Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері



Жоспар
І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы

ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
2.1 Орта білім беру жүйесі
2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип

ІІІ Қорытынды бөлім
Білім беру . үздіксіз процесс

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемелекеттік Университеті
Гуманитарлық факультет
Ағылшын тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Орындаған: Желдибаева Ж.Қ. ШТҚ 111
Тексерген: Серикова Г.О.

Талдықорған қаласы, 2008 жыл

Жоспар

І Кіріспе бөлімі
Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы

ІІ Негізгі бөлім
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері

2.1 Орта білім беру жүйесі

2.2 Кәсіптік білім беру жүйесі

2.3. Білім берудегі гендерлік стереотип

ІІІ Қорытынды бөлім
Білім беру – үздіксіз процесс

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму
тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан
жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде -
ақ (VII-VIII ғ.ғ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен
медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей
бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б
қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен.
Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен.
Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу
мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан
тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі
сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болып
қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу
орындарында заңтану, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің
жанында салқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың
егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұсқан келтіргенімен,
Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы,
Змеиногорскіде (Шығас Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-
кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында
Азиялықтар мектебі ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор
қаласында ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшын) балаларына Неплюев
кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат
етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы
Орынбордағы шекара комиссясының жанынан ашылған болатын.
Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім
беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет
аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі
енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі
принциптерінде былай делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу,
яғни, пантүрікшілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды
рповаславие дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық
мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен
медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ
мектептерін ашу,кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру. Шет
аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар,
оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі Азия мектебі, Орынборда
Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген
шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.
Қазақ қоғамындағы білім беру ісі қазақтың тұңғыш ұстазы
ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика
саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ
халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұрған кезеңге
тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси
күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай,
миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып,
Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қазақ мектептері қандай болу керек
деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-
қарсы екі көзқарас пайда болды.
Бірі- бұратана халықты шала асауатты қалдырып, төл мәдениетінен
қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер (Н.И.
Ильминский, т.б.), ал екіншісі- орыс халқының прогрессивті озық мәдениет
үлгілерін игеру арқылы Өз елін өркениетті елдердің деігейіне көтеру қажет
- дейтін қазақ ағартушылары (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев)
еді. Оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру
саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы
қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша
үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим – ескі араб оқуды, ал жәдид –
жаңа араб әрпімен дүнияүй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу
арқылы ұлттық сана-сезімінің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде
хадим ағымының өкілдері жәдидшілдерді, құдайға күпірлік жасады деп
айыптап, олардың үстіне патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид
ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі – Н.И. Ильминский. Жәдид ағымы
мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары
мен бағдарлама жасау арқылы мұсылмен мектептерін бір ізге түсіру, оқу
жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу
арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз
ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру,
дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан
тапсыртып, оқышыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери індетін атқаруды
жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа
тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы
мектептердің материалдық жағына көмпектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз
ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист А. Байтұрсынов
болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай
бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.
Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде намесе жоғары оқу
орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық
таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы
тез өріс алуына жағдай туғазды.
Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік
және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі
мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты
мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрлармен
қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:
Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке
тарту, екінші жолы – білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді
курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу
арқылы мұғалім даярлау.
1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды.
Оның төрағасы болып А. Байтұрсынұлы тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда
Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды
қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси
тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қарастырылды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл
оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл
тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде Физика, Грамматика,
Алгебра, Мектеп гигиенасы, т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялылардың алдыңғы қатарлы топ
өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М.әуезов, С.
Асфендияров, Т. Жомартбаев, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков, Т. Жолдыбаев, т.б.
қатысты.
Республиада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш
ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды.
1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын
алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы
болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің
дамуына кері әсерін тигізеді.
Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер
мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз,
совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16
жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика,
зауыт, шахталарды ет-азаматтардың орнын басты.
Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа
жастарының кешкі мектептері көбейді.
1945-1960 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе
бастады. 1950-1960 жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт
өскенмен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ орыс
мектептері көбірек ашылды. 1980-1990 жылдары елімізде жаппай халыққа орта
білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі – мектепке 6 жастан
бастап қабылдау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық,
интерграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке –дара ерекшеліктері мен
қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт
мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім
салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж,
медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік
саясат принциптері айқындалады.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие
беру, оларды жан-жақты дамыту- қоғам алдында тұрған басты міндеттердің
бірі. Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгешілік, интеллектуалдық мәдени
дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың
ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне
негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері [1]:
- Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- Азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің
алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ
республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу
қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін
мүмкіндіктер жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық
тәрбиесін дамыту;
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін
жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері
бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға
алып, оларды тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін
балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты
педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру
тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен
үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Халыққа білім беру жүйесінің
міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне
тәуелді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы бойынша [1] мына
мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының
теңдігі;
2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және
ерекшеліетері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Тұтас педагогика ұғымы
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу
Пәндер