылады. Содан басқа, жалпы полис,
бойынша сақтандыруды жүзеге асырудың міндетті талабы болып сақтанушы мен
сақтандырушының арасында келісімнің болуы келеді. Сақтанушының талабы
бойынша сақтандырушы оған жалпы полис әсер ететін мүліктің жеке
партияларына бөлек сақтандыру полистерін беріп тұруға міндетті. Жалпы
полиске сақтандыру полисінің мазмұнына сәйкес келмеген жағдайларда
артықшылық сақтандыру полисінде болады (соған көңіл бөлінеді).
Сақтандыру шартың мазмұны:
- сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
- сақтанушының (егер ол жеке адам болса), тегі, аты, әкесінің аты (егер
бар болса) және тұрған жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның
атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
- сақтандыру объектісі;
- сақтандыру жағдайы;
- сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен
мерзімдері;
- сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен
мерзімдері;
- шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
- егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам
мен пайда алушы туралы көрсету;
- шарттың (сақтандыру полисінің) номері, сериясы;
- шарттың жағдайларына қарай өзгерістер енгізілетін көздер мен оларды
егізу тәртібі;
- сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшін) төлеудің шарттары мен
оның мөлшері.
Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар жататындығы
туралы қорытынды жасауға болады, олар:
1) сақтандыру объектісі;
2) мүмкін болатын сақтандыру жағдайы;
3) сақтандыру сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың
тәртібі мен мерзімдері;
4) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің
тәртібі мен мерзімдері;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) шартты өзгерту тәртібі бойынша шартқа өзге де елеулі
жағдайлар енгізілуі мүмкін[17].
Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен салыстырғанда
сақтандырушының жағдайын нашарлататындай жағдайлар болса, онда осы заң
актілерімен белгіленген ережелер қолданылады. Яғни, сақтандыру жөніндегі
нормалардың диспозитивтігі сақтанушының жағдайын жақсартатын жағдайларға
ғана таралады. Осыған себеп болып, жоғарыда айтылған сақтандыру шартының
ерекше әлеуметтік маңыздылығы келеді, азаматтардьщ ажырамас мүдделері,
нарықтық арнайы субъектілерімен сактандыру компанияларымен шарт жасайтын
жеке кәсіпкерлер мен басқа да тұлғалардың мүдделері есепке алынуы
қажет.Осыған сәйкес сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті жағдайлардың
толық болмауына байланысты жауапкершілікті сақтандырушы атқарады.
Сақтандыру шарты бойынша жеке жағдайлардың толық болмауына байланысты дау
пайда болған жағдайларда, дау сактандырушының пайдасына қарай шешіледі.
Бірақ бұл ереже қайта сақтандыру шарттарына таралмайды[13].Кәсіпкер
мүліктерін сақтандырудың шарттарын заң жүзінде дұрыс орындау үшін, мүлікті
сақтандырудың құқықтық жағдайларын ескеру керек.

1.2 Кәсіпкер мүліктерін сақтандырудың құқықтық жағдайлары

Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі
болатын жағдайлардың теріс әсерінен занды тұлғалар мен азаматтардың
мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел
және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және
қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды.
Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар
іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар
(құндылықтар) кенет езгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа
ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бүл
сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай
қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және
кәсіпкерлік. дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе
түседі. Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары
Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың, Мемлекеттік бағдарламасын
қабылдау фактісі растайды [17]. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде казіргі
заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру
белгіленген (аталған). Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың
жөне шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы
қажет. Осымен қоса тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік
саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек. Бағдарламада атап
өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-
экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі
орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті
қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау қаражат сақтау міндетін де атқаруы
қажет.Сақтандырудың мәні бір қатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет
тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен
ұйымдардың әр түрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді.
Табиғи және техногендік апаттар, әсерлерін жою бойьнша шығындардың негізгі
ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып
келетін мемлекеттік бюджетке түседі.Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс.
Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген
технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына
мүмкіншілік береді.Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты
дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға,
азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі
қажет.Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз
ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын
құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
-табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруда
мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
-нарықтық экономика қағидаларына сай сақтаыдыру жәрдемімен әлеуметтік
қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны
төлеуге, еңбекке қабілетілікт жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына,
жұмыссыздыққа жәрдем ақылдарды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты
шығындардың орынын толтыруға;
-халық пен үйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізд ұлттық экономикаға
шоғырландыруға.
Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін
қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету
міндеті қазір сақтандырудың йығындаболып тұр. Осымен бірге бір қатар
мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық қорғау органдары
ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе-бет келді, техногендік апаттар саны
артты. Нарық жағдайында (жаңа еңбек қатынас-тарында) адамның өмір сүруі
үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай
да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен
келтірілген зардаптардың орнын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі
мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта
қалыптасу кезеңінде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына
негіз қалаған заңдардың, өзге нормативті-құқықтық аклілердің қабылдануына
әкелді. Бірінші кезекте өзін тиымсыз қылып көрсеткен сақтандырудың
толығынан мемлекеттік жұйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген
сақтандыруға жол берілді. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды,
және қазір ол кәсіпкерліктің ең жоғары ұйымдастырылған түрлерінің бірі.
Сақтандырумен әлеуметтік міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала
отырып, мемлекет сақтандыру дамуын бақылаусыз өз бетімен жібере алмады.
Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі заманғы құқықтық салалардың бірінің
сақтандыру құқығының дамуымен бірге болды. А.И.Худяковтың анықтамасына
сәйкес:Сақтандыру құқығы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және сақтандыру
қызметін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Сақтандыру ісінің дұрыс ұйымдастыру
мәнін төмендетпей, сақтандыруға жататын жағдайлар әсерінен зардап шеккен
тұлғаларға мүліктік өтем жасау мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тікелей
құралы болып жеке жасалған азаматтық-құқықтық шарт келетінін айтып кетейік.
А.И.Худяков азаматтық құқық үлесіне шарттық сақтандыру міндеттемесінің
жалпы құрылысын анықтауды жатқызады. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтық
кұқық көзқарасынан шарттық қатынастар шеңберінде пайда болатын барлық
мәселелерді қажетті реттеу, сақтандыру қатынастарын ықылассыз
қатысушыларына азаматтық-құқықтық әсер етудің шегі мен мазмұнын анықтау
қажет[18].
Шарттың толық құнарлы жүйесінің болмауы, біздің көзқарасымыз бойынша,
КСРО кезіндегі қалыптасқан сақтандырудың әлсіз жақтарының бірі
болды.Сақтандыру шартын қарастыруда біз әкімшілік (қаржылық) құқық саласына
жататын құқықтық нормалар әрекетін ескермесек болмайды. Сақтандыруға
арналған заң актілерінде аталған шартты қарастыруда да пайдаланылатын
түсініктер жиынтығы бар. Сақтандыру туралы заңнама. Осыған дейін біршама
уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 қазанынан Сақтандыру
туралы "заң күші бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы "жаңа Заңы қабылданды,
қазір ол заңгерлер тарапынан жоғарғы бағаланады[19]. Онда сақтандыру ісін
ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін
шаралар қарастырынған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар
көбінесе (Қазақстан Республикасының АК 803-845-баптарын қамтитын 40-шы)
Сақтандыру "деп аталатын тарауында мазмұндалған [13].
Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің
де біркатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31 қазанынан №1319 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2 сәуіріндегі №460 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және т.б.Сақтандыру қызметіне
бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30
наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы "Заңында
мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан
Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы 'Заңында да бекітілген[20]. Сақтандыру
құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі
туралы 'Заңының 3,4-баптарында, Қазақстан Республикасының АК 817-820-
баптарында, Қазақстан Республикасының АК 817-820-баптарында және т.б.
ашылады.Сақтандыру шарты анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері
есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы
немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың
занды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді
қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат
және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай.
Жағдай орын алудың ыктималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау
сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға)
қолданылмайды [13].
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып
келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде)
анықталады.Қазір Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы
"Заңының 6-бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге
жіктеледі.Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүрлі объектілерімен
байланысты.
Объекті бойынша сақтандыру:
- жеке;
- мүліктік болып бөлінеді.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған
басқа (пайда алушы) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға
жатады.
Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы, жетіспеуі немесе бүлінуі
және заңда көзделген өзге де мүліктік құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының
немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда
жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Кәсіпкерлік мүлікті сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын
кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан
болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден теуелсіз жағдайлардан
осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның, ішінде
күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан
айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік
тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін [21].
