Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі



Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, өзге халықтардан ерекшеленетін, өзіне ғана тән ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Соның ішінде ең құндыларының бірі-мұрагерлік. Жалпы адамзат баласы дүниеге келіп, өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуде мұрагерлік институтының алатын орны ерекше. Ол әр дәуірдің өркендеп-дамуына ,дініне,мәдениетіне орай өзгеріп отырған. Қазақ халқының басынан өткен мұра мен мұрагерлік қағидаларының мәні әлі күнге терең, одан көптеген үлгі-өнеге алуға лайықты. Қазақ халқының басқа халықтардан өзгешелігі сол,оның мұрагерлік институты тақ мұрагерлігі, енші беру, жасау беру, әмеңгерлік, жетімдері мен жесірлерін жатқа жібермеу сияқты ұғымдармен толығып,сомдалып, ширатыла түскен .
Қазіргі кезде жеке меншік ұғымының қайта түлеуі, жылжитын жылжымайтын мүлік көздерінің көбеюі мұрагерлік институтына оң көзбен қарап, ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Бұл жерде қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан үйленген ұлға енші беру, ұзатылған қызды жасауымен беріп,қара шаңырақта отағасы орнын кенже баласы басып, нәтижесінде, мұра мен мұрагерлік институттары өзге халықтардағыдай жете дамымағандығын ,алайда лауазымдық орындарда (хандық,т.б.) мұра мен мұрагерлік жақсы сақталғанын назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Әр түрлі себеп салдар нәтижесінде (бодандық,қызыл империя) ұзақ ғасырлар өмір сүрген отбасы және неке құқықтарына,оның ішінде мұра мен мұрагерлікке өзгерістер еніп,тіпті кеңестік дәуірде күштеп кеңестік отбасы және неке заңдарын енгізу нәтижесінде бұрынғы қағида ережелер мүлдем әлсіреп кетті. Сол себептен халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.
Сол руханияттардың бірі- осы мұрагерлік институты. Оның адамгершілік, ізгілік жағын мемлекетіміздің заңдарына енгізу жолдарын қарастыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе осы күннің маңызды мәселесі болғандықтан, оған ерекше көңіл
Пайдаланылған әдебиеттер.

1 Заң журналы .2005 жыл .№9.
2 Заң және заман .2006 жыл.№2.
3 Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999 жыл. 13 шілде.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі

Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, өзге халықтардан
ерекшеленетін, өзіне ғана тән ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар.
Соның ішінде ең құндыларының бірі-мұрагерлік. Жалпы адамзат баласы дүниеге
келіп, өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуде мұрагерлік институтының алатын орны
ерекше. Ол әр дәуірдің өркендеп-дамуына ,дініне,мәдениетіне орай өзгеріп
отырған. Қазақ халқының басынан өткен мұра мен мұрагерлік қағидаларының
мәні әлі күнге терең, одан көптеген үлгі-өнеге алуға лайықты. Қазақ
халқының басқа халықтардан өзгешелігі сол,оның мұрагерлік институты тақ
мұрагерлігі, енші беру, жасау беру, әмеңгерлік, жетімдері мен жесірлерін
жатқа жібермеу сияқты ұғымдармен толығып,сомдалып, ширатыла түскен .
Қазіргі кезде жеке меншік ұғымының қайта түлеуі, жылжитын жылжымайтын
мүлік көздерінің көбеюі мұрагерлік институтына оң көзбен қарап, ерекше
көңіл бөлуді талап етеді. Бұл жерде қазақ қоғамында ертеден қалыптасқан
үйленген ұлға енші беру, ұзатылған қызды жасауымен беріп,қара шаңырақта
отағасы орнын кенже баласы басып, нәтижесінде, мұра мен мұрагерлік
институттары өзге халықтардағыдай жете дамымағандығын ,алайда лауазымдық
орындарда (хандық,т.б.) мұра мен мұрагерлік жақсы сақталғанын назардан тыс
қалдыру мүмкін емес. Әр түрлі себеп салдар нәтижесінде (бодандық,қызыл
империя) ұзақ ғасырлар өмір сүрген отбасы және неке құқықтарына,оның ішінде
мұра мен мұрагерлікке өзгерістер еніп,тіпті кеңестік дәуірде күштеп
кеңестік отбасы және неке заңдарын енгізу нәтижесінде бұрынғы қағида
ережелер мүлдем әлсіреп кетті. Сол себептен халық руханиятының бастауларын
түсінгеніміз жөн.
Сол руханияттардың бірі- осы мұрагерлік институты. Оның адамгершілік,
ізгілік жағын мемлекетіміздің заңдарына енгізу жолдарын қарастыру қазіргі
кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе осы күннің
маңызды мәселесі болғандықтан, оған ерекше көңіл бөлген жөн.
Мұра мен мұрагерлік құқығы қазақ халқыныңұзына бойы тарихының
жемісі, оның қоғамдық өмірінің құндылықтарының бірі болды, құқықтық
институттардың ежелгі тарихи типтерінің бірі ретінде ол ұлт тарихы
сахнасынан түспей, көненің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, оның кейбір
көріністері бүгінге дейін жетіп отыр. Оның адамгершілікке, имандылыққа толы
прогрессивті принциптерін тың көзқарас тұрғысынан қарау талабы мақсат
етіліп, соған сай бұл саладағы ізденістерде жаңа серпін, тың леп беруге
талпыныс жасауда. Мұра мен мұрагерліктің шын келбетін мүсіндеу үшін оның
өткені мен қазіргі кездегі түр - тұлғасына назар аударуымыз керек. Ұлттық
құқықтық сана- сезімнің оянуын мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің
қалыптасуымен байланыстыруымыз керек.
Елімізде жүріп жатқан мемлекеттік және құқықтық салалардағы
реформалардағы жүргізу барысында халықтың дәстүрлі құқық танымын ескерк
отырып, мұра мен мұрагерлік қағида - ережелерін пайдалануға болады. Өйткені
біздің неке және отбасы заңымыздың көп тұстары менталитетімізге мүлдем
ерсі, оларды болмысымызға жақындату – зерттеудің басты мүддесі болып
табылады. Әсіресе алқабилер соттарына, кәсіби соттарға да берер тағылымы
мол.
Қоғам әлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке меншік қалыптасты. Мұның
өзі саяси мұрагерлікпен қатар, ата мұрасы деген ұғымның пайда болуына
әкелді. Түбі бір түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында
мұрагерліктің рулық, тайпалық, аумақтық, мүліктік және рухани дәстүрлі
жалғастығы немесе мұрагерлігі қалыптасқан болатын.
Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде қайтыс болған адамның мүлкі тек
қана қандас адамға тиесілі болған. Яғни, адамзат басынан қанша заман
өткізсе д, мұраны қандас туыстар: әке-шеше, аға-іні-қарындас, ана тұқымын
ескеру, тіпті олардың бірі болмағанда немерелес, ағайын, рулас деген
туыстық байланыстар ескерілген.
Біріншіден, қандас туыстар арасындағы мүдде бір болғандықтан, табыс
ортақ күшпен жиналғандықтан, оны орынды бөлу және қандас туыстар арасындағы
жанашырлық, қамқорлық, оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, әлі күнге
дейін қазақтар арасында сақталғандығын білеміз.
Екіншіден, марқұмның артында қалған мүлікке алакөздікті болдырмау,
қаны бір туыс болмаса өзгенің дүние-мүліктен дәмесі болмаған, себебі дүние-
мүлік тіршіліктің негізі – оның берекесіз, орынсыз бөлінуі – қоғамда ала-
ауыздық, арздық, реніш тудырады.Мүлікке ие болудың да ең құнды түрінің бірі
осы мұрагерлік жолмен дүниеге ие болу болып есептеледі.
Мұраны кейінгі ұрпаққа қалдырудың бірнеше түрі мен сипаты қалыптасты.
Атап айтқанда: саяси, рухани және мүліктік. Саяси мұраға – тақты мұра етіп
қалдыруды айтсақ, рухани мұраға - өлең-жырлар, өнер, ақыл-өсиет, т.б.; ал
мүліктік мұраға – дүние мүлікті қалдыруды жатқызуға болады.
Түркілерде мұрагердің таққа отыруы алдыңғы қағанның ауызша өсиеті,
тәңірінің қалауы және сайлам сияқты үш түрлі жолмен іске асырылып отырды.
Тақ мұрагерлігінің аталған үш жолынан басқа ретті жерінде төңкеріс, немесе
басқаша күш қолдану арқылы да таққа ие болу жолдары болған.
Түркі қағандарын мұрагерлік жолмен сайлап қою туралы деректер мен
әдет-ғұрыптың XIII ғасырды Шыңғыс ханның тұсында да өз мәнін жоймағандығын
Рашид-ад-диннің жылнамалар жинағынан көреміз.
Ежелгі тайпалардың мұрагерлік заңда танылмаған, бірақ өмірде жалғасын
тапқан тағы бір дәстүр бар еді, ол: әке өлсе – ұлы мұрагер, аға өлсе – іні
мұрагер деген үрдістен сырт, таққа аталас іні де мұрагер болғандығы, яғни
әке көз жұмғанда оның тағына отырар ұлы болмаса, немесе жас болса, жетесіз
болса тақ мұрагерінің орнын билеушінің ер жеткен, ел ісіне араласып ысылған
інісі басады, мұрагер болады. Қалай десек те дүниеден өткен билеушінің
орнын, тұлпар мініп, ту ұстауға, қол бастап ел қорғауға жарамды, ақылы
кемел, қайраты мығым біреуі мұрагер болған.
Мұрагер билеушінің алға қойған мақсаты біреу ғана болған, яғни
алдыңғы тақ иесінен қалған билікті, елді, жерді және дәулетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері
Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқық: түсінігі, түрлері
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
“Жеті жарғы” – дәстүрлі мемлекет және құқық ескерткіші
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Пәндер