Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау.
1.2 Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру.
1.3 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері.
1.4 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу
1.5 Негізгі құралдарды есептеп шығару
Қорытынды

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау.
2. Келіп түскен құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін
ұйымдастыру.
3. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері.
4. Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу
5. Негізгі құралдарды есептеп шығару
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Кез – келген өндіріс өз қызметіне құрал – жабдықтарын тартса ғана
жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған, жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес,олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалы, заводтта дайындалған
бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады. Ал оны орнату үшін
сатып алынған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Инвертарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып
табылады. Инвертарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі
өқұралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып
табылады. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып алынған болса, онда
төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да объектінің бастапқы
құнына қосылады.
Негізгі құралдардың қабылдау – тапсыру (орнына ауыстыру ) актісі
негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін қолданып
жүрген заңға сәйкес. Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт
тапсырушы және қабылдаушы объектілер үшін екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған,
тнхникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті
заттармен, құрал - сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те
түрлері бірдей қозғалып және танылады. Кез – келген меншік иесі заңға қайшы
келмейтін кез – келген мәмілені жасауына болады.
Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді
пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге
пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетілді.

2
Келісім шарттың жағдайы бойынша жал ақысы резиденттің алатын табысынан
табыс салығы шегерілген сомадан төленетін болып келісілген.
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысушымен, жылдар мерзімінің
әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп
тозады. Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге
дейін негңзгі құрал жабдықтар түріне орналастырады. Моральдық тозуды
болдырмау мақсатындаи негізгі құрал – жабдықтар объектілерін қайта құрып,
жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша
амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай
жалға алушы жасайды.
Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі
белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс.
Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік
тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг – алушының да,
лизинг берушінің де сатушылармен қарым – қатынасы, ынтымақтасқан
кредиторлар ретінде жүреді.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойында жасалатын операциялар
онда қарастырылған келісім – шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

3
I . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.
1.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік
және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
обьектілер жатады,олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет
материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор өайтарымы болып табылады,
ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шыққандығы өндірілетін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұғымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтуге арналған.
Игілігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға арнаған болып
бөлінеді.
Меншік дегеніміз – субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субьектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады.Оларды жалға берушінің балансынада есептейді, жалға алушы 001-ші "
Жалға алынған негізіг құралдар" баланстан тыс шотынада есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Оларды 2411-ші " Жер ", 2412-ші " Үйлер мен
ғимараттар ", 2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар",
2414-ші "Көлік құралдары", 2415-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының
тиісті аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған болып
бөлінеді.Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізіг құралдар, әрекет етіп
тұрған болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған
немесе басқа жағдайларға байланысты

4
Амортизация ( латының өтеу деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№ 6 – шы Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандартына
(БЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына
амлортизацияланған құнды тарту процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы
айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде
танылады.
Жанадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейін айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып
кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінін бастап тоқтатылады.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға
беру шатының немесе шарт талаптарна сай жалға беруші немесе жалға алушы
жасайды.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13 Негізгі құралдадың
тозуы бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2421 Үйлер мен
ғимараттардың тозуы , 2423 Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктердің тозуы , 2427 Басқа негізгі құралдардың тозуы
пайдаланылады. 12 бөлімшенің шоттарында (2412 – 2415 шоттар) есептелген
негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады.
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық
аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының
есебін жүргізуші 2930, 8045, 7210 шоттардың дебетінде және 13-ші
2421, 2423, 2425, 2427 шоттарының 2-ші Ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозуы деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс
табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 2 – ші

19
Қолданыстағы нормалар бойынша есептелген тозудың сомасына 7470-ші
Негізгі емес қызмет бойынша басқа да шығыстар шоты дебеттеліп, 2421 –
2427 Негізгі құралдардың тозуы деген қосалқы шоты кредиттеледі. Негізгі
құралдарды әкелгеннен кейін 2421-2427 шотының, 4-ші субшотындағы сомасы
дебеттеліп және 2421-2427 шотының, 1-ші Меншік құралдардың тозуы қосалқы
шоты кредиттеледі.
Егер шаруашылық жүргізуші субъект шетел компаниясының құрылымдық
бөлімшесі болып табылмаса әкелінген негізгі құрал баланстан тыс шотта
есепке алынады.

18
қабылдау комисиясы көп жағдайда көзбен ( визуально ) анықтайды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01 – ден 2,0 % - ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және
тапсырушының қолддары қойылған бірінші данасы бухгалтериаға тапсырылады, ал
екінші тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдардың ақысыз төлеу кезінде акт екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актігнің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізгіш субъектіде қалады, үшінші дана негізгі
құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған,
техникалық сипаттамасы және бірдей шаруашылық мүліктің бір типті
заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық
жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік
тізімдеу нөмерін беріп, мүліктік тізімге алынады, негізгі құралдарды алу
туралы жазбасы жасалынады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына
төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады.
№ Шаруашылық операцияларының Сома,тенге Шоттар корресп-сы
мазмұны
дебет Кредит
1 Негізгі құралдарды кәсіпорының 200000 2411-2415 2411-2415
өз ішінде орын ауыстыру
2 Негізігі құралдар басқа заңды
немесе жеке тұлғалардан алынды:
келісім шарттық құнына 150000 2412-2415 3310
ҚҚС сомасына ( тұрғын үй
ғимараттарын және жеңіл 24000 1420 3310
автомобиль транспорттарын
қоспағанда)