Сонымен қоса кәсіпкерлердің негізі автокөлік сақтандырылуына тоқтала
кеткен дұрыс деп ойлаймыз,жалпы сақтандыруға көлікті сақтандыруды
жатқызады, ол көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдалуы немесе жойылуы,
соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Тасымалдау
шартымен тығыз байланыста болатын көлік сақтандырумен қатар, жоғарыда
айтылғандай, сақтандырудың жеке класында болып келетін жүктерді сақтандыру
тұрады.
Жүктерді сақтандыру - жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің, тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.Сақтандырудың басқа да кластарының мазмұны
сақтандырудың, мүлікті сақтандыру нысаны туралы айтылғанда қосымша
сипатталып кеткен. Объектіні сақтандыру тәсілі бойынша, объект бір
сақтандыру шартымен сақтандырылған жағдайдағы дағдылы сақтандырумен қатар,
қос сақтандыру белгіленеді, ол дегеніміз белгілі бір объектіні бірнеше
сақтандырушының әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыруы
Сақтандырылғандар тарапынан түлғалардың көптігі толық сақтандыру шартын
жасауға әкеп соғады, сақтандырушы тарапы жағынан тұлғалардың көптігі ортақ
сақтандыруды құрады. Егер сақтандырушының өзі сақтанушы алдындағы өз
міндеттерінің, бәрін немесе оның бір бөлігін орындамауына байланысты
тәуекелді сақтандыратын болса, қайта сақтандыру шарты орын алады.Қайта
сақтандырудың өзі де бөлінеді. Заңмен бара-бар және бара-бар емес қайта
сақтандыру түсініктері енгізілген.
Кейбір жағдайларда азаматтық сақтандыру құқыктық қатынастарын,
субъектілері ретінде сақтандыру брокерлері мен сақтандыру агенттері болып
табылатын сақтандыру делдалдық саласында пайда болады. Сақтандыру брокері -
сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық
қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын
немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын
жасасу жөніндегі делдалдық кызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Сақтандыру
брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті
мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып
жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен
жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) щартының тараптарымен
жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.Сақтандыру брокерлерінің қызметі
сақтандыру қызметтер нарығына оны тұрақтандыратындай әсерін тигізу қажет.
Содан басқа, олар басқа да қосымша міндеттерді атқарулары қажет. Мысалы,
сақтандыру брокері өзі анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
төлем қабілетсіздігі туралы өкілді мемлекеттік органға кейінге қалдырмай
мәлімдеуі тиіс.Сақтандыру делдалдығы кеңінен шекарааралық сақтандыру
саласында дамыған. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары
(сақтандыру брокерлері) Қазақстан Республикасыкың, аумағында Қазақстан
Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі
делдалдық қызметті жүзеге асыра алады.Сақтандыру делдалдығын көрсететін
тағы басқа субъекгілерінің бірі болып сақтандыру агенттері табылады.
Сақтандырудың азаматтық-құқықтық қатынастарындағы сақтандыру агенттерінің
жағдайының сақтандыру брокерлерінің жағдайынан ерекшеліктері (сақтандыру
агенттері) берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және
тапсыруымен сактандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге
асырады, яғни тек сақтандырушының өкілі болады.Сақтандыру шартының
ерекшеліктерін және мазмұнын, колданатын саласын түсіну үшін қажетті
негізгі ережелерді біз қарастырдык. Енді оның занды конструкциясын
қарастыруға көшуге болады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сактандыру
сомасы) шегінде озінін пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарттық қатынастарының
ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға
сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық (ҚР АК ,803-
6., 1-тарм.) талаптарының және оның кызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау
бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті
мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе
басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі
болып есептеледі Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі
үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін
лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге
жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда
болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет ғұрып
нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. (ҚР АК 825-1-бабының 4-
тармағының) мазмұны осыны дәлелдейді[13]. Келісім бойынша сактанушы мен
сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты
жасалуы мүмкін.Қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтаңдырушы
заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді
өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған
тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады. Сақтандыру шартының
сипаттамаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)
Салықтан жалтару қылмысының криминологиялық аспектілері
Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың теориялық негіздері
Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау тәсілдері
Жылжымайтын мүлiктi бағалаудың әдiстерi және олардың Алматы қаласында орналасқан пәтердi бағалау мысалындағы тәжiрибелiк қолданысы
Лизинг шартының түрлері
Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қайта сақтандыру және оның сақтандыру ісіндегі мәні
Пәндер