10
3 Құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық
капиталына салған салымдарына салған 600000 2411-2415 5020
негізгі құралдар кіріске алынды
4 Негізігі құралдар серіктестік, тәуелді және
бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар алынды:
баланстық құнына
ҚҚС (16%)
Беруші жақтың есептеген тозу сомасы 250000 2412-2415 3320-3330
40000 1420 3320-3330
100000 2412-2415 2421-2427

Жиыны (бастапқы құны) 350000 х х
5 Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:
баланстық құнына
берілген күніне дейін есептелінген тозу 132000 2412-2415 6220
соммасы 28000 2412-2415 2421-2427

Барлығы (бастапқы құны) 160000 х х
6 Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі
құралдар анықталды:
негізгі құралдардың эксперттік жолмен 64000 2412-1215 6220
анықталған қалдық құнына
негізгі құралдардың эксперттік жолмен 18000 2412-1215 2421-2427
анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу
сомасына
Барлығы ( эксперттік жолмен анықталған 82000 х х
бастапқы құн )
7 Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі
құралдары:
-негізгі өндіріс цехында 300000 2412-1215 8110
-көмекші өндіріс цехында 200000 2412-1215
Барлығы ( өндірістің өзі дайындаған негізгі500000 х Х
құралдар)

11
уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып
жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін
ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай ) көрінісі бар, яғни санауға және
өлшеуге болатындар жатады . Мүліктік еместерге пайданаланылатын жер,
орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер, үйлер ғимараттар;
өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш беретін машиналар
және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу
аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
басқа машиналар мен құрал – жабдық; көлік құралдары, құрал – сайман,
өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім
беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан
күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Негізгі құрал жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық сату, жою, тозу
және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу
шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы- актіде
көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген
қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша жұмсалатын
шығыстар;
құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып
алынған машиналар мен құрал – жабдықтар бойынша- сатып алу құны,

5
тасымалдау, соның ішіндегі тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен
құрал – жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б тексеру мақсатымен
өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал –
жабдықтарды құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы
шығыстарын қоса есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие
арқылы сатып алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар
болып табылады да объектінің бастапқы құнына қосылады;
үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс
материялдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылыс салу кезеңіндегі
берілген кредиттер бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға
жұмсалатын шығыстар, жобалық – сметалық құжаттардың құны, т.б – құрылыс
бойынша жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде
өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің
бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану
мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі
шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Тозығы жеткен үйлерді
бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында
алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің
бастапқы құны есептелінеді;
мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша – объектіні
тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал –
жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны
тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар-өздерінің
келісілген бағасы бойынша;

6
субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі
құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша,
жеткізу және сатып алынған объектілердің тозу сомасын қоса есептелген басқа
да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарды
көрсетілген құны алынады ;
айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің – бастапқы құны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол
негізгі құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған
ақша қаражаттарының сомасына тең болады;
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым – жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін – бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын
тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін
құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезіңде
пайдалану мүмкіндігі бар баасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл
сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың жою құндарының арасындағы
айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік
қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде

7
таратылады,бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішіндегі негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуда кәсіпорын топшылай;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.
Негізгі құралдардың есебі 12-ші негізгі құралдар бөлімшесінің мынадай
мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі:2411 жер, 2412 ғимараттар мен
құрылғылар, 2413 машиналар, жабдықтар, өткізгіш тетіктер, 2414 көлік
құралдары 2415 басқа да негізгі құралдар.
Сонымен бірге 2930 аяқталмаған құрылыс шотында аяқталмаған күрделі
салымдар, көп жылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас малдарды
өсіруге кеткен шығындар, бордақылауға кеткен шығындар есептелінеді.

Төлегенов Е. Т Бухгалтерлік аппарат жүйелері Алматы 2001ж

8
1.2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін
ұйымдастыру
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын
үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып
алудан; өз күшімен құрал – саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін
негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көпжылдық өсімдіктерге өткеннен
жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісі негізгі құралдар
құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес
олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімдеуге тиіс жағдайлардан басқасы,
оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал жабдықтардың бір
цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды
қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай – ақ басқа да
субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару
үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезеңінде субъект жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір
данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірінші объектісін қабылдау –
тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал – сайманның,
жабдықтардың және т.б объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл
объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде
қабылданған болса ғана жол тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар
бекітеді.
Алыс – беріс ( орын ауыстыру ) актісінде, міндетті реквизиттермен
қоса, коммисия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді.
Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті джербес анықтай алады,
яғни ол дербес құралдардың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да
көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылвқ
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны

9
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл
карточкада бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың актілері,
техникалық төл құжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады.
Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрлымдық элементттерінің
қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық
құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралдарды басқа
субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға,
сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы
кезінде Негізгі құралдар объектілерінің есептен шығару актісі негіз
бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу
жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін
Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау – тапсыру
актілері негізінде жазылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы бөлімінде негізгі объектінің
тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай – ақ объектінің
техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін
неғұрлым маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты
қосымша құрылыстар, бейімдегіш және тиесілі заттар жазылады. Негізгі
құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге
жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына
тұтастай береді.
Егерде объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай
өзгерсе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Негізгі құралдардың тозу аудиті
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Бухгалтерлік есеп принциптері
EOS платформасымен интеграция. LandViewer төрт өзара интеграцияланған EOS өнімдерінен тұратын экожүйенің бөлігі
Бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есептің мәні мен есептің әдістері және қағидалары
Бухгалтерлік есеп тәсілі
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР, ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖІКТЕУ
Пәндер